Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет21/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38

Бағалау критерийі
Критерий 
 
5 балл   
4 балл   
3 балл   
2 балл   
1 балл
Жеке тұлғалық стиль 
6 фактор 
6 фактор 
4 фактор 
3 фактор 
1 фактор
қалыптастыру фак- 
бойынша 
бойынша 
бойынша 
бойынша  
бойынша 
торларын анық-   
анықтай  
анықтай  
анықтай  
анықтай  
анықтай
тай алады 
 
алады   
алады   
алады   
алады   
алады
3 сурет. Пән бойынша бағалау критерийі

159
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
оқушылардың  қабылдау,  есте  сақтау  мүмкіндік-
терін оңтайландырады.
Лекциялық  материалдарды  презентация  ар-
қылы  өткізу  әрбір  оқушының  қабылдау  мүмкін-
дігін  барынша  тиімді  етеді.  Анимациялардың 
мүмкіндіктері  оқушылардың  назарын  сабақтың 
маңызды  этаптарына  аудара  отырып,  мән  беруге 
және логикалық құрылымдар мен схемаларды, ке-
стелерді түсіне алады.
Педагогикалық  үрдіске  компьютерлік  оқыту 
технологиясын  енгізу  жаңа  дидактикалық  мақ-
саттарды  шеше  отырып,  сапалы  түрде  бүтіндей 
білімді  өзгеріске  ұшыратады.  Оқу  пәндерін  өт-
кізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану 
білімді ақпараттандырудың бір бағыты болса, екін-
ші  жағынан  педагогтың  кәсіби  мәдениетінің  бір 
бөлігі  болып  саналатын  ақпараттық  мәдениетін, 
оның кәсіби біліктілік сапасын, кәсіби құзіреттілі-
гін,  өзбетінше  жұмыс  жасауына  қалыптастыруға 
мүмкіндік береді. 
Мамандыққа  қойылатын  жаңа  талаптар  осы 
алдағы  өзгерістерге  байланысты  мамандардың 
жаңа форматта болуын қамтамассыз ету қажеттілі-
гінен туындайды. Сонымен қатар үш тілдік саяса-
тының да өзіндік ерекше қажеттілі бар,       себебі, 
нарық жағдайында 
- ана тілі,
- экономикалық қарым-қатынас тілі,
- шет тілі 
Міне  осындай  үштілдік,  ана  тілің  -  өз  тілің, 
экономикалық  қарым-    қатынас  тілі  -  көршілес 
елдермен  сауда-саттық  жағдайда,  шет  тілі  –  шет 
елдерге  іс  сапар  не  тәжірибе  алмасу  жағдайында 
қажет етіледі.
Біздің елімізде арнайы білімді мамандар міне 
осындай  уақыт талабына сай білім алып, өндірісте 
жаңаша  жұмыс  атқара  білсе,  онда  сол  өндірістің 
өнімінің сапасы мен түрлері де сұранысқа сай бо-
лар еді.
Осындай маман даярлауда арнайы пәндерден 
білім беруде ақпараттық коммуникациялық техно-
логиялардың атқаратын ролі маңызды.
Мультимедиялық  ресурстар  білім беру сала-
сының перспективті және ең тиімді құралы болып 
саналады.  Олар  дәстүрлі  білім  көздерімен  салы-
стырғанда педагогқа көптеген көлемде ақпаратты 
көрсетілім түрінде бере алады. Презентация жүй-
есін  интеграциялау,  яғни  текст,  кесте,  таблица, 
анимация, бейнекөрініс пен дыбыс арқылы жасау 
сабақтың  сапасына,  оқушылардың  жаңа  білімді 
меңгеруінде үлкен роль атқарады. 
Осы  бағытта  «Өрлеу»  БАҰО  АҚ  қызметінің 
басты    қызметі  –әлемдік  және  қазақстандық 
тәжірибені  енгізу  негізінде  жоғары  сапалы  білім 
беруді  қамтамассыз  ететін  педагог  кадрлар  білік-
тілігін арттыруда. 
Педагог  үшін  бұл  жердегі  бір  проблема  ол  - 
әрбір оқушының таным логикасына сәйкес келетін 
және қабылдау деңгейіне ақпараттың түрін дұрыс 
таңдау, тізбектілікпен оны орналастыру болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарла-
масы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсанындағы № 1118 Жарлығы  
2.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Нұрлы  жол  -  болашаққа 
бастар жол» Жолдауы;11 қараша 2014 ж.                                                                                
3.  К.М.Беркінбаев,  Б.Д.Сыдықов.  Информатикалық  пәндерді  оқытудың  педагогикалық  технологиясы.  //  Қа-
зақстан мектебі. 2006, №11,  33-35 б.                                                                                         
                                                                               
        

160
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы 
ф.ғ.к., доцент,  zerek24@mail.ru
Исаева Жазира Исақызы
ф.ғ.к.,  доцент,  jazirhon79@mail.ru
 Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
 
КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ 
ТӘҢІР ЖӘНЕ КӨК ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРАҚАТЫСЫН БІЛДІРЕТІН ТІЛДІК БІРЛІКТЕР
 
Түйін. Көне түркілер дүниетанымының негізі Тәңірлік идеясының діни ұстанымдары қалыптасқан қазіргі түркі 
халықтарында да күні бүгінге дейін сақталып келуі оның белгілі бір дәрежеде заманауи діндермен сабақтасып жа-
туына да байланысты.  
Түйін сөздер:  Көне түркілер дүниетанымы, Тәңірлік идеясы, Тәңір және Көк ұғымдары, жалпытүркілік сана, 
ескерткіштер тілі, концепт, фразеологизм, тіл, болмыс, тілдік бірліктер, репрезентация.
Резюме. На сегодняшний день можно с уверенностью утверждать, что основы мировоззрения и миропонимания 
древних тюрков до сих пор сохранились в культуре современных тюркских народов, характеризующаяся религиозными 
принципами  Тенгризма,  который, в свою очередь, на определенных этапах исторического развития влиял на станов-
ление современных мировых и  малых религий. 
Ключевые слова: древнетюркское мировоззрение, идея Тенгризма, понятия Тенгризма и Неба, общетюркское 
сознание, язык памятников, концепт, фразеологизм, язык, языковые единицы, репрезентация.
Summary: Today it’s possible to claim with confidence that bases of outlook and outlook of ancient Turkic people still 
remained in culture of the modern Turkic people, Tengrizma who is characterized by the religious principles which, in turn, at 
certain stages of historical development influenced formation of modern world and small religions. Fundamentals of religion- 
outlook. 
Key words: ancient Turkic outlook, Tengrizm’s idea, Tengrizm’s concepts and Sky, all-Turkic consciousness, language of 
monuments, concept, phraseological unit, language, language units, representation.
ФИЛОЛОГИЯ
PHILOLO GY
ҮІІ-ІХ  ғасырларда  өмір  сүрген  түркілер  дү-
ниетанымындағы  өздерінің  өмір  сүру  жүйесі  мен 
тұрмыс-тіршілігін көкпен, ғарышпен байланыстыру 
идеясы  олардың  арасында  жалпы  ғарыштық  жүйе 
қалыптастырғанын,  ғарыштық  тәртiптi  сақтамау 
қағанның беделiне, түркi жауынгерлерiнiң жеңiсiне, 
көршiлерi  арасындағы  гегемониялық  позициясына 
керi әсерiн тигiзедi деп санағандықтан қалыптасқан 
тәртiптiк жүйенiң бұзылмауын қатаң қадағалағанын 
айта отырып, «...где племена были объединены под 
властью кагана абсолютного правителя, указанного 
самим небом. И Небо, “Тенгри” -  высшее божество 
древнетюркского пантеона, которое и само стремит-
ся затмить всех остальных, было, разумеется, Небом 
тюркским, “Тюрк Тенгри”» [1,354] деп ой қорытқан 
батыс ғалымы Л.Базеннің Көк пен Тәңірді синоним 
ретінде  түсінгенін  байқауға  болады.  Басқа  да  Ба-
тыс  және  орыс  ғалымдарының  көпшілігінің  пікірі 
“ҮІІ-ІХ  ғасыр  түркілері  Көкке(аспанға)  табынған» 
дегенге саяды. Ескерткіш мәтіндеріндегі деректерге 
тереңірек мән берсек кейде Көк Тәңірі тіркесі, кей-
де  Тәңірі  лексемасы  жеке-дара  тұрып    «Жаратқан 
ие», «Құдіретті күш» мәнінде қолданылғанын бай-
қаймыз.  Мысалы,  «Онгин»  жазбасында  teņrikenke 
išig  bertiņ  tejin  jarïlqamïš  [2,60]  «Тәңіріге  күшіңді 
бердің  (еңбек  сіңірдің)  деп  жарылқаған  еді»;  üze 
kök teŋri, asra jaγyz jer qylyntuqda ekin ara kisi oγly 
qylynmys. Kisi  oγlynda üze ečüm apam bumyn qaγan, 

161
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
istemi qaγan olurmys. Olurypan  türük   bodunyn elin,  
törüsin  tuta  birmis,  iti  birmis.  anča  «Жоғарыда  көк 
Тәңірі, төменде қара  жер жаралғанда,  екеуінің ара-
сында адам баласы жаралған. Адам баласы үстіне 
ата-бабам Бұмын-қаған, Істемі қаған таққа отырған. 
Отырып  түрік  халқының  елін,заңын  ұстай  берген, 
иелік  еткен»  [3,171].    Ал  Көк  сөзінің  жеке  тұрып 
«Жаратқан ие», «Құдіретті күш»  мағынасында қол-
данылғаны  кездеспейді.  Бұл  жөнінде  М.Қ.Ескеева 
«шын  мәнінде  көк  түріктер  танымындағы  жалғыз 
жаратушы  тек  Тәңірі,  олар  Көк  Тәңірі  тіркесін 
«Көктегі Тәңір, (Аспандағы Тәңір)»  мағынасында 
қолданған. … көптеген зерттеушілер «Көк Тәңiрі» 
тіркесінің  мәнін  жете  түсінбей  көне  түркілер  та-
нымындағы  Тәңірлік  идеясының  аспанға  табыну 
негізінде қалыптасқанын айтады. Ал көне түркілер 
көкке  емес,  көктегі  Тәңірге,  жалғыз  Жаратушыға 
табынған”  [4,  276]  деген  ой  айтады.  Адамзат  да-
муының  алғашқы  дәуірлерінен  бастау  алатын  Ас-
пан культі көне түркілердің ата-бабаларына да тән 
болғанын жоққа шығаруға болмайды, бірақ ҮІІ-ІХ 
ғасырларда өмір сүрген көне түркілердің дүниета-
нымындағы Тәңірлік идеясы мифологиялық таным-
нан діни танымға ұласқанын, олардың Аспанға емес  
Жалғыз Жаратушы ие –Тәңірге табынғанын ескерт-
кіштер тілі негізінде дәйектеуге болады.
Қазіргі  түркі  халықтарында  да  Тәңірлік  дү-
ниетанымның  архаикалық  сипаты  Аспанға,  Күнге, 
Айға, Жұлдызға табынудың іздері жаңа туған айға 
бата  жасау,  тасаттық  беру  дәстүрлерінен  аңғары-
лады.    Кейбір  тілдік  деректер    мен  әдет-ғұрыптар 
“қазақтарда  да  Аспанға  табыну  сақталған”  деген 
ұшқары пайымдау жасауға ықпал етуі мүмкін. Мы-
салы Көк соққыр,  Көк кәріне ұшыра тәрізді  қарғыс 
мәніндегі  фразеологизмдердің  мәні  бір  қарағанда 
Көкке  табынушылықты  көрсететін  сияқты.  Көк 
соққыр,  фразеологизмiнiң  этимологиясын  ежелгi 
қазақтардың  дүние-танымы  негiзiнде  түсiндiрген 
академик  Ә.Қайдар  «Зложелание  им    проклятие, 
связанные с “Көк” – “Синее небо”, употреблялось 
для  устранения  человека  и  люди  глубоко  верили, 
что такое проклятие может вызвать гнев Небесно-
го  бога,  который  сразит  виновного  своей  молни-
ей.  Выражение  это  постепенно  абстрагировалось 
от  первоначального  мотива  образования  и  стало 
употреблятся  не  столько  в  качестве  проклятия  им 
зложелания,  а  как  упрека  и  выражение  недоволь-
ства “ах, ты такой-сякой!” буд он неладен!» [5,184-
185]  деген ойлары арқылы Көк соққыр! тiркесiнiң 
қарғыс  мәнi  бiршама  бәсеңдегенiн  айтады.  Ға-
лымның  сипаттамасынан  Көк  соққыр!  фразеоло-
гизмінің мағынасы «Көк/Аспан емес Көктегі Тәңір/
Аспандағы  Жаратушы  ие  соққыр»,  «Көк  тәңірінің 
қаhары  келсін,  қаhарына,  кәріне  тап  бол»  екенін 
аңғарамыз. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігін-
де  Көк  соққан,  Көк  соққыр!  Тәңір  соққан!  Тәңір 
соққыр! Құдай атқан, Құдай атқыр! тәрізді қарғыс 
мәнді тұрақты тіркестері «Алланың қаһары тисін!» 
деген мағына беретіндігі  көрсетіледі [6,269]. Қазақ 
тілінің түсіндірме сөздігінде де Көк сөзінің негізгі 
мағынасы “Түпсіз тұңғиық аспан әлемі, әуе” түрін-
де көрсетіліп, фразеологизмдердегі қолданысына - 
Көк аспан(зеңгір) “көк жүзі”, “аспан күмбезі”; Көк 
бойлады  “биікке  шапшып  өсті”,  “көкпен  жүзді”, 
“көкте самғады”; Көкке атылды “ аспанға шапшы-
ды”;  Көкке  жетті  “  әуеледі”,  “аспанмен  таласты”, 
“қуанды,  шаттанды”;  Көк  көбесі  сөгілді  “найзағай 
жарқылдап, төңіректі сілкіндірді”; Көк күмбезі “ас-
пан әлемі”; Көксоққан “оңбаған, құдай атқан”; Көк 
соққыр  “Алла тағаланың кәріне тап болғыр”; Көк-
тен сұрағаны жерден табылды “армандай боп тіле-
гені аяқ астынан кезіге кетті” “орындалды”; Көктен 
түсті “тұтқиылдан пайда болды”, “ойламаған жер-
ден келе қалды”; Көкте тұрған жұлдыз “қол жетпес 
арман”  тәрізді  мысалдар  келтіріледі  [7,407].  Мұн-
дай  тілдік  деректер  де    халық  дүниетанымындағы 
Тәңір мен Көк ұғымдары бір-біріне балама бола ал-
майтынын көрсетеді.
Көк ұғымының қасиетті рәміздік мәнi оның ба-
сты қызметі «Тәңiр мекенi» ұғымымен байланысты 
қалыптасқан.  Жалғыз  Жаратушының  құдіреті  мен 
қасиетіне  деген  сенім    «Тәңiр»  ұғымының  басты 
белгiлерi –  адам баласын жаратқан ие, адамзатты 
желеп-жебеушi,  мәңгiлiк  мекен,  адам  тағдыры-
ның  иесi,  қарғысқа  ұшыратушы,    аталық  негiзбен 
байланыстылығы  т.б.  –  бәрi  көк  ұғымының  сим-
волдық-сакральды  мәнiн  күшейте  түскен.  Көкке 
табыну, жер-суды киелi санау б.з.д. соңғы жүз жыл-
дықта өмiр сүрген хундардың, б.з. алғашқы ғасыр-
ларында  Орталық  және  Орта  Азияны  мекен  еткен 
түркi-монғол  тайпаларының  дiни-мифологиялық 
дүниетанымына  тән  екендiгi  жайлы  деректер  қы-
тай  жылнамаларында  сақталғаны  тарихи-этногра-
фиялық еңбектерден белгілі.  Бұл  көк культi көне 
түркiлерге дейiнгi ежелгi дәуiрлерден бастау алаты-
ны  туралы  тұжырымдардың  негiздiлiгiн  көрсетіп, 
түркілер  дүниетанымының  басты  концептілерінің 
тұрақтылығымен ерекшеленетінін, олардың тілдегі 
бейнесі  ҮІІ-ІХ  ғасырлардағы  көне  жазба  мұралар 
тілінен бастап қазіргі түркі тілдеріне дейін ұласып 
келе жатқанын  айқындайды.
Барша әлемді құшағына алған зеңгір Көкке  сәби 
шағынан  таңырқай,  таңдана  көз  тігіп  келген  көне 
түркілер оның кереметіне, жер бетіндегі күллі жақ-
сылық пен жаманшылық атаулының бәрі де Көктегі 
Тәңір құдіретімен жасалып жататынына сенімді бо-
луы олардың қарапайым дүниетанымының өзегіне 
айналған. Әрбір тарихи-әлеуметтік, әскери жағдай-
ларды,  табиғи  құбылыстарды  «Тәңірдің  ісі»  деп 
түсінген: toquz-oγuz bodun kentü bodunïm erti. Teņri 
bulγaqun üčün jaγï boldï. Bir jïlqa bis jolï süņüsdimiz 
(Ктү.  4)  «Тоғыз-оғыз  халқы  өз  халқым  еді.  Тәңірі, 
(мен) Жер киесіне ұшырағандығы үшін (бізге) жау 
болды. Бір жылда бес жолы (рет) біз соғыстық» Tört 
buluņdaqï  bodunïγ  baz  qïltïm.  Bašlïγïγ  jükündürtim. 
Tizligig šökürtim. Üze teņri asra jer jarïlqadïq üč(ün)
(БҚ.10)  «Төрт  тараптағы  (бұрыштағы)  халықты 
бейбіт қылдым. Басы барды жүгіндіріп, тізеліні бүк-

162
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
тірдім (шөктірдім). Жоғарыда Тәңірі, төменде Жер 
жарылқағаны үшін» [8, 177]. 
ҮІІ-ІХ  ғасыр  түркілері  жазба  ескерткіштері 
мәтіндеріндегі дiни-мифологиялық желіге негіздел-
ген  «Тәңірлік»  идеясын  С.Г.Кляшторный  Тәңiрдiң 
көпқырлы  функционалдық  бейнесi  арқылы  түсiн-
дiредi:  «ғаламды  да,  адам  тағдырын  да  Тәңiрi  би-
лейдi:  адамзат  тағдырына  тән  қуаныш-қайғы  да 
Тәңiрден жiберiледi; қағандарға билiк, даналық си-
ласа, халыққа қағанды силайды; қағанға қарсылық 
бiлдiргендердi жазаға тартады; қағанға бұйрық беру 
арқылы  мемлекеттiк,  әскери  iстерге  де  басшылық 
етедi» [9,131-132] деген ой айтады.  Дүниежүзi ха-
лықтары  сенiмiндегi  аспан  құдайы  жайлы,  әрбiр 
халық  санасындағы  құдайды  қабылдауы  мен  еле-
стетуiне  талдау  жасаған  ғалымдардың  еңбектеріне 
сүйенсек,  Көк (аспан) – кешендi құдайлар жүйесiн 
сипаттайтын абстрактiлi ұғым, аспан культiнiң шең-
берiне күн, ай, жұлдыз культтерi енеді. Кең далада 
еркін  жүріп,  мал  шаруашылығымен  айналысқан 
түркілер  танымындағы  Күннің  орнын,  маңызын 
А.Сейдімбек  былай  түсіндіреді:  «Көшпелілер  дү-
ниетанымы  бойынша  табынар  Тәңірі  –  көк  аспан, 
шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің 
ең құдіретті жаратылысы – көктегі Күн. Сондықтан 
да,  бертін  келгенше  қазақ  Күнді  Тәңірінің  көзіне 
балап,  киіз  үйлерінің  есігін  күнге  қаратып  тігіп, 
шығып  келе  жатқан  күнге  ақ  шашып  тәу  ететін 
болды»  [10,89].  Астральдi  культ  –  күнге  табыну  
мен  түркі-монғол  халықтарына  кеңінен  тараған 
от  культі  өзара  сабақтас.  Қазіргі  қазақ  дәстүрінде 
сақталған отқа май құю салты, үйді, бесікті отпен 
аластау  үрдісі  де  отты  күннің  бөлшегі,  жердегі 
бейнесі  ретінде  қабылдаудан  қалған  рәсім  екенін 
аңғарамыз.  Ежелгі    түркілер  дүниетанымындағы 
Күн культін нақтылай түсетін деректер қазіргі Қа-
зақстан аумағында да сақталған. «Жергілікті ру-тай-
па  өкілдерінің  наным-сенімдерін  білдіретін,  киелі 
ұғым – күннің символдық бейнесін көрсететін алу-
ан түрлі суреттер Маңғыстау өңірінен де табылған» 
[11,16]. Көк түрiктер ұғымындағы «Тәңiр»  жалғыз 
«Жаратушы  ие»  болғандықтан  Тәңiрлiк  идеясы-
ның аясындағы от культi, су культi, тау культi т.б. 
табыну  нысандарының  иелерi  ешқашан  Тәңiрмен 
теңестiрiлген  емес.  Олардың  барлығы  да  Жасаған 
иеге  тәуелдi.  Көне  түркілер  ұғымындағы  тәңірлік 
таным  олардың  әлеуметтік-саяси  өмірінде  «ұлт-
тық» идеология қызметін атқарып, салт-дәстүрі де 
осы үрдіске бағытталғанымен олар адамзат өмірін-
дегі ақиқат-шындықты терең философиялық негіз-
де  түсіне  білген.  Ел  өміріндегі  сәтсіздіктерге,  ке-
леңсіз  оқиғаларға,  жағымсыз  қылықтарға  «Тәңірі» 
емес,  өздері  себепкер,  өздері  кінәлі  екенін  тасқа 
қашап  қалдырған,  Күлтегін  жазбасында:  Begleri, 
bodunï tüzsiz üčün, tabγač bodun tebligin kürlig üčün, 
armaqčïsïn  üčün,  inili-ečüli  kek  šürtükin  üčün,  begli 
bodunlïγ  joņašürtuqïn  üčün  türk  bodun  illedük  ilin 
ïčγïnu  ïdmïs  «Бектерінің,  халқының  түзу  еместігі 
үшін,  табғач  халқының  алдауына  иланғаны  үшін, 
өтірігіне көнгендігі үшін, інілі-ағасының дауласқа-
нынан, бекті  халықтың жауласқанынан түркі халқы 
елдігінен  айрылды»(КТү) [3,173]; Білгеқаған жаз-
басында Quutaj buŋsyz anča birür tabγač bodun saby 
süčig  aγysy  jymšaq  ermis.  Süčig  sabyn  jymšaq  aγyn 
aryp yraq bodunyγ anča jaγutyr.  Jaγru qoontuqda kisre 
jaγ biligin anda üjür ermiš. Edgü bilige kisig, edgü alp 
kisig  jorytmaz  ermiš.  Bir  kisi  jaŋylsar  oγušy  boduny 
besükiŋe tegi qyytmaz «жібекті есепсіз берер табғач 
халқының сөзі тәтті, ақығы  асыл еді.  [Олар] тәт-
ті сөзі,  асыл  /қазынасымен/ арбап, жырақтағы ха-
лықты өзіне соншама жақындатар еді. Жақын қонған 
кісіні  жаман  қылығына  үйір  қылушы  еді.  Жақсы,  
білікті кісі, мықты, алып кісі  оған көнбес еді. Бір 
кісі    жаңылса,    иелігіндегі  халқы    бесігіне  дейін  /
бесіктегі    ұрпақтарына  дейін/  құтылмас  еді»  (БҚ) 
[8,197] тәрізді сөйлемдердің қолданылуы көне түр-
кілер болмысын тек діни-мифологиялық қарапайым 
дүниетаным  арқылы  ғана  сипаттауға  болмайты-
нын, адам іс-әрекеті, олардың жағымды-жағымсыз 
қылығы, білігі мен біліксіздігі  арқылы айқындала-
тын ақиқат шындықты да терең түсіне білгенін бай-
қаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер  
1  Базен  Л.     Человек и понятие истории у тюрков Центральной Азии в ҮІІІ в. // Зарубежная тюркология. – М. 
Наука, 1986. С.345-360.
2  Аманжолов А.   Түркі филологиясы және жазу тарихы. – Алматы: Санат,1996. -128 б.
3  Айдаров Ғ.   Күлтегін ескерткіші. –Алматы: Ана тілі, 1995. -232 б.
4  Ескеева М.Қ.  Көне түркі және қазіргі қыпшақ тілдерінің моносиллабтық негізі.     -  Алматы: Арыс, 2007. 
-360 б.
5  Кайдар  А.   Тысяча метких и образных выражений. –Астана: Бiлге, 2003. -368 б.
6  Кеңесбаев І.   Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: Ғылым, 1977. -711 б.
7  Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі.   – Алматы:Дайк-Пресс,2008. -968 б.
8  Сартқожа Қ. Орхон мұралары.  –  Астана: Күлтегін, 2003.-392 б. 
9  Кляшторный С.Г.   Мифологические сюжеты в древнетюркских памятниках // Тюркологический сборник. – 
М. Наука, 1981. С. 131-132.
10  Сейдімбек А. Қазақ әлемі. -Алматы: Санат, 1997.-464 б.
11  Ескеева М.Қ.  Қазақ жазуының тарихи негіздері. –Астана: ЕҰУ, 2002.-125 б.

163
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Жылқыбай Гүлімжан Қызметқызы 
ф.ғ.к., доцент,  zerek24@mail.ru
Исаева Жазира Исақызы
ф.ғ.к.,  доцент,  jazirhon79@mail.ru
 Түркістан қ., Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
КӨНЕ ТҮРКІЛЕРДІҢ МИФОЛОГИЯЛЫҚ ДҮНИЕТАНЫМЫНДАҒЫ 
ЫДУҚ ЙЕР-СУБ/ҚАСИЕТТІ ЖЕР-СУ   ҰҒЫМЫНЫҢ ТІЛДЕГІ КӨРІНІСІ
 Түйін. Түркі халықтарының рухани-мәдени құндылықтар жүйесі жалпы түркі халықтары ата-бабаларының 
дүниетанымымен, тарихымен, өмір тәжірибесімен үздіксіз жалғасып келе жатқан тұтас құбылыс. Антрополо-
гизм адам ақыл-ойының құрылымы мен оны анықтаудың тетіктерін жалпы болмыс тұрғысынан онтологиялық не-
гізде қарастыратындықтан негiзгi идеялары діни-мифологиялық концепциялармен де астасып жатқанын байқауға 
болады. 
Кілт сөздер:  түркі халықтары, рухани-мәдени құндылықтар, антропологизм, ғалам, табиғат және адам, Жер, 
Су, репрезентация, мифологиялық дүниетаным,  көне түркі ескерткіштер тілі.
Резюме. Система духовно-культурных ценностей тюркских народов представляет собой непрерывный и целост-
ный  процесс развития, в которой находят свое отражение древнее мировоззрение тюркских народов, история станов-
ления и практический опыт целых поколений народов.  Так как антропологизм рассматривается как основа всей струк-
туры мышления и познания человека, выявляется его онтологическая основа, то основные его идеи будут неразрывно 
связаны с религиозно-мифологическими коцепциями. 
Ключевые слова: тюркские народы, духовно-культурные ценности, антропологизм, Вселенная, природа и че-
ловек, Земля, Вода, репрезентация, мифологическое мировоззрение, язык древнетюркских письменных памятников.
Summary: The system of spiritual cultural values of the Turkic people represents continuous and complete development 
in which find the reflection ancient outlook of the Turkic people, history of formation and practical experience of the whole 
generations of the people. As the antropologizm is considered as a basis of all structure of thinking and knowledge of the 
person, his ontologic basis comes to light, his main ideas will be inseparably linked with religious mythological concepts. 
 Key words: Turkic people, spiritual- cultural values, antropologizm, Universe, the nature and the man, Earth, Water, 
representation, mythological outlook, language of an ancient Turkic writing monuments.        
Түркі  халықтарының  рухани-мәдени  құн-
дылықтар жүйесі жалпы түркі халықтары ата-ба-
баларының  дүниетанымымен,  тарихымен,  өмір 
тәжірибесімен  үздіксіз  жалғасып  келе  жатқан 
тұтас құбылыс. Түркі халықтарының рухани архе-
типтері Еуразия құрлығының автохтонды тұрғын-
дары – жартылай көшпелі  көне тайпалардың мә-
дени  құндылықтар  әлемінен  бастау  алып,    түркі 
суперэтносының  қалыптасу  тарихындағы  сан  ға-
сырлық уақыт тезінен өтіп, халықтық тәжірибенің 
сүзгісінен екшеліп, сұрыпталған  кешенді жүйенің 
негізін құрайды. Сайын даланы емін-еркін жайлап, 
табиғатпен етене жақын ғұмыр кешкен ежелгі түр-
кі тайпаларының қайталанбас дүниетанымы, біре-
гей  мәдени-құндылықтар  жүйесі  жалпы  адамзат 
өркениетінің сүбелі бөлігін құрайды. 
Ежелгі  түркі  халықтарының  Жаратқан  ие, 
табиғи  құбылыстар,    қоршаған  орта,  адамзат-
тың  пайда  болуы,  адами  қасиеттер  жайлы  та-
ным-түсініктері туралы, жалпы түркілік болмысқа 
тән  мәдени-рухани  құндылықтар  жүйесі  жайлы 
мағлұмат беретін бірден-бір жазба дерек – ҮІІ-ІХ 
ғасырларда  жазылған    көне  түркі  жазба  ескерт-
кіштерінің тілі.
Ескерткіштер  тілінен  көрініс  беретін    көне 
түркілер  дүнетанымының  ерекше  қырларының 
бірі – Жер-суды қадірлеу: Jaγy bolup itinü jaratunu 
umaduq  jana  ičikmis.  Bunča  isig  küčig  birtükgerü 
saqynmaty «türük bodun ölürejin, uruγsyratajyn», -tir 
ermis. Joq ydu baryr ermis. Üze türük teŋirisi, türük 
yduq jeri suby anča temis. Türük bodun jooq bolmazun 
tijin, bodun bolčun tijin qaŋym ilteris qaγanyγ, ögim 
Ilbilige qatunyγ teŋri töpesinde tutyp jügerü kötürmis  
erinč. Qaŋym qaγ an jiti jigirmi erin  tašyqmys. «Жау 
болып,  қолдарынан  түк  келмей    және  бағынды. 
Сонша күш-қуатын сарп еткенін ойламады. Түрік 
халқы: қырылайық «Өлейік, тұқымсырайық», - дер 
еді,  жойыла  бастаған  еді.    Көкте  түркі    Тәңірісі, 
түркінің  қасиетті  жер-суы  былай  депті:  «Түркі 
халқы  жоқ  болмасын  дейін,  халық  болсын  дейін 
...  әкем  Елтеріс  қағанды,  анам  Ел-білге  қатынды 
Тәңірі төбесіне  ұстап, жоғары көтерген екен. Әкем 
қаған он жеті ер жиыпты.(КТү,10,11) [1,173]. Мы-
салда көрсетілгендей ескеркіштер тіліндегі жер-су 
тіркесі мәнмәтінде, сөйлемде негізінен Тәңір, Көк 
лексемаларымен  бірге  қолданылады.  Бұл  жер-су 
ұғымының  сакральді  мәнін  қоюлата  түседі  және 
діни-мифологиялық  концептінің  үш  бірдей  тірек 
репрезентанттарының қолданылуы түркілік дүни-
етанымның сипатын айшықтай түседі.
Көне  түркілер  танымында  адамзаттың  сана-
лы  тіршілік  иесі  ретінде  пайда  болуына,  Көктен 
Тәңірі  жіберілген  жан  негіз  болса,  оның  тәнінің  
қалыптасуына  Жер  ықпал  етіп,  өсіп-өркендеуіне 
Су жағдай жасайды деген сенім қалыптасқан. Сон-
дықтан Жер мен Суды қос сөз түрінде қатар қол-

164
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
данып “түркілердің қасиетті атамекені” ретінде қа-
стерлеген. Жер қолдаса, жер жарылқаса сәттіліктер 
көп болады деп сенген көне түркілердің мынадай 
ойлары  ескерткіштерде  жазылған:  Түргеш  қаған-
ның» qyyzyn erteŋü uluγ törün oγylyma aly birtimin 
Türük   qaγan....qaγanlyγ böd anča birtim. J... t ertimin 
Tört  [buluŋdaqy  bodunyγ  baz      qyldym.  Bašlyγyγ 
jükündürtim.  Tizligig  sökürtim.  Üze      teŋri  asra  jer 
jarylqaduq üčün «қызын, ер теңі ұлының төрін  ұлы-
ма алып бердім. Түрік қаған ... мен оларға қаған-
дық бөд (тақ киесін) осылай бердім. ... ерттім. Төрт 
тараптағы халықты бейбіт қылдым. Бастары барды 
жүгіндірдім, тізелерін бүктірдім. Жоғарыда Тәңірі, 
төменде Жер жарылқағандығы үшін» (БҚ) [2, 198].
ҮІІ-ІХ  ғасыр  түркілері  арғы  бабалары  тір-
шілік еткен ата-қоныстарын жау қолына бермеуді, 
иесіз қалдырмауды басты парыз санағанын ескерт-
кiштер тiлiндегi сөйлемдерден аңғарамыз: bars beg 
erti. Qaγan at bunda biz birtimiz. Siŋilim quunčujuγ 
birtimiz. Özi jaŋyldy, qa γany ölti. Bodunu küŋ quul 
boldy. Kögmen jir sub idisiz qalmazun tijin az qyrqyz 
bodunyγ  i[tip]  jarat[yp  keltimiz.  Süŋüšdimiz  ilin]. 
«Барыс  (оларға)  бек  болды.  Қаған  атағын  бұнда 
біз бердік. Сіңілім - хан қызын  бердік. Өзі жаңыл-
ды,  қағаны  өлді.  Халқы  күң,  құл  болды.  Көгмен 
жер-суы  иесіз  қалмасын  деп  Аз,  Қырқ  аз  халқын 
құрап келдік. Соғыстық. Елін»  (КТү,20,22) [1,175]. 
Qamaγy  biš  otuz  süledimis.  Űč  jigirmi  süŋüšdimiz. 
Illigig  ilsiretdimiz,  qaγ  anyγqa  γansyratdymyz. 
Tizligig  sökürtimiz.  Bašlyγyγ  jükündürtimiz.  Türges 
qaγan  türükimiz  bodunymyz  erti.  Bilmedükin]üčün 
biziŋe jaŋyluqyn üčün ölti. Bujruqy begleri jeme ölti. 
On-oq bodun emgek körti. Ečümiz apamyz tutmys jir 
sub idisiz bolmazun tijin az boduny γitip jar[atyp...«-
Барлығы  жиырма  бес  рет  жорық  жасадық.  Он  
үш  рет  соғыстық.  Елдігін  елсіреттік,  қағандығын 
қағансыраттық.  Тізеліні  бүктірдік,    бастарын  жү-
гіндірдік.  Түргеш  қаған  түрікіміз,  халқымыз  еді. 
Білместігі үшін,  жаңылғаны үшін  өлді. Бұйрықы 
/қолбасшысы/  бектері  де  өлді.  Он-оқ  халқы  азап 
көрді. Атамыз, бабамыз  тұтқан Жер-су иесіз бол-
масын  деп Азды халық етіп құрап» [2, 198,266 ].
Ескерткіштер мазмұны бойынша түркілер та-
нымындағы  Жер  ұғымына  қатысты  жинақталған 
білім жүйесі мифологиялық сипаттағы қарап45ай-
ымдылығымен  қатар  шынайлығымен  де  сипатта-
лады. Жер ұғымының ғылыми мағынасы “1. Күнді 
айнала қозғалатын Күннен кейінгі үшінші плане-
та. 2.Жер қаты, қабаты, құрлық, топырақ” [3,297]. 
Түркi тiлдерiнде jer ≈ jir ≈ jэr ≈ žer ≈ džer ≈ zer ≈ čir 
≈  ser  ≈  sijr  ≈  ser  тұлғаларында  қолданылатын  jir/
jer  лексемасының  «жер»,  «ел»,  «аймақ»,  «орын», 
«топырақ»,  «жер  телiмi»,  «алқап»,    т.б.  мағына-
лары  белгiлi  болғанымен,  бастапқы  мәнi  ретiнде 
«жер»  ұғымы  танылады.  Түркiлiк  дүниетаным 
бойынша қасиеттi жермен бiрлiкте қаралатын sub 
қазiргi түркi тiлдерiнде suγ ≈ sub ≈ suυ ≈ suw ≈ suj 
≈  sïï  ≈  šïb  ≈  čïυ  ≈  čï  ≈  čïï  т.б.  тұлғалары  арқылы 
берiледi. Көне түркiлiк танымда адамзаттың өмiр 
сүруiне, өсiп-өркендеуiне жағдай жасаушы маңы-
зды  нысан  ретiнде  таңбаланған  ақпарат  jir  –  sub 
қосарлы лексемасының түпкi мазмұндық құрылы-
мында  сақталғандықтан  ол  «Табиғат»  –  «Адам» 
–  «Қоғам»  триадасын  бiр-бiрiмен  жалғастырушы 
дәнекер қызметiн де атқарады. Себебi жер, су мо-
носиллабтары «Табиғат» концептiсiнiң негiзгi тiл-
дiк моделi бола отырып, мифологиялық сана бой-
ынша адам тәнiн жаратушы «аналық негiз», ақиқат 
сана бойынша «адам мекенi» ретiнде «Адам/кiсi» 
концептiсiнiң,  «белгiлi  мемлекеттiң  территори-
ясы»  ұғымы  арқылы  «Қоғам»  концептiсiнiң  тiл-
дiк  модельдерiн  құрайды.  Адамзат  Жер  планета-
сында тіршілік ететіндіктен жерсіз өмір жоқ, жер 
сілкінісі сияқты табиғи апаттар жердің жарылып, 
опырылып  түсуі  адам  баласына  қауіп  төндіреді. 
Күлтегін  ескерткішіндегі  Anča  qazγanmyš  anča 
itmis elimis, törümiz erti. Türük, oγuz begleri, bodun 
esidiŋ!  Üze  teŋri  basmasar,  asra  jir  tilinmeser,  türük 
bodun, eliŋin törüŋin        kim  аrtady. .  Udtačy. . 
.    [ert]i.  Türük  bodun  «Сонша  болған,    жаралған, 
еліміз,  жұртымыз  еді.  Түркі,  оғыз  бектері,  халқы 
естің!  Үстіңнен  Тәңірі  баспаса,  астында  жер  ай-
ырылмаса, түрік халқының ел-жұртын кім құрта-
ды?!  Түрік  халқы,  өкін!»[1,176]  мәнмәтініндегі 
asra  jir  tilinmeser,  türük  bodun,  eliŋin  törüŋin  kim  
аrtady «астында жер айырылмаса, түрік халқының 
ел-жұртын  кім  құртады?!»  деген  сөйлемнен  көне 
түркілер танымындағы шынайлықты көреміз.
Ескерткіштер  тілінен  көрініс  тапқан  көне 
түркілердің  мәдениеті  мен  дәстүрінен,  діни-ми-
фологиялық  наным-сенімдерінен,  тұрмыс-сал-
тынан, жалпы құндылықтар жүйесі мен этностық 
болмысының,  дүниетанымының  ментальды  ерек-
шеліктерінен  мағлұмат  беретін  тілдік  бірліктер 
қазіргі түркі халықтарының ұлттық болмысын ай-
қындайтын  тілдік  бірліктермен  астасып  жатады. 
Соның негізінде «ұлттық мәдениеттің мәні ұлттық 
санада ұжымдық (этностық) тұтастық, әлеуметтік 
интеграция,  рухани  кеңістік  қалыптастыруымен 
сипатталады.  Оның  айқын  көріністері  сакрализа-
ция тәсілі мен ұлттық психологиялық негіздегі сан 
қырлы символдық жүйе мен тілде көрінеді.  Соның 
нәтижесінде  мәдениеттің  негізгі  арқауы  сақтала-
ды, жаңа сапада жаңғырады, ұрпақтан ұрпаққа же-
теді.Шын  мәнінде  қоғамда  ұрпақтар  жалғастығы 
мәдени  мұраларды  игеру,  қабылдау,  әрі  қарай  да-
мыту арқылы жүзеге асады. Атап айтқанда, мәде-
ни ақпараттар салт-дәстүр, әдет-ғұрып т.б. рәміздік 
жүйемен қатар тіл арқылы, сөз өнері, сөз мәдениеті 
арқылы жүзеге асады.» [4, 20,21]. 
Қазіргі қазақтар дәстүрінде туған жердің топы-
рағынан тұмар тағу дәстүрі  де Жерге тағзым етуден 
қалған белгілердің бірі. Белгілі ғалым А.Сейдімбек 
«Тұмар тағу ырымы – ислам дінінен ада байырғы 
түркілер  дәстүрi.  Тәңірлік  наным-сенімдегі  әрісі 
түркілер, берісі көшпелі – қазақ үшін Күн, көк, от, 

165
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
су  сияқты  Жер  де  киелі.  …Байырғы  көшпелілер 
тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім 
топырағы болған» дей отырып тұмар сөзінің эти-
мологиясын  тума  –  ер  «туған»,  «жер»  сөздерінің 
кірігуімен байланыстырады [5, 272].  Көне түркілер 
дәуірінен жеткен жерді қастерлеу, киелі санау қа-
зақ тіліндегі жерұйық “малға-жанға құт, шұрайлы 
жер” [3, 297]. Асанқайғының желмаяға мініп адам-
заттың өмір сүруіне қолайлы жер – Жерұйықты із-
деп қазақ даласын аралап шығуы жайлы аңыздың 
сақталуы  да  жер  қадірлеу  идеясынан  туындаған. 
Зерттеушілер  ескерткiштер  тiлiнде  жиi  қолданы-
латын ïduq «қасиеттi»: türk ïduq jir-subï anča timis 
«түркiнiң қасиеттi жер-суы былай дептi» (КТү,10) 
лексемасы қазақ тiлiндегi жерұйық сөзi құрамын-
дағы  ұйық  сөзiмен  төркiндес  болуы  мүмкiн.  *ïd, 
*uj моносиллабтарының теориялық сәйкестiк түзу 
мүмкiндiгi бар екенін, түркi тiлдерi iшiнде d ≈ j, ï 
≈ u сәйкестiктерi кеңiнен тараған құбылыс екенін 
айтады [6,281]. Қазақ тілінде жер сөзінің “планета 
атауынан” басқа да бірнеше мағынасы бар: “белгілі 
бір ел, мемлекет”, “біреудің пайдалануындағы, қа-
рамағындағы аумақ, “ мекен, жай, орын”, “ел-жұрт 
өмір сүрген орта”, “мезет, кез, уақыт, мезгіл, орын, 
тұс”.  Фразеологиялық  қолданыстарда  да  түрлі 
мағына береді: Жерден жеті қоян тапқандай “қатты 
қуанды”,  жер  аяғы  кеңіді(босады)  “қар  еріп,  күн 
жылынды”, жер аяғы қиянда “ ат тұяғы жеткізбес 
алыс”, жер болды “тып-типыл болды, жермен-жек-
сен болды; абыройы түсті, ұятқа қалды”, жер қай-
ысқан “ тым көп”, жер қойнына кірді “өлді, о дүни-
еге кетті”, жер ортасынан асты “егде тарта бастаған 
адам” [3,297]. Су “1. Өзен, көл т.б. түзетін мөлдір 
сұйық зат. 2. Ағынды өзен. 3. Құрғақ емес, ылғал” 
[3,742]. Тіршілік көзі саналатын суды қастерлеу қа-
зақтар  арасындағы  “”бейуақытта  әйел  адамдарды 
суға жібермеу” салтынан көрініс тапқан. 
Көне түркілер дүниетанымындағы  Ыдуқ йер-
суб/Қасиетті жер-су ұғымы қазіргі қазақ тіліндегі 
Туған  жер,  Отан  және  белгілі  бір  шекарасы  бар 
мемлекеттік  территория  ұғымдарының  баламасы 
ретінде танылғанын ескерткіштер тіліндегі дерек-
тер  толық  дәйектейді.  Көне  түркілердің    Жер  ту-
ралы аялық білімі - тылсым құбылыстардың құпи-
ясын  білуге  ұмтылу,  қатал  табиғи  құбылыстарға 
бейімделу, жер бетіндегі адам өмірін мүмкіндігін-
ше жеңілдету позицияларымен қатар отаншылдық, 
елдік,  туған  жердің  қадір-қасиетін  бағалау,  туған 
халқын сүю, түркілердің мүддесіне сай әрекет ету,  
түркі ұрпағы болып жаратылғанын мақтаныш ету 
тәрізді түркілік патриотизм идеяларымен сабақта-
са отырып жинақталғанын аңғаруға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет