Мектептегі білім беру процесін басқару технологиясын
құрастырудың негіздері
Мақсаты:
Басқару теориясында қалыптасқан түрлі теориялар тұрғысынан білім беру процесін басқару технологиясын құрастырудың негіздерімен таныстыру.
Міндеттері:
Курс соңында студенттерден төмендегі нәтижелер күтіледі:
1. Басқару мазмұнының функционалдық, жүйелік, ситуациалық,оңтайландыру және зерттеушілік сипаттарын меңгереді.
2. Білім беру үрдісіне ендіріліп жатқан көзқарастар негізінде мектепбасқаруды адам тұлғасына бағьптандырылған, немесе тұлғалықбағдарлы мазмұнын жүзеге асырудың шарттарын біледі, әрқайсысынаталдау жасай алады.
3. Тұлғаның бойында өзін-өзі дамытуға бағытталған субъектіліксапаларды қалыптастырудың құрылымын теориялық - тәжірибелік түрде дәлелдей алады.
Соңғы кездері білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне жаңа технологиялар енгізіліп, оқыту мазмұны тұлғаны дамытуға, оқушының дербес психологиялық ерекшеліктерін, өзіндік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін жетілдіруге бағыт алып отыр. Алайда, жаңа бағыттар көбіне пәндік-әдістемелік деңгейде қолданылып, мектеп басқару негізінен жоспарды орындауға қызмет ететін дәстүрлі сипатта қалып отырғаны белгілі.
Басқару теориясында калыптасқан түрлі ұстанымдар тұрғысынан білім беру процесін басқарудың логикасы құрылады. Басқару мазмұны қазіргі педагогикада функционалдық, жүйелік, ситуациалық, оңтайландыру және зерттеушілік сипаттары қарастырылып жүр. Білім беру үрдісіне ендіріліп жатқан көзқарастар негізінде мектеп басқаруды адам тұлғасына бағыттандырылған, немесе тұлғалык бағдарлы (Р. Х.Шакуров, Т.И.Шамова, Н.В.Немова), мотивациялық (В.С.Лазарев, Л.М.Перменова, И.К.Шалаева) көзқарастар түрғысынан карастырылатынын көруге болады.
Басқарудың тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны.
Ізгіліктік заңдылықтарын негізге алу арқылы тұлғалық бағдарлы басқару үрдісіне қатысушылардың тұлғалық құндылығына бағытталған сенім мен құрметтеудің көрінісі болып табылады. Бұл жағдайда барлық басқару қызметі мен педагогикалық әрекеттер адам үшін қажеттігімен өлшенеді, сонымен қатар басқару жоғарыдан төмен ықпал етумен емес, оның субъектілерінің басқару ісіне белсене араласуымен және өзара қарым-қатынасының сипатымен ерекшеленеді. Басқарудың сипаты субъектіден-субъектіге, монологтан-диалогқа, бақылаудан-өзіндік бакылауға, тұлғалык бағдарлы мазмұнға ие болады. Тұлғалық бағдарлы теория негізінде басқару үрдісінде оқушылар мен мұғалімдер "басқару субъектілері" ретінде қарастырылады. Олардың арасындағы қатынастар ерекше сипатқа ие болып, субъектаралық, диалогтық рефлексиялық мазмұн қалыптасады. Сөйтіп, тұлғалық тұрғыдан басқару оның субъектілеріне сырттан ықпал ету арқылы ғана емес, өз бойындағы әлеуетін дамыту, өзіндік рефлексиялық әрекеттерін жетілдіру барысында жүзеге асырылады.
Тұлғалық бағдарлы басқару мазмұнының негізінен тұлғалық бағдарлы білім беру үрдісімен сәйкестік мәні анықталды:
тұлғалық бағдарлы білім беру - адамның қалыптасуы, оның өз бейнесін табуы, даралық, руханилық, шығармашылық бастамасы. Сондықтан, тұлғалық бағдарлы білім беруді басқару - тұлғаның өз мәдениетінің субъектісі болуына көмектесу, шығармашылық өмірге үйрету;
тұлғалық бағдарлы білім беру сырттан келетін тәрбиелеу емес, адам бойынан адамдықты табу, оны қолдау және дамыту негізінде өзін өзі реттеуге, өзін өзі қорғауға, өзін өзі тәрбиелеуге әкеледі. Сол арқылы өзіндік болмысы, санасы бар тұлғалық бейне қалыптасады, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен диалогтық қарым-қатынасы жүреді, сондықтан тұлғалық бағдарлы білім беруді басқару - педагогтың балаға қатынасын және оқытудағы тұлғалық позициясын қалыптастыру;
тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқару - адамның дене және рухани денсаулығы, адамгершілігі, бостандығы. Ол - тұлғаны түсіну, өзара түсіністік, ынтымақтастық қарым-қатынастың, салауатты өмір мен парасаттылықтың, өзіндік қатынастың негізін қалау;
тұлғалық бағдарлы білім беру адамның қажеттіктерін қанағаттандыруға бағытталады, сондықтан оны басқарудың мазмұны адамның өзін тұлға ретінде дамыту үшін, өз өмірінің субъектісі болу үшін жағдай туғызуға негізделеді.
Тұлға өзін тану үшін ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден-бір тәсілі - өзін өзі рефлексиялық басқаруды жүргізе алады. Осыған сәйкес тұлғалық бағдарлы технология негізінде басқарудың мазмұны құндылықтық, танымдык, әрекеттік-шығармашылық және тұлғалық қызметтерді қамтиды.
1. Құндылықтық қызмет тұлға үшін мәнді бағдар жүйесін тандап алу;
Достарыңызбен бөлісу: |