Хабаршы вестник bulletin «Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет15/43
Дата27.03.2017
өлшемі3,14 Mb.
#10486
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43

 
Түйіндеме 
А.С. Камалова – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 2-курс магистранты, 
aryzhan_kamalova@mail.ru
 
Академиялық ортада код ауыстыру бірліктерін айқындау 
Соңғы  кездері  билингвизмді,  әсіресе  код  ауыстыруды  зерттеу  ғалымдар  арасында  кең  таралған 
болып отыр. Бір сөйленісте екі тілдің қолдануы ретінде анықтала келе, код ауыстыру шет тілдерін 
оқыту  саласында  академиялық  қызығушылық  тудырып  отыр.  Осы  дерекке  аса  көңіл  бөліп,  біз 
83
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
ағылшын  тілін  үйреніп  жүрген  университет  студенттерінің  сөйленісін  зерттеп,  қазақ-ағылшын 
тілдерінің код ауыстыруын айқындап, жақынырақ зерттеуге бел будық. Беріліп отырған мақаланың 
мақсаты код ауыстыру мен ағылшын тілін үйренудің ара қатынасын ажырату. Жүргізілген сараптама 
бойынша  код  ауыстыру  білім  алуда  қызығушылық  тудырады.  Мұның  себебі  күрделі  тіл  білімі 
мәселелерін ана тілінен екінші тілге код ауыстыру арқылы үйренген жеңілірек болып отыр. 
Түйін сөздер: билингвизм, мультилингвизм, код ауыстыру, шет тілін үйрену. 
 
Резюме 
А.С. Камалова – магистрант 2-курса Казахского национального университета имени аль-
Фараби, 
aryzhan_kamalova@mail.ru
 
Выявление единиц переключения кодов в академической сфере 
В последнее время изучение двуязычия и более конкретно переключения кодов стало популярным 
предметом. Дефиницируясь как использование двух языков в том же событии речи, она привлекла 
академический интерес в области изучения иностранного языка. Заинтересованные этим фактом, мы 
решили  изучать  речи  студентов  высших  учебных  заведений,  изучающих  английский  язык  и  тем 
самым  выявить  казахско-английское  кодовое  переключение.  Настоящая  статья  нацелена  на 
определение  связи  между  переключением  кодов  и  его  влияния  на  изучение  английского  языка. 
Результаты исследования показывают, что кодовое переключение улучшает интерес в обучении, так 
как усвоение сложного лингвистического материала возможно путем переключения с родного языка 
на второй. 
Ключевые слова: билингвизм, мультилингвизм, кодовое переключение, изучение иностранного 
языка. 
 
 
УДК 81 
 
ДЫБЫС ТІРКЕСТЕРІНІҢ МӘТІН КҰРАУШЫ ТІЛДІК БІРЛІК ЕКЕНДІГІ ЖАЙЫНДА 
ҚАРАСТЫЛУЫ 
 
Қайдарова Гулайым Каблакатқызы - ф.ғ.к., доцент ҚазМемҚызПУ, gulyaim.64@mail.ru 
Сүгірова Сәбира Есмаханбетқызы - магистрант ҚазМемҚызПУ, Алматы қаласы. 
ssugirova@mail.ru 
 
Мақалада  дыбыс  тіркесі  мәтіннің  ең  кішкене  бөлігі  болғандықтан,  оны  мәтіннің  бастау  көзі  деп  қарау 
керектігі жайында қарастырылған. Мәтінге тән негізгі фонетикалық белгілердің бәрі дыбыс тіркесінің бойынан 
табылады,  сондықтан  да  дыбыс  тіркесінің  фонетикалық    табиғаты  өте  күрделі  келеді.  Дыбыс  тіркесінің 
фонетикалық  табиғатын  анықтап,  оның  сипаттамасын  берудің  амал-әдісі  де  күрделі.  Қазақ  тілінің  дыбыс 
тіркестерінің зерттелім  нәтижесі қазіргі қазақ тіл білімінің алдында тұрған  күрделі мәселелердің  бірі ауызша 
әдеби  сөйлеу  үлгісін  қалыптастыруға  негіз  болады.  Дыбыс  тіркестері  дыбыс  құрамына,  тіркесім  қабілетіне, 
сөздегі  орнына  қарай  жіктеледі.  Дыбыс  тіркестерінің  зерттелімі  негізінде,  бірінші  кезекте,  артикуляциялық 
талдау  жатады.  Дыбыс  тіркестері  құрамындағы  дыбыстардың  өзара  тіркесуі  олардың  жасалу  орны,  жасалу 
тәсілі, дауыс қатысы мен тіркесім орнына байланысты болады. Мақалада  дыбыстардың жасалу орны, жасалу 
тәсілі,  айтылу  қарқыны,  әуен  ерекшеліктері,  сөз  ішіндегі  дыбыстар  орны  т.б.  негізінде  дыбыстар  тіркесінің 
басты-басты заңдылықтары анықталған. Дыбыс тіркестері «тілдік бірлік» ретінде алынып, оны артикуляциялық 
және акустикалық тұрғыда ғылыми сипаттап, ауызша және жазбаша тіркестердің айырым-ортақ белгілері нақты 
көрсетілді. 
Түйін сөздер: Дыбыс тіркесі, бірлік, мәтін, артикуляция, жасалым, талданым. 
 
Қазақ  тілінің  мемлекеттік  мәртебе  алуының  арқасында  оның  қолданылу  аясы  күннен-күнге 
кеңейіп  келеді.  Бұрынғы  көбіне  көркем  әдебиет  саласындағы  жазба  тіл  мен  тұрмыстық  деңгейдегі 
ауызша  тіл  деңгейінде  қалып  келген  қазақ  тілі  бүгінде  қоғами-саяси,  тарихи-мәдени,  әлеуметтік-
ғылыми  салада  кеңінен  қолданыла  бастады.  Ауызекі  сөйлеу  тілінің  рөлі  артып  келеді,  соның 
нәтижесінде ауызша сөйлеудің қажеттігі артып тұр. Көпшілік алдында «қағаз дағдысынан» арылып, 
еркін  сөйлеу  практикасы  кең  тарай  бастады.  Соның  нәтижесінде  «жазба  тіл»  мен  «ауызша  тілдің» 
арасындағы  айтылым  қайшылықтар көптеп  көзге  түсе  бастады.  Ұрпақ  ауысқан сайын жазба  тілдің 
айтылым  нормалары  әдеби  үлгіге  айналып  барады.  Әрине,  жазба  үлгілердің  тіл  дамуына  тікелей 
ықпалы бар екені даусыз. Дегенмен кейбір қайшы емле-ережелердің салдарынан жазба тілдің ауызша 
84 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
тілге  тигізіп  жатқан  жаңсақ  әсеріне  бейқам  қарап  отыруға  болмайды.  Өйткені  бұл  үрдіс  жалғаса 
берсе, онда қазақ тілінің тарихи қалыптасқан іргелі заңдылықтары өзгереді. Сөздің, сөз бен сөздің, 
сөз  топтарының  арасындағы  үндесім-үйлесім  әуезділікке  нұқсан  келеді.  Жеке  дыбыс  пен  дыбыс 
тіркесі  деңгейіндегі  жаңсақ  өзгерістер  сөйлем  құрамына  енеді,  одан  барып  бүкіл  мәтін  тұрқының 
қазақы  айтылымы  бұзылады.  Ендеше  қазақ  сөзін,  сөз  тіркесін,  сөйлем,  кеңірек  айтатын  болсақ, 
мәтінді қазақы айту мәселесі сөйлеу мәдениетінің фонетикалық негіздеріне барып ұласады. 
Мінбеден  сөйлеп  тұрған  шешеннің,  сахнадағы  әртістің,  теледидар-радиодан  хабар 
жүргізушілердің, ауызша сұхбат берушілердің тілінен жаппай орын ала бастаған жазба тіл әсерін тіл 
мамандарының өздері мойындап отыр. 
Сөз жоқ, тілдің ауызша сөйлеу үлгісі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, яғни отбасында ата-ананың, бала-
бақша,  мектепте  тәрбиеші-мұғалімнің,  жоғары  оқу  орындарында  әдіскер-пән  оқытушыларының, 
ұжымда  әріптестердің  өзара  сөз  алмасуы  арқылы  тарайды.  Олай  болса,  қазақы  сөйлеу  дағдысы 
ересектер  мен  мамандардан  басталуы  керек  болады.  Қазақы  сөйлеу  нормаларын  қалыптастыру 
отбасы  және  мектеп  тәрбиесінің  бір  бөлігі  болу  қажет.  Ол  үшін  қазақ  тілінің  бүгінгі  қалыптасқан 
даму  деңгейіне  лайық  арнайы  тәрбиелік  және  оқу-әдістемелік  бағдарламалар  мен  іс-шаралар 
дайындау қолға алынғаны жөн. 
Қазақ  тілінің  емле-ережелерінің  негізі  болып  отырған  морфологиялық,  фонетикалық,  тарихи-
дәстүрлі қағидалардың бәрі барып дыбыс тіркесі деңгейінде тілге оралады. 
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестері «...қазақша сөйлегенде (не дауыстап оқығанда) сөздерді табиғи 
түрде  дұрыс  дыбыстай  білуге...»  [1,  122  б]  тікелей  қатысты  екенін  профессор  Р.  Сыздықова  «сөз 
сазы»  деп  атайды.  Сөз  сазы,  яғни  сөзді  дұрыс  айту  (дыбыстау)  заңдылықтары жайлы  еңбектерінде 
«Сөз  сазы  дегеніміз  –  сөйлеу  үстінде  сөздердің  дұрыс  айтылып,  құлаққа  жағымды  естілуі.  Ал 
сөздерді дұрыс айту дегеніміз – тілдің табиғи дыбыс заңдылықтарын сақтау болып табылады» [1, 130 
б]  –  деп  түсінік  береді.  Сөз  сазының  қазақы  болып  шығуының  бір  жағы  дыбыс  тіркесіне  барып 
тірелетінін ескерсек, зерттелім нысанының зерттеушілер назарынан түспей отырғанын құптау керек 
болады.  Дыбыс  тіркестерін  мәтіннің  құрамды  бір  бөлігі  деп  қарайтын  болсақ,  онда  мәтінге  тән 
фонетикалық  заңдылықтардың  бәрі  дыбыс  тіркесіне  де  тән  болып  шығады.  Ендеше  дыбыс  тіркесі 
естілім (перцепция) және әуен (интонация) салаларының да зерттеу нысанына айналу керек. Сонда 
дыбыс  тіркесінің  артикуляция,  акустика,  перцепция,  интонация  тұрғысынан  кешенді  зерттелім 
нәтижесі  алынады.  Мысалы,  дыбыс  тіркесінің  және  оның  құрамындағы  дыбыстардың  жеке-жеке 
естілім  талданымы  жүргізіліп,  дыбыс  тіркесінің  естілім  сипаттамасы  алыну  керек.  Қазақ 
тілтанымында  перцепциялық  зерттеудің  негізін    қалаған    профессор  Ж.  Әбуовтың  еңбектері  негіз 
болады. Дыбыс тіркестерін буын құрауыш бірліктер деп қарап, буын проблемасының өзекті саласына  
айналдыруға  болады [2, 56], өйткені қазіргі қазақ тілі оқулықтарында буынның түрлерін анықтап, 
оның  дыбыс  құрамын  санамалаудың  нәтижесімен  шектеліп  қалып  жатыр.  Ғалым  Ж.Т.  Беласарова: 
«Қазақ тіліндегі бір буынды сөздердің құрамындағы дауысты мен көп буынды сөздердің бірінші және 
келесі  буындарындағы  дауыстыларды  бір-біріне  ажыратып  қарау  керек  болады.  Зерттеушілердің 
көрсетуінше,  бір  буынды  түбір  құрамындағы  дауысты  әрі  тұрақты  әрі  сапалық  жағынан  басқа  сөз 
құрамындағы дыбыстарға ешқандай бағынышты емес»-деп, түсінік береді [3,42].  
Дыбыс тіркестерінің фонетикалық талданымы осы мәселенің шешілуіне де себеп болары сөзсіз. 
Ендеше  қазақ  тіліндегі  дыбыс  тіркестері  бір  ғана  жасалым  (артикуляциялық)  талдаудың  емес, 
естілім  (перцепция),  әуен  (интонация),  үндесім  (сингармонизм),  үйлесім  (ассимиляция)  т.б.  зерттеу 
түрлерінің зерттелім нысаны болады. 
Дыбыстар  тіркесі  -  күрделі  фонетикалық  құбылыстардың  бірі.    Сондықтан  дыбыс  тіркестерінің 
айтылым-жазылымының  өзіндік  ерекшеліктері,  олардың  акустика-артикуляциялық  сипаты,  естілім 
белгілері,  әр  дыбыстың  бір-бірімен  тіркесу  заңдылықтарының  себептері  нақты  талдап  көрсетуді 
қажет  етеді.  Себебі  тілдің  өзіндік  табиғи  қалпын  танытатын,  оның  өзге  тілдерден  ерекшелігін 
көрсететін де заңдылықтардың бірі осы тіркесімі болып табылады. Дыбыстар тіркесі жөнінде ғалым 
С.  Мырзабеков  еңбегінде:    “Дыбыстар  тіркесі  –  дыбыстардың  бір-бірінің  қатар  тұру  мүмкіндігі, 
тарихи қалыптаскан орны. Бұл - халыктың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жетілген, жүйеленген сөйлеу 
өнерінің  (қаруының)  жемісі,  нәтижесі.  Қазақ  тіліндегі  негізі  үндестік  заңдар  деп  жүргеніміздің  өзі 
айналып  келгенде,  дыбыстар  тіркесінің  нәтижесі  болып  шығады.  Бұл  заң  бойынша:  1.  Бір  сөз 
деңгейінде  тек  жуан  дыбыстар  немесе  жіңішке  дауыстылар  ғана  қатар  тұра  алады.  2.  Сөз  (түбір) 
ішінде,  сөз  бен  қосымша,  сондай-ақ  сөз  бен  сөздің  аралығында  қатаң  дауыссыздардан  соң  тек 
қатаңдар  ғана  тұра  алады.  3.  Әлгіндей  жағдайда  ұяңдардан  соң  тек  ұяң  дауыссыздар  тұрады.  4. 
85
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
үнділерден  соң  ұяңдар,  қала  берді  үнділер  келеді.  Міне,  бұлар-бүкіл  тілдің  болмыс,  бітімін 
айқындайтын, өзге тілдерден ерекшелендіріп, айшықтандырып тұратын, ұзақ дамудың нәтижесінде 
қалыптасқан, бұлжымас заңдылықтар”,- деп көрсетілген [4,73-74].  
М.  Райымбекова  сөз  басындағы  дыбыс  тіркесіне  басқаша  қарайды.  Акустикалық  талдаудың 
нәтижесіне сүйене келіп: «...благодаря полной редукции узких гласных могут образоваться стечение 
согласных» [5, 98 б] дей келіп,  «однако  это явление нельзя считать типичным для казахского языка» 
[5, 
98  б]  деп  күмәнданып  тоқтайды.  Мұның  өзі  сөз  басында  дауыссыздар  тіркесі  кездеседі  деген 
пікірдің  екіұшты  екенін  көрсетеді.  Оның  үстіне  акустикалық  талдаудың  нәтижесі  артикуляциялық 
тұрғыдан тиянақталмаған. Автор келтіріп отырған мысалдардың өзі де сенімсіз: бл (білек), бр (бірақ), 
кт (кітап), кл (кілем) т.б. Дауыстының айтылымы қысқаруы мүмкін, бірақ түгел түсіп қалуы мүмкін 
емес. Өйткені сөз басындағы дауыссыз аралық дауысты анық естіледі. Бірақ барлық артикуляциялық 
белгілерді қамтымай, олардың жасалу тәсілін алған. Мұнда да әріп тіркестердің тіркесі қаралған. 
Қазақ  тілінің  дауысты  дыбыстарына  байланысты  еңбегінде  профессор  Ә.  Жүнісбек  қысаң 
дауыстылардың  нөлдік  редукциясы  бар  екенін,  алайда  дауыстының  орны  жоғалып  кетпейді, 
дауыстының нөлдік (өшік) варианты (глухой вариант) ретінде сақталатынын айтады [6]. Дыбыстар 
тіркесін  соңғы  ғылым  жетістіктері  тұрғысынан  әлі  де  терең  зерттеу  ісі  қазақ  тілі  фонетикасы 
саласындағы алдағы міндеттердің бірі деп білеміз. Себебі дыбыстар тіркесі мен жазу заңдылықтары 
талаптарының  ара  жігі  ашылмай,  көптеген  еңбектерде  біріне-бірі  қайшы  пікірлер  айтылып  келе 
жатқанын  байқаймыз.  Тіліміздегі  дыбыстар  табиғаты  олардың  өзіндік  ішкі  ерекшеліктеріне  қарай 
топ-топқа  бөліп,  жеке-жеке  қарастыруды  қажет  етеді.  Мысалы,  кейбір  ұяң  (б,г,ғ,д)  дыбыстар  сөз 
соңында келмейтінін ескерсек, оның өзге дыбыстармен тіркесімі жөніндегі мәселені басқа қырынан 
қарастыру керек сияқты.  
Қазақ  тілінің  төл  тіркестері  дегенде  оны  орыс  және  араб  тілдерінің  ықпалымен  еніп  отырған 
дыбыс  тіркестерінің  үлгілерін  айтып  отырған  жоқпыз.  Оларды  о  бастан  зерттеу  нысанының 
қатарынан  шығарып  тастаған  болатынбыз.  Өйткені  олардың  төл  тіркес  құрамына  жатпайтындығы 
фонетикалық дәйектемені қажет етпейді. 
Төл  тіркестерді  қазақ  тілінің  өзіне  тән  әріп  таңбалар  мен  айтылым  дыбыстардың  арасынан 
шығарып  алып  отырмыз.  Сөз  жоқ,  кез-келген  фонетикалық  талдаудың  бастауы  сөздің  (мәтіннің) 
жазба нұсқасына барып тіреледі. Ендеше жазба (әріп) тіркестер де сол құрамдағы тілдік бірліктердің 
бірі  болып  табылады.  Сонымен  егер  әріп  тіркесінің  айтылымы  сол  әріп  тіркесінің  құрамындағы 
таңбаларға  сай  келсе,  онда  ол  тіркесті  төл  тіркес  деп  атаймыз.  Төл  тіркестердің  жазылымы  мен 
айтылымы  бірін-бірі  толық  қайталап  тұрғандықтан,  оларды  анық  немесе  ақиқат  тіркестер  деп 
атадық. Ал, егер, әріп тіркесінің айтылымы сол әріп тіркесінің құрамындағы таңбаларға сай келмесе, 
онда  ол  тіркестер  төл  тіркестердің  құрамына  жатпайды.  Ондай  тіркестердің  жазылымы  мен 
айтылымы  бірін-бірі  сол  күйінде  қайталамайтын  болғандықтан,  оларды  жасырын  немесе  жалған 
тіркестер деп атадық. Өйткені әріп тіркес сол күйінде қазақы дыбысталмайды, оның дыбыс құрамы 
белгілі бір  өзгеріске ұшырап барып қана қазақы айтылады. Басқаша айтқанда, қазақы айтылатын әріп 
тіркестері төл тіркестер, ал қазақы айтылмайтын әріп тіркестер төл емес тіркестер болып шығады.  
Сонда  төл  тіркестер  мен  төл  емес  тіркестердің  айырмашылығы  олардың  қазақы  айтылымында 
болып табылады. 
Жазба  төл  тіркестер қазақ  сөзінің  (мәтінінің)  табиғи  айтылымын  сақтап отырса, жазба  төл емес 
тіркестер, керісінше, қазақ сөзінің (мәтінінің) табиғи айтылымына жаңсақ әсер етіп отырады. Жаңсақ 
әсер  тілі  жазумен  шыққан  ұрпақтың  тіліне  тез  сіңіп  кетеді  (оны  күнделікті  сөйлеу  үстінде  байқап 
келеміз). Соның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыс құрамы өзгеріп, жаңа тіркестердің пайда болуына 
әкеп  соғады.  Сөйтіп  жас  ұрпақ  пен  ересек  ұрпақтың  сөз  саптауында  дыбыстық  алшақтықтар 
туындайды.  Ендеше қазақ тілінің дыбыс, буын, сөз, сөз тіркесі және мәтін деңгейіндегі төл үлгісінің 
сақталуын  тұрақты  қадағалап  отыру  ғылыми  және  ғылыми-әдістемелік  зерттеулердің  нысаны  болу 
керек.  
Дыбыстар  тіркесін  соңғы  ғылым  жетістіктері  тұрғысынан  әлі  де  терең  зерттеу  ісі  қазақ  тілі 
фонетикасы  саласындағы  алдағы  міндеттердің  бірі  деп  білеміз.  Себебі  дыбыстар  тіркесі  мен  жазу 
заңдылықтары  талаптарының  ара  жігі  ашылмай,  көптеген  еңбектерде  біріне-бірі  қайшы  пікірлер 
айтылып  келе  жатқанын  байқаймыз.  Тіліміздегі  дыбыстар  табиғаты  олардың  өзіндік  ішкі 
ерекшеліктеріне  қарай  топ-топқа  бөліп,  жеке-жеке  қарастыруды  қажет  етеді.  Мысалы,  кейбір  ұяң 
(
б,г,ғ,д)  дыбыстар  сөз  соңында  келмейтінін  ескерсек,  оның  өзге  дыбыстармен  тіркесімі  жөніндегі 
мәселені басқа қырынан қарастыру керек сияқты. Енді дыбыстар тіркесінің фонетика-фонологиялық 
86 

Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г. 
табиғатын  нақты  тану  үшін  ғалым  С.Мырзабеков  еңбегіндегі  мәліметтерге    төменде  шолу 
жасамақпыз.    Дыбыстар тіркесін түбір, түбір мен қосымша деңгейінде қараумен шектелмей, сөз бен 
сөз аралығына да зер салу керек. өйткені түбір ішінде, түбір мен қосымша аралығында қатаңдардан 
соң  тек  қатаң,  ұяңдардан  соң  тек  ұяңдар  тұрып,  үнділерді  жолатпайтын  болса,  сөз  бен  сөздің 
арасында  олардың  қайсы  бірі  үнділерге  (н,  м)  кет  әрі  емес:  үшмың,  төртмың,  бесмың,  жүзмың, 
үшнан,  төртнан,  жүзнан.  Қазақ  тілі  ә,  о  дауыстыларын  тек  сөздің  бас  буынында  ғана  айтып, 
қалыптастырған.  Қазіргі  қазақ  тілінде  олар  екінші,  үшінші  буындарда  (тіпті  қосымшаларда)  да  
жүрсе, ол кірме сөздерді үндестікке үйрету, кіріктіру үшін керекті болғандықтан, амалсыз алынған 
деп  түсіну  керек.  Сондай-ақ  ыу,  іу  тіркесі  мүлде  жоқ.  Дауыссыздарға    аяқталған  сөзге  қосымша 
дауыстыдан басталып жалғанатыны бізге табиғи, етене болып көрінсе, ал дауыстыға аяқталған сөзге 
де қосымша дауыстыдан басталып жалғанбайды.  Сөз ішінде дауыстылардың тіркесе алмауы түркі 
тілдеріне,  әсіресе  қазақ  тіліне  тән  ерекшелік  түрінде  танылуға  тиіс.  Дыбыстау  мүшелерінің  үнемді 
қызметіне, үндестікке негізделген қазақ тілінде артық буын, қисық (үндеспейтін) дыбыстарға орын 
жоқ. Бір бунаққа еніп, бір ырғақ, екпінмен айтылатын сөз бен сөздің арасында да осындай заңдылық 
кездеседі.  Бунақтағы  сөздердің  алдыңғысы  дауыстыға  аяқталып,  кейінгісінің  дауыстыдан  басталып 
жазылуы үйреншікті көрініс: ала ат, қара ала, қолға алды, қолы ұзын, игі іс, тірі өлік, алты ай, алты 
үй,  екі  ешкі,  екі  үйрек. Бұлар:  алат,  қарала,  қолғалды, қолұзын,  игіс,  тірөлік,  алтай,  алтүй,  екешкі, 
екүйрек  түрде  айтылады  да,  алдыңғы  сөздің  соңындағы  дауысты  лықсып  шығып  қалады.  Мұндай 
жағдайда алдыңғы сөздің соңындағы дауыссыз дыбыс жылысып, келесі сөздің құрамына енеді. Олай 
болатын себебі бір бунаққа енген сөздер тұтасып, бір сөз сияқты буындалады, ал буын-сөз басында 
болмаса,  дауыстыдан  басталмайтыны  белгілі.  Қазақ  тілінде  дауыстылар  араларына  дауыссыздар 
салмай,  өзара  тіркесе  алмайтыны  анық.  Олай  болса,  дауыстылардың  тіркесін  тіл  үндестігі,  ерін 
үндестігі  тұрғысынан  танып  білгеніміз  жөн.  «Қазақ  тілінде  дыбыстар  тіркесі  дейтін  ұғым 
дауыссыздардың үндесуі түрінде ұғынылады.  
Қазақ тіліндегі дауыссыздардың тіркесін анықтау бір жағынан жеңіл, екінші жағынан қиын. Жеңіл 
болатыны,  тіл  өзінде  бар  дыбыстарды  сан  ғасырлар  бойы  саралап,  сабақтап  орын-орнына  қойып 
берген.  Дыбыстар  үндестігі  сол  саралау  мен  сабақтаудың  нәтижесі.  Ол  бойынша,  қатаң 
дауыссыздардан соң тек қатаңдар, ұяңдардан соң тек қана ұяңдар, үндіден соң негізін ұяңдар, үнділер 
ғана  тұра  алады.  Сөздің  құрамындағы  дауыссыздар  дауыстылардың  ыңғайына  қарай  бірыңғай  не 
жуан, не жіңішке болып үндесіп айтылады»[4, 82]. 
Қазіргі  тілімізде  сан  ғасырлар  бойы  дамудың  нәтижесінде  қалыптасқан  табиғи  дыбыс 
тіркестерімен қатар, кірме сөздерде ғана кездесетін, жалпы заңдылыққа қайшы келмейтін тіркестер 
бар. Мәселен, ғд (бағдар, бағдат, дағды, жағдай, тағдыр) тіркесі байырғы сөздердің түбірінде де түбір 
мен  қосымша  аралығында  да  ұшырамайды.  Тек  сөздердің  аралығында  ғана  айтылады:  ағдала  (ақ 
дала),  бағдәулет  (бақ-дәулет),  бағдәреже  (бақ-дәреже),  тамағдәмі  (тамақ  дәмі),  ағдәрі  (ақ  дәрі), 
ағдауыл (ақ дауыл), оғдәрі (оқ-дәрі). Сөйте тұра, кірме сөздердің түбірінде қолданылуы, ұяңнан соң 
ұяң дауыссыз келеді дейтін заңға сиып тұр. Дәл осындай ұяңдар тіркесі ғб екі-ақ сөзде ұшырайды: 
бағбан (бақ-бан), қағба. Байырғы сөздерде мұндай тіркес жоқ. Қазақ тіліндегі дыбыстар тіркесін үш 
түрлі позицияда қарастыру керек болады: 
1)
 
түбір (морфема) деңгейінде, 
2)
 
түбір мен қосымша жігінде, 
3) сөз бен сөздің аралығында (бунақ ішінде)» [3, 83]. Бұлардың бәріне ортақ жалпы заңдылықтар 
бар да, әр позицияның өзіне тән тіркесу ерекшеліктері және бар. Мәселен, қатаңнан соң қатаң, ұяңнан 
соң ұяң дауыссыз келеді дейтін заң сөз бен сөздің арасында сақтала бермейді. Мысалы: үш мың, төрт 
мың,  бес  мың,  жүз  мың.  Үш  позицияға  тән  айнымас  заң  қатаңдардың  ұяңдармен  және  керісінше, 
ұяңдардың қатаңдармен қатар тұрып (тіркесіп) айтылуы мүлде жоқ. 
Дыбыс  тіркесі  болу  үшін  тіркес  құрамындағы  дыбыстардың  арасында  тығыз  артикуляциялық 
байланыс  болу  керек.  Әрбір  артикуляциялық  байланыстың  өзіне  тән  акустикалық  көрінісі  мен 
перцепциялық  нәтижесі  болады.  Қазақ  сөйлермені  осы  белгілерді  түйсіну  нәтижесінде  қазақ  сөзін 
қазақы қабылдайтын болады.  
 
1 Сыздықова Р. Қазақ тілінің анықтағышы. –Астана: Елорда, 2000. – 528 б. 
2 Абуов Ж.  Перцептивная фонетика. – Алматы: КазГЮА, 1999. – 226 с.     
3    Беласарова  Ж.Т.  Түркі  тілдеріндегі  дауысты  дыбыстардың  сипатталуы  туралы.  Алматы: 
Абай ат. ҚазҰПУ-нің Хабаршысы; «Филология» ғылымдарының сериясы,  №2(44) 2013ж.  
87
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж. 
4 Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыс жүйесі. – Алматы: Сөздік-словарь, 1999. - 200 б. 

Раимбекова М. Ассимилятивное описание звуков в казахском языке. – Алматы: Наука, 1998. – 
146 
с. 
6  Джунисбеков А. Гласные казахского языка. – Алма-Ата: Наука, 1972. – 93 с. 
 
 
Резюме 
Г.К. Кайдарова – к.ф.н., доцент КазГосЖенПУ, С.Е.Сугирова – магистрант КазГосЖенПУ  
Аудио фразы квалифицировать, как KURAWŞI язык единицы 
 
В  данной  статье  речь  идет  о  правильном  использовании    звукосочетания  в  тексте.  Основные 
фонетические  знаки    в  тексте  имеют  прямую  зависимость  от  звукосочетания,  именно  поэтому 
природа  фонетики  сложна.  Даже  при  определении  фонетической  природы  охарактеризовать  
звукосочетание  при  помощи  методов  и  подходов  явялется  сложной  задачей.  Результаты 
проведенного  исследования  звукосочетания  показали,  что  для  обучения  казахского  языка  умение 
говорить  устным  литературным  языком  является  одним  из  самых    сложных  вопросов  в  казахском  
языке.Звукосочетания  в    звуковом  составе  и  их  способность    сочетания  классифицируются  в 
зависимости от места. Согласно основным исследованиям звукосочетания артикуляционный  анализ 
относиться в первую очередь. В составе звукосочетания значение взаимодействия звуков их  методов 
произведения,  твердость  звука  все  это  связано  с  местом  их  взаимодействия.  В  статье  определены 
главные  правила  звукосочетания  их  значение  и  место  при  произведении  звуков,  методика 
произведения  звуковых  сочетаний,    взаимодействие  между  собой,  произношение,  особенности 
звучания,  место  звуков  в  слове.    Научно  описав  артикуляционное  и  акустическое  звукосочетание, 
взятое как «единство языка» были, показаны конкретные признаки устного и письменного сочетания 
и различия. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет