Дәріс мазмұны:
Мектепішілік баскарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностика - оқу процесінің жагдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинакталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады. Мектеп басқаруда орын алатын негізгі алатын ерекшеліктердің бірі ретінде басқарудың үнемі талданылып отыратынын атауға болады. Диагностикалау негізінде басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі айкындалады. Менеджменттік тұрғыдан қарастыру арқылы басқарудың гумандылығы, демократиялығы, басқарушылардың ұжымды үздіксіз қолдап отыру жағдайына басты назар аударылады. Диагностикалық әдістерге окушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бакылау, интервью алу, әңгіме өткізу, рефлексиялық талдаулар, рефлексиялык практикумдар жатады.
Мектепішілік қалыптасқан жағдайды бақылау немесе тексеру үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика, субъектілердің өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Өзіндік рефлексия және сыртқы диагностика әдістері арқылы оқыту үрдісінің ерекшеліктері, педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі зерттеліп, соның негізінде одан әрі даму бағыттары нақтыланады, мектепті басқарудың тағы қандай мүмкіндіктері бар екені анықталды.
Диагностиканы төмендегі бағыттарды зерттеу үшін жүргізуге болады:
бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерін басқару арқылы кәсіби және тұлғалық қажеттіктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;
басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;
әдістемелік, педагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;
оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау;
Диагностика негізінде басқару әрекеттеріндегі олқылықтарды түзету (коррекциялау), жою жолдарын белгілеу арқылы мектептің мүмкіндіктерін, одан әрі қарай даму кезеңдерін жүйелеу арқылы басқару мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруға болады.
Мектепішілік диагностикалау қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік үрдістерді қамтитын объективтік, субъективтік жағдайлардың біртұтас жүйесін құрайды. Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар:
ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялык әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу;
түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға
көмектесу;
тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға
жағдай жасау;
өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін
анықтауға бағыттау.
Диагностикалық жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалімнің кәсібилігіне, оқушының білім сапасына және педагогикалық-рефлексиялық әрекеттерге ықпал ететін факторларды қарастырады. Диагностика нәтижелерін талдау негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың төмендегідей жолдары белгіленеді:
кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;
педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылыктарды жоюдың жүйесін жасақтау;
ынталандыру мен стимул қызметтері, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, т.б.
шаралар;
бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру.
Мектепішілік диагностика барысында төмендегі менеджменттің
Достарыңызбен бөлісу: |