Резюме
В данной статье рассматриваются особенности критического мышления студентов и показаны возможности
использования инновационных технологии, способствующих развитию критического мышления студентов в
учебном процессе вуза.
Summary
This article discusses the features of critical thinking of students and the possibility of the use of innovative technologies
that promote critical thinking of students in the educational process of the university.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар//Өскемен Медиа Альянс. - 2005
2. ТашеноваА. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту //Білім-Образование .- 2006. -№2.15-18 б.
3. Elliott C., Turnbull S.
Critical Thinking in Human Resource Development
.—
Routledge
, 2005. – 210с.
4. Халперн Д.
Психология критического мышления
.— Питер, 2000.— 512c.
5. Бутенко А.В., Ходос Е.А.
Критическое мышление: метод, теория, практика.
– М.: Мирос, 2002. – 176 с.
УДК 37.046.16
ЖОО-да ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ МЕН СПОРТ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ БАҒЫТТАРЫ
Ш.Оразов – п.ғ.д., профессор,
Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Аңдатпа:
Бұл мақалада дене тәрбиесі мен спорт құралдарын пайдалану бағыттары және гигеналық, сауықтыру-рекреативті,
жалпы спорттық емдеу бағыттары жайында жазылған. Нақты мысалдар арқылы әлем, Республика көлеміне белгілі
спортшылар туралы және олардың спорт жолындағы жетістіктері туралы әңгімелер өткізіп ынталарын ояту
жұмыстары жургізілетіндігін анықтадық. Оқушыларды Қазақстан Республикасы спортшыларының дүниежұзілік
Халықаралық олимпиада ойыны жарыстарында қол жеткізген табыстарымен таныстыру арқылы мұғалім оларға
ерлікті, табандылықты, достықты, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтіндігін атап көрсеттік. Дене
тәрбиесі сабағы кезінде оқушыларға бағдарламада берілген теориялық мәліметтер хабарланады. Мазмұны бойынша
бұл мәліметтер төмендегі негіздерді басшылыққа алады:
– адамдардың жан-жақты дамуы үшін дене жаттығуларының маңызы;
– оқушыларға ата-бабаларымыздың және ұлы ғалымдардың дене тәрбиесіне, жалпы тәрбиеге деген
көзқарастары;
– дене тәрбиесінің көмегінде қалайынша дене сымбатын, салауаттылықты жақсартуға және ақыл іскерлігін
дамытуға болатыны. Оқушыларға таңертеңгі гимнастиканың, дем алу жаттығуларының. жүзудің, жүгірудің маңызы
тусіндіріледі.
Тірек сөздер: гигиена, сауықтыру-рекреативті, жалпы дайындау, кәсіби-қолданбалы, емдеу.
Жалпы сауықтыру, дене тәрбиелік және спорттық іс-шараларды жоғары оқу мекемелері жағдайларында
пайдаланудың нақты бағыттары мен ұйымдастыру формалары спортпен айналысушылардың жынысына,
жасына, денсаулығының жағдайына, физикалық және спорттық дайындығының деңгейіне, сонымен қатар
спорттық базаға, жоғары оқу орындарындағы дәстүрлеріне және басқа жағдайларға да байланысты. Гигиена-
лық, сауықтыру-рекреативті, жалпы дайындау, спорттық, кәсіби-қолданбалы, емдеу бағыттарын айрықша атап
өткен жөн.
Гигиеналық бағыт жатақхана жағдайында да, сондай-ақ үйде де еңбек қабілеттілігін қалыптастыру және
денсаулықты нығайту үшін дене тәрбиесі құралдарын пайдалануды көздейді, яғни таңғы гигиеналық гимнас-
тика, шынықтыру процедуралары, гигиена талаптарына сәйкес еңбек, демалыс және тамақтанудың дұрыс
тәртібі, сауықтыру серуендері, жүгіру, спорт ойындары, жүзу, шаңғы тебу және басқа да дене шынықтыру
жаттығулары.
Сауықтыру-рекреативті бағыт дене тәрбиесі мен спорт құралдарын демалысты ұжымдық ұйымдастыру
және демалыс күндері бос уақытты өткізуде, жұмыстан кейін денсаулықты орнықтыру мен нығайту
мақсатында каникул кездерінде пайдалануды қарастырады. Бұл бағыттағы құралдарға туристік жорықтар,
экскурсиялар, қозғалмалы ойындар, спорттық іс-шаралар жатады, бұлар студенттік жатаханаларда, демалыс
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
42
үйлерінде, спорттық-сауықтыру лагерлерінде, құрылыс отрядтарында, оқу практикасы кезінде т.б.
ұйымдастырылуы мүмкін.
Жалпы дайындау бағыты жан-жақты физикалық дайындықты және оны Президенттік сынамалар бойынша
сынақтар мен нормативтер деңгейінде қолдауды қамтамасыз етеді. Осы бағыт бойынша дайындық құралдары:
таңғы гигиеналық гимнастика, жеңіл атлетика, жүзу, шаңғы спорты, туризм, ойындар т.б. жаттығу түрлері
болып табылады. Осы бағыт бойынша жоспарлы жұмыс үшін топтар мен арнайы секциялар ұйымдастыры-
лады, спорттық жарыстар өткізіледі.
Спорттық бағыт оқу топтарында, спорт клубының спорттық секцияларында немесе дербес түрде спорттың
бір түрімен арнайы жүйелі шұғылдануды; спорттық шеберлікті арттыру немесе белгілі деңгейін сақтау
мақсатымен спорттық жарыстарға қатысуды болжайды.
Кәсіби-қолданбалы бағыт дене тәрбиесі мен спорт құралдарын НОТ жүйесінде және алатын мамандықтың
ерекшеліктерін ескеру арқылы таңдаған мамандық бойынша жұмысқа дайындалуда пайдалануды көздейді.
Емдеу бағыты дене тәрбиесі жаттығуларын, шынықтыру факторларын және гигиеналық іс-шараларды
денсаулықты немесе ағзаның науқастану не жарақаттану нәтижесінде төмендеген не әлсіреген жеке
функцияларын орнықтыру бойынша емдік шаралар жүйесінде пайдаланудан тұрады. Бұл бағыттың құрал-
дарына өмірдің рационалды тәртібі, табиғаттың шынайы факторлары, шынықтыру процедуралары, емдік
массаж, механотерапия, еңбек терапиясы және алуан түрлі физикалық жаттығулар жатады. Дене тәрбиесі
құралдарын емдік мақсатта қолдану кезінде дәрігердің жүйелі бақылау жүргізуімен және спортпен
айналысушылардың жеке ерекшеліктерін ескерумен өтуі тиіс.
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдері оқушыларға дене жаттығуларын үйрету мен бірге балаларды физикалық
жақтан жан-жақты тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Болашақ дене тәрбиесі мұғалімінің негізгі міндеті:
оқушылардың денсаулығын нығайту үшін әртүрлі әдістерді қолданып балалардың денесін дамыту және
жоғары дәрежелі еңбек әдістерін үйретуден тұрады. Ол әр оқушының дамуының ерекшеліктерін, ерік сапасын,
ақылдылық ерекшеліктерін есепке алып, сабақ кезінде оқушылардың іскерлігін дұрыс ұйымдастырып
отырады.
Дене тәрбиесі сабағы кезінде оқушыларға бағдарламада берілген теориялық мәліметтер хабарланады.
Мазмұны бойынша бұл мәліметтер төмендегі негіздерді басшылыққа алады:
– адамдардың жан-жақты дамуы үшін дене жаттығуларының маңызы;
– оқушыларға ата-бабаларымыздың және ұлы ғалымдардың дене тәрбиесіне, жалпы тәрбиеге деген
көзқарастары;
– дене тәрбиесінің көмегінде қалайынша дене сымбатын, салауаттылықты жақсартуға және ақыл іскерлігін
дамытуға болатыны. Оқушыларға таңертеңгі гимнастиканың, дем алу жаттығуларының. жүзудің, жүгірудің
маңызы тусіндіріледі.
Нақты мысалдар арқылы әлем, Республика көлеміне белгілі спортшылар туралы және олардың спорт
жолындағы жетістіктері туралы әңгімелер өткізіп ынталарын ояту жұмыстары жургізіледі.
1. Гигиеналық білім туралы, жұмыс істеу және дем алу тәртібі, тамақ, киім гигиенасы туралы түсінік
беріледі.
Жеке күрестерде, топтық ойындардағы әрекет техникаларын және тактикаларын қолдану, сайыс ережелері
туралы түсінік береді.
2. Сабақ және жаттықтырулар кезінде дене дайындығы күшті, шыдамдылықты, жылдамдықты дамыту
және дене жұмыстарын, жаттығуларды орындау әдістері туралы түсінік береді. Белсенді әрекет іскерлігін
барлық уақыт адам миының функционалдық дамуына әсерін тигізеді, оқушылардың іскерлігін жоғарылатады.
Жаңа жаттығуға үйрену уақытында ақыл іскерлігі бұлшық ет іскерлігіне қарағанда белсенді болады. Сондық-
тан дене тәрбие сабағы уақытында мұғалімнің тапсырмасын ойланып, түсініп орындауға, үйретуге көңіл
бөлінеді.
Болашақ мамандарға дене тәрбие сабағын үйретудің негізгі міндеттерінің бірі – бұл оларға дене тәрбиесі
және спортқа, әрекет мүшелерінің анатомиясына, әрекет іскерлігінің физиологиясына тұрақты қызығу-
шылықтарын тәрбиелеу.
Әсіресе дене тәрбие және спорт мәселелері бойынша қызықты мәліметтерді таңдап алу ақпаратына көбірек
көңіл аудару керек. Ал сабақтың уақыты аз болуына байланысты ақпараттық материалдарды кабырға газеті
түрінде спорт орталықтарында, сынып қабырғаларында іліп койған жөн. Сабақ кезінде мүмкіншілігі болғанша
кинобағдарламалардың бейне таспаларын көрсетіп түсіндірген дүрыс.
Болашақ мамандардың негізгі міндеті, оқушының мінез-құлқының қалыптасуына, адамдармен жақсы
қатынаста болу және сабаққа саналы түрде қатысып, маңыздылығын қалыптастыру, сонымен бірге, оларды
Отанды сүюге тәрбиелей отырып, патриоттық рух беру. Оқушылардың шыдамдылық, шешім қабылдау, ерік
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
43
сапасын қорықпай әрекет ету дағдыларын тәрбиелеуде оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар
берілу қажет және көлемі мен қиыншылығы бойынша орындай алатын болуы тиіс. Көпшілікпен жаттығуды
орындау кезінде оқушылардың ережені дұрыс сақтауын, бір-біріне қатынасын, басқа оқушылар алдында
жауапкершілігінің жоғары болуын бақылау қажет. Әрине, сонымен бірге мұғалім барлық уақытта оқушылар
алдында әрқашан үлгі болып көрінуі тиіс. Сондықтан мұғалім өзін-өзі барлық уақытта бақылап жүруі
керек.
Оқушылармен өз ара қарым-қатынасты, жоғары педагогикалық этиканы орынды пайдалана отырып, оларға
теңдей мейірімді қатынаста болуы тиіс. Сонымен бірге талап қоюшылық, өзінің шешіміне сенімді болып,
талаптарын іске асыра алуы керек.
Оқушылардың өзіндік шешімдерін, ұсыныстарын дүрыс бағалай алуы қажет. Ол үшін мұғалім жоғары
дәрежелі (деңгейлі) білікті маман болуы тиіс.
Балаларға өзінше әртүрлі әдістермен әрекет етуге, ойлап шешуге, мүмкіндік беру керек. Бұл оларда
саналылықты, белсенділікті, өзін-өзі жетілдіруді тәрбиелейді. Тәжірибелі мұғалімдер барлық оқушыларды
ойын басшысы, төрелік ету және тағы басқа қоғамдық жұмыстарға басшылық етіп және берілген тапсырмалар
мен қоғамдық жұмыстарды үлкен жауапкершілік пен ұқыптылықта орындауларын талап етеді.
Оқушыларды Қазақстан Республикасы спортшыларының дүниежүзілік Халықаралық олимпиада ойыны
жарыстарында қол жеткізген табыстарымен таныстыру арқылы мұғалім оларға ерлікті, табандылықты,
достықты, басқа халықтарға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді.
Дене тәрбие сабағын оқушыларға еңбекті сүюді, еңбек, етуді пайдалану мүмкін. Әсіресе дене тәрбие сабағы
оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне жақсы әсерін тигізеді. Оқушылардың дене құрылысы мен сымбатын,
әрекет координациясын, қозғалыстарын тәрбиелейді. Сондықтан мұғалім оқушылардың жан-жақты дамуына
әсер ететін жаттығуларды, амалдарды, әдістерді таңдап қолдануы қажет.
Резюме
В данной статье рассматривается направление использование спортивные способы и физическая культура в вузе.
Summary
In this article deals with the direction of using of sports methods and physical culture in the high school
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Хухлаева Д.В. Рефлексия в организации творческого мышления и саморазвития личности. – М., 1993. – 47с.
2. Дюпперон Г.А. Краткий курс истории физических упражнений. – М., 1994. - 71б.
3. Лях В.И. Силовые способности школьников // Физическая культура в школе, 1997. - №1. – С. 6.
4. Вилькин Я.Р. Организация работы по массовой физической культуре и спорту. – М., 1995.
5. Булич Э.Г. Физическое воспитание в специальных медицинских группах. – М., 1986.
6. Бальсевич В.К. Физическая культура для всех и для каждого.
– М., 1988.
7. Лаптев А.П. Гигиена массового спорта.
– М., 1984.
8. Матяжов В.С. Студенческий лагерь отдыха и спорта.
– Львов, 1990.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
44
УДК37.012
БІЛІМ БЕРУДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН МАҢЫЗЫ
Д.Н. Исабаева – п.ғ.к., Абай атындағы ҚазҰПУ,
М.М. Ержанбаева – магистрант ҚазмемқызПУ
Аңдатпа:
Бұл мақалада ақпараттық және телеқатынастық технологиялар – ақпаратты алу және тасымалдау, өңдеу, сақтау,
жинау алгоритмі мен әртүрлі тәсілдері, әдістерін сипаттайтын жалпылама ұғым ретінде қарастырылған. Білім беруді
ақпараттандыру технологиясы ұғымының мағынасы білім беру аясында ақпараттық және телеқатынастық
технологияны қолдану технологиясы деп есептеуден гөрі, кеңірек екендігін түсіну қажет. Бұл ұғым білім беруді
ақпараттандыру мақсатына жетуге мүмкіндік беретін барлық әдістер, тәсілдер жиынтығын қамтиды. Оқытылатын
материалдың негізгі көлемін сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік беретін қуатты технология, компьютерлік
желіде кеңінен таралған, CD-ROM, DVD және т.б. арнайы ақпаратты тасымалдаушыларда жазылған білім берудегі
электрондық басылымдар жайлы жазылған.
Тірек сөздер: Ақпараттық және телеқатынастық технологиялар, ICQ, бейнепленка, CD-ROM, DVD.
Бүгінгі таңда әлемде білім берудегі ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларға баса назар
аударылып отыр. 2011 жылы бекітілген Қазақстан Республикасында білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға
арналған Мемлекеттік бағдарламасында: «Ақпараттық-телекоммуникациялық технологияларды қолданып
оқытудың мақсаты білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен
технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету….. » деп көрсетілген. Сондықтан, бүгінгі күні оқытушы
ақпараттық және телеқатынастық технология аясындағы білімді меңгеріп қана қоймай, өзінің кәсіби іс-
әрекетінде оларды қолданып, қажетті ақпаратты алуға, іріктеуге, жинақтауға, түрлендіре білуі қажет. Мұндай
міндетті жүзеге асыруда ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялардың барлық түрлерін білім беруде
қолданылуына қарай жіктеу қажет.
Ақпараттық және телеқатынастық технологиялар – бұл ақпаратты алу және тасымалдау, өңдеу, сақтау,
жинау алгоритмі мен әртүрлі тәсілдері, әдістерін сипаттайтын жалпылама ұғым [1].
Бұл анықтамаға «қолдану» сөзі енгізілмеген. Өйткені, ақпараттық және телеқатынастық технологияларды
қолдану, тағы бір технологиясын – ақпараттандыру технологиясының бір бөлігі болып табылатын, білім
берудегі ақпараттық және телеқатынастық технологияларды медицинада, әскери істе және адам әрекетінің
басқа да аясында қолдану технологиясы туралы айтуға мүмкіндік береді. Осы қолдану аясында ақпарат-
тандыру технологиясының өзінің ерекшеліктері бар. Мысал ретінде ақпараттық және телеқатынастық
технология ретінде қарастырылатын Интернет технологиясын келтіруге болады. Мұнда, білім беруде
Интернетті қолдану технологиясын ақпараттық және телеқатынастық технология ретінде емес, білім беруді
ақпараттандыру технологиясы ретінде есептеу орынды.
Білім беруді ақпараттандыру технологиясы ұғымының мағынасы білім беру аясында ақпараттық және
телеқатынастық технологияны қолдану технологиясы деп есептеуден гөрі, кеңірек екендігін түсіну қажет. Бұл
ұғым білім беруді ақпараттандыру мақсатына жетуге мүмкіндік беретін барлық әдістер, тәсілдер жиынтығын
қамтиды. Мысалы, білім беруді ақпараттандыру технологиясына білім беруге арналған ақпараттық ресурс-
тарды жасау тәсілдері мен сапасын бағалау, педагогтардың ақпараттық және телеқатынастық технологияны
өзінің кәсіби іс-әрекетінде тиімді пайдаланудағы оқыту әдістері жатады [2].
Білім беру аясында қолданылатын ақпараттық және телеқатынастық технология құралдарының негізінде
қосымша құрылғыларымен жабдықталған дербес компьютер жатады. Компьютердің мүмкіндіктері оған
орнатылған программалық қамтамасыз етілумен анықталады. Программалық құралдардың негізгі категория-
лары жүйелік программалар, қолданбалы программалар және аспаптық құралдар болып табылады. Жүйелік
программаларға компьютер мен жабдықтардың және дербес компьютерді пайдаланушының арасындағы өзара
әрекетті қамтамасыз ететін операциялық жүйелер, сонымен қатар әртүрлі қызметтік немесе сервистік
программалар жатады. Қолданбалы программаларға ақпараттық технологияның құрал-сайманы болып
табылатын – мәтін, графика, кестелік мәліметтермен және т.б. жұмыс жасау технологиясы, программалық
қамтамасыз ету жатады.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
45
Құрал-саймандық программаларға программалық қамтамасыз етуді сипаттауға арналған программалар
жатады [3].
Білім берудің қазіргі жүйесінде әмбебап офистік қолданбалы программалар және ақпараттық және
телеқатынастық технология құралдары: мәтіндік процессорлар, электрондық кестелер, презентация дайын-
дауға арналған программалар, мәліметтер қорын басқару жүйесі, органайзерлер, графикалық пакеттер және т.б.
кең қолданыс табуда.
Компьютерлік желілердің пайда болуына байланысты педагогтар мен оқушылар жер шарының кез келген
жерінен ақпаратты алуға жаңа мүмкіндік алды. Интернет ауқымды телеқатынастық желісі әлемдік ақпараттық
ресурсқа (электрондық кітапханаға, мәліметтер қорына, файлдар қоймасына және т.б.) кіруге мүмкіндік берді.
Ең атақты Интернет ресурсы – WWW әлемдік торда бірнеше миллиард мультимедиалық құжаттар жарияланған.
Телеқатынастық желіде Интернетке және адамдарға қажетті ақпараттармен алмасуға және қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік беретін электрондық почта, ICQ, жаңалықтар тобы, чаттар тәрізді көптеген басқа да
сервистерге кіруге болады. Нақты уақыт режимінде қарым-қатынас жасауға арналған, сондай-ақ байланысты
орнатқаннан кейінгі мәтінді, дыбысты және суретті беруге мүмкіндік беретін арнайы программалар жасалған.
Бұл программалар қолданушы мен жеке компьютерде орнатылған программаның арасындағы біріккен
жұмысты ұйымдастыруға жағдай жасайды.
Компьютерлік желіде жаңа мәліметтерді сығымдау алгоритмінің пайда болуымен дыбыстың сапасы артып,
сапасы жағынан телефондық желідегі дыбыстың сапасына жақындай бастады. Мұның нәтижесінде, жаңа
технология – Интернет-телефония белсенді дами бастады. Арнайы құрылғының және Интернет желісіндегі
программалық қамтамасыз етудің көмегімен аудио және бейнеконференцияны өткізуге болады [4].
Компьютерлік желіде ақпаратты тиімді іздеуді қамтамасыз ету үшін ақпаратты іздеу технологиясы
қолданылады, олардың мақсаты – ауқымды компьютерлік желідегі ақпараттық ресурстар туралы мәліметтерді
жинақтау және қолданушыға ақпаратты жылдам іздеуге мүмкіндік беру.
Іздеу жүйесінің көмегімен бүкіләлемдік өрмектегі құжаттарды, мультимедиалық файлдарды және
программалық қамтамасыз етілуді, мекемелер мен адамдар туралы мекен-жайлық ақпаратты іздеуге болады.
Желідегі ақпараттандыру құралдарының көмегімен оқу-әдістемелік және ғылыми ақпараттарды алуға
мүмкіндік ашылып, кеңестік көмекті ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін үлгілеу, виртуалды оқу
сабақтарын (семинарлар, дәрістер) нақты уақыт аралығында жүргізуге болады.
Маңызды ақпараттық және телеқатынастық технологияның қатарына бейнежазба және телехабар жатады.
Бейнепленка және оған сәйкесінше ақпараттандыру құралдары көптеген оқушылардың алдыңғы қатарлы
оқытушылардың дәрістерін тыңдауға мүмкіндік береді. Мұнда дәрісі бар бейнетаспаларды арнайы жабдық-
талған аудиторияларда, сонымен қатар үй жағдайында қолдануға болады. Негізгі оқу материалы баспа оқулы-
ғында және бейнетаспаларда беріледі. Мысал ретінде шетел тілін дәстүрлі оқытуды алуға болады, мұнда
оқушы баспа оқулығымен қатар магнитофон немесе арнайы оқытушы программамен жабдықталған
компьютерді қолданады.
Бұл жағдайда әртүрлі ақпараттық және телеқатынастық технологияны қолданудың мақсатқа сайлылығымен
және қажеттілігі туралы сұрақ туады. Мәселен, оқыту барысында визуалды ақпарат қажет болса және оны
оқушыларға баспа түрінде көрсету мүмкін болмаса, онда бейнематериалдың қажеттілігі белгілі. Егер
компьютердің көмегімен ұйымдастырылған бейнепленка немесе бейнедемонстрация – арнайы қосымша
иллюстрациясыз тек қана дәрістің жазбасы болса, онда ақпараттық технологияны қолдануға болады, бірақ
міндетті түрде қажетті емес.
Телехабар, ақпараттық технологияның кең таралған түрі, адамдардың өмірінде үлкен рөл атқарады: әрбір
жанұяда бір теледидардан бар. Оқытушы телебағдарламалар бүкіл әлем бойынша кеңінен қолданылады және
білім беруді ақпараттандырудың практика жүзіндегі мысалы болып табылады. Телехабардың көмегімен
тыңдаушылардың даму деңгейін арттыру мақсатында үлкен аудиторияға дәрісті беруге, сонымен қатар арнайы
тест және емтиханның көмегімен білімді тексеруге мүмкіндік береді.
Өкінішке орай, аталған технология тек қана үлкен аудиторияға ғана, мәселен, шетел тілін немесе кез келген
ғылымның негізін үйренушілерге пайдаланылады. Ұлттық немесе қалалық телехабарды қандай да бір
бағыттағы курстар үшін пайдалану қиындық келтіреді.
Көптеген оқытушы теле - және радиобағдарламалар спутниктік телехабар арқылы беріледі. Мәселен, 1971
жылы құрылған INTELSAT халықаралық ұйымы өзінің барлық 15 спутнигін пайдалана отырып, оқытушы
программаларды практика жүзінде барлық әлемге трансляциялауға мүмкіндік береді. Спутниктік каналдар
бейнені, дыбысты, мәтінді және құжаттың көшірмесін цифрлық түрде тасымалдауға жағдай жасайтын ISDN
қатынастық желіні ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2(42), 2014 ж.
46
Оқытылатын материалдың негізгі көлемін сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік беретін қуатты
технология, компьютерлік желіде кеңінен таралған, CD-ROM, DVD және т.б. арнайы ақпаратты тасымалдау-
шыларда жазылған білім берудегі электрондық басылымдар болып табылады. Олармен дербес және ұжымдық
жұмыс жүргізу материалды терең меңгеруге және түсінуге жағдай жасайды. Бұл технология оқу материалдары
мен оқыту құралдарын дербес пайдалануға үйретеді, өздігімен оқуға және алынған білімді өздігімен тексеруге
мүмкіндік береді.
Қазіргі ақпараттық және телеқатынастық технологиялардың көмегімен, соның ішінде электрондық почта,
телеконференция немесе ICQ білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы қарым-қатынасты уақыт
бойынша үнемдеп кеңейте таратуға жағдай жасайды. Мәселен, педагогтар мен оқушылар әртүрлі елде өмір
сүріп, кез келген өзіне тиімді уақытта өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұндай сұхбат уақыт бойынша созы-
луы яғни – сұрақ бүгін берілсе, оған жауап бірнеше күннен кейін алынуы мүмкін. Мұндай мүмкіндіктің көмегі-
мен ақпаратпен (сұрақтар, нұсқаулар, қосымша материалдар, бақылау тапсырмалары) алмасуға болады, сон-
дай-ақ оқушы мен оқытушы алынған мәліметті талдап және оған өзіне тиімді уақытта жауап беруіне болады.
Білім беру аясында қолданылатын ақпараттық және телеқатынастық технологияларды, әртүрлі көрсеткіш-
тері бойынша жіктеуге болады. Мәселен, білім беруді ақпараттандыруға байланысты, көрсеткіш ретінде,
ақпаратқа әсер ету алгоритмін немесе қолданылу әдісі мен тәсілін қарастыру ыңғайлы. Бұл жағдайда ақпарат-
ты сақтау, көрсету, енгізу, тұжырымдау, өңдеу және тасымалдау технологиясын ерекшелеуге болады.
Қорыта келе, білім беру үдерісінде қолданылатын көптеген ақпараттық және телеқатынастық технология-
лар белгілі. Алайда әрбір жыл сайын білім беруді ақпараттандыру тұрғысынан маңызды жаңа құралдар және
технологиялар пайда болуда. Олардың барлығын атау және олардың барлығын меңгеру мүмкін емес. Тек қана,
қандай да бір жағдайда бұл технологиялардың бірқатары мамандарды дайындау сапасын арттыруға әсер
ететіндігін түсіну маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |