Хабаршы вестник



Pdf көрінісі
бет13/34
Дата14.02.2017
өлшемі3,15 Mb.
#4088
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34

 
1.  Барановская  Т.А.  Повышение  качества  образования  при  обучении  иностранному  языку  //  Современные 
проблемы науки и образования. – 2006. – № 6 – С. 49-50  
2. Пассов Е.И. Коммуникативный метод иноязычному говорению. – М.: Просвещение, 1991. 
3. Якиманская И.С. Личностно ориентированное обучение в современной школе. – М.: Сентябрь, 1996. - С. 115. 
 
ДИСКУРС: НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Д.А. Дауылбаева – магистрант Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Түйіндеме:  Мақалада  дискурс  ұғымына  зерттеген  ғалымдардың  толықтай  анықтамалары  берілген.  Дискурс 
түрлері мен казіргі таңдағы өзекті мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар дискурс пен мәтіннің айырмашылығы 
көрсетілген. 
Резюме:  В  статье  приведен  обзор  литературы  ученых  исследовавшие  дискурс  в  разных  сферах.  Даны 
определения  и  отражены  актуальные  проблемы  дискурса.  А  также  в  статье  освещены  вопросы  различия  между 
дискурсом и основным текстом. 
Summary:  In  article  the  review  of  literature  of  scientists  investigating  a  discourse  is  provided  in  different  spheres. 
Definitions  are  given  and actual  problems  of  a  discourse  are  reflected.  And  also  in article  distinction  questions  between  a 
discourse and the main text are taken up. 
 
ХХІ  ғасыр  лингвистикасында  адам  танымы  мен  ой  құрылымын  тіл  арқылы  және  керісінше,  ой 
құрылымынан  тілге  қарай  бағытталған  зерттеулер  қарқынды  сипат  алуда.  Оның  негізінде  ақпараттың 
молдығы мен қолданбалы линвистикадағы сұраныс, соған сай ашылған жаңалықтар, адам факторы мен 
оның тілі арасындағы кешенді байланысты зерттеудің жаңа сатыға көтерілуі жатыр.  
Дискурс  аталатын  осы  динамикалық  мәтінді  жаңаша  тану  барысында  мәтін  лингвистикасы  мен 
дискурс теориясы деген екі басқа, бірақ бір-бірімен тығыз байланыстағы бағыттар айқындалып отыр. Тіл 
білімі дамуының кейінгі кезеңінде дискурс теориясына байланысты арнайы зерттеулер өріс алып, дискурс 
пен мәтінді ажырата көрсетуге ұмтылған еңбектер жариялануда. Тұтас алғанда дискурс мәселесі қазақ тіл 
білімі  үшін  жас,  әлі  толық  қалыптаса  қоймаған,  лингвистиканың  пәнаралық  сипаттағы  саласы. 
Дискурстың мәні мен мазмұнына терең бойламас бұрын, оның зерттелуіне тоқтала кеткен жөн. 
Дискурс  ұғымы XX  ғасырдың  70-жылдарынан  бастап  философияда  кеңінен  қолданыла  бастады. 
Тұңғыш  болып  «дискурс»  ұғымын  Ю.  Хабермас  өзінің  «Коммуникативтік  компетенция  теориясына 
дайындық»  атты  еңбегінде  қолданған  болатын.  Содан  бері  бұл  термин  батыстық  философияда  кең 
қолданылып жүр. Хабермас «дискурске» мына төмендегідей белгілер тиесілі деп қарастырады — қарым-
қатынасқа, сұхбатқа имманентті (іштей тиесілі), сол кезеңнің қоғамдық өмірінде  қалыптасқан нормалар, 
ережелер  және  негізгі  құндылықтар  жинағынан  тұратын  идеологиялық  тіл.  Ондағы  идеология  деп 
отырғанымыз жалпы белгілер жүйесі деген мағынада қолданылып отыр.  
«Дискурс»  ұғымын  алғашында  шетелдік  зерттеушілер  әртүрлі  көзқарас  тұрғысынан  қарап  зерттеді. 
Мысалы,  Т.А.  Ван  Дейк,  Дж.Остин,  Дж.Серля,  М.Фуко,  Э.Гофман,  С.И.  Виноградов,  Б.П.  Паршин, 
В.З.Демьянков, Ю.С. Степанов және т.б. 
 Ю.С.  Степанов  бойынша  дискурс  дегеніміз  «тіл  ішіндегі  тіл».  «Дискурс  –  это  «язык  в  языке»,  но 
представленный  в  виде  особой  социальной  данности.  Дискурс  существует,  главным  образом,  в  текстах, 
но  таких,  за  которыми  встает  особая  грамматика,  особый  лексикон,  особые  правила  употребления  и 
синтаксиса, особая семантика – в конечном счете особый мир...». Яғни дискурс ұғымының өзі «тіл – рух 
үйі», «тіл – болмыс үйі» деген философиялық тезистің мазмұнын ашады. 
Ал В.З. Демьянков дискурсты сөйлемдер мен фрагменттерден тұратын интерпретатордың көз алдына 
ойша  келетін  мәтін  ретінде  анықтайды,  ал  дискурс  мазмұны  көбінесе  «дискурс  топигі»  немесе 
«дискурсивті топик» деп аталатын «тірек» концептінің айналасында шоғырланады [1]. 
Дискурс –  тілдік  коммуникация  түрі.  Кең  шеңберде,  дискурс  дегеніміз  уақыттың  мәдени  тілдік 
контексті.  Оған  рухани-идеологиялық  мұра,  көзқарас,  дүниетаным  кіреді.  Тар  мағынада,  дискурс  деп 
қандай  да  болмасын  мағыналы,  құнды  іс-әрекеттің  (актінің)  нақты  тілдік  шындығын  айтады.  Жалпы 
дискурс  теориясының  сипаты  пәнаралық  деуге  болады.  Дискурс  латын  тілінде  қозғалыс,  әңгіме,  ұласу, 
кеңес сияқты мағынада қолданылған. Ал француз тілінде – сөйлеу; ағылшын тілінде – талқылау, сөйлеу 
ұғымдарын білдіреді. Сөйлеу – тілдік әрекеттің процесі:  ойды жеткізудің тәсілі, жолы. Дискурс  термині 
көптеген  гуманитарлық  ғылымдарда  қолданылатын  көпмағыналы  термин  ретінде  тілдің  қолднанысын 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
72 
зерттеуде:  лингвистикада,  әдебиеттануда,  семиотикада,  әлеуметтануда,  философияда,  этнологияда  және 
анторопологияда бар [2].  
Сонда «дискурс» ұғымы тілдік қызметті де, мәтінді де, мәтін аясын да, ойтолғамды да білдіретін көп 
қырлы  термин.  Яғни,  бір  сөзбен  айтқанда,  дискурс  мәтіннен  басқа  экстралингвистикалық  факторларды 
(қоршаған ортаны, ойтұжырымды, қағидалар мен адресаттың мақсаты) білдіретін күрделі экстралингвис-
тикалық құбылыс. Біздің көзқарасымыз бойынша, мәтінді дискурстың аралық сатысы ретінде сипаттаған 
жөн.  Өйткені  дискурс  ретінде  екі  бірдей  коммуниканттың  ойлау-сөйлеу  әрекеттерінің  жиынтығы  деп 
түсінеміз. Сондай-ақ, мәтін шындықтың объективті факті ретінде дискурс нәтижесі, өнімі ретінде қарас-
тырыла алады. Көпшілік қолданыста дисурс әлдене туралы ой саптау дегенді білдіретін мағынада алынып 
жүр.  
Дискурс – ерекше әлеуметтік шындық ретінде көрінетін тіл ішіндегі өзіндік тіл деген де анықтаманы 
кездестіріп қаламыз. Дискурс ең алдымен мәтіндерде кездеседі. Бірақ ол кез келген мәтін деген сөз емес. 
Ол  мәтіннің  ерен  грамматикасы,  айрықша  лексикасы,  сөз  пайдаланудың  өзіндік  ерекше  ережелері, 
бөлекше  семантикасы  болуы  тиіс.  Бір  сөзбен  қайырғанда,  ол  «ерен  өзіндік  әлем»  тудыра  алатын  мәтін 
болуы тиіс. Дискурс – мүмкіншіліктегі ментальды әлем. Оның құрылымдық негізінде «фреймдер» немесе 
«идеалды когнитивті моделдер», «сценарийлер» жатыр. Дискурс туралы жоғарыда айтылғандар нәтиже-
сінде дискурс пен мәтін арасында қандай айырмашылық не ұқсастық бар деген заңды сұрақ туындайды. 
Макаровтың М.Л. айтуы бойынша «Текст является набором предложений, а дискурс - это база, создаю-
щая текст контекстно-связанным» [3].  
А.И. Варшавская дискурс-мәтін айырымын аша отырып, дискурс – тілдік ойлаудың үдерісі, ал мәтін – 
сол үдерістің нәтижесі немесе өнімі дейді.  
Т.А.  Ван  Дейк  бойынша  «дискурс»  -  бұл  әрекеттегі  айтылған  мәтін,  ал  «мәтін»  -  айтылғанның 
абстрактілі грамматикалық құрылымы  болып табылады. Мәтін – бұл  дискурстың  ішінде пайда болатын 
абстрактілі  теориялық  құрылым.  Дискурс  –  бұл  сөйлеуге,  қолданыстағы  сөйлеу  әрекетіне  байланысты 
қатысты  мағына,  ал  «мәтін»  -  бұл  тіл  жүйесіне  формальді  лингвистикалық  білімге,  лингвистикалық 
өкілеттікке қатысты мағына. Дискурс – бұл әлеуметтік-мәдени өзара байланыстың маңызды бөлшегі, оған 
тән  белгілер  –  қызығушылық,  мақсат  пен  стиль.  Т.А.  Ван  Дейк  бойынша  дискурсты  кең  мағынасында 
қарастырсақ (кешенді коммуникативті жағдай ретінде) – нақты  уақыт, кеңістік және басқа да контексте 
коммуникативті  әрекет  үрдісінде  сөйлеуші,  тыңдаушы  (бақылаушы  және  т.б.)  арасында  болып  жатқан 
коммуникативтік  жағдай  болып  табылады.  Бұл  коммуникативтік  әрекет  вербалды  және  вербалды  емес 
бірліктері  бар  ауызша  және  жазбаша  түрінде  беріле  алады.  Мысалы,  досымен  күнделікті  әңгімелесу, 
дәрігер мен пациент арасындағы әңгіме, газет оқу. Ал дискурсты тар мағынасында (мәтін немесе әңгіме 
ретінде) қарастырсақ - әдеттегідей, мұндай жағдайда коммуникативті әрекеттің тек вербалды бөлігі ғана 
ерекшеленіп,  одан  әрі  бұл  туралы  «мәтін»  немесе  «әңгіме»  туралы  сияқты  сөз  қозғайды.  Бұл  мағынада 
дискурс  коммуникативті  әрекеттің  аяқталған  немесе  жалғасатын  «өнімін»  білдіретді,  реципиенттермен 
интерпретацияланатын жазбаша немесе ауызша нәтижесі болып табылады. Яғни, жалпы алғанда, дискурс 
– бұл коммуникативті әрекеттің ауызша немесе жазбаша өнімі [4].  
«Дискурс»  термині  көп  мағыналы  және  көптеген  авторлар  оны  омонимдік  мағынада  қолданып  жүр. 
Дискурс (франц. Discours, ағылш. Discoursе) бұл: 1) байланысқан мәтін; 2) мәтіннің ауызша сөйлеу түрі; 
3) диалог; 4) өзара мағыналары жағынан байланысқан сөз сөйлеу тобы; 5) сөйлеу шығармасы – жазбаша 
немесе ауызша. [5]  
Шетелдік  зерттеулерде  дискурстың  лингвистикалық  түсінігі  бірізді  деп  айтуға  болмайды.  Мысалы: 
П.Серио «дискурс» терминінің сегіз мағынасын ерекшелеп көрсетеді [6]:  
 «сөйлеу» мағынасымен тең, яғни қандай да бір нақты ой тұжырым;  
 көлемі жағынан фразадан асатын бірлік;  
  сөз сөйлеу жағдайын ескере отырып сөз сөйлеудің қабылдаушыға әсері (прагматика аясында);  
 сөз сөйлеудің негізгі түрі ретіндегі әңгімелесу;  
 тіл бірліктерін, олардың сөйлеу актуализациясын қолдану;  
 сөз  сөйлеудің  әлеуметтік  немесе  идеологиялық  шектеулі  түрі,  мысалы,  феминистік  дискурс, 
әкімшілік дискурс;  
 мәтін жасау шарттарын зерттеуге арналған теориялық құрылым.  
М.Л.  Макаров  дискурсты  формальді,  функциональді  және  жағдаяттық  интерпретация  көзқарасы 
тұрғысынан анықтайды [3].  
Н.Д.  Арутюнованың  «Лингвистикалық  энциклопедиялық  сөздігінде»  «дискурс»  -  это  речь, 
«погруженная в жизнь» деп берілген [7]. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
73 
Мәселен,  Ж.Кеншінбаева:  «Дискурс  –  қолданыстағы  мәтін,  яғни  сөйлеу  тілінің  нақтылы  коммуни-
кативтік қарым-қатынас орнатудағы қызметі», - десе, профессор Н.Уәли: «фреймі», «автор», «сөз актісі» - 
«адресат»  және  сөз  жағдаяты  (сөздің  қандай  ситуацияда  айтылғаны)  деген  құрылымдардан  тұратын 
коммуникативтік «уақиға», - деп түсіндіреді.  
Г.Г. Бүркітбаева бойынша дискурс дегеніміз – мәтін мен интеракцияға қатысушылар және коммуника-
тивтік жағдаят қосындысы [8].  
Біздің  анықтауымыз  бойынша,  дискурс  дегеніміз –  шынайы  өмір  үзігіндегі  көріністің  сөйлеу  әрекеті 
арқылы санаға көшуі мен тілдік бірлікте таңбалануы. Дискурс дегеніміз – дайын мәтіннің сөйлеу әрекетін 
туғызушылар мақсатына сай күрделі әрі нақты коммуникативтік жағдайға айналуы. 
 Ал  Ш.А.  Нұрмышева:  «дискурс»  дегеніміз  –  коммуниканттардың  сөз  жағдаятын  ескере  отырып 
шынайы өмірдегі оқиғаларды өздерінің когнитивтік, тілдік, аялық білімін, прагматикалық мүмкіндіктерін 
пайдалану  арқылы  коммуникативтік  мақсатқа  орай  өз  тілдеріндегі  лексикалық,  грамматикалық, 
фонетикалық  жүйелер  арқылы  тілге  көшіруі,  диалогқа  түсу  әрекеті.  Ғалымдардың  дискурс  терминіне 
берген  анықтамалары  түрліше  болғанымен,  олардың  барлығының  да  дискурсқа  тән  деп  көрсеткен 
белгілері  бар:  бұл  –  дискурстың  диалогтік  сипаты,  сөз  жағдаятына  сай  орындалатын  сөйлеу  әрекеті 
екендігі.  Бұл  анықтамалардың  мазмұны  бір-бірімен  ұқсас  деуге  болады:  олардың  негізгі  мазмұны 
бойынша,  дискурстың  элементтері  –  баяндалатын  оқиға,  оған  қатысушылар,  оқиғаның  негізгі  фоны, 
оқиғаны айтушының//қатысушының//жазушының бағалауы, ақпаратты жеткізу жолындағы тілдік құрал-
дарды  пайдалану  тәсілдері.  Бұл  –  тіл  үнемі  қозғалыста  болып,  коммуниканттардың  (айтушы  мен 
қабылдаушының) тарихи кезеңге қатысы тұрғысынан дербес, өзіне  тән сипаттары, сондай-ақ әлеуметтік 
ерекшеліктері айқын көрініп отыратын тіл ағыны. Дискурс – мәтінді жасап, оны қабылдау үшін синхрон-
ды түрде жүзеге асырылатын үдеріс [5]. 
Дискурсқа  жинақталған  мәтіндер,  қалай  болса  да,  ортақ  тақырыпқа  бағытталады.  Дискурс  мазмұны 
(тақырыбы)  жеке  мәтінмен  енсе,  көптеген  мәтіндердің  кешенді  байланысы  арқылы  ашылады.  Осы 
тұрғыдан  келгенде,  дискурс  бір  сферада  қызмет  ететін  бірнеше  мәтіндердің  (мәтін  типтерінің)  кешенді 
байланысынан қалыптасады. Ал тарихи қалыптасқан адам танымы мен коммуникацияны арнайы дискурс 
немесе дискурс типтері ретінде қарау ұсынылады. Мысал ретінде медициналық, саяси, жарнамалық және 
т.б. дискурс типтерін келтіруге болады. 
Сонымен,  қазіргі  кезге  дейін  әртүрлі  тілдер  материалдарында  ғылыми  сипат  берілген  дискурстың 
төмендегідей  түрлерін  атап  көрсетуге  болады.  Бұл  тізімді  (классификацияны)  толық  немесе  аяқталған 
деуге  болмайды.  Себебі  бұл  бағытта  әртүрлі  тілдерде  олардың  қызмет  ету  аяларына  қатысты  көптеген 
зерттеулер  жүргізілуде:  әскери  дискурс,  газеттік  дискурс,  іскери  дискурс,  балалық  дискурс,  өнертану 
дискурсы,  магиялық  дискурс,  масс-медиа  дискурсы,  ғылыми  (академиялық)  дискурс,  парфюмерлік 
дискурс, педагогикалық  дискурс, поэтикалық  дискурс, публицистикалық дискурс, жарнамалық дискурс, 
спорттық  дискурс,  техникалық  дискурс,  террористік  дискурс,  феминистік  дискурс,  көркем  дискурс, 
экономикалық дискурс, электрондық дискурс, этикалық дискурс, заң дискурсы және т.б. [8]. 
Көрсетілген  дискурс  типтерінің  классификациясы  қазіргі  заман  лингвистикасында  дискурсқа  деген 
қызығушылықтың  артқанын  көрсетеді.  Қорыта  келсек,  дискурс  дегеніміз –  коммуникацияға  қатысушы-
лардың  санасындағы  әлемнің  психологиялық  бейнесін  сөз  жағдаятында  модельдеу  күйі  мен  әрекеті, 
олардың  коммуникативтік  міндетке  сай  ақпараттық  мазмұнда  өзектелуі  мен  тілдің  (лексикалық  және 
грамматикалық  мағыналы  сөздер  тіркесімділігінің,  синтаксистік  құрылымдардың)  айтылым  сапасында 
шоғырлануы, сол айтылымның болу шартын жинақтаған коммуникация кеңістігі.  
Жалпы,  дискурсқа  тән  белгілерді  жинақтайтын  болсақ:  динамикалық,  функционалдық,  өзектілік, 
үрдіс,  когнитивтік  әрекет,  белгілі  бір  уақыт  аясында,  белгілі  бір  орында  өтетіндіктен  шартты  түрде 
тұйықталатындығы, дискурстағы мәтін біреуге бағытталатындығы, сөйлеушілер санасы әрекеттесетіндігі, 
арнайы мақсатпен мәтінді тұйықтауы, оның өмір сүруіне мүмкіндік беруі және т.б. Дискурстық уақытқа 
ие «өмірдегі тіл» сипатында болады, оған тән белгілер: индивидуалды сипатта, авторлары сөз жағдаятына 
қатысушылар,  бірінші  деңгейдегі  сөйлеу  жанры,  қозғалыста  болуы,  айтушы  -  қабылдаушы  тарапынан 
алғанда өзгеріссіз бір бағытты, эмоциясы біртуар, ауызша сипатта болуы және т.б. [2]. 
 
 
1.  Өмірәлиев Қ. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. - Алматы: Ғылым, 1983. – 230 б. 
2.  Мұқанов С. Айтыстар// Көкейкесті әдебиеттану. 3-кітап. Құраст. Нұрғали Р. – Астана: Күлтегін, 2003. - 
21-23 б. 
3.  Макаров М.Л. Основы теории дискурса. – М.: ИТДГК «Гнозис», 2003. – 280 с. 
4.  Абдрахманова  Ж.  М.  Тіл  мен  дүниетаным  сабақтастығы.  филл.  ғылым...  канд.  авторефераты.  -  Алматы: 
"Кapaт-Prіnt", 2004  

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
74 
5.  Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 352 б.  
6.  Сүлейменова Э. Дискурс в дискурсе казахстанской лингвистики / Современные проблемы дискурса: теория и 
практика. – Алматы, 2006. 
7.  Арутюнова Н.Д. Лингвистикалық энциклопедиялық сөздік. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. 
8.  Буркитбаева Г.Г. Текст и дискурс. Типы дискурса. Учебное пособие. – Алматы: Дайк-Пресс, 2006. – 379 с.  
 
ӘОЖ: 37.017 
 
ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
С.Ә. Касенова – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің PhD докторанты 
 
Түйін:  Бұл  мақалада  қазіргі  заман  талабынан  туындап  отырған  тұлғалық-бағдарлы  технологиялар  жайлы  сөз 
болады. Мақалада тек тұлғаға бағдарлап оқыту технологияларының мәні ғана емес, сонымен қатар, технологияның 
зерттелу жағдайы да айтылады. Мақаланың негізгі мақсаты – тұлғаға бағдарлап оқыту технологиясының білім беру 
үдерісіндегі маңыздылығы мен ерекшелігі.  
Аннотация:  В  данной  статье  рассматривается  личностно-ориентированные  технологии,  отвечающие  запросом 
современного  общества.  В  статье  анализируется  не  только  сущность  личностно-ориентированные  технологии,  но 
также  уровень  исследования  технологии.  Цель  статьи  –  показать  значимость  и  особенности  личностно-
ориентированные технологии в образовательном процессе. 
Abstrac: This article discusses the personality-oriented technologies that meet the needs of modern society. The article 
examines not only the essence of patient-centered technology, but also the level of technology research. Purpose of the article 
- to show the importance and characteristics of personality-oriented technologies in the educational process. 
Тірек сөздер: жоғары мектеп жүйесі, тұлғаға бағдарланған білім, тұлғалық-бағдарлы технологиялар 
Ключевые слова: образовательный процесс высшей школы, личностно-ориентированное обучение, личностно-
ориентированные технологии 
Key words: educational process of higher education, student-centered learning, student-oriented technologies 
 
Қазіргі таңда еліміздің жоғары мектеп жүйесі білім берудің даралық сипатын көздейді, ол әрбір нақты 
білім  алушының  мүмкіндіктерін  және  оның  өзін-өзі  іске  асыруы  мен  өзін-өзі  дамытуға  қабілеттілігін 
ескеруге  мүмкіндік  береді.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Ұлттық  бәсекелестік  білімділік  деңгейімен 
айқындалады.  Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стандартқа  сай 
мүдделі жаңа білім беру өте қажет», - деп отандық педагогтар алдына бағдарлы мақсат жүктеп отыр [1]. 
Осыған  сәйкес  қазіргі  заман  талабынан  туындап  отырған  педагогика  ғылымдары  міндеттерінің  бірі  – 
әлемде және елімізде жүріп жатқан оқу-тәрбие үдерістерін, жаңа идеялар жаң-ғырған бағыт-бағдарларын, 
түрлі  тәлім-тәрбие  тәжірибелерін  зерттеу  барысы  болып  табылмақшы.  Болашақта  әрбір  білім  алушыны 
терең  білімді,  мәдениетті,  адамгершілігі  зор,  шығармашылық  тұрғыдан  белсенді,  әлеуметтік  тұрғыда 
толық  жетілген  тұлға  етіп  мақсатты  түрде  тәрбиелеу  үшін  жоғары  білім  беру  жүйесіне  жаңа  қоғам 
сұранысына сәйкес педагогикалық технологияларды қолданғанымыз жөн. 
«Технология»  сөзі  ежелгі  грек  тілінен  аударғанда  «teche»  –  «шеберлік»,  «өнер»,  «іскерлік»  және 
«logos» – «сөз», «ілім», «ғылым» мағынасын білдіреді. «Технология» категориясының төңірегінде көпте-
ген педагогикалық таластардың  орын алғаны белгілі. Бұл таластар бастапқыда «технология» терминінің 
өндіріс саласында (металл өндірісі, бетон дайындау, т.б.) қолдануына байланысты туындады. «Педагоги-
калық технология»  түсінігі 1960 жылдардың  басында пайда бола бастады. 1966 жылы  Англияда  екі рет 
ғылыми конференция өтіп, «Aspects of Educational Technology» атты кітаптар басылып шығып, кейін осы 
терминдер американың педагогикалық журналдарында да қолданыла бастайды. 1970 жылдардан бастап 
оқыту үрдісін жоғары сатыға көтеруге байланысты жасалған әрекеттердің бәрі де педагогикалық техноло-
гия ұғымы ретінде  түсіндіріліп, ауқымы кеңейе бастады. Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар 
жөнінде  жазылған  мәліметтер  аз  емес.  Шетелдік  және  отандық  ғылыми  әдебиеттерде  300-ден  астам 
анықтамалар  берілген.  Яғни  бұл  «педагогикалық  технология»  ұғымы  жайында  ортақ  нақты  бір  қабыл-
даған анықтаманың жоқ екендігін көрсетеді. Шетелдік басылымдарда кездесетін анықтамаларда «Педаго-
гикалық технология – компьютер не техникалық оқыту құралдарын қолдану ғана емес, материалдар мен 
әдістерді қолдану, сонымен қатар қолданылған әдістерді бағалау арқылы факторларды саралау барысын-
да білім беруді оңтайландыру жолдарын қарастыру және қағидаларын анықтау» деп берілген [2].  
ЮНЕСКО-ның  анықтамасы  бойынша  «Педагогикалық  технология  –  техника  мен  адам  ресурстарын 
есепке ала отырып,  білімді игерту мен  оқытудың жалпы үрдісін айқындау мен қолдану,  білім  беру мен 
формаларының  міндеттеріне  негізделген  жүйелі  әдістер».  Қазақстандық  ғалым  М.М.  Жанпейісованың 
анықтамасы бойынша «Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктіріл-
ген  пәндер  мен  әдістемелердің,  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастырудың  өзара  ортақ  тұжырымдамамен 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
75 
байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда 
әр  позиция  басқаларына  әсер  етіп,  ақыр  аяғында  оқушының  дамуына  жағымды  жағдайлар  жиынтығын 
құрайды» [3].  
Жоғары білім беруде білім алушыларға білім берумен қатар, тақырыпқа сай әдіс-тәсілдерді таңдап алу 
ең басты мәселе. Қазіргі заманғы жоғары мектептің жұмысы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, оның ішкі 
дүниесін  тану  білім  берудің  ең  негізгі  қағидасы  болып  табылатындықтан,  бұл  мақалада  педагогикалық 
технологиялардың  бірі  –  тұлғалық-бағдарлы  технологиялардың  ерекшеліктері  жан-жақты  қарастыры-
лады. 
«Тұлғалық-бағдарлы  педагогика»,  «тұлғалық-бағдарлы  білім  беру»,  тұлғалық-бағдарлы  техноло-
гиялар»  терминдері  педагогикада  ХХ ғасырдың  80-ші  жылдарының  соңында  пайда  болған.  «Тұлғалық-
бағдарлы»  сөз  тіркесі  білім  беру  үрдісінде  қолданылуына  байланысты  біздің  педагогика-лық  сөздікке 
ағылшынның  «person-centered»  –  «тұлға  орталықты»  және  «pupil-centered»  –  «оқушы  орталықты» 
сөздерінің аудармасынан енгізілген. 
Тұлғаға  бағдарланған  білім  –  білім  алушының  ашылуына  және  тұлғалық  сапасын  өсіруге  көзделген, 
оқытушы мен білім беру мекемесінің жұмыс жүйесі. Бұл жерде оқу материалының мақсаты емес, субъек-
тілердің  сапалы  көрінуі  және  тұлғалық  сапасын  дамыту  үшін  жағдай  жасайтын  білім  үрдісі  болып 
табылады.  Тұлғалық-бағдарлы  білім  беру  –  оқытушының  ұжым  алдында  тұлғаның  басымдығын  тануы; 
адамгершілік  қатынас  құру  арқылы  білім  алушы  өзін  толық  құқылы  тұлға  ртінде  сезініп,  өзгелерді  де 
тұлға  деп  түсінуі;  оқытушы  білім  алушылардың  тиісті  құқықтарын  тануы;  оқытушы  білім  алушыларға 
бағыт беріп отыруынан құралады.  
Тұлғалық-бағдарлы  білім  беру  мәселесін  зерттеген  ғалымдар  аз  емес.  Білім  алушылардың  тұлғасын 
дамыту (В.В. Сериков, В.Н. Петрова, И.С. Якиманская, С.В. Тарасов, және т.б.); білім беруді ізгілендіру 
(Ш.А. Амонашвили, В.П. Беспалько, О.С. Газманов, В.В. Зайцев және т.б.); тұлғалық-бағдарлы техноло-
гия  негізінде  басқару  (С.М.  Бахишева,  З.С.  Абрамова,  Ю.А.  Конаржевский  және  т.б.);  педагогикалық 
технологиялары (А.С. Галышева, Г.А. Гонтарева, Н.А. Скворцова, Г.П. Чепуренко және т.б.) мәселелері 
бойынша зерттеу еңбектері жарияланған.  
В.В.  Сериков  анықтамасына  сүйене  отырып,  біз  тұлғалық-бағдарлы  педагогикалық  технологияны 
жеке тұлғалық даму тетіктеріне негізделген, білім алушылардың жеке тұлғалық қызметтерін тәрбиелеуге 
әкелетін педагогикалық үрдістің барлық құрамдас бөлшектерінің қызмет ету жүйесі деп түсінеміз [4]. 
Технологияны  жобалау  нәтижесі  ретінде  мынадай  шарттардың  барлығы  орындалған  кезде  ғана 
тұлғалық-бағдарлы  деп  есептеуге  болады,  олар:  мақсат  бағыты  –  жеке  тұлғалық  қызметтерді  дамыту; 
технология  кезеңдерінің  жеке  тұлғаның  даму  қисынына  сәйкес  болуы;  жеке  кезең  және  жалпы  жағдай-
ларда жеке тәжірибеге сүйену, «білім алушының тіршілік әрекетіне сәйкес оқыту»; жеке тұлғаның жеке-
дара  дамуын  қолдау  мүмкіндігі,  дербестендіру;  оқыту  түрлері,  әдістері  мен  құралдарының  интегративті 
бірлігі,  оқыту мазмұны мен құралдары арасындағы шектердің болмауы;  оқу материалын жеке тұлғалық 
мәні бар мәселе ретінде беру; педагогикалық үрдіс субъектілерінің өзара әрекеттестігі тәсілдерін көрсету: 
диалог құра білу, серіктестік, ойын; еркін шығармашылық іс-әрекет үшін еркіндік беру; педагогикалық іс-
әрекет субъектілерінің жеке тұлғалық қызметтерін жүзеге асыруға негізделген түрткімен қамтамасыз ету; 
ұстаздың бір тәртіппен және шығармашылықпен жүзеге асырылатын іс-әрекеттерінің ара жігін анықтау.   
Сондай-ақ,  тұлғалық-бағдарлы  педагогика  мен  дәстүрлі,  «мінез-құлықтық»  педагогиканың  негізгі 
айырмашылығы  оқыту  мен  тәрбие  нәтижесіне  емес  (өзіңді  қалай  ұстайсың),  жеке  тұлғалық  қызметті 
тәрбиелеу  үрдісіне  (бұған  қалайша  жеттің)  бағытталуында  екеніндігін  атап  кеткен  жөн.  Сондықтан 
технология үшін нәтижеліліктің мұндай түрі технология ретінде оған тән болса да, дәріс алушының жеке 
тұлғасының даму үрдісіне сай келетін  үрдістік бөлімнің ерекшелігі оны тұлғалық-бағдарлы етеді.  
Белгілі  бір  қисынның  болуы  –  алға  қойған  мақсатқа  жету  үшін  бірнеше  қадам  арқылы  бірізді 
әрекеттерді жасау керектігі – педагогикалық бірлік ретіндегі технологияның негізгі ерекшеліктерінің бірі. 
Педагогикалық технология туралы әрекет тәсілі алдын ала белгілі, әр қадамы жазылып қойған кезде ғана 
сөз етуге болады: «кез-келген технологияны жүзеге асыру дегеніміз белгілі бір тәртіпке бағыну». Селевко 
Г.К. педагогикалық еңбектерде жиі шатастыратын «технология» және «жүйе» ұғымдарын ажырату үшін, 
технологияға  қатысты  педагогикалық  іс-әрекет  субъектілерінде  болатын  уақыттағы  өзгеріс  үрдістері 
туралы  айтатын  болса,  педагогикалық  жүйе  «статистикалық  сурет»  болып  табылады  дейді.  Технология 
дегеніміз  «белгілі  бір  педагогикалық  үрдістің  қисынды  дәлелден-ген,  уақыт  аралығына  созылған,  тұтас 
әрі  ұйымдастырушылық  жағынан  аяқталған  тәртібі...».  Педагогикалық  технологияны,  оның  ішінде 
тұлғалық-бағдарлыны,  нақты,  қатаң  тәртіпті  қолданумен  теңестіруге  болмайды,  оның  әрдайым  бірнеше 
нұсқасы болады, ол икемді, бірақ ол болу керек [5]. 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
76 
Технологияны, оның  ішінде  тұлғалық-бағдарлы  технологияны жасауда үрдістік бөлшектің маңызды-
лығын  атап  көрсетеміз,  өйткені  белгілі  кезеңдерді  айқындау  мен  қисынды  құрылымның  болуы  жеке 
тұлғаның  дамуының  ықтималдық  технологиясын  басқа  педагогикалық  жағдайларға  айналдыруға 
мүмкіндік береді. Үрдістік бөлімнің қисынын (тәртібін, білім беру үрдісінің субъектілерінің әрекеттерінің 
ретін,  рәсімдердің  бірізділігін)  жасау  үшін  негіз  табу  тұлғалық-бағдарлы  педагогикалық  технологияны 
құрудың  күрделі  әрі  аз  зерттелген  жағы  болып  табылады.  Кейбір  зерттеушілер  тұлғалық-бағдарлы 
технологияны енгізу кезеңдерін ғана бөліп көрсетеді. 
Тұлғалық-бағдарлы  педагогикалық  технологияларды  жобалаудың  өзіндік  ерекшелігі  бар.  Оның 
«жобалаушылық қарама-қайшылық» деген атқа ие болған дәстүрлі технологиядан айтарлықтай өзгешелі-
гі бар, оның мәні мынада: педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру үшін оның жобасы қажет, бірақ жоба-
ны жасауға болмайды, өйткені жобаланатын объектілердің мінез-құлқын  болжау мүмкін  емес.  Дәстүрлі 
оқытуды  жобалауда  жобалау  іс-әрекетінің  пәні  осы  оқу  мазмұнының  үзіндісі  мен  оның  іс-әрекеттік-
үрдістік қамтамасыз етілуі болса, тұлғалық-бағдарлы білім беруде жобалаудың құрамдас бөлігі материал-
дың үзіндісі емес, жеке тұлғаның өміріндегі оған біртұтас өмір тәжірибесін беретін оқиға болуы мүмкін. 
Г.Ю. Ксензованың айтуынша, технология іс-әрекеттің заңдылығын көрсетеді, мұғалім педагогикалық 
заңдылықтарды жақсы білсе, оның іс-әрекеті де тиімдірек құрылып, технологиялар да нақтырақ пайдала-
нылады.  Тұлғалық-бағдарлы  педагогикалық  технологиялар  жағдайында  жеке  тұлғалық  даму  заңдылық-
тары жайлы сөз болады. Осылайша, тұлғалық-бағдарлы педагогикалық технологияның үрдістік-қисынды 
бөлігі тұлғалық қасиеттің өзіндік даму үрдістерінен бастау алуы керек [6].   
Тұлғалық-бағдарлы технологияларды жасау ғылымдағы мұндай технологиялардың үрдістік-қисынды 
бастауының  дәріс  алушының  ішкі  мүмкіндіктері  мен  қабілеттерінің  дамуымен  байланысты  болатыны 
дәлел  бола  алады.  Бұл  технологияда,  ең  алдымен,  дәріс  алушының  руханилығын  мойындап,  оның  ішкі 
күштерінің ашылуын, сосын ғана оның қасиеттерінің жинақталуы мен молаюын көрсек дейміз. Тұлғалық-
бағдарлы  технологияны  жасау  барысында  адами  қасиеттердің  серпінді  құрылысын  ескере  отырып, 
рухани-адамгершілік қасиетті ашу, дамыту және молайту арасындағы тепе-теңдікті сақтауға болады.  
Тұлғалық бағыттағы технологиялар төменде келтірілген сипаттарымен танылады: 
-  Адам құндылығын тану және мойындау (антропоцентрлігімен); 
-  Гуманистік мәнділігімен; 
-  Психологиялық қолдау – қуаттаушылық (психотерапиялық) бағытымен. 
- Тұлғалық бағытты технологиялар шеңберінде өз дербестілігімен келесідей ағымдар ажыратылады: 
-  Гуманды-тұлғалық технологиялар; 
-  Қызметтестік технологиялар; 
-  Еркін тәрбие технологиялары; 
-  Іштей ұғу(эзотериялық), ұғыну технологиялары [7]. 
Сонымен, тұлғалық-бағдарлы білім беру оқытушы тұлғасы мен білім алушының тұлғасы қарастыры-
латын білім беру үрдісі болып табылады. Мұнда білім беру мақсаты білім алушылардың тұлғалық, оның 
өзіндік  және  қайталанбас  қасиеттерін  дамыту  болады.  Оқу  үрдісінде  білім  алушының  құндылыққа 
бағдарлануы  және  оның  санасының  құрылымы  ескеріліп,  олардың  ойлауының  ерекшеліктері,  мінез-
құлықтық  стратегиялары  басшылыққа  алынып,  «оқытушы  –  білім  алушы»  қатынасы  ынтымақтастық 
және  таңдау  еркіндігі  қағидаларына  негізделеді.  Тұлғалық-бағдарлы  технологиясының  әрбір  кезеңінің 
өзіне  тән  міндеттері  (білім  беру,  дамытпалы,  тәрбиелік),  білім  алушы  мен  оқытушының  іс-әрекеті  (ішкі 
және сыртқы), мазмұны, әдістері, құралдары мен түрлері болды. Тұлғалық-бағдарлы технологияны ашық, 
өзіндік  дамитын  жүйе  деп  түсініп,бұл  педагогикалық  технологияны  жүзеге  асырғанда  оның  қатаң 
тәртіптік  құрылысының  соншалықты  қатаң  еместігін,  тіпті  икемді  екендігін,  онда  ауытқушылықтар 
барын, қажет болғанда кейбір кезеңдерінен қайтадан өтуге болатынын (өткен тәжірибені талдау, өзіндік 
айқындау т.б.) көруге болады. 
 
 
1.  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты».  Ұлт  Көшбасшысы 
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012. - 44 б. 
2.  Назарова Т.С. Педагогические технологии: новый этап эволюции? // Педагогика. – 1997. - № 3. – с. 15-19. 
3.  Жанпейісова М.М. «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде». - Алматы, 2000. 
4.  Сериков  В.В.  Образование  и  личность.  Теория  и  практика  проектирования  педагогических  систем.  –  М., 
1999. – 272 с. 
5.  Селевко  Г.К.  Традиционная  педагогическая  технология  и  ее  гуманистическая  модернизация.  -  М.:  НИИ 
школьных технологий, 2005. – 144 с. 
6.  Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологии: Учебно-методическое пособие. – М., 2000. – 224 с. 
7.  Бабаев С.Б. Тұлғалық педагогика. – Алматы, 2011. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №1(41), 2014 г. 
77 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет