Халықаралық ғылыми конференцияның материалдары 9-10 желтоқсан



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата31.03.2017
өлшемі13,82 Mb.
#11013
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
частью  современной  действительности.  Интернет  может  оказать  помощь  в  изучении  любого 
учебного  предмета,  так  как  применение  ИКТ  создает  уникальную  возможность  для  обучающихся 
пользоваться дополнительной информацией, проверять свои знания, умения и навыки, быть в курсе 
современных  открытий.  Сегодня  к  обучающемуся  предъявляются  требования  обладать  навыками 
поиска,  оценки,  отбора  и  организации  информации,  уметь  самостоятельно  осваивать  и  исследовать 
материал,  уметь  работать  в  группе,  уметь  выявлять  проблемы,  находить  пути  их  решения  и 
применять на практике полученные теоретические знания. При этом обучающиеся получают новую 
информацию  в  ходе  решения  теоретических  и  практических  задач,  у  них  вырабатываются  навыки 
умственных  операций  и  действий,  развиваются  внимание,  творческое  воображение,  формируется 
способность открывать новые знания и находить новые способы действия путем выдвижения гипотез 
и их обоснования [1]. 
Применение  ИКТ  решает  совокупность  задач,  лежащие  в  основе  программ  по  дисциплинам 
бакалавриата высших учебных заведений. Так при организации самостоятельной работы студентов и 
при  сдачи  рубежных  контролей  и  экзамена  по  конкретной  дисциплине  используется  технология 
тестирования  с  помощью  компьютера.  Тестовый  контроль  и  формирование  умений  и  навыков  с 
помощью  компьютера  предполагает  возможность  быстрее  и  объективнее,  чем  при  традиционном 
способе, выявить знание и пробелы обучающегося. Электронное тестирование позволяет проверить 
умение ответственно, сосредоточенно и внимательно работать, применяя приемы самоконтроля. 
Необходимо  отметить,  что  ИКТ  не  оптимизируют  обучение,  а  лишь  позволяют  приблизить 
методику обучения к реалиям сегодняшнего дня. 
На сегодняшний день по всему миру существует множество систем сбора, обработки и хранения 
информации  об  интернет – услугах,  веб – сайтах,  что  представляет  собой  огромный  комплекс 
первичной информации. В связи с этим на рынке сформировалась устойчивая тенденция применения 
интернет – услуг не только в сфере образования, но и в других сферах жизнедеятельности человека и 
общества.  
Так,  например,  для  улучшения  конкурентных  позиций  некоторой  фирмы  на  рынке,  данная 
фирма прибегает к различным маркетинговым инструментам, а именно: 
- реклама в сети Интернет; 
- организация электронной торговли; 
- организация акций для стимулирования спроса на продукцию; 
- ведение электронной регистрации к сотрудникам фирмы; 
- отзывы покупателей. 
Таким  образом,  в  условиях  высоких  темпов  развития  современных  информационных 
технологий, а также роста конкуренции в рыночной экономике возрастает актуальность применения 
передовых  веб – технологий  для  привлечения  клиентов,  сокращения  расходов  на  осуществления 
деятельности, регулярного проведения исследований по качеству предлагаемых услуг. 
 
Список использованных источников 
1.
 
http://www.auditorium.ru 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

105 
CLASSIFICATION AND SCOPES OF A MULTIMEDIA OF APPLICATIONS 
Шульгина-Таращук А.С., Ардашева М.В., Сыздыкова Н.К. 
Карагандинский Государственный Университет имени Е.А.Букетова, г.Караганда, Казахстан 
E-mail: alevtinash79@mail.ru marinkagv@mail.ru s_nazym_1807@mail.ru  
 
Multimedia of the application can be divided on an information representation method into linear and 
non-linear (interactive)[1]. 
The interactive method of interaction of the person and the computer is provided in the completest way 
in categories of computer games.  
The non-linear method of submission of multimedia data sometimes is called "hypermedia"[2]. 
As an example of the linear and non-linear method of information representation, it is possible to 
consider such situation as holding the presentation.  
If the presentation was recorded and is shown to audience, then no this method of the report of 
information the linear viewing this presentation is had by opportunities to influence the speaker.  
In case of the live presentation, the audience has an opportunity to ask the speaker questions and to 
interact with him in another way that allows the speaker to deviate from a presentation subject, for example, 
explaining some terms or in more detail lighting disputable parts of the report.  
Thus, the live presentation can be provided as a non-linear (interactive) method of submission of 
information[3]. 
Multimedia scopes: 
1. Business sphere: 
• editorial activities (MM publishing house); 
• information and advertizing products (presentations, brochures, advertizing leaves); 
• interactive presentations; 
• interactive training; 
• Internet. 
2. Education: 
The idea of use of the computer in training arose for a long time, but its embodiment became possible 
only with the advent of the PCs equipped with a multimedia devices[4]. 
Computerization of a domestic education system - a subject extensive, diversiform and urgent.  
The Ministry of Education and the State committee on the higher education in Russia pays more and 
more attention to learning programs recently.  
The republican center of interactive training aids developed a row of a multimedia of textbooks on 
natural, humanitarian and technical cycles. 
3. Entertainments: games, movies, music, the virtual reality, etc. 
Multimedia products of educational assignment 
1. The multimedia products developed by teachers according to the purposes and tasks of training 
courses and disciplines: 
• courses of lectures, manuals; 
• educational presentations; 
• educational movies, video lessons. 
2. Electronic multimedia textbooks, encyclopedias, dictionaries, atlases geographical, etc. 
3. Interactive remote learning by means of multimedia learning programs [5]. 
 
Список использованных источников 
1.
 
Вычислительные системы, сети и телекоммуникации: 3-е изд. перераб. и доп. / А. П. Пятибратов. – М.: 
Финансы и статистика, 2005 
2.
 
Вычислительные  системы,  сети  и  телекоммуникации:  учебник. - 2-е  изд.,  пререаб.  и  доп. / А.П. 
Пятибратов. - М : Финансы и статистика, 2002. 
3.
 
Найджел  Чепмен,  Дженни  Чепмен  “Цифровые  технологии  мультимедиа”, 624 стр.,  М.,  Диалектика, 
2005. 
4.
 
Культура мультимедиа: учебное пособие / О.В. Шлыкова. - М. : ФАИР-пресс, 2004. 
5.
 
Найджел Чепмен, Дженни Чепмен Цифровые технологии мультимедиа, 2-е издание, 2005.
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

106 
 
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ 
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ МАТЕМАТИЧЕСКОГО ОБРАЗОВАНИЯ 
ACTUAL PROBLEMS OF MATHEMATICAL EDUCATION 
 
 
12 - ЖЫЛДЫҚ МЕКТЕПТЕГІ БЕЙІНДІК ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ 
Алибиев Д.Б., Ахметбекова А.Т. 
Карагандинский государственный университет им. академика Е.А. Букетова 
E-mail: kosi_9317@mail.ru 
 
12  жылдық  білім  беру  барысында  бейіналды  жəне  бейіндік  оқыту  үлгілері  қолданылады. 
Бейіналды даярлық əлбетте 9-10 сыныптарда, 11 -12 сыныптарда бейіндік оқыту жүзеге асырылады. 
Бейіндік  оқыту  жаратылыстану - математикалық,  əлеуметтік-гуманитарлық  жəне  технологиялық 
бағыттар бойынша жүзеге асырылады. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі қарқынды дамып 
келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай 
өзін-өзі  толық  жүзеге  асыруға  дайын  білімді,  шығармашылыққа  бейім,  құзіретті  жəне  бəсекеге 
қабілетті  тұлғаны  қалып - тастыру  мен  дамыту  болып  табылады,  осы  себепті  біз 12 жылдық 
мектептегі  оқытуды  іске  асырудың  үлгісін  ұсынуға  мүмкіндік  бердік.  Оның  мəні-бастауыш,  орта 
жоғары  буындар  арасындағы  байланыс,  əсіресе  бейіндік  жəне  бейіналды  оқытудың  ерекшеліктері 
берілген.  
Технологиялық  бейін  пəндерінің  мектептерде  оқытылуы  оқушылар  үшін  кəсіби  есептерді 
шешуде  математикалық  модельдеумен  жүйелі  қолдану  арқылы  технологиялық  процестерді  талдау, 
материалдарды  түрлендірудің  қазіргі  заманғы  технологияларының  негізін  білу,  қазіргі  заманғы 
технологияларды  өндірісте,  ауылшаруашылық  өндірісінде,  экономикада,  бизнесте,білім  беруде, 
тұрмыстық жəне қызмет көрсету салаларында қолдануға мүмкіндік береді. 
Техникалық-технологиялық бейін пəндерінің қажеттілігімен қызметті келесідей болады: физика, 
математика,  информатика  жəне  коммуникациондық  технологиялар  курсының  практикалық 
сабақтарын жүргізу үшін; оқушылардың физика заңдары, математика есептері, есептеу жəне талдау 
əдістері, ақпараттық жəне коммуникациялық технологиялармен жұмыс істеу бойынша білімдері мен 
жалпы 
теория 
дағдыларын 
қалыптастыру 
үшін; 
электротехника, 
информатика 
жəне 
коммуникациялық технологиялар негіздерін нəтижелі жəне сауатты меңгеру үшін сапалы физикалық, 
математикалық  үдерістерінің  мазмұнын  түсіну  үшін;  электроэнергетикалық  пəндер  бойынша 
теориялық  жəне  практикалық  дағдыларын  қалыптастыру;  электртізбектері  көмегімен  өндірістік, 
зерттеулік  сипаттағы  практикалық  есеп  шығару  дағдыларын  үйрену;  бейіндік  бағыт  бойынша 
үзіліссіз,  жүйелі  білім  беру;  оқушылардың  өндірістік  жəне  технологиялық  үдерістерінің  модельдеу 
математикалық  аппаратын  игеру  барысында  кəсіби  білімдері  мен  дағдыларын  қалыптастыру; 
математикалық модельдеу есеп əдістерін түсіну, ішіне кіретін элементтерді жəне олардың бір бірімен 
байланыстарын  есепке  ала  отыра,  технологиялық  үдерісіне  мазмұнды  талдау  жасау,  модель  түрін, 
параметрлерін  анықтау;  технологиялық  үдеріс  моделін  жасауға  қолданатын  кеңінен  тараған 
математикалық  əдістер  туралы  түсінік;  зерттелетін  объекті  математикалық  моделін  есеп  техникасы 
арқылы  жасау  жəне  талдау  сияқты  есеп  эксперименті  арқылы  технологиялық  үдерісті  зерттеудің 
тұрақты  дағдыларын  қалыптастыру;  есептеу  техникасы  арқылы  ғылыми-зерттеу  жəне  өндірістік 
сипаттағы практикалық есептерді шығару бойынша білімдері мен дағдыларын қалыптастыру (Excel, 
Mathlab, Statistika жəне т.б. бағдарламалық пакеттерді қолдану) компьютерлік технологиялар арқылы 
ғылыми-зерттеу  жəне  өндірістік  сипаттағы  практикалық  есептерді  шығару  бойынша  білімдері  мен 
дағдыларын  қалыптастыру (AdobeIllustrator, CorelDRAW, PhotoShoр, 3dsMaXDesign 2012 жəне  т.б. 
компьютерлік бағдарламалық пакеттерді қолдану) болып табылады [1]. 
Оқу материалы күрделірек болғандықтан бірден түсінулері де қиынға соғады. Сондықтан да жас 
ерекшелігі  мен  пəннің  күрделілігі  ескеріліп,  дамыта  оқыту,  проблемалық  оқыту,  модульдік,  тірек 
сигналдары  арқылы  оқыту,  оқытудың  компьютерлік  технологиясы  тиімді  түрде  қолданылуы 
көзделініп отыр. 
Оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану - дың бір ерекшелігі мұғалім мен оқушының 
күрделі, тығыз байланысын оңтайлы шешуге көмектесе отыра, сенім - ділікпен жұмыс жасауға, өзара 
батыл  пікірлесуге,  оқуға  деген  ынтасын  арттырады,  сапалы  білім  берудің  оң  жолдарын  қамтиды. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

107 
Сондықтан да электронды технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет, ол мемлекеттік 
стандарты деңгейінде оқу үдерісін ұйымдастыру жаңа электронды технологияны жан - жақты тиімді 
қолдануды міндеттейді.  
 
Əдебиеттер тізімі 
1.
 
Қазақстан Республикасында бейінді оқытуды дамыту тұжырымдамасы. – Астана, 2014 
 
 
ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 
Аманжолова Қ.Б. 
Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені Октябрь ауданы, Қарағанды қаласы 
E-mail: anasar_7373@mail.ru 
 
Ақпараттандыру білім берудің сапасын, қолжетімділігін жəне тиімділігін арттыруға бағытталған 
білім беру жүйесін реформалаудың ең маңызды тетігі болып табылады. 
Бұл – ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, ұсыну мен беру тəсілдері мен алгоритмдерін сипаттайтын 
жалпы  түсінік.  Ақпараттық  технологиялардың  (АТ)  қарқынды  дамып,  олардың  қоғамның  барлық 
салаларына  енуі  соңғы  он  жылдағы  бүкілəлемдік  дамудың  ең  маңызды  үрдісі  болып  табылады. 
Қазіргі уақытта компьютерлік техникалар мен заманға сай коммуникациялық құралдардың дамуына 
байланысты,  сонымен  қатар  АТ  адам  өмірінің  кез  келген  саласында  пайдаланылғандықтан, 
ақпараттық  технологиялармен  оқыту  туралы  жиі  айтылып  жүр.  Аталған  технологияларды  мектеп 
партасында  отырып  меңгеру  бүгінгі  мектеп  оқушысының  келешектегі  кəсіби  дайындығының  сəтті 
болуын айқындайды. Қазіргі қоғамда ақпараттандыру үдерісіне бағытталған басымдықтың бірі білім 
беруді ақпараттандыру – білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды енгізу.  
Мұны жасаудың мүмкіндігі төмендегідей: 
•  ғылыми-педагогикалық  ақпаратты,  ақпараттық-əдістемелік  материалдарды,  сонымен  қатар 
коммуникациялық желілердегі мəлеметтердің автоматтандырылған банкін пайдалану негізінде білім 
берудің басқару тетігін жетілдіру; 
•  қоғамды  қазіргі  заманға  сай  жағдайда  ақпараттандыруда  оқушы  тұлғаның  дамуының  тиісті 
міндеттері,  оқытудың  мазмұнын,  əдістері  мен  ұйымдастыру  формаларын  іріктеу  əдіснамалары  мен 
стратегиясын жетілдіру; 
•  оқушының  интеллектуалдық  əлеуетін  дамытуға,  өз  бетінше  білім  алу  дағдысын 
қалыптастыруға  бағытталған  оқытудың  əдістемелік  жүйесін  құру,  ақпараттық  өңдеу  бойынша  өз 
бетінше жүргізілетін қызметтің əртүрін жүзеге асыру; 
• компьютерлік тестілеу, диагностика жасау, бақылау жəне бағалау жүйесін құру мен пайдалану.  
Педагог үшін үлкен міндеттер ашылуда: компьютер білімді бақылау міндетін атқарып, сабақты 
көрнекі  материалдармен  қамтамасыз  етіп,  уақытты  үнемдеуге  көмектеседі,  түсінуге  қиындық 
келтіретін  сəттерді  динамикада  көрсетіп,  қайталауға  ықпал  етеді,  əрбір  оқушының  жекелеген 
ерекшеліктеріне  байланысты  сабақты  кіріктіруге  мүмкіндік  береді.  Компьютерлендірудің  даму 
үдерісін тоқтату мүмкін емес. Барлық дамыған мемлекеттер АТ оқытуды кең түрде қолданып келеді. 
Бұл - компьютердің  адам  өмірінің  барлық  саласында  еңбектің  жоғары  өнімділігінің  құралы  болып 
отырғандығының  айғағы.  Қажетті  білім  көлемінің  бірден  өсуі  оқытудың  дəстүрлі  əдіс-тəсілдерінің 
көмегімен жоғары кəсіби мамандардың талап етілген санын дайындау мүмкін емес.  Барлық əлемде 
оқытуда  АТ  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісінің  тиімділігін  жоғарлатсақ  деген  үмітпен  мектеп 
қабырғасында  берілетін  білім  мен  өскелең  ұрпаққа  қоғамның  қойған  талаптарын  ұсыну  болып 
саналады.  Ақпараттық  қоғамның  қарқынды  дамып,  мультимедиа  технологиясының,  электронды 
ақпараттық  ресурстардың,  технологиялық  желілердің  пайда  болып,  кең  таралауы,  ғаламдық 
кеңістіктегі  АТ  оқыту,  диалогтық  қарым-қатынас  жасау,  тəрбиелеу,  интеграциялау  құралы  ретінде 
пайдалануға мүмкіндік береді. Жалпы білім беретін мектепте АТ дəстүрлі жəне ақпараттық бағытта 
бірге  енгізу  білім  беруде  АТ  қолданудың  жаңа  интеграциялық  тұжырымдарын  іске  асыруға 
мүмкіндік  береді.  Компьютерлік  технологияны  білім  беру  саласында  енгізу  адам  дамуына  түрлі 
өзгерістер  əкелді,  атап  айтқанда,  танымдық  тұрғыдан,  сонымен  қатар  эмоционалды-мотивациялық 
үрдіс,  олар  адамның  мінез-құлқына  əсер  етеді,  оқушының  компьютермен  жұмыс  жасау  барысында 
танымдық  сипаттың  басым  болуына  көп  көңіл  бөлінеді.   Оқытуда  АКТ  құралдарын  пайдалану 
оқушының  оқу  қызметін  өз  бетінше  жүргізіп, «оның  тұлға  ретінде  қалыптасуға,  білім  алуға,  өз 
бетінше  оқып-үйренуге,  өзін-өзі  тəрбиелеуге,  өз  мүмкіндігін  іске  асыруға,  қабілетін  шыңдауға  жол 
ашуға»,  оның  белсенділігін  арттыруға  көмектеседі.  Психологиялық  зерттеулерде  көрсетілгендей, 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

108 
АКТ оқушының теориялық, шығармашылық жəне модульды-рефлексивтік ойлауын қалыптастыруға 
əсер  етеді,  яғни    оқу  ақпаратын  компьютер  арқылы  қарау  образды  ойлауда  басты  орын  алады,  ал 
образдылық оқушының оқу материалын қабылдап, есте сақтау үрдісін, ғылыми түсінігін кеңейтеді. 
 
Əдебиеттер тізімі 
1. Ершов А.П. и др. Школьная информатика // ИНФО, №1, 1995. 3–20 бб. 
2. Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе  образования.  Под  ред. 
Е.С.Полат. М.: ACADEMA, 2000. – 271 б. 
3. Роберт  И.В.,  Самойленко  П.И.  Информационные  технологии  в  науке  и  образовании. – М., 
1998. – 178 б. 
 
 
ЛОГИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ  
ПƏНГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ. 
Аятбекова Д.Е. 
«Балқаш қаласының гимназиясы» КММ, E-mail: 
anelyusha81@mail.ru
 
 
Балалардың  танымдық  қабілетін  дамытып,  пəнге  қызығушылығын  арттырудың  бір  жолы- 
логикалық  есептер.  Логикалық  тапсырмаларды  мұғалім  баланың  ойлау  іс-  əрекетін  жандандыруға 
арналған  əдістемелік  тəсіл  ретінде  қолданылады.Сабақта  жəне  сабақтан  тыс  уақытта  логикалық 
тапсырмалармен  қатар,математикалық  ребустар,  сөзжұмбақтарды  шешу,қызықты  əзіл  есептер 
шығару баланың ақыл- ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытудың бірден- бір ұтымды тəсілі. Жалпы, 
қазақ  халқы  ойға  жүйрік  қой.  Осыны  тағы  бір  дəлелдейікші.  Оның  үстіне  логикалық  есептерді 
шешкен басқа да пайдалы. 
Қазіргі  кезде  ғылым  мен  техниканың  даму  деңгейі  əрбір  адамға  сапалы  жəне  терең  білімнің, 
іскерліктің  болуын  қамтиды.  Оқушының  белсенді  шығармашылықпен  жұмыс  істеуін  жəне  кеңінен 
ойлауға  қабілетті  болуын  талап  етеді.  Сондықтан  да  мектептегі  оқу  процесінің  негізгі  мақсаты 
арнайы  педогогикалық  əдістермен  мақсатты  жəне  жүйелі  түрде  оқушылардың  интеллектік, 
шығармашылық  ойлауын  дамыту,  ғылыми  көзқарасы  мен  белсенділігін  қалыптастыру.  əр  адамның 
бойындағы  туғаннан  пайда  болған  интуициясын  əрі  қарай  дамытуға  ықпал  ету,  оқушының  табиғи 
қасиеттерін,  математикалық  білімін  тереңдету  үшін  оқытуды  жоспарлы  түрде  ұйымдастыру,  өз 
бетінше  білім  алу  дағдыларының  дамуына  негізін  салу  болып  табылады.  Математиканы  оқыту 
арқылы мəселені талдай білуге, нақтылауға, ұғымдарды анықтауға, ой қорытулар жасауға, дəлелдеуге 
тағы басқа іс – жүзінде қадам сайын логикалық білім беріледі. Математиканың өмірмен байланысы 
анық.  Миды  жаттықтыру  үшін  адамға  математиканы  үйрену,  есеп  шығару,  математиканың  бүкіл 
заңдарын басқа ғылымдарды оқығанда пайдаланады. 
Біздің  өміріміз  дегенің  бəрі  бір – бірімен  өзара  байланысты.  Тіршілік  құбылыстарын  бір – 
бірінен  бөліп  зерттеуге  болмайды.  Математиканың  басқа  ғылымдармен  байланысын  анықтайық. 
Оның химиямен, физикамен, биологиямен, информатикамен тығыз байланыстылығына дау жоқ. Ал 
тарихпен  ше?  Тарих  толығымен  даталардан  жəне  оған  сəйкес  оқиғалардан  тұрады.  Оларды  есте 
сақтау  үшін  ойлау  қабілеті  немесе  оқиғалардың  логикалық  тізбегін  қадағалай  білу  қажет. 
Географиямен  байланысына  келсек,  қалалардың  ара  қашықтығын  анықтағанда  масштаб,  қолда  бар 
карталар  есепке  алынады,  қарапайым  математикалық  есептеулер  арқылы  қажетті  деректерді  алуға 
болады. Əдебиетпен байланысы: көз алдымыздағы логикалық ойлау қабілеті жақсы дамыған адамды 
келтіреді. Егер ол шығарманың авторын аса жақсы білмесе де, оның туған, өлген жылын білу арқылы 
сол  уақыт  арасында  болған  оқиғалармен  логикалық  түрде  ұштастыра  алады.  Мұндай  логикалық 
ойлауды  логикалық  жəне  математикалық  есептердің  көмегімен  жүргізу  керек.  Логика  дегеніміз – 
спортшыға да, бишіге де, жазушыға да керек. Өз атыңды сезіміңді логикалық тұрғыда жеткізе білу де 
үлкен өнер.  Ой – əрекетті  дамыту  үшін  оқу  материалдарына  теориялық  талдау  жасауға,  өз бетінше 
қорытындыға келу айрықша мəн беріледі. Өз бетімен, кітаппен жұмыс жасау оқу материалдарының 
қандай  түрлерін  есте  сақтау  керектігін  білуге,  өз  бетінше  білімді  тəжірибеде  пайдалану  дағдысын 
арттыруға  мүмкіндік  береді.  Математика  пəні  ең  бірінші  оқушылардың  қызығушылығын  туғызуды 
талап  етеді.  Осы  мақсатпен  əр  тақырыпты  бастамас  бұрын  оқушының  қызығушылығы  мен 
белсенділігін  арттыру  мақсатында  немесе  сабақ  ортасында,  соңында  шығармашылық  есеп  ретінде 
логикалық  есептер,  не  болмаса  тапсырмалар  беріледі.  Математика  сабағында  оқушының 
қызығушылығын тудыру үшін логикалық есептерді шығару шығармашылық есеп түрінде бастауыш 
сыныптан  бастап  беріледі.  Логикалық  тапсырмалар  қарапайымнан  басталып,  біртіндеп  қиындап 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

109 
оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударады. Сабақта алған білім дағдысы ойлау 
барысында  қолдану  мүмкіндігі  оқушының  зор  ынтасын  тудырады,  білгенін  тереңдетіп,  жаңа  іс – 
қимылға  жетелейді.  Белсенді  емес  оқушылар  жолдастарынан  кейін  қалмау  үшін  алға  ұмтылады. 
Логикалық  есептер  бастауыш  сыныптан  бастап,  шығармашылық  жұмыс  ретінде,  əр  тақырыпта 
немесе  келесі  тақырыпқа  дайындық  ретінде  беріледі.  Математиканың  сан  алуан  сырын  сандар 
əлемінің қызық құбылысын, осылай өрнектеген сабақ, не сабақтан тыс жұмыс қызықты əрі ұтымды 
болады. 
Əдебиеттер тізімі 
1. Ершов А.П. и др. Школьная информатика (концепции, состояния, перспективы) // ИНФО, №1, 
1995. 3–20 бб. 
2. Роберт  И.В.,  Самойленко  П.И.  Информационные  технологии  в  науке  и  образовании. – М., 
1998. – 178 б. 
 
 
МАТЕМАТИКА ПƏНІН ОҚЫТУДЫҢ БАСТЫ ПРИНЦИПТЕРІ 
Əбек А.Н., Балтабаева А.М. 
(Ғылыми жетекші — ф.-м.ғ.к., МжИОƏ кафедрасының доценті Ахманова Д.М.) 
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды, Қазақстан 
E-mail: azhar_18@inbox.ru, aigul_19-95@mail.ru 
 
Оқыту  үдерісінің  логикалық  жəне  құрылымдық  бөлімдері  оқыту  принциптерінен  жəне  оқу 
ережелерінен  шығатын  дидактикалық  жүйенің  мүмкіндіктерін  тиімді  пайдалануға  бағытталған. 
Оқыту үдерісінің басты мақсаты - білім беру. Мұнда ең маңыздысы – оқыту үдерісінің мотивациясы 
жəне оның басты шарттары. Осы тұрғыда оқытуды қалай ұйымдастыру керек, қандай ұстанымдарды, 
ережелерді  қолдану  керек  деген  сұрақтар  туындайды.  Кез  келген  ғылым,  ең  алдымен,  нақты  бір 
салада  қолданылып  жатқан  объективті  заңдарды  ашуға  негізделеді,  яғни  өзінің  дамуында  елеулі, 
тұрақты,  қажетті  байланыстар  мен  нақты  тенденцияларды  көздейді.  Бұл  заңдар  адамға  зерттеліп 
жатқан  аймақтың  дамуын  сипаттайды.  Олар    практикалық  іс-əрекетке  итермелейтін  нұсқауларды 
тікелей  қолдануға  бағытталмаса  да,  ережелерді  құрастыруға  жəне  практикалық  қызметтің 
технологияларына теориялық негіз бола алады. Оқу үдерісі туралы білім, оның құрамдас бөлімдері, 
логикалық жəне ішкі мотивациясы оқытушының практикалық қызметіне тікелей əсер етеді, өйткені 
оқытудың заңдылығының негізіне сүйене отырып оқытудың принциптерін жəне ережелерін дамыту 
оқытушының  практикалық  қызметіне  бағытталуы  тиіс,  демек  басты  мəселе – оқыту  үдерісінің 
заңдылығының,  принципінің  жəне  ережелерінің  байланысын  тереңірек  ашу.  Алайда,  мұнда  енді 
ғылыми қолданылу жəне оқытудың сенімді принциптерінің басты сұрақтарын қарастыру көзделеді. 
Оқыту принципінің жүйесін ашу үшін осы байланыстарды айқындау, олардың арасындағы өзара 
іс-əрекеттерді  жəне  жеке  принциптерді  оқытушы  мен  оқушы  арасында  анықталатын  ережелермен 
ұсыну берілген міндеттің шешіміне итермелеуге көмектеседі. 
Зерттеу принциптері мен ережелері оқытудың тəжірибесін екі түрде анықтайды, яғни,  
а) оқыту принципінің ережесі бойынша оқытушы оқыту принципінің ережесіне қатысты өзінің 
қызметін нақты бір жағдайға негіздейді; 
ə) дидактикалық жүйе арқылы барлық принциптер белгілі аспект деңгейінде əрекет етеді жəне 
педагогикалық үдерістің концепциясын құрастыра отырып, осы жүйенің нақты идеясын анықтайды.  
Математиканы  мектепте  оқыту – математика  ғылымының  белгілі  компоненттерінің,  нақтырақ 
айтқанда,  нақты  математикалық  курстар  кешенінің  оқу  пəніне  сəйкес  көрінісін  зерттеу.  Оларды 
жүзеге  асыру  үшін  мектептегі  математикалық  білім  мақсаттарымен  тұжырымдалған  мазмұнының 
сəйкестігін дəлелдеу қажет. 
Жалпы математикалық білімнің деңгейінде келесі топтарды мақсатты түрде ұсыну керек: 
1.  Арифметика:  натурал сандар,  натурал  сандарды  дөңгелектеу,  қарапайым  жəне ондық  бөлшектер, 
ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыздар жəне пропорциялар. 
2.  Геометрия:  жазықтықтағы  жəне  кеңістіктегі  фигуралар,  олардың  аудандарын  жəне  көлемдерін 
өлшеу, бұрыштарды өлшеу. 
3.  Стохастика:  ықтималдық  жəне  жиілік,  ықтималды  статистикалық  болжау,  оқиғалар  мен 
сынақтардың тəуелсіздігі, шартты ықтималдық, гипотезаларды тексеру. 
4.  Логика:  теңқуаттылық  жəне  нəтиже,  дедуктивтік  талдау  заңдары,  дəлелдеу,  анықтама,  теорема, 
аксиоматика. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ

110 
5.  Алгоритмитика:  математикадағы  жəне  математикадан  тыс  алгоритмдер,  алгоритмизация, 
информатиканың элементтері.  
6. Математикалық тіл: терминология жəне символика (таңбалау).  
7. Математикалық құралдар: математикалық тіл, амалдар, өрнектер, теңбе-тең түрлендіру, функция, 
график, теңдеулер жəне теңсіздіктер, бүтін рационал, нақты жəне комплекс сандар.  
8.  Математикалық  анализ  бастамалары:  шамаларды  өлшеу,  нақты  сандар,  сандық  функциялар, 
туынды, интеграл, нақты жəне комплекс сандар.  
9.  Математика  тарихы:  тарихи  фактілер,  математикалық  теорияның  пайда  болу  жəне  даму  тарихы, 
атақты математиктердің жаңалықтары мен еңбектері. 
10.  Математика  жəне  сыртқы  əлем:  математикалық  модельдеу,  ғылымдар  жүйесіндегі  математика, 
математиканың ғылым ретіндегі спецификасы. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет