Хабарландыру Құрметті қала тұрғындары!


ХалыҚТы баспана ТОлғандырады



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,34 Mb.
#6057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ХалыҚТы баспана ТОлғандырады

 

„

республика бойынша «нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауларына 8 ай ішінде 



140 мыңға жуық өтініш түскен. арызын арқалап келген азаматтардың басты мәселесінің 

бірі - баспана. Яғни ипотекалық несие мәселелеріне қатысты 1576 өтініш тіркелген. ал 

оның ішінде 130-ы Жамбыл облысы тұрғындарынан келіп түскен.

Нұржан СеРІКХАНҰЛЫ

Осы  мәселеге  орай,  Астанадан  арнайы 

«нұротандықтардан»  құралған  жұмыс  тобы 

Жамбыл  өңіріне  келді.  Партия  облыстық 

филиалының мәжіліс залында  екінші деңгейлі 

банк  басшылары  тұрғын  үй  және  ипотекалық 

займ  мәселелері  бойынша  көшпелі  қоғамдық 

қабылдау өткізді. Басқосуды партияның Жамбыл 

облыстық филиалы төрағасының бірінші орынба-

сары Масат Берік ашып беріп, жүргізіп отырды. 

Қабылдауға  келген  халықтың  қарасы  қалың. 

Аймақ тұрғындары қарбалас кезекке тұрып, арыз-

дарын айтуға асықты. Ұлттық банктің 2015 жылғы 

сәуірдегі  қаулысымен  «Ипотекалық  тұрғын  үй 

қарыздарын қайта қаржыландыру» бағдарламасы 

шыққан  болатын.  Аталмыш  бағдарлама  қарыз 

алушылардың  берешегін  өтеу  талаптарын 

жеңілдетуге бағытталған. Бағдарламаға сәйкес, 

қарыз алушылардың қарызды 2016 жылдың 31 

желтоқсанына  дейін  қайта  қаржыландыруға 

мүмкіндігі бар. Бұл бағдарламаға іліккен жанның 

бірі - тараздық тұрғын Сағат Аққасинов. Ендігі 

жерде ол банкке бірнеше миллион қарыз қаржыны 

құюдың орнына, пайызсыз негізгі несие сомасын 

ғана төлейтін болды. 

- Менің негізгі қарызым алған кезде 1 миллион 

800  мың  теңге  болса,  қазіргі  таңда    пайызы  6 

миллионға  дейін  өсіп  кеткен  еді.  Ендігі  жер-

де  мен  1  миллион  800  теңгедей  ғана  өзімнің 

нақты қарызымды төлеймін. Кезінде 24 пайыз-

бен  алғанмын.  Енді  қайта  қаржыландырудың 

арқасында тек қана 3 пайызбен негізгі қарызды 

төлеймін, - дейді ол. 

 Қоғамдық қабылдауда жамбылдықтарға банк 

омбудсманының  жұмысы  таныстырылды.  Ол 

ипотека мен несие төлемдері бойынша күрмеуі 

қиын мәселелерді шешпек. Банк омбудсмандары 

елімізде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. 

-  Әрбір  өтінішті  Ұлттық  банктің  өкілімен 

тиянақты  қарап,  объективті  жауап  беріп  отыр-

мыз.  Адвокаттар,  медиаторлар  өзінің  ақысыз 

кеңестерін  беруде.  Жолдарын  көрсетеміз.  Ал 

Жамбыл облысында мұндай мәселемен 128 адам 

осы жылдың  8 айында хабарласып отыр. Банк 

омбудсманымен  бірге  осы  жерде  ол  кісілердің 

мәселесін тиянақты қарап, шешуге тырысамыз, 

-  деді  «Нұр  Отан»  партиясы  республикалық 

қоғамдық  қабылдау  бөлмесінің  меңгерушісі 

Жұмажан Жүкенов. 

Орталықтан келген атқамінерлердің тарапынан 

облыстық  партияның  және  өңірдегі  қоғамдық 

қабылдау  қызметінің  жұмысы,  нәтиже  сапасы 

жоғары бағаланды.

Қарызды қайта қаржыландыруға болады.    



 

„

Жамбыл 



облысының өңірлік 

коммуникациялар 

қызметінде Жамбыл 

облысы бойынша 

мемлекеттік кірістер 

департаментінің оңалту 

және банкроттық 

бөлімінің басшысы 

алтай Жігітеков 

«Оңалту және 

банкроттық туралы» 

заңға енгізілген 

өзгерістер туралы 

айтып берді. 

Жаңа заң – 

банкроттықты 

болдырмауға 

сеп

Шынболат СеЙдУАЛИев

Департамент өкілінің  айтуынша, 

бүгінгі  күнге дейін  заң  шығару  

базасында  банкрот  деп  танылған 

кәсіпорын үшін қайта жандандыру 

көздері табылған немесе қалпына 

келтіру жоспары әзірленген жағдайда 

банкроттықты тоқтатып, оны жандан-

дыру мүмкіндігі қарастырылмаған 

екен. Өткен жылдың маусым айындағы 

Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссия 

тарапынан «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспарының шеңберінде бизнесті 

сақтап қалу тетіктері мақұлданып, оны 

түбегейлі шешуге мүмкіндік беріліпті. 

Осыған орай, аталған комиссияның 

ұсынысы негізінде Мемлекет бас-

шысы  Н.Ә.Назарбаев  былтырғы 

жылдың қараша айында «ҚР кейбір 

заңнамалық актілеріне оңалту және 

банкроттық  мәселелері  бойынша 

өзгерістер мен толықтырулар енгізу 

туралы» ҚР Заңына қол қойған. Бұл 

Заңда рәсімдерді оңтайландыруға және 

мерзімдерді қысқартуға бағытталған 

шаралармен қатар, кәсіпкерлерге өз 

бизнесін сақтау үшін жаңа тетіктер 

қарастырылған. 

Бір айта кетерлігі, банкроттық 

оңалту  шаралары  қаржылық 

қиыншылықтардан  құтылу  жолы 

болып  табылмайды.  Алайда  бан-

крот деп танылған мекеменің бес 

жыл ішінде өзінің қиын жағдайын 

түзетудің және әдеттегі әрекетіне 

оралуға нақты мүмкіндігі пайда бо-

лады.  Қабылданған  Заңға  сәйкес 

банкрот  кәсіпорынды  өзге  тұлға 

мүліктік кешен ретінде атауы және 

сауда белгісімен сатып алып, оның 

жаңа иесі бола алады. Онымен толық 

есептескеннен кейін мекеме банкрот 

деген статусынан айырылады. Сондай-

ақ  кәсіпорында  қарыздар  болған 

жағдайда, ол банкроттыққа  баруға 

міндетті  емес.  Жаңа  Заң  борыш-

керге кредиторлармен қарыздарды 

қайтару жолдары және мерзімі туралы 

келісімге келуге мүмкіндік береді. Ол 

үшін кәсіпорын басшылығына 2 ай 

уақыт беріледі. Бұл ретте тұрақсыздық 

айыбын есептеу тоқтатылады және 

ешкім борышкерді банкрот деп тануға 

жүгіне алмайды.  

- Бүгінгі күні қиын экономикалық 

кезеңде  төлем  қабілетсіздігінің 

қазақстандық  жүйесі  бизнес 

субъектілері үшін дағдарыс салдарын 

жеңудің қосымша мүмкіндіктерін 

ұсынуға  ұмтылуда.  Біздің  мақсат 

–  аталған  жаңа  тетіктердің 

артықшылығы және өзінің бизнесін 

сақтап  қалу  мүмкіндіктерін 

кәсіпкерлерге жеткізу. Сол себептен, 

қазіргі таңда бизнес өкілдері арасында 

түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Өз 

кезегінде осы мүмкіндікті пайдалана 

отырып, берешектері бар және бан-

крот деп танылған бизнес өкілдерін 

аталған Заңға енгізілген өзгерістерді 

қаперде  ұстап,  жұмыстарын 

жандандыруға шақырамын, - дейді 

Алтай Сапарбекұлы. 

 

„

Елімізде мемлекеттік  тілдерді дамыту мен 



қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған «ҚазТЕсТ»  

мемлекеттік бағдарламасы қабылданған болатын. 

аталған жоба аясында  қазақ тілін меңгерген  

мемлекеттік қызметшілердің үлесін 2017 жылға қарай 

80%-ға, 2020 жылға қарай 100%-ға жеткізу көзделіп 

отыр.

белсенділік басым

Индира БАЙҚОНЫС

Біздің облыста ҚАЗТЕСТ  2013 жылдан 

бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ал 

биыл М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да 

ұйымдастырылған  кезекті сынаққа облыс 

және қала азаматтарын қоса есептегенде 

3200 адам қатысуға бел буыпты. Олардың 

қатарында мемлекеттік қызметшілермен 

қатар, бюджет саласының өкілдері, яғни 

мектеп  мұғалімдері  мен  балабақша 

тәрбиешілері бар. 

Бес күнге созылған тест  бақылау 

комиссиясының  жіті  қадағалауында 

болып, қатысушылар диагностикалық 

сынақ тапсырды. Демек, бұл мемлекеттік 

тілден тест тапсыратын азаматтарды ал-

дын ала сынақтан өткізу, яғни дайындық 

есебінде өткізіліп отыр.  Осынау тесттен 

сүрінбей өткен қатысушылар келесі 

жылы қайта тест тапсырып, арнайы 

сертификатқа ие болады.

ҚР Білім және ғылым министрлігіне 

қарасты Ұлттық тестілеу орталығы 2009 

жылдан бері жүйелі түрде жұмыс істеп 

келеді. 

- Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2008 жылғы 11 қыркүйегіндегі №835 

қаулысымен    «ҚАЗТЕСТ»  жүйесін 

енгізу мен дамыту тұжырымдамасы  

мақұлданды.  Еліміз  бойынша  2013 

жылы бұл тестті 68,36 пайыз мемлекеттік 

қызметшілер,  бюджет  саласының 

қызметкерлері, мемлекеттік емес мекеме 

қызметкерлері тапсырды. Тестке белсене 

қатысушылардың әрі жоғары көрсеткішке 

ие облыстардың қатарында  Ақтөбе, Жам-

был және Павлодар өңірлері бар, - деді 

ҚР Білім және  ғылым министрлігіне 

қарасты Ұлттық тестілеу орталығының 

өкілі Толқын Манкенова.   

Ал  облыс  әкімдігі  тілдерді  дамы-

ту  басқармасының  Тілдерді  оқыту 

орталығының директоры Жамбыл Ізтұяқ 

жыл санап ҚАЗТЕСТ-ке қатысушылардың 

қатары  артып  отырғанын  және  бұл 

сынақта  жамбылдықтардың  білім 

көрсеткіші көңіл көншітетінін атап өтті.  

Ал тест қорытындысы алдағы күндері 

белгілі болмақ.

 

„

Қр дін істері және азаматтық қоғам министрлігі дін істері 



комитеті бірқатар баҚ беттерінде еліміздегі мешіттерде 

ресми уағыздардан кейін қосымша түрде оның орыс тілінде 

түсініктемесі айтылуы керек деген мәселе төңірегінде 

туындаған талқылауларға қатысты түсіндірме беруді қажет 

деп есептейді.

министрлік түсінік береді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде өткен экстремизм мен терроризмнің 

алдын алу мәселелеріне арналған дөңгелек үстелде жекелеген мешіттерде уағыздардан кейін 

имамдардың орыс тілін пайдалануы туралы мәселе Министрлік тарапынан емес, осы шараға 

қатысушылардың бірімен көтерілген болатын. Сәйкесінше, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам 

министрі аталған іс-шара барысында осы мәселе төңірегінде журналистер тарапынан сұрақтар 

қойылғаннан соң, біршама түсініктеме берген болатын. Министрлікке исламға  қызығушылық  

танытып  жүрген бірқатар  діндарлардың  мешіт имамдарының уағыздарын толық  түсінбейтіні 

туралы ел азаматтарынан өтініштер түсіп отырады. Өтініштерде  сондай діндарлардың осы 

себепті ислам  туралы ақпаратты  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми 

көздерінен тыс жерлерден, оның ішінде теріс діни ағымдардың ұстанушыларынан алуға 

мәжбүрлік танытатыны туралы айтылады. Сәйкесінше, өтініш жасаушы азаматтар халықаралық 

тәжірибені ескере отырып, мешіт имамдары ресми уағыздардан кейін қазақ тілін айтарлықтай 

меңгермеген азаматтар үшін орыс тілінде түсіндірме беруді ұсынады. Осы ретте, аталған мәселе 

тұрғындарының құрамы көптеген ұлттардан тұратын елді мекендердегі жекелеген мешіттерге 

ғана қатысты екендігін айта кетуіміз керек.

Министрлік, өз кезегінде, азаматтардан түсіп отырған кез келген өтініштерді қарастыруға 

және оларды талдап отыруға міндетті. Осы орайда, Министрлік құзыретіне Қазақстан 

мұсылмандары діни басқармасының ішкі мәселелерінің шешімін табу кірмейтінін айта кеткіміз 

келеді. Сондықтан жоғарыда аталып отырған мәселе бойынша мешіттерге келушілердің 

пікірлерін ескере отырып, шешім қабылдауы тиіс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 

хабарласуды ұсынамыз. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті 

еліміздің Конституциясында кепілдік берілген сөз бостандығына құрметпен қарай отырып, 

отандық бұқаралық ақпарат құралдарын дін тәрізді өткір салада туындап отыратын мәселелер 

туралы екіұдай ақпарат беруге жол бермеуге және тұрғындарға шынайы ақпаратты дұрыс 

жеткізуге шақырады.



ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 

дін істері комитетінің баспасөз қызметі.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

КөКЕйКЕСТІ

5

Нұржан СеРІКХАНҰЛЫ

Тараз қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» 

партиясы  фракциясы  жанынан  құрылған 

Әлеуметтік  инфрақұрылымды  дамыту 

жөніндегі арнайы комиссия «Нұрлы жол» 

бағдарламасы  аясында  қала  аумағында 

жүргізіліп  жатқан  жұмыстардың  басында 

болып  қайтты.  Партия  қалалық  филиалы 

төрағасының орынбасары Арын Асқарбеков, 

қалалық мәслихат депутаты, комиссия төрағасы 

Қайрат Жетібаев бастаған жұмыс тобы ең 

алдымен «Салтанат» мөлтек ауданындағы 

мың балаға шақталған №30 мектепке ат басын 

бұрды. 


- Қазіргі таңда мектеп құрылысының 50-60 

пайызы аяқталды. Құрылыс материалдарының 

барлығы жеткілікті. Бүгінде 120 адам жұмыс 

жасауда. Алдағы уақытта жұмысшылар санын 

200-ге дейін арттырамыз. Нысанды толығымен 

2017 жылдың тамыз айында аяқтаймыз деп 

жоспарлап отырмыз, - дейді  учаске басшысы 

Әділхан Еділбаев. 

Аталған мектептің маңындағы бір ғана мәселе 

ауладағы спорт алаңы екен. Жобадағы спорттық 

алаңда нақты уақытта қарағаштар өсіп тұр. 

Учаске басшысы мектеп нысанындағы негізгі 

жұмыс аяқталған соң, қарағаштарға қиянат жа-

самай, спорттық алаңның орнын басқа жерге ау-

ыстырамыз деп отыр. Дегенмен жалпы жұмыс 

 

„

«нұрлы жол» бағдарламасының шарапатын көріп отырған құрылыс нысандары 



Таразда да баршылық. алайда  оның бірі нәтижесімен қуантса, бірі көңіл көншітпей 

тұр.

КүмӘн ТЕХниКада ЕмЕс, 

ЖауапКЕрШіліКТЕ

Бәрі бақылауда.   суретті түсірген н.Тұрғынбек.

кестеге сай, жүйелі қарқында.  Мәселелерді 

зерделеу мен қаражаттың тиімді игерілуіне 

талдау жүргізіп отыру мақсатында құрылған ко-

миссия бұдан әрі «Арай» алқабында жүргізіліп 

жатқан дренаж каналының жайымен таны-

сып, басы-қасында бірде-бір жұмысшы жоқ, 

тоқтап тұрған іске тосыннан куә болды. Тиісті 

қаражат  бөлініп  қойылған.  Бірақ  жұмыс 

жоқ. Мердігерінің де, жұмысшысының да 

қарасы көрінбейтін жұмыс орнынан комиссия 

мүшелері жан-жақтан сұрастырып жүріп, 

ақыры прорабын тауып алды. 

- Біздегі эксковатордың аппараты бұзылып, 

қажетті керек-жарақтарын алуға Алматыға  

бір  апта  бұрын  тапсырыс  бергенбіз.  Әлі 

келген жоқ. Сол себепті де жұмыс тоқтап 

тұр, - деді «Бірлік-Сервис» ЖШС прорабы 

Аяпберген Бекбергенов. Және жалпы құны 1 

миллиард теңгеден асатын жобаның жұмысы 

нәтижесіз бола тұра, қаражаттың 50 пайы-

зы игеріліп қойғаны түсініксіз болып тұр.  

Арнайы комиссия техниканың бұзылуына                                                 

байланысты жұмысты тоқтатпай, мәселенің 

басқа шешімін табуды мәселен, қаладан басқа 

бос тұрған техника көмегін жалға алу жолда-

рын қарастырмағандығын айтып, қоршаусыз 

жатқан  орлар,  қазылған  шұңқырларға                                                                                               

байланысты сын-ескертпе берді.

-Аумақта ойнап жүрген балаға да, түнде 

жүрген ересектерге де қоршаусыз қазылған 

орлар қауіп тудырады. Сондықтан жұмыс 

орны алдын ала қоршалуы қажет. Сіздерде, 

біріншіден,  қауіпсіздік  ескерілмеген. 

Техниканың бұзылуына қарап отыра бермеу 

керек. Қалада не көп, техника көп. Күз де 

келді. Жауын жауса, жұмыс орны батпаққа 

айналады. Ол кезде эксковаторларыңыздың 

жұмысы тіпті қиындай түседі. Сол үшін өз 

уақыттарыңызды өздеріңіз ұстамай, жұмысты 

кестеден қалдырмауларыңыз керек, - деді ко-

миссия төрағасы Қайрат Қыдырәліұлы.

Және  комиссия  мүшелерінің  айтуынша, 

бұрынырақта тек кәріз жүйелерін тартумен 

шұғылданып келген серіктестіктің дренаж ка-

налын салудағы ісі де күмәнді. Себебі, жерасты 

суының деңгейі әр мезгілде әртүрлі болады 

екен. Мәселен, көктем, жаз айларында жерасты 

суының деңгейі көтерілсе, күзде керісінше су 

тартылады. Ал аталған серіктестіктің жерден 

көтерілетін суды құрғатуға бағытталған дре-

наж каналы дәл судың тартылған шағында 

атқарылып жатыр. Салдарынан келер жылы 

көктемде су деңгейі молайып, бүгінгі өлшеммен 

белгіленген межеден асып кетуі әбден мүмкін. 

Арнайы тексеру тобы жұмысқа жауапсыздық 

танытып отырған серіктестіктің басшысы 

Мейірхан  Жүнісовтің  жұмыс  жоспарын 

комиссиялық отырыста қарайтын болды. 

Бұдан  кейін  комиссия  мүшелері                                                    

Ы.Сүлейменов көшесінің аяғындағы және 

автобекет маңындағы су, кәріз, газ, байла-

ныс жүйелерін тартумен айналысып жатқан 

мердігерлердің жұмысына қанықты. Онда 

жұмыс қарқыны кестеге сай, қызу жанталас. 



 

„

Қаладағы ғимараттардың көпшілігінде мүмкіндігі шектеулі  жандардың қимыл-



қозғалысы ескеріле бермейді. Осы мәселені назарға алған «нұр Отан» партиясы 

Тараз қалалық филиалының  бақылау комиссиясы арнайы рейд жүргізіп, бірнеше 

нысандарды аралап шықты.

Көргенге әдемі, жүргенге кедергі

Шынболат СеЙдУАЛИев

Тағдырдың  тәлкегіне  түскен 

жарымжан  жандарды  қоғамға 

бейімдеп, олардың еңсесін тіктеп, 

өзгелер  секілді  өмір  сүрулеріне 

қолайлы  жағдай  жасау  қоғамда 

аса  мән  беруді  талап  етеді.  Осы 

орайда «Нұр Отан» партиясының 

Тараз қалалық филиалы партиялық 

бақылау комиссиясының мүшелері 

мен қалалық  мәслихаттың депу-

таттары облыс орталығында рейд 

жүргізді. Комиссия мүшелерімен 

қатар  қалалық  жұмыспен  қамту 

және  әлеуметтік  бағдарламалар 

бөлімінің  мамандары  ғимаратқа 

кіретін  пандустарды,  есіктердегі 

арнайы белгілерді, ішкі көтерілу 

б а с п а л д а ғ ы н ,   е с і к т е р д і ң 

өлшемдерін,  әжетханалар  мен 

мүгедектерді  арнайы  қабылдау 

кабинетін  және  мүгедектерге 

арна лған  автотұрақт ардың 

жай-күйіне  қанықты.  Сондай-

а қ   ж ұ м ы с п е н   қ а м ту   ж ә н е 

ә л еум е т т і к   б а ғ д а рл а м а л а р 

бөлімінің  қызметкерлері  меке-

ме  басшылығына  осы  бағытта 

түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

З е р д е л е у   ж ұ м ы с т а р ы н 

жүргізген топ әуелі шаһарымыздағы 

ЖОО  мен  кәсіптік  білім  беру 

колледждеріндегі  жағдаймен 

танысты.  Оқу  орындарының  

пандусы  көрер  көзге  әдемі 

көрінгенімен,  стандартқа  еш 

сай  келмейді.  Ондағы  пандусқа 

арбадағы  мүгедек  жан  түгілі,  он 

екі мүшесі сау адам шыға алмай-

ды.  Мұндағы  жауапты  маман-

дар алдағы уақытта мүгедектерге 

арналған жағдайдың барлығы ар-

найы бекітілген стандарт бойынша 

түзетілетінін жеткізді. Бұл тұрғыда 

оқу орындарының басшылығына 

қалалық  жұмыспен  қамту  және 

ә л еум е т т і к   б а ғ д а рл а м а л а р 

бөлімінің  мамандары  түсіндірме 

жұмыстарын жүргізді.

Мүгедек  жандардың  ең  көп 

баратын жерлерінің бірі - дүкендер. 

Дегенмен ол жерлерде жарымжан 

жандарға ешбір жағдай жасалмаған. 

Мәселен,  Қ.  Жалайри  көшесінде 

орналасқан  «Арзан»  дүкенінің 

кіреберіс  табалдырығы  пандусқа 

ұ қ с ат ы л ы п   ж а с а л ғ а н ы м е н , 

оның  кімге  арналып  жасалғаны 

белгісіз.  Сондай-ақ  ол  дүкеннің 

автотұрағында  мүгедектердің 

көлігіне арналған арнайы орын да 

қарастырылмаған. Ал «Метроном» 

дүкенінде  арнайы  белгілер  мен 

автотұрақ  жасалғанымен,  пан-

дус стандартқа еш сай келмейді. 

«Дәмдес» дүкенінде де дәл осын-

дай жағдай. 

Қаладағы  ғимараттардың 

мүгедектерге  бейімділігін  зер-

делеген  комиссия  мүшесі  Анар 

Досымбаева  шаһарда  соғылып 

жатқан  мейрамханаларда  жа-

рымжан  жандар  үшін  бірде-бір 

жағдай жасалмағанын күйінішпен 

жеткізді.

-  Орталықтан  жаңадан  бой 

көтерген «Taraz-Hall» мейрамха-

насына көз салсақ, баспалдақтары 

қолайсыз, ал мүгедектердің ешбір 

жағдайы ескерілмеген. Сонда жа-

рымжан жандардың тойға барып, 

қуанышты  бөлісуге  болмай  ма?! 

Еңсе түзеген жаңа ғимараттарды 

қабылдап аларда мамандар толық 

тексеріп  барып,  рұқсат  беруі                       

керек, - деді ол. 

Рейдтің қорытындысы бойын-

ша  қалалық  мәслихаттың  депу-

таты,  партияның  Тараз  қалалық 

филиалы бақылау комиссиясының 

мүшесі  Марат  Мырзахметов 

мүгедектерге  жағдай  жасауды 

жетілдіре  түсу  керектігін  баса 

айтты. 


АлАҢ

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //



«ТӘуЕлсіздіКТің барын мОлайТып, 

ЖОғын ТүгЕндЕугЕ міндЕТТіміз!» 

 

„

Тәуелсіздік – тарихымыздағы барлық нәубеттердің нүктесі, жаңа ғұмырдың 



бастауы. бабалардың соңғы демімен, қасық қанымен жетіп, бойымызға сіңген  

осы бір ауыз сөз бүгінде қыран текті қазаққа қанат бітіргендей. Ұлтымыздың 

тарихында қара тізіммен жазылған барлық қасіретті тізе бүктірген де, қалың 

алаштың астарлы арманы да, дұға-тілегі де, жүрек ұраны да осы тәуелсіздік еді. 

Оның көпшілікке көктен түспегені бесенеден белгілі. Қанша қазан төңкеріліп, 

қанша шаңырақ ортасына түсті. Түркіден кешегі Керей мен Жәнібектерге, одан 

бізге аманатталған азаттықтың салмағы, жауапкершілік жүгі бүгін ұрпақтың 

мойнында тұр. небәрі 25 жылда мойындағы жүкті иыққа арттық па, жоқ әлде 

төбемізге көтере алдық па? сүйегімізге тиген семсердей сауалдардың жілігін 

жіктеп, «Жамбыл-Тараз» редакциясында Қазақстан республикасының  еңбек 

сіңірген қызметкері, «парасат» орденінің иегері, Қазақстан Журналистер одағының 

және Тмд елдері Журналистер одақтары конфедерациясы сыйлығының лауреаты, 

Жамбыл облысының және байзақ ауданының Құрметті азаматы, жазушы, ақын, 

аудармашы, бірқатар салмақты жинақтардың авторы арғынбай бекбосынмен 

сұхбаттасқан едік.

-  Арғынбай  аға,  ата-бабамыз  аңсаған 

тәуелсіздік қандай еді? Ұрпақтың маңдайына 

жазылған сол тәуелсіздіктің киесін бүгінде 

қаншалықты бағалап жүрміз?

-Жалпы  адамзат  қауымы  болсын,  айналаны 

қоршаған дүние, жаратылыс болсын, бәріне ортақ, 

Алланың өзі белгілеген бір принцип бар: бәрі де 

еркіндікке ұмтылатын секілді. Мәселен, сіз бір 

жерді асфальттаңыз. Содан кейін ол жермен аяқ 

басып жүрмей-ақ қойыңыз. Асфальт та қолдан 

жасалған тас қой. Күндердің бір күнінде соны 

қақ жарып қылтиған бір нәзік өсімдікті көресіз. 

Сондай әлсіз, сондай нәзік. Ол неге ұмтылды? 

Кеңістікке, күнге ұмтылды. Яғни тастың астын-

да  қалғысы  келмей,  тәуелсіздікке  талпынды. 

Тіршілік үшін күресті. Ал толыққанды тіршілік 

тек еркіндікте, дербестікте ғана. Адамзат та со-

лай. Біздің ата-бабаларымыз ғана емес, сонау 2 

жарым мың  жылдан астам уақыт бұрын көне құл 

иеленуші Рим империясында да Спартак бастаған 

жалаңаш батырлар не үшін арпалысты, не үшін 

қан төкті, не үшін ақыры Крастың әскерінен 

жеңілгеннен кейін, тұтқынға түсіп, әрқайсысы 

әр бағананың басына шегеленді? Бұл бостандық 

үшін  болатын.  Бостандықты  тек    тәуелсіздік 

қана  қамтамасыз  ете  алады.  Әр  азаматтың 

бостандығын, елдің, мемлекеттің, қауымның, 

қоғамның  тәуелсіздігі ғана. Спартактар сол үшін 

алысты. Бізде де сондай арпалыстар аз болған 

жоқ. 200 жылдан аса жоңғармен алысты. Онда 

да бабаларымыз жоңғардың жерін басып алайын 

деген жоқ.  Өз жерін, елін, Отанын қорғап қалу 

арқылы тәуелсіздікке ұмтылды. Ата-бабалары-

мыз тәуелсіздікті «Еліңді, жеріңді қорға, ешкімге 

құл болма, бодан болма!» деп түсінген болу керек. 

Кенесары,  Исатай,  Байзақтар  да.  Одан  кейін 

беріректе 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтерілісі 

де тәуелсіздік жолындағы арпалыстың бірегейі. 

Алатаудағы  Албан  көтерілісі,  Торғайдағы 

Амангелді көтерілісі, Меркідегі Ақкөз батыр 

көтерілісі, Алматы маңындағы Бекболат батыр 

көтерілісі секілді тарихи оқиғалар  патшаның 

қара  жұмысына  адам  бермейміз  деуден  ғана 

емес, түкпірінде азаттық үшін болған жанайқай 

еді. Қазақстан Ресейге қосылған кезде қазақтан 

солдат алмау жөнінде келісім де болған көрінеді. 

Ал енді империя Германиямен  соғыс кезінде 

жеңіліп бара жатқан соң, қазақ секілді бодан 

халықтардан тыл жұмысына адам алуға мәжбүр 

болады. Соған наразылық болғанымен, жарлықты  

шығарған билікке қарсылық болды бұл. Ал билік 

дегеніңіз – метрополия. Қазақ сияқты елдер - 

отар. Бұл – отардың метрополияға қарсы күресі 

еді. Яғни езілгеннің езушіге қарсы күресі. Оның 

да түпкі мақсаты – тәуелсіздік болатын. Қан-

жоса боп халық қырылды. Ол солай болатын да 

еді. Өйткені пулемет, зеңбірекпен, винтовкамен 

қаруланған  патшаның  әскеріне  қарсы  қолдан 

соғылған найзамен, қылышпен, садақпен шыққан 

ел қайтіп қарсы тұра алады?! Көбі қырылып кетті. 

Қырылмағандары  Ыстықкөлдің  жағасындағы 

Қарақол түрмесінде атылды. Меркіде бағаналарға 

асылды. Сөйтіп тәуелсіздік жолындағы күрес 

қанға боялды. Осының барлығы  қанша қанға бо-

ялса да, халықтың санасынан тәуелсіздікке деген  

арман-тілекті өшіре алған жоқ, көшіре алған жоқ. 

Ол мүмкін де емес еді. Өйткені жоғарыда айтып 

өткенімдей,  жаратылыстың  ортақ  принципі  - 

азаттыққа, күнге, кеңістікке, бостандыққа ұмтылу. 

Бұл принцип қазаққа да тән болатын. Одан бері 

кеңестік кезеңнің өзінде қаншама бұлқыныстар 

болды. Созақ көтерілісі секілді қазақ даласының 

әр түкпірінде жүздеген бас көтерулер орын алды. 

Ақыр аяғында Желтоқсан көтерілісіне ұласты. 

Бұл көтерілісті кейбіреулер Қонаевтың орнына 

Қазақстанға  мүлдем  белгісіз    Колбинді  әкеп 

қойғаннан  туындаған  қарсылық  деп  айтады. 

Бұл пікір түбірімен дұрыс емес. Әуелі мынаған 

назар аудару керек. Колбинді кім қойды? Мәскеу-  

орталық метрополия. Қазақстанмен, яғни от-

армен санасқан жоқ. Ендеше  метрополияның 

шешіміне  көрсетілген  бұл  қарсылық  та 

тәуелсіздікке талпыныстың көрінісі еді.  Жастар 

қаласын, қаламасын, «Тәуелсіз болайық!» деп 

ұран көтермесе де, күрестерінің түпкі мақсат-                                                                        

мазмұны – тәуелсіздік жолындағы арпалыс еді. 

Алаңда жастарымыз азапталды, қуғындалды, 

қанға боялды. Бірақ Желтоқсан сондай қасіретпен 

ақталса да, азаттыққа деген бұлқыныс  санадан 

өшкен  жоқ.  Күшеймесе,  бәсеңдеген  жоқ.  Ел 

азаттық таңын күтті. Мұның бәрі ата-бабамыз 

аңсаған тәуелсіздік үшін еді. Былайша айтқанда, 

бабалар  «Тәуелсіздік  үшін  жан  пида»  деген. 

Сол үшін құрбан болған, сол үшін өмір сүрген. 

Осынша күреспен жеткен тәуелсіздікті бағаламақ 

түгіл, қалай сақталатынын да, нұқсан келтірмеуді 

де қадағалау керек. Өйткені тәуелсіздік деген 

біз үшін теңдессіз бақыт. Есі түзу азамат оған 

енжар,  немқұрайлы  қарауға  тиіс  емес.  Әр 

жағдайдан  тәуелсіздіктің  көрінісін  байқауға 

ұмтылуымыз керек. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі 

өмірді, тәуелді кездегі тағдырмен біз, аға ұрпақ,                                                        

салыстыра  аламыз.  Жастар  аға  ұрпақтың 

айтқанынан, тарихтан білетін болар. Ал енді 

екеуінің айырмасы жер мен көктей. Ол кезде 

тіпті қазақ деп те айта алмайсың. Ұлтыңды алға 

тартсаң, сені ұлтшыл дейді. Ұлтшыл дегеннен 

кейін үлкен қуғынға түсесің. Қуғынның аяғында 

өміріңнің өзі қасіретке айналады. Бұл жеке адам 

жөнінде. Ал тұтас халық өз тілінен айырылып 

қала жаздады. Ең қасіреттісі де осы. Жасыратын 

ештеңесі жоқ, талайлар шала қазақ болып кетті. 

Діннен жалпы бездірді. Тәуелсіздіктің алғашқы 

бозала таңында мен: 

Кешір, Алла, кешегі қалдықтанбыз, 

Құдай деп, бір құдайсыз жанды ұққанбыз.                                                                                                                              

Сенбей жүрсек өзіңе және кешір,

Сенімсіздік  дертіне  шалдыққанбыз,-деген 

рубаят  жазғанмын.  Осылайша  біз,  шынында 

да,  сондай  дертке  шалдыққанбыз.  «Құдай 

жоқ»  деп  күнде  құлағыңа  құя  берсе,  «Құдай 

бар» десең қуғынға түссең, ал кім дұрыс өмір 

сүргісі  келмейді?..  Әркімде  мына  дүниеге 

келгеннен  кейін  дұрыс  ғұмыр  кешсем  екен, 

дүниенің рахатын көрсем екен деген тілек бо-

лады. Ал жаңағыдай көзқарастарың үшін сол 

тілектеріңнің  барлығы  күлге  ұшып  жатады. 

Яғни отар елдің тілі де, діні де, тірлігінің де 

құны жоқ деген сөз. Оған тек сол жерді, белгілі 

бір аумақты мекендеп, метрополияға қажетті 

байлықты жасап беріп отыру, соның айтқанын 

істеу, дегеніне көну ғана қалады. Оған көнбесе, 

геноцидке жіберіп, ұлтты да, халықты да жер 

бетінен өшіру, бір сөзбен айтқанда, қазақсыз 

Қазақстан жасау мәселесі қойылар еді. 1932-33 

жылғы ашаршылық та осының нақты тарихи 

дәлелі бола алады. Сонда қазақтың жартысынан 

астамы қырылған дейді. Тұтастай ұлт ретінде 

жойылып кетуге сәл-ақ қалдық. Міне, бұл ретте 

біз Тұрар Рысқұлов секілді қайраткер ағамыздың 

еңбегін ұмытпауымыз керек. Сол кезде тірі қалған 

қазақтың жартысы да, солардан тараған ұрпақтар 

да Рысқұлов рухының алдында бас июге парыз-

дармыз. Ал парызды ұмыту адамгершілікке жат-

пайды. Тәуелсіздікке де кісінің бойы үйренеді. 

Кейбіреулерге тәуелсіздік өзінен-өзі болуға тиіс 

нәрсе  секілді  көрінуі  мүмкін.    Кейбір  пенде 

басында оның байыбына барып, бағаламайтын 

кездер де орын алуы мүмкін. Егер солай қарайтын 

адамдар саны молайып кетсе, ол қоғам мүшелері 

түбінде белсенді азаматтар емес, тобырға ай-

налады. Ал тобыр халық болып оңдырмайды. 

Сапасыз  тобыр  түбінде  тәуелсіздіктен  айы-

рылады.  Одан  кейін  көретін  күні  жоғарыда 

айтылғандай болады. Осы керек пе бізге?.. Жоқ. 

Сондықтан әрқайсымыз әр күнімізде, түнімізде 

тәуелсіздігімізді 

бағалауымыз  ке-

рек.  Соның  ба-

рын  молайтып, 

жоғын  түгендеуге 

міндеттіміз. 

- Аға, енді өзіңіз 

ҚР  Парламенті 

Мәжілісінде 

қызмет  еттіңіз, 

Халықаралық 

қатынастар және 

ұлттық қауіпсіздік 

комитетіне 

мүше  болдыңыз. 

Тәуелсіз  еліміздің 

іргетасына 

а й н а л ғ а н   А т а 

Заңымыздың 

қабылдануы 

тұсында  басты 

мәселенің басы-қасында жүрдіңіз. Сол кездегі 

маңызды  сәттерді  және  заң  жобасындағы 

бүгінгі  өзгерістердің  халыққа  тиімділігін 

халықтың тілінде айтып өтсеңіз?..

-Мен алғашқы Жоғарғы Кеңесте, содан кейін 

тұңғыш  сайланған  Парламент  Мәжілісінде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет