352
ҰСТАЗЫМ МЕНІҢ
(Әбділхамит Нарымбетов – 80 жыл)
«Ұстаз» деген сөздің астарында қандай үлкен ұғым жа
-
тыр. Оны әркім әртүрлі түсінетін де шығар. Біреулер мек
-
тепке алғаш барғандағы тұңғыш мұғалімін, енді біреулер
өмірдегі ұстазын айтып жатады.
Менің де өмір жолымда аттарын мақтанышпен айтатын
бірнеше ұстаздарым бар. Солардың бірегейі – филология
ғылымдарының докторы, профессор Әбділхамит Нарым
-
бетов. Біздің арамыздағы жақындық ұстаз бен шәкірт ара
-
сындағы қарым-қатынастан асып, әке мен бала арасында
-
ғы сыйластыққа ұласқан еді. Осындай үлкен сыйластыққа
негіз болған бірнеше себепті атап көрсетіп, кейбір оқиға
-
ларды еске алғым келеді.
1992 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің 5 курсын бітіріп жатқанбыз, мемлекеттік
емтиханның төрағасы болып М.О.Әуезов атындағы Әде
-
биет және өнер институтының жетекші ғылыми қызмет
-
кері, ф.ғ.д., профессор Ә.Нарымбетов келіпті. Ол кісінің
оған дейін атын естігеніміз болмаса, өмірде көрген адамы
-
мыз емес. Емтихан қабылдаушылардың құрамында негізі
-
нен өзімізге бес жыл дәріс берген ұстаздарымыз болды. Біз
үшін ешкіммен салыстыруға келмейтін ұстаздарымыздың
үстінен келген төрағаға бәріміз де таңдана қарағанымыз
жасырын емес.
Ол кезде аталған институттың директоры ҚазПИ-де ұзақ
жылдар ұстаздық еткен ф.ғ.д., профессор С.Қирабаев бо
-
латын. Сөйтсек, бұл институтта сол жылы Деректану, биб
-
лиография және ғылым тарихы деген бөлім ашылған екен.
Бөлім меңгерушісі Ә.Нарымбетов болғандықтан институт
директоры өз қызметкері жоғары оқу орындарына (ҚазҰ
-
ПУ және ҚазҰУ) мемлекеттік емтиханның төрағасы болып
бара жатқанда: – Сол оқу орындарынан қызыл дипломға
353
бітіріп жатқан студенттерді ала кел, – деп тапсырма беріп
жіберіпті. «Сырт көз сыншы» деген, сырттан келген тө
-
раға осылайша біз туралы ұстаздарымызбен сөйлесіп, біз
жөнінде біраз мағлұмат жинаған тәрізді.
Жоғарғы оқу орнын бітірушілердің өз мамандықта
-
ры бойынша диплом жұмысын қорғайтындары болады.
Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Изафеттік
тіркестер» болды. Бізге қазақ тілінің морфология курсы
-
нан ф.ғ.д., профессор Н.Оралбаева дәріс оқығандықтан,
ғылыми жетекшім де сол кісі болатын. Бірақ мен оған
дейін С.Хасанованың жетекшілігімен екі-үш жыл жұмыс
істеген болатынмын. Себебі Секерхан апай бізге 1-курс
-
та тәлімгер болды да, сол кезден өзі тәрбиелей бастады.
4-5 курстарда Секерхан апай жетекшілік ететін қазақ тілі
үйірмесінің хатшысы болдым. Қазақ тілі пәнінің жұмыста
-
рына белсене араласып жүргендіктен, ұстаздарымның бәрі
де мені тілші болады деп ойлайтын. Тіпті төменгі курстың
студенттері болашақ ұстаздары тәрізді сыйлап, қошемет
білдіріп жүретін. Осындай тұстарда әдебиетші ағаларым
қызғаныштарын жасыра алмай: -ып, іп» деп жүресің бе?,
– деп те жататын.
Соңғы емтиханды саясаттану пәнінен тапсырдық. Бар
-
лық емтихан біткен соң, емтихан қабылдаушы ұстаздары
-
мыз бен төраға бізді құттықтап, бәріміздің еңбек жолымыз
-
ға ақ бата беріп, ақ жол тілеп жатты. Осы сәтті пайдаланып,
Әбділхамит Нарымбетов (төраға) студенттердің емтихан
тапсыру, диплом қорғау сәттерінен бір-ер жақсы мысалдар
келтіре отырып, бәрімізді құттықтады. Сөзінің соңын: –
Ал енді мен университетті үздік бітірген сіздердің шәкірт
-
теріңіз Гүлжаһан Ордаеваны өзімізге жұмысқа шақырып
отырмын, – деп аяқтады. Ресми шаралар біткен кезде мені
мемлекеттік емтиханның төрағасы оңаша шақырып алды.
Ағайдың маған қойған бірінші сауалы:
– Әке-шешең бар ма?
– Бар.
– Бақытты екенсің.
– Отбасың бар ма?
– Жоқ.
354
– Тіпті жақсы. Мен отбасы құрмағанымның несі жақсы
екендігін түсінбей қалдым.
– Алматыда қалуға әке-шешең рұқсат бере ме?
– Рұқсат береді. Себебі, оған дейін де үйде мұндай әңгі
-
мелер болған. Мен қандай шешім жасасам да әке-шешем
бір Аллаға табыстайтынын білдірген. Себебі олардың
үмітін ақтап, жоғары оқу орынын үздік бағамен бітіріп
отырмын. Арасында екі жыл оқуымның үзіліп қалғандығы
олардың да қабырғасына батқан ғой (Желтоқсан оқиғасы
-
на байланысты). Осылайша ел бес жыл оқитын оқуды мен
жеті жыл дегенде тәмамдап шықтым.
– Бізге жұмысқа келесің бе? Ғылыми зерттеу институтына
қандай көмек беруге жарайтынымды түсіне алмай ойланып
тұрғанымда ол кісі менің атқаратын шаруамның қандай бо
-
латынын түсіндіре жөнелді. «Түсі игіден түңілме» деген өзі
бөлім меңгеруші болса, тікелей бастығым да осы кісі бола
-
тын түрі бар. Айтысына қарағанда, мұндай мүмкіндік екінің
біріне бұйыра бермейтін тәрізді. Не керек, көп ойлануға
мұрша да берместен қолымнан жетектеген күйі институтқа
тартып отырды. Қол ұстасып келген бойда директордың ка
-
бинетіне кірдік. Директор да бөтен адам емес, өзіміздің ұс
-
тазымыз Серік Смайылұлы. Ол кісі сөзге келместен өтініш
жазсын деді. Қызықтың көкесін қараңыз. Менің қолымда
дипломым да жоқ. Бірақ жұмысқа өтініш жазуым керек.
Директордың алдында кадр бөлімінің меңгерушісі Бақыт
Жұмағалиева апай отыр екен. Сол кісінің айтуы бойынша
бұйрық 17-тамызда шығатын болды. Оған дейін менің үйге
барып, демалып келуіме уақыт бар. Сол кезде алып келетін
құжаттардың тізімін қолыма ұстатып, директор мен бөлім
меңгерушісі қол қойған өтінішті қабылдап алды. Ең қиыны
Алматы қаласында тұрақты пропискам болу керек. «Сабақ
-
ты ине сәтімен деген» Күлпара деген құдашам Медеу ауда
-
нының паспорт столында жұмыс істейтін. Соның көмегімен
ол жағын да заңдастырып алдым.
Күзде жұмысқа келсем, ҚазҰУ бізбен қатар бітірген сту
-
денті Жұмашай Исаева отыр. Онымен студент кезімізде
қазақ тілі мен әдебиетінен жоғары оқу орындары студент
-
тері арасында өткен олимпиадада танысқан болатынмын.
355
Бастығымыз келді де, екеуміздің қай жылы туғанымызды
сұрады. Менің екі жас үлкен екендігімді білген соң, жасы
-
мызға қарай отыратын орнымызды көрсетті. Таңертең жұ
-
мысқа кешігуге, кешке ерте кетуге болмайтынын, жұмыс
тәртібін қатаң сақтау керектігін түсіндірді. Сонымен бірге
ішкі тәртіп деген тағы бар. Ол таңертең ерте келген адам
есік-терезені ашып, бөлмені желдетіп, терезенің алды мен
столдардың шаңын сүртетінін ескертті. Жұмысқа жаңа кел
-
ген жастар үшін мұның бәрі қызық. Ұсақ-түйектің бәріне
үлкен мән беретін ағамыз осылайша бізді жауапкершілікке,
құнттылыққа үйретті. Бір-екі жылдан кейін өзіммен бірге
бір курста оқыған құрбымды көрдім. Сөйтсем, ол біздің
институтқа сол кезде жұмысқа келіп, екі айдай әдебиет
тарихы бөлімінде отырыпты. Біздің бөлме қуыста болған
-
дықтан, біз сыртқа да шықпайтынбыз. Таңертең келіп кір
-
геннен, түскі шайды іште ішіп, кешке бір-ақ шығамыз ғой.
Өте тәртіпті болғанның да жөні солай болады екен…
Бізге берілген жоспарлы жұмыс – мерзімді басылым бет
-
теріндегі әдебиет пен өнерге қатысты материалдарды жи
-
нап, 1961-1964 жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің
библиографиялық көрсеткішін жасау. Екеумізге газет-жур
-
налдарды тең етіп бөліп бергендіктен атқарар міндетіміз
де бір. Кітапханаларда отырып жинаған дүниелеріміз
кейін кітап болып шықты (Қазақ әдебиеті (Әдебиеттану,
сын және өнердің библиографиялық көрсеткіші). – Ал
-
маты: ҚР ҒА кітапханасы, 1997. Том 4, 1 бөлім. 310-бет.
(Ә.Нарымбетов, Ж.Исаевамен бірге), Казахская литерату
-
ра (Библиографический указатель по литератураведению,
критике и искусству). – Алматы: РК МН-АН ЦНБ, 1998.
Т.4. Ч.2. 88-стр. (Ә.Нарымбетов, Ж.Исаевамен бірге).
Екінші тапсырма – жекелеген тақырып аясында ізденіп,
жұмыс жасап ғылымға араласу. Бұл әдебиеттегі ақтаңдақ
-
тар мұрасын зерттеу, оларды қайта жариялау науқанының
қызып тұрған шағы болатын. Сондықтан менің несібеме
«Қошке Кемеңгерұлының әдеби мұрасы» деген тақырып
бұйырды.
1994 жылдың жазында аяқ астынан алпысқа келме
-
ген әкем қайтыс болды. Елге барып келген соң, ұстазым
356
қайғыма ортақтаса отырып, мені жұбатқаны болса керек:
– Енді сенің әкең де, ұстазың да мен боламын, – деді. Айт
-
қандай-ақ, ол кісі маған ұстаздан да жақын әкемдей болды.
Отбасымен жақын араластық, туған-туыстарына, дос-жо
-
раларына көзі тірісінде мені мұрагерім деп таныстырып
жататын. Өзі өмірден қайтқан соң, «Аманатқа қиянат»
жүрмейді деп, бар жиған-терген кітаптары мен бүкіл қа
-
ғаздарын өзі ғұмыр бойы отырып жұмыс істеген Орталық
ғылыми кітапханаға тапсырдық.
Ұстазымның тағы бір қыры өте ырымшыл болатын.
Менің кандидаттық жұмысым бекіп, қолыма диплом ал
-
дым. Дипломымды көргенде: – Қазақта көрімдік деген
бар, – деп қоярда қоймай көрімдік берді. Осы жағдай кейін
М.О.Әуезов атындағы сыйлықтың лауреаты болған кезім
-
де де қайталанды.
Кандидаттық жұмысым бекіген соң тұрмысқа шығып,
үйде төрт-бес жыл бала күтімімен отырып қалдым. Сол
кезде қыздардан сәлемдеме айтып, ғылымнан қол үзіп
қалмауымды қадағалаумен болды. 2001 жылы 16-қазанда
ф.ғ.к., професор Серік Мақпырұлының жетекшілігімен
Оразова Гүлназ Пірімжарқызы 10.01.02 – Қазақ әдебиеті
мамандығы бойынша филология ғылымдарының кандида
-
ты ғылыми дәрежесін алу үшін «Н.Ғабдуллин прозасын
-
дағы кейіпкерлердің адамгершілік мәселесі» атты диссер
-
тациялық жұмыс қорғайтын болыпты, сол жұмысқа мені
ресми оппонент етіп бекітіпті. Содан кейін үйде отыра бе
-
рудің ретін таппай жұмысқа шықтым. Жұмысқа шыққан
соң, қыруар жұмыс және басталып кетті. Мен өзім ҚазҰ
-
ПУ-де оқығанмен, ұстазымның жетектеуімен ҚазҰУ-де
өтетін қорғауларға жиі баратынмын. Өзі жетектеп жүріп
сол жақтағы әдебиетшілер қауымымен таныстырды. Дис
-
сертациялық кеңес жұмыс істеп тұрғанда сол дәстүр бо
-
йынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін
-
де жылына екі-үш рет ресми оппонент болатынмын. Олар
маған үйреніп кеткені сонша, кейде Гүлжаһан ҚазҰУ-де
оқыған деп те жатады. Осының бәрі қарап отырсам, ұс
-
таздың шәкіртін өмірге, ғылымға баулудағы үлкен көре
-
гендігі екен ғой. ҚазПИ-дегі ұстаздарым болса да мені бі
-
357
леді ғой, оларға таныстырудың қажеті жоқ. Ал, ҚазҰУ-дегі
әдебиетшілерге апарып таныстырып жүргені араларында
әдеби байланыс болсын деген көрегендігі емес пе?
Жалғыз мен емес, өзінің барлық шәкірттеріне де сондай
үлкен қамқорлық білдіріп жүретін. Біз институтқа алғаш
келген кезде Дина Есенжанова «Қазақтың қаһармандық
жыры Қарасай-Қазы (Сюжетика, варианттары, сабақ
-
тастық)» деген тақырыпта кандидаттық диссертациялық
жұмысын қорғайын деп жүрді. Біздерді бір-бірімізбен та
-
ныстырып: – жақын араласып тұрыңдар, – деп жататын.
Өзінің бар ғұмырын арнаған Қалижан Бекхожиннің поэ
-
маларын зерттеуді бір шәкірті Жібек Досбайға тапсырып,
сол тақырыптан кандидаттық диссертация қорғатты. Үйде
отырғанда сыртынан еститін Жібекті көрген кезде ескі
таныстарша тез араласып кеттік. Ол кісі шәкірттерінің
бір кісінің баласындай тату болуын қадағалап отыратын.
Библиографиядан Гүлсім Искаковаға «Казахская литера
-
турная библиография», түркі әдебиетіндегі үндестіктен
Нұрлан Сағындықовқа «Сходство и различие сюжетов
старо-тюркских письменных памятников и казахского уст
-
ного творчества (на основе героического эпоса, рассказов,
сказок и легенд)», кітаптанудан Жұмағыз Шалгымбаеваға
«История казахского книгоиздания: фольклор, художест
-
венная литература и их цензура (ХІХ-ХХ вв.)», ежелгі әде
-
биет жазбаларынан Гауһар Асқароваға «Рабғузидің «Қи
-
сас-ул анбийа» ескерткішіндегі «Жүсіп Сыддық» қиссасы
«түп-төркіні мен поэтикасы» деген тақырыпта кандидат
-
тық диссертация қорғатты. Бүгінде осы аталған шәкірт
-
терінің бәрі де бір-бірімізді көргенде туыстарымызды көр
-
гендей мәре-сәре болып жатамыз.
Әбділхамит ағайдың шәкірт тәрбиелеудегі тәжірибесі
еврей халқының бала тәрбиелеуіне ұқсайтын. Не шаруа
болса да: – Сенің қолыңнан келеді, сен жаза аласың, – деп
үлкен сенім артып отыратын. Әсіресе өзінен кейінгі жас
-
тардың жазған-сызғандарына пікір білдіргенде: «Қолда
өскен аттың тай аты қалмайды», – деп жастардың еңбегіне
ерекше көңіл бөліп, мақтап жататын. «Жазғаны түкке жа
-
рамайды, қолынан түк келмейді» деп отырса, жастардың
358
жасып қалатынын ескеретін ұстазымыз аз еңбегімізге жақ
-
сы пікір білдіріп, қолпаштаудан жалықпайтын. Мұның өзі
бала тәрбиесінде таптырмайтын әдіс. Олай болса, ғылым
-
да тұрақтап жүруіміздің де бір ұшы ұстаздың тәрбиесінде
жатқаны анық. Сонымен бірге институтқа жаңадан кел
-
ген жастардың бәрін бақылап, қадағалап отыратын. Жас
-
тардың жазған-сызғандарын мұқият оқып, үнемі өзінің
пікірін білдіріп жүретін. Институт жастарының ішінен
А.Әбдірәсілқызының ақындығы мен зерттеушілігін қатар
айтып, оны өзгеге үлгі етіп мақтап жүретін. Ал, өзімен бір
бөлімде жұмыс істеген Нұрдәулет Ақышұлына: – Сен жа
-
зушысың ғой. Көркем шығарма жазуды тастама, ғылым
-
мен бірге қатар алып жүр, – деп жиі айтатын.
«Бәріміз де ауылда өскен қазақпыз ғой. Ғылым деген
шөптің арасынан ине іздеумен бірдей» деп көп айтатын.
Өзі айтқандай, ол – саналы ғұмырын қазақ әдебиеттану
ғылымына арнаған үлкен ғалым. 1948 жылы Қазақ ССР
ҒА-ның Тіл және әдебиет институтына аспирантураға қа
-
былданды. 1951 жылы аспирантураны бітіргеннен кейін,
осы институтқа кіші ғылыми қызметке қалдырылды. 1961
жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының аға ғылыми қызметкер, 1985-1990 ж.ж.
Қолжазба және фоножазу бөлімінің меңгерушісі, 1992-
1995 ж.ж. Деректану, библиография және ғылыми тарихы
бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылдан қазіргі қазақ әдебиет
бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері қызметтерін атқар
-
ды. Осы жылдар аралығында екі рет жасалған «Қазақ әде
-
биетінің тарихы» атты ұжымдық зерттеуге араласты. ХХ
және ХХІ ғасырда жазылған кешенді зерттеудің кеңестік
дәуіріндегі библиографиялық көрсеткішін, әдеби өмір
шежіресін жасап берді. ХХ ғасырдағы қазақ поэмасы мен
«Тайыр Жароков», «Қалижан Бекхожин», «Қадыр Мырза-
Әли» сынды монографиялық тарауларды жазды.
Ол кісі ғылымға өте адал болды. Біздің институтта өзің
жазғаннан гөрі, елдің қолжазбасын оқуға көп уақыт кетеді.
Олар негізгі жоспарлы жұмыс болмағандықтан, ешқандай
ақша да төленбейді, сондықтан елдің көбі ондай қолжаз
-
баларды атүсті аударып-төңкеріп қарап шығып-ақ пікір
359
білдіріп жатады. Мен Әбекеңнің бір қолжазбаны оқымай,
өтірік пікір айтқанын көрген емеспін. Қандай қолжазба
болса да, міндетті түрде оқып, конспектілеп алып пікір ай
-
татын. Өмірінің соңғы уақыттарында өзіміздің институт
-
тың жігіттерінің біріне ресми оппонент болды. Ұстазымды
аяған мен: – Ағай, маған сенесіз ғой. Осы пікірді мен-ақ
жазып шықсам қайтеді?, – деп едім. – Жоқ, болмайды, – деп
жаны қалмады. Өзім ішімнен ойладым: – Япырай, талай
оппоненттерді көріп жүрміз ғой, өзің жазып әкел дейтін.
Онысы не екен? Кім жазса да бәрібір емес пе?, – деп. Қан
-
дай қиналып жүрсе де сол пікірді өзі жазып шықты. Осы
-
ған қарап отырып мен ойлаймын, Әбекең нағыз ғылымға
адал берілген жан еді деп. Бүгінде өзіміз де сондай көп қол
-
жазбаны оқып, пікір айтып жүрміз. Мен де ұстазым тәрізді
оқымай пікір айтпайтын адаммын. Ол, әрине, жаман емес.
Бір жақсысы, жұмыс туралы нақты айтқан пікір ары-бері
бұрмалауға келмейді. Себебі, онда жұмысқа сүйеніп, бетін
көрсетіп айтасың ғой. Ал мен өз басым екіұшты пікір ай
-
тып, алғашқы сөйлеушілерге ешқандай дәлелсіз қосыла
салатындарды, қолжазбаны аудырып-төңкеріп отырып дә
-
лелсіз, жалпылама сөйлейтіндерді көргенде жыным қозып
кетеді. Тіпті ондай екіжүзділерден іргемді аулақ салып жү
-
ретін әдетім бар. Қазақта «күйелі ағашқа жақындасаң, кү
-
йесі жұғады» деген дана сөз бар. Оның екінші жағы тағы
бар. Аға буынның пікірі басым болады да, кейінгілер сол
пікірге қосыла кетеді. Мұндай жағдайда әркімнің өзіндік
айтары болғаны жөн. Біреудің пікіріне қосылу – сол адам
-
ның тайыздығы мен тайғақтығын, тіпті екіжүзділігін аң
-
ғартады. Себебі әрбір айтылған пікір қолжазба авторы
-
ның тағдырына тікелей әсер ететіндігін жадымызда ұстап
отырғанымыз жөн. Мұны ғылымда жүрген әрбір ғалым
ойлай жүргені абзал.
Біз қайда барсақ та қол ұстасып жүретінбіз. Жиын, той
-
ларға барған кезде де үйге бірге қайтамыз. Бір күні сон
-
дай бір дастарқаннан қайтқанда бір машинаға отырдық.
Өзі орталықта тұратын болған соң, бірінші ол кісінің үйіне
барып, Гүлғайша апайға табыстап кетемін. Сол үрдіспен
үшінші қабаттағы үйіне көтерілдік. Сөйтсем ағай маған
360
қоярда қоймай, үш бума ақ қағаз (А/4) көтертіп жіберді. Жа
-
зу-сызудың төңірегінде жүрген адамдар қағаздың қадірін
жақсы біледі (Себебі, таза қағаз түгіл, екі беті шимайланған
қолжазбаларымызды да тастамай сақтаймыз). Ол кез ағай
-
дың жұмыстан қала қоймаған, өндіріп жазып жүрген шағы
болатын. Сөз арасында қағаздарды Астанада тұратын қызы
алып келгенін де айтып жатыр. Мен аң-таң болып, өзіне ке
-
рек екендігін ескертіп әлекпін. Оның үстіне кірпіштей қа
-
лың қағаздың ауыр болатыны тағы бар, көтеріп кетудің өзі
де оңай шаруа емес. Сөйтсем: – Докторлық диссертацияңа
керек болады, – дейді. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» деген осы.
Жақсы ниетпен берген қағаздарды жұмысқа апаруға қимай,
үйге алып келдім. Ол кезде диссертациям бітпесе де, қағаз
-
дарды ештеңеге қимай, сарымайша үйде сақтадым. Күн
-
дердің күні болғанда ағам берген қағаздарға өзінің ең жақын
досы Мүсілім Базарбаев туралы жазылған жұмысымды шы
-
ғардым. Жалпы, қазақ баласы ырымшыл ғой. Соның ішін
-
де Әбекең «мен ырымшылмын» деп жиі айтып отыратын.
Мен де ырымшыл болсам керек, сол қағаздарды 3-4 жыл
сақтағаныма қарағанда. Айнымас досы туралы тақырыпты
маған икемдеген де өзі болатын. Жұмыстың біткенін көрме
-
генмен, үнемі мені қамшылып, үлкен үміт артып отыратын.
Диссертациямды шығаратын қағаздарды ағамның Астана
-
дан алдырып бергенін мен қалай ұмытайын...
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтын
-
дағы ғылымның қара жұмысына бүкіл ғұмырын арнаған
ғалым бұл шаңырақты ешқандай мекемеге айырбастамай
-
тын. Бір жылдары З.Ахметов Қыздар педагогикалық инс
-
титутына жұмысқа шақырған екен. Ол кезде де көп ойла
-
нып, өзінің бауыр басқан шаңырағын қиып, тастап кете
алмаған. Сондай әңгімелерді жиі айтып, бұл шаңырақтың
киелі екендігін түсіндіруден жалықпайтын. Кеңестер Ода
-
ғы ыдыраған 90-жылдары Қазақстанның экономикасы
құлдырап, қалт-құлт етіп тұрғаны мәлім. Сол уақытта ғы
-
лымның жайы мүшкіл хәлді басынан кешірді. Жас ғалым
-
дардың жалақысы жалдап тұратын пәтерлеріне жетпей
қалды. Сондай кездерде ғылым түгіл Алматыдан кетіп
қалғымыз келгені жасырын емес. Бірақ ұстазым ақыл-кеңес
361
беріп, сабырға шақыратын, өзінің басынан кешкен қиын
-
шылықтарын айтатын. Өзінің де баспанаға оңайшылықпен
қолы жетпегенін естігенде: – Е, елдің бәрі солай болған
екен ғой, – деп сабырға түсіп қалатынбыз. Сондай ауыр
күндердің бірінде қолымнан жетектеп отырып директорға
кірді. Институт директоры С.Қирабаевтың бір қоңырауы
-
мен жатақхана алдым (Ол жөнінде «Қамқор ағалар» деген
мақаламда жазғанмын). Бүгінде мен де ұстазым секілді
осы шаңырақты ештеңеге айырбастағым келмейді. Мен
үшін басқа жерде жұмыс та, нан да жоқ секілді. Себебі,
көзімді ашқалы көргенім осы институт қой. Кейінгі жылда
-
ры өзімізден кейінгі өсіп келе жатқан жастар мені «Нарым
-
бетова» деп атайтынды шығарды. – Сіз де ағаңыз секілді
осы жерден зейнетке шығатын шығарсыз, – деп әзілдеп те
жатады. Оны кім біледі? 19 жыл бір жерде тұрақтап жұмыс
істеп жүргендіктен бе, ағамның айтқандары санама қатты
сіңгендіктен бе, мен үшін де осы институт ғылымның ғана
емес, рухани тазалықтың қара шаңырағы тәрізді. Соңғы
жылдары институтта бізден кішкентай жастар көбейгендік
-
тен біз де ескінің көзі болып келе жатырмыз.
Ә.Нарымбетов Ана тілінің болашағын ойлаған ұлтжан
-
ды азамат болды. «Қазақ әдебиеті» газетінің 1956 жылғы
22 сәуірдегі санында жарияланған Рахманқұл Бердібаевтың
«Ең үлкен мәдени байлық» атты мақаласын қолдаймыз деп
бастарына бәле тілеп алған «жас ұлтшылдардың» қатарын
-
да Ә.Нарымбетов есімінің жүруі – оның ұлтқа деген шексіз
сүйіспеншілігіне мысал. Ұлттық тіліміздің мүшкіл халі мен
аянышты тағдырына байланысты өзекті мәселелерді ашық
айтып, оны жан айқаймен көтере білген Рахманқұл Берді
-
баев мақаласын қолдап, артынша Әбділхамит Нарымбетов
«Ана тілін ардақтайық» (1 маусым) атты мақаласын жазса,
іле-шала Тұрсынбек Кәкішев, Рахметолла Сәрсенбасв, Ха
-
мит Хасенов, Төрехан Әлішеров, Ағзам Байшин, Әдиет Мұх
-
таров, Құрманбек Әбілдаев, Қыдыр Әлиасқаровтардың «Тіл
мәдениеті» (17 тамыз) атты мақаласының шығуы – сталиндік
зұлматтың құрбаны болған қазақ халқының ұлты үшін туған
ерлерінің ісін жалғастырар ұрпақтың бар екендігін тарих
алдында паш етті. Сол кездегі жастардың басына үйірілген
362
қауіпті Ә.Нарымбетов былайша еске алады: «Қазақстан Ком
-
мунистік партиясының Орталық Комитеті 1956 жылы жел
-
тоқсанның 10 күні жарияланған қазақ тілі туралы жоғарыда
аталған мақалалардың саяси «қателігін» қатты әшкерелеген
қаулы қабылдады. Сол қаулының негізінде «Социалистік Қа
-
зақстан» газетінде 1957 жылғы 29 каңтарда, «Казахстанская
правда» газетінде 31 қаңтарда «Қазақ халқының мәдениетін
көркейте берейік» атты жоғарыда аталған авторларға өлті
-
ре соққы берген редакциялық көлемді мақала жарияланды.
Міне, осылайша, Қазақстанда «Жас ұлтшылдармен» аяусыз
күресу науқаны лезде басталып та кетті. Жоғарыда аталған
азаматтардың бәрі де қуғынға ұшырады».
Сол кездегі қудалаудан Мүсекеңнің арқасында аман
қалғанын айтып отыратын. Аудандық партия комитетінің
хатшылары келіп, жоғарыда аттары аталған институттың
жастарына қатаң сөгіс бермекші болады. Баяндама жасау
сол кездегі директордың орынбасары М.Базарбаевқа тап
-
сырылады. Ол кісі жас ұлтшылдарға сөгіс бермек түгілі,
олардың аттарын атап та көрсетпейді. Оған күйінген Пар
-
тия комитетінің хатшылары тістерін қайрап кете барады.
Сол кездегі мүшкіл хәлін кейінгі жылдарға дейін ұмыта
алмаған Әбекең Мүсекеңе деген шексіз ықыласын білдіріп
отыратын. Ол екеуінің арасында тек әріптестік сыйластық
емес, үлкен достық болғанына барша әдебиетші қауым куә.
Әр жылдары ұстазымның қазақ әдебиеттану ғылымы
-
на сіңірген еңбектері жөнінде Қазақстан энциклопедия
-
сы, ғылыми жинақ, мерзімді басылым беттерінде «Әдеби
әлемнен шежіре шерткен», «Ғылымгер һәм ғибраткер»,
«Қазақ әдебиетінің ардагері», «Ғабит Мүсірепов шығарма
-
ларының басылымдары», «Әбділхамит Қуанұлы Нарым
-
бетов» (Қазақстан энциклопедиясы, Қазақ әдебиеттану ғы
-
лымының тарихы. Екі томдық. 1-том, Қазақ жерінің зиялы
азаматтары. ХІІІ том.), «Поэзия зерттеушісі», «Библиогра
-
фия білгірі» сынды арнайы мақалалар жазыппын. Ол мақа
-
лаларда библиограф, қазақ әдебиетінің ғана емес Қазақс
-
тан Жазушылар одағының шежіресін жасаған шежіреші,
поэзия жанрын зерттеуші, Ғ.Мүсірепов басылымдарының
жанашыры, қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші, ғылымның
363
қара жүгін көтерген қара Нар екендігі жан-жақты айтыл
-
ғандықтан, бұл жерде ол мәселелер қайталанған жоқ. Қа
-
зақ әдебиеттану ғылымының тарихын жасап жатқан кезде
Ә.Нарымбетовтің ұлттық әдебиеттану ғылымына қосқан
үлесін сығымдап, 2-3 бет көлемінде жазып беру керек бол
-
ды. Мен бар жазғанымды елеп-екшеп жаздым да: «Қалып
қойғандары бар ма?», – деп, ағайдың өзіне көрсеттім. Оған
дейін де жазғандарымды оқып жүр ғой. Қолжазбаны қарап
шықты да: – Өзің ештеңені қалдырмапсың ғой, – деп ма
-
саттанып қалды...
Өмірінің соңғы айларында мені шақырып алып, инс
-
титуттың жаңалықтарын сұрап отыратын. 2008 жылдың
1қаңтарында 80 жасқа толған мерейтойы болатын болды.
Соған арнап бір кітап шығарғысы келді де, 2007 жылдың
күзінде бұрын жазылған естеліктерін жинатты. Естелік
-
терді жинап-терсек, 80 беттей қолжазба болды. Сол қол
-
жазбаны институттың шағын типографиясынан шығармақ
болып едік, оның реті келмеді. Мен ол хабарды ауырып
жатқан ұстазыма айтып барудың ретін таппай, ойланып
жүріп «Арыс» баспасының директоры Ғарифолла Әнеске
бардым да, бар жайды айттым. Ол кісінің көп шаруаларға
байланысты ағаймен тығыз араласқанын білетінмін (Әсі
-
ресе Махамбеттің биобиблиографиясына қатысты).
Ғарифолла ағай ұсынысымды қуана қарсы алды, бірақ
көлемі тым жұтаң болмас үшін қасына соңғы жылдарда
жазылған зерттеулерін қосу керек екендігін айтты. Қаражат
жағынан ештеңе сұрамайтынын, ағасының мерейтойына
жасайтын шашуы болатынын да ескертті. Сонымен қуаны
-
шым қойныма сыймай, соңғы жаңалықты қуана жеткіздім.
Кітаптың қолжазбасы дайын болып, енді баспаға барғалы
жүргенімде 2007 жылдың аяғы да жақындап қалды. Сол
кезде ғайыптан біздің институтта кітап басуға бөлінген ақ
-
шалар артылып қалмасы бар ма. «Іздегенге сұраған» деген
осы, көктен сұрағаным жерден табылып отыр.
«Жүгірген жетпейді, бұйырған кетпейді» деген осы болса
керек, кімде дайын тұрған қолжазба бар деген сауал туғанда,
менің сейфімде екі кітаптың қолжазбасы жатқанын айттым.
Оның бірі – содан екі-үш жыл бұрын дайындалып, қаржы
-
364
ның реті болмай жатқан өз жинағым болатын да, екіншісі –
жоғарыда айтылған кітап. Содан аяқ астынан екі қолжазбаны
баспаға бір мезгілде тапсырдым. Кітапта ХХ ғасыр поэмасы
тұтас зерттеліп, сол дәуірде өмір сүрген ақын-жазушылар ту
-
ралы естеліктер берілгендіктен «Ғасыр жыры» деп атап едім.
Бөлім меңгерушісі, академик, Серік Смайылұлының түзетуі
-
мен «Ғасыр сыры» деп өзгерттік. Бірақ ағай кітапты қолына
ұстап көре алмады. Сол кітапты институт директоры Сейіт
Асқарұлының басшылығымен ағайдың қырқында (қайтыс
болғанына қырық күн болғанда) туған-туыстары мен келген
қонақтарға естелік ретінде сыйға тарттық.
Сейіт Асқарұлы Қасқабасов институтқа директор бо
-
лып келгеннен бері біздің ұжымда Жаңа жыл мен Наурыз
мерекесін ұжым мүшелерімен бірге қарсы алу дәстүрге
айналып келе жатыр. Әбділхамит ағай ұжымның сондай
той жиындарына барғанды жақсы көретін. Себебі, ондай
жерде елдің бәрі жаңа қырынан танылып, жасырын жүр
-
ген өнерлері ашылып жатады. Біреу би билеп, екіншісі ән
салып бар өнерлерін ортаға салып, өнер бәйгесін қыздыра
-
ды. Өзіне кезек келгенде, ешқандай қолпаштаусыз-ақ «Ма
-
риям Жагорқызын» айта жөнелетін. Ағайдың сүйікті әніне
баршамыз қосылып мәре-сәре болып жататынбыз. Сондай
кештерден кейін: – Біздің Гүлнара мен Манарбек биші, –
деп, олардың биіне ешкім жете алмайтындығын жиі айта
-
тын. Бұл да ұстазымыздың өнерге деген үлкен құрметінің
бірі болса керек. Бүгінде біз осындай жиындарда ерекше
өнер көрсеткендерге «Әбділхамит Нарымбетов» атындағы
жүлде тағайындадық. Себебі қазір бізде ағайдың көзін көр
-
гендер жеткілікті. Жастар жағы ол не сыйлық екенін сұ
-
рағанда, Әбділхамит ағайды көргендер түсіндіріп жатамыз.
Ұстазым туралы айтарым да, жазарым да шексіз. Рухани
әкем болған асыл ағамды жиі іздеймін. Амал не, енді ол
кісі қайта келмейді. Сондықтан сарғайған сағыныштарды
ақ қағаз бетіне түсіруге тура келеді. Бұл соның соңғысы
болмас…
2010 ж.
|