Түйіндеме
Ұсынылған мақалада мәдениаралық компетенциясын дамыту себебімен аутентикалық тәсіл ретінде блогтардың
қолдануы көрсетіледі. Бұл жерде блог-жанры текстті ресурс айқындамасы ретінде виртуалды тілдесу саласында
назарға алынады. Сонымен бірге, ғаламтор арқылы жүргізілетін тілдесу статусты-рөлді байланыспен қамтамасыз
етіледі. Сол себептен, профессионалды-педагогикалық блогтар кейбір лингво-коммуникативты қасиеттерімен
иеленеді. Мақаланың басты мақсаты профессионалды-педагогикалық блогосферасының негізінде блогтардың басты
түрлерін бөліп шығару.
Summary
The article highlights the specifics of blogs application as the authentic means of intercultural competence formation. As
the sphere of virtual communication blog-genre is treated from the position of a textual recourse, which contains
professionally valuable content. Thus, the publication grounds that the communication by the means of the Internet is
predominated by the status-role relations. Consequently, professional-pedagogical blogs obtain some lingua-communicative
peculiarities which could be used in foreign language teaching. The main objective of this article, therefore, is to point out
these features on the bases of professional-pedagogical blogosphere.
Список использованной литературы:
1.Ежова Т.В. К проблеме изучения педагогического дискурса // Вестник ОГУ. Гуманитарные науки. 2006. № 2.
С.52-56.
2.Галичкина Е.Н. Специфика компьютерного дискурса на английском и русском языках (на материале жанра
компьютерных конференций): Автореф. дис. … канд.филол.наук. – Волгоград: ВГПУ, 2001. – 19с.
3.Лотувинова О.В. Виртуальный дискурс как одно из направлений в исследовании киберпространства. Режим
доступа:
http://vestnikmgou.ru/llibrary/files/incoming/3/2009/1/st5.pdf
(дата обращения: 29.01.2014).
4.Сысоев П.В. БЛОГ-ТЕХНОЛОГИЯ В ОБУЧЕНИИ ИНОСТРАННОМУ ЯЗЫКУ // Язык и культура . 2012. №4.
Режим доступа: http://cyberleninka.ru/article/n/blog-tehnologiya-v-obuchenii-inostrannomu-yazyku (дата обращения:
30.01.2014).
5.
Downes S. E-Learning 2.0 // eLearn Magazine. 2005. Режим доступа:
http://www.elearnmag.org/subpage. cfm?
section=articles&article=29-1
(дата обращения: 31.01.2014).
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
87
УДК37.046.16
ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВРЛАРДЫ
ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ-ГРАФИКАЛЫҚ ДАЯРЛАУ ҮДЕРІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ
Д.Д. Абилдабекова, У.Т. Қарымсақов,
А.Ш. Маубекова, А.М. Иисова
Аңдатпа:
Аталмыш мақалада қазіргі уақыттағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне көмек
ретінде жасалатын көптеген компьютерлік оқыту бағдарламаларының ішінде электрондық оқулықтар кеңінен
қолданылуы жайында. Электрондық оқулықтар – компьютерлік оқу-әдістемелік жобалар мен эксперименттердің
көпжылдық дамуының нәтижесі. «Электрондық оқулық» термині оның барлық мүмкіндігін аша алмайды. Дәстүрлі
түрдегі, яғни баспадан шыққан кітаптар негізінен бір қызметті атқарады – ақпаратты жеткізу. Қазіргі білім беру
электронды ресурстары қажетті ақпаратты жеткізіп қана қоймай, виртуалды зертханаларды елестетуге, есептердің
шешімдеріне мониторинг жасауға, білімгерлердің білімін тексеруге, бақылауға мүмкіндік береді.
Теориялық материалдар орналасқан терезе интерфейстің ыңғайлы екенін дәлелдейді, онда электрондық
оқулықтың кез келген тарауына ауысуға мүмкіндік беретін батырмалар орналасқан. Инженерлік мамандықтарда
«Компьютерлік графика» пәні «Сызба геометрия», «Инженерлік графика», «Информатика» пәндерінен кейін
оқытылады. Көбінесе бірінші курстың екінші семестрінде немесе екінші курста оқытылады.
Тірек сөздер: Электрондық оқулықтар, инженерлік графика, сызба геометрия, 3D модельдеу.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында және «Қазақстан Республикасында білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» бекітілген білім беруді ақпарат-
тандырудағы мемлекеттік саясат жоғары білім беру жүйесінің кредиттік технологияларға өту кезеңінде
түбегейлі реформалардың басты бағыты болып отыр.
Білім беруді ақпараттандырудың дамуына заманауи білім стандарттарына сәйкес жасалған мынадай
құжаттар да ықпал етуде:
– ҚР СТ 34.017-2005. Ақпараттық технологиялар. Электрондық басылым. Электрондық оқу басылымы.
– ҚР СТ 34.014-2002. Ақпараттық технологиялар. Автоматтандырылған жүйелерге арналған стандарт
кешені. Терминдер және анықтамалар.
– Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылдың 19 шілдесінде №404
бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қашықтан оқытуды ұйымдастыру ережелері».
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі өзінің стратегиялық жоспарларында білім
беруді ақпараттандырудың мемлекеттік саясатын жүргізуде. 2011 жылдың 19 ақпанында бекітілген «Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған толық стратегиялық
жоспарында» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Жоғары
оқу орындарында, ғылыми зертханаларда компьютерлік техникаларды физикалық және моральдік тозуын
ескере отырып жыл сайын жаңалату жоспарлануда. Жоғары оқу орындарын интернеттің кеңжолақты
желілеріне қосу да маңызды болып табылады. Сонымен қатар жоғары білім жүйелеріне арналған электрондық
оқулықтар мен оқу бағдарламаларының да орны ерекше.
Қазіргі уақытта мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне көмек ретінде жасалатын
көптеген компьютерлік оқыту бағдарламаларының ішінде электрондық оқулықтар кеңінен қолданылып,
дамуда. Электрондық оқулықтар – компьютерлік оқу-әдістемелік жобалар мен эксперименттердің көпжылдық
дамуының нәтижесі. «Электрондық оқулық» термині оның барлық мүмкіндігін аша алмайды. Дәстүрлі түрдегі,
яғни баспадан шыққан кітаптар негізінен бір қызметті атқарады – ақпаратты жеткізу. Қазіргі білім беру
электронды ресурстары қажетті ақпаратты жеткізіп қана қоймай, виртуалды зертханаларды елестетуге,
есептердің шешімдеріне мониторинг жасауға, білімгерлердің білімін тексеруге, бақылауға мүмкіндік береді.
Электронды өнім курсты меңгеруге арналған бүкіл әдістемелік материалдар кешенін қамтиды және оқу
үдерісінің негізгі классикалық үш компонентін – теориялық білім алуды, тәжірибелік дағдылануды және
аттестацияны іске асыруға мүмкіндік береді.
Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы Қ.И. Сәтбаев атындағы
Қазақ ұлттық техникалық университетімен бірлесіп техникалық және гуманитарлық пәндер бойынша
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
88
электрондық оқулықтарды шығаруда елеулі жетістіктерге жетуде. Оның ішінде т.ғ.д., профессор
Б.Н. Нұрмаханов пен п.ғ.к., доцент Д.Д. Абилдабекова дайындаған «Компьютерлік графика» электрондық
оқулығы да бар. Бұл электрондық оқулық модульдік оқыту технологиясы бойынша жасалған. Оның құрамына
мынадай компоненттер кіреді:
1. Кешеннің сипаттамасы (авторлар туралы мәліметтер, мазмұны, аннотация), әдістемелік материалдар,
курс бағдарламасы, күнтізбелік жоспар, курсты меңгеруге әдістемелік ұсыныстар және т.б.
2. Теориялық материал.
3. Бейнематериалдар (суреттер, бейне - және аудиоклиптер, анимациялар).
4. Практикум.
5. Виртуалды зертханалық практикум (әдістемелік нұсқаулар, есеп беру формалары, практикум бойынша
бақылау сұрақтарының жинағы).
6. Қосымша материалдар (глоссарий, қолданылған белгілеулер тізімі, әдебиеттер тізімі, интернет-
ресурстарға сілтемелер).
Электрондық оқулықтың ыңғайлы интерфейсі оқушыға өте көлемді теориялық және тәжірибелік бөлім-
дерінде жылдам, әрі оңай жол табуға көмектеседі. Гипермәтіндер, анимация, бейнематериалдар, тестілер
бірыңғай интерактивті кешенде келісімді байланысқан. Теориялық материалдардың әрбір тақырыбы бойынша
көрнекі, әрі түрлі-түсті суреттер, сызбалар берілген.
Теориялық материалдар орналасқан терезе интерфейстің ыңғайлы екенін дәлелдейді, онда электрондық
оқулықтың кез келген тарауына ауысуға мүмкіндік беретін батырмалар орналасқан. Инженерлік мамандық-
тарда «Компьютерлік графика» пәні «Сызба геометрия», «Инженерлік графика», «Информатика» пәндерінен
кейін оқытылады. Көбінесе бірінші курстың екінші семестрінде немесе екінші курста оқытылады. Пәнді
оқытатын уақытта студенттер компьютерлік технологиялар туралы білімдері кеңейіп, проекциялық сызудың
негіздерін, күрделі геометриялық формаларды салу принциптерін, тетікбөлшектер мен конструкциялардың
сызбаларындағы шартты кескіндер мен белгілеулерді, «Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері»
стандартын білетін болады. Сондықтан студенттер өздерінің білімдерін графикалық бағдарламаларды игеруде
еркін қолдана алады. Бұл графикалық бағдарламаларда сызбаларды орындап қана қоймай, модельдеуді,
жобалауды автоматтандыруды жүзеге асыруға болады. Студенттердің графикалық бағдарламаларға деген
қызығушылығын қазіргі кезде конструкторлық құжаттар электрондық нұсқаларда жасалатын өндіріс
орындарында жас мамандарға талаптардың өсуімен де түсіндіруге болады.
Компьютерлік техникалардың дамуымен оларды оқу үдерісінде қолдану мәселесі өзекті болып отыр.
Жоғары оқу орындарына оқуға келетін талапкерлердің графикалық дайындығының төмен деңгейі де оқытудың
жаңа тиімді әдістерін іздеуге мәжбүрлейді. Соңғы уақыттарда жобаланатын бұйымдардың үшөлшемдік
геометриялық модельдерін құру негізінде конструкторлық құжаттауды автоматтандыру қарқынды дамуда.
Оқу үдерісінде AutoCAD жүйесін енгізу инженерлік ақпараттардың графикалық модельдерін құруды
автоматтандырумен қатар, оларды өзгертуге, зерттеуге мүмкіндік береді. Сызба геометрияның пән ретінде
дамуында мынадай бағыттарды қолдануға болады:
1. Бірінші бағыт бойынша студенттер жеке тапсырмаларын дәстүрлі тәсілмен қолмен қағаз бетінде
орындалады.
2. Екінші бағыт бойынша сызба геометрияны оқыту әдісі оқу үдерісіне әмбебап графикалық бағдарлама-
ларды енгізумен байланысты.
Екінші әдістің мынадай ерекшеліктері бар:
– жеке тапсырмалар дербес компьютерде оқытушының қатысуымен және өз бетінше қолмен қағаз бетінде
орындалады;
– аралық бақылауда тапсырмалар қағаз бетінде орындалады;
– семестрдің соңында студенттер дәстүрлі емтихан тапсырады.
Байқасаңыздар, екінші бағытта сызбаларды дәстүрлі әдіс бойынша, яғни қағаз бетінде сызу құралдарының
көмегімен орындаудың маңызын төмендетпейді.
1-суретте мысал ретінде цилиндр мен конустың қиылысу сызығын анықтау есебі көрсетілген. Ашық түстер,
көрнекілік, үздіксіз 3D-орбитаның мүмкіндіктері студенттердің компьютерлік графика көмегімен есептерді
шығаруға және жалпы сызба геометрияға деген қызығушылығын арттырады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
89
Студенттер оқытушының басқаруымен цилиндр мен конусты берілген өлшемдері бойынша сызады. Содан
соң мониторда сызу алаңын төрт көрініс экранға бөледі. Меңзердің көмегімен экрандарды кезегімен белгілеп,
оларға МСТ 2.305-68 стандарты бойынша көріністер аттарын тағайындайды:
Бас көрініс;
Үстінен көрініс;
Сол жақтан көрініс;
Оңтүстік-батыс изометриялық көрініс.
2-суретте көрініс экрандарында 2D-каркас режимі орнатылған мысалы көрсетілген. Содан соң Объединить
(Union) командасы орындалса, екі беттің қиылысу сызығы айқын көрінеді.
Содан соң студенттер модель кеңістігінен парақ кеңістігіне өтеді және Т-вид (Solview) командасының
көмегімен төрт көріністі құрайды. Қабаттардың қасиеттері терезесінде әр қабатқа тән сызықтардың түрлері,
жуандықтары, түсі және баспадан шығу мүмкіндіктері тағайындалады (3-сурет).
1-сурет. 3D көріністер
2-сурет. 2D-каркас режимі
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
90
Көріністердегі сызықтардың қабаттарға байланысты қасиеттерін көрсету үшін Т-рисование (Soldraw)
командасын орындау керек. Ол үшін команданы шақырғаннан кейін әр көрініс экранын кезек-кезек меңзермен
белгілеп, Enter батырмасын басады. 4-суретте сызба сызықтарының қалай өзгергені көрінеді. Слой (Layer)
команасын шақырып, Қабат қасиеттерінің менеджері деп аталатын терезеде VPORTS қабатын сөндіріп қойса,
көрініс экрандарының рамкалары жойылады.
Студенттер дайын сызбада өлшемдер мен жетіспейтін осьтік сызықтарды өз қабаттарында МСТ 2.303-68
және МСТ 2.307-68 стандарттарына сәйкес жүргізеді.
Ұсынылып отырған әдіс AutoCAD жүйесімен жұмыс істеуге дағдыландырады және студенттердің пәнге
деген қызығушылығын арттырады. Үшөлшемді объектілердің осындай шынайы кескіндері студенттердің
кеңістік ойлау қабілеттерін дамытады және эпюрді дәстүрлі түрде қағаз бетінде қолмен орындау кезінде едәуір
көмектеседі. Оның үстіне студенттер эпюрді дәл және сапалы орындауға тырысады, өйткені есептің шешімі
компьютермен жасалған нұсқамен бірдей болу керек.
3-сурет. Қабаттардың қасиеттері терезесі
4-сурет. Дайын сызба
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
91
Студенттерге берілетін ақпарат көлемі өте үлкен, сондықтан «Компьютерлік графика» электрондық
оқулығын енгізу пәндерді сатылы түрде меңгеруге жағдай жасау арқылы оқу үдерісін ілгерілетеді.
Электрондық оқулықты қолдану техникалық мамандық студенттерінің графикалық және инженерлік есептерді
шығармашылық тұрғыда шешулеріне ықпал етеді, оқу сапасын жоғарылатады.
Оқу үдерісіне ақпараттық технологияларды енгізу болашақ мамандарды даярлау сапасын жоғарылатудың
тиімді құралы болып табылады.
Резюме
Внедрение информационных технологий в процесс геометро-графической подготовки бакалавров технических
специальностей, электронных учебников в учебный процесс является эффективным средством повышения качества
обучения будущих специалистов. Использование электронного учебника активизирует творческий подход студентов
технических специальностей к решению графических и инженерных задач, изменяет качество обучения.
Summary
Introduction of information technologies in process geometry-graphic preparation of bachelors of technical specialties,
electronic textbooks in educational process is an effective remedy of improvement of quality of training of future experts. Use
of the electronic textbook intensifies creative approach of students of technical specialties to the solution of graphic and
engineering tasks, changes quality of training.
Пайдаланылған әдебиеттертізімі:
1. Нургалиева Г.К. Состояние и перспективы информатизации образования на основе информационно-
коммуникационных технологий. IV Международный форум «Информатизация образования Казахстана и стран
СНГ». –Алматы, 2006. –С.68-72.
2. Веденяпин Е.Н., Рыльская М.В., Сухов С.В. Применение электронных технологий в инженерном образовании.
Всероссийская научно-практическая конференция «Информационная среда вуза XXI века». – Петрозаводск, 2008. –
С. 27-31.
3. Абилдабекова Д.Д., Жаркимбаева Г.Б. AutoCAD как вспомогательное средство при изучении начертательной
геометрии. Труды международной научно-практической конференции "Естественно-гуманитарные науки и их роль
в подготовке инженерных кадров». Ч2. – Алматы: КазНТУ, 2002. –С. 58-63
4. Дуйсенбаев К.А., Джанабаев Ж.Ж., Жакаш А.З., Абилдабекова Д.Д. Проблемы информатизации графического
образования в высшей школе Казахстана // IV Международный форум «Информатизация образования Казахстана
и стран СНГ». –Алматы, 2006. –С. 53-54.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
92
УДК ӘОЖ 37. 01
БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН
Р.Н. Ибраимова, Э.Д. Абишева, Г.Н. Жолтаева
Аңдатпа:
Бұл мақалада педагог мамандардың инновациялық қызметін дамытуда инновациялық технологияларды меңгеру
мен тәжірибеде ұтымды пайдаланудың рөліне мән беріліп, инновациялық педагогикалық техно-логиялардың негізгі
қағидалары, тәжірибеге ендірудің кезеңдері сипатталады. Инновациялық технологияларды жүйелі түрде тәжірибеде
қолданудың мұғалім үшін тиімділігін сипаттай отырып, Ақсу ауданы Мамания орта мектебіндегі пән мұғалімдерінің
өз тәжірибелерінде қолданып жүрген технологияларына талдау жасалады. Сонымен бірге мұғалімдердің
инновациялық қызметін дамытуда педагог мамандардың сындарлы оқыту технологиясының негіздерін қамтитын
Кембридж бағдарламасы негізінде жеті модуль бойынша оқыту жүйесін тәжірибеге енгізу мәселесі қамтылған.
Тірек сөздер: инновациялық технология, мұғалім, оқушы, технология шарттары, қағидалар, инновациялық
технологиялардың тиімділігі.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттері
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау және
жаңа технологияларды енгізу мен тиімді пайдалану керектігі атап көрсетілген [1]. Білім беру саласының
негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде жаңа заман талаптарына сай нәтижеге бағытталған
сапалы, терең біліммен қаруланған, алған білімін тәжірибеде қолдана білетін, кәсіби біліктілігі жоғары,
бәсекеге қабілетті, өз бетінше шешім қабылдап, сыни тұрғыдан ойлай білетін және баға бере алатын жеке
тұлға тәрбиелеу болып отыр. Бұл мақсатты жүзеге асырушы басты тұлға, әрине, мұғалім.
Өзгермелі заман талабына сай жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгеру және
тәжірибеде ұтымды пайдалану, оқушыларға нәтижеге бағытталған сапалы білім беру, жан-жақты дамыған
тұлға қалыптастыру – әр мұғалімнің басты мақсаты. Сондықтан да Ақсу ауданы Мамания орта мектебінің
ұжымы «Жеткіншек ұрпаққа нәтижеге бағытталған білім беру жағдайында оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық,
ақпараттық- коммуникативтік технологияларды ендірудің тиімді жолдары» деген өзекті мәселені жүзеге асыру
мақсатында жұмыс жасауда. Инновациялық технологиялардың негізгі қағидалары: оқушыға ізгілік тұрғысы-
нан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; оқушының
өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр
оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі
жұмыс жасау; оқу үрдісін оқушылардың сезінуі. Әрбір педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың
педагогикалық шарттары: инновациялық технологиялар туралы білімі; оны жан-жақты меңгеруі; иннова-
циялық іс-әрекет диагностикасын меңгеруі; инновациялық технологияларды тәжірибеге ендіру жұмыстары;
инновацияны тәжірибеде дұрыс қолдану. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту – таным
әрекетін ұйымдастырулың ұтымды формасы. Мақсаты – оқу үрдісінің өнімділігін арттыру. Инновациялық
технологияларды қолдану: оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы жүзеге асырылады.
Кез келген технологияның білім беру үрдісіне дендеп енуіне тікелей қызмет ететін – мұғалім. Ол үшін
жаңа технологияны меңгеріп қана қоймай, өзі меңгерген технологияны өз іс-әрекетіне байланысты қолдана
алуы, жетілдіре білуі, сондай-ақ өзінің анализі, рефлексиясы арқылы өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс» [2, 6 б].
Кез келген технологияны тәжірибеге ендіруде осындай қағидаларға сүйенбей жұмыс жүргізу мүмкін емес.
Жоғарыда аталған педагогтің инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын ескере
отырып, ең бірінші кезекте, сол технологияларды қаншалықты толық меңгергендерін және өз тәжірибелерінде
қаншалықты тиімді қолдана білетіндерін анықтау мақсатында мұғалімдерден 10 сұрақтан тұратын сауалнама
алынып, өзара сабаққа қатысу, күнделікті сабақ жоспарларына талдау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде
ұжымдағы 37 мұғалімнің 67,5% инновациялық технологияларды толық меңгергендерін көрсетсе, 32,4% әлі
дебілімдерін жетілдіруде. 67,5% мұғалімнің тең жартысы белгілі бір технологияны сабақ барысында жүйелі
пайдаланып жүрсе, тең жартысы тек технология элементтерін ғана пайдаланады.
Қазіргі таңда 500-ге жуық педагогикалық технологиялар белгілі болса, ұжымдағы мұғалімдер өздерінің іс-
тәжірибелерінде негізінен төмендегі технологияларды пайдалануда:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
93
1. Ж.А.Қараев, Ж.У.Кобдикова «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы – 6 мұғалім
16,2%.
2. Л.С. Выготский, Л.В. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы – 7 мұғалім 18,9%
3. М.М. Жампейісованың «Модульдік оқыту» технологиясы – 6 мұғалім 16,2 %.
4. Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясы – 6 мұғалім 16,2%.
5. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиясы – 9 мұғалім 24,3%.
6. «Ойын» технологиясы – 17 мұғалім 45,9%.
7. Т.Н. Лысенкованың «Тірек сызба» технологиясы – 4 мұғалім 10,8 %.
Сонымен қатар мұғалімдерді тәжірибеде қолданып жүрген технологиялары бойынша топтастырғанда, бір
пән мұғалімінің екі технологияны толықтай меңгеріп, сабағының типіне, түріне және сабақтың мазмұнына
қарай қолдана білетіні анықталды:
1. «Сатылай кешенді талдау» және «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиялары
бойынша – 4 мұғалім (10,8%)
2. «Ойын» және «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиялары бойынша – 3 мұғалім
(8,1%)
3. «Сатылай кешенді талдау» және «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиялары бойынша –
1 мұғалім (2,7%)
4. «Дамыта оқыту» және «Ойын» технологиясы бойынша – 3 мұғалім (8,1%)
5. «Модульдік оқыту» және «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» технологиялары бойынша – 1
мұғалім (2,7%)
6. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» және «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі»
технологиялары бойынша – 1 мұғалім (2,7%)
7. «Дамыта оқыту» және «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиялары бойынша –1 мұғалім
(2,7%)
Сауалнаманың қорытындысынан кейін мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдау, инновациялық
қызметтерін күшейту, инновациялық технологияларды оқып-үйрене отырып тәжірибеде тиімді пайдалануды
жүзеге асыру мақсатында «Білім технологияларының оқушылардың білім сапасын арттырудағы рөлі»
тақырыбында семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинардың теориялық бөлімінде әр технология
бойынша құрылған топ мүшелері сол технологияның ерекшеліктері мен тиімділіктерін теориялық тұрғыдан
қорғаса, практикалық бөлімде пән мұғалімдері сол технология бойынша сабақ үлгілерін көрсетті.
Инновациялық технологияларды іс тәжірибеде жүйелі түрде қолдану үшін әр мұғалім алдында отырған
шәкірттерінің жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтік мақсат – мүддесіне сай, өзінінің шеберлігіне орай
және белгілі бір технологияның сол пәнді оқытудағы тиімділігіне қарай таңдап алады.
Отандық технологиялардың ішінен жоғары сұранысқа ие болып жүрген технологиялардың бірі –
Ж.А. Қараев, Ж.У. Кобдикованың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясы. Бұл техно-
логияны тәжірибеге ендіру арқылы біріншіден, нәтижеге бағытталған сапалы білім алуға жағдай жасалады.
Екіншіден, білім беру жүйесінің дамуын болжауға және қадағалауға (мониторинг жүргізуге) қолайлы жағдай
туады. Үшіншіден, білім беру жүйесін әділ бағалайтын Ұлттық бағалау жүйесі құрылады. Бұл технологияда
оқыту үдерісі оқушылардың «деңгей баспалдағы», яғни оқушылық, алгоритмдік, тапқырлық және шығарма-
шылық деңгейлері бойынша біртіндеп жоғары көтеріліп, ең биік деңгейді игеруге қол жеткізуді көздейді [3,9 б].
Деңгейлік көрсеткіштер: білім, түйсіну, қолдану, анализ, синтез, баға, сыни баға. Оқушының іс-әрекеті:
қабылдайды, түсінеді, ойланады, пайымдайды, көрсетеді, жазады, жаңа проблеманы шешеді, салыстырады,
ашады, талдайды, нәтижесін көрсетеді, шығармашылық жұмыстар құрастырады, бағалайды, талқылайды, пікір
айтады. Бұл технологияны жаратылыстану-математикалық бағытындағы пән мұғалімдері тәжірибелерінде
тиімді пайдалануда.
Бастауыш сынып мұғалімдері мен тіл мамандарының сабақтарында жүйелі түрде қолданып жүрген
технология – Л.С.Выготский, Л.В.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясының тәсілдері:
1.Дидактикалық салыстыру тәсілі;
2.Байқау-қоршаған ортамен байланыстыру.
«Дамыта оқыту» технологиясының ерекшеліктері:
1.Барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу.
2.Топтық тапсырманың әр бағытын топтың әр мүшесі орындайды.
3.Жеке оқушының жұмысы бағаланады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
94
4.Жеке білімді тексеру бөлек жүргізіледі.
«Дамыта оқыту» технологиясының нәтижелі көрсеткіші:
1. Оқушылардың ойлай білуі.
2. Пайымдай білуі.
3. Нақтылай білуі.
4. Жүйелей білуі.
5. Дәлелдей білуі.
«RWST бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді
білдіреді. Бұл бағдарлама 60 түрлі стратегияларынан тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын
тұрғысынан ойлауды дамыту» [4, 5 б ]. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-
түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Л.Джинни, С.Куртис,
Чарльз Темпл, т.б. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады» [5, 10 б].
Сыни ойлау – әр жеке тұлғаның кез келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға
жеткізе алуы. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ол өз алдына сұрақтар қойып және
үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін
айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелерді
қисынды зерттеу дегенді білдіреді. Сабақ барысында оқушылардың ой қозғай отырып, өз ойы мен өзгенің
ойына сыни тұрғыдан қарап, естігенін, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, дәлелдеп,
тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және ұжыммен бірлесіп жұмыс жасау қабілеттерінің артатынын
мектебіміздің мұғалімдерінің тәжірибелері көрсетіп отыр. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
технологиясы үш кезеңнен тұратын модульдік сабақта пайдаланылады:
– ой қозғау немесе ой шақыру;
– мағынаны ажырату, іске асыру (ұғыну, мәнін түсіну);
– рефлексия немесе ой толғаныс фазасы [4, 6 б].
Нәтижесінде оқушылар өз ойларын еркін айтуға, пікір алмасуға, бір-біріне құрметпен қарауға, өзгенің
пікірін бағалауға, топпен жұмыс істеуге, тыңдай білуге, сыни тұрғыдан ойлауға, проблемалық сұрақтарды
шеше білуге үйреніп, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыланады.
Н.А.Оразахынованың «Сатылай кешенді талдау» технологиясының да тиімділігі ерекше. Бұл технология
қазіргі күнде тек қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде ғана емес, басқа да пәндерді оқытуда жаппай енгізілуде.
Бұл технологияның ерекшелігі – оқушының тек білімді ғана меңгеруі емес, сонымен қатар есте сақтау, ойлау
қабілеттерін арттырып, тұлғаның танымдық, шығармашылық қабілеттерін, ауызша және жазбаша тілдерін
дамытады, сөздік қорларын молайтады, ең бастысы тиянақты, берік білімді қалыптастырады. Оқушылар
талдау барысында өтілген ережелерді үнемі қайталай отырып, білім, білік, дағдыларын тұрақтандырады, тез
ойлауға, шапшаң сөйлеуге, ойларын жүйелі баяндауға үйренеді. Бұл технологияны аралас сабақтың үй
тапсырмасын тексеру, өтілген материалды пысықтау, бекіту кезеңдерінде, қайталау сабақтарында, қорытында
сабақтарда пайдаланған өте тиімді. Сонымен қатар дәстүрден тыс сабақ түрлерінде ұтымды пайдалану
мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен қабілетіне байланысты болмақ. Мысалы, қазақ тілі пәнінде кез келген тарауды
қайталауда оқушылардың алған білімдері жан-жақты қамтылады және фонетикалық, фонологиялық,
лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау заңдылықтарын толық меңгеруге мүмкіндік туады.
Тарих, география, биология, әдебиет, қазақ тілі және т.б. пәндерді оқытуда М.М. Жампейісованың
«Модульдік оқыту» технологиясын қолдану нәтижелі болып отыр. Бұл технология:
– оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға;
– танымдық процестерді (жады, ес, ойлау, елестету, зейін) дамытуға;
– оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
– белсенді сөздік қорын, ауызшы және жазбаша тілдік қорын дамытуға;
– тұлғаның қиындықтарға даяр болу және оны жеңе білу, қарым-қатынас, ойын, танымдық, қауіпсіздік,
сыйласу, шығармашылық, қажеттілікті қанағаттандыруға ықпал етеді» [6,7б].
Мектепке дейінгі тәрбие беруде, бастауыш сыныптар мен орта буындардың төменгі сатыларында, дене
шынықтыру сабақтарында ойын технологиясын пайдалана отырып оқыту өте тиімді. Ойын әрекетінің
қызықты болуын қамтамасыз ететін және баланың танымдық қызығушылығын дамытатын басты нәрсе: білім,
әрекет, қарым-қатынас. Осы жағдайларды ескере отырып, мұғалімдеріміз төмендегі ойын түрлерін
сабақтарында жиі қолданады:
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
95
1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, ұшқыштар, т.б.
2. Қимыл- қозғалыс ойындар»: «ұшты –ұшты», «аңшылар», «сиқырлы таяқ», «соқыр теке», т.б.
3. Дидактикалық ойындар: «Заттардың түсін анықта», «Қуыршақты серуенге дайында», «Түсті лото», «Тез
ретке келтір», «Жалғастыр», «Ойлан,тап», «Кім жылдам?» т.б.
4. Құрылыс ойындары: лото, басқа конструкторларды пайдалану, т.б.
5. Рөлді-сюжетті ойындар:ертегі, әңгімелерді рөлге бөліп орындау, сахналау.
Инновациялық технологияның қай қайсысын болмасын, оқушыларды сапалы біліммен қаруландыруды
мақсат ете отырып, төмендегідей нәтижелерге бағытталғандығын көріп отырмыз:
– оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;
– барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туады;
– оқушы тұлғасының танымдық қабілеті дамиды;
– оқушының ұжымдық ой қызметі, іскерлік қарым-қатынасы артады;
– оқушы өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгереді;
– мақсатты іс-әрекеттерін қалыптастыру;
– өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа баулиды;
– сыни тұрғыдан ойлауға үйретіп, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландырады;
– пайымдау, нақтылау, жинақтау, жүйелеу, талдау, дәлелдеу, анықтау қабілеттері артады;
– логикалық ойлау және есте сақтау қабілеттері артып, сөздік қорлары молаяды.
Білім беру саласындағы үлкен жаңалық – мұғалімдердің үш түрлі деңгейде Кембридж бағдарламасы
бойынша үш айлық дайындық курсында білімдерін жетілдіруі. «Сындарлы оқыту теориясының негіздерін
қамтитын бұл бағдарлама сапалы және табысты оқытуды көздейтін жеті модуль бойынша оқытуға құрылған:
1. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.
7. Білім берудегі басқару және көшбасшылық» [7,12 б].
I және III деңгей бойынша білімдерін жетілдерген 6 мұғалім бүгінгі таңда мектебімізде «Қабілет» атты
шығармашылық топ құрып, 4-і коуч ретінде жұмыс жүргізуде. Нәтижесінде:
- өзгерістер мен қайта құрулардың тиімділігі артуы;
- оқушыларда сыни тұрғылан ойлауының пайда болуы;
- топпен жұмыс жандануы;
- оқушы үні;
- кәсіби әңгіме;
- желілік қоғамдастықтардың құрылуы жүзеге асырылуда.
Бүгінгі өзгермелі заман талабына сай ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың қарқынды дамуына
байланысты аудан мектептерімен желілік қоғамдастық құру арқылы нәтижеге бағытталған білім беруде
инновациялық технологияларды қолдану тиімділігін арттыруда іс-тәжірибе алмасу өте тиімді. Желілік
қоғамдастық – бұл ақпарат алмасу үдерісі. Сонымен қатар онлайн режимінде сабақ жүргізу және сабақтарға
қатысу, талдау арқылы да мұғалімдердің инновациялық қызметін дамытуға мүмкіндік зор.Бүгінгі таңда
мектебіміздің пән мұғалімдері жоғарыда көрсетілген инновациялық технологияларды қолданудың оқып
үйрену, меңгеру, өмірге ендіру кезеңдерінен өтіп, дамыту кезеңі бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы
жұмыстарды күшейтуде семинар, конференция, тренинг, ашық есік күндері, әдістемелік күн, шебер сынып,
педагогикалық оқу сияқты шаралардың рөлі ерекше. Жалпы инновациялық технологияларды жүйелі түрде
тәжірибеде қолданудың мұғалім үшін де тиімділігі зор:
– педагог мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытады;
– шығармашылық шеберліктерін шыңдайды;
– инновациялық қызметтерін күшейтеді;
– мұғалімдердің өздік білімдерін жетілдіреді;
– ізденімпаздық қабілеттерін күшейтеді;
– сабақты бірсарынды емес, түрлендіріп өткізуге ұмтылдырады;
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
96
– озық іс тәжірибелерді оқып үйренеді, тәжірибе алмасады;
– мұғалімдердің жауапкершілігін арттырады;
– белгілі бір нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді.
Педагогика ғылымының докторы, профессор Г.А. Рудик: «XXI ғасырда білім беру жүйесінің мақсаты мен
міндеттері өзгереді, сонымен қоса қабылдаған ақпарат көлемі өсіп оқушыға салмақ салады, ал педагогтің
міндеті білімді жинақтау емес, оқушыға осы білімді өздігінен алатын тәсілдерін үйрету», - деп көрсеткендей,
білімді ұрпақ тәрбиелеу ұстаздардың қолында [8,35 б].
Достарыңызбен бөлісу: |