Хабарландыру Құрметті қала тұрғындары!



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,34 Mb.
#6057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Құралай СеЙСеНБеКҚЫзЫ

 Тараз қаласы әкімдігі жанындағы Әйелдер 

істері және отбасы-демографиялық сая-

сат жөніндегі комиссия отырысының күн 

тәртібінде осы мәселе назарға қойылды.

Жиынды қала әкімінің орынбасары  Кенжебек 

Олжабай ашып, жүргізіп отырды.

- Жасыратыны жоқ, тұрмыстық зорлық-

зомбылыққа нәзік жандыларымыз көбірек 

ұшырайды. Есепті кезеңде Тараз қаласы 

бойынша әйелдерге қатысты қылмыс құрамы 

бар құқық бұзушылықтарды талдау  және 

статистикалық мәліметтерді саралау бары-

сында бұл қылмыстардың қаламызда 2016 

жылы былтырғы кезеңімен салыстырғанда 

9,2 пайызға төмендеген.  Әйелдерге қатысты 

жасалған  қылмыстардың  жалпы санының 

83,6  пайызын  жеке  меншікке  жасалған 

қылмыстар    құрайды.  Зорлау  фактілері 

бойынша биыл 47 қылмыс тіркелсе, был-

тыр осы кезеңде 57 факті тіркелген. Ал 

ауыр  дене  жарақаты  бойынша  биыл    2 

қылмыс,  былтыр 6 факті бой көтерген. 

Орта ауыр дене жарақаты бойынша  биыл 

14,  былтыр  19    қылмыс  тіркелген.  Осы 

жылы әйелдерге қарсы 54 тонау жасалса, 

өткен жылы қылмыс саны 57 болған. ҚР 

жаңаланған Қылмыстық кодексінің «Өзін-өзі 

өлтіруге дейін жеткізу» 105-бабының талабы 

бойынша, биыл қаламызда 10   дерек тіркеліп 

отыр. Көбінесе әйелдер күйеуі немесе бала-

лары тарапынан болған тұрмыстық зорлық-

зомбылық құрбандары болғанын жасырады. 

Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғамымыз 

шешуге барынша тырысуда. Осыған орай, 

қиындыққа душар болған әйелдерге арналған 

дағдарыс  орталықтары  құрылып,  түрлі                                                                         

акциялар өткізілуде, - деді «Әйелдердің 

құқығын қорғау жөніндегі құқықтық ме-

ханизмдермен қамтамасыз ету жұмыстары 

туралы» алғашқы болып баяндама жасаған 

Тараз қалалық ішкі істер басқармасының 

әйелдерді  зорлық-зомбылықтан  қорғау 

жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы              

Айшахан Молдатаева.

Осы  орайда  отырысты  жүргізіп 

отырған  қала  әкімінің  орынбасары                                                                 

Кенжебек  Мамашбайұлы  аяулы  жар, 

ардақты аналарымыздың қадірін арттырып, 

нәзік жандыларға көрсетілетін қысымды 

азайтудың шараларын тереңірек қарастыру 

үшін қоғамнан не қажет екеніне сұрау салды. 

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан аман алып 

қалу кейде әйелдердің өзіне байланысты 

екенін, ешқайда хабарласпай, көбіне  іштен 

тынудың нәтижесінде  қылмыстық іске бой 

алдыратынын  Айшахан Шолпықызы алға 

тартты. Осы орайда қалалық мәслихаттың 

депутаты,  «Жамбыл-Тараз»  газеті» 

ЖШС-і директор-бас редакторы Эльмира                                                          

Мырза-Ғали бірнеше күн бұрын қаламыздағы 

№45 мектепте 2 жасар қызды алып кетпек 

болған белгісіз азаматтан осы мектептің 3-ші 

сыныбында оқитын үш оқушы арашалап 

алғанын айтты. Ал бұл оқиға барысындағы ең 

сорақысы - осы іс жөнінде қылмыстық органға 

күдіктіні іздестіру  үшін хабарласқан 2 жасар 

қыздың анасы Гаухардан 102 бөлімшесінен 

келген қызметкер күдіктіні іздестіру шара-

ларынан бас тартуы жөнінде кері арызын 

жаздырып алғаны. Расында, осы оқиғадан 

кейін әлдекімнен жәбір көрген азаматтардың 

полицияға деген сеніміне селкеу түскені ай-

дан анық. Отырыста бұл мәселенің шешімі  

алдағы уақытта қарастырылатыны айтылды.

Жиында  қаралған  келесі  мәселе  Тараз 

қаласының демографиялық ахуалы болды.

-  2016  жылдың  8  айы  ішінде  АХАТ 

бөлімшесінде 12758  акт жазба тіркелген. 

Оның ішінде туу - 6837, неке қию - 2147, 

неке бұзу - 827,  қайтыс болу - 1794, әкелікті      

анықтау - 905, бала асырап алу - 37, тегін, 

атын, әкесінің атын өзгерту - 84, туу тура-

лы акт жазбаларын қалпына келтіру - 125. 

Халыққа көрсетілетін қызмет сапасын көтеру 

мақсатында 2006 жылы Халыққа қызмет 

көрсету орталығы ашылды.  Күн  сайын  АХАТ 

бөлімшесіне 100-150 өтініш түсіп, көрсетілген 

көлемде құжаттар дайындалып, Халыққа 

қызмет  көрсету  орталығына  жіберіледі. 

АХАТ бөлімшесінің қызметкерлері нақты 

және тез арада өтініштерді қарастырып, 

уақытылы жауаптар мен құжаттарды бе-

руге тырысады, - деді Тараз қаласы әкімі 

аппаратының азаматтардың хал актілерін 

тіркеу  (АХАТ)  бөлімшесінің  басшысы 

Бахытнұр Тілеубекқызы. 

Жастарға ұлттық тәрбие беруге бағытталған 

кешенді іс-шаралар ұйымдастыру туралы, 

яғни жаһандану кезеңінде қазақ қыздарының 

рухани дамып, қыз мәртебесін биіктетуге 

бес жылдық еңбек жолында барынша  ат-

салысып отырған «Асыл Арман» ұлттық 

дәстүр  мен  өнерді  қолдау»  қоғамдық 

бірлестігінің  төрағасы  Ринат  Нұрақбаев 

сөз алды. Ол Тараз қаласы әкімдігінің ішкі 

саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік 

тапсырысы шеңберінде «Жастарға ұлттық 

тәрбие  беруге  бағытталған  кешенді  іс-

шаралар ұйымдастыру» жобасын іске асыру 

мақсатында атқарылған істерге тоқталды. 

Тараз  қаласының  жоғары  және  арнаулы 

орта оқу орындарында 15 қыздар клубы 

құрылған. Сондай-ақ «Қыз тәрбиесі - ұлт 

тәрбиесі», «Ұрпақтар сабақтастығы», «Қыз 

тәрбиесінің заманауи үрдістері», «Отбасы 

және қызға құрмет» атты және тағы да басқа 

тақырыптарда түрлі іс-шаралар өткізіп, ел 

ертеңінің тәрбиесін бүгіннен бастауға атса-

лысып жатқандығын мәлімдеді.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді 

аталы сөз. Ал бесік аналарымыздың қолында. 

Ертеңіңді тербеткен асылымыздың жылы 

ұясы жайлы, ертеңі жарық болуы үшін қоғам 

болып атсалысу қажет-ақ.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

ӘлЕуМЕТ


9

аға буынды ҚҰрмЕТТЕу - парыз

пейілі дархан 

даладай

Қарттар  күніне  орай  қала 

әкімдігінің қолдауымен Жамбыл 

облыстық  және  Тараз  қалалық 

ардагерлер  кеңесінің  бірлесе 

ұйымдастыруымен  «Сосновый 

бор» дәмханасында 300-ге жуық 

Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек 

ардагерлері ақ дастархан басында 

жүздесті. 

-  Ақылдың  кені  –  ардақты 

қарттарымызды  мерекесімен 

құттықтаймыз.  Бұл  кісілер 

бар  ғұмырын  еңбекке,  балалар 

тәрбиесіне  арнап,  өз  білген-

түйгенін кейінгі ұрпаққа үйреткен 

жандар.  Өмірлік  тәжірибесі  мол 

болғандықтан,  әрбір  жанұяның 

тірегі де қариялар. Сіздерге ұзақ 

өмір  тілей  отырып,  ең  бастысы, 

жақындарыңыздың сый-құрметіне 

бөленіп жүре беріңіздер демекпіз. 

Мерекелеріңізбен,  құрметті 

қариялар!  -  деп  ақжарма  тілегін 

білдірген  облыстық  ардагерлер 

кеңесінің  төрағасы  Еркінбек 

Солтыбаев  бірқатар  қазыналы 

қарияларға  облыс  әкімі  мен 

облыстық  ардагерлер  кеңесінің 

Құрмет грамоталарын, Алғыс хат-

тарын табыстады. Сонымен қатар, 

«Нұр  Отан»  партиясы  Жамбыл 

облыстық  филиалы төрағасының 

орынбасары Шәбден Тілеумұрат, 

Тараз  қалалық  мәслихатының 

хатшысы  Балабек  Нарбаев,  Та-

раз қаласы әкімінің орынбасары 

Мақсат Ахаев ардагерлерге Алғыс 

хат тапсырып, сый-сияпат ұсынды.

- Дені сау, бойында күш-қуаты 

тасыған  адам  үшін  қарттық  сөз 

емес.  Жасы  ұлғайған  азаматтың 

да  қоғамға  тигізер  пайдасы  зор. 

Мен сіздерге денсаулық, мұқалмас 

күш-жігер және қажымас қайрат 

тілеймін. Бүгінгі мерекелік шараға 

ардагерлеріміз аз жиналған жоқ. 

Біз  бір-бірімізбен  жүздесіп, 

әңгіме-дүкен құрып, бізге бөлінген 

көңілге  риза  пейілдеміз,  -  деді 

еңбек ардагері, қоғам қайраткері  

Рабия Мамедова.

Кеш  барысында  қонақтарға 

арнап  ән  шырқалып,  концерттік 

бағдарлама  ұсынылды.  Қажыр- 

қайраты қайтпаған, өмірге деген 

сүйіспеншілігі  орасан,  пейілі 

дархан  даладай  ардагерлердің 

өздері де сүйікті әндерін шырқап, 

би биледі. 



Жүректің оты сөнбесін!

Қарты  бар  үй  –  қазыналы  үй. 

Қартын  қадірлеген  қоғамның 

болашағы  зор.  Қарттар  күні 

мерекесіне орай «Бобур» мейрам-

ханасында қариялар бас қосты.

Ән  әуелеген  кеш  барысында: 

«Бұл мерекелік дастарханға 70-ке 

жуық осы аймақтағы құрметті ата-

әжелер шақырылды» - деді Тараз 

қаласы әкімдігінің бас инспекторы 

Болат Баудинов. 

-  Кәсіпкерлер  мен  Тоқтасын 

Закиров  е сімді  азаматтың 

демеушілігімен    жайылған 

д а с т а р х а н ғ а   а л ғ ы с ы м ы з 

ш е кс і з .   Б ә р і ң і зд і   о с ы н ау 

құрметтеуге  лайық,  өмір  көрген 

асылдарымыздың  мерекесімен 

құттықтаймын. Жанұяларыңыздан 

жылылық,  бастарыңыздан  бақ 

кетпесін, - деді Тараз қаласының 

3-ші аймақ Ардагерлер кеңесінің 

төрағасы Шымбай Ахметов. 

Қалалық мектеп оқушыларының  

тамылжыта  салған  әні  әрбір 

тыңдарманның жүрегін елжіретті. 

-  Кеш  өте  көңілді  өтіп  жатыр. 

Қарттарға деген ерекше ықыласқа 

көңілім  толады.  Қарттарын 

ұмытпай,  қадірлеген  елдің 

болашағы  зор  деп  ойлаймын. 

Өзімнің 4 балам, 14 немерем бар,-  

деп ақжарма тілегін ақ жаулықты 

ана  Сәндікүл Бисембиева ақтарса, 

Тұрсын Бапеев ана туралы ән са-

лып, зор қошеметке бөленді. 

- Қаратау қаласында тігін фабри-

касы мен тұрмыстық қамтамасыз 

ету  комбинатын  басқардым.  3 

балам,  7  немерем,  1  шөберем 

бар. Жастық шағымызды еңбекке 

арнадық. 74 жастамын, - деді өз 

жасынан  тым  кіші  көрінетін  ел 

ағасы.  Жүзінен  нұры  таймаған 

ақсақалдан жас көрінуінің сырын 

сұрағанымда: «Жарым Светланаға 

деген  шынайы  с е зімімнің 

жылылығынан  жас  көрінетін 

шығармын»,-  деп  күлімсіреді 

Тұрсын ата. Жүректеріңіздің оты 

сөнбесін!



Қазыналы қарттармен 

пікірлескенде

Халық  қалаулылары  «Бүркіт 

Delux» мейрамханасында  көнекөз 

көпшілікке  кең  дастархан  жай-

ып,    қарияларды  мерекесімен 

құттықтады.

Осымен  5-ші  жыл  қатарынан  

игі  дәстүрге  айналған    шараны 

облыстық және қалалық мәслихат 

депутаттары  Арман  Еділбаев,               

Ләззат  Кзылкулова,  Марат                     

Мырзахметов, Жанар Бүркітбаева, 

Руслан  Кан,  Марат  Смаилов,                                                                                    

Ж а н а р   О р ы н б а е в а л а р 

ұйымдастырып  отыр.  Халық 

қ а л аул ы л а р ы   ж ү з ге   т а рт а 

қарияның  басын  қосып,  кең                                               

дастархан  басында  тілектерін 

айтып,  қуаныштарына  қуаныш 

қосты. 


  -  Бұл  -  дүние  жүзі  бойынша 

аталып өтілетін  ауқымды мереке.                                                                          

Елбасы  Жарлығының  негізінде 

біздің  елімізде  де  соңғы  10 

жыл  бойы  Қарттар  мерекесі 

жоғары  деңгейде  өтіп  келеді. 

Елбасымыздың  өзі  «Қарттарын 

сыйлаған ел – болашағы зор ел» 

деп  шегелеп  айтқан  болатын. 

Бүгінде қалалық ардагерлер кеңесі 

қоғамның әр бағытында белсенді 

жұмыстар  атқаруда.  Жастарға 

тәрбие беру, қарттарға қамқорлық 

көрсету  -  біздің  ұйымның                                                                            

басты міндеті. Әлеуметтік жағдай, 

зейнетақы  мәселелері  бойынша 

да бірлесіп жұмыс жасаймыз. Бұл 

жұмыстар  бойынша  тараздық 

ардагерлер  кеңесі  республика 

бойынша көш бастап тұр, - дейді  

қалалық  ардагерлер  кеңесінің 

жауапты  хатшысы  Магомад                               

Токсабаев.

Мерекелік  дастарханда  бас  



 

„

Кәрілік жаспен өлшенбейді, егер жүрегің іске құлшынып, көңілің көктей құлпырып 



тұрса. иә, ақ дастархан басында бастары тоғысқан ата-әжейлердің көзінде нұр ойнап, 

әуелеген әнге қосылып, төгілген ырғаққа билей жөнелгеніне қарап еріксіз осылай дерің 

сөзсіз. 

Сыры кетсе де, сыны кетпеген.    

қосқан  зейнеткерлер    де  шараны 

ұйымдастырушыларға алғыстарын 

айтып,  бата-тілектерін  жеткізді. 

Салтанатты  шара  барысын-

да  облыстық  филармонияның 

әншілері Маралбек Бабақұлов, Оңал                                                                        

Азаматовалар әннен шашу шашып, 

мерекенің мерейін асырды. 



ақсақалдарға  тосынсый

Та р а з   қ а л а с ы   ә к і м д і г і н і ң 

жұмыспен  қамту  бөлімінің 

ұйымдастырымен Қарттар күніне 

орай «Санабар» мейрамханасының 

төрінде ақ дастархан жайылып, ізгі 

тілектер легі ағытылды. Сан жыл-

дар тізбегін еңбекке арнап, зейнетін 

көріп отырған қарияларға тосын-

сый  жасау  үшін  телефондарын 

ақтарып, сырттай сұрау жүргізген 

қызметкерлердің  ойы  нәтижесіз 

шықпады.

  Өмірін  ұстаздыққа  арнап, 

сексеннің сеңгіріне шыққан Рима 

Спирова  әжейдің  мектептегі 

о қ у ш ы с ы   т а б ы л ы п ,   с ы н ы п 

жетекшісі  болған  мұғалімін 

құттықтауға  ортаға  шақырылды. 

Мұндай  тосын  жайды  күтпеген 

әжей  оқушысы  ұсынған  құшақ 

гүл  мен  тәтті  шоколадтарды 

қолына алып, мұндай  сәтті бастан 

кешірудің  бақыт  екендігін  мой-

ындады.  Ал  Аида  Мирсалимова 

есімді  дәрігер  әжейге  тосынсый 

ретінде емделушісі келіпті. Бүгінде 

зейнетке  шығып,  арада  бірнеше 

жыл өтсе де, өзін емдеген сүйікті 

дәрігерін  ұмытпаған  Көпжасар 

Раимбеков ақ халатты абзал жанға 

деген  ризалығын  жеткізіп,  оның 

сол жылдары еткен еңбегіне тәнті 

болғанын айтты. 

-  Жамбыл  облысы  Статистика 

департаментінде  қызмет  еткен 

әріптес ардагерлерімізді құттықтап 

келіп  отырмын.  Зейнеттегі 

әріптестерім  Нина  Бурова  мен 

Мария  Васильченко  апайларым-

ды    мейрамдарымен  құттықтауға 

атсалысқаныма    қуаныштымын. 

Самайды қырау шалып, жүзімізді 

әжім  торлаған  сәт  -  бәріміздің 

де  басымызға  туатын  күн.  Сол 

сәттерде  бізге  де  осындай  то-

сынсый  бұйырып,  құттықтап 

жатса,  қуаныштан  жүзіміз  бал-

бұл  жайнайтынына  сенімдімін,-                           

деді Жамбыл облысы Статистика 

департаменті кәсіподақ комитетінің 

төрағасы Дамир Нұрбаев.

Мейрамханада  бас  қо сқан 

қарияларға  демеушілік  етіп,                    

дастархан  жайған  «Санабар» 

мейрамханасының  иесі  Зухра 

Мұхаммеджанова қарттарға азық-

түлікке толы пакеттер ұсынды. 

Қариялар  әсерлі  өткен  сырлы 

кештің арқасында өткен күндеріне 

оралғандай  күй  кешіп,  өздерін 

құттықтауға  келген  азаматтар-

мен  шарықтаған  ән  құшағында  

дөңгелене би биледі.



Құралай СеЙСеНБеКҚЫзЫ, 

Нұржан СеРІКХАНҰЛЫ.

10

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

ТАрАзы

ҚОғамдыҚ КӨліК: 

баға мЕн Қауіп

 

„

Жылдар алға жылжыған сайын тарихын тереңге тартқан көне  шаһар да дами түсіп, 



қалада халық саны артып келеді. бас жоспарға сәйкес Тараз аумағы кеңейді.  Әлбетте, 

бұл оңтайлы өзгерістер қала тұрғындарына қызмет көрсетіп отырған  қоғамдық 

көліктердің саны мен сапасына  назар аударуды да міндеттеді. 

Индира БАЙҚОНЫС                                                                    

 Күйбең тіршілікпен күн сайын 

мыңдаған тараздықтар қоғамдық 

көлікпен жұмыс орындарына, базар-

лар мен дүкендерге және  тағы да 

басқа  жерлерге ұдайы қатынайды.  

Осы  орайда,  атқарушы  билік  та-

рапынан  қоғамдық  көліктердің 

жұмыс сапасын арттыру мақсатында 

жүйелі  жұмыстар  да  атқарылып 

келеді.    Қала  әкімдігінің  тұрғын 

жай-коммуналдық  шаруашылық, 

жолаушы көлігі және автомобиль 

жолдары  бөлімінің    мәліметіне 

жүгінсек, бүгінде қалада 11 тасы-

малдаушы  мекеме тұрақты 45 бағыт 

бойынша жолаушыларға күнделікті 

527  автобуспен қызмет көрсетеді.  

Оның  40-ы автобус бағыты болса, 

5-уі шағын автобус бағыты. Бұған 

қоса, қаладағы қоғамдық көліктердің 

барлығында  тұрғындардың 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін 

және автобустар мен шағын автобус 

маршруттарының  кестеге сәйкес 

жүруін қадағалап бақылайтын зама-

науи  GPS қондырғысы орнатылған. 

Сондай-ақ  қоғамдық  көліктердің 

жүру тәртібі жөнінде кеңінен ақпарат 

аламын десеңіз, taraz-bus.kz. сайтына 

кіруіңізге әбден болады. Осы орайда, 

автопарктердегі темір тұлпарларды 

жаңарту мақсатында «Жол картасы»  

Даму бағдарламасы аясында 2012-

2014 жылдары 359 автобус сатып 

алынған. Осылайша, №1, 3, 5, 7, 11, 

12, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 23, 27, 29, 30, 

32, 33, 36, 37, 41, 43, 46, 47, 51 марш-

руттар толығымен жаңартылған-ды. 

Жалпы, соңғы  3 жылда қоғамдық 

көліктердің  80%-ы ауыстырылған.  

Халыққа қызмет көрсететін автокөлік 

мекемелерінің  техникалық база-

сы да реттеліп, соңғы 2-3  жылда 

«ӘулиеатаТрансПасс», «Таразтранс-

моторс», «Саят», «Саяхат-99», «Экс-

пресс-05» жауапкершілігі шектеулі 

серіктестіктері  жер телімдерін сатып 

алып,  өздерінің  жеке  базаларын 

тұрғызған. 

Сондай-ақ биылдың өзінде атал-

мыш  бағдарлама  аясында  «Са-

пар Транс -2012» ЖШС Қытайда  

шығарылған  «ДунФен»  маркалы 

орташа сыйымдылықты 15 автобус 

сатып алса, «ТаразТрансМоторс» 

ЖШС Ресей зауытынан шығарылған 

«ПАЗ»  маркалы  7  дана  орташа 

сыйымдылықты автобус сатып алған. 

Ал күні кеше  «№1 автобус паркі» 

ЖШС Ресейдің өнімі  «ПАЗ» маркалы 

орташа сыйымдылықты, газ отымен 

жүру құрылғысымен жабдықталған 

19 автобусты халық игілігіне алып-

ты. Бұл жаңа көліктер  №55 автобус 

бағытындағы ескі көліктерді ауысты-

ратын болады.  

Әрине,  жоғарыда  келтірген 

мәліметтер көңілге қонымды. Алай-

да қала әкімінің халықпен кездесуі 

барысында тұрғындар тарапынан 

қоғамдық көліктердің қызмет көрсету 

сапасына сын көп айтылады. Біз де 

өз тарапымыздан бұл мәселеге орай, 

қаладағы бірқатар  кәсіпорындар мен 

жоғары және арнаулы оқу орындары-

на арнайы бас сұғып, азаматтардың 

пікірін білгенді жөн көрген едік.  

Атап айтқанда, «Тараз-Су», «Тараз-

ТрансЭнерго», «ҚазТрансАймақ»  

МКК қызметкерлері  мен Д.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ,   Тараз гуманитарлық-

инновациялық университеті және  

«Парасат»,  Жамбыл политехникалық 

колледжінің студенттері  өз ойларын 

ортаға салған-ды. Сауалнамамызға 

қатысқан респонденттердің 95 пайызы 

қоғамдық көліктердің қызмет сапа-

сына көңілдері толмайтындықтарын 

ашық  айтты.  Мәселен,  жұмыс 

орындарына  «Құмшағал»  елді 

мекенінен қатынайтын тұрғындар 

бұл ауылға бір ғана  №54 маршруттың 

қатынайтынына қапалы. Олардың 

сөзіне қарағанда, шағын автобустың 

іші адамға үнемі толы болады. Ал 

қаламыздың ішінде орналасқан 5-ші 

мөлтек ауданына да жалғыз №23 авто-

бус қана жүреді. Аталған маршруттың 

жүру жиілігі 20-30 минутқа дейін 

барса, жұрт жұмыстан қайтатын кешкі 

19:00 шамасында ол өз жұмысын 

тоқтады. Сондай-ақ темір жол бекеті 

маңында тұратын тараздықтар мұнда 

қатынайтын автобустардың басым 

көпшілігі соңғы  аялдамаларға дейін 

бармайтынына өз наразылықтарын 

білдірсе, «Тастақ» алқабы тұрғындары 

қала орталығына бірнеше автобустың 

көмегімен  жететіндерін  айтады. 

Ал  «Тектұрмас»  иінінде  №34 

маршруттың  күніне  бір  рет  қана 

қатынауы мұндағы халықты әбігерге 

салып отырғанға ұқсайды. Әрине, 

бұл ретте, мектеп оқушыларының, 

соның  ішінде  екінші  ауысымда 

білім алатын, кешқұрым үйлеріне 

қайтатын  балалардың  жағдайы 

ескерілуі тиіс-ақ.  «Көлтоған» иінінің 

тұрғындары қала билігінен қосымша 

автобустың қатынауын өтінсе, «Арай» 

иінінің халқы  № 11, 27, 37 және 57 

автобустарға  міну  үшін  біршама 

шақырым жерді жаяу жүруге мәжбүр 

екендіктерін алға тартты. Сондай-

ақ «Әулиеата» әуежайы маңында 

тұратын жұрт №27  автобустың кешкі 

уақытта қатынауға ынталы еместігін 

сын тезіне алды. Бұл мәселеге орай, 

аталған маршруттың жүргізушілері 

әуежай маңына қатынайтын халық 

санының  тым  аздығын  алға  тар-

тып, жанар-жағармайды далаға тек-

ке төккілері келмейтіндіктерімен 

түсіндірді. «Міне, осындай себеп-

салдардың  кесірінен  мектеп 

оқушылары «Тараз-Шымкент» тас 

жолында қалып қалған кездер аз 

емес», - дейді тұрғындар мұңдарын 

шағып. 


Бұған қоса, мектеп оқушыларының 

көпшілігі  жол  жүру  билетімен 

қатынайтынын білетін кейбір ав-

тобус жүргізушілері оларды тиісті 

жерлеріне жеткізуге құлық таныта 

қоймайды.  Осы орайда, қоғамдық 

көліктердің халыққа қызмет көрсету 

сапасына баға берген халық  №46, 

17 және 16 маршруттарға көңілдері 

толмайтындықтарын  жеткізсе, 

№23  автобустың  ішкі  тазалығы 

және  автобус  жүргізушілері  мен 

кондукторлардың жұмыстарын оң 

бағалады. «Тек бұл қоғамдық көлік 

жиірек жүрсе ғой», - дейді тұрғындар 

талап-тілектерін ортаға салып.

Ал  №11  автобуспен  күнделікті 

қатынайтын тұрғындар оның тым 

көмескілігін тілге тиек етсе, №33 

Қытайдың шағын автобус салонының  

ішінің тарлығы мен қысты күнгі 

суығы да айтылды. 

Иә,  адам  өмірі  ойыншық  емес.  

Күнделікті өмірде өзіміз де қоғамдық 

көліктің қызметіне жүгінетіндіктен, 

онда  орын  алатын  түйіткілді 

мәселелерді жақсы білеміз. Расын-

да, көптеген автобус жүргізушілері 

бекітілген  жоспарды  орындау 

үшін  алды-артына  қарамастан, 

барынша жоғары жылдамдықпен 

жүремін деп, көлік ішінде отырған 

қаншама жұрттың өміріне жауапты 

екендіктерін естерінен де шығарып 

алады.  Сондықтан  да,  автобусқа 

мінген жұрт межелі жеріне жетемін 

дегенше,  жүректерін  «қолына 

ұстап» отыруға мәжбүр. Бұл – бір. 

Екіншіден, қоғамдық көлікке оның 

қызметкерлері адамды мінгестіріп, 

мінгізе беретіндіктен, ине шаншыр 

орын болмайды. Текетірескен жұрт 

бір-бірімен айқасып жатады. Егер 

қала  ішіне  қатынайтын  барлық 

бағыттағы автобустар, өз міндеттерін 

дұрыс орындап, уақытымен тұрақты 

түрде жүріп тұратын болса, мұндай 

келеңсіздік орын алмас еді.

Бүгінгідей нарық заманында барлық 

нәрсе қаржыға келіп тірелетіндігі 

белгілі.  «Жүргізушілердің  ала-

тын  жалақылары  мардымсыз 

болғандықтан, көптеген жағымсыз 

фактілер  тіркеледі»,  -  деді  «№1 

Тараз автобус паркі» ЖШС  өкілі 

Қайрат Даурамбеков. «Шынтуай-

тында, бүгінгі таңда қаламыздағы 

автопарктер өз шығындарын ақтамай 

отыр. Біз халыққа қызмет көрсететін 

көліктерімізді  жиі  ауыстырамыз. 

Оның көбісін несиеге алғандықтан 

қарызымызды қайтара алмай отыр-

мыз. Екінші мәселе, кәсіби біліктілігі 

жоғары қоғамдық көлік жүргізушілері 

жетіспейді. Сіз сенесіз бе, олар таңғы 

сағат 6:00-ден кешкі сағат 21:00-ге 

дейін тынымсыз жұмыс істейді. Ал 

алатын айлықтары небәрі 40-45 мың 

теңге. Қазір мұндай айлық-жалақымен 

күн көрудің өзі мүмкін емес. Міне, 

осындай азын-аулық айлыққа жұмыс 

істегісі келмейтін көлік жүргізушілері                                                                                   

Астана, Алматы сынды мегаполистер-

ге жұмыс іздеп кетеді. Ал мемлекеттен 

айтарлықтай көмек жоқ. Сондықтан 

біз өзіміздің ішкі мәселелерімізді 

шешу үшін алдағы уақытта жолақы 

құнын тағы да қымбаттатуымыз бек 

мүмкін», - дейді  ол.

Бұған қоса, сала маманы қоғамдық 

көліктерді қалай болса, солай айдай-

тын жүргізушілер жоқтың қасы екенін 

тілге тиек етіп, бүгінде қалада еңбек 

етіп жүрген жүргізушілердің жасы 

Заңға сәйкес  25-тен жоғары  болып 

табылатынын жеткізді.     

Иә,  барлық  автопарк  басшы-

лары  республика  бойынша  көне 

шаһарымызда ғана қоғамдық көліктегі 

билет бағасының едәуір арзандығын 

алға  тартады.  Алайда  жергілікті 

халықтың әлеуметтік жағдайын алып 

қалалармен салыстыруға әсте келе 

қоймас. Оның үстіне, жуырда ғана 

қоғамдық көліктерде тегін жүретін бір 

топ азаматтардың мұндай жеңілдіктен 

айырылып, студенттердің жүру билеті 

50 теңгеден 55 теңгеге көтерілгені 

тағы  бар.  Олай  болса,  қоғамдық 

көліктердегі  сервис  мәселесін 

түбегейлі шешпей, бағаны шарықтату 

мәселесі тым орынсыз секілді. Осы 

тұста, қаладағы қоғамдық көліктердің 

экологияға тигізіп отырған залалын 

айтпай кетуге әсте болмас. Күн сай-

ын көне шаһардың жолдарымен кем 

дегенде 100 мыңнан астам көлік жүріп 

өтсе, ауаның ластануының 90 пайызы 

көліктердің  үлесінде екен. 

Түйін: Тозығы жеткен, сапасы сын 

көтермейтін қоғамдық көліктер. 

Иін тірескен жолаушы. Бітпейтін 

дау. Даңғаза әуен. Қауіпті орта. 

Бұл – тұрғындардың шаһардағы 

қоғамдық көліктердің қызметіне 

берер бағасы. Әрине, осы мақаланы 

дайындау барысында жергілікті 

атқарушы  билік  тарапынан 

айтарлықтай тірліктің атқарылып 

жатқанына  көз  жеткізуге  бо-

лады.    Дейтұрғанымен,  кейбір 

келеңсіздіктерге қарап, қоғамдық 

көліктегі түйіткілді мәселелер бір 

күнде шешіле қоятынына сену де 

қиын-ау, сірә.

Ей, мұнда да орын жоқ...


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

КЕлБЕТ


11


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет