Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет18/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43

Кілт сөздер: Тон, интонация, дауыс, дыбыс, әуен, тоналды акцент.  
97
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
Жалпы адамдардың табиғат берген өзіндік ерекше  дауыс тоны болады.  Кез келген тұлғаны басқа 
тұлғадан  біз  дауыс  үні  арқылы  да  ажырата  білеміз.  Адамның  жеке  имиджінің  қалыптастыру 
сатысында  оның  дауыс  тонының  ықпалы  өте  маңызды  орынды  алады.  Жалпы  имидж  дегеніміз  ол 
ағылшын тілінен енген сөз және де шетелдің мәдениетінде қалыптасып, біздің елгеде келіп жеткен. 
Қазіргі  таңда  имиджі  қалыптастырудың  жолдарын  көптеген  тұлғалар  біледі.  Имидж  –  киім  кию 
үлгісі, өзін-өзі ұстау мәнері, өзіне деген сенімділіктің болуы, сондай-ақ дауыс тонының әсері. Осы 
тұрғыда  ғалымдардың  зерттеулері  бойынша  имиджді  қалыптастыруда  ең  бастысы  ол  дауыс  тоны 
болып  есептеледі  екен.  Яғни  сөйлеу  барысында  жеке  тұлға  өзінің  пікірін  жеткізу  салдарында  ол 
дауыс  тонын  көтеріңкі  немесе  бәсеңдету  арқылы  тыңдарманын  назарын  өзіне  аудара  біледі,  бұл 
әрине тұлға үшін үлкен жетістік болып есептеледі. Қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынасқа түсу 
үшін және де адамдарға өз ықпалынды білдіру үшін негізі ораторлық қабілеттің болғаны абзал, бірақ 
тек  ораторлық  қабілеттің  болуы  жеткіліксіз  болып  табылады.  Яғни  қандай  сөз  сөйлегенін  ғана 
маңызыд емес, оны қалай жеткізе білу маңызды болып табылады.  Сөйлеу жағдайында дауысты бірде 
көтеріңкі және бәсеңдеп дыбысталу салдарында тоналды ерекшеліктердің қызметі байқалады.Ойдың 
негізінің түсініктілігі - қолданған үннің ырғағына тікелей түрде байланысты. Дауыс тонының жоғары 
немесе төмен көтеріліп, түсуі тоналды ерекшеліктер болып табылады. Тоналды дыбыс дегеніміз ол 
дыбыстардың  бір-бірімен  үндесуін  қадағалайды.  Ашу  үстінде  немесе  эмоцияға  берілген  сәттерде, 
дауыс  тонын  жоғары  көтеріп  сөйлеуі  әбден  мүмкін  немесе  керісінше  шаршаңқы  күйде  тұлғаның 
дауыс  тоның  бәсең  күйге  түсіп,  өте  төмен  ырғақта  сөйлеуі  күнделікті  өмірде  адамдар  арасында 
болатын құбылыс. Жалпы тон фонетика саласында интонация мен тығыз байланысты, бұл деген сөз 
интонация мен тонды бөлек жаруға болмайды. Тон грекше  tonos деген сөз, қазақ тіліне аударғанда 
дыбыстың белгілі бір жоғары деңгейі, дауыс көтеріңкілігі, екі дыбыстың ара қатынасы, дыбыс дауыс 
ырғағы  деген  мағынаны  береді  [1].
 
Сондайақ  лингвистикада  тоналды  ерекшеліктердің  маңызы  өте 
зор  болып  келеді.  Оның  атқаратын  қызметі  әр  алуан  болмақ,  ендеше  осы  зерттеуге  ұсынылып 
отырған тоналды ерекшеліктер дегеніміз не деген сұраққа тереңірек тоқталмас бұрын, мына жайытты 
айта  кеткеніміз  жөн.  Жалпы  сөз  дыбыс  пен  мағынадан  тұратындығы  бәрімізге  мәлім,  осы  тұрғыда 
дыбыс  және  дауыстың,  олардың    ерекшеліктерін  еске  түсірсек.  Ең  әуелі  дыбыс  және  дауыс 
ұғымдарының  айрмашылығын  алып  қарасақ.  Дыбыс  -  толқын
 
түрінде  таралатын  тер-белмелі 
қозғалыс, ал дауыс дегеніміз дыбыстау мүшелері арқылы шығатын үн 
[2].   
Кезкелген  тұлға  басқа  біреудің  дауыс  тонын  естуі  мүмкін  және  оның  мінез  құлықын  анықтай 
алады. Бірақ та ол өзінің дауыс тонын қандай және қаншалықта басқа адамдарға әсер етуін білмеуі де 
мүмкін. Дауыс ол адамның ішкі дүниесінен шыққан үнді  сыртқа шығара білітін екрекше құбылыс. 
Бұл табиғаттың адамқатқа берген ерекше сиы десек болады. Дауыс тоны арқылы ішкі эмоцияны біз 
тыңдаушыға жеткізе аламыз. Дауыс бала кезде ұл бала мен қыз баланың дауысы бір –біріне ұқсас, 
ажырату қиын болып келетін кездер кездеседі. Дауыс тоны бала кезден жасөспірімдік шаққа келгенде 
үлкен  өзгеріске  ұшырайды.  Яғни  бұл  деген  сөз  есейе  келе  әйел  адам  мен  ер  адамдардың  дауыс 
тондарының әр түрлілігін байқатады. Ал балалардың дауыс тоны ол әрдайым жоғары тонда болған 
соң ұқсастықтар байқалып та жатады. 
Тіл  білімінде  интонацияға  арналған  еңбектер  өте  көп.  Тонды  анықтау  үшін  біз  ең  алдымен 
интонацияның  не  екендігін  ажыратып  алуымыз  қажет.  Солардың  ішінде  осы  фонетиканың  бір 
бөлігіне қатысты зерттеушілердің өзіндік пікірталас тудырған мәселелер де  жетіп артылады. Кейбір 
ғалымдардың зерттеулеріне немесе сөздіктерге қарайтын болсақ интонацияға ырғақ деген анықтама 
берілген.  Сонымен  қатар  ағылшын  ғалымдарының  берген  анықтамаларында  интонацияны  тонның 
жоғарылауы,  төмендеуі,  яғни  фонетиканың  бұл  салалары  сөйлемде  бір-бірімен  байланысты  және 
толықтырып отырады. Жалпы интонацияның компоненттерімен (әуен, ырғақ, ритм,екпін, пауза) тон 
тығыз  байланысты.  Қазақстандық  зерттеушілердің  еңбектеріне  сүйенетін  болсақ,  Құдайберген 
Жұбановтың  «Қазақ  тілі  жөніндегі  зерттеулер»  атты  еңбегінде  интонацияны  тонмен    ұштастырып, 
тон  интонацияның  негізі  ретінде  қарастырады.  Мысалға  «Қуанышты,  жағымды  эмоцияның  әуені 
жоғары регистірлі тонды болады да, ал керісінше жағымсыз, эмоцияның тоны төмен, ызғарлы болып 
келеді»  деген  [3].  Қазіргі  қоғамда  тіл  білімінде  қазақстандық  және  шетелдік  зерттеушілердің 
интонацияны  анықтауда  арналған  теориялық  материалдары  баршалық.  Мысалға  алатын  болсақ 
Голланд  мектебінің  зерттеулері  бойынша    интонацияны  сөйлеу  әуені  яғни  тоналды  акцент  ретінде 
анықтаған  [4].  Ал  тоналды  акцент  терминін  ең  алғаш  болып  қолданған  Д.Болинджер  болатын. 
Голланд мектебінің зерттеулері бұл құбылысты анықтау барысында бірнеше әдістерді қарастырды, 
оның бірі эксперименталды әдіс. Бұл әдіс компьютерлі бағдарламалардың көмегімен іске асты.  Осы 
98 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
тұрғыда маңызды коммуникативті мәліметтерді жеткізу үшін сөйлеуші сөйленімдегі ең маңызды деп 
тапқан  фрагменттерді  (сөздерді,синтагмаларды)  бөліп  көрсетуі  тиімдірек,  осы  кезде  маңызды  деп 
тапқан  ақпарат  тон  жоғарылығының  көтерілу  немесе  түсіру  арқылы  тоналды  акцентті  жүзеге 
асырады. Яғни бұл деген сөз сөйлеушінің сөйленіс барысында тұлғаның нені хабарлап тұрғанында 
емес, қалай я болмаса қандай тоналды акцентте айтылып тұрғаны маңызды. 
Осы мәселе төңірегінде С.Оде тоналды акцентті зерттеуде мынаған мұқият зер салған«Тоналды 
акценттің жүзеге асуы тек айналасындағы сөздердің ішіндегі белгілі бір маңызды сөзді бөліп көрсету 
ғана емес, сонымен қатар сөйлеу әуенін де жүзеге асырумен де көрінеді»
 
Жалпы сөйлеуші белгілі бір 
маңызды  мәліметті  тыңдаушыға  хабарлап  қана  қоймай  оның  маңызды  жаңалық  екендігін  тоналды 
акценттің  жүзеге  асуы  айналасында  ғана  көрсете  алады.  Ғалымның  сөйлеу  барысында  әуеннің 
маңызды деп санағаны, тек дауыс тонының жоғары немесе бәсең түрде хабарды ерекшелеп, акцент 
жасап, я болмаса кідіріп айту ғана емес, сөзді белгілі бір әуенмен жеткізе білу де, фрагментті әсерлі, 
тыңдаушыға түсінікті тілде айту. Тон жоғарылығының варияциясы – тон қозғалысы, жоғары, төмен, 
түзу,  тон  жоғарылығы  диапазонындағы  жоғарыға  немесе  төменге  секіріс,  сондай  да  басқа  тонның 
қозғалыстары  да  көрініс  табады.  С.Оде  бойынша,  «интонация  –  бұл  сөйлеу  ағымындағы  тон 
жоғарылығының өзгерісі» [5].
 
Интонацияға кейбір зерттеулерде әуен деген анықтама берілген. Атап 
өткендей  жалпы  әуеннің  сөйлемдегі  атқаратын  қызметі  үлкен.  Біріншіден  сөйлеу  тілінде  тілдің 
ағысын  бөлшектерге  мүшелеп,  жіктейтін  де  оларды  біріктіретінде  әуен.  Екіншіден  сөйлемдердің 
негізгі  коммуникативтік  түрлерін  анықтауда,  яғни  айтылу  мақсатына  қарай  (хабарлы,  сұраулы, 
бұйрықты  лепті)  бөлінуінде  маңызды  қызмет  атқарады.  Тағы  да  сөйлемнің  логикалық  және 
эмоциялық  мазмұнын  жеткізуде  мәні  зор  болып  келеді.  Барлық  тілдердің  бір  –  бірлерімен 
айырмашылықтары,  өзгешеліктері    әуен  арқылы  байқалады.  Кез  келген  тілдердің  өзіндік  акценті, 
қайталанбас  табиғи  әуені,  үні  болады.  Мысал  келтіретін  болсақ  қытай,  жапон  тілдерінің 
ерекшеліктері дыбыстарды бір-бірінен тон арқылы ажырататыны. Дыбысты жарты тонға немесе бір 
тонға  көтеру  арқылы  сөздің  түрлі  мағына  бере  алатыны,  бұл  тілдердің  өзіндік  қайталанбас  әуені. 
Егерде  әуенді  аккустикалық  жағынан  қарасақ,  бұл  сипат  әрдайым  өзгеріп  тұратын  тон  жиелігіне 
сәйкес.  Өйткені  сөйлемнің  негізгі  мазмұны  өзгеріп  тұрмаса,    тыңдаушыға  түсініксіз  болып  қалуы 
мүмкін  және  тыңдаушысың  жалықтырып,  шаршатып  жіберуі  әсерлері  байқалады.  Бұдан  шығатын 
түйін,  сөйлеуші  сөйленіс  барысында  дауыс  тонын  тек  бір  сарында  (төмен  дауыста  я  болмаса  тек 
жоғары  дауыста)    жалғастырса  демек  оның  оқып  отырған  лекциясы  студенттерге  қызық  емес, 
сондайақ, түсініксіз немес айтып тұрған жаңалығы маңызын жоғалтады. 
Жоғарыда  атап  кеткендей  қазақстандық  зерттеушілерде  өзіндік  зерттеулерін  ұсынған  болатын. 
Мысалға,  Базарбаеваның    «Қазіргі  қазақ  тілі  интонация  негіздері»  атты  кітабында  тақрыпты 
акустикалық жағынан қарағанда, әуен сипаты әрдайым өзгеріп тұратын негізгі тон жиілігіне (частота 
основного  тона)  сәйкес  келеді  деп  есептейді.  «Тон  жиілігі  дегеніміз  –  адамның  эмоциялық 
жағдайында,  яғни  қатты  қызуланғанында  немесе  синтагманың  соңғы  логикалық  маңызды  сөзіне 
түсетін екпін,  басқаша айтқанда синтагманың  соңғы  сөзінің акценттелуі, сөйлемдегі  тон жиілігінің 
өсуі».  [6].  Сөйлеу  тілінің  негізгі  тон  жиілігінің  сөйлеу  процесінде  ұдайы  өзгеріп  тұруы  оның  бір 
өзгешелігі болып табылады. Тон жиілігінің сөйлемдегі мазмұны сөйлеушінің дауысының жоғары не 
төмен  болуымен  байланысты.  Қазіргі  қоғамда  техниканың  дамығаны  соншалық  ғалымдар  дауыс 
тонын жоғары дауысты немесе төмен және орташа дауысты анықтайтын компьютерлік аппараттарды 
ойлап тапқан болатын.  Компьюттерлік дауыс аппаратының көмегімен ер адамның дауысының жуан 
(төмен)    дауысты,  ал  әйел  адамның  дауысының  жіңішке  (жоғары)  дауысты  болатынындығын 
айқындады.  Ал  кішкентай  балалардың  дауыстары  өте  жоғары  тонда  дыбысталады,  себебі  олардың 
энергиясы  тасып  тұр  және  сол  күш  жігерін  әлі  де  дұрыс  қолдана  білместіктен,  өте  жоғары  тонда 
болған  соң  қоршаған  ортаға  жағымсыз  әсер  туғызады.  Ал  жалпы  кейбір  жағдайларда  копьютерлік 
аппаратқа салмайақ біз дауыстың кімге тиесілі екендігін аңғара аламыз. Адамды көрмей тұрып ақ, 
есту  арқылы  дауыс  тоны  арқылы  кәрі,  жас,  толық,  арық,  жақсы,  байсалды,  ашулы,  мазасыз  т.б. 
қандай  күйде  тұрғанын  суреттей  аламыз.  Анықталған  бірнеше  стереотиптер  бойынша  тұлғаның 
интелектуалдық  деңгейін,  темпераментін  дауыс  тоны  арқылы  біле  аламыз.  Көптеген  мамандардың 
ескертулеріне  зер  салар  болсақ,  жоғары  тонда  сөйлейтін  адамдардың  жоғары  дәрежелі  жұмысқа 
орналасуы  өте  аз  пайызды  құрайды  екен.  Керісінше  дауыс  тоны  орташа,  орта  темпте  немесе  баяу 
темпте сөйлейтіндер сырт көзге интелектуалды, өзіне сенімді түрде қоршаған орта қабылдайды екен. 
Сол  себепті  қазіргі  заманда  вокалдан  сабақ  алатындар  көптеп  табылып  жатыр.  Мысалға  алатын 
болсақ  белгілі  ағылшын  саясаткерінің  бірі  Маргарет  Тэчер.  Бұл  вокалдан  алған  сабағы  оған  үлкен 
99
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
көмегін  тигізгені  бәрімізге  мәлім.  Ал  музыкамен  айналысатын,  яғни  ән  айтатын  адамдардың 
дауыстары өте жағымды, әсерлі,  өте күшті дикциясы байқалады. 
Тон  жиілігінің  негізгі  тоналды  диапазон  ең  үлкен  және  ең  кішкентай  мөлшерінің  арасындағы 
айырмашылығы  арқылы  белгіленеді.  Олардың  үш  түрі  бар:  көлемді  (кең),  көлемсіз  (тар),  орташа. 
Сөйлемдердің тоналды диапазоны көбінесе эмоцияны сипаттайды. Бұған көбінесе лепті сөйлемдердің 
тоналды  диапазонын  жатқызуға  болады  және  де  бұйрықты  сөйлемдерді  айту  барысында  тоналды 
диапазаонның жоғарылау әсері байқалады. Мысалға мынадай мысал келтірсе болады:  
1. «Господин Иванов, подойдите ко мне, я хочу познакомить вас с Антоном Антоновичем» бұндай 
қарым – қатынас дөрекілікті байқатып тұр. 
Кейбір  дерек  көздеріне  қарасақ  тонды  –  дыбыс  деп  қарастырған.  Яғни  ырғақ,  дауыстың 
жоғарылауы,  тембр,  дыбыс  аясында  зерттеледі.  Бірақ  тонды  дыбыс  ретінде  қарастырылғаны,  ол 
кезкелген  айналада  болып  жатқан  табиғи  құбылыстардың  дыбысталуы  жаңбыр,  жел,  күннің 
күркіреуі,  жануарлардың  өзара  дыбыстарды  шығару  салдары,  тарсылдаған  дыбыстар  немесе 
адамдардың  күлгенде,  жылағанда  шығатын  дыбыстардың  барлығын  зерттейді  деген  сөз  емес, 
бұлардың барлығы қандай да бір сигналды туғызады. Айналада біз құлақ түретін сигналдар көптеп 
табылады. Оның барлығына біз мән береміз. Жүрген кездегі тарсылдап аяқ дыбыстарының шығуы, 
сықылдап күлген сәттегі ерекше дыбыстар, кітаптың парақтарының ашылғаны, есікті тоқылдатқанда, 
иттің үруі, судың ағысы, желдің гуілі т.б. сигналдар фонетикада қарастырылмайды. Сөз болу үшін 
ұғымның болуы заңдылық яки табиғилық. Сөздің мәні ондағы ұғым мен мағынадан анықталады. Сөз 
болмысы оның таңбалық сипаты мен туындауынан, ойлау мен тілдің сабақтастығынан көрінеді [7]. 
 
Жалпы  сөйлеу  сигналдарын  өңдеу,  талдау  үшін  алғаш  рет  арнайы  Praat,  Doing  phonetics by 
computer 
атты  компьютерлік  бағдарламалар  қолданыс  тапты.  Бұл  бағдарламаны  қазақ  тілінің 
интонациясын зерттеу барысында Қазақстандық зерттеушілер диссертация жұмысында эксперимент 
жасаған  болатын.  Бұл  компьютерлік  бағдарламалар  арқылы  кез  келген  тілдің  дыбыстық  жүйесін, 
сегментті  және  суперсегментті  деңгейін  зерттеуге  болады.  Осы  Praat  бағдарламасымен  сондайақ 
сөйлеу сигналын зерттеуге, өлшеуге, модификациялауға және өңдеуге болады.  Praat  бағдарламасы 
арқылы  кезкелген  тілдегі  табиғи  тілдің  тон  жоғарылығын  өлшеуге  немесе интонациясын  зерттеуге 
болады
 
[8].
  
Қортындылайтын  болсақ,    жазуда  айтушының  ойы,  сезімі,  пікірінің  рең  болуы  тек  қана 
пунктуация  арқылы  беріледі,  ал  жазуды  оқып  отырған  тұлға,  тыныс  белгілер  арқылы  соны 
айтушының  ойындай  етіп  қабылдайды.  Ауызша  сөйлеуде  әрине  біз  айтушыны  интонация  арқылы, 
дауыс  тонының  жоғары  болмаса  төмендеуі  арқылы  ойын,  сезімін  түсіне  аламыз.  Сонымен 
инттонация және  дауыс тоны  сөз мағынасының сөйлем арасында түрленгендігін білдіреді. 
 
1.
 
https://kk.wikipedia.org 
2.
 
Қазақ тілінің сөздігі  - Алматы: 1999. – 256 б. 
3.
 
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – Алматы: 1999. (581 б.) – 41 б. 
4.
 
Оде  С.  Что  такое  тональный  акцент?  //  Жизнь  языка  и  язык  в  жизни  /  Сб.  статей, 
посвященный  юбилею  д.ф.н.,  проф.  Э.Д.  Сулейменовой:  сост.  Н.Ж.  Шаймерденова,  З.К.  Сабитова, 
О.Б.  Алтынбекова,  М.И.  Акберди;  Под  общ.  ред.  Н.Ж.  Шаймерденовой.    –  Алматы:    Қазақ 
университеті, 2005. – С. 76 -85. 
5.
 
Оде С. Перцептивный анализ интонации: - В кн: Проблемы фонетики. Сб. статей / Отв. ред. 
Т.М. Николаева. М.: Прометей, 1993. – ч. 1. - 318 с. – С. 199 – 211. 
6.
 
Раимбекова М.А. д.ф.н., профессор, Фонетическая вариативность гласных фонем // Вестник 
КазНПУ, №3 (49), 2014 г. –16 б. 
7.
 
Базарбаева З.М. Қазіргі қазақ тілі интонациясының негіздері - Алматы: 2002. (202 б.) – 35 -
37 б. 
8.
 
Карагойшиева Д.А. Экспериментально – фонетический анализ интонации казахского языка - 
Алматы: Copy Land, 2008. - 232 с.  
 
Резюме 
Д.С. Онласынова 
Особенности тонального голоса для создания персонального имиджа 
В  данной  статье  рассматриваются  анализ  и  характеристика  тональных  особенностей  в 
лингвистике.В  основе  фонетики  с  точки  зрения  большинства  ученых  особое  внимание  уделяется 
тональным  особенностям.  В  статье  рассматриваются  особенности  лингвистических  исследований 
100 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
анализа  проблем,  возникающих  в  описании  тональности  речи  людей,  в  соответствии  с  их 
профессиональными  компетенциями.  В  фонетических  основах  речи    особое  внимание  уделяется 
интонации.  В  этом  контексте  интонация  играть  очень  большую  роль.  Но  в  обычной    жизни 
коммуникации  между  людьми  осуществляются  благодаря  разговорной  речи.  Она  характеризуется 
основой  особенностей  тона  голоса.  Голос,  звук,  ритм,  темп,  интонация,  тон    рассматриваются  в 
качестве  основы  и  определяются  главные  сходства  и  различиях  друг  от  друга.  Рассматриваются 
мнения  исследователей  по  этой  теме,  дифференцируются  вышеперечисленные  понятия  с  их  точки 
зрения.  Современные  исследования  выявляют  значительное  влияние  тональности  речи  на  имидж 
человека.  С  помощью  специальных компьютерных  программ  в  ходе  исследований  было  выявлено, 
что тембр голоса большинства мужчин низкий, в то время как женский голос высокий. 
Ключевые слова: тон, интонация, голос, звук, мелодика, тональный акцент. 
 
Summary 
Onglassynova D.S.   
 
The peculiarities of tone of voice for creating personal image 
The article considers the analysis and characterization of tonal features in linguistics. From the point of 
view of the many scientists the basis of phonetics pays attention to the tonal peculiarities. The article 
discusses the features of linguistic research,  analysis the problems encountered in the description of pitch 
people’s speech, according to their professional competences. The phonetically basic in speech focuses on 
intonation. Intonation plays an important role in this context.  However in ordinary life communication 
between people is  produced reason of conversation.It is characterized by the main feature of voice tone. 
Similarities and differences between of voice sound, intonation is considered as the main focus of defining 
the tonal features. Researchers’ views on this theme are considered and reviewed the primary phenomena. 
Modern studies defining that tonal feature has great impact for creating the personal image. The assistance of 
experimental, computer information has used to determine the tonal features. By the assistance of computer 
programs, it outlined the men’s tempo of voice are thick (low) and women’s tempo of voice are thin (high) 
during the investigation.   
Key words: ton, intonation, voice, sound, melody, pitch accent. 
 
 
ӘОЖ 811.512.1.09 
 
МӘМЛҮК ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕГІ ДАУЫСТЫ ДЫБЫСТАР ЖҮЙЕСІ 
(Китаб Муқаддима Әбу Ләйс әс-Самарқанди ескерткіші негізінде
 
Садықбеков Құрманғазы - Сүлейман Демирел университеті 
филология ғылымдарының кандидаты, ассоц.профессор 
 
Орта  ғасырларда  Дешті  Қыпшақ  аталатын  ұланғайыр  территорияны  мекен  еткен  түркілер  біркелкі 
болмаған.  Қыпшақтар  үстем  тайпа  болғандықтан  осы  даланы  мекендеген  түркі  тайпаларының  барлығы  да 
қыпшақ деген жалпы атаумен аталады да, осы  тайпалық одақта болған тайпалардың  тілінде  жазылып келген 
ескерткіштердің  барлығына  Ескі  қыпшақ  тілінде  жазылған  ескерткіштер  деп  аталып  келеді.  Осыдан  барып 
ғылымда Алтын орда мен мәмлүк жерінде жазылған ескерткіштерге оғыз-қыпшақтық немесе қыпшақ оғыздық 
аралас тілде жазылған деген көзқарас қалыптасты. 
Мақаламызда  орта  ғасырларда  Мәмлүктер  мемлекетінде  қыпшақ  тіліне  аударылған  Әбу  Ләйс  әс-
Самарқандидің Китаб Муқаддима атты еңбегінің тілінің дауысты дыбыстар жүйесі қарастырылады. Ескерткіш 
тіліндегі  дауысты  дыбыстардың  сандық  және  сапалық  сипаты,  дауысты  дыбыстардың  өзара  алмасу  жүйесі, 
буын және ерін үндестігі және дауысты дыбыстардың түбір сөз құрамындағы орны мен қолдану жиілігі секілді 
мәселелер кеңінен сөз болып талданады.  
Түйін сөздер: мәмлүк қыпшақ тілі, жазба ескерткіштер, дауысты дыбыстар жүйесі, аралас тіл.  
 
Жалпы  мәмлүк  қыпшақтары  тілінде  жазылған  шығармалардың  қай-қайсысы  болмасын  қыпшақ-
оғыз  аралас  тілде  жазылғандығы  ғалымдарымыз  тарапынан  әрдайым  айтылып  келеді.  Тарихтың 
терең  қойнауында  ауылы  аралас  қойы  қоралас  көрші  қоныстанған  түркі  тайпаларының  осы 
араласытығы  тілдерінде де  байқалады. М.Қашқари  де  өзінің классификациясында  қыпшақ  тілі  мен 
оғыз тілін бір топта қарастырып қана қоймай, көптеген фонетикалық заңдылықтардың екеуіне ортақ 
101
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
екендігін  көрсетіп  отырады  [1,  7].  Дегенмен  қыпшақ  тілі  мен  оғыз  тілі  ол  дәуірлерде  қазіргіге 
қарағанда  бір-біріне  әлде  қайда  жақын,  ортақ  ерекшеліктер  әлдеқайда  көп  болғанға  ұқсайды.  Орта 
ғасырларда  Дешті  Қыпшақ  аталатын  ұланғайыр  территорияны  мекен  еткен  түркілер  біркелкі 
болмаған.  Қыпшақтар  үстем  тайпа  болғандықтан  осы  даланы  мекендеген  түркі  тайпаларының 
барлығы  да  қыпшақ  деген  жалпы  атаумен  аталады  да,  осы  тайпалық  одақта  болған  тайпалардың 
тілінде  жазылып  келген  ескерткіштердің  барлығына  «ескі  қыпшақ  тілінде  жазылған  ескерткіштер» 
деген  айдар  тағылған.  Осыдан  барып  ғылымда  Алтын  орда  мен  мәмлүк  жерінде  жазылған 
ескерткіштерге  оғыз-қыпшақтық  немесе  қыпшақ  оғыздық  аралас  тілде  жазылған  деген  көзқарас 
қалыптасты. Бүгінгі зерттеуімізде Мәмлүктер мемлекеті тұсында осындай оғыз-қыпшақ аралас тілді 
Китаб  Муқаддима  Әбу  Ләйс  әс-Самарқанди  ескерткіші  тіліндегі  дауысты  дыбыстар  жүйесін 
қарастыратын боламыз. 
Муқаддима тілінде басқа ортағасырлық қыпшақ ескерткіштеріндегі секілді 8 төл дауысты дыбыс 
қолданылған.  Бұл  дыбыстарды  В.В.  Радлов  «негізгі  дыбыстар»  (қолтума,  «коренные»)  десе,  неміс 
ғалымы А.М. фон Габэн «ең басты дыбыстар» («главные») деп атайды. Мәмлүк қыпшақтары тілінде 
кездесетін дауыстыларды О. Притцак а мен е, о мен ө, у мен ү, ы мен і түрінде көрсетеді [2, s. 86; 3, с. 
48].  Яғни  қолжазба  тіліндегі  дауысты  дыбыстар  үндестік  заңы  негізінде  өзара  а//е;  ы//и;  о//ө;  у//ү  
түрінде  жұптаса  келіп  төрт  жұп  құрайды.  Олар  әдеттегідей  жасалу  орнына  қарай  жуан  (а,  ы,  о,  у
және  жіңішке  (е,  и,  ө,  ү),  тілдің  қатысына  қарай  ашық  (а,  е,  о,  ө)  және  қысаң  (ы,  и,  у,  ү),  еріннің 
қатысына қарай езулік (а, е, ы, и) және еріндік (о, ө, у, ү) дыбыстар болып жіктеледі. Оларды әдеттегі 
кесте бойынша былайша көрсетуге болады: 
Кесте 1 – Дауысты дыбыстардың жіктелуі 
Езулік 
Еріндік 
 
ашық 
Қысаң 
ашық 
қысаң 
жуан 
а 
ы 
о 
у 
жіңішке 
е 
и 
ө 
ү 
   
Көптеген  тілшілер  қыпшақ  тілінде  тағы  бір,  яғни  тоғызыншы  дауысты  дыбыстың  бар  екендігін 
айтады.  А.М.  фон  Габэн  сан  жағынан  тоғызыншы  болып  келетін  тағы  да  е  сияқты  бір  дыбыс  бар 
болуы  керек  десе  [4,  s.  50],  М.  Сабыр  ә  дыбысын  түркілік  төл  дыбыс  екендігін,  о  баста  а-ның 
варианты  бола  жүріп,  кейін  жеке  фонема  болып  қалыптасқандығын  және  орта  ғасыр  жазба 
ескерткіштері тілінде жиі қолданылып, сөздердің барлық позицисында кездесетіндігін айта ды [5, 76 
б.].  Кейбір  ғалымдар  ә  фонемасы  ежелгі  түркі  тілінде  болмады  деген  пікір  білдірсе,  Н.А.  Кононов 
V
ІІ-ІХ ғасырлардағы ежелгі түркі ескерткіштерінде жіңішке, ашық ә фонемасы болған деп есептейді 
[5,  183  б.].  Тіл  білімінде  экстралингвистикалық  факторлардың  тек  тілдің  лексикалық  қорына  ғана 
емес,  сондай-ақ  фонетикалық  жүйесіне  де  ықпал  жасағандығы  белгілі.  Н.В.  Юшманов,  Е.Ф. 
Поливанов,  Н.К.Дмитриев  т.б.  ғалымдар  түркі  тілдеріндегі  ә  фонемасының  шығыс  тілдерінің 
әсерінен пайда болғандығын алға тартады [6, c. 76]. Муқаддима тіліндегі тоғызыншы дауысты дыбыс 
та,  араб  сөздеріндегі  ә  дыбысы.  Ортағасырлық  қыпшақ  ескерткіштерін  зерттеушілер  араб 
сөздеріндегі  ә  дыбысын  көбіне  е,  ал  кейде  а  әрпімен  беріп  жүр.  Алайда  оларды  е  немесе  а 
дыбысымен айту жаңсақтық болатын секілді. Қазіргі ә дыбысы айтылатын түркі тілдерінің барлығы 
ол  сөздерде  ә  дыбысын  қолданады.  Мысалы:  әзірбайжан:  мәкрүһ  (мәкрүк),  сәждә  (сәжде),  сүрә 
(сүре),  шәһид(шәйіт);  өзбек:  мәкрүһ,  сәждә,  сүрә,  шәһид;  түркмен:  мәкруу,  сәжде,  сүрә,  шәһид; 
ұйғыр: мәкру, сәждә, сүрә, шәһид татар: сәждә, сүрә, шәхит; башқұрт: сәждә, сүрә, шәһит [7, s. 
754; 799; 808]. 
Ал  ә  дыбысы  қолданылмайтын  түрік  тілінде  бірінші  буында  көбіне  ашық  э  немесе 
жіңішке  созылыңқы  â  дыбысы  арқылы  айтылады:  шэһид, мэкруһ,  сэждэ,  кâфир,  сэлâм  [8,  s. 1927; 
1934].  Ал  қазақ  тілінде  ә  дыбысы  тек  бірінші  буында  айтылатындықтан,  бірінші  буында  ғана 
сақталып,  кейінгі  буындарда  а  немесе  е  дыбысына  алмасады:  сәжде,  сүре,  мәсі,  нәжіс,  жәннат, 
сүндет  т.б.  Алайда  Н.  Оңдасынов  кітаби  тіл  деп  аталатын  ескі  жазба  әдеби  тіліміз  бен  жыр-
дастандардағы  араб  сөздерінің  бірінші  буыннан  кейінгі  буындарда  да  ә  дыбысымен  айтылған 
фонетикалық варианттарын көрсетеді: сүннәт, ғиззәт, мәсәуәк, зәррә т.б. [9, 214 б.].  
Қай тілдің болсын оның жазба ескерткіштері арқылы фонетикалық жүйесін анықтау қиын нәрсе 
[10, 
88 б.]. Араб әліпбиінде а, ә, е дыбыстары бір ғана таңбамен берілетіндіктен қыпшақ жазбалары, 
соның  ішінде  «Муқаддима»  тіліндегі  түркі  сөздерінде  ә  дыбысының  айтылып,  айтылмағандығын 
нақты кесіп айту қиын. Әйтсе де Муқаддима тілінде тоғызыншы ә дауыстысы араб сөздері құрамында 
айтылған деп есептейміз. Алайда мына мәселені де ескерген жөн.  Қазіргі қазақ тіліндегідей сөздің 
102 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
алғашқы  буынында  ә  дыбысы  сақталып,  кейінгі  буындарда  (әсіресе  соңғы  буында)  қосымшалар 
құрамында  ә  дыбысы  болмайтындықтан  буын  үндестігін  құру  үшін  а,  е  дыбыстарына  алмасуы  да 
мүмкін.  Мысалы:  жәнната  (жәннатқа),  әжирде  (сауапта),  ниетиле  (ниетпен),  хасаддан 
(қызғаншақтықтан), ахиретде (ақыретте) т.б. Алайда бұл әлі де зерттей түсуді қажет ететін мәселе.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет