Хабаршы вестник «Педагогика ғылымдары» сериясы



Pdf көрінісі
бет49/50
Дата28.01.2017
өлшемі4,2 Mb.
#2933
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50

Summary 
Well mastered language conversation orally, idea  of  student, that practiced, and in the written form can to give to him 
correctly,  system.  Therefore  it  principle  to  develop  language  complex  lead  to  talk,  listening,  studies,  kinds  limning 
establishing a connection skills of presence first-first to develop obligates. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Орта  мектепте  оқыту  процесінде  көптілділікті  дамыту  мәселелері.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана: 
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 85 б. 
2.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  «Мемлекеттік  бағдарламалардың  тізбесін  бекіту  туралы»  2010 
жылғы  19  наурыздағы  №  957  Жарлығы.  Тілдерді  қолдану  мен  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы. 
3.  Оразбаева  Ф.Ш.,  Аяпова  Т.Т.,Оқыту  қазақ  тілді  емес  жалпы  білім  беретін  мектептің  5-9  сыныптарына 
арналған «Қазақ тілі» оқу бағдарламасы. Негізгі және орта деңгей. – Астана, 2010. – 40  б. 
4.  Оралбаева Н.,  Жақсылықов К. Орыс тіліндегі мектептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесі.   – Алматы: Ана 
тілі, 1996. 
 
 
 
     

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
300 
УДК: 378.091.12:81 
 
ОТБАСЫ ЖАҒДАЙЫНДА БАЛАНЫ МЕКТЕПТЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДАУҒА 
 БАҒЫТТАЛҒАН ӘДІСТЕР МЕН ЖАТТЫҒУ ТҮРЛЕРІ 
 
Т.Н. Жүндібаева.,  Р. Қалқожаева   Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Аңдатпа:    Мақалада  ойынның  түрі  мен  күнделікті  тіршіліктегі  көрінісі  көп  екендігі  жайлы  жазылған.  Оның 
тарихы  тереңде, көне дәуірден басталады. Ойын-сауық еңбектің заты мен құралына орай түрленген, жетілген. Қазақ 
"баланы жастан" дегенде,ойын сауық арқылы жасөспіріммен тәрбиелік жұмысты ертерек және жасерекшеліктеріне 
қарай  жүргізгенін  пайымдаймыз.  Бала  табиғатынан  қимыл-қозғалысқа  құмар  жан.  Осыған  орай  біздің  халықта 
«Баламен  ойнама  шаршарсың,  бала-құлыншақ,  бала-ұрыншақ,  ойнай  білмеген  бала,  ойлай  білмейді»  деп  бекер 
айтылмаса керек. Ойынсыз ұрпақтың кім екенін, халықтың қандай екенін бағалау екіталай. Ойын тұлға еркіндігінің 
терең  негіздерін  қалайды.  Балалық  шақта  аз  ойнаған  адам  іштей  еріксіз,  оның  бейсанасында  еріктілік  пен 
шығармашылық  күші  жетісе  бермейді.  Шығармашылық  бастаулар  ойында  қаланады.  Еркіндік,  шығармашылық 
және  ойын  бір-бірінен  бөлінбейді.  Ойын  барысында  адам:  а)  еркін,  болмыстан қысым  сезінбейді,  ол  сыртқы  әлем 
заттарымен де, адам қабілетімен де еркін қатынаста болады; ә) адамдық және әлеуметтік қатынастарды жасайды, әрі 
игереді; б) адамаралық, ұрпақаралық қатынастар жүйесіне енеді. Осы тәртіпті сақтаудың ережелерімен қатар, түрлі 
үлгілері қалыптасады. Ойыншы өнерімен  көптің ықыласын жаулайды, белсенділер  назарының бел  орта тұтқасына 
айналады. Адам жарыста тез жетіледі, есейеді, шымырлығын шыңдайды 
Тірек сөздер: ойын-сауық, мінез-құлқын, Картинаның жұбы, зейін.  
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  жүйесін  реформалау  барысына  сәйкес  әрбір  баланың  мектепте 
оқуына және әлеуметтік ортаға еркін бейімделуіне жағдай жасау аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. 
Демек, қазіргі талап бойынша бірінші сыныпқа келген бала мектепте білім алуға физиологиялық, психология-
лық және әлеуметтік жағынан даяр болуы қажет. Баланы мектепте оқуға дайындауда мектепке дейінгі ұйым-
дардың  рөлі  ерекше.  Алайда  қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  мекемелер  жеткіліксіз.  Сондықтан  отбасы  жағ-
дайында баланы мектепте оқуға даярлау бүгінгі күнгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Отбасы жағдайын-
да баланы мектепте оқуға дайындауға бағытталған бірден-бір әдіс ойын болып табылады.     
Әрбір  бала  уақыт  жағдайына  қарамастан  ойынға  қажеттілікті  сезінеді  және  ойынға  кепілді  мүмкіндіктері 
болуы  қажет.  1989  жылы  қабылданған  Бала  құқықтары  туралы  конвенцияда  «Әрбір  бала  өзінің  денелік,  
ойлық, рухани, және сондай-ақ  адамгершілік пен әлеуметтік  дамуына лайықты өмір деңгейіне  мүдделі және 
құқылы»  делінген.  Ойын  баланың  физикалық,  эмоционалдық,  рухани  дамуына  жағдай  жасайды,  тұлғаның 
интеллектуалдық үдерісіне мүмкіндік туғызады, өркениетті әлеуметтік мінез-құлық үлгілерін көрсетеді.  
Ойын  кезінде  баланың  мінез-құлқын,  білімін,  ой-өрісінің  кеңдігін  анықтауға  болады  және  осы  қасиеттер 
ойын кезінде қалыптасады. Ойын дегеніміз: 
 іс-әрекет (әсіресе тілдік) 
 зорлықтың, қыстаушылықтың жоқтығы 
 жеке адамға ғана тән іс-әрекет 
 ұжым арқылы тәрбиелеу және білім беру 
 баланың психикасын, ой-өрісін дамыту 
 қызықтыра  отырып үйрету [1] 
Ойынның  түрі  мен  күнделікті  тіршіліктегі  көрінісі  көп.  Оның  тарихы    тереңде,  көне  дәуірден  басталады. 
Ойын-сауық еңбектің заты мен құралына орай түрленген, жетілген. Қазақ "баланы жастан" дегенде,ойын сауық 
арқылы жасөспіріммен тәрбиелік жұмысты ертерек және жасерекшеліктеріне қарай жүргізгенін пайымдаймыз. 
Бала  табиғатынан  қимыл-қозғалысқа  құмар  жан.  Осыған  орай  біздің  халықта  «Баламен  ойнама  шаршарсың, 
бала-құлыншақ,  бала-ұрыншақ,  ойнай  білмеген  бала,  ойлай  білмейді»  деп  бекер  айтылмаса  керек.  Ойынсыз 
ұрпақтың кім екенін, халықтың қандай екенін бағалау  екіталай. Адам мен  ойын түйіндес, адамзат пен  ойын 
түбірлес. 
Ойын  тұлға  еркіндігінің  терең  негіздерін  қалайды.  Балалық  шақта  аз  ойнаған  адам  іштей  еріксіз,  оның 
бейсанасында  еріктілік  пен  шығармашылық  күші  жетісе  бермейді.  Шығармашылық  бастаулар  ойында 
қаланады.  Еркіндік,  шығармашылық  және  ойын  бір-бірінен  бөлінбейді.  Ойын  барысында  адам:  а)  еркін, 
болмыстан қысым сезінбейді, ол сыртқы әлем заттарымен де, адам қабілетімен де еркін қатынаста болады; ә) 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
301 
адамдық  және  әлеуметтік  қатынастарды  жасайды,  әрі  игереді;  б)  адамаралық,  ұрпақаралық  қатынастар 
жүйесіне  енеді.  Осы  тәртіпті  сақтаудың  ережелерімен  қатар,  түрлі  үлгілері  қалыптасады.  Ойыншы  өнерімен 
көптің ықыласын жаулайды, белсенділер назарының бел орта тұтқасына айналады. Адам жарыста тез жетіледі, 
есейеді, шымырлығын шыңдайды [2]. 
Ұлтымыздың ойшылы Абай ойын туралы: «Адам туғаннан дарынды болмайды, ол көп нәрсені көріп, оған 
баға бергеннен кейін жаманды жақсыдан ажырата біледі» - деп көрсеткен. Ойын – баланың алдынан өмір есігін 
ашып, оның шығармашылық қабілеттерін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді, - деп тұжырым жасаған [3,200 б]. 
Жоғарыда айтлғандай қазіргі уақытта мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеуі қоғамды алаңдатады. Әрине 
мектепке  дейінгі  мекемелердің  жетіспеуінен  балалардың  балабақшамен  қамтылуы  да  төмен.  Демек  салыс-
тырмалы түрде қарағанда мектепке дейінгі ұйымдарға барған баламен, бармаған балалардың айырмашылығы, 
дайындығы жер мен көктей. Өйткені, балабақшаға бармаған баланың мектепке дайындығы төмен, кез келген 
уақытта бала, кез  келген жағдаяттардан  шығу жолдарын іздеп қиналып сұрақтарға жауап бере алмай жасып 
қалады.  Сондықтан  отбасы  жағдайында  баланы  мектепке  дайындауда  төмендегі  ойындарды  ойнату  арқылы 
баланың  есте  сақтау  қабілетін,  ойлау  қабілетін,  зейінін,  қиялын  жалпы  айтқанда,психикалық  процесін 
дамытуда үлкен рөл атқарады.  
Баланың есте сақтау қабілетін дамытатын ойындар  
«Есте сақтағаныңды сипатта» 
Қысқа  уақытта балаға куыршақ немесе басқа бір  затты, суретті  көрсетіп, содан кейін бірқатар  сұрақтарға 
жауап  беруін  өтініңіз.  Мысалы,  қуыршақтың  шашы  қандай,  көйлегі  қандай,  көзінің  түсі  қандай,  шашында 
бантигі болды ма?  
«Картинаның жұбы» 
Бір бірімен мағыналас 7-8 картинаны таңдап алыңыз. Оларды бір-біріне қарама-қарсы қойыңыз. Мысалы, 
ағаштың суреті бейнеленген картинаны орманның суреті бейнеленген картинаның жанына, ал үй бейнеленген 
картинаның жанына терезенің суреті бейнеленген картинаны қойыңыз. Балаңызға барлық суреттерге ұқыпты 
қарап,  оң  жақтағы  картиналарды  мүмкіндігінше  көбірек  есте  сақтауларын  өтініңіз.  1-2  минуттан  кейін  сол 
жақтағы картиналарды қалтырып, оң жақтағы картиналарды алып тастаңыз.  
Содан  кейін  балаңызға  сол  жақта  қалған  картиналарға  қарап,  оң  жақтағы  алып  тасталған  картинадағы 
суреттің атын атауын, не оны көрсетуін өтініңіз. Егер бала бірден жауап бере алмай қиналса, бір-екеусін өзіңіз 
көрсетіңіз.  Бұл  ойынды  бірнеше  рет  қайталап  ойнатқаннан  кейін,  ойын  шартын  көрделендіруге  болады. 
Мысалы,  екі  пар  картина  емес  оның  санын  үшеу,  төртеу  етіп,  есте  сақтау  уақытын  қысқартуға  болады.  Бұл 
баланың есте сақтау қабілетін жетілдіреді және заттардың арасындағы байланысты аңғаруға мүмкіндік береді. 
Баланың ойлау қабілетін дамытатын ойындар  
«Ойнайық та ойлайық» 
Балаға  жыл  мезгілдеріне  байланысты  жұмбақ  өлең  айтап  беру  керек.  Бала  өлеңнің  мазмұнына  қарай  қай 
жыл мезгілі екенін айтады. 
Күн ұзарып, 
Қар еріп, 
Су сайларға толады. 
                                   (көктем) 
 
   
 
 
 
Күндер ысып, 
Шөп пісіп, 
Ел пішенін орады. 
                                (жаз) 
Жауып жаңбыр, 
Жер сабыр, 
Шөп, жапырақ солады.  
                                      (күз) 
Суда мұз бар, 
Жерде қар бар, 
Боран борап соғады.  
                                     (қыс) 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
302 
Зейіннің ауысуы мен бөлінуін дамыту үшін төмендегідей жаттығуларды пайдалануға болады. 
Зейіннің  бөлінуін және тұрақтылығын дамытатын жаттығулар 
Балаға жануардың аты аталған кезде алақанын шапалақтау керек екенін алдын ала ескертіп, әр түрлі заттар 
мен жануарлардың атын атау керек.  
Бала зейінінің тұрақтылығын дамыту үшін журнал не  газеттің ішіндегі бір мәтіннің үзіндісінен "а" деген 
әріпті тауып, астын сызуды өтініңіз. Баланың қанша уақытта орындағанын және неше қате жібергенін жазып 
алыңыз. Келесі жолы тағы қайталағанда қандай өзгеріс болғанын байқаңыз. 
Зейіннің шоғырлануын дамытатын жаттығулар 
Балаға  бір  жартысы  ғана  боялған  суретті  беріп,  келесі  жартысын  дәл  сондай  етіп  бояуын  өтініңіз.  Бұл 
тапсырманы қиындатуға да болады. Ол үшін бала суреттің екінші бөлігін өзі салып, бояуы керек. Бұл шырша, 
үкі, көбелек және тағы басқа болуы мүмкін. 
Баланың зейінін (бір уақытта бірнеше тапсырманы орындай алу білігі) бөлу деңгейін ұлғайтуға бағытталған 
жаттығулар 
Кішігірім  сөйлемді  дауыстап  оқыңыз.  Оқып  отырғанда  үстелдің  үстін  қарындашпен  ақырын  тықылда-
тыңыз. Бала мәтінде есінде сақтауы керек, сондай-ақ үстелді неше рет тықылдатып ұрғаныңызды айтып беруі  
қажет. 
Бала дөңгелектің суретін салып отырған кезде бірнеше рет шапалақтау керек. Орындау уақыты - 1 минут. 
Бір минуттан кейін бала салған дөңгелектері мен неше рет шапалақ ұрылғанын айтуы керек.  Бала неғұрлым 
дөңгелекті көбірек салса және шапалақтың санын дұрыс тапса, соғұрлым жақсы.  
«Жеуге жарайтын – жарамайтын заттар» ойыны 
Балаңызға әр түрлі заттардың атын атап  допты лақтырыңыз. Ол тек жеуге жарайтын заттың аты аталған 
кезде ғана допты қағып алуы керек. 
Қиялын дамытатын ойындар 
"Сипаттама бойынша сурет сал" 
Төмендегі  мәтінді  оқып  беріңіз:  "Үлкен  әрі  аппақ  үй  тұр  екен.  Оның  шатыры  дөңгелек.    Үлкен  терезесі 
қызыл,  кіші  терезесі  сары  түске  боялған.  Есігі  қоңыр."  Мәтінді  тағы  бір  рет  баяу  оқып  беріңіз.  Бала  көзін 
жұмып үйді көзіне елестетуі қажет. Содан кейін оның суретін салуды өтініңіз.  
 Бала мектепке бармас бұрын қай мектепке беретініңізді алдын ала ойланып, бірақ шешім қабылдаңыз. Ол 
үшін  мектептің  орналасқан  жерін,  сіздің  үйіңізбен  ара  қашықтығын,  қандай  сала  бойынша  дайындайтын 
мектеп екенін ескеріңіз.  
Көп  жағдайда  үлкендер  өздерінің  қалай  оқу  мен  жазуды  үйренгендіктерін,  таяқшаларды  қалай  түзу  жаза 
алмай,  әріптерді  қосып  оқи  алмай  қиналғандықтарын  ұмытып  кетеді.  Егер  балаңыз  оқу  не  жазу  барысында 
қиналса,  әлі-ақ  бәрі  жақсы  болатындығына  сендіріңіз.  Ол  үшін  тек  сәл  тырысу  керектігін  ескертіңіз.  Ата-
ананың басты міндеті мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тыңдай білуге, назарын аудара білуге үйрету.    
 Жоғарыда  айтылған  ақпараттарға  талдау  жасай  келе  ата-аналардың  бала  тәрбиесі  мен  мектепте  оқуға 
балаларын даярлауға көмектесетіндей төмендегідей қорытындылар жасауға болады: 
 балаңыздың әр жетістігіне қуана біліңіз; 
 балаңызды  әңгімесін  аяғына  дейін  мұхият  тыңдаңыз,  оның  әңгімесі  сізге  қызықсыз,  не  сізді 
толғандырмайтынын балаңызға білдірмеңіз; 
 баламен ілтипатты сөйлесіңіз;  
 
 балаға тым көп сұрақ қоймаңыз; 
 бала сізбен сөйлескенде бар назарыңызмен тыңдап, оған қомқорлық көрсетіңіз; 
 баланы өзі дайын емес іске зорламаңыз; 
 балаға нақты талаптар қойыңыз; 
 бірден көп нәрсені талап етпеңіз, бала өз ойыншығын өзі жинауы үшін біраз уақыт қажет;  
 балалармен әңгімелескенде әр түрлі заттарды көбірек атаңыз; 
 баланы бірден сынаудың қажеті жоқ, әсіресе өзге адамдардың көзінше сынамаңыз; 
 сіздің түсіндірулеріңіз қарапайым әрі ұғымды болуы керек; 
 балаға өте көп талаптар қоюға болмайды, олар оған назар аудармайтын болады; 
 ақырын сөйлеп, шыдамды болыңыздар; 
 балаға күнделікті ертегі, әңгіме оқып беріңіз; 
 балаңызды басқа балалармен, ағасы не әпкесімен, не басқа туыстарыңызбен салыстырмаңыз; 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
303 
 баланың сауалдарын қолдап, оған тиянақты жауап беріңіз; 
 баладан мейіріміңізді аямаңыз; 
 балаңыздың білуге деген құмарлылығы мен қиялын марапаттап отырыңыз; 
 басқа балалармен ойнауын қолдаңыз. 
Жоғарыда   көрсетілген  ойын түрлері  мен  әрекеттерін  қарастыра  келе, мынадай  қорытынды  жасауға  бо-
лады: біздің қазақ мектептері оқушыларының  ойындарды қолдану  барысында, өз  ойларын  жеткілікті  дәре-
жеде  жеткізе  алмауы олардың  сөздерді  айтуда  қателесемін  деген  ойының  туындауында. Себебі  қазақ  мек-
тебінің кейбір  балаларына  ұялшақтық  пен  ұяңдық  тән,олардың бойында   өзгелермен  жылдам  қарым-қаты-
насқа  түсу  сияқты қасиеттер  баяу. Міне, осы мәселені  шешу үшін, баланың зейінін, қиялын, ойлау, есте сақ-
тау қабілетін  отбасы жағдайында  қалыптастырып,  дамытуда жаттығулар мен ойын  әдісінің  ролі  өте зор.  
 
  
Резюме 
В  статье  рассматривается  проблема  подготовки  ребенка  в  школу  в  условиях  семьи.  А  также  предложены 
упражнения  и  игры  которые  развивают  способность  памяти  и  мышление,  фантазию,  концентрацию  и  обращение 
внимания  детей.    Приведены  предложения  которые  помогают    в  воспитании  детей  и  подготовке  их  для  учебы  в 
школу. 
 
Summary 
In this article is considered the problem of preparation of  kids to school in the conditions  of family. And also is proposed 
exercises and games that develop thinking ability and memory, imagination, concentration and paying attention of children. 
Here is presented suggestions that help in upbringing of  children and preparing them for school. 
 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Шет тілін оқыту әдістемесі. Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н.: Оқу 
кұралы «Фолионт» баспасы. – Астана, 2007. 
2.  Қазақ халқының философиялық мұрасы, 5-том 322-324 бет. 
3.  Абай (Ибраһим Құнанбаев) Екі томдық шығармалар жинағы. Т.2:  Аудармалар мен қара сөздер. – Алматы: 
Жазушы, 1986. – 200 б. 
4.  Чейпи  Дж.  Готовность  к школе: Как  родители  могут  подготовить  детей  успешному  обучению  в  школе  / 
Пер.с англ. – М.: Педагогика –Пресс, 1992. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
304 
УДК  373.016:73/766. 
 
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КӨРКЕМДІК ТАНЫМДЫҚ 
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
 
А.Шынжырбаева  Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 
Магистратура және РҺD докторантура институтының  «Бейнелеу өнері және сызу»  
мамандығының ІI курс магистранты,  
Ғылыми жетекші: А.С. Сманова – п.ғ.к,  аға оқытушы 
 
Аңдатпа: Бұл мақалада қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушылардың көркемдік танымын қалыптастыру негізінде 
рухани  жан  дүниесін,  көркем  және  кеңістіктік  ой-өрісін  дамытуда  бейнелеу  өнерінің  қолайлы    мүмкіндіктері 
қарастырылған.  Бейнелеу  өнері  негізінде  оқушылардың  көркемдік  танымын  қалыптастыру  жолдарын  теориялық 
тұрғыдан  көрсете  отырып,  оның  тұлға  дамытушылық  мәні  мен  маңызына  баса  көңіл  бөлінді.  Сонымен,  бейнелеу 
өнерін  оқытуда  оқушылардың  көркемдік  таным  әрекетін  жандандыру  олардың  тәрбиесін,  бүкіл  білім  ауқымын, 
дүниетанымдық  түсініктерін  арттыруға  септігін  тигізіп,  олардың  оқуға  қызығушылықтарын  арттырып,  оқу  іс-
әрекеттерінің жемісті болуына әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады.Қазақ бейнелеу өнері арқылы оқушы-
ларға көркем танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары ерекше. 
Тірек  сөздер:  ежелгі  сәулет  өнері,  мүсін  өнері,  сурет,  көркем,  танымдық  қызығушылық,  бейнелеу  өнері, 
көркемдік таным. 
 
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне- өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік 
азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. 
ҚР “Білім туралы” Заңда – “Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістік-
тері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,  дамытуға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау”  [1],  -  деп  көрсетілген.  Бұл  –  Қазақстанда  ұлттық  және  әлемдік  өнерді,  мәдениетті 
дамытуға  барынша  қолдау  жасалу  міндетінің  қойылып  отырғандығының  айғағы.  Демек,  оқушылардың 
бойында ұлттық және әлемдік өнер арқылы көркемдік танымдық қызығушылығын дамытудың  маңыздылығы 
туындайды.  Жалпы  орта  білім  берудің  мақсаты  –  қазіргі  қоғам  талабына  сай  алынған  терең  білім,  білік, 
дағдылар  мен  құзіреттердің  негізінде  еркін  бағдарлай  білетін,  қойылған  мақсатқа  танымдық  қызмет  жасау 
арқылы  жете  алатын,  өз  бетінше  дұрыс  тиімді  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 
екендігі айтылған. Осы талаптарға орай, баланың білім алуға деген қызығушылығын арттыру оның танымдық 
қабілетін  ашады.  Мәселен  қайдан,  неден,  не  үшін  керектігін  түсінуге  ұмтылдырады.  Мектеп  жасы  шамада 
зерттеушілік,  ізденушілік  әрекет  барысында  баланы  жан-жақты  дамыту  үлкен  жауапкершілікті  қамтиды.  Ал 
шығармашылық қабілет, өзіндік жұмыс істеу іскерлігі мен дағдылары өздігінен пайда болмайды, ол мақсатты 
түрде  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  мен  шығармашылық,  тәжірибелік  сипаттағы  әртүрлі  тапсырмаларды 
орындау үдерісінде қалыптастырылатын болады. Демек, танымдық қызығушылық   оқушының оқуға, білуге 
деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің  құштарлығының ерекше көрінісі.  
Таным  ұғымы  көркемдік  танымды  да  қамтиды.  Көркемдік  таным  оқушылардың  жаны  танымының  негізі 
ретінде  де  танылады.  Оқушылардың  көркемдік  танымға  деген  қызығушылығын  қалыптастыруда  бейнелеу 
өнері  пәнінің  орны  ерекше.  Бұдан  бейнелеу  өнері  пәнін  оқыту  үдерісінде  көркемдік  танымдық  қызығушы-
лықтарды  қалыптастыру  үшін  эстетикалық-білімнің  қоғамдық  мәнін  ұғыну,  қоғамға  қызмет  ету  мұратын 
ұғыну аса маңызды. Көркемдік танымдық қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі оқушылардың бейнелеу өнері 
пәнінен алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижеліпайдалана білуі болып табылады. Сондықтан мектепте 
бейнелеу өнері пәнін оқытуда сапалылық пен жүйелілікке баса көңіл бөлінеді. Сабақтың тиімділігін арттыру 
және  оқушылардың  бейнелеу  өнері  пәніне  қызығушылығын  тудыру  және  дамыту  жолдарының  бірі-сабақ 
барысында өнер тарихының элементтерін енгізу. Мысалға алатын болсақ «Ежелгі мүсін өнері», «Ежелгі сәулет 
өнері»,  «Қазақ  халқының  қол  өнері»  атты  тақырыптарда  алдымен  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршілігін  еске 
түсіре  отырып,  тарихына  тоқталып  барып  сабақтың  қандай  бағытта  өтілетінін  түсіндіру  барысында 
оқушылардың  танымдық  қызығушылықтары  дамитынын,  оқушылардың  шығармашылық  жұмыстарынан 
байқай аламыз.   Сонымен  бірге,  алған  білімнің  мазмұнына  деген  қызығушылық  пен  іс-әрекетке  деген 
қызығушылықты  ажырата  білу  қажет.  Г.И.  Шукинаның  пікірінше,  «танымдық  қызығушылық,  мектептегі 
пәндердің мазмұнында көрсетілген білімді танып білуге бағытталған, ол пәннің мазмұнында сол білімге қол 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
305 
жеткізудің  жолдары,  яғни  танымдық  іс-әрекетте  жүріп  отырады».  Танымдық  қызығушылық  өте  күрделі 
кешенді  білімді сипаттайды. Г.И. Шукина өз зерттеуінде, кез-келген қызығушылықты танымдық деп есептеуге 
болмайды, жігер,  эмоция,  интеллект сынды  салалардың бірлігі ғана адамның танымдық қызығушылығының 
дамуын  қамтамасыз  ете  алады.  Танымдық  қызмет  интелектуалдық  белсенділікпен  қатар,  міндетті  түрде 
дербестілік, білім алуға құлшыныс, алған білімнің қуанышы арқылы сипатталады,- деп есептейді [2]. 
Ал,қызығушылықты болса жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушы-
ның танымдық қызығушылығы –танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Осыған орай  оқуға, білуге 
деген  қызығушылық  танымдық  белсенділіктің  қозғаушысы  екені  белгілі.  Л.С.  Выготский  былай  деген:  «Ең 
алдымен  баланы  бір  әрекетке  тарту,үшін  сен  оны  қызықтыр,  оның  бұл  әрекетке  дайын  екенін  білу  үшін 
қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін, салатынын және бала өзі қимылдайтынын ал оқушы 
болса тек сол әрекетті басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқушының танымдық қызығушылығы олардың білім 
сапасы  мен  даму  деңгейіне  байланысты,  ойлау  әрекетінің  әдістерінің  қалыптасуына  тәуелді»  [3].  Оқушы-
лардың  танымдық  ынта-ықыластары  олардың  білімінің  деңгейі  мен  сапасына,  ойлау  іс-әрекеті  әдіс-
тәсілдерінің  қалыптасуына байланысты.  
Білім  –  ең  біріншіден  танымның  нәтижесі,  бұл  үрдісте  адамның  дүние  туралы  түсініктері  әрі  ұғымдар 
қалыптасады.  Қазір,  таным  –  адамның  қоршаған  дүниені  және  ондағы  өзін  тануға  бағытталған  арнайы  іс-
әрекеті  ретінде  қарастырылады.  Таным  –  білім  алу  және  дамыту  үдерісі  үнемі  тереңдетіліп  және  кеңейтіліп 
отыратын,  нәтижесінде  жаңа  білім  алынатын  адамзат  пен  қоршаған  ортаның  әрекеттесуі.  «Бейнелеу  өнері» 
ұғымының  негізгі  мазмұны  қоршаған  өмір  шындығын  түрлі  іс-әрекеттер  мүмкіндіктерін  қолдану  мен  көру 
арқылы  қабылдауға  құралатындықтан  осы  саланы  зерттеген  еңбектерге  жасалған  талдау  оның  мазмұндық 
ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. 
Заманымыздың  заңғар  жазушысы,  ғасыр  ғұламасы  атанған  М.Әуезовтің:  «Халық  пен  халықты,  адам  мен 
адамды  теңестіретін  нәрсе  –  білім»,  -  деген  сөзінің  маңызы  ешқашан  жойылмақ  емес,  себебі  кез  келген 
мемлекеттің мәдениетінің дамуының деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қуатын, өркендеу әлеуетін 
айқындайтын бірден-бір көрсеткіш – білім берудегі жүйелілік және сапалылық [4]. 
 
 
Бүгінде жас ұрпақтың жаңаша ойлауына, дүниетанымның қалыптасуына, білік негіздерін меңгеруіне ықпал 
ететін  жаңаша  білім  мазмұнын  құру  –  жалпы  білім  беру  жүйесіндегі  өзекті  мәселенің  бірі.  Осы  негізде 
бейнелеу  өнері  сабақтарын  инновациялық  ізденістермен  өткізу  оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана 
қоймай, олардың көркем шығармашылық және ойлау қабілеттерін де дамытады. Бейнелеу өнері пәнінің негізгі 
мақсаты  –  арнайы  педагогикалық  әдістермен  мақсатты  және  жүйелі  түрде  оқушылардың  интеллектілігін, 
көркем  шығармашылық  ойлауын  дамыту,  көркем  әрекеттер  белсенділігін  қалыптастыру,  әр  оқушының 
бойындағы туғаннан пайда болған ішкі сезімін әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының көркемдікті сүйетін 
табиғи  қасиеттерін,  ашатынына  жағдай  жасау.  Ол  үшін  оқытуды  жоспарлы  түрде  ұйымдастыру,  өз  бетінше 
білім алу дағдыларының дамуына негіз салу міндеттері туындайды. 
 
Оқушылардың  көркемдік  танымға  қызығушылығын  тудыру  және  арттыру  жолдарының  бірі-сабақ 
барысында  өнер  тарихының  элементтерін  енгізу,  тарихи  халықтық  дәстүрлердің  әдістерімен  таныстыру. 
Сөйтіпкөркем  мәдениеттің  тарихпен  тығыз  байланыста  екенін  аңғарамыз.  Қандай  да  болмасын  қоғамның 
көркем мәдениетінің дамуы, бұл әлеуметтік прогрестің  маңызды белгісі болып табылады. Белгілі бір ұлттың 
көркем мәдениетінің бірте-бірте қалыптасуы жылдар бойына созылатын ұзақ үрдіс. Халықтар мен ұлттардың 
санасы мен қоғамда қалыптасқан мәдени көзқарастар, арнайы дәстүрлер негізінде құралады. Жалпы мәдениет 
сияқты  көркем  мәдениеттің    өркендеуі  қоғамның  белгілі  бір  тарихи  кезеңімен  байланыстырылады.  Тарихи 
дамудың  әр  түрлі  кезеңдерінде  әрбір  ұлт,  әлеуметтік  топ  өзінің    көркемдік  мәдениетін,  әсемдік  туралы  өз 
көзқарасы мен ұғымдарын жетілдіреді.  Бейнелеу өнерін білім беру пәні ретіндегі пайдасын және оны оқыту 
жолдарын  педагог  Я.А.Коменский  белгілеп  берген.  Ол  өнерді  үш  талап  негізінде:  өнерді  дұрыс  пайдалану, 
өнерді сапалы бағытта оқыту, жиі жаттығулар жасау арқылы үйретугекеңес берген[5]. 
Мектеп  оқушыларының  бейнелеу  өнері  арқылы  көркемдік  танымдық  іс-әрекеттерін  арттырудың  маңызы 
жоғары  болып  саналады.  Олардың  кеңістіктік  ойлауын  дамыту  бүкіл  дүниетанымын  қалыптастыруға  ықпал 
жасайды.Оқушыларға білім мен тәрбие беруде бейнелеу өнерінің оқуға қызығушылықтарын арттыруға тигізер 
әсері  күшті.Олардағы оқуға қызығушылықтың негізінде қалыптасатын оқу іс-әрекетінің өнімдері  білімдерде, 
іс-әрекетте,  рухани  өмірде,  қоғамдық  қатынастарда  бейнеленеді.  Сөйтіп,  бұл  көркемдік  танымдық  іс-әрекеті 
тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі. Бейнелеу өнері – адам баласының заманнан-
заманға рухани, эстетикалық байлық  ретінде ұласып келе жатқан өнер  саласы. Сурет –  бұл шежіре,  ондаған 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж. 
 
306 
ғасырлар бойы бүкіл адам тарихтарын, тіршілік тарихын шашуын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір 
куәгер. Бейнелеу өнерімен айналыса отырып, оқушы сурет салудың практикалық дағдыларын шығармашылық 
көркем ойлауын жетілдірумен бірге өзін көркем талғампаздыққа тәрбиелейді. Оқушылардың бейнелеу әрекеті 
оны  оқу  барысында  пайда  болған  шаршаудан  шығарып,  жүйкеге  түскен  салмақты  азайтып,  эмоционалдық 
көңіл-күй дарытады, оқуға қызығушылықты жаңғыртады. 
Сонымен, бейнелеу өнерін оқытуда оқушылардың көркемдік таным әрекетін жандандыру олардың тәрбие-
сін, бүкіл білім ауқымын, дүниетанымдық түсініктерін  арттыруға септігін тигізіп,  олардың оқуға қызығушы-
лықтарын арттырып, оқу іс-әрекеттерінің жемісті болуына әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады.Қазақ 
бейнелеу өнері арқылы оқушыларға көркем танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары ерекше. 
 
Қазақстан  суретшілері  шығармашылығында  халқымыздың  өмір  салты,  мәдениеті  бейнеленген  көріністер 
көркемдік мағынада. Суретшілер өз шығармаларында өз халқының мәдениетінен салт тұрмысынан көркемдік-
идеялық нәр алады. Бейнелеу өнері адамның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне,өзіндік 
ойы мен шығармашылық әсер алуына ұрпақтан – ұрпаққа асыл мұралар қалдыруына мүмкіндік берген. 
Суретші салған туынды шынайы көркем шығарма болса, қараған адамның жан дүниесі мен көңіл – күйіне 
әсер  етіп,  әсемдікті  бағалай  алуға  ләззат  алуына  ықпал  етеді.  Мысалы  қылқалам  шеберлерінің  алуан  түрлі 
бояулармен  салған  суреттері,  әсіресе  тәуелсіздіктен  кейін  қайта  табысқан  ұлы  тұлғалардың  бейнелері 
көркемдік таным қазынасы болып табылады. 
Қазақ  халқының    бейнелеу  өнері  арқылы  оқушылардыңкөркем  танымдық  қызығушылықтарын  дамыту, 
рухани тәжірибені тануға үйрету оқушылардың ұлтжандық қасиетін қалыптастырады. Оның сезімін тәрбиелеп, 
көркем талғамын жетілдіруде игі әсер етеді. Көркемдік танымды бейнелеу өнері пәнінде дамытудың маңызы – 
оқушының  көркемдік  мәдениетін  көтеруге,  ұлттық  бейнелеу  өнеріне  әуестікке,    әсемдікті  қабылдау 
дағдыларына, руханилыққа, жеке тұлға келбетін қалыптастыруға ықпал етеді.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет