Гуманитарная  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ гуманитарная серия



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,45 Mb.
#6792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

0
Ел болу идеясы сонау ата-бабаларымыз түркі заманынан келе жатқан 
арман,  бүгінгі  күндегі  тәуелісіз  Қазақстан  осы  аңсаған  арманға  жетті 
деп  айтуға  болар.  Қазақстанның  елдігінің  тұп-тамыры  Орхон-Енисей 
жазбаларынын негізінде қарастырамыз.
Тотемдік сенім – адамдарды біріктіріп ел ететін символ. Ардақ Нұрғали 
еңбегінде академик Марғұланның зерттеулерінен алынған мынадай деректер 
келтірілген:  «Негізінен  көне  түркілер  сеніміндегі  басты  тотем  –  қасқыр. 
Көктүріктер  әулетінің  атасы  саналатын  Ашинаның  түбі  –  бөрі  (қаншық 
қасқыр). 5-7 ғ. Түркілер арасында бөріні құдыреттеу кең тараған. Бөрі суреті 
тастарға,  темір  сауыттарға,  қаруларға  салынған.  Көктүріктер  туларында 
алтын  жалатып  салынған  бөрілер  суреті  болатын.  Сөйтіп  бөрі  басты  ту 
қағандықтың белгісі, символына айналған» [1, 39б.] 
«Бөріден тараған»  немесе «бөріден тарамаған» деген ұғымдар түркі елі 
немесе басқа елдер деген мағынаны білдірген.
Орхон ескерткіштерінде қазақ халқының ежелгі дәуір кезіндегі ерекше 
құндылық – Тәңір-жаратушы құндылығы. Бұл түркі халқыларының басқа 
халықтардан  айыратын  ұлттық  белгісі.  7  ғасырда  жазылған  «Күлтегін» 
ескерткішінде мынадай дәлелдер бар: «тәңірідей, тәңіріден жаралған Түрк 
білге қаған»[2, 7б.] 
Тәңір – түркі халқының қолдаушысы, қорғаушысы: «Түркі, оғуз бектері, 
халқы тыңдаңдар! Төбеңен тәңірі баспаса, Астыңнан жер айрылмаса, түркі 
халқы,  ел-жұртыңды  кім  қорлайды?»[3,  16б.]  «Әкем  қағанды,  шешем 
қатыңды көтерген тәңірі, Ел берген тәңірі, Түркі халқының атақ – даңқы 
өшпесін деп (мені) қаған (етіп), Отырғызған еді» [4, 17б.] 
Ардақ Нұрғали «Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті» атты еңбегінде 
көне  түркілер  қоғамының  құрылымын  анықтаған:  «Орхон  жазбалары 
деректері бойынша көне туркі кауымын былай жіктеуге болады. Олар:
Оғуш – отбасы 
Ұрығ – отбасылар бірлігі.
Бод – тайпа, ру.
Бодун – тайпалар, рулар бірлігі.
Ел – тәуелсіз мемлекет [5, 94б.] 
Көне түркі ұғымы бойынша азаттық  идеясын тек билеушілер ғана емес, 
күллі халық ұстанған, бүл жалпы ұғымдық сана. Түркі тайпалары жерлерінде 
тәуелсіз  құрылымдар  жасауға  күш  салған.  Бұл  идеяның  негізі  түркінің 
көне әдебиетінде жатыр. Түркілер кез келген уақытта кеңістікке жылжып, 
қалаған жеріне бара алатын болған. Олар бір жерге, тұраққа байлаулы емес 
еді. Сондықтан әр кезде азаттық үшін олар бәрін құрбан етіп, көшіп жүре 
беретін.... Сөйтіп олар соғыс жағдайында жеңілген күннің өзінде аз топпен 
қалса  да  еркіндік,  азаттығын  сақтайтын  болған.  Далалық  мәдениеттің 
отбасында пайда болып, бойға сіңетін азаттық, еркіндік идеясы  - бірте-бірте 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

рулық-тайпалық, одан азаматтық, мемлекеттік деңгейге көтеріліп, жалпы 
көне түркілердің ғасырлар бойы дербестікте өмір сүруін қамтамасыз еткен 
үлкен  фактор.      Біздің  жыл  санауымыздан  бұрынғы  55-жылы  жазылған 
Қытай  жылнамаларында  ғұндардың  бас  қосқан  үлкен  жиынында  негізгі 
мәселе ретінде азаттықтың  айтылғаны, еркіндік үшін қасық қаны қалғанша 
күресетіндегі көрсетілген [6, 94-95бб.]. 
Көне түркілер елдің бодандыққа түсуін – елдің ыдырауы, өлімі санаған. 
Көне  түркілер  «Қаған»,  «Оқсыздық»  сөздерімен  тәуелсіздік  ұғымдарын 
берген. Бұл ретте Білге қаған сөздерін еске алуға болады» [7].
Ел болу: «Түркі халқы: «Қырылайық, жойылайық» - десті, 
Ажалға жылжи бастады, көкте түрк тәңірісі, 
Түрктің қасиетті жері, суы былай депті: 
«Түркі халқы жойылмасын!»- дейді, 
«Ел болсын!», - дейді. Әкем Елтеріс қағанды; 
Шешем Ел білге қатынды
Тәңірі төбесіне ұстап жоғары көтерген екен [8, 12-13бб] 
Ел амандығы, күштілігі, тәуелсіздігі, ауқаттылығы. Бұл құндылық батыр 
Күлтегін образы арқылы ашылған: «ағам қағанның ел – жұртын молайтты», 
«чача сеңгунмен айқастық», «қырғызға қарсы аттандық», «қарлық халқымен... 
соғыстық», «шабуылға ұмтылды»
«Қаны судай аққан, сүйегі таудай боп жатқан, бек ұлдары құл болып, 
пәк қыздары күн болған» елдің жағдайын күрт өзгертіп, «өлімші халықты 
тірілткен,  жалаңаш  халықты,  кедей  халықты  бай  еткен,  аз  халықты  көп 
қылған, тату елге жақсылық қылған» [9, 31б]. Күлтегін секілді батырлар өз-
алдына халық үшін жиі кездеспейтін  құндылық. Батырлар ерекше ерлігімен, 
ақылымен көзге түскен.
Билікте  тұрған  түркі  хандары  мен  билері,  батырлары  елдің  қамын 
ойлау керектігі бұл ескерткіште жиі қайталанады: «Түркі халқы үшін «Түн 
ұйықтамадым, күндіз отырмадым...»[10, 17б] 
Көне түркі мәдениетінің ескерткіші – Күлтегіннің құрметіне арналып 
тасқа жазылған поэма – халық үшін тілдің құндылығының тамаша дәлелі. 
Поэма авторы халықтың тәжірибесін ұрпаққа жеткізетін құрал ретіндегі 
мемлекеттік  тілдідің  функциясы  деп  білдіреген.  Поэма  авторы,  халықты 
сақтаудың мол тәжірибесін объективті жеткізу үшін тарихи бір кезеңдеріндегі 
біреулердің (бектердің т.б.) субъективті пікірлерімен санаспайтын халық, ел 
тілінің құндылығын келесі сөздермен жеткізген: «Бұған (таста жазылған 
ескерткішке) қарап біліңдер, түрк халқының қазіргі бектері-таққа кіріптар 
бектер,  Сендер  жаңылғышсыңдар  ғой?  Мен  мәңгі  тас...».  Бұл  тасқа 
жазылған өлеңде елге тіл арқылы объективті түрде бағаланған дұрыс тарихи 
жолдарды көрсетіп, халық кейін соны өсиет ретінде қолдансын, келіп-кетер 
хан-бектердің субъективті ойлары елдің дамуына кедергі болмасын деген 

Вестник ПГУ №1, 2010

мағынадағы ойды құндылық етіп қарау керек. Поэма авторы, елді сақтап қалу 
идеясының маңыздылығын тасқа мүлгіген тіл арқылы жеткізіп отыр.
«Көне түркілерде мемлекет ұғымымен қатар бодын, ұлыс, өлке, жұрт, ел 
сөздері мағыналас келеді. Түркі қағандықтарының өз жері, шекарасы болған, 
оның иесі билеуші емес, бүкіл жұрт, халық саналған. Түркінің Мөде қағаны 
көршілері моңғол-тұңғұс билеушілеріне дүние-мүлік, мал, тіпті әйелдерді 
беруге көнгенмен, жер беруге келгенде, оларға ғарумен қарсы шыққан. Бұл 
біздің жыл санауымызға дейін 209жыл. Мөде қаған ұлы мәжілісте жер бүкіл 
халықтың меншігі және тәуелсіздіктің ірге тасы екендігін айтқан,  Елдің жерін 
басқаға беруге ешбір қағанның құқығы жоқтығын ескерткен»[11, 95б].
Тарихтан белгілі «... түркінің дәстүрлі мәдениетінде еркіндік, тәуелсіздік 
бар жерде ғана түркі мемлекеті, ұлысы, жұрты, отбасы өмір сүре алатын 
болған, олар осы идея дайын тұрған, бөрі басты түркі туы желбіреген жердің 
бәрі  түрік  отаны  саналған.  Көне  заманда,  Мөде  қағандығында»  ғұндар 
жылына үш рет бүкіл мемлекеттік маңызы бар ұлы басқосулар өткізетін болған. 
Алғаш жыл басында билеуші сарайында жиналған. Екінші рет қазіргі есеп 
бойынша маусым айында бас қосқан. Үшінші рет мал, негізінен жылқы мен қой 
әбден семірген күз айында өткізілген. Бұл әскердің санын, күшін, мал жағдайын 
анықтайтын кез еді. Көктемдегі басқосуда өткен аруақтарға ас беріліп, құрбандық 
шалынатын, бәйге ұйымдастырылады, осы жылы бұрынғы қаған орнында 
қалады, не жаңа қаған сайланады, жаңа заңдар,жарлықтар қабылданады, жалпы 
мемлекеттік маңызы бар мәселелер шешіледі. Бұл жиынға тайпа басшылары, 
шетел өкілдері қатысады...Сонымен, қорыта келгенде, көне түркілерде бүкіл елдің 
негізгі басшыларын жинайтын мұндай көпшіліктің басын қосатын жиын саяси, 
экономикалық, мәдени, шетелмен байланыс мәселелерін шешетін ең үлкен, ең 
басты мемлекеттік орган болды деу керек. Көшпелі елдің бір уақытта, бір жерге 
жиналуы қиын болғандықтан бұл ұлы жиналыс, оның шешімі ұзақ уақыттық 
маңызы бар шешім еді, қазіргі тілмен айтқанда, үкімет шешімі. Олар арнаулы 
адамдар, билік иелері арқылы ел ішіне таратылып, іске асырылып, қадағаланып 
отырған»[12, 96-97б.]
Сонымен,  ел  болу  үшін  белгілі  қағандар  мен  алдынғы  қатардағы 
ойшылдар түркі елін сақтау және дамыту мәселесіне саяси тұрғыдан қарап, 
ел тәуелсіздігін өмірдің мәні деп санаған. Ел қоғам сатылары  арқылы  өз 
мүддесін қорғай білген. Түркі мемлекеті, ұлысы, жұрты, отбасы деңгейлерінде 
ұлттық рух әрбір қоғам мүшесінің санасына жеткізіліп отырған. 
ЛИТЕРАТУРА
1  А.Нұрғали.  «Қазақ  ілкі  тектерінің  дәстүрлі  мәдениеті»  -  Алматы: 
Атамура, 2000 -167 б.
2 А.Қыраубаева. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматиялық оқу құралы 
– Алматы: Ана тілі, 1991. – 280б. 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

3 Бұл да сонда 16 б.
4 Бұл да сонда 17 б.
5  А.Нұрғали.  «Қазақ  ілкі  тектерінің  дәстүрлі  мәдениеті»  -  Алматы: 
Атамура, 2000 -167 б.94б.
6 Бұл да сонда 94 -95б.
7  А.Нұрғали.  «Қазақ  ілкі  тектерінің  дәстүрлі  мәдениеті»  -  Алматы: 
Атамура, 2000 -167 б. 95б.
8а А.Қыраубаева. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматиялық оқу құралы 
– Алматы: Ана тілі, 1991. – 280б. 12-13 б.
9 Х.Сүйіншәлиев.Қазақ әдебиетінің тарихы. Оқулық. - Алматы: Санат, 
1997
10 А.Қыраубаева. Ежелгі дәуір әдебиеті. Хрестоматиялық оқу құралы 
– Алматы: Ана тілі, 1991. – 280б. 17 б.
11 А.Нұрғали. «Қазақ ілкі тектерінің дәстүрлі мәдениеті» - Алматы: 
Атамура, 2000 -167 б. 95 б.
12 Бұл да сонда 96-97б.
Резюме
В данной статье рассматривается проблема государственности 
в  контексте  Орхоно-Енисейских  письменностей  древних  тюрков, 
которые  являются  корнями  государственности  независимого, 
современного Казахстана. 
Resume
La this article is condered the problem of statehood in the context of 
Orkhon-Yenissei written language of ancient Turkic peoples, who are the 
background of state independent modern Kazakhstan. 
ӘОЖ 1(091)
«еЛ БоЛУ» кАТеГоРИЯНың ТҮСІНІГІ, 
ЖАғДАЙЛАРы, шАРТТАРы
Г.М.Қаппасова
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Академик Ғарифолла Есім бүгінгі тәуелсіз Қазақстан жағдайына сай 
елдік философияның негізін қалап, қазақ еліне ұстаным ретінде ел болу деген 
стратегиялық бағыт беріп отыр: ұлттық идея – «қазақ елі – мәңгілік» деген 
ұлттық сананы елдік санаға ұластырып елдік сана қалыптастыруын, дамуын 

Вестник ПГУ №1, 2010

қажеттенеді,  ғалымның  еңбектеріне  сүйене  отырып  келесі  жағдайларын 
көрсетуге болады:
- ел болу саясатын қарқынды жүргізу;
- қазақ елінің баяндылығын, тұрақтылығын, өркениеттігін жеке тұлға 
да, қоғамның да басты мақсатына айналдыру;
-  «жаңа  қазақтың»  зайырлы  азаматтық  деңгейіне  көтерлуі  (сапалы 
қазақ-жақсы қазақ);
- ислам дінінің ғылыми негізін түсініп, оны өркениеттік феномен ретінде 
қабылдап, елдік діни санасын жоғары көтеру ел болуы, яғни ислам діні адамға 
тоқтау салады, тәуба, шүкіршілік, қанағат деген саналар береді;
-  елдің  тәуелсіздігін  мықты  орнықтырып,  оған  ие  болу;  («ұрпақтар 
алдындағы – парыз, ата-бабалар алдындағы қарыз», «қарыз бен парыздың 
түйіскен жері»);
- мемлекет – елді басқарудың технологиясы ретінде елдің мүддесін іске 
асыратын құрал;
-  мемлекеттің  тіл  дәрежесіне  көтерілген  қазақ  тілінің  мәселесі  осы 
мемлекетте  өмір  сүруші  бүкіл  азаматтардың  ортақ  мәселесі.  («Егер  сен 
өркениетті сауатты адам болатын болсаң, онда мемлекеттік тілге қатысты 
көзқарасын жүз пайыз оңболуы тиіс»);
- қазақ елінің руларға бөлінбей, жан-жаққа ыдырамай, бір тұтас ел болып 
отыру: Қазақстанда – қазақ. «Қазақтар осы территорияда, ата-бабаларының 
жерінде мәңгі тұрса, осы жерге мәңгілік ие болсақ, тіліміз бен мемлекетіміз 
мәңгілік болса деген ой»;
- Жетісу жерін – «жаратушының берген керемет сайын» - аман ұстап, 
демографиялық жағынан қазақтың санын басым ету;
- жақсы сөзді молынан айту керек;
- ғылыммен шұғылдану.
«Ел  болу»  ұғымы  философиялық  категория  болып  қалыптасуда. 
Жоғарыда Ғарифолла Есімнің бағдарына сүйеніп, ғасырлар бойы түркі халқы, 
кейіннен  –  қазақ  елі  тырнақтап  жинаған  ел  болу  жүйесін  құрастыратын 
компоненттерін сипаттау осы зерттеуміздің өзекті мәселесі.
«Ел болу» концепциясы «ел», «ел болу», «ел болу шарттары» деген 
ұғымдарға тірелмек. Ол үшін философиялық зерттеулерге сүйене отырып біз, 
«Ел болу» үшін келесі категорияларын шығарып отырмыз: өз философиясы, 
өз ата-заңы, өз рәміздері, өз халқы, өз тілі, өз тарихы, өз салт-дәстүрі, өз 
мемлекеті, өз ұлттық сипаты (ілімі), өз міңез-құлқы, әрине өз мәдениеті 
болуы қажет.
Осында берілген елдің өзіндік белгілері біз үшін зерттеу барысында 
ғасырлар  бойы  жиналған  ғұламалардың  елді  сақтау  мақсатында  өсиет 
етіп қалдырған ойларын талдап, түйіндеуге көмектесетін механизм болып 
қолданылады.

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

«Ел болу» ұғымы осы елдік белгілерді сақтау үшін қажетті жағдайды 
туғызу,  бостандықты  қамтамасыз  ету,  яғни  алдымен  саяси  тәуелсіздікті, 
рухани тәуелсіздікті, (руларға бөлінбеуі) саясат ету 
«Ел болу» шарттары осы елді құрайтын халыққа, қоғамға, мемлекетке, 
жеке тұлғаға қатысты ата-бабаларымыз, бүгінгі ғалымдардың тастап кеткен 
қағидалары болып табылады. Бұл шарттарды әрі қарай зерттеумізде толық 
ашамыз. 
Антропологиялық  көзқарас  ең  алдымен  адамды  қоғам,  ел  мүшесі 
ретінде қарастырады. Адамның сөзінен, жүріс-тұрысынан, қоғамның немесе 
жеке басының мүддесін ойлайтын іс-әрекетінен оны 3 топқа бөлуге болады: 
біріншісі – қоғам, ел үшін жанын пида ететін, патриоттық сезімі жоғары, жерім-
тілім деп қасық қаны қалғанша елін қорғай алатын тұлғалар (А тобы); екінші 
топ көптің арасында көшбасшының соңында жүріп көмекші болатын азаматтар 
(Ә тобы); үшінші топ – еліне, жеріне, тіліне селсоқ қарайтын, өз басының қамын 
ойлайтын, өз басының қамын ойлайтың, бәлен жерде бақыр бар деп, материалдық 
байлыққа салынып кеткен, керек десе жерін де, оның астындағы ел байлығын 
да сатып жіберуге дайын тұрған көрқаптар (Б тобы).
Ел дегеніміз, миллиардтаған адам. Академик Ғарифолла Есімнің әр 
адамның «сапалы қазаққа», «жақсы қазаққа» айналуы – осы ел болудың 
негізі деп біледі. 
Олай болса әр қазақ ата-бабаларымыздың өсиет етіп бізге қалдырған 
құндылықтарын негізге алып, елдік сана қалыптастыруды – мақсат етуі қажет.
Қазіргі философия ғылымында құндылықтардың негізгі түрі бар. Ел болу 
үшін қазаққа құндылықтардын барлығы қажет, оларды белгілейтін болсақ 
келесілер көрінеді.
Саяси  құндылықтар:  ел  мүддесін  қорғайтын,  елді  сақтау,  оның 
баяндалығын, тұрақтығын, өркениеттігін дамыту мәселелерін шешуге қам 
жасайтын мемлекет; қазақ жерін қорғау, қазақ тілін мемлекет тіл ретінде 
дамыту,  ата-заңды  ұстану;  мемлекеттік  рәміздерді  биік  ұстау;  мемлекет 
шекарасын қорғау; жер астындағы және үстіндегі байлыққа ие болу; қазақ 
елінің ауқаттылығына жағдай туғызу;
Рухани құндылықтар: ұдттық рух, ұлттық қасиет, ұлтқа деген сенім, 
қазақ елі тарихын білу, оны дәріптеу, толықтыру, болашақ ұрпаққа асыл 
мұра  ретінде  қалдыру;  қазақ  елі  дәстүрін  сақтау,  дамыту,  ұмыттылған 
дәстүрлерді жаңғырту; қазақ елі мәдениетін жоғары ұстап, оның дүниежүзілік 
мәдениетіндегі орнын көрсете білу; қазақ елінің философиясын жүйелеу, 
қазіргі заманға сай оны толықтыру және елдің санасында нұсқау ретінде 
ұстанымға айналдыру;
Материалдық  құндылықтар:  қазақ  елінің  жері,  жер  қайнауындағы 
пайдалы қазбалар, жер үстіндегі табиғат байлығы, ел дамытқан өндіріс, ел 
қоныстары;

Вестник ПГУ №1, 2010

Витальдық  құндылықтар:  қазақ  елінің  ауқаттылығы,  оның  өмірінің 
игілігі, елдің экологиялық мәселелері.
Рухани құндылықтар: ұлттық мінез-құлықты, бойына ата-бабамыздың 
ел мен жерге деген сүйіспеншілік, қасиет егеменді елімізге мейірімділік, ой 
өрістің кіңдігі болу, алғырлық салауаттылығы, жоғары сана-сезім, ар-ұят, 
намыс, қанағат, талап пен игілік.
Бұл  құндылықтарды  іске  асыру  жеке  адам  мен  қоғамның  қолында. 
Бірақ қоғам да жеке адамдардан тұрады. Қоғамның басында тұрған жеке 
адамның да позициясы іс-әрекеттерде басым болуы мүмкін. Сондықтан, 
рухани құндылықтар «ілгек» ретінде негіз болады да ол «мықты» болса, 
барлық қалған құндылықтар соған «ілінеді».
Ел болу үшін халық арасында руханилықты дұрыстауымыз керек. Кеңес 
үкіметінің тәжірибесіне иелсек, Кеңес Одағынының коммунистік партиясы 
арқылы моральдық кодекс алдымен іске асырылып отырды. 100% демесек 
те, 70% қоғам мүшелері сол моральдық кодекс бойынша өмір сүрді, тіпті 
бір-бірін қадағалап, тәрбиелеп отырды.
Бүгінгі күнде де «ел болам десең, бесігіңді түзе» деп М.Әуезов айтпақшы, 
адамдардың ар-ұяты, ойы, сөзі, ісі алдымен «ел» ұғымымен өлшенуі керек, 
қоғамда сынға салынып отырылуы қажет. 
Барлық оқу орнында пәндер мазмұнын осы ел болу моральдық кодексінің 
мағынасын енгізу басты мәселе қаралса дейміз.
Сонымен, айтылған құндылықтар ел болу шарттары болып қаралуы 
тиіс.
ӘДЕБИЕТТЕР
1 Елбасы Н.Назарбаевтің қанатты сөздері
2.  Елдің  сана  өлшемдері.  Академик  Ғарифолла  Есіммен  сұхбат. 
Сұхбаттаушы Сейтнұр Жарас //ҚазҰУ хабаршысы Философия, мәдениеттану, 
саясаттану сериясы №2 (28).2007
3.Ғарифолла  Есім.  Елдік  сана  философиясы.  /  Егемен  Қазақстан 
28.06.2006.  
Резюме
Автор в статье раскрывает категорию «Ел болу», ее понятие 
и условия. Тема раскрыта автором достаточно полно.
Resume
The author of the article exposes the category of “El Bolu”, its concept 
and terms. The theme is well exposed by the author.

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

ӘОЖ 297:1
М.Ж. кӨПеЙҰЛыНың ДІНИ
ЖӘНе фИЛоСофИЯЛыҚ оЙ-ТоЛғАУЛАРы
Н.е. күнімжанов
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Еліміз егемендік алғаннан кейін ғана ұмыт бола жаздаған дініміздің 
негіздерімен тарихын білуге жол ашылды. Әріне, осы дін саласы бойынша 
туып жатқан еңбектер тәуелсіздікке жол тартқан кезеннің жемісі.
Фәлсафа ілімін зерттеудің ілімімен тікелей байланыстығы негізінен адам 
баласы мәселесінен басталады: оның жаратылу рухани құндылықтары, сенім 
- нанымы. 
Адам дүниеге келгеннен дін бірге пайда болған. Ол өшпес шындық. 
Ойымның жалғасы ретінде М.Ж. Бұлұтай «Ата-баба діні? Түркілер неге 
мұсылман болды?» кітабынан қызықты пікірлер келтірмекпін: «Дін дегеніміз 
тұңғыш инсан Адам Атамыздан бері қарай мәужүт нәрсе. Атақты философ 
Генри  Бергсон:  «Өткен  тарихта  және  заманымызда  ғылымды,  пәнді  яки 
фәлсафаны білмейтұғын инсан қоғамдарын кездестіруге болады. Бірақ, дінсіз 
ешбір қоғам болмайды» деген. Батыстық философ Уильямс Жеймс «Біздің 
ойымызша адам баласы ең соңғы күнге дейін құлшылығын жалғастырмақ» 
деген. Эрнест Ренан: «Сүйген нәрселеріміздің, дүниедегі өміріміздің және 
нығметтердің бәрінің жоқ болып кетуі мүмкін». Діндарлығымыздың жоғалуы 
мүмкін емес дейді. [1:88].
Дін адамның өзінің жаратылысындағы құпияларын анықтайтын, ғарыш 
құбылыс қозғалыстардың астарын түсіну үшін, сұрақтарға жауап іздейтін 
тылсым  сезімнен  туындайды.  Демек,  бүгінгі  таңда  дін  мәселесі  ерекше 
жандануда.  Сондықтан  мақалада  қозғайтын  тақырыбым  XIX  ғасырдың 
айғы - XX ғасырдың басында өмір сүрген. «Атадан балаға» мол рухани мұра 
қалдырған діндар Мәшһүр Жүсіп Көпеев туралы.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев – негізінен діни ағартушы – басты бағыты діни 
таным төңірегінен өрбіп жатыр. Осы жерде сұрақ туындайды.
Мәшһур  Жүсіп  шығармашылығында  «дін»  мәселелер  қандай 
мақсатпен айтылған еді? Осы сауалға жауап беру үшін, біріншіден, туған 
жері, тәлім-тәрбие алған ортасы, ұзтаздар туралы мәліметтерге сүйенуіміз 
керек. Екіншіден, оның танымдық, тәрбиелік негізіне  арқауы не болғаны, 
немесе рухани ізденісінің түбі қайдан нәр алады деген сұрақтар бірінен соң 
туындайды. Мәшһүр Жүсіп еңбегіндегі діни таным оның әрбір айтар ойына, 
қозғаған мәселесіне, толғамына тірек қызметін атқаратына дәлелмен айтатын 
болсақ, өлеңдерінен үзінді келтірейік:

Вестник ПГУ №1, 2010

Адасып қалдық едік бұрынғы ізден.
Мақсутқа шын түбінде жеткізуші, 
Рахымын аяғын жоқ құдай бізден [2,56].
Бұл сөзде ойламаңыз бар деп жалған,
Аузыма сөздің шынын аллам салған. [2,73]
Бісімілла- сөздің басы, хақтың аты, 
Молланың ақ қағазда қалар хаты [2,83]
Қараумен көзім талды түтініне, 
Жаратқан түгел құдай бүтініне [3,4]
Ұлығы патшалардың – патша Құдай,
Дүниені бір дария ғып қойған солай!
Бұ жалғанның жүзіне келіп, кеткен-
Өтпекші бұл дариядан шулай-шулай! [3,11]
Бұл қайыр бір шыққан соң қолдан кетіп,
Құдайдың хазинесіне барар жетіп.
Бір қылған құдай үшін жақсылықтың,
Сауабын бітіре алмас ешкім бітіп. [3,151]
Мәшһүр Жүсіптің діни ойшыл, фәлсафашы болуына әсер еткен құнды 
негіздерінің келтірейік. Мәшһүр Жүсіп жасынан аул молдасынан діни дәріс 
алып, хат таныған. 1870 жылы Хамеретдин хазіреттің орта медресесін бітіріп, 
мұсылманша  орта  білім  алып  шығады.  1872-1874  жылдары  Бұхарадағы 
«Көкілташ» медресесінде ортағасырлық араб, парсы, шағатай тілдерін еркін 
меңгереді. Шығыстың ойшылдарының еңбектерімен танысады. 
Мәшһүр  1887,  1885,  1907  жылдары  үш  мәрте  Түркістан,  Ташкент, 
Бухара,  Самарқанд  қалаларына  сапар  шегіп,  шығыстың  мұсылмандық 
білімін молайтады.
Мәшһүр  дүниетанымының  қайнар  бастаулары  мен  рухани  нәрлері: 
ұлттық рухани дәстүрлер. Ұлы Дала, шығыс мәдениеттері мен мұсылмандық 
философиясы,  орыс  және  Батыс  Еуропа  мәдениеті.  Рухани  әлемін 
қалыптастыруда әсер еткен шығыс ғұламалары: Фирдоуси, Саади, Хафиз, 
Низами, Руми, Аттара, Омар Хаям, Жами, Науаи, Йассауи т.б. Ұлы дала 
жерінің даналары да ерекше ықпалын тигізген еді: Асан Қайғы, Сыпыра 
Жырау, Қазтуған, Досмамбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Тәтіқара т.б. 
Мақалада Мәшһүр Жүсіптің діни – ойшыл болуын, соған қалай келгенін, 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

өсіп-дамуын зерттеу мақсат емес. Келтірілген ақпарат тек кіріспе ретінде, 
яғни рухани өсуіне, діни жолға бет алғаны жөнінде түсініктеме.
Мәшһүр Жүсіптің еңбектерінде ислам дінінің шығуы, құдайға сену, 
тануы, ислам тарихына қатысты пайғамбарлар мен тарихи тұлғалар жайлы 
деректер берілген.
Мәшһүрдің дүниетанымы мен философиясының негізгі қайнары ислам 
философиясы және шығармашылығының қайнар нәрі Құран-кәрім, хадис, 
шариат. Оның діни философиясында Алла, нәпсі, инсани-камил, ақиқат, фана, о 
дүние, жұмақ, тозақ, күнә, пенде, періште, ғашықтық, махаббат, әулие, шариат, 
сопылық т.б. ұғымдар негізгі өзекті құрайды. Мәшһүрдің діни- философиялық 
көзқарастарының түпкі тамыры – Алла тағала, оның расулы Мұхамед (с.ғ.с.)
Мәшһүрдің дүниенің жаратылуы,ғарыш, ислам және жер денелері, 
адам  қалай  жаратылғаны  туралы  ойларын  «Жер  мен  Көк»  (1894) 
қисасында былай баяндаған:
Екі күн-жер, екі күн көк жаратты,
Төрт күнде бір-біріне жұп жаратты.
Бір сағатта қылуға құдіреті бар,
«Пендеме ғибрат болсын!» - деп жаратты [4,113]
Ал, жаратты аспанға ай менен күн,
Әуел баста екеуін қылыпты тең.
Айдан алып Жебірейіл, күнге беріп,
Күнге күндіз жаратты, ал Айға-түн.. [4,117]
Әуел басты болмағы нұрдан екен,
Нұр билеп соның бәрін тұрған екен.
-Кімнен сені жасайын? – дегенінде,
Нұр ықтияр топырақты қылған екен.
Топырақтан жаратам Адам! – дейді,
-Жебірейіл, бұйырамын саған! – дейді.
-Бар-дағы Мағриб, Машрих ортасынан,
Бір уыс топырақ алып кел маған! – дейді. [4,119]
Фәлсафашы  Мәшһүр  Жүсіп  дүниені  жаратушы,  Алла  тағаланың 
жаратылысты жұптық негізінде көрсетеді. Ұлы Абай айтқандай: «Махаббатпен 
жаратқан адамзатты» Мәшһүр де дастанында ерекше  сүйіспеншілігімен 
жазған еді. Қарапайым тілімен ақын ішкі дүниесін жеткізе білген.
Мәшһүр  Жүсіп  Аллаға,  пайғамбарымыз  Мұхамедтің  Алла  расулы 
екендігіне,  кәміл  сенген  діндар,  ғұлама.  Діни  еңбектерінде  ислам 

Вестник ПГУ №1, 2010

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет