Гуманитарная  ÏÌÓ ÕÀÁÀÐØÛÑÛ ÂÅÑÒÍÈÊ ÏÃÓ гуманитарная серия



Pdf көрінісі
бет6/13
Дата03.03.2017
өлшемі1,45 Mb.
#6792
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

0
қағидаларына, борыш – парыздарына жан-жақты түсінік береді. Ол діни 
құндылықтарды насихаттау мақсатымен қоғамның адамшылық тұрғыдан 
тазаруын, иман мен рухани нұрларына қалай ие болуын уағыздайды.
Мәшһүр  Жүсіп  Көпейұлы  «Құдайым  жексенбі  күн  жер  жаратты» 
еңбегінде ойландыратын терең ой-толғамдар, фәлсафалық ой-түйін, рухани 
құндылықтар  туралы  деректер  берілген.  Кез  келген  діни  тұрғысынан 
ойшылдың еңбегің оқысақ, ислам әлемі туралы білімі бір тұңшық, өте терең 
де және жан-жақты. Оған күмәніміз жоқ. Тіпті әлемдік дін мәселелерінде 
тоқтасақ  та,  олардан  хабары  жетік.  Оған  куә  болатын  діни-ғылыми 
шығармалары.  Жоғарыда  аталған  еңбегінен  үзінділерді  дәлел  айтылған 
ойларға дәлел болсын деген ниетіммен келтірмектін:
Құдайым жексенбі күн Жер жаратты.
Жер-суды әуел бастан бір жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің  түр жаратты.
Аспан – биік, жер-төмен, тау, тас-қатты,
Ат аяқты болғанда, құс қанатты.
Заһардан бал, тікеннен гүл шығарып
Жұма күні жаратты адамазатты.
Құдыретпен он сегіз мың ғалам болды,
Бәрі-қабық, маңызы адам болды.
Құдайдың құдайлықпен қылған ісі,
Жаралып алты күнде тәмам болды [5,7].
Адам баласы ақылымен, сезімімен бір жаратушы күштің (Алланың) бар 
екенін білсе де, оның бұйырған нәрселері мен тыйым салған нәрселерінің 
кейбір жағдайларын (түсініктемелерін) не екенін біле алмайды. Оны Алла тағала 
тек пайғамбарлары арқылы, солардың дәнекерлігімен ғана білдірген. Адам 
баласына бұл дүниеде, ахиретте бақытқа ие болудың жолдарын баян еткен.
Діндар  Мәшһүр  Жүсіп  пікірінше:  «Алла  тағала  бізге  көптеген 
нығыметтер (тіліктер) берген. Олар: осы дүниеде бар болып, тірі жүруіміз 
он  екі  мүшеміздің  сау  болуы:  жеген  тамағымыз,  алған  деміміз,  жасаған 
өміріміздің әр қайсысы Алланың бізге берген игілігі, жақсылығы, несібесі». 
Аллаға  жан  –тәнімізбен,  малымызбен  құлшылық  етіп,  бүкіл  әмірлерін 
орындап тыйым салған нәрселерінен тиылуымызды «ғибарат» деп  атайды. 
Ғибарат  Аллаға  ғана  істеледі.  Ғибарат  иманды  қорғайды  әрі  нығайта 
түседі. Құран кәримде «Әллазина аману уағамилұссалихати» (6:6) деген 
сөз  алпысқа  жуық  қайталанады.  Мағынасы:  иман  келтіріп  түзу  –  ғамал 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

істеген делінген түрде иман мен ғибарат тіркеліп отырады. Сондықтан әрбір 
мұсылманның осыларды айырып, нақ білуі фарыз. Осыны білуді «ғылым 
хал» деп атайды.
«Ақыреттің егіні» шығармасында жоғары айтылған ойларға Мәшһүр 
Жүсіптің ой-өрнектеріне дәлел ретінде беріледі:
Ойласаң, ақыреттің бәрі қиын,
Тірлікте ғибарат қып, хаққа шын!
Бұл күнде жамандықтан тыйлыңыз,
Алланың көрем десең жұмақ үйсін.
Шайтанмен тіршілікте боламыз дос,
Қылыңыз ғибаратты құдайға қош.
Қиындық толып жатыр алдыңызда,
Бұл күнде жүргеніңнің бәрі де бос [7,19].
Бұл сөзім бір насихат қарындасқа,
Түп-түгел үлкен-кіші, кәрі-жасқа.
Жеткеше басың жерге ғибадат қыл,
Сұрақ жоқ айтатұғын мұнан басқа [7,27].
Ал  Мәшһүр  Жүсіптің  діни  фәлсафасына  келсек  дінге  насихаттау, 
халықты Аллаға құлшылық етуге, дін жолына түсіп оны үгіттеу, жалпы 
ұлттық болмыс- бітімді сақтаудың бір барысы болғаны шындық. «Қазақ 
жұртының осы күнгі әңгімесі» атты өлеңінде былай дейді :
Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосындар ерлігіне.
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін мұсылман бірлігіне [2:63].
Ақын өлең жолдарында бірлік идеясын ортаға салады. Бұл маңызды 
тақырып.  ойткені  бірлік  тұтқасы-дін.  Ұлттық  бірлігі  болса  тіршілік 
бар  екендігі  сөзсіз.  Алғашқысында  ұлттық  бірлігі  жөнінде  ой  қозғалса, 
кейінгісінде  мұсылмандық  бірлігі.  «Бірлігі  мұсылманның  –  ынтымағы» 
[2,64], - деген ұран сөздерімен іспеттес ой тастап, жай үндеу емес, тікелей 
іс-қимылға шақырады.
Ынтымақ, ауыз бірлік қылу үшін,
Бас қосқан мұсылманның білімдісі [2,64]
Тауып ал, тұман түспей тұстасыңды,

Вестник ПГУ №1, 2010

Жолдас бол, сынап алып  қостасыңды.
Баласы дін – мұсылман ұрандасып,
Қосыл кісі санына, қос басыңды [2:60].
«Дін» ұғымын Мәшһүр Жүсіп халықтың рухани болмысымен, білік 
– танымымен сабақтас алып қарайды. Халықтың белгісі – сол елдің рухани 
– танымдық санасының ең жоғарғы мәдени тіректеріне саналатын тіл, дін, 
ділден алыстауы. Ал ер- жұрттың сол уақытта айрықша рухани күйзеліс 
кезеңін бастап кешіргені еш талассыз шындық.
Патшалық Ресей үкіметімен жергілікті әкімшіліктің зұлымды саясатын 
өз көзімен көріп, терең сезініп, Мәшһүр Жүсіп өз еңбегінде әлгіндей өзекті 
мәселелерді көтеру заңды құбылыс. Және ақынның оны ешбір ауыспалы 
мағынасыз, айтар ойын ашық мәнінде жеткізе білген. Өлеңдерінде былай 
жырлайды:
Көз жасы жылаулының қабыл болып,
Мұсылман баласына тиді тізгін.
Ойға алсаң жақсылықты кеңеске кір,
Жүре бер, жақсылықтан күдер үзген [2,56].
Даярлап күнде алдыңнан қақпан-торын,
Шыңырау ғып сексен құлаш қазған орын.
Құранды қор, моланы бардай қылып, 
Тырысты сөндіруге ислам нұрын [2,61].
Жұмысы партияның қуаттанды, 
Қалың жұрттың жаман ырым жорасынан.
Ақша үшін аузы ашылған жүзқараңыз,
Сөзі жоқ айтар түзу турасынан.
Қор болған біздің қазақ қолы жетпей,
Баруға басқа ұлыққа құны жетпей.
Жібермей тұншықтырып басушы бар,
Жүрген жоқ болмаса ат пен тоны жетпей [2,57].
Бүкіл өлең бойынан біз ойшыл Копеевтің елі үшін елжіреген жүрек 
үлпілін сезінеміз. Халқымен бірге күңіренген, елін бостандық күнге жеткізуді 
аңсаған. Бұны Мәшһүрдің азаматтығы деп білеміз.
Мәшһүр ақынның көптеген өлеңдері терең фәлсәпалық толғынысқа толы. 
Аузымнан қайтармаймын келген сөзді, 
Сөйлесін, деп қойыпты тәңірім бізді [1,134].

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

Дүниемен болып жүрмін мен екі ұдай,
Әурелік балалығым бұрынғыдай.
Қараумен өз бойыма күнімді өткіз, 
Басқаға көз салдырма патша-құдай. 
Бұл ақынның діни- философиясындағы, жұмбақ тіршілікті жаратушыға 
бірінде жалбарыну, бірінде өзіне деген сенімділік басым болғанымен адамның 
танымдық мүмкіндіктерінің шектеулілігін мойындау, алла еркіне мойынсұну 
тұжырымы тамыр тартып жатыр.
Ақын Ұлы Жаратушыға сиынып келесі үзіндіде шын ықыласыменен 
ризашылығын білдіреді:
Ей Алла, айналайын бергеніңе, 
Ғибратпен, шын ықыласпен көргеніңе!
Ақын өлеңдеріндегі басты мақсат 
«Қуаттап алып жүрсе әркім дінін,
 Өткізсе ғаділдікпен ай мен күнін» 
-деген арман тілекті көздейді. 
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, аңыз дастаны «Ібіліс шайтан хиқаясы» 
діни-ойшылдың сопылық ілімін терең біліп сезінетінін аңғартады. Осы арада: 
Сопылық ілімі (жолы) дегеніміз не? – деген сауал тумақ.
  Сауалға жауап берер алдында бір ойды ортаға салмақпын: Мәшһүр 
Жүсіп Көпейұлы діни – мистик, әрі әулиелікке тірі кезінде ие болғандарының 
бірі. Және де өмірбаянына көз жүгіртсек, таңқалдыратын, сұрақ тудыратын 
кезеңдер де аз емес еді. Жоғарыда айтылған ойымды нақтылайтын мысалдар 
келтірейін.
Өзінің қай жылы қайтыс болатынын туралы болжам беруі. Емшілік 
ерекше  қасиеті.  Елімізде  болар  оқиғаларды  аян  ретінде  жеткізуі.  Өзі 
айтқанындай: денесі 21 жыл бұзылмай жатқаны ойландырады. Ал сопылыққа 
көшсек, ислам ілімінің негізгі шариғаттың ішкі жағы, жетілген мұсылман 
болудың жолы.
Сопылықтың бастау алар-бұлағы-құран мен хадис. Сопылықтың жалпы 
фәлсафалық мағынасының түп  тамыры – Алламен рухани, имани тұрғыдан 
«қосылу», жақындасу, дидарласу. Сопылық жолында «ихсан» деген ұғым 
кездеседі. Намық Кемал Зейбек өзінің «Йасауи жолы» еңбегіңде «ихсан» 
ұғымына мынадай түсінік береді: « . . . Ихсан Алланы көріп тұрғындай 
құлшылық ету деген сөз. Сен оны көре алмасаң да, ол сені көріп тұр. Міне, 
сопылық мақсаты осы. . . Басқаша айтқанда, ихсан сопылықты білдіреді. 
Яғни, Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету» [8:23].
Солай болса, сопылықтың мақсаты – ихсан, яғни адамды толық адам 
– «инсани камил» (толық адам-Алланың затының, сипаттары мен есімдерінің 

Вестник ПГУ №1, 2010

айнасы)дәрежесіне жеткізу, нәпсінің қамалынан босату, тазалау.
Мәшһүр Жүсіп, «Ібіліс шайтан қиқайсы» дастанында Ібілістің (әзәзілдің) 
дүниеге  келуі,  періштелер  ханы  болып  сайлануы,  адам  баласына  басын 
имегендіктен шайтан атанып, адамды дұрыс жолдан азғыратын, нәпсісін 
өзіне қаратушы шайтан жолына түскен. Ібілістің өмірі туралы баяндалады. 
Дастанда шайтан іс-әрекетімен адамды жаман жолға итермілейді.
Жараттың жақсы-жаман екі айыр жол,
Адамның бір  жағы-оң, бір жағы –сол!
Адаспай жақсы жолдан жүрер түзу,
Кімде-кім болып жүрсе өзіңе құл! [7:11].
Қылып ең мені басшы жаман жолға,
Дүниеде себеп бол деп азған құлға,
Бермесең бұл ісіңе өзің жәрдем,
Оны мен түсіремін қалай торға? [7:12].
Джавад Нұрбахш «Великий демон Иблис» атты шығармасында «Иблис 
как низшая душа (нафс)» мақаласында Ібіліс туралы сипаттама берілген: 
«Некоторые суфийские мастера полагали, что Иблис – это низшая душа и 
ее склонности. Они усматривали сущность Иблиса в том, что он обретается 
в человеке и не имеет отдельного бытия.
Ежедневно  страсти  облекаются  в  триста  шестьдесят  различных 
Божественных одеяний, приглашая  странника сойти с пути; однако пока 
страсть ко греху не проявится в человеке, Сатана не может проникнуть  в 
сердце его и внутреннее бытие.
Когда предрасположенность к страстям возрастает, Сатана использует 
это и лелеет ее, проецируя на сердце. Это и есть «покушение».
Таким  образом,  оно  начинается  со  страсти,  и  это  одно  из  наиболее 
подлых нападении. Поэтому на слова Иблиса, Клянусь Твоим величием, я 
соблазню их всех[цит.из.кор.38:82]. Господь ответил: «Поистине, рабы Мои, 
- нет для тебя над ними власти, кроме тех из заблудившихся, кто последовал 
за тобой» [цит.из.кор.15:42], [9:229].
Джавад Нұрбахштың айтуынша, үш Ібіліс- жанның төмен деңгейі, (нәпсі 
құмарлығы). Нәпсіқұмарлық күн сайын үш жүз алпыс, қабат киім киініп 
Адам өзіне билетіп, жаман жолға салады.
Нәпсі адамның ішіндегі шайтаны, яғни, оны жолдан аздыратын төменгі (қара) күш.
Бұзайын дал-дал қылып, қылып талқан,
Ерікті қыл қолымды , ашып дарқан.
Адамды тұзағыма түсіруге
Маған бер бұзылмайтын (үзілмейтін) бір мықты арқан. [7:12].

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

Болады кімге залал, кімге пайда,
Әр істің ықтияры бір құдайда.
Адамды тура жолдан аздыруға
Құдайдан сұрап еді күшті айла (хайла)!  [7,13].
Ібіліс (шайтан) Алла тағаладан адамды торға түсірер, құшағына орап 
алар бір амал, айла сұрайды. Адам баласы нәпсі құмарына салынған, өз 
құштарлықтарының мөлшерін білмеген, нәпсісін тыя алмаған, өз еркі мен 
сезіміне ие бола алмаған, Алла жолынан безіп, шайтан жолына бір-ақ түскен. 
Құдай жолына, немесе нәпсі, шайтан жолына түсуін Адам баласы өзі таңдайды. 
Жақсылық пен жамандық, мейрімділік пен қатыгездік, қайырымдылық пен 
зұлымдық  тәрізді  қарама-қарсылықтардың  бірін  таңдауына  байланысты 
адамның дүниедегі өміріннің рухани тазалығы мен байлығын анықтамақ.
Нәпсіні  тәрбиелеу  мәселесі  діндар  Мәшһүр  Жүсіптің  негізгі 
шығармашылығындағы тақырыптарының бірі.
Дегенмен Мәшһүр Жүсіп дін фәлсафасындағы ең маңызды мақсаты 
толық  Адам  дәрежесіне  жету  (көтерілу),  нәпсінің  шаңдарынан  арылту, 
болмыстың сырына жету, Аллаға қауышу.
Бір іске өкінбейсін деп ойласаң,
Нәпсіннің достық айтқан алма тілін.
Жаяу қыл, нәпсінді атқа мінгізбей бақ,
Міне қалса жортқызып, желгізбей бақ.
Өзін-өзі  бағуға көп әл керек,
Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ [2,93].
-деп нәпсіні тыюға, құмарлық ноқтасында кетпеуге шақырады. Нәпсіні 
тыю үшін ерік, ақыл, ар, таза жүрек, сенім, ерлік керек.
Ислам  дініндегі  мистикалық,  тақуалық  және  этикалық  ұғымдар 
адамзатқа ортақ адамгершілік (кісілік) ұғымдармен біте қабаттаса көрінеді.
Мәшһүр  Жүсіп  діни  фәлсафасында:  Сарандық,  екіжүзділік,  өзімшілдік, 
мақтаншақтық, еріншектік, дүние қоңыздық, жалпы айтқанда нәпсіқұмарлық 
деген түсініктер таразының бір жағына қойылса, екінші жағында ішкі рухани 
тазалық, төзімділік, тәубашылдық, адалдық, білімділік, кісілік, әдептілік, 
сыпайылық, кішіпейілділік.
Мәшһүрдің түсінігі бойынша Жаратушының адамзаттық алдына қойған 
талабы,арнайы емтиханы, яғни таразының қай жағына Адам көңіл бөледі  
екен. Осы мәселе біздің заманымызда да өте күрделі. Барлық өміріміздің 
мақсаты, жетер шыңы, құпиясы осы емес пе ?! Егер осы мәселені ортаға 
салып, сіздерге осындай сұрақ қойылса, қандай жауаптар болар еді? Бұл  

Вестник ПГУ №1, 2010

мәңгілік сұрақтардың бірі: оны Х1Х ғ аяғы-ХХғ басында тек қана фәлсафа 
ақыны  Мәшһүр  Жүсіп  қойған  еді  дегенінен  аулақпыз.  Адамзаттың  ұлы 
ойшылдарын осындай сұрақтар өмір-бақи әрқайсысында, мазалаған еді. 
Айтылған пікірлеріне жасаған түйінім: әлем соғыстарымен салыстыруға 
келмейтін соғыстардың ең үлкені, керек болса, ұлысы –ол адамның ішкі 
дүниесіндегі (өз-өзімен) соғысы.
Мәшһүр Жүсіптің пайымдауынша, адамның осы өмірдегі шеткі мұраты- 
толық Адам (имани ками) болуға міндеттілігі. Бүкіл Жан дүниесімен, таза 
жүрегімен, ізгілікті іс-әрекетімен, тән мен Жан тазалығын ұштастыра отырып, 
Аллаға мың ықыласпен сеніп, құлшылық еткен адам- жолына түскендердің 
бірі деп саналады. Мәшһүр Жүсіптің ой- толғамдарында:
Түгел Адам болуға талап қылсақ,
Шала-жарты жандардан сырың жасыр [2:94].
Менің ойымша, Мәшһүр Жүсіптің «толық адам» - Аллаға шынайы сенім 
келтіріп, Алланың нұрына ие болған, оған шынайы беріліп құлшылық еткен, 
нәпсісін тыйған, құдайлық (махаббатқа) ғашықтыққа ұласқан, Құдай мен 
халыққа алдында борышын орындаған, жақсылықты мұрат тұтқан, өз-өзін 
тани білген жан.
 Жалпы алғанда Мәшһүр дүниетанымы мен шығармашылығында діни 
фәлсафалық көзқарастары белгілі деңгейде көрініс тапты. Ойшыл Мәшһүр 
Жүсіптің рухани мұрасындағы исламдық негізі бар еңбектерінің көптігі және 
ислам ішіндегі мистикалық - фәлсафалық сопылық ағымының ерекше орын 
алуы-белгілерінің бірі. Бұны дұрыс түсінуіміз керек. Мәшһүр әлемін зерттеу, 
тану, іздену-болашақ парызымыз.
Фәлсафашы  Мәшһүр  Жүсіп  шығармалары  тұнып  тұрған  діни  – 
фәлсафалық, тәлім-тәрбиелік, атадан балаға жеткен рухани мұра. Мақаламды 
өз заманының ғұламасы әулие Мәшһүр Жүсіп сөзімен аяқтағым келеді:
Ғалымға қылсаң керек жанды құрбан,
Бұл дүние соларменен түзу тұрған.
Жаратқан құдай артық ғұламаны,
Теп-теніс іші-тыныс қылып нұрдан.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. М.Ж.Бұлұтай. Ата-баба діні? Түркілер неге мұсылман болды?-Алматы, 
Білім, 2000.-504б.
2. М.Ж. Копеев Таңдамалы. Екі томдық. 1-т.- Алматы: Ғылым, 1990.-
273б.

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

3. М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары 1-т.-Павлодар қ.: «ЭКО» ҒӨФ, 2003.-
436б.
4. М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары 2-т.-Павлодар қ.: «ЭКО» ҒӨФ, 2003.-
384б.
5. Сарыарқа самалы 8 тамыз, сейсенбі, 2000 жыл №93 (13190)
6.  А.Ғ.Халифа.Ғибадатул-ислам.-  Алматы:  «Берен»  МШК.,  1994.-
128б.
7. М.Ж.Көпейұлы. Шығармалары. 3-т. Павлодар қ.: «ЭКО» ҒӨФ, 2003.-
382б.
8. Зейбек Намық Кемал. Йасаул жолы. («Түрік болу» кітабынан алынған 
мақалалар жинағы) А.Йасауи атындағы ХҚТУ Өкіметті Кеңес Басқармасы. 
«Отау» ғылыми зерттеу және аударма орталығы.- Анкара қаласы, 1998.-
113б.
9. Н.Джанвад. Духовная нищета в суфизме. Великий демон Иблис.-М.: 
Оптимус Лайт, 2000.-266с.
Резюме
В статье рассматривается религиозно-философские взгляды 
Машхура-Жусупа Копеева. Раскрывается содержание религиозных 
понятий «шариат», «ғибадат», «толық адам», «нәпсі».
Resume
The article deals with religious and philosophical opinions of Mash-
khur Zhusip Kopeyev. The content of religious notions “shariat”, “giba-
dat”, “tolyk adam”, “napsi” is revealed in this article. 
ӘОЖ 323.011.5(574)
ТӘУеЛСІзДІк АЛғАННАН БеРІ ҚАзАҚСТАНДА 
ҚоғАМДы ДеМокРАТИЯЛАНДыРУ  
ПРоцеСІНІң ДАМУы
С.Қ. Молдабаева
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақстан қандай мемлекет құрады, оның даму мүмкіндіктері қандай, 
іргелі ел болу үшін қандай міндеттерді шешу қажет, дағдарыстық ахуалдан 
шығу үшін, бірінші кезекте қандай шараларды іске асыруымыз керек деген 
сұрақтар  барша  қазақстандықтарды  толғандыратыны  шындық.  Ғылыми 

Вестник ПГУ №1, 2010

жұртшылық пен саяси элита да осы көкейкесті мәселелер төңірегінде үнемі 
ұсыныстар  айтуда.  «Тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні»  -  Қазақстан 
постсоветтік  кеңістікте  бейбіт  эволюциялық  жолмен  даму  керек  деген 
түйін  бар.  Эволюция  табиғи,  қоғамның  объективті  заңдылықтарына 
үйлесімді дамуы қолайлы. Бейберекет әрекеттер мен жасанды реформалар 
эволюциялық  дамуға  жетелемейді.  Керісінше,  эволюция  қоғамдық  даму 
үрдістеріне адекватты реформаларды жөн көреді. Қоғамдық даму тынысын 
ашатын реформалар оның дұрыс ырықта модернизаңиялануына әкеледі. 
Мемлекетгің ұдайы қозғалыстағы эволюцияға қол жеткізуі оның әлемдік, 
планетаралық даму үрдістеріне қосылуы деген сөз.
Аталмыш  мәселелер  Қазақстан  Республикасы  Президенті  
Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан-2030.  Көркейу,  қауіпсіздік  және  барлық 
қазақстандықтардың  тұрмысын  жақсарту»  атты  жолдамасында  жан-
жақты көтерілген. Елбасы бұл еңбегінде Қазақстанның бүгіні мен ертеңін 
қамтитын келешегін сөз қылады. Президент «Қазақстан тәуелсіз мемлекет 
ретінде қалыптасты, кең масштабтағы әлеуметтік, саяси және экономикалық 
реформалар  жүргізілуде,  өркениетті  келешек  жасауға  мүмкіншіліктер 
де  жеткілікті»,  -  деп  көрсетеді.  2030  жылға  дейін  Қазақстан  мемлекеті 
Ортаазиялық  барысқа  айналуға  мүмкіндігі  бар.  Мемлекеттің  мұндай 
образдық келбетін оның әлемнің дамыған мемлекеттері көшіне ілесуі деп 
ұғынамыз.  Қазақстан  Республикасы  алдағы  33  жыл  ішінде  дағдарыстан 
толық құтылып, өз байлығына өзі толық ие болады. Ел тсхнологиялық, 
электрондық,  интелектуалдық  жаңару  революцияларын  іске  асырады. 
Өркениетті парықтық қатынастар жолға қойылып, жаңа тұрпатты экономика, 
саяси-рухани  құрылым  мен  әлеуметтік  жүйе  жасалынады.  Президент 
өркениетті мемлекет жасауға бөгет болып отырған факторларға да жан-жақты 
талдау жасап, кемшіліктер мен қайшылықтар табиғатын аша отыра, қоғам 
ауруларының нақты себептерін бүркелемей көрсетеді. Дағдарыстың басты 
көзі - елдің социалистік экономикалық жүйеден нарықтық жүйеге өтуінде. 
Өтпелі кезеңнің табиғаты сан-алуан қайшылықтары мен қиыншылықтарын 
Қазақстан әзірше жеңе алмай отырғанын Елбасы жасырмайды.
Президенттің қазақстандықтарға жолдамасындағы пікірлеріне ортақтаса 
отыра біз елдің постсоветтік эволюциясындағы қазіргі шешілмеген мәселелер, 
қиыншылықтар және олардан өту жолдарына қатысты ойлармен бөліскен жөн.
Қазақстан Кеңес Одағының ыдырауы жағдайында саяси тәуелсіздікті 
аса  қиындықсыз  алды.  Зор  империяның  соңғы  кезіңдегі  ахуал  біздің 
ел  үшін  өте  қолайлы  болды.  Соның  нәтижесінде  егемендікке  ұмтылыс 
істері қауіпті қақтығыссыз, тыныш өтті. Шаруашылықты, мәдени-рухани 
өмірді күйретерліктей ауыр салдары бар төтенше жағдайлар мен оқиғалар 
болған жоқ. Тек, Одақ күйреуімен қабаттаса өрістеген өзара экономикалық 
байланыстардың үзілу үрдісі ғана бұрынғы республикалардың барлығына 

серия 
ГУМАНИТАРНАЯ

бірдей ауыртпалық артты. Шаруашылық өмірдің құлдырауының объективті 
себебіне айналды. Елдің геосаяси, демографиялық жағдайының күрделілігіне 
қарамастан ішкі қарым-қатынастарда да коллизиялық, күйретуші деңгейдегі 
қайшылықтар  бола  қойған  жоқ.  Постсоветтік  өмірді  Қазақстан  біршама 
саяси тұрақтылық жағдайында бастады. Ішкі саяси өмір тыныштығы елдің 
тәуелсіз  даму  эволюңиясына  қолайлы  фактор  болды.  Полиэтникалық 
Қазақстан  тұрғындарының  басым  көпшілігінің  саяси  татулықты  қалауы 
тәуелсіздікті алу үшін қызмет еткен басшы элитаның талап-мақсаттарына 
сай келіп, билік үшін жүргізілетін тартыс пен даудамайға жол берген жоқ. 
Халық пен билік иелерінің түпкілікті мүдделеріне тәуелсіз мемлекет болу 
жауап береді. Әрине, ешқандай қоғам еш уақытта азды-көпті тартыстан 
бос болмайды. Қазақстанда да егеменді мемлекетті жасау барысында түрлі 
жанжалдар  болмай  қалған  жоқ.  Алай  да  осылар  елді  бүлдіретін,  қоғам 
іргесін  шайқалтатын  қатал  қақтығыстырға  ұласқан  жоқ.  Бұлай  болғаны 
қазақстандықтардың  бақыты.  Бұрынғы  Кеңес  Одағының  әр  жерінде 
болып жатқан этносаралық қақтығыстардың, билік үшін таластың қанды 
соғыстарға ұласып жатқанын байқаған Қазақстан тұрғындары республикада 
мұндай  шиеленіс  болмауын  ерекше  қалады.  Олар  билік  үшін  таласқан, 
сепаратизімді мақсат тұтқан, ұлтшылдық пен шовинизімді уағыздаған қандай 
да болмасын саяси қозғалысқа қолдау көрсеткен жоқ. Қазақстандағы саяси 
партиялар мен әлеуметтік-қоғамдық қозғалыстардың ел өміріне елеулі әсер 
ете алмағандығының басты себебі де осында. Бұл жағдайды ел басшысы  
Н.Ә. Назарбаев пен оның соңынан ерген басқарушы элита өз пайдасына шеше 
біледі. Қазақстан тұрғындарының көкейкесті мақсаты - елдегі татулық пен 
этпосаралық тыныштықты элита да жан-жақты уағыздауда болды. Халық пен 
саяси жүйе арасындағы өзара байланыс оппозициялық күштердің өрістеуіне 
жол бермеді. Тәуелсіздік эволюциясының алғашқы кезеңінде оппозицияның 
әлеуметтік базасы болған жоқ деген пікір артық емес. Тек экономикалық 
дағдарыстың тереңдеуі, еңбекші топтардың, белсенділігін тудыра бастады.
Ал  тәуелсіздіктің  бастапқы  жылдарында  елде  тәп-тәуір  өндірістік-
аграрлық және энергетикалық-шикізаттық потенциал болды. Осыған қоса өтпелі 
кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық ресурстары мен ғылыми күш те ойдағыдай 
еді. Өкініштісі. тәуслсіз дамуды іске асыратын осыншама мүмкіндіктері бола 
тұра Қазақстан дағдарысты жеңіп, позитивті даму жолына түсе алмай қойды. 
Республика 1991-1997 жылдар аралығында мемлекеттік егеменділіктің тарихи 
жақсылық екендігін дәлелдейтін, тәуелсіздіктің көпшілік бұқара үшін мән-
мағынасын ашатын өзекті әлсуметтік-экономикалық мәселелердің бірде-біреуін 
өз мәнінде шеше алған жоқ. Керісінше, Қазақстанның өркениетті елдерден артта 
қалуы тоталитарлық социализм кезіндегіден де күшейе түсті.
Қоғамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін түрлі жүйелердің 
кері кеткені соншама оларды жуық мерзімде қалпына келтіру мүмкін емес. 

Вестник ПГУ №1, 2010

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет