Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет16/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50

Резюме 
В  статье  рассматривается  формирование  творческой  делотости  студентов  в  учебно-воспитательном  процессе. 
Развитие и пути усовершенствования творческих способностей студентов при систематическом изучении теории и 
истории культурного наследия, и на основе обработки  декоративно-прикладных  изделий.  
 
Summary 
This  article  is  about  the  formation  ofstudents’  creativeactivity  inthe  educational  process.  It  also  deals  with  the  
development  andways  of    improving  students'  creative  abilitiesin  a  systematicstudy  ofthe  theory  andhistory  of  the 
culturalheritage, andonthe basis of processingarts and craftsproducts. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
 1. Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және әдістеме. – Қарағанды, 1996 ж. 
2. "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, 1998 ж.  
3. Технология журналы. №3. 2006 ж. 
4. Өстеміров К.Ө. Кәсіптік оқыту әдістемесі. – Алматы. 2006 ж. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
109 
УДК 37.046.16  
 
БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ  МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Ұ.М. Қосжанова, Г.Ж. Ниязова, А.Қ. Рысбекова, Г.Мейрбекова,  
А.Қ. Бимаганбетова – Түркістан қ., Қ.А. Яссауи атындағы 
Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
Аңдатпа: 
Мақалада болашақ мамандардың кәсіби құзырлығын қалыптастырудың қажеттілігі дәйектеліп, қазіргі білім беру 
жүйесінде атқарылуға тиісті жұмыстардың бағдарлары айқындалған. Құзырлыққа жататын қасиеттер мазмұндалып, 
кәсіби  шығармашылықта  қажетті  машықтардан  бөлек,  құзырлылық  құрылымы  келтірілген.  Таным  теориясының 
оқыту  үдерісінде  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайдалану  кезіндегі  атқаратын  міндеттері 
баяндалған.  Жоғары  білім  беру  жүйесіндегі  маманның  кәсіби  құзырлылығының  қалыптасуы  кәсіби  іскерліктің 
қалыптасуы мен дамуының нәтижеге бағытталған қозғалыс циклдері ретінде қарастырылған. Болашақ мамандардың 
кәсіби құзырлығының қалыптасуы мен дамуына  ішкі білім жүйесінің ықпалы көрсетілген.  
Тірек сөздер: құзыр, құзырлық, кәсіби құзырлық, ақпараттық технологиялар, кәсіби даярлау 
 
Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №1080  Қаулысымен  бекітілген    жоғары 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында болашақ мамандардың заманауи ақпараттық ағын-
ды  бағдарлай  білу  және  әлемдік  экономикадағы  қарқынды  түрде  өзгеріп  отыратын  құбылыстар  мен  процес-
терге бейімделе білу;  кәсіптік  қызметке байланысты түрлі жағдайларда икемді  де ұтқыр  болу; белгісіздіктер 
мен қауіп-қатер жағдайында экономикалық және ұйымдастыру сипатындағы шешімдер қабылдау дағдылары-
ның болуы,  заманауи техниканы қолдану дағдысының болуы, кәсіптік қызметте ақпараттық технологияларды 
қолдана білуі қажеттілігі талаптары қойылған [1].  
Кәсіби маман даярлау жүйесінде өзгерістер жасау қажеттігінің себебі барлық дамыған елдердің экономика-
сындағы  түбегейлі  өзгерістерге  байланысты  болып  табылады.  Жұмыс  берушілер  тек  жоғары  кәсіби  білімді 
маманды  ғана  емес,  жаңаша,  түрлі  күрделі  кәсіби-өндірістік  мәселелер  туғанда  шығармашылықпен  шешім 
қабылдай алатын және мекеменің жұмысына бірден кірісіп кетуге практикалық дағдысы бар, стандартты емес 
түрде ойлайтын жастарды жұмысқа алуға тырысады. Өндіріспен байланыспаған білім жүйесінің  практикалық 
жұмысқа дағдысы бар маман дайындай алмайтынын өмір көрсетіп отыр. Бұл жағдайдан шығудың бірден-бір 
жолы  ЖОО-ның  ғылыммен  ықпалдастығы  болып  табылады.  Алайда  қазіргі  қоғамда  мекемедегі  жұмыс 
маманнан кәсіби білім мен білікке қоса басқа да құзырлықтарды: компьютерде үш деңгейде (өңдеушілік, желі-
лік, кәсіби бағдарламалар) жұмыс істей білуді, кемінде бір шет тілін білуді, маркетинг негіздерін, психология-
лық әдістемелерді, менеджерлік дағдыларды игеруді талап етеді. Мұның бәрін ЖОО қабырғасындағы болашақ 
маманның ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында  қамту мүмкін емес. Сондықтан студентті болашақ  кәсібіне 
жан-жақты дайындау үшін мақсатты түрде жұмыстар  жүргізу керек. Сол себепті  дәстүрлі  оқыту формалары 
мен өмірдің талабы арасындағы алшақтықты, маманның тиімді кәсіби әрекет жасауына қажетті ғылыми білім-
нің  көлемі  ұдайы  артуы  мен  мамандардың  нақты  даярлануы    арасындағы  алшақтықты  жоятын  және  толық-
қанды  білімді  қалыптастыруға,  өздік  жұмыс  пен  өзіндік  білім  алу  дағдыларын  дамытуға  мүмкіндік  беретін 
оқыту жүйесі қажет болуда. 
Қазіргі  кезде  құзырлар/құзырлылықтар  негізінде  жоғары  білім  берудің  мемлекеттік  стандарттары  мен 
оқытушыларды  аттестациялау  процедураларының  мазмұнын  өзгерту  бойынша  жұмыстар  кең  тұрғыда 
жалғастырылуда.  
“Құзыр”, “құзырлылық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайда-
ланылды,  сөздіктерде  түсіндірмелері  берілді.  Мысалы,  “Шетел  сөздерінің  қысқаша  сөздігінде”  (М.,  1952  ж.) 
“құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) – анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір 
нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.  
Маманның кәсіби құзырлығының қалыптасу мәселесі – күрделі де көпқырлы мәселе. Бұл – философияда, 
педагогикада,  психологияда,  әлеуметтануда,  кәсіби  білім  берудің  теориясы  мен  әдістемесінде,  акмеологияда, 
андрагогикада,  еңбек  психологиясында  т.б.  гуманитарлық  ғылымдарда  әр  қырынан  қарастырылып  жүр. 
Мәселе кешенді түрде зерттелуде. Кешенді зерттеу аталған ғылымдардың бұл мәселені шешудегі мүмкіндігін 
шектеу емес, керісінше, сол салалардың нәтижелерін саралай пайдалана отырып, маманның кәсіби құзырлығы, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
110 
оның  маңызы,  мазмұны,  құрылымы,  қалыптасуы  мен  дамуының,  шарттылығы  мен  мүмкіндіктерінің  тұтас 
сипатын педагогикалық, психологиялық тұрғыдан ашу.  
Мұғалім құзырлығы жоғары, әлеуметтік тұрғыдан жетілген, әдіс-тәсілдерді меңгерген, шығармашылықпен 
жұмыс  істейтін,  өзін-өзі  кәсіби  жетілдіруге  ұмтылған  маман.  Мұғалім  мамандығы,  зиялылар  ішіндегі  көп 
топтасқан  мамандықтардың  ірі  тобына  жатады.  Білім  беру  жүйесінде  педагогтар  мемлекеттік  қызметкерлер 
болып  табылады.  Педагог  өз  мамандығының  сапасын,  біліктілігін  арттыруды  психологиялық  тұрғыдан 
қамтамасыз  етуі  үлкен  рөл  атқарады.  Педагогтың  іс-әрекеті  көбінде  оның  кәсіби  шеберлігінің  кеңістігіне 
қатысты,  педагогикалық  қарым-қатынас  механизмдеріне,  білімгерлердің    психологиялық  ерекшеліктерінің 
табиғатына да байланысты. Педагогикалық іс-әрекеттің дамуының жоғары деңгейі мынада –  педагог өзін-өзі 
дамыту  механизмдерін  қалыптастыруға  мақсат  қояды  және  оқушыларға  (болашақ  мұғалімдерге)  өз  қабілет-
қарымы бойынша даму бағыттарын ұштайды [2]. 
Құзырлық  тұлғаның  қарым-қатынас  жасау  және  өзара  әрекеттестік  барысында  қалыптасады.  Осы  кезде 
құзырлыққа  жататын  қасиеттер  келесідей:  әлеуметтік  жағдайларға  бейімделе  білу  қабілеті;  өзге  адамдардың 
тұлғалық  жеке  ерекшеліктерін  және  эмоционалды  күйін  анықтай  білу  қабілеті;  қарым-қатынас  жасау  бары-
сында дұрыс тақырыптарды таңдай білу және оларды әңгіме барысында орынды қолдана алу қабілеті. 
Болашақ  мұғалімдердің  кәсіби  дайындығының  мақсаты  –  ғылыми-педагогикалық  тапсырмаларды  орын-
дауға  және  кәсіби  оқыту  педагогы  мен  еңбек  технологиялары  мұғалімінің  кәсіптік  қызметінің  қажетті 
функциялары мен түрлерін орындауға бейім маманды қалыптастыру болып табылады. Маман оқыту үдерісінің 
білім беру саласы, мәні, мағынасы және құрылымы туралы білім жүйесін білуі керек, сондықтан осы бағытта 
педагогтың субъективтілік  қасиеттерін құрылымдық көрсетілуімен тұлғалық сапалары қарастырылады. 
Болашақ  мұғалімдердің  шығармашылықты  тапсырмаларды  орындау  барысында  ақпараттық  көздерінен 
алынған  мәліметтерді  пайдалана  отырып  өмірден  көрген  практикасымен  байланыстыру  арқылы    кәсіби 
сұрақтардың шешімін табуға жол ашады.      
ЖОО-ның түлегі жоғары деңгейдегі кәсіби машықтарды толыққанды игерген маман бола алмайды, бірақ ол 
кәсіби  жоспарда  оның  өздігінен  жетілуіне  жағдай  туғызатын  құралдарды  игеруге  тиіс.  Кәсіби  шығарма-
шылықта қажетті машықтардан бөлек, құзырлылық құрылымын анықтаймыз (Кесте 1). 
Бұл кестеден,  кәсіби құзырлылықты өз құрылымы бар, маманға өз қызметін  тиімді жолмен іске асыруға, 
сонымен  қатар  тұлғаның  өздігінен  жетілуіне  және  дамуына  мүмкіндік  беретін  тұлғаның  интегралды 
қасиеті деп түсінуімізге болады [3].   
                 
Кесте 1.  Кәсіби құзырлылық құрылымы 
 
Оқытушының еңбек элементтері 
Педагогикалық іскерлік 
Құзырлылық 
Әлеуметтік  өзгерістер  интерпритация-
сы және олардық педагогикалық мақсат-
тар мен міндеттер тіліне аударылуы 
Білім  жүйесі  іске  асатын  жетістіктер 
арқылы  тактикалық  және  страте-
гиялық  міндеттерді  анықтау  үшін 
іскерлікті жобалау 
Құзырлылықты жобалау 
 
 
 
Аналитикалық құзырлылық 
Оқу-тәрбие 
үдерісін 
құралдандыру, 
оның әдістемелік ұғымы 
Білімді  композициялық  жосықтау-
дың конструктивтік икемділігі 
Ақпараттық (танымдық) 
құзырлылық 
 
Болжамдық құзырлылық 
Оқу-тәрбие 
үдерісін 
ұйымдастыру, 
макро – және  микроәлеуметтік  ортаның 
әсерін  ескере  отырып,  сыныптан  тыс 
оқу шығармашылықтарды қолдану 
Басшылықтың  ұйымдастырушылық 
іскерлігі 
 
Оқу үдерісінің субъектілеріне ықпал-
дың коммуникативті икемділігі 
Ұйымдастырушылық 
(басшылық) құзырлылық 
 
Коммуникативті құзырлылық 
Қол  жеткен  нәтижені  талдау,  өз 
шығармашылығындағы түзетулерді қоса 
мақсат, міндеттермен байланыстыру 
Өз шығармашылығын нақты бағалау 
деңгейіндегі гностикалық икемділік 
Аналитикалық құзырлылық 
 
Студенттердің  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастыру  барысында  ақпараттық-коммуникациялық  техно-
логияларды  пайдаланудың  негізінде  ойлау,  шығармашылық  әрекеттерінің  жаңа  формалары  пайда  болады. 
Сондай-ақ, мұны адамның психикалық үдерістерінің даму үдерісі ретінде де қарастыруға болады.  
Студенттің меңгере алатын ақпаратынан анағұрлым көп ақпараттан тұратын оқыту үдерісінде  студенттер 
зейінін  тек  қажетті  мәліметтерге  аудару  керек.  Когнитивті  психологияның  мамандары  зейін  аударуға  келесі 
факторлар  әсер  етеді  деп  есептейді:  түйсік,  адам  көзінің  ақпаратты  өткізу  қабілеті,  қызығушылық  деңгейі. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
111 
Қызығушылық  деңгейі  студенттің  оқу  материалына  терең  үңілуіне,  білуге  құмарлығының  оянуына  түрткі 
болады.  Оқу  пәндерін  салыстыруға,  сол  арқылы  қандай  да  бір  ой  қорытындысын  шығаруға  көмектеседі. 
Қызығушылық  деңгейін  жоғарылатуды  түрлі  стимулдарды  (мәтіндік,  дыбыстық,  бейнелік  т.б.)  бір  оқыту 
жобасына біріктіруге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы қол 
жеткізуге болады. 
Кәсіби  құзырлылықтың  қалыптасуы  мен  дамуы  –  маманның  стратегиялық,  тактикалық  және  оперативтік 
іскерліктер кешенін меңгерудің, қайраткер ретінде өзіне, кәсіби іс-әрекет нысаны мен пәніне маңызды кәсіби 
бағыт берудің күрделі үдерісі. 
Кәсіби құзырлылықты қалыптастыруда жоғары оқу орны кезеңінің өзіндік ерекшелігі болашақ маманның 
кәсіпті меңгерудегі іс-әрекеті алмасып отыратын екі кезеңде өрістейді: 
–  кәсіби  құзырлылықты  меңгеру  кезеңінде  студент  кәсіби  оқыту  үдерісінің  басқа  субъектілерімен 
(оқытушы, курстастарымен, өзіндік даму субъектісі ретінде өзімен т.б.) ықпалдасады. 
–  кәсіби  құзырлылықты  қолдану  кезеңінде  студент  болашақ  маман  ретінде  кәсіби  көмек  пен  қызметті 
тұтынушылармен ықпалдасады. 
Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  құзырлылығының  қалыптасуы  құзырлылықты  меңгеру  мен  қолдану 
кезеңдеріндегі іскерлік үдерісін қамтуы қажет. Сол іскерліктер байланысы оқытушылар мен тәрбиеленушілер 
арасында өзара ықпалдасу жүйесі арқылы жүріп отырады. 
Мұндай  ықпалдасу  жүйесінде  меңгеру  мен  қолдану  іскерліктерінің  стратегиялық,  тактикалық  және 
оперативтік  (жедел)  компоненттерінің  шарттары  арқылы  болашақ  маманның  кәсіби  құзырлылығының 
қалыптасу  үдерісі  айқындалады.  Соған  орай  осы  компоненттер  студенттердің  іс-әрекетінде  болашақ  маман 
құзырлылығының субъектілік, нысандық және пәндік негіздерін түсіндіруге мүмкіндік туады. 
Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  білімін  кәсіби  ойлау  мен  әрекет  ету  іскерлігіне  толықтай  ауыстыру  үшін 
“оқытушы↔кәсіби  оқыту  міндеті↔студенттер  тобы”,  “оқытушы↔кәсіби  оқыту  міндеті↔студент”, 
“студент↔ тапсырма↔студенттер тобы”, “кәсіби құзырлылықты меңгеруші студент↔өзіндік жұмыс↔кәсіби 
құзырлылықты  меңгеруші  студент”  т.с.с.  қатынастағы  ықпалдастық  жеткіліксіз  болады.  Сондай-ақ,  кәсіби 
көмек пен қызметті қабылдаушы субъектімен кәсіби ықпалдасу үдерісі мен нәтижесінде студенттің өз білімін 
қолдану тәжірибесі де қажет. Бұл – кәсіби әрекеттерді орындауға және осының негізінде тиісті кәсіби іскерлік-
тердің қалыптасуына көмектеседі. Осы ерекше үдерістерде студенттің  кәсіби  оқыту үдерісінің  субъектісімен 
және  кәсіби  көмек  пен  қызметті  қабылдаушы  субъектімен  бірлесе-бөлісе  еткен  еңбегінің  бірегей  пәндері 
жасалады.  Сондықтан  кәсіби  құзырлылықтың  қалыптасуы  мен  дамуын  психологиялық-педагогикалық 
тұрғыдан қамтамасыз ету кәсіпті меңгерудің әр кезеңінің ерекшеліктерін есепке алғанда ғана мүмкін болады. 
Жоғары  оқу  орнының  білім  алу  жүйесіндегі  маманның  кәсіби  құзырлылығының  қалыптасуын  біз  кәсіби 
іскерліктің  қалыптасуы  мен  дамуының  кезеңдік  міндеттерінен  кәсіби  міндеттерді  шешуге  теориялық  және 
практикалық  мүмкіндігі  мен  дайындығының  бірлігінен  көрінетін  нәтижеге  бағытталған  қозғалыс  циклдері 
ретінде түсінеміз. 
Алайда, отандық жоғары оқу орнындағы студенттер бірінші курстан-ақ олардың оқу-танымдық іс-әрекетін 
толықтай  қолдануын  қамтамасыз  етуге  арналған  міндеттерді  шеше  бастайды.  Ал  кәсіби  міндеттер  жоғары 
курстарда,  педагогикалық  практика  кезеңінде  және  білім  алуды  аяқтаған  соң  дербес  еңбек  ету  үдерісінде 
студенттердің алдынан шығады. 
Студенттерге  білім  берудің  нәтижелілігі  ақпаратты  қабылдауға  мүмкіндік  беретін  сенсорлы-персептивтік 
үдерістердің  ерекшелігіне,  яғни,  пайдаланушының ақпаратты  қабылдауына,  ол  ақпаратты  жадыда  сақтауына 
және  қажетті  уақытта  пайдалану  мүмкіндігіне  байланысты  болады.  Белгілі  бір  уақыт  аралығында  берілетін 
ақпарат  көлемі  қабылдаушының  физиологиялық  ерекшелігіне  сәйкес  өзгеріп  отыруы  қажет.  Организмнің 
белгілі  бір  уақыт  аралығындағы  өңдейтін  ақпарат  мөлшері  ақпараттық  жүктемені  құрайды.  Бұл  жүктеменің 
организмге оң немесе теріс әсері белгілі бір бағыттаушы және қорғаныс реакцияларына байланысты болады. 
Ақпараттық жүктеме бағыттаушы реакцияларды туғыза отырып қорғаныс рефлекстеріне әсер етпесе, онда ол 
оң  ақпараттық  жүктеме  болып  саналады.  Мұндай  жоғары  тиімділікті  оқыту  үдерісіне  қол  жетікізу  үшін 
ақпараттық жүктеме көп болмауы керек. 
Ақпараттық-коммуникациялық  құралдарды  пайдалану  арқылы  оқыту  үдерісін  жүргізу  біршама  жетістік-
терге қол жеткізетінін көптеген зерттеулер дәлелдеп берді. Дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда ақпарат-
тық-коммуникациялық  база  негізінде  дайындалған  оқытатын  интерактивті  бағдарламалар  студенттің 
қызығушылық  ынтасын  өтілетін  материалға  толық  аударып,  соның  әсерінен  есте  қалатын  материал  көлемі 
артады,  оқытуға  кететін  уақыт  үнемделеді.  Нақтылап  айтқанда,  оқу  материалын  меңгеруге  кететін  уақыт 
біршама үнемделеді, ал меңгерген материал көлемі бірнеше есе артады. Интерактивті байланыс (сұхбаттық) – 
пайдаланушы мен бағдарламалық жабдық арасында ғы өзара сұрақ-жауап алмасу үдерісі. 
Демек,  таным  үдерісінің  заңдылықтарын  зерттейтін  таным  теориясының  атқаратын  келесі  міндеттерін 
оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы түсіндіруге болады: 
 объектінің болмысын, даму заңдылықтарын ашып көрсету; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
112 
 объектінің ішкі табиғатын ашу арқылы оның болашақтағы даму бағытын айқындау; 
 заңдылықтардың практикада қолданылуын ұғындыру және т.с.с. 
Психологияда жиі үдерістердің екі топқа бөлінетіндігі айтылады, яғни танымдық үдерістер және жетістікті 
үдерістер.  Оқу-танымдық  және  ғылыми  зерттеу  қызметтеріндегі  (жемісті  ретінде  және  шығармашылық 
сипатта) бірінші топқа ішкі себептер жатады, екінші топқа мақсатқа жету үшін студенттердің оқу танымдық іс-
әрекеті  жатады.  Бірінші  жағдайда  студентті  оқу-танымдық  және  ғылыми  зерттеу  қызметі  үдерісінің  өзі 
қызықтырса, екіншісінде сол жеткен жетістіктеріне қандай баға берілгендігі жайлы қызығушылық туады [4].  
Студенттердің кәсіби құзырлылығының пайда болуы мен іштей қалыптасуының басты резерві әуелі өзіндік 
бағасы бар оқу-танымдық мақсаттарды кәсіп меңгеру стратегиясымен толықтыру және оқытудың әр кезеңінде, 
оны жүзеге асыру үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау болып табылады. 
Оған кәсіби құзырлылықтың қалыптасуы мен дамуына білімдендіруші ішкі білім жүйесі мүмкіндік береді. 
Ішкі білім жүйесі деп отырғанымыз – кәсіпті меңгеру мақсаты, мазмұны мен технологиясының педагогикалық 
жағдайлар  мен  психологиялық  механизмдерді  ескере  отырып  жасалған  тұтас  жиыны.  Бұл  жағдайда, 
біріншіден, жоғары оқу орнында оқушы жай ғана студент болып қана қоймайды, қалыптасушы және дамушы 
маман  болады,  екіншіден,  оның  жинақталған  әлеуеті  (потенциалы)  модельденген,  имитацияланған  немесе 
шынайы кәсіби іс-әрекет жағдайда кәсіби құзырлылығының өзі қарышты дамуын қамтамасыз етеді. 
Ішкі біліми жүйені түзгенде біз кәсіби құзырлылықтың пайда болуы мен қалыптасуына болашақ маманды 
міндеттердің  үш  типін  шешуге  жүйелі  әрі  мақсатты  түрде  тартып  отырғанда  ғана  қол  жетеді  деген  идеяға 
сүйендік. Ол міндеттер: 
– субъектілік-жүзеге асырушылық (өзіндік аккомодациялық, мотивациялық, жұмылдырушылық, ұйымдас-
тырушылық, диагностикалық, бақылау,  реттеу,  түзету,  талдау,  бағалау, т.б.) міндеттерін  студент жоғары  оқу 
орнында кәсіби білім алу үдерісінің субъектісі ретінде кәсіби құзырлылықтың қол жеткізген деңгейін өзіндік 
белсендендіру, өзіндік жүзеге асыру және өзіндік дамыту тактикасы мен стратегиясына сүйеніп шешеді; 
–  мазмұндық-технологиялық  (диагностикалық,  мақсат  қоюшылық,  жобалау,  конструктивтік,  басқару, 
ынталандыру, жұмылдыру, ұйымдастыру, жүзеге асыру, бақылау, реттеу, түзету, талдау, бағалау т.б.с.) міндет-
терді студент кәсіби іс-әрекеттің (немесе оның үзіндісінің) түпкі ниетін модельдеу, оны “қорғау”, имитациялау 
үдерісін,  оқу  жағдайында;  өзінің  іс-әрекетін  және  тікелей  ықпалдастықта  болатындардың  іс-әрекетін  кәсіби 
практикада  жобалау,  жүзеге  асыру,  талдау  барысында;  сондай-ақ  мамандардың  және  курстардың  кәсіби  іс-
әрекетін  теориялық  және  практикалық  оқытудың  барлық  кезеңінде  бақылау,  талдау  мен  бағалау  барысында 
анықтайды, әрі шешеді. 
-  пәндік-нәтижелік  (аналитикалық,  жобалау,  диагноздау,  бағалау)  міндеттерді  студенттер  өзінің  кәсіби 
қалыптасуы  мен  гуманитарлық  сала  маманы  ретіндегі  кәсіби  іс-әрекетінің  аралық  және  қорытынды  нәтиже-
лерін анықтау критерийлерін (қажет болса, алдын-ала жасау арқылы) қолдану үшін алдыңғы екі міндеттермен 
қатар  ұсынып,  қатар  шешеді.  Ал  нәтижелер  кәсіби  құзырлылыққа  қол  жеткен  деңгейден,  оқу-практикалық 
тікелей ықпалдастықта болушылардың іс-әрекеттерінің өнімінен көрінеді. 
Қалыптасқан  педагогикалық  заңдылықтар  бойынша  студенттердің  ақпараттық-коммуникациялық  техно-
логиялар  негізінде  кәсіби  құзырлылықтарын  қалыптастыру  барысындағы  жұмыстар  нәтижесі  бірыңғай 
дидактикалық талаптарға сәйкес жүргізіледі. Олар: сабақ үстінде тиімді эмоциональды жағдай жасау; студент-
тердің  педагогикалық  мәселелерді  шешуде  шығармашылық  қабілетін  дамыту;  барлық  оқыту  жұмысы 
түрлерінде  мақсат  қоюды  ерекшелей  білу;  атап  айтсақ  дәріс,  зертханалық  жұмыстар,  практикалық  және 
семинарлық сабақтар, мектептегі педагогикалық практикалар және т.б.  
Қорыта  айтқанда,  оқытудың  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларына  өту  негізінде  болашақ 
маманның кәсіби құзырлығын қалыптастыру, білім беруде ақпараттық технологияларды бірізділікпен қолдану 
шарттарын  құру,  ендіру  жаңа  және  дәстүрлі  оқыту  әдістерін  үйлестіру  психологиялық-педагогикалық,  оқу-
әдістемелік және басқа да мәселелердің біртұтас кешендерін шешуді талап етеді. 
 
Резюме 
В  статье  на  ряду  с  рассмотрением  необходимости  формирования  профессиональной  компетенции  у  будущих 
специалистов,  были  определены    направления  необходимые  для  осуществления    работ  современной  системы 
образования.  Авторами были изложены качества относящиеся к компитенции, неявляющимися навыками, и были 
приведены  примеры формирования компитенции необходимые для профессионального творчества. В статье также 
говориться об обязанностях выполняемых в ходе использования информационно-коммуникационных технологий в 
учебном процессе теории познания.  Были рассмотрены циклы движения направленные на результат формирования 
профессиональной  компитенции  специалиста,  формирования  и  развития  профессионального  мастерства  в  системе 
высшего образования.  
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
113 
Summary 
The article deals with consideration of necessity of professional competence forming at future specialists, determining of 
directions important for implementation of works of a modern education system. The authors stated the qualities relating to 
the  competence,  not  being  skills,  and  gave  examples  of  forming  of  competence  necessary  for  professional  creativity.  The 
article also speaks about duties performed during the use of information- communicative technologies in educational process 
of the theory of knowledge. It was considered motion cycles directed on the result of forming of professional competence of 
the specialist, forming and developing of professional skill in the system of higher education.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет