Хабарландыру Құрметті қала тұрғындары!


№ 9 аумақтық округ (№ 16 орта мектеп)



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,34 Mb.
#6057
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

№ 9 аумақтық округ (№ 16 орта мектеп)

11  қазан  2016 

жыл

11.00


Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар

                                №10 аумақтық округ (№ 18  орта мектеп )

13  қазан  2016 

жыл

сағат 11.00



Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар  

                                №10 аумақтық округ (№ 17  орта мектеп )

13  қазан  2016 

жыл

сағат 11.00



Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар  

№11 аумақтық округ  ( әкімдік ғимараты)

11  қазан  2016 

жыл

сағат 13.00



Қала күні мерекесіне арналған мерекелік сауда-

саттық,  мерекелік концерттік бағдарлама және 

спорттық ойындар  

Не? Қайда? Қашан?

Жеңімпаздар легі.   

ғана  аяқ  басып  келе  жатқан  жас  ақындарымыздың  өнеріне 

қаныққалы отырмыз. Жазарларың таусылмасын, - деді қария.

    Сөз  дүлдүлдерінің  сайысына  қалалық  ардагерлер 

кеңесінің мүшесі, осы кеңестің Жастар ісі жөніндегі тұрақты 

комиссиясының  төрағасы  Мақұлбек  Жаналиев,  «Асыл  Ар-

ман» ұлттық өнер мен дәстүрді қолдау» ҚБ төрағасы Ринат 

Нұрақбаев,  ақын,  республикалық  «Шабыт»  фестивалінің 

жеңімпазы, облыстық «Ар-Ай» жастар газетінің бөлім бас-

шысы Хамит Есаман, Тараз Жастар ресурстық орталығының 

директоры  Елдос  Төлендиевтер  қазылық  етіп,  ақындардың 

сөз саптауларына, орамды ойлары мен ұйқастарына және ой 

саларлық тіркестеріне бағасын берді. 

    Байқауға қатысқан 23 ақын өздерінің жүректерінен жыр тер-

беп, өзгеше шабытпен, өрнекті ұйқаспен келгендерін, суырып-

салма ақындық өнерлерін, ішкі сырды өлеңмен жеткізіп, нағыз 

өздерінің таланттарын көрсете білді. Мүшәйра  2 кезең бойынша 

өрбіді. Жас ақындар алғашқы кезеңде ҚР Тәуелсіздігінің 25 

жылдығын  жырға  қосып,  еліміздің  бүгінгі  кейпін  өлеңмен 

өрді. Ал екінші кезеңде ақындар еркін тақырыпта өлең оқыды. 

Тартысты өткен байқаудың қорытындысы бойынша бас жүлде 

ТИГУ студенті Серік Спанәліге берілсе,  І орынды ТарМПИ 

студенті Ақәділ Аспетов, ІІ орынды ТарМПИ студенті Дидар 

Апбасов пен ТИГУ студенті Бейбарыс-сұлтан Өмірбай өзара 

бөлісті.    Ал  жүлделі  ІІІ  орынды  ТИГУ  студенті  Ақмөлдір 

Таңжарықова  мен  ТарМПИ  студенті  Жанерке  Қайрилина, 

«Тараз-Сервис»  және  Технологиялық  коледжінің  студенті 

Айшолпан  Асқарқызы  алды.  Сайыстың  жеңімпаздары  мен 

қатысушыларына ұйымдастырушылар тарапынан арнайы ди-

пломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. 



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

шАМшырАҚ


13

 

„

Қазақтың даласына да, санасына да сәулесін шашып, сонау атырау 



мен алтай арасындағы алып жер бесігінде тербетіліп жатқан ұлт 

ұрпағын жерқоңырауша оятып, білім шамшырағымен жылытқан, 

қанатын кеңге серметіп, қара танытқан теңдессіз тұлғаның бірі ыбырай 

алтынсарин еді. Еліміздегі Ұстаздар мерекесі қарсаңында  қазақтың аса 

көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам 

қайраткерінің тағылымды тағдыр жолын айналып өтуге болмас. биыл 

қазақтың ағартушылық және ұлттық мектебінің қалыптасуына қадау-

қадау із қалдырған ұлы ұстаздың туылғанына табаны күректей 175 

жыл толып отыр. 

ЕңбЕгі мҰра, Есімі Ұран

Айсана НҰРБАП

Келешектің күш-қуаты білімде екендігін 

қазақтың қара қазандай санасына төбеден 

құйып, төменнен от жаққан  Ыбырай 

ұрпақтың  тілегені іздемей-ақ табылғанын 

іс жүзінде қалап, күндіз күннің, түнде айдың 

жарығына айналып, қазақ баласына қара 

танытты.  Жасынан ерек туып, бөлек өскен 

ол білім жолында аянбай еңбек етіп, білім 

қорын молайта келе, өзінің алдына тілмаш 

болуды емес, туған халқына пайдалырақ 

басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. 

Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 

жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар 

үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде,                                                                                        

Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне 

мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. 

Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл 

аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің 

пайдасын  түсіндіріп,  біраз  баланы  өз 

үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы 

ғана ашылады. «Осы жылы қаңтардың 

8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, 

мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы 

кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен 

балаларды  оқытуға  қойға  шапқан  аш 

қасқырдай қызу кірістім» деп жазады 

ол  белгілі  шығыстанушы,  профессор 

Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында. 

Ыбырай  мектептегі  сабақ  пен  тәрбие 

жұмысын сол кездегі орыс мектептері 

үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде 

жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін 

үйретуге, пән негіздерінен білім беруге 

тырысады. Тәрбие жұмысын адамгершілігі 

мол, жаңа ұрпақ тәрбиелеп шығаруға 

бейімдейді. Ыбырай мәдениет пен білім жо-

лына халқының өте ынталы екенін жақсы 

ұғады. Сонымен бірге Ыбырай ел ішіндегі 

әлеуметтік теңсіздік, әділетсіздікті де көре 

білді. Басшылардың зорлықшыл, сорақы 

қылықтарын сынға алды. Ыбырайдың 

ағартушылық, демократтық көзқарастары 

осылайша қалыптасып  дамыды. Қоғамдық 

әділетсіздік пен адам бойындағы ұнамсыз 

мінездерге  қарсы  күресу  үшін,  ол  ел 

ішінде білім, өнер тарату ісін кеңейте беру 

керек деп ұғады. Сол ниетпен бар күш-

жігерін мектеп ісіне, бала оқыту жүйесін 

жақсартуға жұмсайды. 1876 жылы Ыбы-

рай Петербург, Қазан қалаларына барады. 

Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс 

ағартушыларының еңбектерін зерттейді. 

Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды 

ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай об-

лысы мектептерінің инспекторы қызметіне 

тағайындалады. Бұл оның ағартушылық 

қызметінің кең өріс алуына жол ашады. 

Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу 

ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар 

аралығында  Торғай  облысының  төрт 

уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) 

жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай 

қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол 

қазақ  даласындағы  техникалық  білім 

беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай 

қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл 

бөледі.  Бұған  ескішіл  әдет-салттарға 

қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 

1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін 

ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса 

зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер 

санының артуына байланысты Ыбырай 

мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды 

қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында 

тұңғыш  мұғалімдер  мектебі  ашылды. 

Ыбырай мектеп ашу ісімен ғана шектеліп 

қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-

тәрбие,  оқу  жұмысына  айрықша  мән 

берді.  Оқу-тәрбие  ісін  жаңа  бағытта 

ұйымдастырды. Бұл ретте ол мұғалімнің 

атқаратын рөлін жоғары бағалады. «Халық 

мектептері үшін ең керектісі – мұғалім. 

Тамаша, жақсы педагогика құралдары 

да,  ең  жақсы  үкімет  бұйрықтары  да, 

әбден  мұқият  түрде  жүргізілетін                                                                                                

инспектор бақылауы да мұғалімге тең келе 

алмайды» деп жазды ол. Ыбырай туған 

халқын ерекше сүйді, оның болашағына 

зор сеніммен қарады. Сондықтан халық 

ағарту ісін айрықша шабытпен жүргізді. 

1883 жылы Торғай облысының әскери 

губернаторына жолдаған баяндамасында 

ол: «Қазақтарға,  осы дарынды, ақыл-

есі мол халыққа  кешікпей рухани және 

қоғамдық даму жолына түсетін дұрыс 

бағыт беру  қалай дегенмен де аса қажет 

болып  отыр»    деп  жазды.  Осы  жолда                                                                                      

Ыбырай  көп  қиыншылықтарды  да 

кездестірді. Дегенмен алып арман, қуатты 

мақсатқа ие ол текетірестерге тойтарыс 

беріп қана қоймай, кедергілердің барлығын 

тізе бүктірді.Тағы бір айта кетерлігі, Ыбы-

рай Алтынсарин — «Қазақ хрестоматиясы» 

(1879)  деп аталатын ана тіліміздегі тұңғыш 

оқулықтың авторы. Ағартушы оқулықты 

жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы 

сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, 

біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш 

рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың 

орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп 

жүрген  қазақ  балаларына  оқу  кітабы 

бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы 

халықтың оқуына жарайтын кітап бола 

алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған 

екен. Жалпы, Ыбырай ұстаздың еңбек 

жолындағы ерлігі - дастанға сыймас дүние. 

Оның өнегелі өмірі жайлы айтылар сөз 

де, үйренер іс те мол. Тәуелсіз еліміздің 

талапты болашағын білім нәрімен сусын-

дандырып жүрген бүгінгі ұстаздарымызға 

Ыбырайдың  жолын,  алаш  баласының 

маңдайына бақ болып жазылған тағылымы 

мен ұлағатын тілейміз.



 

„

бүгін – бүкіләлемдік мұғалімдер күні. «адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан» 



деп хәкім абай айтқандай,  еліміздің келешегі өскелең ұрпақтың еншісінде, ал 

ұрпақтың тәрбиелі білімі ұстаздың ғана қолында. себебі ұлағатты ұстаздың өнегесі 

әр перзенттің болашақтағы азығы. Кезінде жарты әлемді тізеге басып, өз иелігіне 

айналдырған Ескендір зұлқарнайын әрдайым жорықтан оралғанда ең әуелі ұстазына, 

одан кейін ғана ата-анасына сәлем беруге барған деседі. Оның себебін сұрағандарға: 

«ата-анам менің аспаннан жерге түсуіме, дүниеге келуіме себепкер, ал ұстазым жерден 

көкке көтерілуіме себепші» - деген екен.  міне, осыдан-ақ батыр мен би де, ғалым мен 

шахтер да басын иген ұстаздарымыздың ұлылығын аңғаруға болады. себебі адамзат 

санасында олардың қалдырған ізі мәңгілік. мереке қарсаңында білім саласында 

белсенді еңбек етіп, бүкіл ғұмырын осынау ғазиз іске арнаған, әлі де ұрпақ тәрбиесі 

жолында маңдай терін төгіп жүрген  әр жас аралығындағы ұстаздармен пікірлесіп

биылғы жаңа оқыту мазмұнына қатысты дидарласқан едік. 

Жаңалық жақсылыққа бастайды

Саракүл БӨЛЕГЕНОВА,

Білім беру саласының үздігі, «Ы.Алтынсарин» медалінің 

иегері, ардагер ұстаз:

- Қазір ҰБТ төңірегінде дау көп. Бұл 

сынақтың  бір  ерекшелігі  –  кімде 

білім  бар  сол  ғана  топ  жарады. 

Қалаған жоғары оқу орындарына 

түсе алады. Білім саласындағы 

жаңа  өзгерістер  бойынша 

ҰБТ-ны  алып  тастауға  мен 

түбегейлі  қарсымын.  Және 

жаңа  мазмұнда  функцио-

налды  оқыту  жүйесі  ену-

де.  Бұл  балаларды  жаттан-

ды  оқытудан  алшақтатып, 

керісінше,  білімді  өмірмен 

байланыстыра  түседі.  Қазіргі 

жағымды  жаңалықтың  бірегейі 

осы.  Бұрынғы  оқулықтар  жара-

майды.  Есесіне  жаңа  оқулықтар 

шығарылуда.  Бірақ  бағдарламалар 

толығымен  игеріледі.  Жалпы  мемлекетіміздің  саясаты 

ағылшын тілін меңгеруге бағытталып отыр ғой. Халықаралық 

жағдайларға  байланысты,  ол  -  бүгінгі  заман  талабы.  Жаңа 

мазмұнның ұрпақ тәрбиелеуде тиімділігі зор. 40 жыл бойы 

еңбек еткен ұстаз ретінде шындық менің басты ұстанымым 

болды.  Баланың  үлгеріміне  шынайы  көз  жеткізбейінше 

тынбауға  тырыстым.  Осы  шындыққа  жету  үшін  кейде 

оқушыларға  қатал  да  болдым.  Сол  шынайылығымды  олар 

да  бағалайды.  Әлі  күнге  оқушыларым  үйге  келіп,  хал-

жағдайымды сұрап тұрады. 

Айжан АБДЕШОВА,

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің директоры:

- Қазақстандық білім беру үдерісіне енген 

жаңартылған білім беру бағдарламасы – 

заман талабына сай келешек ұрпақтың 

сұранысын  қанағаттандыратын  тың 

бағдарлама. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

«Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, 

бір мүдде, бір болашақ» атты Жол-

дауында:  «Орта  білім  жүйесінде 

жалпы  білім  беретін  мектептерді                                                                                             

Н а з а р б а е в   З и я т к е р л і к 

мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне 

жеткізу керек» деп атап көрсетілген. 

Осы  тұрғыда  ұлттық  бiлiм  беру 

жүйесiн модернизациялау жағдайында 

шетелдiк озық тәжiрибелердi пайдалану 

мүмкiндiктерiн бағалау, ұлттық дәстүр 

мен ерекшелiктердi ескеру, бiлiм мазмұнын 

жаңарту,  бiлiм  беру  жүйесiн  басқару  мен 

ұйымдастырудың  тиiмдiлiгiн  арттырудың  жаңа 

жолдарын iздестiру  секiлдi  өзектi  жайттар  ерекше  маңызға  ие 

болып отыр. Оқытудың парадигмасы «Білімді адамнан өмір сүруге 

дайын адамға» өзгерді. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу 

бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы про-

блемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Бағалау жүйесіндегі 

өзгеріс – критериалды бағалауға көшпек. Оқуды бағалау және 

оқыту үшін бағалау деген ұғым деңгейлік бағдарлама бойынша 

оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен тәжірибеге жаңалық боп енген 

болатын. Жаңартылған білім мазмұнын енгізудің бір жаңалығы-  

критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала 

берілген  критерийлердің  нақты  жиынтығымен  өлшенеді.  Бұл 

бағалау жүйесінің артықшылығы баланың ойлау қабілетін арттырып, 

ғылыммен айналысуына ықыласын туғызады.

Олжас РАйЫМҚҰЛОВ,

Назарбаев  Зияткерлік мектебінің ағылшын пәнінің мұғалімі:  

– Білім саласына жаңа оқу жылынан бастап енгізілген реформалар 

о баста ата-аналар арасында үлкен түсініспеушілік тудырғаны жа-

сырын емес. Үш тілді оқыту, он екі жылдық білім беру жүйесі мен 

бес күндік оқуды енгізуді өз басым құптаймын. Мұндай бағытты 

ұстанып, оқушыларға білім беру тәжірибесінде 

озық 

үлгі көрсеткен шет елдердің қатарын біздің 



мемлекет толықтырып жатса, нұр үстіне 

нұр емес пе?! «PISA» халықаралық 

зерттеу  орталығының  жүргізген 

түрлі  тесттер  мен  тексерістері 

мүлдем басқаша. Олар тестті білім 

алушының  оқуды  меңгеруі  мен 

оны  қабылдауына  мән  береді. 

Оңтүстік Корея, Финляндия, Гон-

конг сынды алпауыт мемлекеттер 

білім  берудің  жаңа  бағытына 

әлдеқашан  көшкен.  Ал  біздің 

мемлекетімізде  бұл  бағыт  әлі 

тәжірибе  жүзінде  жүргізілуде. 

Еліміздің  Білім  және  ғылым 

министрі  Ерлан  Сағадиев  салаға 

байланысты  көптеген  тың  өзгерістер 

енгізіп, оны оқу процесінде іске қосудың 

дәл 


уақыты деп санаймын. Алдымен бес күндік 

оқу 


кестесіне тоқталар болсақ, баланың мектептен тыс уақытын 

тиімді пайдалану мақсатында оған екі күн демалыс беріледі. 

Алғашқы күні толық демалған оқушы, ертеңіне жаңа оқу ап-

тасына түбегейлі дайындалуға, үй тапсырмаларын асықпай 

орындауға мүмкіндік алады. Ал маусым айына дейін жазғы 

демалыстың қысқарғаны түкке тұрғысыз деп санаймын. 

Өйткені, үш ай демалыста бала мектепте үйренгендерін 

ұмытып қалады. Англияда оқушылар тіпті маусым айының 

ортасына  дейін  оқиды.  Сондай-ақ  үш  тілді  оқыту  тек 

оқушыларға  ғана  емес,  ұстаздарға  да  болашаққа  үлкен 

мүмкіндіктер ашады. Тіл оқу арқылы кез келген мұғалім шет 

елдермен тәжірибе алмасуға да мүмкіндік алады. Бұл үшін 

қорқудың қажеті жоқ.

 Өз басым «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның 

Манчестер қаласында оқу оқып, магистр дәрежесін алдым. Шет 

елде әрбір іс ең алдымен сарапталып, тексеріліп, оның нәтиже 

беретіндігіне сенгенде ғана іске қосылады. Ал біз ең алдымен 

жұмысты жасаймыз, сосын барып қателесеміз, ең ақырында ғана 

сараптама жасаймыз. Бұл меніңше, қате. «Білім – инемен құдық 

қазғандай» деп бекер айтылмаса керек. Сондықтан білім саласына 

енгізілген өзгерістерге оң көзбен қарап, еліміздің ертеңі жас ұрпақты 

тура жолға салуда жаңылыспағанымыз абзал.



дайындаған Нұржан СеРІКХАНҰЛЫ, 

Шынболат СеЙдУАЛИев, 

Арайлым ШАБдеНОвА.

14

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

АйНА

ЖауЖүрЕК үШ бала

 нЕмЕсЕ  біздің пОлициЯ нЕгЕ ЕнЖар?

 

„

гаухар естияр екі ұлына екі жасар қызы махаббатты  табыстап, кешкі асты 



қамдауға кіріседі. бірнеше минуттан соң, көршісі есік қағып: «Қызың үйде ме?» - деп 

сұрайды. Қызының сыртта ұлымен ойнап жүргенін айтқан гаухар: «махабатты неге 

іздеп жүрсіз?» деп сұрап үлгергенше көршісі сыртқа шығып кетеді. ал бұл сәтте 

ағасы көз жазып қалған 2 жасар махаббатты бір қауым ел іздеп жүрген. Тек аналық 

жүрегін ауыртпау үшін әлгі көршісі қызды таппай жүргенін жасырып қалған.

 

„

Құстың қанаты, адамның арманы бар. Құс қанаты 



биікке көтерсе, адам арманымен асау тағдырын 

ауыздықтайды.

арманы аласармаған андрей                                                                                                                     

диляра дАРХАН                                                                               

Андрей достарымен көп қыдыратын. 

Жастық жалынның құдіреті он алты 

жасар жігітті бір орында отырғызбады. 

Өзі  құралпы  бозбалаларға  қосылып 

қала сыртына кетіп қала беретін. Неге 

екенін, үй бетін көрмей, түзде жүргенді 

жаны қалайтын. 89-шы жылы ғұмырын 

жаңа бастаған жастардың бар ермегі 

пойыз еді. Жүйіткіген темір тұлпардың 

жүрісі жайланған сәтін бақылап, қарға 

адым  жерге  қарғып  мініп,  қалаған 

сәтінде секіріп түсіп қалу сол уақыттың 

балаларының сүйікті әдетіне айналғалы 

қашан?!  Андрей  де  сол  бір  сәттік 

қызықтың соңына түсіп, достарымен 

темір жол жағалап жүретін. Бірақ ол 

өзінің сүйікті темір жолы жас басына 

қасірет сыйлайтынын білген жоқ...

- 16 жаста едім. Аяқ-қолы балғадай, 

тепсе темір үзер бозбала едім. Өзім 

құралпы  балаларға  қосылып,  бірер 

күнге үйден ұзап кетіп қалатынмын. 

Сол күні де пойыз жолын торуылдап 

жүрдік  те  қойдық.  Алыстан  қарасы 

көрінгеннен  қарсы  жүгіріп,  жапа-

тармағай мінгесіп жаттық. Менің де 

қолым есігіне жақын теміріне ілігіп, 

қарғып  міндім.  Алайда  балалардың 

көптігінен не әрі, не бері жылжи ал-

май қалған соң, келесі вагонға өтуге 

бекіндім. Одан әрісі есімде жоқ...

Андрей есін жиғанда оған бірнеше 

адамның төніп тұрғанын, өзінің жер-

де  жатқанын  ұғады.  Бірақ  бұл  жер-

ге  қайдан  келді,  қайда  барады,  не 

болғанын түсінбей, әрі есіне де түсіре 

алмай дал болады.

-  Бір  қызығы,  мен  есімді  жиғанда 

еш  жерім  ауырған  жоқ.  Айналама 

жиналған  адамдардың  үрей  толы 

көздерін көріп қана басыма әлдеқандай 

күннің  туғанын  ұғындым.  Әлдекім 

жедел  жәрдем  шақыртты.  Басымды 

көтеріп қарағанда оң қолымның жоқ 

екенін  көрдім.  Дәрігерлер  көлікке 

мінгізген соң, қолымды кеудеме қойып, 

өлімге  іштей  дайындалып  жаттым.                 

Отадан соң бір аяқ пен бір қолымның 

жоқ екенін ұқтым. Бәлкім, жастықтың 

жалыны, әлде мінезім солай ма, қайғыра 

қойған мен жоқ. Қайта туыстарымның 

уайымы менен гөрі екі есе болды. Екі 

Әлібек, Мағжан, Нұрдәулет.   



Құралай СеЙСеНБеКҚЫзЫ

Көршісінің  қызын  сұрап  жүргені  көңіліне 

мазасыздық орнатып, күдік ұялатқан келіншек 

артынша  сыртқа  атылады.  Өз  сәбиін  іздеп 

жүргендерді  көріп,  Гаухар  да  есі  кіресілі-

шығасылы  күйде  кішкентайын  іздеп  зыр 

жүгіреді.

  Бұл  уақытта  ымырт  үйіріліп,  қас-қарая 

бастаған.  №45  мектептің  3  «Б»  сыныбында 

оқитын Мағжан, Әлібек, Нұрдәулет ата-аналар 

жиналысына  кірген  аналарын  тосып  мектеп 

Аяулы жар, қамқор әке.   

ай ауруханада жатып, үйге орала салып, 

жасанды  аяққа  тез  үйреніп  кеттім. 

Мен үшін қазіргі халім еш қиындық 

тудырған емес. Тіпті қоғамдық көлікке 

мінгенде  де,  әлдекім  мені  мүсіркеп 

орын бермесе екен, кінәратымды сезіп 

қоймаса екен деп көзімді алысқа қадап, 

сыр бермей тұрамын. Мүгедектік маған 

түк емес, - дейді қайсар жан.

Андрей сабынды қолы жоқ иығына 

қойып алып кір жуатынын, картоп ар-

шып, ас дайындайтынын айтты. Шеге 

қағып, ағаш та жара алатын мүмкіндігі 

шектеулі  азамат  жуырда  ғана  үйіне 

жөндеу жұмыстарын жүргізіпті. 

- Үш қыз, бір ұлым бар. Ұлым есейгелі 

көмектесіп,  қолым  ұзарып  қалды. 

Компьютер меңгердім. Фотоаппарат-

пен суретке де түсіремін. Ең бастысы, 

ешкімнен көмек күтпеймін, өз ісімді 

өзім жасап аламын. Мектепте жақсы 

оқыған емеспін. Бірақ қазір қолымнан 

кітап түспейді. Өмірім қайта бастал-

са,  сөзсіз  үздік  оқушы  атанар  едім. 

Бала күнімде құрылысшы болсам деп 

армандайтынмын,  сол  арманым  алға 

жетеледі ме, әйтеуір үй құрылысының 

қыр-сырын  меңгеріп  алғанмын.  Кез 

келген істі тез үйренемін. Жұмыс жасап, 

қаражат  таппақ  болып  мекемелерге 

бас сұғып тұрамын. Көкірегім қанша 

сайрап, қолымнан қанша іс келіп тұрса 

да,  мені  көрген  басшылар  күзетке 

ғана жұмысқа алады, - дейді Андрей 

Зубенко.

Расында, намысшыл ер, қайсар азамат  

асау тағдырдың жалына жармасып, жан 

күйттеп  жүрген  мүмкіндігі  шектеулі 

адамға ұқсамайды. Сөзі нық, ісі тын-

дырымды екені көрініп тұр. Күн бұрын 

киімінің үзілген түймесін де жалғыз 

қолымен өзі-ақ қадап алыпты. Тек сырт 

көзге ғана мүгедек, арманы аласармаған 

азаматтың қайрат-жігері оны аяқсыз-ақ 

алысқа апаратынына көзім жетті.

алаңында ойнап жүрген болатын. Ойын бала-

лары футбол алаңына келіп, доп тебе бастайды. 

Осы сәтте белгісіз орыс азаматы үш балаға алма 

ұсынып,  өзіне  шақырады.  Үстінен  арақ  иісі 

мүңкіген кісіге жатырқай қараған балалар көңіл 

аудармайды.  Алма  ұсынған  кісі  соңдарынан 

қалмай, тіпті Нұрдәулеттің қолынан ұстап ала-

ды. Алайда күшін арақ кеміргендіктен, әлсіздеу 

кісінің қолын алақанымен ұрғылап, сол сәтте-

ақ  сытылып  шығып  кетеді.  Үш  бала    әлгінің 

қолындағы алманың жырығынан дәріге ұқсас зат 

көріп, зәре-құттары қалмай жоламауға бекінеді. 

Ойындарын әрі жалғастырып, аласұра доп теуіп 

кетеді. Балалардың жанына осы уақытта мектеп 

тұсындағы  үйінен  шығып  кеткен  Махаббат 

келеді. Кішкентай қызға алма ұсынып, бетінен 

сүйіп, көтеріп бара жатқан орыс азаматын көрген 

балғындар бейтаныс кісінің жанына жанұшыра 

жүгіріп барады.

- Қызды ұстап алып, бетінен сүйіп, көтеріп бара 

жатты. Біз «отпустите» дедік. Ол жібермеген 

соң, Махаббаттың аяғынан ұстап тартып алдық. 

Ол  бізді  тұра  қуды.  Үшеуміз  мектепке  қарай 

жүгірдік. Мектептің алдында директордың орын-

басары тұр екен. Қызды көтеріп, сол кісіге қарай 

қаштық. Үлкен кісілерді көрген әлгі орыс енді 

біздің соңымыздан қуғанын қойып, ары қарай 

қашып кетті, - дейді үш ұл оқиғаны тілшілерге 

бірауыздан жарыса жеткізіп.

  Әлібек,  Нұрдәулет  пен  Мағжан  өздерінің 

әлдекімнің  аяулы  гүліне  төнген  қасіреттен 

құтқарып қалғанын  біледі. Алайда ерліктерін 

әрбір азаматтың жасауға міндетті парызы деп 

түсінетіндіктерін жеткізді. 

-  Біздің  үйдің  ауласынан  мектеп  жаққа  өту 

үшін  арықтан  аттау  керек.  Кішкентай  қызды 

сол арықтардан өте алмайды деген оймен біз 

қызымды  үйдің  арғы  бетінен  іздей  беріппіз. 

Соңыра «мектеп жақты да қарап шығайық» деп 

осылай беттедік. Оқушылар мен мұғалімдердің 

арасында жүрген қызым мені көріп күлімсіреп, 

құрақ ұшты. Ойында түк жоқ... Ал осы оқиға 

менің  жүрегіме  мәңгілік  сызат  түсірді.  №45 

мектеп-гимназиясында  білім  алып  жүрген 

3  «Б»  сыныбының  оқушылары    Нұрдәулет, 

Мағжан, Әлібекке айтар алғысым шексіз, - дейді 

Махаббаттың анасы Гаухар.

Көзінің қарашығындай қызғалдағын аман-есен 

бауырына басқан ана соңыра әлгі күдіктінің тағы 

да біреудің аялап отырған баласына зияны тиіп 

кетеді ме деген үреймен 102 нөміріне хабарла-

сады. Алайда шақыртумен келген құқық қорғау 

қызметкері  «Аналық құқыңнан айырамыз. Өз 

баласына қарай алмаған қандай анасың?»  деген 

сипаттағы  дөрекі сөздерімен жазған арызын 

кері қайтартып, онсыз да өзін кінәлі сезініп, әрі-

сәрі күйде тұрған әйелге күдіктіні іздеуден бас 

тартқызады. 

 Мұндайда атам қазақ «Жау жоқ деме  жар 

астында, бөрі жоқ деме бөрік астында» демеуші 

ме  еді?!  Бастауыш  мектеп  балаларының  өзі 

бейтаныс та болса қарындас көріп, екі жасар 

қызды төнген қасіреттен арашалап алғанда, по-

лиция қызметкерінің қылығы жаға ұстатып, таң 

қалдыратын жағдай екені анық. Еріксіз «Бізді 

кім қорғап отыр? Сонда біз кімге сеніп жүрміз?» 

деген  сияқты  сан  сауал  жаныңды  ауыртады. 

Енжарлығы балағынан тартып, еріншектігінен 

жәбір көргенге желеу бола алмаған осындайлар-

ды ез дейміз бе, кім дейміз?


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

СпорТ


15


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет