ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
, №4 (118), 2020
ISSN-p 2306-7365
ISSN-e 2664-0686
193
болып, сол арқылы қайта өңделіп, жаңарып отырады.
Ой-пікірдің, ақпараттың айтылуын
қамтамасыз ететін тілдік коммуникация сөйлеу әрекетінің негізін құрайды. Адам сөйлеу
әрекеті арқылы адресаттың сана-сезіміне,
ой-пікіріне, мінез-құлқына әсер етуді, ой салуды
жүзеге асырады. Сөйлеудің ауызша не жазбаша формасы болсын, әлеуметтік коммуникация
процесінде қандай да бір нәтижеге жетудің амалы ретінде қолданылады.
Сөйлеу формасына қарай мәтіннің
ауызша және
жазбаша түрі көрсетіледі.
Жазбаша
мәтін алдын-ала ұйымдастырылған, көру әрекеті арқылы қабылданатын, қабылдаушы
жақтың қатысуынсыз жүзеге асады. Ауызша мәтін тыңдау
әрекеті арқылы қабылдауға
негізделетіндіктен, түсінбегенін қайта сұрау мүмкіндігі, сөйлеушінің сөйлеу үдерісіндегі
қолданылатын ым-ишарат белгілерінің тыңдаушыға әсері, тыңдаушының әңгімеге араласуы
сияқты тілдік белгілерін атап өтуге болады.
ХХ ғасырдың орта шенінде дискурс (ауызша сөйлеу формасы) теориясы кеңестік тіл
білімінде мәтін лингвистикасы аясында қарастырыла бастады. Дискурс – айтушының аялық
білім жүйесі мен интенциясын қамтитын коммуникативті құбылыс ретінде танылады. Жалпы
алғанда дискурс ұғымы мәтін ұғымынан кең келеді, себебі дискурс
сөйлеу әрекетінің өзі
және оның нәтижесі «мәтін» саналатын коммуникативті-когнитивті құбылыс ретінде
танылады. Егер мәтіннің өзара тұтастығы мен бүтіндігі сияқты белгілер мәтінтүзімнің
формалды және семантикалық заңдылықтарымен байланысты болса, онда дискурста бұл
ерекшеліктер ойлау мен сөйлеу әрекетінің когнитивті және прагматикалық
мәнімен сәйкес
келеді.
Негізгі бөлім
Дискурс мәтіннің ауызша формасы болғандықтан, мұнда коммуникативтік ситуация,
тілдік стратегия мен тілді тактикалар, интеракцияға қатысушылар
мен тілдік материалдар
тоғысып жатады. Сонымен қатар сөйдеу әрекеті үстінде бейвербалды тілдік таңбалар, яғни
дауыс ырғағы, интонация, пауза, ым-ишарат сияқты деңгейлерді қамтиды.
Ғ. Қалиевтің «Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі» атты еңбегінде дискурсқа
мынадай анықтама берілген: «Прагматикалық, мәдени-әлеуметтік,
психологиялық,
экстралингвистикалық факторлармен, шындық өмір уақиғасымен байланысты мәтін» [1, 94-
б.]. Мәтінтүзімнің негізгі құралы ретінде тілдік жүйе, тілдік таңбалар жүйесі маңызды рөл
атқаратыны белгілі, дискурс та тілдік жүйемен өзара тығыз байланыста келеді. Мұндай өзара
байланысты төмендегі сызбадан көруге болады:
Достарыңызбен бөлісу: