Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет18/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50

 
 
Резюме 
В стaтье рассматриваются важность культуры речи как фактор формирования конкурентноспособности личности 
будущего  специалиста.  Разные  взгляды  и  требования  о  культуре  речи  в  формировании  личности  обьясняется  
понятием и рассуждением великих мыслителей востока. А также характеризуется состояние и уровни формирования 
культуры  речи    в  системе  подготовки  будущих  специалистов  в  вузе.  В  заключении  рекомендуется  учитывать 
формирования культуры речи как критерии конкурентноспособности специалиста при подготовке кадров. 
 
Summary 
In the state considered the importance of culture as a factor of speech competitiveness of the future specialist. Different 
views and demands of the culture in question is explained by the concept of the formation of personality and reasoning of the 
great thinkers of the East. A condition is also characterized by the formation of culture and levels of speech in the training of 
future specialists in high school. In conclusion, it is recommended to consider creating a culture of competitiveness criteria 
speech as a specialist in training. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
119 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. /Оңтүстік 
Қазақстан. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.2012.15 желтоқсан. 
2.Әл-Фараби. Бақытқа жету жолында. Философиялық - әлеуметтік трактатында. – Алматы: Ғылым,  1975. - 
305 б. 
3.  «Қысқаша педагогикалық сөздік». –  Алматы, 2003. -184 б. 
4. Психология: Энциклопедиялық сөздік./Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 624 б. 
5. Құтадғу бiлiк /баспаға дайындаған Әбжан Құрышжанұлы. – Түркiстан: Тұран, 2004. - 555 б. 
 
 
УДК 37.046.16  
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА  
ПЕДАГОГ-ЖАТТЫҚТЫРУШЫНЫҢ РӨЛІ 
 
Б.С. Омаров, Ж.К. Оналбек, Б.Қ. Мухамеджанов, Б.Б.Кенджаева,  
Б.З. Абусейтов, Е.Д.Оразбаев – Түркістан қаласы, 
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 
 
Аңдатпа: 
Бұл  мақалада  студенттердің  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастыруда  педагог-жаттықтырушының  рөлі  жайында 
қарастырылады.  Дене  тәрбиесі  мен  спорт  саласы  мамандарының  негізгі  кәсіби  құзырлылық  жүйесі  және  түрлері 
көрсетіледі.  Педагог-жаттықтырушылардың  студенттерді  кәсіби  даярлау  үдерісінде  жаңа  білім  беру  техно-
логияларын  ендіру  мен  құзырлылық  тәсілдерді  пайдалану  мәселесі  айтылады.  Халықаралық  дәрежеде  мамандар 
даярлау  үдерісінде  болашақ  педагог-жаттықтырушылардың  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастыруда  әдіс-тәсілдерді 
жасау бүгінгі күннің өзекті мәселесі  екендігі туралы баяндалады. Менің ұсынысым студенттердің шығармашылық 
қабілеттерінің  оянуына,  таңдаған  спортына  деген  құмарлығының  артуына  себеп  бола  ала  ма?  сияқты  көптеген 
мәселелердің  төңірегінде  ойлана  отырып,  жұмысын  жүйелі  түрде  жүргізе  білсе  ғана  студент  шығармашылығын 
арттыру арқылы, заман талабына сай маман кадрларын даярлауға мүмкіндік туғыза алады. Студент жаппай біліммен 
қаруланып келген болса, қазіргі талап білімді жеке тұлғаға бағыттай  отырып, студенттердің құзырлылығын  ескеру 
арқылы шығармашылық мүмкіндіктерін ашу - басты мақсат болып отыр.  
Тірек сөздер:  құзырлылық, кәсіби құзырлылық, студент, педагог-жаттықтырушы, кәсіби даярлау. 
 
Қазіргі кезде, еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір 
педагог  қауымының  ойлауына,  өткені  мен  бүгіні,  келешегі  мен  болашағы  жайлы  толғануына,  жаңа  идеялар 
мен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық.  
Қазақстан  Республикасының  президенті  Қазақстан  халқына  жолдауында,  «Қазақстан-2050»  стратегиясы: 
қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  жолдауында.  Әлемнің  бәсекеге 
қабілетті отыз ел қатарына қосылу стратегиясында, білім реформасы - білім және кәсіби машық – заманауи 
білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары Қазақстанның бәсекеге қабілетті 
ел болуын қамтамасыз ететін ең маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және  қоғамдық модерниза-
цияның талаптарына жауап бере алатын заманға сай білім жүйесі», керек екендігін айрықша атады [1]. 
2010  жылдың  наурыз  айында  Қазақстан  47-ші  қатысушы  ел  ретінде  Еуропалық  білім  берудің  кеңістігіне 
тікелей  жол  ашатын  Болон  декларациясына  қол  қойды.  Қ.А.  Ясауи  атындағы  Халықаралық  қазақ-түрік 
университетінде  Халықаралық  деңгейдегі  мамандарды  даярлау  және  білім  сапасын  көтеру  мақсаттарында 
кәсіби дайындауда құзырлылық тәсілді пайдалануға басты назар аударылып отыр, себебі құзырлылық білімнің 
практикалық бағдарын, оның прагматикалық, кәсіптік пән аспектісін күшейтеді [2].  
Жоғары білім беру жүйесіне көп деңгейлі және кредиттік-модульдік жүйені ендіру, білім сапасын басқару 
жүйесін  модернизациялау,  білім  туралы  жаңа  форматтағы  құжаттарды  қайта  өңдеу  және  білімді  қаржылан-
дыру  схемасын  модернизациялау  негіздерінде  Болон  декларациясы  Европада  бірегей  білім  кеңістігінің 
құрылуын реттеп отырады. 
Жаңа ғылыми әдіс ретінде қабылданған кәсіби құзырлық бүгінде, методологиялық ойлау қабілетін дамыту-
дың, мінез-құлықтың мәдени нормаларын игерудің, жоғары оқу орнында педагогикалық үдерісіндегі иннова-
циялық әдістердің негізінде қалыптасқан әрекеттерді дамытуда ең тиімді тәсіл болып табылады.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
120 
Олай болса, білімнің сапалы да, саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі зиялылар қауымының деңгейі-
не байланысты. 
Ендеше, әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін 12 жылдық білім беру жүйесі, жалпыға емес, жекеге 
негізделген білім бағыты жоғары және кәсіптік орта білімді мамандарды даярлайтын оқу орындарын айналып 
өтпейтіні белгілі.  
Оқу орнын бітіруші жас түлек еліміздің білім саясатындағы өзгерістер мен жаңалықтардан толық хабардар 
бола  отырып, өмірдің кез-келген жағдаяттарынан шыға білетін алғыр да білімді жас болып тәрбиеленуі тиіс. 
Сондықтанда  кәсіби  орта  білімді  мамандарды  даярлайтын  ұжымдардың  дәріс  беруші  оқытушылары  да 
педагогтар қауымына ұсынылып отырған заман талабын бұлжытпай атқаруы міндетті деп санаймын. 
Педагог-жаттықтырушы ретінде студенттердің сұранысын қанағаттандыра алдым ба? 
Оларға жаттығудың қандай бағыттарын ұсынуым керек?  
Менің ұсынысым студенттердің шығармашылық қабілеттерінің оянуына, таңдаған спортына деген құмар-
лығының  артуына  себеп  бола  ала  ма?  сияқты  көптеген  мәселелердің  төңірегінде  ойлана  отырып,  жұмысын 
жүйелі түрде жүргізе білсе ғана студент шығармашылығын арттыру арқылы, заман талабына сай маман кадр-
ларын  даярлауға  мүмкіндік  туғыза  алады.  Студент  жаппай  біліммен  қаруланып  келген  болса,  қазіргі  талап 
білімді жеке тұлғаға бағыттай отырып, студенттердің құзырлылығын ескеру арқылы шығармашылық мүмкін-
діктерін ашу  басты мақсат болып отыр.  
Бүгінгі оқу орнын бітіргелі отырған жас маман мемлекетіміздің кадр саясатындағы мақсаттарына сайма-сай 
болып  шығу  қажет,  яғни  олар  еліміздің  әлеуметтік  экономикалық  жоғарғы  қарқынмен  дамуын  қамтамасыз 
етуге қабілетті, интеллектуалдық ойлау белсенділігі жоғары тұлға тәрбиелейтіндей кадр болып шығуы бүгінгі 
күннің өзекті мәселелерінің бірі [3]. 
Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  мамандықтар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты 
мақсаты  –  мамандықты  игерту  ғана  болған  болса,  ал  қазір  әлемдік  білім  кеңістігіне  ене  отырып,  бәсекеге 
қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық  қабілетіне  сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім 
беру жүйесін ұсыну негізгі мақсат болып отырғаны баршамызға аян [4]. 
«Құзырлылық» ұғымы жайлы Құдайбергенова К.С. «Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өзіндік дамуында» 
атты  еңбегінде  былай  деп  көрсетті:  «Құзырлылық  ұғымы  соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның 
субъектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде  ендіріліп  отырған  ұғым.  Құзырлылықтың  латын 
тілінен  аудармасы  «competense»  белгілі  сала  бойынша  жан-жақты  хабардар  білгір  деген  мағынаны  қамти 
отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» десе [5], бұл 
жайлы Б.А.Тұрғынбаева  «Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру  жағдайында дамыту» 
еңбегінде  «...өзінің  практикалық  әрекет  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік  мәселелерін  шешуде  қолдана 
алуын – құзырлылықтар деп атаймыз» деп анықтаса [6], ресей ғалымы Н.В. Кузминаның көзқарасы бойынша 
«Құзырлылық  дегеніміз  –  педагогтың  басқа  бір  адамның  дамуына  негіз  бола  алатын  білімділігі  мен 
абыройлылығы деді.» [7]. 
Қазақстан Республикасы 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби – тұлғалық 
құзырлығын қалыптастыру  басты мақсат екендігін атай келе 12  жылдық білім  беру де педагог төмендегідей 
құзырлылықтарды игеру міндетті деп көрсетті [8].  
Арнайы құзырлылық  өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілет 
Әлеуметтік құзырлылық – кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті 
Білім беру құзырлылығы – педагогикалық және әлеуметтік психологияның негіздерін қолдана білу қабілеті 
Бұл жүйелерге қарай отырсақ құзырлылық дегеніміздің өзі қазіргі заман талабына сай педагог қауымының 
өзін-өзі  өзгерте  алу  қабілеттілігі  деп  түсінуге  болады.  Ендеше  әр  педагог-жаттықтырушының  кәсіби  құзыр-
лығы нақты жағдайда ғана тұлғаның құзырлылық қабілетін ашатын тапсырмалар жүйесін ұсына алатынымен 
анықтауға  болады.  Білім  саясатындағы  түбегейлі  өзгерістерді  күнделікті  оқу  үрдісінде  берілетін  тапсырма-
лардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілді. 
Студент шығармашылықты тапсырмаларды орындау барысында ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді 
пайдалана  отырып  сонымен  қатар  өмірден  көрген  практикасымен  байланыстыру  арқылы  сұрақтардың 
шешімін табуға жол ашады. 
Студенттердің осындай жолмен орындаған тапсырмалар жүйесінің өзі шығармашылық ұғымымен сәйкес. 
Студенттер  жаппай  білім  алу  барысында  кейбіреулері  өз  мүмкіндіктерін  өзі  ашқан  болса,  кейбірі  «жабулы 
қазан  жабулы  күйінде»  өмір  ағымымен  кете  барды.  Кешегі  біздің  білім  алған  мамандарымыз  білім  беруші 
ақпарат көзі ғана болды. Мәселенің дұрыс бұрыстығын саралаушы да тек қана сол маман еді. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
121 
Ал  қазіргі  педагог-жаттықтырушы  маман,  студенттерді  дұрыс  ұйымдастыра  отырып,  бағыт  бағдар  беру 
арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтиже-
лер  әкелетіндей  тұлға  даярлап  шығуды  көздеуде.  Педагог-жаттықтырушы  қауымнан  студенттер  тек  білімге 
ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. 
Жеке тұлғаны білімге, спортқа, өмірге бағыттауға тәрбиелеу үшін студенттердің өз бойынан дәл осындай 
жұмыс түрлерін өткізгенде ғана нәтиже берері анық. 
Олай  болса,  студенттердің  коммуникативтік  құзырлылық  қабілеттерін  дамыту  мақсатында  педагог-
жаттықтырушы қандай болу керек? Деген сұраққа. 
Ең  әуілі  педагог-жаттықтырушы  білім  стандартына  сай,  бағдарламалары  мен  жоспарларын,  әдістемелік 
нұсқаулары  мен  оқулықтарын  жете  зерттей  отырып,  жаттығу  кезінде  әрдайым  пайдаланылып,  әдістер  мен 
айла, тәсілдерін әр студентке жеке тұлға ретінде қарау мақсатында таңдаған спорт түрлеріне деген қызығушы-
лығын ояту, ізденіс жұмыстарын жасау, жаңаға ұмтылу, жаңаны сезіну деңгейін жетілдіру үшін тек талапты, 
талантты ақыл ой иесі және сарқылмайтын жігерлілік, еңбекқорлық, тек өз кәсібінің жасырын сырларын білу-
мен  ғана  шектелмей,  соңғы  ғылым  жетістіктерін  меңгерген,  шығармашылықпен  ой  түйе  білетін  және  оны 
жоғары  санаттағы  спортшы  дайындаудағы  тәжірибесінде  нақтылы  түрде  іске  асыра  алатын  педагог-жаттық-
тырушылар ғана даярлайды [9]. 
Әрбір жаттығу сабақтарынан кейін студенттер өзінің ой-толғанысын әртүрлі сұрақтарға жауап беру арқылы 
білдіріп, бөлісіп отырғаны абзал. Осындай тәжірибелер арқылы, қазіргі педагог-жаттықтырушы студенттердің 
ішкі мүмкіндіктерін ашу арқылы,  
 олардың шығармашылық қабілеттерін тани білуге 
 студенттерді өз бетінен жаттығулар жасап дағдыландыруға;  
 өзге мәдениетпен танысуға; 
 жаңашыл іс-әрекет жасауға; 
 білімге деген жетіспеушілігін сезіп білуіне; 
 өмірде кездесетін көптеген жағдаяттарды шеше білуге;  
жаңаны танып білуге деген құлшынысын, қабілеттерін оята білуге тәрбиелесе ғана заман талабына сай маман 
«жасап шығаруға» мүмкіндік туады деп есептеуге болады.  
Қазір  төрткүл  дүниедегі  өзгерістер,  ақпараттық  құралдар  арқылы  барлық  адамзатқа  хабардар  болып 
отырғаны белгілі.  
Ендеше, біздің тәрбиелеп, оқытып шығарып жатқан мамандарымыз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай 
  жан-жақты ойлаушы;  
  коммуникативті;  
  ерекше ұйымдастырушылық қабілетті; 
  нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы-заман талабы. 
Осындай  жағдайда  ғана  еліміздің  ертеңін  құрушы  ұрпақтарымыз  жан-жақты  дамыған,  шығармашыл 
интеллектуалды қабілеті оянған, жеке тұлға болып қалыптасуы сөзсіз деп ойлаймын. 
Бұған  негіз  тағы  да  Елбасымыздың  «Инновациялар  мен  оқу  білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономика-
сына»  атты  дәрісінде:  «...  Бүгін  біздің  алдымызда  өнімдері  сыртқы  рыноктарда  сұраныс  туғызатын  жаңа 
бәсекеге қабілетті өндірістерді дамыту міндеті тұр...» деп көрсетті [10]. 
Расында  да,  ертең  мұндай  өндірістерді  дамытатын  бүгінгі  ұрпақтарымыз  заман  талабына  сай  жан-жақты, 
жаңашыл  да,  жаңаны  ойлап  тапқыш,  жаңалыққа  ұмтылушы,  бір  сөзбен  айтқанда,  креативтілік  жағынан 
толысқан ұрпақтар тәрбиелеп, дайындап шығару педагог қауымы біздің міндетіміз екені белгілі.  
Міне,  құзырлылық  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта 
отырып,  ойлаудың,  интеллектуалдық  белсенділіктің  жоғары  деңгейіне  шығу,  жаңаны  түсіне  білуге,  білімнің 
жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы  күтілетін  нәтижелер  болып 
табылмақ.  
Бұның  өзі  өз  кезегінде  қазіргі  ұстаздардан  шәкіртті  оқытуда,  білім  беруде,  тәрбиелеп  өсіруде  белгілі  бір 
құзырлылықтарды  бойына  сіңірген  жеке  тұлғаны  қалыптастыруды  талап  етеді.  Бұл  жайлы  12  жылдық  білім 
беру тұжырымдамасында оқушы бойынан табылуға тиісті құзырлылықтарды нақты айқын көрсеткен. Мұнда: 

 Құндылықты-бағдарлы құзырлылық (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжан-
дылық қабілетті болу) 

 Мәдениеттанымдық құзырлылық (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлт-
тар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті) 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
122 

 Оқу-танымдық құзырлылық (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік-
зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу) 

  Ақпараттық-технологиялық  құзырлылық  (ақпараттық  технологиялармен  техникалық  объектілер 
көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті) 

  Әлеуметтік-еңбек  құзырлылық  (әлеуметтік-қоғамдық  жағдайларға  талдау  жасай  білу,  шешім  қабылдай 
білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті) 

 Тұлғалық өзін-өзі дамыту құзырлылық (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар 
саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті) 
Аталған құзырлылық қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог-жаттықтырушылар  қауымының арнайы 
әлеуметтік  білім  беру  құзырлылықтарының  жан-жақты  болуы  талап  етіледі.  Егер  педагог-жаттықтырушы 
өзінің кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы тұлғаның 
алған білімін өмірде қолдана білетіндей тапсырмалар жүйесін ұсына алатын жағдайда болғанда ғана студент 
құзырлылығын  қалыптастыруға  мүмкіндік  табады.  Бір  сөзбен  айтқанда  тұлғаға  бағытталған  білімдер  жүйесі 
білім стандартына сай тұлғаның жан-жақты дамуына негізделген, алған білімін өмірдің қандай бір жағдаятта-
рында  қолдана  алатындай  дәрежеде  ұсыну  педагог-жаттықтырушылардың  құзырлылығына  байланысты 
болады. 
Олай болса, тұлғаның құзырлылық қабілеттерінің артуына, өзін-өзі дамытуына, жаңалық ашып ізденуінде 
педагог-жаттықтырушының құзырлылық қасиеті маңызды рөл атқарады. 
 
 
Резюме 
В этой статье рассматривается роль педагога-тренера в процесе формирования профессиональной компетенции 
студентов.  Используются  основные  системы  и  виды  профессиональной  компетенции  будущих  специалистов. 
Современные  тенденции  модернизации  образовательных  программ  требуют  внедрения  современных  методов 
формирования  профессиональной  компетенции  будущих  педагогов-тренеров.  Все  большее  внедрение  новых 
образовательных  технологий  и  применение  компетентностного  подхода  в  учебном  процессе  способствует 
повышению эффективности процесса формирования профессиональной компетенции будущих педагогов-тренеров. 
Одной  из  актуальных  проблем  подготовки  специалистов  международного  уровня  является  разработка  методов  и 
подходов формирования профессиональной компетенции будущих педагогов-тренеров. 
 
Summary 
This  article  deals  with  the  problems  of  forming  professional  competences  of  future  teacher-trainers.  Used  the  main 
systems and types of professional competences of future specialists. The modern tendencies of modernization of educational 
program demands introduction of contemporary methods of forming of professional competences of future teacher-trainers. 
More introduction of new educational programs and application of competence approach in the educational process promotes 
increasing  of  effectiveness  of  forming  process  of  professional  competences  of  future  teacher-trainers.  One  of  the  actual 
problems  of  training  of  specialists  of  international  level  is  development  of  methods  and  approaches  of  professional 
competence forming of future teacher-trainers.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы: 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы 14.12.2012 
2.  Mukhamedzhanov  B.K.,  Berkimbaev  K.M.,  Omarov  B.S.,  Abusseitov  B.Z.,  Seidakhmetov  E.E.,  Khudiyarov  G.B. 
Forming of professional competences of future teacher-trainers. 3rd World Conference on Innovation and Computer Science, 
Antalya, Turkey. 2013. p. 207.  
3.  Оналбек  Ж.К.,  Мухамеджанов  Б.Қ.,  Омаров  Б.С.  Қазақ  күресі  бойынша  педагог-жаттықтырушылардың 
кәсіби  құзырлығын  қалыптастыру.  «Функционалдық  сауаттылықты  дамыту  –  мұғалімнің  интелектуалды 
әлеуетін қалыптастырудың негізі» 2012. – 39-44 б. 
4.  Педагогика мәселері. Ғылыми–теориялық журнал. 1-2/2006, 
5.  Құдайбергенова К.С. Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өздік дамуында. – Алматы, 2006 
6.  Тұрғынбаева  Б.А.  Мұғалімдердің  шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті  арттыру  жағдайында  дамыту  –
Алматы,  2005.  – 2008 бет. 
7.  Кузьмина Н.В., Реан A.A. Профессионализм педагогической деятельности. – СПб.: Питер, 1993. – 248 с.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
123 
8.  Оналбек  Ж.К.,  Мухамеджанов  Б.Қ.,  Омаров  Б.С.  Педагог-жаттықтырушылардың  кәсіби  құзырлығын 
қалыптастыру  мәселелері.  «Бейіндік  мектеп»  жоғары  мектептері  үшін  кадрларды  даярлау  және  12  жылдық 
білімберу үлесіне көшу мәселелері. 2012. – 379-381 б. 
9.  Zh.K.  Onalbek,  B.S.  Omarov,  K.M.  Berkimbayev,  B.K.  Mukhamedzhanov,  R.R.  Usenbek,  B.B.  Kendzhaeva  and 
M.Zh.Mukhamedzhanova. Forming of Professional Competence of Future Tyeacher-Trainers as a Factor of Increasing the 
Quality. Middle-East Journal of Scientific Research 15 (9): 1272-1276, 2013 
10. Назарбаев  Н.  Ә.,  Инновациялар  мен  оқу-білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына.  /Еуразия 
университеті студенттері алдында оқылған дәріс / Н.Ә. Назарбаев //Егемен Қазақстан. – 2006. – 27 мамыр. –1,3 б. 
 
 
УДК 37.046.16  
 
СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН  
МУЗЫКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
А.Есентаева  
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 
«Музыкалық білім» мамандығының 2 курс магистранты 
 
Аңдатпа: 
Мақалада  студент  жастардың  бос  уақытын  музыкалық  шығармашылық  арқылы  ұйымдастыру  жайы  толық 
қарастырылған.  Студенттердің  бос  уақытын  ұйымдастыру  формалары,  мәдениеті  туралы  жазылған.  Музыка  өнері 
жеке  тұлғаның  дамып,  қалыптасуында  аса  маңызды  рөл  атқаратындығы  жайында,  сондай-ақ,  қазіргі  кезеңде 
студенттердің бос уақытын өткізу мәселесінің мәні мен маңызы ашып айтылған. Студенттердің бос уақытын тиімді 
пайдалануды ұйымдастыру оңай мәселе емес екенін де ұмытпауымыз керек. Мұның қиындығы білім алушының бос 
уақытын ұйымдастыру тәсілдерінің сан-қилылығына тікелей байланысты. Осы ретте ұйымдастырушылардың талай 
кедергілерге  де  кездесетінін  айтпасқа  болмайды.  Өйткені  осындай  аса  маңызды  проблеманы  жүзеге  асырудың 
теориясы толық зерттеліп болмаған тың мәселе екенін күнбе-күңгі жұмысымызда кездестіріп те жүрміз.  
Тірек  сөздер:  Студент  жастар,  бос  уақыт,  музыкалық  шығармашылық,  ұйымдастыру  жумыстары,  жастық, 
орындаушы, музыкалық білім, тәрбие беру, әдістеме, мәдени шаралар. 
    
Студент жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оның рухани әлемін байыту, болашаққа деген ынта-
жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі. «Елу жылда ел жаңа» 
демекші  қазіргі  таңда  бос  уақытты  ұтымды  ұйымдастыру  әлеуметтік  құрылымның  маңызды  элементтерінің 
біріне  айналды.  Адамның  болашағы  оның  алған  біліміне,  ғылыми  таным  қабілеті  мен  белсенділігіне 
байланысты.  
 «Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы» дегендей қазіргі  жастардың бос  уақыты болмауы керек.  Біз 
еліміз көгеріп жеріміз гүлденсін десек демалмай жұмыс істеуіміз керек. Қазір біздің бос уақытты дұрыс қолда-
натын уақытымыз келді. «Уақыттың бос өткені – өмірдің бос кеткені» деген дана халқымыз, сондықтан да елі-
міздің ерікті де ереулі жастары ертеңгі болашақты бүгін ойласа, ертеңгі күні бос уақытыңыз көп – жұмысыңыз 
жоқ болып жүрмейді. 
Келешегіміздің келбетті, болашағымыздың баянды болуы бүгінгі жастарға тікелей байланысты. Жастардың 
бос  уақыттарын  дұрыс  пайдалана  білуі  бүгінгі  күндері  барынша  өзекті  бола  түсуде.  Бос  уақытты  өткізуге 
байланысты  саламатты  өмір  тұтынушылығына  тәрбиелеу  –  тұлғаны  қалыптастырудың  басты  қағидалық 
принциптерінің  бірі.  Бос  уақыттың  қаншалықты  қызықты  өтуі  өнер  үйренуге,  шығармашылық  мазмұндағы 
ізденіске, дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталса, ол денені жетілдіруге ғана емес сонымен бірге рухани баюға 
да мұрындық болады. Егер жас адам енжар, ешқандай ақыл-ой және дене іс-қимылын жұмсаусыз демалыс күн-
нің негізгі уақытын теледидар алдында өткізіп, уақытты босқа өткізуге салынса, оның еңбектегі белсенділігі де 
азаяды. Жас адамның бос  уақытын дұрыс пайдалана білуі өндірістік қызмет және  оқу істерімен байланысты 
жүргізілсе, тұлғаны сипаттайтын моральдық, рухани және физикалық сапаның да сапалылығы арта түседі [1].  
Біле білгенге уақыт – зор мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш 
сермесі» анық. Мәселен, әр минутын текке өткізбейтін еңбекқор қытайлар уақыт мәселесіне келгенде «Сағат 
сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп ұрандатады екен. Уақыт – ақшаға сатып ала алмайтын теңдесіз 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
124 
байлық. Осы, уақыт атты керемет байлықты бүгінгі қазақ жастары қалай пайдаланып жүр деген сауалға жауап 
іздеп көрейік. 
Уақыт  байқаған  адамға  көзді  ашып  жұмғанша  зымырап  өтіп  жатыр.  Заман  талабына  байланысты  қазіргі 
жастарымыз  уақытының көбін интернетпен өткізіп жатады. Интернеттің тез, жылдам хабар алғызатыны рас. 
Бірақ адамға рухани азық бола алмас. Егер рухани азық іздесек, кітап оқуға ұмтылуымыз керек. Ал адам өмірі 
уақытқа байланған. Жастықтың желігімен уақыттың қадірін бағалай алмай жатамыз. Кейін сан соғып қалмас 
үшін  уақытты  бос  жібермеуге  тырысып,  сабақтан  бос  уақытта  кітап  оқу,  ән  айту,  музыка  тындау,  би  билеу, 
домбыра үйренуге жұмсаған жөн. 
Бүгінгі  таңда  республикамызда  болып  жатқан  түрлі  әлеуметтік-экономикалық  процестерде  халықтың 
ұлттық сезімін оятады, тарихи мұраға аялы көзқарасты қалыптастыруды, жалпы адами сипаттағы факторларды 
дамытуды,  студент  жастарды  ұлттық  және  жоғарғы  музыка  өнері  арқылы  бос  уақыттарын  тиімді  ұйымдас-
тыруды, жаңартуды талап етеді. 
Музыка  арқылы  эстетикалық  тәрбие  беріп  қоршаған  ортаны,  адам  сезімін,  түрлі  ойды,  көркем  дыбыстар 
арқылы жеткізе алады. Студенттің сабаққа зор ықылас қоюы – ең алдымен мұғалімнің оқу шеберлігіне байла-
нысты. Бос уақытты қызықты өткізу үшін студентке өз ойын толық жеткізу үшін оқытушының сабақ беру әдісі 
студенттің ой-өрісіне сай болуы керек. 
Студент болашақ оқытушы, орындаушы музыкант. Сондықтан оның алғаш үйрену кезінен бастап шығар-
маларды тыңдау, нотамен ойнау, түрлі жаттығулар мен қажетті дағдыларды қалыптастыру сияқты өз бетінше 
жұмыс жасап үйренуіне жағдай жасап, көңіл бөлген жөн.  
Бүгінгі  таңда  музыка  өнері  пайда  болуымен  қатар  қалыптасып,  өзінің  тәрбиелік  қызметін  атқарып, 
сарқылмас  рухани  қазынаға  айналды.  Музыкалық  тәрбие  беру  –  педагогикалық  оқу-әдістемелік  жүйесінде 
нақты орын алып келеді. Бұл өнер мәдениеттің әлеуметтік тәжірибесін жеткізумен қатар қалыптасып, тәрбие 
тәжірибесін адамзатқа танытып, мәдениеттің дамуына ықпалын тигізеді [1]. 
Музыка өнерінің ерекшелігі сөз бен тіл жеткізіп айта алмайтын, адамның жан-дүниесіндегі құбылыстарды, 
сезімді дыбыс арқылы беруге мүмкіндік тудыруында. Музыка таза эммоцияға әсер ете отырып, адамның қиялы 
мен көңіл күйіне байланысты қабылданады.  
Студент жастардың бос  уақытын тиімді ұйымдастыру,  оған дұрыс бағыт беріп  отыру –  барша қауымның 
ортақ ісі. «Жасы бір құрдас емес, заманы бір құрдас» демекші жастардың жан-жақты болып өсуі тек қана оның 
оқу орнында өткізген уақытымен шектелмейді. 
Студенттердің  бос  уақытын  музыка  өнері  негізінде  ұйымдастыру  жүйесінде  қолданылатын  қағидаларды, 
заңдылықтарды, әдіс-тәсілдердің рөлін мазмұндауға үйрету және іскерлікке дағдыландырады: 

 елдің рухани және білім беру саласын дамыту, мәдени мұраның 

 сақталуын және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету; 

 еліміздің мәдени-тарихи әдет-ғұрыптарын қайта жаңғырту; 

 бұқаралық мереке түрлерін ұйымдастыра білу шеберліктеріне баулу; 

 ән айта білу заңдылықтарымен танысу; 
– 
сценарий жазу кезінде шығармашылықпен жұмыс жасай білу ынтымақтастыған қалыптастыру. 
Музыка өнері  жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды рөл атқарады. Музыка адам санасына, 
жүйке-жүйесіне  ықпал  ететін  ерекше  психофизиологиялық  құбылыс  болып  табылатын  дыбыстар  арқылы 
бейнеленеді. Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ 
назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық 
қару ретінде қолдана білген. 
Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың 
сан  ғасырлық  серігі  болып  келген  музыка  өнерінің  тәлім-тәрбиеде  алатын  орнын,  әсер-ықпалын,  қоғам  мен 
мәдениеттің  дамуы  процесінде  қалыптасқан  әлеуметтік,  музыкалық-педагогикалық  тәжірибені  ой  елегінен 
өткізіп, таразылау  оның қалыптасып, даму кезеңдерін  қарастыруға тікелей байланысты. Өнердің  осы түрінің 
адамның  жан-дүниесіне  ықпал  ету  механизмдері  мен  оның  табиғатын  танып  білуге  ерте  кездің  өзінде-ақ 
антика ғұламалары назар аударған.    
Студент  жастардың  бос  уақытын  музыкалық  өнері  негізінде  тиімді  өткізу  қоғамдық  құбылыс  ретінде 
музыкалық тәрбие заңдылықтарын, қоғамдық өмірдегі музыкалық тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Сон-
дықтан жастардың бос уақытын музыкалық өнері – балалар мен жастардың ғана емес, үлкендердің де тәрбиесі. 
Қазіргі  жаһандану  кезеңі  жастарға  қатты  әсер  етіп  жатқаны  анық.  Бүгінгі  жастарды,  соның  ішіндегі 
студенттерді  бұдан он жыл бұрынғы студенттермен салыстыруға келмейді. Жастардың жан дүниесі біршама 
өзгеріске ұшыраған.  

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
125 
Студент жастардың бос уақытын музыкалық өнері негізінде тиімді өткізу нәтижесінде студент: 

 бос уақытты музыкалық өнер негізінде ұйымдастырудың қоғамдағы рөлін; 
– 
бос уақытын музыкалық өнері негізінде тиімді өткізу формаларын; 

 сценарий мен режиссураның ерекшеліктерін; 
– 
бұқаралық мерекелерді өткізу әдістемесін; 
– 
әдеби – музыкалық композиция құрастыру дағдыларын; 
– 
әдеби мәтінмен жұмыс істеу ерекшеліктерін; 
– 
сценарийдегі көркем – мәнерлеу құралдарын қолдана білуді; 
– 
сценарийдегі шығармашылық әдістерді тиімді пайдалануды; 
таңдалған тақырып бойынша көркем және деректі материалдарды жинақтауды [2]. 
Студент  жастардың  бос  уақытын  ұйымдастыру  мәдениеті  –  музыкалық  білім  берудің  күрделі  саласының 
бірі.  Өзге  халықтар  сияқты  қазақ  музыка  өнерінің  бастауалды  ерекшелігі  еңбекпен,  өмір-тұрмыс  салтымен 
тығыз  байланысты.  Мәдениеттің  реттеушілік  міндеті,  әрекеттері,  құралдары  ойын-сауық,  салт-дәстүрлер,  іс-
шаралары арқылы атқарылған.  
Бос  уақытта  атқарылатын  мәдени  әрекеттер  арқылы  әр  жеке  тұлға  қоғамдық  мінез-құлқын  қалыптас-
тырумен қатар, мәдениет құралдарын, үлгілерін игеріп, қарым-қатынас жасауға шыңдалып, жастардың тәрбие-
лік қоғамнан шеттелген мен тыстатылғандар қатарынан аулақ болуына, өмірде өз орынын табуға ықпал етіп, 
бос уақыт мәдениеттілігінің этнопсихологиялық мәнін арттырады.  
Бос уақыттағы музыкалық өнер әрекеттерінің мәні оларға жұмсалатын мерзім көлеміне, мәдени әрекеттер 
мазмұны мен сипатына да байланысты. Бос уақыттағы музыкалық өнер ісіне тұрақты қызығушылық байқатқан  
жеке  тұлғаның  рухани  баюына,  этномәдениетті  игеруі  мен  дамытуына  мүмкіндігі  мол.  Ондай  адам  мәдени 
материалдардың  көне  үлгілерінің  мазмұны  мен  мәнін  жадыға  сақтап,  жаңа  сипатта  жалғастыруға  бейімін 
қалыптастырып, сөйтіп саналы түрде сол мәдениеттің өкілі ретінде насихаттық жұмысқа араласа алады.  
Студенттердің  бос  уақытын  тиімді  пайдалануды  ұйымдастыру  оңай  мәселе  емес  екенін  де  ұмытпауымыз 
керек.  Мұның  қиындығы  білім  алушының  бос  уақытын  ұйымдастыру  тәсілдерінің  сан-қилылығына  тікелей 
байланысты.  Осы  ретте  ұйымдастырушылардың  талай  кедергілерге  де  кездесетінін  айтпасқа  болмайды. 
Өйткені осындай аса маңызды проблеманы жүзеге асырудың теориясы толық зерттеліп болмаған тың мәселе 
екенін күнбе-күңгі жұмысымызда кездестіріп те жүрміз.  
Студенттердің  бос  уақытын  ұйымдастыру  формалары  –  бұл  түрлі  мәдени  ұйымдар  арқылы  қатысушы 
студенттердің өзіндік ерекше сипаттамаларына қарай бос уақытын тиімді ұйымдастыру, оның алдына қойған 
мақсаты,  міндеттері  және  мазмұны,  сонымен  қатар  оған  қатысушылардың  өзіндік  іс-әрекеттерінің  түрлері, 
өткізілетін орны мен уақыты нақтылануы қажет. Музыка өнері негізінде бос уақытты ұйымдастырудың тиімді 
әдістері  әрбір  студенттің  практикалық  қатысуы  мен  ынтасына негізделген  мәдени  іс-шараларға  студенттерді 
тартудың белсенді формалары болып табылады. Жоғары оқу орындарында мәдени тұрғыда студенттердің бос 
уақыттарын ұйымдастырудың жинақталған түрлерін келесідей ұйымдастыру формаларына біріктіруге болады: 
  қызығушылықтары бойынша клубтар қызметін ұйымдастыру; 
  шығармашылық ұжым қызметін ұйымдастыру; 
  спорт секциялары қызметін ұйымдастыру; 
  мәдени-тынығу іс-шараларын ұйымдастыру [2]. 
Адам  баласы  уақытқа  тәуелді.  Өтіп  жатқан  әрбір  сәт  өміріміздің  қайтып  келмес  сәттері.  Адам  қымбат, 
бағалы  бұйымдарын  –  алтын  немесе  ақшасын  жоғалтса,  оны  тауып,  орнын  толтыра  алады.  Ал,  өткен  уақыт 
қайта  айналып  келмейді.  Уақыт  адамзатпен  санаспайды,  ал  уақытпен  санасқан  адаспайды.  «Адамды 
заманы билейді» дегенмен осынау нарықтық заманда қай жолмен жүрсен солай кетесін, артында қалған із де 
солай өрнектеліп қалмақ, сол себептен әрбір уақытты пайдаға жұмсап, бос уақытты ұтымды ұйымдастыра білу 
қажет. 
Қорыта келе, «Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы» дегендей қазіргі жастардың бос уақыты болмауы 
керек.  Біз  еліміз  көгеріп  жеріміз  гүлденсін  десек  демалмай  жұмыс  істеуіміз  керек.  Қазір  біздің  бос  уақытты 
дұрыс  қолданатын  уақытымыз  келді.  «Уақыттың  бос  өткені  –  өмірдің  бос  кеткені»  деген  дана  халқымыз, 
сондықтанда еліміздің ерікті де ереулі жастары ертеңгі болашақты бүгін ойласа, ертеңгі күні бос  уақытыңыз 
көп – жұмысыңыз жоқ болып жүрмейді. 
                                                                   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет