Резюме
Данная статья посвящена проблеме формирования когнитивного компонента межкультурной коммуникативной
компетенции на ранней ступени школьного обучения иностранному языку. В статье дается определение понятия
«знание». Подчеркивается, что знания являются основополагающей структурной единицей компетенции,
обеспечивающей сознательность обучения и высокое качество формируе-мых навыков и умений.
Ключевые слова: Межкультурная Коммуникативная Компетенция (МКК), иноязычное образование, начальная
школа, когнитивный компонент МКК, формирование знаний.
Түйіндеме
Бұл мақала шетел тілін бастауыш мектептің ерте сатысында оқытуда мәдениаралық коммуникативті
құзыреттілікті қалыптастыру мәселесіне арналған. Мақалада «білім» түсінігіне толыктай анықтама берілген. Білім
құзыреттіліктің негізгі құрлымдық бірлігі және де білім алудағы дағдылардың жоғары сапалы қалыптасуына ықпал
ететіні айқын көрсетіледі.
Тірек сөздер: мәдениаралық коммуникативті құзыреттілік, шеттілдік білім беру, бастауыш мектеп,
мәдениаралық коммуникативті құзыреттіліктің когнитивті компоненті, білім қалыптастыру.
References:
1. Гальскова Н. Д., Никитенко З. Н. Теория и практика обучения иностранным языкам. Начальная школа:
Методическое пособие. – М.: Айрис-пресс, 2004.
2. Гальскова, Н.Д., Гез, Н. И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика [Текст] /
Н.Д. Гальскова, Н.И. Гез. – М.: Издательский центр «Академия», 2007. – 336 с.
3. Шайбакова Д.Д. Функционирование русского языка в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. – Алматы, 2005.
4. Залевская А. А. Индивидуальное знание: специфика и принципы функционирования. Тверь: Твер. гос. ун-т,
1992
5. Кунанбаева С.С. Теория и практика современного иноязычного образования. – Алматы, 2010.
6. Савельева И. Ф. Формирование знаниевого компонента лингвосоциокультурной компетенции.
7. Шатилов С.Ф. Методика обучения немецкому языку в средней школе. – М.:Просвещение, 1986.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
295
УДК 37.032
ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ-БҰЛ ӘРЕКЕТКЕ БАҒЫТТАЛҒАН ТӘРТІП ЖҮЙЕСІ
Д.Стамғали – магистрант
Аңдатпа: Мақалада математика пәнін оқытуда логикалық ойлау тәсілін іске асыру үшін жүйеленген, бірыңғай
әдістемелік желі түрінде құрылған сабақтың құрылымы ұсынылып, талданады. Математикалық есептің нақты
мазмұнынан абстрактілену көрнекі-әрекетті және көрнекі бейнелі ойлауды тірек ете отырып, бірқатар есепті
шешудің әдіс тәсілдерін оңтайландыруға болады. Сондай-ақ, есепті шешудің әдістемелік ерекшеліктерін мұғалім
жете меңгерген жағдайда жүзеге асырылады. Өкінішке орай, қазіргі заманғы мектепте теңдеулер мен олардың
жүйелерін құрастыру арқылы шешу тәсілдері неғұрлым жиі қолданылады. Есептеу дағдылары мен ерте бастан
алгебраландыруды қалыптастыруға неғұрлым мән беріледі. Ал біз теңдеулерді қолданбайтын, алайда шешуді
түсіндіру үшін көрнекі схемаларды, сызбаларды және т.с.с. кеңінен қолданатын әдістемені қолданған дұрыс деп
есептейміз.
Тірек сөздер: логика, логикалық ойлау, Логикалық қатарлар, Танграм.
Қазақстан күн сайын қарқынды дамып келеді, ұлттың зияткерлік әлеуетін дамытуды қалыптастыруға батыл
қадам жасалуда. Қазақстан Республиасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік
жаңғыртыуы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында стратегиялық жаңғырту
барлық саланы, сонымен қатар, білім саласын да түрлендіруді қажет ететінін атап көрстті. Осы орайда өскелең
ұрпақтың сапалы білім алуы, білім алуға ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы, дәстүрлі емес шешім
қабылдау, қисынды ойлау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігін қалыптастырудың маңызы зор болмақ.
Білім беру саласындағы жалпы бағдар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған бағдарламасында «зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру,
тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру,
еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту» деп айқындалған. Бұл
«Базалық білім беру буыны – жалпы білім беру мектебі, оны жетілдіру білім беруді тек қана оқушылардың
белгілі білім жиынын меңгеруге емес, сонымен бірге оның жеке тұлғасын, оны танымдық және жасампаздық,
зияткерік қабілеттерін дамытуға бағдарлауды болжайды».
Осы айқындалған мақсаттарды бастауыш мектептен бастап оқылатын пәндерде, математика пәнін оқытуда
жүзеге асыру жолдарын қарастырайық. Мектепте оқытылытын математика пәні мектеп оқушыларының ақыл-
ойын дамытуда, жеке тұлға болып қалыптасуда, танымдық қабілеттерін жүзеге асыруда басты рөл атқарады.
Математика пәні математикалық білімдердің нақты жүйесін меңгертіп қана қоймай, сондай-ақ ойлау
қызметінің жаңа әдістері мен тәсілдерін қалыптастырады. Оқыту, осы жастағы балалар үшін басым болып
табылатын көрнекі-бейнелі ойлауға сүйене отырып, ұйымдастырылуы тиіс. Бұл ретте ойлаудың барлық
түрлері жүйелі іске тартылған болып табылады да, логикалық ойлаудың міндеті неғұрлым айқындала түседі.
Логикалық ойлауды дамытуда математикаға үлкен рөл беріледі, алайда қалай ойлап-талдайтынымызды
түсінбестен, есептерді шешуде ғана жаттығу мұндай ойлау түрінің талап етілетін деңгейіне алып келмейді.
Баланың бойында стихиялық түрде қалыптасатын логикалық ұғымдар мен әрекеттер, әдетте, толық емес және
көбінесе бұрмаланып келеді, сондықтан логикалық ойлау тәсілдеріне арнайы оқыту қажет.
Логикалық ойлау тәсілін іске асыру үшін жүйеленген бірыңғай әдістемелік желі, сабақтың мынадай
құрылымы ұсынылады:
Ойлау, назар, қабылдау процестерін өзектендіру.
Есте сақтаудың, қабылдаудың, елестетудің көмегімен (нақты математикалық мазмұндағы) ойлау
операциясын өзектендіру.
Зерттелетін математикалық объект туралы тұтас ұғым алу (оқытудың белсенді әдістемінің көмегімен).
Математикалық есепті шешу заңдылықтарын анықтау.
Бірдей математикалық фабуласы бар материалды бекіту, есептерді шешу;
Алынған білімді бақылау.
Сабақтың бірінші кезеңі ұсынылған кешеннің бірінші шартын жүзеге асырады. Бұл жерде ойлау
операцияларын аударуға бағытталған алуан түрлі әдістемелер пайдаланылады, тапсырмалар, 10-11 жаста ми
сыңары аралық ассиметрияда елеулі ілгерілеушіліктер болатындықтан, бас миының оң және сол жақ
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
296
сыңарларына жүктеме бірдей мөлшерде бөлінетіндей етіп таңдалды, 5-8 минуттың ішінде «Логикалық
қатарлар», «Танграм», «Сіріңкемен тапсырмалар» әдістемелері бойынша ойын тренингтері жүргізілді.
Сабақтың екінші кезеңі – есте сақтау, қабылдау, елестету (нақты математикалық үлестегі) арқылы ойлау-
дың нақты ой операциясын белсендіру – ұсынылып отырған кешеннің екінші шартына сәйкес келеді. Бұл жер-
де оқушыларға нақты есеп беріледі, оны шешу сабақта орындалатын болады. Ой операциясын өзектендірудегі
жетекші рөл мұғалімге тиесілі. Берілген міндетке қарай, ол есептің шарты бой
ынша сұрақтар қояды. Оның
үстіне сұрақтар есепті шешудің одан әрі жүрісін белгілейтіндей түрде құрастырылуы тиіс.
Сабақтың үшінші кезеңі – зерттеліп отырған математикалық объект туралы біртұтас ұғым алу (оқытудың
белсенді әдістерінің көмегімен).
Бұл жерде берілген есепті шешу жүреді. Жетекші рөл оқушыларға беріледі. Мұғалім тек олардың қызметін
белгілі бір түрде үйлестіріп, балалардың ойлауын бағыттаушы сұрақтардың көмегімен бағыттап отырады. Бұл
кезеңде басым түрде топтық жұмыс түрлері пайдаланылады. Әсіресе, оқытудың имитациялық ойындар сияқты
белсенді әдістерін қолданған пайдалы.
Сабақтың төртінші кезеңі – математикалық есепті шешудің заңдылықтарын анықтау.
Есепті шешуде анықталған заңдылықтарды талдау ойда нақты әрекеттер мен сабақтың үшінші кезеңінде
жүзеге асырылған объектілермен манипуляцияларды «қайта жүргізу» жолымен жүзеге асырылады. Бұл жерде
жетекші роль мұғалімге тиесілі, жұмыстың негізгі нысаны – фронтальды әңгімелесу.
Сабақтың бесінші кезеңі – алынған білімді бақылау.
Кейбір сабақтарда эксперименттік зерттеу жоспарына сай өзіндік жұмыстар жүргізілді. Білімді меңгеруді
ағымдық бақылау да жеке бақылау, оқушылардың бірін-бірі өзара тексеруі, топтар арасында есепті шешу
жөнінде жарыстар жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
Сабақтың жоғарыда суреттелген құрылымы қандай да бір ойлау операциясын дамытуды қамтиды. Одан әрі
белгілі норма бойынша оқушылардың өзіндік қызметі жүргізіледі. Қызмет актісінің қалпына келтірілуі үшінші
қадамда: қызметті қайта құрылымдауда жүзеге асырылады. Және, ақыр аяғында, еп-дағдыны пысықтау
норманы қайта ой елегінен өткіздіреді.
Математикалық есептің нақты мазмұнынан абстрактілену көрнекі-әрекетті және көрнекі бейнелі ойлауды
тірек ете отырып, бірқатар есепті шешудің әдіс тәсілдерін оңтайландыруға болады. Сондай-ақ, есепті шешудің
әдістемелік ерекшеліктерін мұғалім жете меңгерген жағдайда жүзеге асырылады. Өкінішке орай, қазіргі
заманғы мектепте теңдеулер мен олардың жүйелерін құрастыру арқылы шешу тәсілдері неғұрлым жиі қолда-
нылады. Есептеу дағдылары мен ерте бастан алгебраландыруды қалыптастыруға неғұрлым мән беріледі. Ал біз
теңдеулерді қолданбайтын, алайда шешуді түсіндіру үшін көрнекі схемаларды, сызбаларды және т.с.с. кеңінен
қолданатын әдістемені қолданған дұрыс деп есептейміз. Есепті шығару процесінде оқушы оның сөздік моделі-
нен (мәтіннен) ой моделіне көшеді, одан соң белгілік-символдық модельге (есепті жазуға) көшеді. Логикалық
ойлауды неғұрлым тиімді деңгейде дамыту үшін мектеп оқушысын мұндай модельдердің түрлерімен жұмыс
жасауға, ұсынылған схемаға сәйкес келетін модельді таңдауға, бір модельден екіншісіне өтуге үйрету қажет.
Бұл ретте модельдеуге үйретудің маңызды шарты модель құрастырылатын белгілік-символдық тілді меңгеру
жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
Резюме
В данной статье приводятся способы развития логического мышления учащихся на уроках математики.
Приведены рациональные способы преподавания предмета, обобщен опыт работы.
Summary
There have been given leveled methodical way of made up online mathematics teaching lesson plan to be taught in the
article.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы.
2. Қазақстан Республиасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртыуы.
Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам».
3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.
4. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
297
УДК 37.046.12
ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕСУ ӘРЕКЕТІН ДАМЫТА ОҚЫТУ
(Оқу орыс тілінде жүретін мектептің 5-6 сыныптары)
Ә.У. Джамамбетова – ҚазҚызМемПУ 1 курс магистранты
Аңдатпа: Тілдерді меңгеру - әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті, бұл олардың қоғамдық өмірде
бәсекеге қабілеттілігі мен белсенділігін айқындайтын болуы тиіс. Осы бағдарламаны іске асыруда отандық білім
беру жүйесінің үлесі басым болмақ. Алдымен қазақстандық білім жүйесі бәсекеге қабілетті болу үшін, мектеп
түлектері кез келген шет елде оқуын жалғастыра алатын деңгейге жетуі қажет. Оның негізі - әлемдік тілді жетік білу.
Қазақстан білімінің жақсы дәстүрін сақтай отырып, оқушыларды халықаралық біліктілік сапасымен қамтамасыз ету
кейінге қалдырылмайтын мәселе. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған
оқу нәтижелеріне жетуі қарастырылады. Тіл дамыту жұмысының нәтижелі болуы оны ұйымдастыруға байланысты.
Оны оқта-текте және оның ауыр-жеңілін есепке алмай, мақсатсыз, жүйесіз жүргізуге болмайды. Жұмыстың бұл
саласында да жүйелік сақталып, жеңілден ауырға қарай деген дидактикалық принциптің негізінде оның жай түрінен
біртіндеп күрделендіріледі. Ол әрбір сыныпта оқытылатын бағдарламалық материалдың көлеміне, ауыр-жеңілдігіне
де байланысты болады.
Тірек сөздер: дамыта оқыту, пән міндеттері, сөйлесу әрекеті, тіл дамыту.
«Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы.
Абай өзінің туған халқымен мәңгі бақи бірге жасайды.
Ғасырлар бойы қалың елін, қазағын жаңа биіктерге,
асқар асуларға шақыра береді»
( Н. Назарбаев)
Абайдың қара сөздері, өлеңдері – бәрі де бүгінгі ұрпақтың рухани байлығы. Олардың тіл дамытудағы
тәрбиелілік маңыздылығы зор. Орыс мектебіндегі көп тілді сыныптағы қазақ тілінің ерекшелігі бар. Күнтіз-
белік-тақырыптық жоспар «Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарты» бойынша оқыту орыс мектебіндегі жүретін 5-9 сыныптарына арналып бейімделінген бағдарламасы
негізінде құрастырылған. Мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде үлкен жетістіктерге қол
жеткізу қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын пайдалану тиімді деп ойлаймын.
Соның ішіндегі озық әдістемелердің бірі – когнитивтік-коммуникативтік технология. Көп тілді оқытудың
когнитивтік- коммуникативтік технологиясының негізін қалаған профессор Болатбаева К.Н. берген анықтамаға
жүгінсек, оқу үрдісін ұйымдастырғанда оқытудың мазмұны, қағидалары ерекше іріктелгенде, жоспарлау,
оқытудың сәйкестігі көзделген арнайы технология жасалып, осы оқытудың нәтижесі назарда ұсталғанда көп
тіл білетін тұлғаның қалыптасуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының» негізгі талабы -мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу. Осы мақсатты
алға қоя отырып, когнитивтік-коммуникативтік технологияны қолдануды жөн көрдім.
Қазақстан Республикасының Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы аясында білім
беру саласындағы стратегия мен саясатты қайта пайымдау жүргізілуде.
Елбасы «Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін
жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз» деп, осы мәселеге орай белсенді түрде іс жүргізу қажеттігін
белгілеп берді. Аталған үш тілдің әрқайсысының функционалдық мүмкіндіктері мен өзіндік орындарын
барынша ашу қажет.
Тілдерді меңгеру - әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті, бұл олардың қоғамдық өмірде бәсекеге
қабілеттілігі мен белсенділігін айқындайтын болуы тиіс. Осы бағдарламаны іске асыруда отандық білім беру
жүйесінің үлесі басым болмақ. Алдымен қазақстандық білім жүйесі бәсекеге қабілетті болу үшін, мектеп
түлектері кез келген шет елде оқуын жалғастыра алатын деңгейге жетуі қажет. Оның негізі - әлемдік тілді
жетік білу. Қазақстан білімінің жақсы дәстүрін сақтай отырып, оқушыларды халықаралық біліктілік сапасымен
қамтамасыз ету кейінге қалдырылмайтын мәселе.
Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары мен Қазақстанда тілдерді
дамытудың «2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» белгіленген міндеттер еліміздің
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
298
білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру мақсатын жүзеге асырудың ұтымды
жолдарын анықтауды талап етіп отыр. Республиканың әдіскер-ғалымдарының қатысуымен тілді меңгерту
бойынша өркениетті елдердің тәжірибесі мен отандық озық дәстүрлер үйлестіріле отырып, тілдерді оқытудың
жаңа бағыттары белгіленді. Яғни Қазақстан Республикасының көпұлтты сипаты мен қазақ тілді емес жалпы
білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік ерекшелігі ескерілді және тілдерді деңгейлік
меңгерудің Еуропалық жүйесі сарапталды. Соған орай, біріншіден, Европалық жүйеге сәйкестелген тілдік
деңгейлер жалпы білім беретін орта мектептің 5-9 сыныптары бойынша сараланды. Екіншіден, негізгі және
орта деңгейлердің сатылары айқындалды. Үшіншіден, негізгі және орта тілдік деңгейлерге негізделді.
Төртіншіден, негізгі және орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер бойынша түзілді.
Бесіншіден, оқушының білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар негізгі және орта деңгейлердің талап-
тарын ескере отырып сөйлесім әрекетінің бес түрі бойынша айқындалды. Алтыншыдан, әр сыныптағы бағдар-
лама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-сөйлесімдік бөлім және мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі
бойынша сараланып ұсынылды.
Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдар арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуі
қарастырылады.
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – негізгі және орта деңгейлер бойынша қазақ тілін қатысымдық
тұрғыдан меңгерту; оқушыны өз ойын айқын, түсінікті жеткізуге үйрету, тілдік қабілеті дамыған дара
тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
Оқу пәнінің міндеттері:
–
оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
–
оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
–
қарым-қатынас әдебінің нормаларын меңгерту:
–
күнделікті өмір жағдаяттарында қазақ тілін орынды қолдана білуге дағдыландыру;
–
оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени
ортада пайдалануға баулу;
–
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, іскерлік дағдыларын жетілдіру;
–
оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін
тәрбиелеу.
Оқушылардың қарым-қатынас жасауына және олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін тілектестік
ниетті ұстану оқу процесінің тиімділігінің маңызды шарты болып табылады. Оқушыларының психофизио-
логиялық ерекшеліктерін ескере отырып психологиялық үйлесімділік жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды.
Оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі күрделі тапсырмаларды шешуге,
өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің тұлғалық-мәнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды
технологиясы мен оқу материалдарын таңдауға және бейімдеуге, білім деңгейлері әр түрлі оқушылардың
жоспарланған нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда жаңа типтегі міндеттерді өздігінен
шешу қабілетін, құзіреттіліктілікке бағытталған тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік
тудырады. Бұл мәселенің нақты шешілуі қазақстандық оқу орындарында келесі қиындықтармен ұштасып
отыр:
қоршаған ортаның әлемдік тілді меңгеруге ықпалының жоқтығы;
мамандығы тіл және әдебиет емес мұғалімдердің тілді оқыту әдістемесін білмеуі;
тілдік емес пәндер мұғалімдерінің мемлекеттік тіл мен/немесе ағылшын тілін білмеуі;
оқулықтардың екі тілде (қосымша жағдай болса-үшінші тілде) оқыту жағдайына икемделмегені;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың керекті деңгейде қолданылмауы.
Осы орайда оқытудың келесі дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алу қажет: тәрбиелеп оқыту,
белсенділік, көрнекілік, жүйелілік және бірізділік, меңгеруді бекіту, қолжетімділік, дараландыру принциптері.
Тілдік әдепті жетілдіруді мақсат ететін топтық және жаппай сөйлесуге үйрету сабағы – сабақтың тағы бір
түрі болып саналады.Бұл сабақтар – пікірталас сабақ, конференция-сабақ, «дөңгелек үстел» сабағы, кездесу
сабақ, КВН-сабақтары. Бұл сабақтарда топқа, сыныпқа орта бір мәселе талқыланады. Мұғалім оқушылардың
өз тұжырымдарын, яғни, талқылауын, бағалауын, өзгеріс енгізуін ынталандырады және реттейді. Конференция
сабаққа алдын-ала дайындық кезінде өнімді хат жолдау да ретті. Осыған сай әр түрлі жаттығулар байланысы
беріледі: түсінгенін айтуға - 5% , тілдік дамытуға - 40%, қатынастық жаттығулар - 40%, қосымша мақсаттарға
негізделген жаттығулар - 15%.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
299
Ауызекі сөйлеу тілін жақсы меңгерген, оған жаттыққан оқушы ойын жазбаша да дұрыс, жүйелі бере алады.
Сондықтан бұл принцип тіл дамытуды кешенді жүргізуге сөйлеу, тыңдау, оқу, жазу түрлерінің барлық
дағдыларын бір-бірімен байланыстыра дамытуды міндеттейді.
Сөйлесімді диалогтік бірлік негізінде үйрету үшін оқушылардың мынадай икемділіктері мен дағдылары
қалыптастырылады: 1. Өз құрамында айтылған әңгімеге анықтауыш сұрақтар, қосымшалар, толқтырулар,
сондай-ақ егжей-тегжейлі түрде айтып түсіндіруге өтініш жасай алатын әр түрлі құрылымдық-семантикалық
түрдегі диалогтік бірлікті құрастыра білу икемділігі. 2. Хабар сұрату және оған деген тілдік пікір білдіру
түріндегі сөйлесімдік бірлікті құру икемділіктері мен дағдылары.
Сонымен қатар біз лингвистикалық әдебиеттерде берілген диалогтің мынадай кезеңдеріне көңіл аудара-
мыз: тілдік қатысымды бастау, тілдік қатысымды жалғастыру, тілдік қатысымды аяқтау және аталған әрбір
кезең өзіне тән дайын сөз штамптары мен формулалары қолдануды талап етеді. Лингвистердің еңбектерін
талдай келе, біз өз тарапымыздан 5-6 сыныпта оқушыларды диалог сөйлесудің келесі түрлеріне үйретуді
қарастырдық: мәнбірлі (фактілі) сипатқа ие болатын, екі жақтан да ақпаратпен қамтамасыз етілетін ақпаратпен
алмасу диалогі; бірлесіп әрекетті жоспарлау диалогі; ой, әсер алмасу, түрлі көзқарастарда болу (бірдей немесе
екі жақты) диалогі.
Тіл дамыту жұмысын грамматика, морфология пунктуация және әдебиетпен байланыстыра жүргізу
принципі де ерекше орын алады. Оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық
ережелерді жақсы білуді, тыныс белгілерін дұрыс қоюдың көркем әдебиетті көп оқудың үлкен мәні бар.
Демек, мұғалім қазақ тілі сабақтарында үйретілген ережеге сай түрлі жаттығу жұмыстарын орындатып,
тыныс белгілерін дұрыс қоя білдірудің жолдарын көрсетіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның
үлгісін көрсетіп отыруы қажет. Тіл дамыту процесінің үздіксіз принципін сақтау біріншіден, оқушылардың
тілін дамыту тек қазақ тілі сабақтарында немесе арнаулы сабақта ғана емес, басқа пәндерде де жүргізудің
қажеттілігін, екіншіден, тіл дамыту процесі тек мектеппен ғана шектелмей, өмір бойы жүргізілетін процесс
екендігін басшылыққа алады.
Қорыта айтқанда, тіл дамыту жұмысының нәтижелі болуы оны ұйымдастыруға байланысты. Оны оқта-
текте және оның ауыр-жеңілін есепке алмай, мақсатсыз, жүйесіз жүргізуге болмайды. Жұмыстың бұл
саласында да жүйелік сақталып, жеңілден ауырға қарай деген дидактикалық принциптің негізінде оның жай
түрінен біртіндеп күрделендіріледі. Ол әрбір сыныпта оқытылатын бағдарламалық материалдың көлеміне,
ауыр-жеңілдігіне де байланысты болады.
Резюме
Хорошо усвойвший устную речь, может правильно системно мыслить и письменно. Поэтому, этот принцип
обязывает развития языка комплексно водит к слушанию, говорению, чтению и всех видов писания устанавливает
связь навыки наличия развивития одной к другому.
Достарыңызбен бөлісу: |