Хабаршы вестник bulletin «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы»



Pdf көрінісі
бет8/25
Дата12.03.2017
өлшемі2,16 Mb.
#9205
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

 
Резюме 
Беркинбаева Г.О., Адырбеков К.М. – КазНПУ им Абая, преподаватель 
 
Использование методов в обучении пожилых людей  
  
Несмотря на то что год за годом людей на земле становиться всѐ больше и больше, пути образования пожилых 
людей, как проходит  процесс их образования, почему они выбрали путь личного опыта а не учиться или же какую 
роль игреат образования в их личной жизни, вот об этом информаций очень мало. В этом статьи мы рассмотрим эти 
вопросы  предлагая  нужные  методы.  Было  предложено  как  можно  использовать  некоторые  методы  преподования
Так как за каждым годом технологии улучшаеться и способы преподования тоже надо улучшить
Ключевые слова: методы, стажер, опыт, учитель, практика, урок, лекция, работа группой. 
 
Summary 
Berkinbaeva G.О., Adyrbekov K.M. – teacher, Abai KazNPU 
 
Usage of methods in teaching adults 
 
Despite the fact that year after year, people in the world become more and more, the ways of education of older people as 
the process of their education become harder, why they have chosen the path of personal experience rather than to study, or 
what  role igreat  education  in  their personal  lives, that's about it  very little information. In  this  article  we  will  look at  these 
issues by offering the necessary methods. It was suggested how to use some of the methods of teaching. Since every year the 
technology and methods of teaching developing must also be improved. 
Keywords: methods, experience, the teacher, practice, lesson, lecture, group work. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
47 
 
378.016:811.111 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНА ОТЫРЫП СТУДЕНТТЕРДІҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ 
 
Токсанбаева С.А. – Абай атындағы ҚазҰПУ  
6М011900 – Екі шет тілі мамандығының 2 курс магистранты, 
salta-20.09@mail.ru
  
Ғылыми жетекші: Убниязова Ш.А. – Абай атындағы ҚазҰПУ  
Кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының PhD, аға оқытушысы, 
ubniyazova@inbox.ru
 
 
XXI  ғасырда  білім  саласындағы  қарқынды  даму  мен  модернизация  жеке  тұлғаның  интеллектуалды  және 
эмоционалды тұрғыда шығармашылығын дамытуға бағытталған жаңа технологияларды енгізуді талап етеді.  Ондай 
технологиялар  қатарына  дамытушылық,  жобалау,  проблемалық  оқыту,  деңгейлеп  оқыту,  тестілеу,  ойын,  ӛзге  тіл 
мәдениетіне бағыттап оқыту, топтық оқыту, ӛзін-ӛзі оқыту мен автономия, интеграция, сонымен қатар денсаулыққа 
пайдалы, ғылыми, ақпараттық коммуникативті, жеке тұлғаға бағытталған оқыту технологиялары жатады. Осындай 
мақсатта оқыту  жалпы үйрену әрекеттері оқыту стандартының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Ол 
баланың  психикалық  дамуының  құрамы  оның  қалыптасқан  ғылыми  әлем  бейнесін  анықтаушы  ӛзінің 
интеллектуалды әрекетін басқара алу танымымен түсіндіріледі.  
Тҥйін  сӛздер:  шеттілдік  білім  беру,  инновациялық  технологиялар,  интеллектуалды  дамыту,  шығармашылық 
ойлау, психикалық даму, жеке тұлғаға бағытталған оқыту. 
 
Еліміздің  даму  стратегияларының  негізгі  міндеттерін  жүзеге  асыруда  білім  беру  жүйесінің  үлесі 
орасан зор. Еліміздің келешегі деп сенер ұрпағымызға сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру мақсатында 
шеттілдік  білім  беру  реформасында  ӛзгерістер  енгізілуде.  Қазіргі  таңда  кез  келген  мемлекеттің  даму 
деңгейін оның тек табиғи байлықтары емес, интеллектуалдық және шығармашылық потенциясы, ғылым 
мен  ӛндірісте  технологияларды  жетік  меңгеріп  оны  ӛндіре  білуіне  байланысты  болып  отыр.  Қазақстан 
Республикасының  қазіргі  шеттілдік  білім  беру  жүйесінің  негізгі  стратегиялық  мақсаты:  бәсекелестікке 
қабілетті,  жоғары  білімді,  шығармашылық    мәдениетаралық  қатысым  субъектісін  қалыптастыру  болып 
табылады. Осыған орай шеттілдік білім берудегі әдістемелік және педагогикалық міндет болып тілдік оқу 
үрдісі дамытушылық сипатта болуы керек. Осыған байланысты Ж.Қараев, М.Монахов, Ф.Я. Вассерман, 
М.Жайнпейісовалардың жаңа технологияларын толық меңегеріп, тиімді пайдалана білген жӛн. Шәкірттің 
білім дәрежесіне қарап, ұстазын бағалауға болады деген ұлағатты сӛздері бар. Кез келген ұстаз кәсіптік 
білімін  шыңдай  түсетін,  сонымен  қатар  инновациялық  технологияларды  ұтымды  пайдалана  алатын, 
ӛзінің мақсатын айқара кӛре алатын, әлемдік ақпараттық қоғамның толыққанды мүшесін қалыптастыра 
алатын кәсіби шебер болуы керек.  
XXІ  ғасырда  ғылым  мен  техниканың  дамуына  байланысты  шеттілдік  білім  беру  жүйесінде  елеулі 
жеңілдіктерге  қол  жеткізуге  мүмкіндіктер  ашылды.  Яғни  заман  талабына  сай  шығармашылық  ойлау 
қабілеті  қалыптасқан  жеке  тұлға  қалыптастыруда  жаңа  технологиялар  кӛмегімен  жедел  дамыған 
ақпараттық мәліметтер ағыны күшейуіне байланысты болып отыр [1]. Алайда бүгінгі білім кеңістігінде 
осындай жаңаруларды кеңінен қолдану үшін ұстаздар жан-жақты ізденіп, қажымай ізденуін талап етеді. 
Себебі оқушыларды ӛздеріне тән қабілеттеріне қарай бағытталған білім беріп, оларды дербес, ізденімпаз, 
шығармашыл тұлға етіп қалыптастыру, тәрбиелеу жаңартылған үлкен бетбұрысты талап етеді.  
Білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі  –  оқытудың  әдіс 
тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі 
таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып 
сабақтың сапалы әрі қызықты ӛтуіне ықпалын тигізуде [2]. 
―Инновация‖  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  кӛбі  оған  әртүрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы, 
Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: ―Инновация - нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын 
идея‖.  Майлс  ―Инновация  –  арнайы  жаңа  ӛзгеріс.  Біз  одан  жүйелі  міндеттеріміздің  жүзеге  асуын, 
шешімдерін күтеміз», – дейді. 
Инновациялық  құбылыстар  білім  беру  саласында  ӛткен  ғасырдың  сексенінші  жылдарында  кеңінен 
тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше ӛзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік 
түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. ‖ 
Масырова Р., Линчевская  Т.  – ―Жаңару‖ дегенімізді былай деп түсіндіреді: ―Жаңару  – белгілі бір адам 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
48 
 
үшін  әділ  түрде  жаңа  ма,  әлде  ескі  ме  оған  байланысты  емес,  ашылған  уақытынан  бірінші  қолданған 
уақытымен анықталатын жаңа идея [3]. 
Қазақстанда  ең  алғаш  «Инновация»  ұғымына  қазақ  тілінде  анықтама  берген  ғалым  Немеребай 
Нұрахметов.  Ол  ―Инновация,  инновациялық  үрдіс  деп  отырғанымыз  –  білім  беру  мекемелерінің 
жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бӛлек қызметі‖ деген анықтаманы 
ұсынады.  Н.Нұрахметов  ―Инновация‖  білімнің  мазмұнында,  әдістемеде,  технологияда,  оқу-тәрбие 
жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда кӛрініс табады деп қарастырып, ӛзінің жіктемесінде 
инновацияны,  қайта  жаңарту  кеңістігін  бірнеше  түрге  бӛледі:  жеке  түрі  (жеке  –  дара,  бір-бірімен 
байланыспаған);  модульдік  түрі  (жеке  –  дара  кешені,  бір-бірімен  байланысқан);  жүйелі  түрі  (мектепті 
толық қамтитын). 
Әдіскер  С.Кӛшімбетова  ӛзінің  зерттеуінде  оқу-тәрбие  үрдісінде  оқытудың  инновациялық  әдіс-
тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап кӛрсеткен [5]: 
–   дербес  оқыту  технологиясы  оқу-тәрбие  үрдісінде  ғылымның  негіздерін  игерту  үшін  ізгілік,  
адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра  отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық  жауапкерші-
лігін арттырады. 
–  қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі; 
–  оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде ӛмірге келген жаңа қабілет; 
–  саралап   деңгейлеп   оқыту   технологиясында   оқытудың   мазмұны   мен   әдістері шығармашылық 
ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады. 
–  ақпараттық   бағдарламалап    оқыту  –  оқытудың   мазмұнын   пәнаралық   байланыс  тұрғысынан 
ұйымдастыру; 
– иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат‖ үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында 
жүйелі саналы мәдениет қалыптасады; 
–  ізгілендіру  технологиясында   педагогика  ғылымының   алдыңғы   қатарлы   ғылыми  жаңалықтарды 
тәжірибеде  «бала  –  субъект»,   «бала-объект»  тұрғысынан  енгізіле  бастайды  да,   ал   ғылыми    білімдер 
«оның   тұрмысының   әлеуметтік   жағдайы   мен   іс-әрекетінің  әлеуметтік  нәтижесінің  бірлігінде 
қарастырады; 
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге  бӛлуге болады . 
Модификациялық инновация – бұл бұрын қолда барды дамытумен, түрін ӛзгертумен айналысу. Бұған 
В.Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны кӛптеген мұғалімдердің пайдалануы 
мысал бола алады. 
Комбинаторлық  модификация  –  бұрын  пайдаланылмаған,  белгілі  әдістеме  элементтерін  жаңаша 
құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. 
Радикалдық  инновация   –  білімге  мемлекеттік  стандарттарды  енгізу  жатады.  Мемлекеттік  стандарт 
білім  беруде,  негізінен,  мӛлшерлерді,  параметрлерді,  деңгейлік  және  сапалы  оқытудың  кӛрсеткіштерін 
қалыптастырады. 
Қазір  республика  оқу  орындары  ұсынып  отырған  кӛп  нұсқалыққа  байланысты  ӛздерінің  қалауына 
сәйкес  кез-келген  үлгі  бойынша  қызмет  етуіне  мүмкіндік  алды.  Бұл  бағытта   білім  берудің  әртүрлі 
нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар 
бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара 
психологиялық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибеде  сынап  қараудың  маңызы  зор.  Ғылыми-
педагогикалық  әдебиеттерде  іс  жүзінде  анықталып  табылған  оқыту  үрдісінің  нәтижесін  кӛретін  әдіс-
тәсілдері, түрлері кӛбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады. 
Инновациялық процестерді ендіру үш ӛзара байланысты күштер анықталады: енгізілген технология-
ның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен. 
Жаңа  инновациялық  оқыту  технологиясы  кәсіптік  қызметтің  ерекше  түрі  болып  табылады. 
Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. 
Бұл ӛз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет 
ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында ӛзін-
ӛзі  дамытады  және  ӛзін-ӛзі  қалыптастырады  [6].  XXI  ғасырда  болашақ  мамандарды  даярлау,  олардың 
кәсіби  бейімделуін  қалыптастыру  мәселелері  –  кезек  күттірмейтін  ӛзекті  қоғам  талабы.  Сондықтай  біз 
болашақ  педагог-психологтардың  жаңа  педагогикалық  инновациялық  технологияларды  қолдануға 
даярлығын  қалыптастырудың  құрылымдық-мазмұндық  моделін  жасадық.  Болашақ  мамандардың  жаңа 
инновациялық  педагогикалық  технологияларды  қолдануға  даярлықты  қалыптастыру  мына  кӛрсеткіш-
терді қамтиды: 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
49 
 
Мотивациялық  ӛлшемдеріне  танымдық  қызығуды  қалыптастыру  бейнесі  жатады.  Оған  болашақ 
мамандарды  қалыптастыру,  құндылық  қарым-қатынас,  болашақ  маманның  ӛзінің  кәсіби  шеберлігін 
дамытуға  талпынуы,  болашақ  мамандығын  ерекше  жақсы  кӛруі,  ұрпақ  тәрбиесінде  ұстаздың  жетекші 
орнын сезінуі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін кӛтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу 
әрекеттері кіреді. 
Мазмұндық  ӛлшемдеріне  болашақ  маманның  жалпы  мәдениеттілік  дайындығы  мен  мәндік 
әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, 
біртұтас  педагогикалық  үрдістің  заңдылықтары,  мен  қозғаушы  күштерінің  жалпы  теориялық  білім 
негіздерімен  қарулануы  кіреді.  Оған  біртұтас  педагогикалық  үрдістің  теориялық  негіздерін  және  жеке 
тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, 
білім  алушылардың  барлық  мүмкіндіктерін  пайдаланғанда  инновациялық  іс-әрекеттің  кӛбіне  нәтижелі 
болатындығын сезіне алуы жатады. 
Бейімділік ӛлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті атады: бейімділік 
жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта ӛзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық техно-
логияларды  таңдай  алуы.  Бейімділік  ӛлшемдері  болашақ  маманның  білімгер  мәртебесінен  оқытушы, 
ұстаз мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа 
әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді. 
Танымдық  ӛлшемдері  болашақ  маманның  әлеуметтік  кәсіби  қоршаған  ортаны  жедел  тани  алуымен, 
ӛзін  кәсіби  жүзеге  асырудың  нәтижелі  әдіс-тәсілдерін  пайдалануымен,  инновациялық  педагогикалық 
технологияларға  қызығу  танытумен  ерекшеленеді  [7].  Оған  болашақ  маманның  әлеуметтік  кәсіби 
қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін ӛз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогика-
лық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі жатады. 
Іс-әрекеттік  ӛлшемдері  болашақ  маманның  ӛзінің  кәсіби  іс-әрекетінің  мақсаты  мен  міндеттерін  
анықтай  алуы  және  педагогикалық  қарым-қатынастық  үрдісті  тиімді   жүзеге  асыра  алуымен  ӛлшенеді. 
Оған  болашақ  маманның  ӛз  пәнін  жете  меңгеруі,  біртұтас  оқу-тәрбие  үрдісінің  психологиялық,  педа-
гогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен ӛлшенеді. 
Технологияның  ӛлшемдері  оқытудың  әдістемелік  мақсаттары,  оқыту  үрдісі,  оның  міндетттерін 
анықтай  алуы,  оқытудың  нәтижесін  болжай  алуы  және  психологиялық-педагогикалық  білімдерді 
меңгерумен  анықталады.  Оған  болашақ  маманның  біртұтас  оқу-тәрбие  үрдісінде  сабақты  тиімді 
ұйымдастыра  білуі,  оқушылармен  ынтымақтастық  қарым-қатынасты  жүзеге  асыра  алуы,  біртұтас 
педагогикалық  үрдісті  диагностикалай  алуы  және  сабақтың  нәтижесі  жоғары  болатындай  ең  тиімді 
педагогикалық технологияны  таңдай алуы қажет. 
Шығармашылық  ӛлшемдеріне  шығармашылық   ептілікті, шығармашылық  белсенділікті  болашақ 
маманның  шығармашылық-ізденушілікті   дамыту    кіреді.  Оған болашақ  маманның ғылыми  –  зерттеу 
жұмыстарына  ӛзіндік  талдау  жасай  алуы,  ӛз  білімін  кӛтеруге,  жетілдіруге  талпыныстың  болуы  мен 
инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдануға  ӛзіндік   жаңалықтар,  ӛзгерістер  енгізумен  және  жаңалықты 
шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады [8]. 
Осы аталған кӛрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім 
жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бӛлініп кәсіппен  ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, 
мамандықты  меңгеру.  Білім  алып  кәсіп  иесі  болу  үшін  іскерлік  қажет.  Іскерлік  –  оқу,  білім,  кәсіп, 
тәжірибе,  ізденушілік,  ӛзіндік  жұмыс,  іс-шаралар,  дағдыдан  туындайды.  Іскер  болу  үшін  іс-әрекетті 
меңгеру  қажет.  Іс-әрекет  әрекеттен,  операция,   қимыл-қозғалыстан  тұрады.  Барлық  үрдіс  байланыса 
орындалғаннан соң  нәтиже кӛрсеткіші пайда болады. 
Әрбір  педагогтің  инновациялық  іс-әрекетін  қалыптастырудың  педагогикалық  шарттары:   инновация 
туралы  білімі;  инновацияны  жан-жақты  меңгеру;  инновациялық  іс-әрекет  диагностикасын  меңгеру; 
инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану [9]. 
Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын 
болсақ:  білім  сапасының  тӛмендігі;  білім  саласына  мемлекет  тарапынан  реформалар  жүргізілгенімен 
оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар кӛптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың 
ӛздігінен  білім  алу  дағдысының  болмауы;  білім   алушылар   мен   оқытушылардың   бірлескен  
шығармашылық  еңбектерінің болмауы. 
Бұл  тығырықтан  шығудың  бірден-бір  жолы  оқу-тәрбие  процесінде  инновациялық  әдіс-тәсілдерін 
енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, ӛз бетімен 
ізденуге,  шығармашылық  еңбек  етуге  жол  ашу.  Инновациялық  процестің  негізі  –  жаңалықтарды 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
50 
 
қалыптастырып  жүзеге  асырудың  тұтастық  қызметі.  Инновация  білім  деңгейінің  кӛтерілуіне  жағдай 
туғызады. 
Білім  сапасын  арттырудағы  жаңа  инновациялық  технологияларды  оқып,  үйреніп,  сараптай  келе, 
мынадай тұжырым жасауға болады: 
–  білім алушылардың білім, білік сапасын  арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан 
алуан, оларды таңдау жэне одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты; 
– жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке 
жетуге болады; 

 
жаңа  инновациялық  оқыту  технологияларын  енгізу  барысында  әрбір  оқу  орнының  материалдық-
техникалық  базасының  бүгінгі  талапқа  сай  еместігі,  әрі  жетіспеуі,  кадрлық  әлеуметтің  тӛмендігі  кӛп 
кедергі жасайды. 
Технологияны жасау бағыт-бағдары кәсіптік тәжірибелік икемдіктерін жетілдіру жүйесіне бағыттал-
ған. Осыған қатысты білім беру ақпараты кәсіптік жұмысты сапалы түрде орындау мүмкіндігін қамтама-
сыз  ететін  құрал  ретінде  қатысты.  Ойын  әдісі  қоғамдық  мамандықтарды  оқытуда  ғана  емес,  сондай-ақ 
техникалық мамандықтарға да жоғары тиімді. 
Ойын  әдісі  оқушының  материалды  ұғынудың  барлық  амалдарын,  қабылдаудың  барлық  түрлерін 
қолдана отырып, қанағаттандырады. 
Оқушыларға зерттеулік жұмыс және практикалық жұмысы барысында емтиханға дайындалу ұсыныл-
ды. Сабақтың жоспары бойынша оқу материалы келесідей модульдерге бӛлінеді [5]: 
Модуль1. Қазіргі технологиялық басқару объектілерін жіктеу және олардың құрылымы. 
Модуль 2. Техникалық реттеу жүйелерінің негізгі түрлері. 
Модуль 3. Объектілердің жіктелуі. 
Берілген  классификация  бойынша  ойын  бағдарламасы  дайындалады.  Материалды  меңгеру  үшін 
әр бӛлімге  оқушылар  бірнеше  топқа  бӛлінеді.  Сол  оқушылар  берілген  материал  бойынша  дайындық 
жүргізеді де оны жүзеге асырады. Олардың басты мақсаты — оқу материалын тереңдей ӛз бетімен тал-
дауға кӛмектесетін ақпаратты берудегі мультимедиялық және басқа да құралдарын барынша пайдалану. 
Ойын әдісін қолданғанда  А. Байтұрсыновтың  «.....баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы 
ойыны қайсы, үйретуі екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек» деген қағидасын ӛнемі 
басшылыққа алып отырамын. 
Шетел  тілі  сабақтарында  жиі  кездесетін  сӛздер  мен  сирек  кездесетін  сӛздерді  анықтауға  жұмыс 
жасатуға  болады.  Мысалы:  мұндай  тапсырмаларды  оқушылар  бірінен-бірі  оқу  арқылы  кӛркем  әдебиет 
тілін кеңінен меңгереді. 
Жаңа  ақпараттық  технологияның  басты  тиімділігі –  бұл  мұғалімге  шетел  тілі  сабақтарындағы  оқу 
үрдісін ӛзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын 
кеңейтуге және қабілеттерін кӛре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. 
Шетел тілі сабағында оқушылар, мақал-мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиеті үлгілерімен таныса-
ды. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның 
кӛмегі зор. Оқушыларға тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде беріп, 
студенттер  сол  ребусты  шешеді.  Келесі  сабаққа  ӛздері  де ребус  ойлап  тауып,  тақтаға  салып,  басқа 
оқушылардың шешуін сұрайды. Оқушыларға әуелі слайд кӛрсету арқылы ӛлең авторының ӛмір жолымен 
таныстырып, осы ӛлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп, электронды оқулықта 
берілген әр түрлі интерактивті тапсырмаларды орындатуға болады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашы-
лық  топ  құрып,  соларға  осы  әңгімеден  үзіндіні  кино  қылып  түсіріп,  келесі  сабақта  интерактивті  тақта 
арқылы сол киноны сыныпқа кӛрсетуге болады. 
Сӛйлем  құрату-студенттерді  дұрыс  та нақты  сӛйлеуге  дағдыландырудың  ең тиімді  жолы.  Студент-
тердің  ақыл-ойын,  санасын  дамыта  отырып  ӛздігінен  жұмыс  істей  білуіне  ерекше  кӛңіл  бӛлдім. 
Ой дамыту –  тіл  дамытумен  ұштасады.  Тіл  дамытудың  тиімді  құралдарының  бірі-жаңылтпаш,  жұмбақ 
айтқызып, оның шешімін табу. Себебі бұлар баланың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын 
кеңейтуде  және  тілін  ұстартып,  ойын  дамытуда  маңызды  рӛл  атқарады.  Баланың  тілін  шыңдай  түсіп, 
асықпай, жатық еркін сӛйлеуіне кӛмектеседі. Жаңылтпаштар балаға затты аңғаруға, ой-ӛрісін дамытуға 
игі әсерін тигізеді. Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сӛзді дұрыс сӛйлеуге әдеттендіреді, кейбір 
тілі  келмейтін  дыбыстарды  анық  айтуға  жаттығады.  Жұмбақтарда  аталған  нәрсенің  сипат  белгілеріне 
қарап, балалар олардың шешімін табады. Студенттерді тез ойлауға, шапшаң жауап беруге, тапқырлыққа 
үйретеді.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Кӛптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы, №1(13), 2016 ж. 
 
51 
 
Нәтижесінде  студенттің  тілі,  ойлау  қабілеті  дамиды.  Мақал-мәтелдер  балаларға  ой салумен  қатар, 
оларды кӛркем және образды сӛйлеуге жаттықтырады, сӛз байлығын, сӛздік қорын дамыта түседі, сӛйлеу 
мәдениетін дамытады. 
Студенттердің  ой-қиялын  дамытып,  эстетикалық  сезімдерін  ұштай  түсетін  шығармалардың  бірі-
жағдаят.  Шынайы  жағдаяттар  қай  түрі  болмасын  студенттің  ой-ӛрісін,  тілін,  дүниетанымын  дамытады, 
сӛз  байлығын  арттырып,  сӛздік  қорын  кеңейте  түседі.  Сӛз-тілдің  негізгі  ӛлшемі.  Тіл  дамытудың  басқа 
түрлері сияқты сӛздік жұмысы оқу-тәрбие жұмысының барлық саласында жүргізіледі.Балалар сӛзді ұғу 
арқылы сӛйлеу үстінде тілін дамытады. Сӛздік жұмысы оқушының ойын дамытумен тығыз байланысты. 
Қазіргі  жас  ұрпақтың  саналы  да  сапалы  білім  алуының  бірден-бір  шарты   –   оқу    орындарындағы   
білім беру процесіне  жаңа инновациялық технологияларды  енгізу екендігі  сӛзсіз  түсінікті. Сондықтан  
ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық  инновацияларды дер  кезінде қабылдап,   
ӛңдеп,  нәтижелі   пайдалана  білу –  әрбір  ұстаздың   негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, 
оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру міндет. 
Қорыта  келгенде,  жаңа  инновациялық  педагогикалық  технологияның  негізгі,  басты  міндеттері 
мынадай: 
– әрбір білім алушының білім  алу, даму, басқа да іс-әрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; 
–  білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дәрежеде тәрбиелеу; 
–  ӛз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; 
–  аналитикалық ойлау қабілетін дамыту. 
 
 
1. Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. – //Қазақстан мектебі, №4, 2006. 
2. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004. 
3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008. 
4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы.  – А.:Ӛркен, 2007. 
5. Кӛшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын кӛтеруде пайдалану мүмкіндіктері.  – А.: Білім, 
2008. 
6. Уразалиева Ж.К. Білім берудегі инновациялық технологиялар — білім сапасын арттырудың негізі //Қазақ тілі 
мен әдебиеті №3, 2008. 
7. Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі»   
8. Қазахстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық ұстанымдары». 
9. Смирнов С.А. Технология как средство обучения второго поколения / С.А.Смирнов. – М., 2001 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет