Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет373/375
Дата06.01.2022
өлшемі4,16 Mb.
#11773
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   375
МЕРЕЙТОЙ 
 
Ғалым,  ақын, публицист, жазушы, филология ғылымдарының докторы, профессор  
Теңізбай Рақымжановтың туғанына 70 жыл толу мерейтойы 
Қаламгер-ғалым келбеті 
 
 
 
 
Өнер әлеміне апарар жол сан тарау. Табиғат ананың құдіретімен адам жанына сіңірілген қабілет 
пен талант дәнінің бүр жарып, өркен жаюы, келе-келе мәуелі бәйтерекке айналуы әркімде әрқалай. 
Бүгінде  халқымыздың    көркем  сөз  өнерінде  есімі  қанық  Теңізбай  Нәбиұлы  Рахымжановтың  өмір 
жолына үңілген сәтте  осы бір өмірлік ақиқаттың анықтығына тағы да бір көз жеткізгендей боламыз.  
Сөз  өнеріндегі  алғашқы  қадамын  ақын  болып  бастап,  одан  көркем  прозаға  араласты,  кейінірек 
әдебиеттану ғылымының ұшы-қиырсыз әлеміне аяқ басты. Осынау  қалыптасу мен өсу жолын ол жай 
ғана жаяу жүргінші секілді көктей шолып қана өткен жоқ. Қадам басқан сайын өзінің қолтаңбасын 
шыңдады,  қай  салада  да  шынайы  шығармашылық  із  қалдыруды  мақсат  тұтты.  Қашанда  нәтиже 
нысанасына жетуді ойлаған өрелі еңбек оны талантты ақын, парасатты прозашы, терең де танымал 
ғалым  дәрежесіне  көтерді.  Жаратылыстан  дарыған  қабілет-қарымы  мен  қажымас  ізденістің 
арқасында әдебиет атты киелі өнер өлкесінде ол өзінің көп қырлы тұлға екендігін танытты. Осының 
бәрінің  негізінде  жанына  сонау  балалық  шағынан,  туған  топырағының  нәрлі  құнарынан  сіңген  сөз 
өнеріне деген құштарлық жатқан еді. 
Туған жер - әрбір азаматтың жұмыр жер бетіндегі ең қасиетті мекені. Теңізбай Нәбиұлы үшін өзі 
туып-өскен  Жаңаарқа  топырағы  дәл  осындай.  Неміс  фашистерімен  айқасқа  түскен  алапат  соғыс 
аяқталып, ел есін енді жия бастаған 1946 жылдың қоңыр салқын көктемінде кешегі дүлдүл Сәкеннің 
ізі қалған Өспен жерінде дүниеге келген ол жастайынан осы өлкедегі өлең мен жырға, ән мен әуенге 
деген  аса  бір  ыстық  ықыласты,  ғажайып  құштарлықты  табиғатына  сіңіріп  өсті.  Халқымыздың 
тарихында  өшпес  есімдері  қалған  талай-талай  ұлы  тұлғалар  туып-қанаттанған  осынау  топырақтың 
жас бозбаланың кеудесіне құйған нұрлы сәулесі аз болмады. Сондықтан да болар, өзі өскен Өспен 
кенішіндегі  орта  мектепті  бітірісімен  Теңізбай  ақын  болсам  деген  асыл  мұратпен  ару  Алматыға 
аттанды.  Сол  кездегі  С.М.Киров  атындағы  Қазақ  мемлекеттік  университетінің  (қазіргі  әл-Фараби 
атындағы  ұлттық  университет)  филология  факультетінің  студенті  атанды.  Бейсенбай  Кенжебаев, 
Темірғали  Нұртазин,  Белгібай  Шалабаев,  Кәкен  Аханов,  Мәулен  Балақаев,  Тұрсынбек  Кәкішев, 
Зейнолла  Қабдолов  сынды  ұлағатты  ұстаздардың  тәлімді  ортасына  түсті.  Университеттегі  жылдар 
245 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 1 (55), 2016 ж. 
жас  жігіттің  әдебиетке,  жазуға  деген  талпынысын  мейлінше  шыңдап,  оның  алғашқы  туындылары 
республикалық баспасөз бетінде жариялана бастады.  
Жас қаламгерлердің шын мәніндегі шыңдалу мектебі болған сол кездегі «Лениншіл жас»(қазіргі 
«Жас  алаш»)  газеті  студент  Теңізбайдың  тырнақалды  талпыныстарын  байқап,  оны  редакцияға 
қызметке  қабылдайды.  Баспасөздің  көрігінде  бірер  жыл  сыннан  өткен  ол  1971-1981  жылдар 
аралығында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер болады. Бұл 
жылдар Теңізбайдың ғылым айдынына бет бұру кезеңі болды. Ойы мен қаламы ұшқыр жас талапкер 
халық поэзиясындағы суырыпсалмалық өнердің қыр-сырын зерттеуге ден қояды. Сөйтіп 1976 жылы 
«Қазақ  совет  халық  поэзиясындағы  импровизаторлық  дәстүрдің  дамуы»  деген  тақырыпта 
кандидаттық диссертация қорғайды. 
1981  жылы  Абай  атындағы  Қазақ  педагогикалық  институтында(қазіргі  Абай  атындағы  Қазақ 
ұлттық педагогикалық университеті) ұстаздық жолын бастап, күні бүгінге дейін болашақтың жүгін 
көтеретін жас мамандар даярлауға молынан үлес қосып келеді. Ұзақ жылғы еңбегінің арқасында ол 
2004  жылы  «Қазақстан  Республикасы  Білім  беру  ісінің  үздік  қызметкері»  мәртебелі  атағына  ие 
болды.  Ұстаздық  атты  ұлы  жолда  аға  оқытушылықтан  профессор  дәрежесіне  дейін  өскен Теңізбай 
Нәбиұлы  1993  жылы    «Қазіргі  қазақ  романының  поэтикасы»  деген  диссертациялық  еңбегінің 
нәтижесінде филология ғылымдарының докторы  атағын алды. 
 
Бүгінде  жетпіс  жастың  абыройлы  белесінде  отырған    ғалым-ұстаз    Теңізбай  Нәбиұлы 
Рахымжановтың    республика  баспаларынан    жарық  көрген  «Күн  тамшысы»,  «Алтын  керуен»  атты 
жыр  жинақтары,  «Оралу»  (1981),  «Туысқандар»(1983),  «Көгілдір  тырналар»(1988)  атты  көркем 
прозалық  кітаптары,  «Халық  ақындары  творчествосының    көркемдік  сипаты»(1982),  «Қазіргі  қазақ 
романының  поэтикасы»(1992),  «Халық  қазынасы»(1993),  «Романның  көркемдік  әлемі»(1998)    атты 
ғылыми монографиялық еңбектері оның шын мәніндегі  жан-жақты талант иесі екендігін танытты. 
Сөз  өнерін  сүйер  қауымға  «Күн  тамшысы»,  «Алтын  керуен»  атты  өлең  кітаптары  арқылы  ақын 
ретінде  танылған  Теңізбай  Нәбиұлы  әдебиеттегі  азаматтық  ойын,  жүрекжарды    пікірін  көркем 
прозалық  туцындылары  арқылы  тереңдей  жеткізді.  Қашанда  асықпай,  сабырлы  жүріп,  салмақты 
сөйлеуге  ұмтылатын  қаламгер  повестерінің  басты  тақырыбы  ел  тағдыры,  замандастар  өміріндегі 
күрделі әлеуметтік мәселелер болды. Туған халқының басынан өткен аласапыран оқиғалар, ұлтының 
еншісіне  өз  еркінен  тыс  таңылған  тағдырдың  ауыр  тәлкегі,  уақыт  өткен  сайын  ушыға  түскен 
экологиялық  ахуал,  бәрі-бәрі  де  жазушының  жүрегіне  шаншу  болып  қадалып,  қолына  қалам 
алдырады. Осынау күрделі әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді көтеру арқылы жазушы жеке адамның 
ішкі  дүниесін,  ондағы  психологиялық  күйлерді  ашып  көрсетуге  тырысады.  Содан  да  болар, 
қаламгердің  қай  шығармасында  да  адам  тағдыры,  кейіпкердің  қоғамдағы  орны  бірінші  кезекте 
көрінеді. 
Әрдайым  өз  уақытының  өткір  жайларына  көңіл  аударып  отыратын  Теңізбай  Нәбиұлы  кеңес 
дәуірінде  басты  тақырып  болған    коллективтендіру,  тап  тартысы  мәселелерін  көтеретін  «Оралу», 
«Туысқандар»  повестерінде  өз  кейіпкерлерінің  образын  сомдауда,  олардың  өмірдегі  орны  мен  іс-
әрекетін  бейнелеуде  жалаң  идеологиялық  қалыптарға  бағына  бермейді.  Өмірдің  бұрылыс-
қалтарыстарындағы адамдар тағдырын, жалпы қоғамдағы шындықты шынайы көрсетуге ден қояды. 
«Оралу» повесіндегі әлеуметтік тартыс  «Туысқандар» хикаятында толығып, ашыла түскен.   
«Туысқандарда» тарихи кезеңнің ащы шындығы бар. Тіпті ағайынды Адырбек пен Садырбектің 
туыстық ынтымағына дейін сызат түсірген заманның сұрқия шындығының түп-төркіні анық көрінеді. 
Оны  жазушы  қоғамдық  идеологияға  негізделген  тартыс  арқылы  көрсетеді.  Ағалы-інілі  екі  жігіттің 
бірі  өткенді  аңсаса,  екіншісі  жаңа  қоғамды  қолдайды.  Садырбек  жаңа  құрылыс  үшін  күрессе, 
Адырбек  ел  ішіндегі  Майшора  баймен  тізе  қосып,  ұжымдастыру,  кеңестендіру  шараларына  қарсы 
шығады.  Қоғамдық  шытырманның  салдарынан  адамдар  арасында  туындаған  осы  тектес 
қайшылықтарды суреттеуге келгенде жазушының ойы сергек, қаламы қарымды. 
Жазушының  «Көгілдір  тырналар»  хикаятында  да  осы  секілді  дәуір  шындығының  бір  үзігі  бар. 
Повесте  әділетсіздік  пен  көзбояушылық,  сол  кезеңге  тән  қолдан  озат  жасаушылық  әрекеттері 
мейлінше бейнелі суреттеледі. Осының бәріне шырылдап қарсы шыққан Ақеркенің көргені қиындық. 
Ал  көпіріп  сөйлеп,  көтерме  ақпар  беруді  кәсіпке  айналдырған  Әлімқұлдың  ақ  дегені  алғыс,  қара 
дегені  қарғыс.  Ең  сорақысы,  бүтіндей  бір  ауыл  адамдарының  тағдыры  да  осы  Әлімқұлдың  ашса 
алақанында,  жұмса  жұдырығында.  Жанындағы  жандайшап,  арызқой  туысы  Сартайды  еңбек  озаты 
атандырып,  қолдан  қаһарман  жасайды.  Қарапайым  ауылдағы  осы  секілді  шым-шытырық  қарым-
246
 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   367   368   369   370   371   372   373   374   375




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет