Хабарландыру Құрметті қала тұрғындары!


Қызмет «Акулайф» бірегей аспабы арқылы



Pdf көрінісі
бет12/12
Дата03.03.2017
өлшемі6,34 Mb.
#6057
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Қызмет

«Акулайф» бірегей аспабы арқылы  

барлық азғадағы созылмалы және 

ерте сатыдағы ауруларды  тестілеуден 

өткізіп  анықтаймыз.

т.87078808187

***

жаңа ашылған кеңсеге басшы 

көмекшісі қажет. жасы міндетті емес. 

Сынақтан өту тегін. т.87021919996

***

Ірі сауда ұйымы экономикалық, 

педагогикалық және медициналық 

білімі бар мамандарды жұмысқа 

шақырады. Кеңсе ісі. т.87778808787

***

жаңа ашылған кеңсеге жұмысқа 

шақырамыз. т. 87013144155, 

87766337851, 87078155420. 

***

Қысқартуға түстіңіз бе? Сіз үшін 

жұмыс!

т.87771878666, 87056633242.

***

Орта және жоғары білімі бар 

жұмысшылар қажет. жасы міндетті 

емес. жалақысы жоғары.

т.87057631804, 87018733039, 

87475714863.

07.04.2016 жылы қайтыс 

болған дзезюра  василиса 

Григорьевнаның мұрагерлік 

ісі ашылды. Мұрагерлер 

хабарландыру шыққан 

күннен бастап 1 ай ішінде 

нотариус Г.Н.Лагашкинаға, 

тараз қ., 6 м/а, 8 үй н/е 54-18-47, 

87775972310 телефонына 

хабарлассын.

ГАЗЕТТІң №39 ХАБАРЛАНДЫРУ КУПОНЫ

САТАМЫН, АйЫРБАСТАйМЫН, ЖАЛҒА АЛАМЫН, САТЫП АЛАМЫН.

___________________________________________________

—————————————————————————

—————————————————————————



Толтырылған купонды редакцияға әкеліп беру немесе Баспоштамптағы 

(Төле би к., 79 үй), «Глобус» дүкеніндегі (Қазыбек би к., 111-үй), сондай-ақ 

«Қазпошта» байланыс бөлімшелері, 2, 3 - мөлт.ауд. (базар), «Қайқармет», 

7 мен 9 мөлт.ауд. аралығындағы базар арқылы тапсыру керек.

    ___________________________________________________

Телефоны: __________________________________

хАБАрлАНдыру

22

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //



іс ашылды

мұрагерлік

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің кәсіподақ 

комитеті және ұжымы дене тәрбиесі оқытушысы Сәрсембетов 

Берік Серікұлына анасы, Білім беру ісінің үздігі, колледжіміздің 

ардагері Балқыбекова Мәрия жәдікқызының қайтыс болуына                           

байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.


рЕСМи

23

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //



Тілшілер: 51-06-09. 

Жарнама және жазылым бөлімі: 43-50-34.

Директор - бас редактор 

МЫРЗА-ҒАЛИ Э.И.  

Тел. 45-62-65. 

Тиражы: 4649

Жалпы тиражы: 8847

Тапсырыс:997

Авторлар пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы 

болып табылмайды. 

Қолжазбалар әдеби тұрғыда өңделеді және авторға қайтарылмайды.

Ақпарат ақиқаттығына мақала авторы, ал жарнама мен хабарландыру 

үшін тапсырыс иелері жауап береді. «Жамбыл-Тараз» газетінің 

материалдарын көшіріп басу үшін редакцияның келісімі керек. 

Газетті есепке алу туралы 

№14163-Г куәлік 2014 

жылғы 17 ақпанда Қазақстан 

Республикасының Мәдениет 

және ақпарат министрлігінен 

берілген. 

жазылу индексі: 65605

Бас редактордың орынбасары:  ӘБДИЕВ Е.

Тілшілер: Сейсенбекқызы Қ.  - 87715894955

                  Қадірәлі Н.  - 87766118091

                  Сейдуалиев Ш. - 87470848244

                  Байқоныс И. - 87770924858

Дизайнерлер:  Өмірбекова Ә.  

 

        Әлімқұлова А. 



Фототілші:       Тұрғынбек Н.

Нөмірдің кезекші  редакторы: Байқоныс И.



Мекенжайымыз: 

тараз қаласы, желтоқсан көшесі,78, 2 қабат. 

e-mail: zhambul_taraz@mail.ru

МЕНШІК ИЕСІ:

  «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС

Газет қазақ және орыс тілдерінде 

аптасына бір рет шығады. 

Газет «Сенім» баспа 

орталығы» ЖШС-

інде жарық көрді.

Тараз қ., Төле би 22.

Алтыншы шақырылған тараз қалалық мәслихатының

(кезектен тыс сегізінші сессия)

ШеШІМІ

тараз қаласы   

 

              №8-5                          26 тамыз  2016 жыл

тараз қалалық мәслихаты 

аппаратының қызметтік куәлікті 

беру қағидаларын және оның 

сипаттамасын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы 

Қазақстан Республикасы Заңының 30–бабының 4–тармағына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты 

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Тараз қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидалары;

2) Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік 

куәліктің сипаттамасы бекітілсін.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихаты аппаратының басшысына 

жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 

алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

тараз қалалық

мәслихатының хатшысы                                                                              Б.НАРБАев

      


Шешім Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 қыркүйекте 

№3163 болып тіркелген.

тараз қалалық мәслихатының 

2016 жылғы  26  тамыздағы

№8-5 шешімімен 

бекітілген

тараз қалалық мәслихаты аппаратының 

қызметтік куәлікті беру қағидалары

1. жалпы ережелер

 

1. Осы Тараз қалалық мәслихаты аппаратының қызметтік куәлікті беру қағидалары 



(бұдан әрі – Қағидалар) Тараз қалалық мәслихаты аппаратының, (бұдан әрі – Аппарат) 

қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

 

2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – Қызметтік куәлік) оның 



мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылады.

 

3. Тиісінше рәсімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған 



куәлік жарамсыз болып саналады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

4. Қызметтік куәлік Тараз қалалық мәслихаты хатшысының қолы қойылып, Тараз қалалық 

мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне беріледі (бұдан әрі – қызметкер).

5. Қызметтік куәлік қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан (қайта 

тағайындалған), бүлінген, жоғалған, бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен жағдайда 

екі жыл мерзімге беріледі.

6. Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан 

бойынша Тараз қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік 

куәлікті беруді есепке алу журналына қол қояды (бұдан әрі – есепке алу журналы).

7. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы Персоналды 

басқару қызметінің сейфінде сақталады (бұдан әрі –Қызмет).

8. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлікті 

тапсырған кезде оны пайдалану және сақтау тәртібі бойынша түсіндіру жүргізіледі.

Қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік, жоғалту жағдайын 

қоспағанда, Қызметке қайтарып берілуі тиіс.

9. Қызмет жыл сайын, 10 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік 

деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

10. Қызметтік куәліктерді толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін 

жалпы бақылауды Қызмет қызметкері жүзеге асырады.

11. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі үш жұмыс күні ішінде 

Қызметке жазбаша (еркін) нысанда хабарлайды.

12. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің не-

месе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша Қызмет қызметтік тексеру туралы 

өкім шыққан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде қызметтік тексеру жүргізеді, оның 

нәтижелері бойынша Аппараттың тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке 

тарту туралы мәселені қарайды.

13. Қызметтік куәлігін жоғалтқан адам, жоғалған қызметтік куәлігінің жарамсыздығы ту-

ралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жібереді, бұл туралы 

Қызметті хабардар етіледі. Жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тексеру 

жүргізілгеннен кейін Қызмет береді.

14. Жұмыстан босаған кезде қызметкер өкім шыққан күннен бастап екі жұмыс күні ішінде 

қызметтік куәлікті Қызметке тапсырады.

Куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беруге жауапты адамның қолы 

қойылады.

15. Жұмыстан босаған кезде, бүлінуіне не болмаса қолданылу мерзімі өтуіне байланысты 

тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, 

жойылуға жатады. 

тараз қалалық мәслихаты

аппаратының қызметтік куәлікті беру

қағидаларына қосымша

Нысан

тараз қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің 

қызметтік куәліктері берілуін және қайтарылуын есепке алу журналы

Қызметтік 



куәліктің 

нөмірі


Тегі, аты, 

жөні (бар 

болған 

жағдайда)



Атқаратын 

лауазымы


Берілген

күні


Алғаны 

жөнінде 


жеке қолы

Қызметтік 

куәлікті 

ауыстыруы және 

тапсырғаны, 

(тағайындалуы, 

лауазымының 

өзгеруі, 

мерзімінің 

өтуі, жұмыстан 

босауы, жоғалуы 

туралы белгі)

Қызметтік 

куәлікті 

жою 

(актінің 



нөмірі мен 

күні)


Ескертпе

1

2



3

4

5



6

7

8



9

Ескертпе: Тараз қалалық мәслихаты аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік 

куәліктері берілуін есепке алу журналы тігіліп, нөмірленеді және Персоналды басқару қызметі 

қызметшісінің қолымен және «Тараз қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің 

мөрімен расталады. 

тараз қалалық мәслихатының

2016 жылғы 26 тамыздағы

№8-5 шешіміне

қосымша

тараз қалалық мәслихаты аппаратының

қызметтік куәлік сипаттамасы

1. Куәліктің мұқабаларының көлемі 21 см х 7 см (ашып көрсетілген түрінде), қара-көк түсті 

экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан болуы.

 2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік 

Елтаңбасының  бейнесі  орналасқан,  одан  төмен  «КУӘЛІК  УДОСТОВЕРЕНИЕ»  деген 

типографиялық қаріппен жазба жазылады.

 3. Куәліктің ішкі жағында ақ түс аясында шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған 

қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнелен-

ген. Жоғарғы бөлігінде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ 

АППАРАТЫ», «АППАРАТ МАСЛИХАТА ГОРОДА ТАРАЗ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН» 

деген жазулар, одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген «ҚАЗАҚСТАН 

РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазулар орналастырылған.

4. Сол жағында: көлемі 2,5 х 3,5 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), 

тиісінше Хатшының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған қазақ тіліндегі мәтін.

5.  Оң  жағында:  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Елтаңбасының  бейнесі, 

Елтаңбаның төменгі жағында көгілдір жасыл түсті «ҚАЗАҚСТАН» деген жазу және орыс 

тіліндегі мәтін. Төменгі жағында куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

Қосымша


«Тараз қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесінің 2016 жылғы IV тоқсанға арналған азаматтарды қабылдау кестесі



Мемлекеттік 

мекеменің атауы

Қабылдау 

жүргізушінің 

аты-жөні

Қабылдау жүргізу 

күні, уақытысы

Мемлекеттік 

мекеменің 

орналасқан 

мекенжайы

Байланыс 

телефоны

«Тараз қаласы 

әкімдігінің экономика 

және бюджеттік 

жоспарлау бөлімі» 

коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі

Қайсар 


Амантайұлы 

Сарытай


4, 6, 11, 13, 18, 20, 

25, 27 – 

қазан айы.  

1, 3, 8, 10, 15, 17, 

22, 24, 29 - қараша 

айы.


 6, 8, 13, 15, 20, 22, 

27, 29 - желтоқсан 

айы. 

Сағат 15:00-18:00-ге 



дейін.

Сүлейменов, 

3. 

106-кабинет



87262(454819) 

87262(456486) 



Хабарландыру

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №40 (1328), 5 қазан  2016 Жыл  //

24

өНЕр



Арайлым ШАБдеНОвА

Қазақ Қорқыт десе  қобыз, қобыз десе Қорқыт деп түсінетіні 

белгілі.  Бір  ұғымға  сыйып,  аттары  аңызға  айналған  осы 

қос құдірет – қобыз бен атақты қобызшы дәстүрінің қазақы 

қалпына  селкеу  түсірмей,  ұлттық  болмысымызды  бұзбай, 

бағзыдан бүгінге жеткізген бірегей өнер иелерінің бір өкілі- 

Ықылас  Дүкенұлы.    Халқының  өксікті  өмірін  өнерімен 

өрнектеп, ел-жұртын қобыз атты киелі аспаптың көмейінен 

шыққан мұңды сазбен әлдилеген Ықыластың есімі халқы барда 

ұлықтала беретіні тағы анық. Жас ұрпақты ұлттық құндылыққа 

тәрбиелеп, халықтың фольклорлық-этнографиялық көне саз 

аспабы  қобызды меңгерудегі кәсіби шеберлікті шыңдауды 

мақсат  тұтқан  байқауға    Астана,  Алматы  қалалары  мен 

Қызылорда, Атырау, Оңтүстік Казақстан, Солтүстік Қазақстан, 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл облыстарынан барлығы 

20  қобызшы  қатысты.  Қатысушылар  негізінен  Ықыластың 

шығармашылығынан өзге, Д. Мықтыбаев пен Ж.Қаламбаев 

және атақты Қорқыт, Тілептің шығармаларын орындаулары 

басты шарт болды. Екі кезеңді қамтыған байқаудың алғашқы 

күнінде  ұйымдастырушылар  журналистермен  баспасөз 

конференциясын  өткізді.  Баспасөз  конференциясын  ашқан 

облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының 

басшысы  Дүйсенәлі  Бықыбаев  байқаудың  маңыздылығына 

тоқталды.  Жиынға  конкурстың  қазылар  алқасы,  елімізге 

белгілі қобызшылар Әлқуат Қазақбаев, Қазақстанның еңбек 

сіңірген қайраткері Раушан Мұсақожаева, күйшінің шөпшегі 

Ақнар Шәріпбаева да қатысып, өз ойларын ортаға салды.  Со-

нымен бірге Ы.Дүкенұлының ұрпағы, Қазақстан Журналистер 

одағының мүшесі Гүлнар Есмаханова да күйшінің  өмірі мен 

шығармашылығы туралы сыр шертті.

Қалалық мәдениет үйінің алдында күйшінің ескерткішіне гүл 

шоқтарын қоюдан бастау алған шара  Ақнар Шәріпбаеваның  

«Ақнар» СD дискісі және «Елдің Ықыласы» атты ән жинағы 

мен «Бұлақ көрсең, көзін аш» кітаптарының тұсаукесер сал-

танатымен жалғасын тапты.

Байқаудың салтанатты ашылуында облыс әкімінің бірінші 

орынбасары Бекболат Орынбеков сөз алып, қатысушыларды 

құттықтап, сәттілік тілесе, Сарысу ауданынан келген деле-

гация  ұйымдастырушыларға  алғыс  айта  отырып,  Ықылас 

Дүкенұлының немере келіні Алтын апаға сый-сияпат көрсетті. 

Бұл байқаудың ерекшелігінің бірі – Ықыластан қалған қасиетті 

қара қобызға ғасырдан астам уақыттан кейін қайта тіл бітуі. 

Осымен  үшінші  рет  ұйымдастырылып  отырған  байқауды  

Ақнар Шәріпбаева атасының қыл қобызымен «Аққу» туын-

дысын  орындап  ашты.  Ғасырға  жуық    сандықтың  түбінде 

бабасының сазды сырын ішіне бүгіп жатқан қобызын қолына 

алып, ысқыш таяқты ары да бері ырғай тартқан кезде құдіретті 

үн құмыға төгіліп, ел-жұртты егілтіп, есеңгіретіп жібергендей 

болды. 

Сахнаға шыққан ақтөбелік Айкерім Закирова  әйгілі «Жез 



киікті» нақышына келтіре орындады. Ботасынан айырылып, 

қайғыдан  қан  жұтып,  қатып-семген  аруананың  тағдыры 

туралы  аңызды  білмейтіндер  кемде-кем.  Сол  аңыздағы 

аруананың алпыс екі тамырын идірген қара қобыз еді. Бірде 

тұншықтырып,  бірде  тұшындырып,  енді  бірде  сызылып, 

үзіліп шыққан қобыз үні «Жез киік» деп күңіренген кезде 

жиналған жұртшылықтың жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, көңілі 

бос кейбірінің көзіне жас үйірді. Қобыз үнімен сағынысып 

табысқан қобыз бен прима-қобызды пианинода сүйемелдеген 

қатысушылардың орындаған туындылары көрерменнің ерекше 

ықыласына бөленді. Байқаудың қорытындысы бойынша, бас 

жүлдені жерлесіміз Алмаз Балтабаев иеленді. «Прима-қобыз» 

номинациясы бойынша І орынды астаналық Инабат Абекено-

ва мен алматылық Фариза Амантаева, ІІ орынды алматылық                                                                                                                  

Арайлым Қисярова мен  Индира Жандашова өзара бөліссе, 

...Бабамыздан қалған.   суреттерді түсірген н.Тұрғынбек



ҚОбыз үніндЕ 

ҚҰдірЕТ бар

 

„

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер 



және құжаттама басқармасының 

облыстық халық шығармашылығы 

орталығы мен сарысу ауданы  әкімдігінің  

ұйымдастыруымен қалалық мәдениет 

үйінде ықылас дүкенұлы атындағы III 

республикалық «Жез киік»  қобызшылар 

байқауы өтті.

ІІІ орынға алматылық Ақжол Әділхан мен астаналық Аяулым 

Қапият және алматылық Назерке Қалмен табан тіреді. «Қобыз» 

номинациясы бойынша І орын астаналық Фариза Көшеғұловаға 

бұйырса, жүлделі ІІ орынды алматылық Аятолла Тұрғанов пен 

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Жамиля Мустафи-

на бөлісті. Ал  ІІІ орынды алматылық Гүлсая Мағазова мен 

астаналық  Салтанат  Панзаева  алды.  Жамбылдық  Ақмарал 

Нұрланқызы  «Жез киік», атыраулық Самал Қуанышқалиева 

«Аққу»,  алматылық  Әсен  Смаил  «Үкілі  үміт»  аталымдары 



бойынша марапатталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет