ШЕТЕЛ ТІЛІН ҤЙРЕТУДЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ
ТАНЫМДЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
(С1, С2 ДЕҢГЕЙІНДЕ)
Бикеева Д.М. – Абай атындағы ҚазҰПУ
6M011900 - Шет тілі: екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранты, dinarochka26@mail.ru
Мақалада студенттердің танымдық-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру C1, C2 деңгейінде талқылана-
ды. Ұлттық білім беру жүйелерінің жаңа үлгісін қалыптастыру біздің елімізде, сондай-ақ алыс және жақын шет ел
мемлекеттерінде ең ӛзекті мәселелердің бірі болып отыр. Халықаралық стандарттың негізгі желісі, яғни ӛзегі
жалпыеуропалық құзырлылықта сипатталған шетел тілін деңгейлеп оқыту болып табылады.
Тҥйін сӛздер: халықаралық стандарт, шетел тілі, тілді түбегейлі меңгеру, коммуникативтік процестер, Европа-
лық жүйе, құзырлылық, мәдениетаралық қарым-қатынас, коммуникативтік құзырлылық, ұлттық білім беру жүйесі,
оқыту процесі.
Бүгінгі таңда шетел тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі-мәдениетаралық қарым-қатынасқа
қабілетті, шетел тілін сол тілде сӛйлеуші ұлттық тілдік және әлеуметтік - мәдени ерекшеліктеріне сай,
дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Ол үшін ең алдымен
отандық білім және ғылымды дамыту қажет. Әрбір қазақстандық қызметкер, болашақ білікті кадрлар –
бүгінгі студенттер, оқушылар мен жастар білімді болуы тиіс.
Адамзат баласының ӛз ұрпағын оқыту мен тәрбиелеудегі ең озық, тиімді әдістерін тәжірибелерін
жалғастырып тың жаңалықтар іздеу, классикалық педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту
қашанда жалғаса бермек. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру жеке тұлғаның ӛзі арқылы, оның
іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы ойлау дағдыларын дамыта отырып жүзеге асырылады. Білім - жолы
қиында қастерлі жол. Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана
емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық ӛмірдің барлық аясында ұлттық құндылық-
тарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек екенін баса айтқан жӛн. Біртұтас
әлемдік қауымдастықты қалыптастыру үрдістері мен интеграциялық қалыптастыру үдерістері, халықара-
лық қарым-қатынас салаларының кеңеюі сияқты ғаламдық процестер қатарына халықаралық ынтымақ-
тастықты ғылыми білім-беру тұрғысынан қамтамасыз ету мен қарым-қатынас салаларында мәдениетара-
лық байланысты арттыру мәселесін білім беру жүйесінің, атап айтқанда Қазақстан Республикасы оқу
орындарының басым міндеттерінің біріне айналдырып отыр. Болашақ жастарды оқыту, тәрбие беру,
қазіргі ӛмір ағысына бейімдеу ұстаз алдында тұрған ең басты міндет.
Қазіргі таңда білім беру жүйелерін модернизациялау процесі ортақ бір идеяға, пікірге бағытталған, ол-
бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру болып табылады. Еуропалық одақтастық елдерінде мұндай
кеңістікті жасауда аз күш жұмсалып жатқан жоқ, дегенмен бұл елдерде қолданылатын тілдердің
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
42
әралуандығына байланысты ортақ нәтижеге қол жеткізілмей отыр. Мұндай жауапты бастамаларда әр
түрлі тілдер қолданысы жекелеген мемлекет деңгейінде, сондай-ақ түрлі халықаралық қоғамдастықтар
деңгейінде де шынайы қиындықтар келтіруде. Осындай кедергілерді болдырмау әрекеттері шетел тілін
меңгерудің жалпыеуропалық құзырлылығы түрінде халықаралық стандарттың қалыптасуына негіз
болды.
Халықаралық стандарт ресми түрде 2001 жылы Еуропа Кеңесінің шешімімен қабылданды. Стандартта
тілдерді оқытудың қазіргі заманғы процесінің негізгі белгілері жинақталған, дегенмен бұл процесті нақты
басқару мен белгілі бір лингвистикалық теорияға сүйену мәселелері қарастырылмаған. Халықаралық
стандарттың негізгі желісі, яғни ӛзегі жалпыеуропалық құзырлылықта сипатталған деңгейлеп оқыту
болып табылады. [1]
Ал деңгейлеп оқыту негізі іс-әрекет тұрғысынан алынып, онда білім алушы іс-әрекеттің субъектісі,
яғни белгілі бір жағдайларда, белгілі бір ситуацияда және белгілі бір саладағы міндеттерді шешуші
ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының кӛпұлтты сипаты мен жалпы білім беретін орта мектептерінде тілдерді
оқыту мен үйретудің ӛзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік меңгерудің Еуропалық жүйесі
сарапталды. Соған орай.
Біріншіден, Европалық жүйеге сәйкестелген тілдік деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің
бастауыш сыныптары бойынша сараланды. Екіншіден, бастапқы деңгейдің екі кезеңі айқындалды.
Үшіншіден, бастапқы тілдік деңгей түйінді құзыреттерге негізделді.
Бесіншіден, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар бастапқы деңгей бойынша
сӛйлесім әрекетінің бес түрі негізінде айқындалды.
Алтыншыдан, әр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бӛлім, қатысымдық-сӛйлесімдік бӛлім
және мәдениетаралық қарым-қатынас бӛлімі бойынша сараланып ұсынылды.
Оқыту процесін іс-әрекет тұрғысынан сипаттау тӛмендегідей ұғымдарды қолдануды қарастырады:
құзырлылық, контекст, сӛйлеу әрекеті, коммуникативтік іс-әрекет түрлері, коммуникативтік процестер,
мәтін, қарым-қатынас саласы, стратегия және міндет. Бұл ұғымдар ӛзара байланыста болады және олар-
дың кӛмегімен шетел тілін меңгеру деңгейлері тігінен және кӛлдеңінен сипатталады. Тігінен меңгеру А1
деңгейінен (дебютанттар-талапкерлер) С2 деңгейіне (―тілді түбегейлі меңгеру‖) жету болып табылады. [2]
Кӛлденінен оқытуда коммуникативті іс-әрекет пен коммуникативтік құзырлылық сипатталады.
Деңгейлеп оқытудың, біздің ойымызша, бірқатар артықшылық жақтары бар:
-
шетел тілін меңгеру барысында басты мақсатқа жету жолдарының әрбір деңгей үшін нақты бӛлінуі
және оқыту сабақтастығының шынайы қамтамасыз етілуі;
-
әрбір деңгей үшін құрастырылған аутентті оқу-әдістемелік кешендер мен тесттердің қолданылуы;
-
шетел тілін меңгеру деңгейіне қарай оқылатын тіл елінің халықаралық деңгейде мойындалған
сертификатын алу мүмкіндігі.
Жаңа үлгінің негізгі мәнін тӛмендегідей кесте түрінде кӛрсетуге болады.
Курс
Тілдік (мамандандырылған ) ЖОО
Кӛп бейінді тілдік емес ЖОО
4
С2, LSP,LAP
3
C2, LSP
LSP
2
C1
1
B2
B2
1 кесте - Қазақстан Республикасындағы шетел тілінде жоғары білім беру деңгейлері
С1 - Effective Operational Proficiency
С2 - Mastery
Үлкен кӛлемде берілетін кең ауқымды мәтіндерді
түсініп, ой түйіп жұмыс жасай алады. Кез-келген
жерде қиналмай ӛз ойын толыққанды жеткізе алады.
Академиялық және арнайы кәсіби-мақсатта тиімді
білімін кӛрсетіп, ойын жеткізе алады. Әр түрлі қиын
тақырыптарда саналы түрде арнайы ұйымдастырылған
қабілетімен кешенді мәселелер бойынша күрделі
құрылымды хабарлама жасай алады.
Оқыған мәтінді де, жазылған хабарламаны да,
естіген кез келген хабарларды онай әрі тез, қиыншы-
лықсыз түсінеді. Әр түрлі ақпараттардан, ұсынылған
хабарламалардан түйін шығарып, мазмұнды қорытын-
ды жасай алады. Арнайы дайындықсыз-ақ кез келген
күрделі жағдайларда ӛз ойын дәлелденген ақпарат-
тармен еркін түрде жеткізе алады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
43
2 - кесте - күтілетін нәтиже
Тілдік жоғарғы оқу орнының студенті оқуды В2 (FCE) деңгейінен бастап, C1 (CAE) және СРЕ
(Certificate of Proficiency in English) түріндегі халықаралық сертификаттаумен қорытындылатын С2
деңгейіне жетеді. ЖОО түлектеріне семестрлер бойынша оқыту деңгейлерін тӛмендегідей бӛлуге
болады:
1-
семестр - В2,
2 - семестр - С1,
3 - семестр - С1-2,
4 - семестр - С2 + СРЕ форматындағы емтиханға дайындық.
Оқу процесін ұйымдастырудың тиімділігі:
- түлектердің шетел тілін жоғары деңгейде меңгеріп шығуларын қалыптастырады;
- жоғары курс студенттерін тек шетел тілінде оқытуға мүмкіндік береді (теориялық фонетика, теория-
лық грамматика, лексикология, тіл тарихы, елтану, оқылатын тіл елінің әдебиеті, аударма теориясы т.б.).
Халықаралық стандарттың деңгейлік моделі Қазақстандағы білім беру мекемелерінің жүйесіне қарай
жобаланып, гипертекст желісі түрінде оқу орнының білім беру түріне қарай белгілі бір деңгейлер саны
бӛлінді. Бұл, бір жағынан, халықаралық сертификаттауға, екінші жағынан, келесі жоғарғы деңгейге ӛтуге
негізделген. [3] Жалпы білім беретін орта мектептерге қорытынды емтиханымен бірге үш деңгей
(А1,А2,В1) ұсынылды. Мысалы, ағылшын тілінен РЕТ (Preliminary English Test) талаптары негізінде
емтихан тапсыру. Бұл жағдайда тілдік жоғары оқу орнының студенті оқуды В2 деңгейінен бастап, СРЕ
(Certificate of Proficiency in English) түріндегі халықаралық сертификаттаумен қорытындылатын С2
деңгейіне жетеді. Ал бұл ӛз кезегінде ЖОО түлектеріне оқуды магистратурада, оның ішінде шет елде
жалғастыруына мүмкіндік береді. [4] Кредиттік технология негізінде деңгейлеп оқытуға кӛшу шетел тілін
оқыту процесінде бірқатар ӛзгерістер жасауды қажет етті, атап айтсақ, оқылатын тіл елінің шарттарына
сай, оқытудың жаңа, тиімдірек технологиясын ендіру, оқу процесін жүргізуде жаңа іс-құжаттар дайын-
дау, оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру.
Жоғары оқу орындарының ―Шетел тілдері‖ бағыты мәдениетаралық қарым-қатынастың жазбаша
дағдысын қалыптастырудың негізгі белгілеріне мыналар тән:
а) сӛйлеу құралдарының спецификалық құралдары (жазбаша түрде жиі қолданылатынын бәрі ауызша
түрде қолданылмайды);
б) ауызша түрге қарағанда құрылымдық қиындығы толылырақ;
в) құру кезіндегі үлкен сана-сезім, ӛйткені жазушы адам ойлану мүмкіндігі бар және алдын ала
жоспарлау, ал оқып жатқан адамда ойлану мүмкіндігі бар;
г) толымдылық және ашықтық, ӛйткені сӛйлеушімен қарым-қатынас жиі жоғалады және берілген
ситуациямен міндетті түрде қарым-қатынас;
д) басқа да интонациялық белгілердің, актуалды бӛлінудің тәсілдері. [5] Мысалы, сӛз тәртібі. Әбден
мүмкін жазбаша түрдің негізгі ауызша сӛйлеудің белгіленген түрінің болуы (Б.В. Биляев), ал сӛйлеу
қызметінің формасы психологиялық, лингвистік жоспарлармен коммуникация теориясы жағынан
ерекшеленеді. Осының барлығы оқу процесінде кӛрініс таппауы мүмкін емес.[6]
Оқу жылдарына қарай шетел тілін деңгейлеп оқыту бағыты дұрыс екендігін тәжірибе кӛрсетіп отыр
және ол ӛз нәтижелерін беруде:
1. Шетел тілдерін деңгейлеп оқытуға кӛшу оқыту мазмұнында, технологиясы мен әдіс-тәсілдерінде
кӛптеген ӛзгерістер ала келді.
2. Аралық бақылау мен қорытынды бақылауда халықаралық білім беру кеңістігіндегі емтихан
материалдары мен оқу құралдарын пайдалану, оқу процесін сол талаптарға сай ұйымдастыру оқу сапасын
арттыруға ықпал етті.
3. Деңгейлеп оқытуға кӛшу шетел тілдерін оқыту әдістемесінде ғылым саласы ретінде жаңа белестерге
жол ашып, оқу сапасын арттыруға тікелей мүмкіндік берді.
1.
Назарбаев Н.Ә. «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» лекция, 2011ж.
2.
Абдыгаппарова С.К. Культурное многообразие. Практикум по межкультурной коммуникации, (часть 1)
Учебное пособие на английском языке. – Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылaй хана, 2002 г. – 34 с.
3.
Тер-Минасова С.Г. Язык и межкультурная коммуникация / учебное пособие. – М.:Высшая школа,1999. – 234 с.
Stevenson D.C. American Life and Institutions. Stuttgart, 1987.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
44
4.
Абдыгаппарова С.К. Культурное многообразие. Практикум по межкультурной коммуникации, (часть 1)
Учебное пособие на английском языке. – Алматы: КазУМОиМЯ им. Абылaй хана, 2002 г. – 34 с.
5.
Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно-воспитательного процесса: Методические основы. – М.: Педагогика,
1982. – С.192. Стернин И.А.
6.
Коммуникативное поведение в структуре национальной культуры // Этнокультурная специфика языкового
сознания. – М., 1996. – С.97-112 27. Беспалько В.П.
Резюме
Бикеева Д.М. – магистрантка 2 курса по специальности 6M011900
Два иностранных языка, dinarochka26@mail.ru
Формирование когнетивно-коммуникативных навыков у студентов
в обучений иностранному языку (уровень С1, С2)
В данной статье рассмотрена важность формирования когнетивно-коммуникативных навыков у студентов в
обучений иностранному языку согласно уровням С1, С2. Одним из важных вопросов является формирование новой
модели национальной системы образования в нашей стране, а также ближнего и дальнего зарубежья. Основным
направлением международного стандарта, является обучение иностранному языку согласно уровням
общеевропейской компетенций.
Ключевые слова: международный стандарт, иностранный язык, тщательное владение языком, коммуникатив-
ные процессы, Европейский стандарт, компетенция, межкультурная коммуникация, коммуникативная компетенция,
национальная система образования, процесс обучения.
Summary
Bikeeva D.M. – master of the specialty of foreign language: two foreign languages at Abay KazNPU,
dinarochka26@mail.ru
Formation of cognitive communicative skills of students in foreign language teaching (level C1, C2)
This article about formation of cognitive and communicative skills of the students in learning a foreign language
according to the levels C1 and C2 . One important issue is the formation of a new model of the national education system in
our country , as well as near and far abroad . The main focus of the international standard , is learning a foreign language
according to the levels of the Common European Framework .
Keywords: international standard, a foreign language , a thorough command of the language , communication processes ,
the European standard, competence, intercultural communication, communicative competence, national system education, the
learning process.
ӘОЖ 372.65 943 271
ЖАСЫ ҦЛҒАЙҒАН АДАМДАРҒА БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІСТЕР
Беркинбаева Г.О., Қ.М. Адырбеков
–
Абай атындағы ҚазҰПУ, оқытушы
Gulnazken@mail.ru
: 87022647619
Жылдан-жылға әлемдегі халық саны кӛбейіп жатқанына қарамастан, жасы ұлғайған кісілердің білім алу
жолдары, оның қалай іске асырылғандығы туралы, неліктен ол адамдар білім алудың орнына дербес тәжірибені
қалады немесе жасы ұлғайған сайын білімнің олардың ӛмірлеріндегі рӛлі туралы мәлімет ӛте аз. Бұл мақалада осы
сұрақтарды жеке дара талқылап, керекті әдістерді ұсындық. Жасы ұлғайған адамдарға білім берерде ұстанатын
бірнеше әдістерді пайдалану жолдары ұсынылды. Технология дамыған сайын білім беру үрдісі де уақыт ӛте келе
кезегінде дамып келеді.
Тҥйін сӛздер: әдістер, ізденуші, тәжірибе, үйретуші, практика, дәріс, топтық жұмыс.
Anahtar kelimeler: yöntemler, öğrenci, tecrube, öğretmen, pratik, ders, çalışmak, grupla iş.
Мақсаты: Біздің басты мақсатымыз, жасы ұлғайған адамдарды ізденуші деп қарау, олардың
біліктілігін арттыру жолында әсер ететін жайттарды зерттеу және сол жолда жұмсалған қажыр-қайраттың
әсерін анықтау. Сонымен қатар, біз жасы ұлғайған адамдардың «Білім алу» дегенді қалай түсінетіндігін
анықтағымыз келді.
Міне, бұл мақсат бізді ӛмір бойы білім алу қағидасын қайта қарастыруға жол ашты. Кейбір адамдар
тек қана жұмысқа қажетті білімді алып қояды, соған қарамастан, әлеуметтік дебаттар және қарама-
қатынастық дамуларға қатысудың берері мол.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
45
Ӛмір бойы білім алу. Біз білім беруді ең үлкен тӛрт кезеңге бӛліп қарастырамыз. Бұл кезеңдер
бұрыннан белгілі.
Бірінші кезең – балалық шақ.
Екінші кезең – жеткіншектік шақ.
Үшінші кезең – ересектік шақ.
Тӛртінші кезең – кәрілік шақ.
Осы кезеңдерге байланысты сауалнамалар, сұрақ-жауаптармен қоса тӛрт маңызды тақырып талқыға
салынды. Олар:
Ӛткізілген тәжірибенің бұзылуы және ауысуының әсері.
Ұзақ уақыт бойы білім алудың әсері.
Университетте білім алудың әсері.
Жеке білім алудың әсері.
Тағы да айта кетерім, әр тұлғаға әр кезеңнің әсері әр түрлі.
Бірақ бұл ӛмір бойы білім алу немесе оқу үдерісінің де ӛзіндік әдістемелік проблемалары жоқ емес.
Атап айтар болсақ, кәрі жастағы адамдардың кӛбінесе есте сақтау қабілеті нашар болады. Міне сол
себептен де осы жайтты ескере отырып, қажетті әдістерді қолдану керек.
Жасы ұлғайған адамдардың тәжірибесін, жұмысынан алған біліктілігін ескере отырып, оқытуда келесі
әдістерді қолданудың жан-жақты пайдалары бар. Әдістерге келместен бұрын, үйретуші - ұстаздың
бойында мына қасиеттер болғаны жақсы [1].
Дәрісті үйреткенде, диалог оқығанда үйренушілермен бір жастағы секілді ӛткізу керек.
Үйренушілердің пікірлерін тыңдай отырып үйрету.
Рӛл ауыса отырып оқыту.
Үйренушілерге тұлға ретінде сену және қабылдау.
Үйретуде жетістікке жету үшін, әр білім алушының есімін білу айтпаса да түсінікті жайт [2]. Сыныпта
кӛптеген білім алушылар болса да бұл ӛте маңызды. Кӛптеген университет мамандары осы әдісті
мақұлдауда. Мәселен, Флорида Мемлекеттік Университетінің мамандары білім алушылардың жеке
куәліктерінің кӛшірмесінің де болғанын құптауда. Ал енді әдістер жайлы айтар болсақ:
Байланыс қҧра білу қабілеті
Білім алушылардың ӛздеріне деген сенімдерін арттыру – ең басты міндет. Белгілі тақырып беру
арқылы сӛйлеуге мүмкіндік беру. Егер осы тақырыпқа байланысты ӛз ойын еркін жеткізе алса міндеттің
жартысы орындалды деген сӛз. Содан кейін қатемен жұмыс жасау керек. Ӛз қателерімен жұмыс жасай
отырып, келешекте ондай қателік жібермеуге дағдылана бастайды.
Тәжірибе
Практика (гр. рraxis – практика жасау) – ойлана әрекет жасау дегенді білдіреді. Білім ала отырып, іс
жасау ӛте кӛп ұсынылатын және жасы ұлғайған білім алушыларға берер пайдасы мол [3]. Білім алушылар
алған білімдерінің іске асыру үдерісін кӛруге ӛте қызығады.
Сӛйлемді сауатты қҧра білу
Білім алушылардың берілген сӛздерден сӛйлем құрай білуі. Слайдтар жасау жасы ұлғайған адамдар
үшін ең кӛрнекі құралдардың бірі болып табылады. Осы әдіс мамандары, білім алушылардың ӛз
біліктерімен сӛйлем құраумен айналысса, ӛз қателерін таба отырып үлкен жетістікке жетеді деп
есептейді. Егерде білім алушылар зерттеліп отырған мәселеден қате табатын болса, оны жӛндеу арқылы
келешекте сол мәселеге байланысты қате жібермеуге тырысады. Мәселен:
а) I do playing football now X Қате
b) I am playing football now V Дұрыс
(а) Қате сӛйлем, ӛйткені біз «do» сӛзін ауыспалы осы шақта қолданамыз. Ал, бұл сӛйлемде «now» сӛзі
де айтылған. Міне сондықтан да бұл сӛйлем нақ осы шақта тұрғаны үшін, «am» кӛмекші етістігін
қолданамыз (b).
Топпен жҧмыс жасау
Топпен жұмыс жасаудың пайдасы – әлеуметпен жұмыс жасау қабілетін арттырады. Әлеуметпен
жұмыс жасай алатын адам ӛз мамандығының білікті шебері бола алады. Әсіресе жұмысты бастаған кезде
басқа адамдармен тіл табыса білу ӛте маңызды. Топпен жұмыс жасау – үлкен тәжірибені арттырады және
дәстүрлерді үйренуге жол ашады.
Жасалынған сұрақ-жауап сауалнамаларға талдау жасай отырып, олардың неліктен жұмыстан босап
қалғаны (мысалы: қысқартуға ұшыраудың себебі, бәсекелестіктің туындауына байланысты, зейнеткерлік
жасына жетуі т.с.с.) туралы мәліметтер жиналды. Жұмыссыздардың 80% маркеттерде жұмыс жасап,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж.
46
тазалықшы қызметтерін атқаруда. Қатысқандардың 64% жеке жұмыс жасауда. Жұмысты бітірудің басты
себебі қысқартуға ұшырау немесе денсаулыққа байланысты болды. Бұл шешімдердің де ӛзіндік
пайдалары бар. Уақыттың кӛбеюі білімге деген ынта-жігерді оятып, білім алып жүргендер де жоқ емес.
Ал қатысқандардың мемлекеттік бағдарламаларға баруларының басты себебі, білім алу емес, жұмысқа
керекті құжатты алу. Осылай әрекет ете отырып, жұмыстағы лауазымды кӛтеруге мүмкіндік туады.
Жұмыстан босатылу, жеке қабілеттерді дамытуға жол ашады. Атап айтар болсақ, алғашқы 3-10 жылға
дейін адам кӛлік жүргізуді меңгеріп алады, бизнес жасауға әріптес таба алады.
Біздің жүргізген ізденісіміз мемлекеттік бағдарламалардың пайдасының ӛз бетінше ізденгеннен гӛрі
әсерлі екенін кӛрсетті.
Маңызды тҧжырымдар
Негізгі ізденісті қорытындылай келе, ӛмір бойы оқу, білім алу, елімізде жылдан-жылға қолға алынып
келеді. Ӛмір бойы білім алумен қатар жұмыс жасаудың, мемлекеттің экономикалық дамуына қосар үлесі
зор. Алайда осыған қарамастан күннен күнге жұмыссыздар саны ұлғая түсуде.
Жұмыстан босатылған немесе зейнеткерлікке шыққан адамдардың міндетті түрде үйде отыру керек
деген қағида жоқ. Әлеуметтік ӛмірлер әр түрлі болып келеді. Осы жайтты ескере отырып, оқытудың да
уақытын белгілеу шарт. Қазіргі таңда елу жастан асқан адамдарды жасы ұлғайған адамдар санатына
жатқызуға толық негіз бар. Ең басты айғақ, кӛп адамдар сол жас шамасында зейнеткерлік жасқа енеді.
Алайда, кей адамдар ол уақыттан кейін де жұмыс жасай беруді қалайды, әрине тәжірибесі барлар. Сол
себепті оқытушылар бағдарлама жасаған кезде, айтылған ойларды ескергені абзал.
1.
Егорова В.А. Формирование гуманистической направленности профессионального самовоспитания
курсантов военных ввузов: Автореф. … канд. пед. наук:. 20.01.04. – Алматы, 2009. – 24 бет.
2.
Загвязинский В.И. О путях разработки теории активного обучения в высшей школе. – В кн.: Методология и
методы исследования проблем педагогики высшей школы. – Тюмень. -1980. – 5-16 бет.
3.
Выготский Л.С. Развитие высших психических функций. – М.: Изд-во АПН РСФСР, 1960. – 500 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |