Хабарландыру Құрметті қала тұрғындары!



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,34 Mb.
#6057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

адам ЖүрЕгінің инЖЕнЕрі

 

„

адам ағзасының темірқазығы — жүрек. Қалай дегенде, бүгінгі қоғамда әрбір 



жүрек ақауына шалдыққан науқастарды, әсіресе, жасөспірімдер мен сәбилерді 

алысқа сабылтпай, шет ел асырмай, облыс орталығында ота жасау – үлкен 

жетістік. соның арқасында жүрек сырқаты бар қаншама жандар қыруар қаржысын 

шығындап шет елдерге сандалмай, өз елімізде-ақ ем қабылдай алатындай 

мүмкіндікке ие болды. Халық «алтын қолды дәрігер» атайтын Тараздағы ғылыми-

клиникалық кардиохирургия және трансплантология  орталығының директоры, Қр 

профилактикалық медицина академиясының академигі, Қырғызстан Ұлттық ғылым 

академиясының корреспондент-мүшесі, Қырғыз республикасына еңбегі сіңген 

дәрігер, медицина ғылымдарының докторы, профессор сейітхан Жошыбаевпен 

сұхбаттасудың жолы түсті.  

– Әңгімеміздің әлқиссасын  қызығынан 

қиындығы басым, жауапкершілігі үлкен 

медицина саласына келуіңізден бастасақ. 

Бұл мамандықты өзіңіз таңдадыңыз ба?

– Жасыратыны жоқ, о баста тау-тауды 

аралап, зерттеу жүргізетін геолог-инженер 

болуды армандайтынмын. Сегізінші сыныпқа 

дейін осы бағытта түрлі кітаптарды оқып, 

қатты дайындалдым. Туысқан ағамның бірі 

әскери адам болатын. Бір күні үйге келіп, 

менің кім болғым келетінін сұрады. Мен 

арман-мақсатымның бәрін айтып, Алматыға 

оқуға түскім келетінін жеткіздім. Сонда ол 

кісі: «Сен одан да дәрігер бол, оның ішінде 

хирургияны таңда. Адамдардың өміріне 

араша боласың» – деді. Сол сәттен бастап 

аңсарым дәрігерлікке ауды. Оқуда озат 

болып, мектептің соңғы сыныбында до-

сыммен бірге Мәскеу қаласындағы Киров 

атындағы әскери медициналық академи-

ясына хат жазып, бізді оқуға алуларын 

сұрадық. Олардан академиядан оқу жылы 

аяқталғанға дейін әскер санының азаюына                                                                                                

байланысты    жас  талапкерлерді  оқуға 

қабылдау болмайтындығы  туралы хат келді. 

Сөйтіп, 1956 жылы мектепті тәмамдаған 

соң досым әскерге кетті, мен Қырғызстанға 

оқуға түстім. 

– Жалпы, алғашқы еңбек жолыңыз қалай 

басталды? Бірінші жасаған отаңыз есіңізде 

ме? Білуімізше, көршілес айырқалпақты 

ағайындармен ұзақ жылдар қатарында 

қоян-қолтық жұмыс жасадыңыз. Осы 

жөнінде айтып берсеңіз.

– Алғашқы ота ол енді студенттік кездегі 

қарапайым ота ғой. Соқырішекке 5-курста 

жасадық. Жүрекке алғаш Мәскеуде аспи-

рантурада жүргенде жасадым. Ол кезде 

жүректің ең бір жеңіл операциясын жасаған 

жайым бар. Хирург болуды алдыма мақсат 

етіп қойғаннан кейін, арманға жету жолында 

аянбадым. Медицина саласы жайлы көптеген 

ғылыми кітаптарды оқып, тәлім берген 

ұстаздарымның айтқанын екі етпейтінмін. 

Менің ұстаздардан жолым болды. Мәселен, 

Қырғыз елінде тұңғыш жүрекке ота жасаған 

Иса Ахунбаев, өз ісінің үздігі Владимир 

Бураковский сияқты академиктер тек ұстаз 

ғана емес, менің өсіп-өркендеуіме жол 

ашқан адамдар. Оқуды тәмамдап келгеннен 

кейін, Қырғызстанның Нарын деген шағын 

ауданында жұмыс жасадым. Алматыдағы                                                             

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми 

хирургия орталығында жүрек хирургиясы 

бөлімшесіне жетекшілік еттім, елге таныла 

бастаған шақта белгілі бір себептермен 

Қырғызстанға қайта ауысуға тура келді. Кейін 

сол жақта жүріп, академик Иса Ахунбаевтың 

ақыл-кеңесімен Мәскеуге аспирантураға 

оқуға түстім. Мәскеуде әйгілі ғалымдардың 

үлгі-өнегесін, тәрбиесін көрдім. Кеңес 

Одағында, шет елдерде бірлескен оталар 

жасадық. Осынау тәжірибе мектебінен алған 

тәлімім Қырғызстанда еңбек еткен жылдары 

көп көмектесті. Бұл елде елу бір жылдан 

астам уақыт қызмет етіп, көптеген жерлерде 

басшылық қызметте болып,  кейін зейнет-

ке шығып, бәрін түйіндеп, елге қайттым. 

Ал 2007 жыл өміріме үлкен өзгерістер 

әкелді. Сол бір жылдардағы орындалмай 

қалған арманымды іске асыру, денсаулық 

сақтау ісінің Қазақстандағы ең зәру саласы – 

жүрек хирургиясына үлес қосу, оны елімізде 

өркендету жайын жан-жақты ойлап, ойымды 

қағазға түсіріп, Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа хат 

жолдадым. Елбасымыз ұсынысымды қабыл 

алып, туған жерге табан тіреуіме көмектесті. 

Мен келер кезде елдің көбі «Жамбыл жері 

әлеуметтік-экономикалық жағынан кейіндеп 

қалған» дегені бар. Тым құрығанда жүрекке 

ота жасау жағын, жүрек хирургиясын,                                                             

кардиохирургияны қолымнан келгенше 

көтерейін деп тұжырым жасадым. Осылай-

ша жеке меншік негізде кардиохирургия 

орталығын аштым.



– Бізде жергілікті мемлекеттік оқу орда-

ларынан бөлек, базасы толыспаған, жеке 

меншік колледждер, тағысын тағылар 

ашылып жатыр. Олар студенттерді 

қабылдап, жұмыс жасауда. Бұлардан 

қаншалықты сапалы кадр күтуге болады?

– Қазір үкіметтік пен жеке меншікті са-

лыстырып, бәсекелестіріп қойып жатыр 

ғой. Бәсеке болса тез дамиды, өрлеу болады 

дегендері ғой. Ақшасы болмаса да,  несие 

алып  той  жасайтындар  бар. Бұл да сол 

сияқты көрінеді кейде. Бұл енді жақсы 

емес. Бәсеке мықты, дұрыс болса, онда 

оқу орындарының да мықты дамуына әсер 

етеді. Мен білетін «Болашақ» пен жергілікті 

медициналық колледждің бір-біріне ешбір 

зияны жоқ. Бізде мейірбикелер жетіспейді. 

Ол сапаның жоқтығынан емес, талаптың 

жоқтығынан болып жатады. Бәсеке лайықты 

болса, база дұрыс болса, ешкім ұтылмайды. 

Бәрі де жаңа айтқандай талапқа байланысты. 

Болмаса, сынақ дәптеріне өтірік бағаны 

болмашы ақшаға қойғаннан түк пайда жоқ.



–  Медицина  мамандары  аудан 

орталықтарында, ауылдарда жетіспейтіні 

мәлім. Мұны шешу үшін аудан басшы-

лары бірнеше бюджет есебінен грант 

қарастыратынын білеміз. Осы жолмен 

біз аталған мәселені шеше алмайтын 

сияқтымыз. Ал сіз қалай ойлайсыз?

– Өз салама байланысты айтайын. Оның 

барлығы неге байланысты? Біз демократия 

дедік те, бәрін бетімен жібердік. Үйлестіру, 

жүйе, басқару деген болуы керек қой. Мы-

салы, кардиологияны алып көрсек, Тараздың 

өзінде ғана үш бірдей кардиохирургиялық 

клиника бар. Бұл керек пе, керек емес 

пе? Облыста 1 миллионнан астам халық 

бар. Шет елде бір миллион халыққа бір 

кардиохирургиялық орталық жетеді деп 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 

мәселені таразылап берді. Ал бізде үшеу. 

Бұлар не істеп жатыр? Осыны бақылауға 

болады ма? Болатын шығар. Оның мемлекет 

үшін қаншалықты пайдасы бар? Айталық, көп 

жерде ауруханалар бірінен соң бірі салынып 

жатыр. Оның 200, 250 келушіге арналғаны 

бар. Солар бізге қаншалықты қажет? Бұл 

мәселеге басын ауыртқан адам аз-ау... Көп 

нәрсені бақыласаң, «қайнайды қаның, ашиды 

жаныңның» кері.  Елімізде кардиохирургияны 

дамытам деп жүрген, жүрекке ота жасауға 

құлықты 26 мекеме бар екен. Біз бүкіл 

әлемдегі дамыған 30 мемлекеттен де асып  

кеттік пе сонда? Ал оның сапасы қандай? 

Қаншалықты өз-өзін ақтап жатыр? Қыруар 

қаржыға алынған аппараттар қаншалықты 

жұмыс жасауда? Осыны бақыласақ, дұрыс 

болар еді. 



–  Жалпы,  өзіңіз  басқарып  отырған 

ғылыми-клиникалық кардиохирургия және 

трансплантология  орталығының бүгінгі 

жай-күйіне тоқталып өтсеңіз.

–Орталықтың  негізгі  қызметі  –

инновациялық-медициналық  технологиялар-

ды пайдаланып, жоғары мамандандырылған 

кардиологиялық, кардиохирургиялық көмек 

көрсету,  сонымен  қатар  амбулаторлық 

тексерістен кешенді оңалту көмегіне дейінгі 

аралықта науқастарға шипа беру; кардиоло-

гия, кардиохирургия және интервенциялық 

кардиология  аясында  ғылым-білім 

әрекетін жүзеге асыру; дерті асқынған 

науқастарға хирургиялық араласулар жасап, 

мүмкіндігінше тұрғындардың өмір жасын 

ұзартуға, өлім, мүгедектік көрсеткіштеріне жол 

бермеуге атсалысу. Сондай-ақ науқастарға, 

оның ішінде жаңа туған нәрестелер мен 

балаларға сапалы, мамандандырылған 

дүниежүзілік  стандарттарға  сәйкес 

кардиологиялық және кардиохирургиялық 

көмек көрсетуге бағытталған. Орталықта 

әлемдік  медициналық  оқу  орында-

рында тыңғылықты білім алған және 

Түркия, Қытай, Чехия, Польша, Германия,                                                                                  

Латвия, АҚШ және Ұлыбритания клиника-

ларында іс-тәжірибеден өтіп, машықтанған 

кәсіби мамандар жұмыс жасайды. Белгілі 

медициналық  оқу орындарында  дәріс  

тыңдап жүрген жас дәрігерлерді жүрек ау-

руларына байланысты ғылыми-зерттеулерге 

қатыстыру біздің орталықта да іске асы-

рылуда. Заманауи құрал-жабдықтармен 

жабдықталған мекемеде жүрек ауруларының 

диагностикасы, оның ішінде жүктілік 

кезеңіндегі сәбиде кездесетін аурудың 

даму сатысын анықтау, одан әрі емделудің 

жоспарын, хирургиялық ем жасау, коро-

нарлы жүрек аурулары, кіші инвазивті 

араласулар, скринингтік тексерулер, соңғы 

модельдегі мультиспиральді компьютерлік                                                                                                    

томографиямен азаматтардың қан айналым 

ауруларын анықтау тәрізді медициналық 

қызметтің барлық түрлері көрсетіледі. Біздің 

орталық медициналық қызмет көрсету 

жағынан еліміздегі 24 кардиохирургиялық 

мекеменің ішінде Алматы мен Астанадан 

кейінгі орында тұр десек, қателеспейміз. 

Бүгінде орталыққа ота жасатуға науқастар 

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, 

Маңғыстау облыстарынан және көрші 

қырғыз, өзбек елінен де келуде. Облыс 

тұрғындарына  тегін  кепілдендірілген 

медициналық көмек көлемінде қызмет 

көрсету,  ем-шара  қабылдау  Бірыңғай 

ұлттық денсаулық сақтау жүйесі негізінде 

ауруханаға жатқызып емдеу бюросының 

порталы арқылы  да жүргізіледі. Жылы-

на  250-ден  400-ге дейін ота жасалатын 

орталық жұмысының маңызды бөлігін 

күрделі және бірегей реконструктивті 

хирургиялық араласулар құрап отыр. Ал  

жыл  сайын  қыркүйек  айының  29-шы 

жұлдызы Дүниежүзілік жүрек күніне орай 

Ашық есік күні ұйымдастырылып, жүзден 

аса қала, аудан, ауыл тұрғындарына тегін 

медициналық қызмет түрлері ұсынылады. 

– Қазақ медицинасы қай мемлекеттің 

медицинасынан үлгі алуы керек деп ой-

лайсыз?

–  Нақты мына мемлекет деп айтуға 

болмайды деп ойлаймын. Әр елдің жақсы 

жағын алу керек. Мәселен, Германияда 

«жасанды жүрек» жасалса, Испанияда, 

АҚШ-та заман талабына сай техникалардың 

түрлерін пайдаланып, адам өміріне барынша 

араша түсудің тың жолдары тәжірибеден 

өтуде. Осы елдерден өзімізге керектіні алып 

отырған ләзім.  Қазақ медицинасы еліктемей, 

қажеттіні алып қана, өзінше жұмыс жасап-

ақ, өзіндік бет-бейнесі дамыған елдердің 

алдында қалыптастырды. 

– Сіз бүгінгі таңға дейін мыңдаған  

жанның өміріне араша болып, талай 

жүректерді ашып, оны қолмен ұстап та 

жүрсіз. «Жүрекке әжім түспейді» дейді 

Шерхан Мұртаза атамыз. Аға, жүректі 

қалай қорғауға болады? 

– Бүгінгі таңға дейін шамамен он мыңнан 

астам жүрекке ота жасадым. Соңғы 3-4 

жыл болды, аса ауыр оталар болмаса, 

жас мамандардың біліктілігіне сеніп, 

шәкірттеріме жол беріп жүрмін. Оңтүстік 

Африка Республикасының кардиохирургі 

Кристиан Барнард жүрек ауыстыру от-

асын алғаш жасағанда, таң қалушылар 

көп болды. Шет елдің ғалымдары жүрекке 

қанды бір мезет өзіне жинап, адам ағзасына 

түгелдей тарататын насос деген ұғым берген. 

Меніңше, жүрек - сезімтал мүше. Ол сыз-

дайды, сүйеді, жек көреді. Әдебиетшілердің 

жүрек турасында айтқан әдемі, көркем 

сөздері дөп айтылған. Адамның бір-біріне 

деген сезімі, сүйіспеншілігі бар кезде жүрек 

ешқашан қартаймады, кірлемейді, оған 

әжім де түспейді. Ал жүрек ауруына келер 

болсақ, сырқат адам жасын таңдамайды. 

Ол органикалық өзгерістерге байланысты. 

Жүректі сақтау үшін адам таза болуы ке-

рек. Оның ішкен асынан бастап, жасаған 

әрекеттері мен өмір сүру қағидалары,                   

сезімі - барлығы адал, пәк болуы керек.  Ал  

егер адам баласы қатыгез, біреуге жамандық 

жасап, ішкен тамағын таңдамай, зиянды зат-

тарды жиі пайдаланса, ол жүрек шаршайды. 

Артық салмақтың өзі жүректің соғуына кері 

әсерін тигізеді. Ал дәрігерге дер кезінде 

қаралмай, ауруды асқындырып алатын 

адамдарға «өз жүректеріңізді күтіңіздер» 

дегім келеді. Оның себебі айтпаса да, 

түсінікті деп ойлаймын. 



– Біраз атақты алдыңыз, әлі де еңбегім 

еленбеді деп ойлайтын сәттеріңіз бо-

лады ма? Сондай-ақ сіз алмаған атақ-

дәреже бар ма? Және сіздің жеткен 

жетістіктеріңіздің ішінде сіз үшін орны 

ерек марапат қайсысы?

–  Жоқ,    мен    еліме,    жұртыма,                     

емделушілеріме  -  бәріне  ризамын. 

Алғыстарын ылғи да айтып жүреді. Маған 

одан артық не керек? Шыны керек, бүгінгі 

жеткен жетістігіме шүкіршілік етемін. Мен 

ешқашан атақ-даңқ үшін еңбек етпедім. 

Бала арманымның асқар шыңы бүгінгі 

күнге жеткізді. Ал мен үшін ең мерейлі 

атақ - халқым берген ризашылық. Әрбір 

науқасымның аяқтан тұрып, ауруынан 

түбегейлі айығып кеткені – мен үшін 

үлкен мәртебе. Марапаттарымның ең 

жоғарғысы ретінде мақтана, марқая айтаты-

ным – Елбасының қолынан алған «Парасат», 

«Даңқ», «Барыс» ордендері. 



– Жанұяңызда  сіздің жолыңызды қуған 

ұл-қыздарыңыз бар ма?

– Жұбайым көз дәрігері, үлкен ұлым 

мен қызым да дәрігерлер, екінші ұлым 

Сыртқы істер министрлігінде. Бүгінде он 

немере, төрт шөберенің атасымын. Менің 

бастаған ісімді немерем Елжас жалғайды деп 

сенемін. Ол  бүгінде  Англияда Кембридж 

университетінің колледжінде 1-курста оқып 

жатыр. Алдағы емтихандардан кейін Герма-

ния қаласында оқуын жалғастырады. Оны  

ең  алғаш 8-ші  сыныпта  оқып жүргенде, 

жүрекке ота жасап жатқанымда қасыма 

алып, сынап көргенмін.  Сынақтан сүрінбей 

өтіп, салаға деген  қызығушылығы  сол  

сәттен  бастап  арта түскенін байқап, бүгінде 

білімін шыңдауда ешбір аянбай еңбек етуде. 



– Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан  Арайлым  ШАБдеНОвА.

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

орТА

Ән дЕ, Жыр да ТӨгілді

 

„

Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері 



кәсіподағының Жамбыл облыстық ұйымы «бүгінгі кәсіподаққа – 

белсенді жастар» атты кәсіподақ мүшелігіне ынталандыру айлығын 

жариялаған болатын. Осыған орай, кәсіподақ облыстық ұйымының 

бастамасымен, облыстық білім басқармасы қарамағындағы  білім 

мекемелері мен аймақтағы жоғары оқу ұйымдары бірлесіп  «менің 

Қазақстаным» атты патриоттық әндер мен кәсіподақтық жыр байқауын 

өткізді. 

Шынболат СеЙдУАЛИев

Жас  ақындар  жыр  сайысының  ашылу  салтанатында  сөз 

алған  Тараз  Жастар  ресурстық  орталығының  директоры                                    

Елдос Төлендиев шараның мақсаты  «Қазақстан 2020:болашаққа 

жол» ҚР Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі 

тұжырымдамасын  қаламызда  іске  асыру,  жастар  арасында 

патриоттық сезімін ояту, жастардың шығармашылық өнерін 

шыңдау, мәдени іс-шараларды дамыту екендігін айтты. Со-

нымен қатар қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі Мақұлбек 

Жаналиев өлеңді жанына серік еткен жас ақындарға өлең сай-

ысында сәттілік тілеп, ақ батасын берді. 

- Еліміз тәуелсіздік алған ширек ғасыр уақытта ауыз тол-

тырып  айтарлықтай  жетістіктерге  қол  жеткізді.  Әлемдік 

аренада Қазақстан ойып тұрып өз орнын ала алды. Осындай 

жетістіктеріміз кез келген өнер адамының шабытына арқау 

болары  анық.  Оның  ішінде  қолына  қаламды  серік  еткен 

ақындарымыз қалыс қалған емес. Бүгін ақындық өнерге енді 

 

„

Қр Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 



қаладағы жоғары және орта арнаулы 

оқу орындарының студенттері арасында 

«Жырлайды елдің бақытын, Тәуелсіз елдің 

ақыны!» атты қалалық жас ақындар мүшәйрасы 

өтті.

Жас ақындар тәуелсіздікті жырлайды                                                                                     

Құралай СеЙСеНБеКҚЫзЫ                                                                              

Айлықтың ресми ашылуы білім саласы 

ардагерлерін Ұстаздар күні әрі Қарттар 

күні мерекесімен құттықтап, сый-сияпат 

жасаудан басталды. Ардагерлер қауымы 

жас мамандар мен студент жастарды салта-

натты түрде кәсіподақ қатарына қабылдау 

шарасына атсалысып, жастарға ақжарма 

тілегін  ақтарып,  кәсіподаққа  мүшелік 

билетін табыстады.

Кәсіподақ  ұйымындағы  жастардың 

мәртебесі мен шығармашылық белсенділігін 

көтеру, әлеуметтік және кәсіби тұлғасын 

қалыптастыру мақсатында өткен байқауға 

аудан мен жоғары және арнаулы орта оқу 

орындарынан бір үміткерден қатысты. 

29 жасқа дейінгі қатысушылар байқау 

шарты бойынша екі түрлі өнер көрсетті. 

Алғашқысы  тақырыпқа  байланысты 

патриоттық  ән  орындау  болса,  екіншісі 

кәсіподақ қызметіне байланысты өзінің төл 

туындысын оқу керек-ті. 

  «Асыл  Арман»  ұлттық  дәстүр  мен 

өнерді  қолдау»  ҚБ  төрағасы  Ринат 

Нұрақбаев, М.Х. Дулати атындағы  ТарМУ 

«Мәдениет және өнер» кафедрасының  аға 

оқытушысы Есілбек Бимурзаев, облыстық 

мектеп  олимпиадалары  мен  мектептен 

тыс шаралар өткізу орталығының музыка-

эстетикалық  бөлім  меңгерушісі  Айгүл 

Сатыбалдиева  және  Жамбыл  облыстық 

филармониясының  әншісі  Маралбек 

Бабақұловтар  қатысушылардың  өнерін 

бағалап, қазылық етті. 

Б а й қ а у   н ә т и ж е с і   б о й ы н ш а                                                  

М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Мәдениет 

және  өнер»  кафедрасының  инженері 

Қуат Рахманбердиев бас жүлдені жеңіп 

алды.  Ал 1-ші орынға  Мойынқұм ауданы, 

Т.Рысқұлов  атындағы  тірек  мектебінің 

мұғалімі Нұрболат Шікетаев лайық деп та-

нылды. Жуалы ауданы №1 Г.Орджоникидзе 

мектеп-гимназиясының  ағылшын  тілі 

пәнінің  мұғалімі  Самал  Аманбаева  мен 

Абай  атындағы  Жамбыл  гуманитарлық 

колледжінің Жастар ісі жөніндегі комитет 

төрайымы Сандыгүл Сейдалиева  2-ші орын 

биігінен  көрінді.  Жүлделі  3-ші  орынды 

Тараз қаласы Мектептен тыс жұмыс және 

балалар шығармашылық орталығының пе-

дагогы Меруерт Ыдырысова, Байзақ ауданы 

Балалар мен жасөспірімдер орталығының 

педагогы  Балмурза  Каленбаев  және                    

Жамбыл ауданы Қ. Сартбаев атындағы орта 

мектеп мұғалімі  Ақбаян Смағанбетовалар 

иеленді.


Қала күні  мерекесіне орай өтетін

   іс-шаралар жоспары

«Баласағұн» ОКз

13  қазан  2016 

жыл

19.00


Қазақстан 

эстрада 


әншісі 

Айқын 


Төлепбергеннің «Ең алғашқы» атты концерті

14 қазан  2016 

жыл

19.00


Дастан Оразбековтің ән  кеші.

Қалалық мәдениет үйі

12 қазан 2016 

жыл

17.00


«Жайдарлы»  Жастар  КВН  лигасы»  жастар 

қоғамдық бірлестігінің «Тараз – менің сүйікті 

қалам» атты КВН ойыны

Орталық стадион

14 қазан  2016 

жыл

19.00


Қала күні мерекесіне арналған 

театрландырылған қойылымдар, Қазақстан 

эстрада әншілері Айқын Төлепберген, Ғаділбек 

Жанай және «Тарту»  тобының  қатысуымен 

концерттік бағдарлама, мерекелік от шашу

№1,6 аумақтық округ (қалалық мәдениет үйі алаңы)

12 қазан  2016 

жыл

11.00


Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар  

№2,3  аумақтық округтер ( №10 мектеп)

12  қазан  2016 

жыл

сағат 11.00



Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар   

№4 аумақтық округ (№14 мектеп)

12  қазан  2016 

жыл

сағат 12.00



 Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар  

№5 аумақтық округ (№25 жатақхана ауласы)

11  қазан  2016 

жыл

сағат 11.00



Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар  

№7 аумақтық округ (№16 мектеп)

11  қазан  2016 

жыл

сағат 11.00



Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар  

№8 аумақтық округ

 (Бауыржан Момышұлы атындағы «жеңіс» саябағы ) 

13  қазан  2016 

жыл

16.00


Қала күніне арналған «Көркіңді көріп сүйінем-

жасампаз  қала  Таразым»  атты  мерекелік 

концерт, марапаттаулар 

«Мыңбұлақ» мөлтек ауданы, «Арман» саябағы

14  қазан  2016 

жыл

10.00


Қала күніне арналған мерекелік концерт 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет