Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет27/38
Дата30.01.2017
өлшемі5,36 Mb.
#3042
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38

Сағындықұлы Берікбай
профессор, филология ғылымдарының  докторы,  Berikbay.sagyndykuly@mail.ru
Құлжанова Бақытгүл 
доцент,  филология ғылымдарының кандидаты, Bahit777@mail.ru
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Қазақ  тіл білімі кафедрасы
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ БАРЫС СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ 
ФОРМАЛАРЫ ҚАЛАЙ ПАЙДА БОЛҒАН?
Түйін. Түркі тілдеріндегі барыс септігі жалғауларының формалары басқа септік жалғауларына қарағанда аса 
көп. Осыған байланысты  түркі тілдерін зерттеушілердің пікірлері де алуан-алуан болып келеді. Тіпті қарама-қарсы 
айтылған пікірлер де жеткілікті.  Мақалада барыс септігі жалғауларына байланысты бүкіл пікірлер топтасты-
рылып,  талданған. Ғылыми жаңалығы, шындыққа жанаспайтын тұстары ашылған. Автор осы зерттеулерінде 
түркі тілдеріндегі барыс септігі жалғауларының тың этимологиясын ұсынады. Ол барыс септігі жалғауларының 
арғы  тегі  –  жеке сөз  «бағыт»,  «бағдар» мағынасын  берген арун  тұлғасы  екендігін анықтайды.  Осы  сөзге  өзінің 
алдындағы түбірлерден жылысып келіп, сіңісіп кеткен қ,к,ғ,г дауыссыздары «арун» формасын  «қарун» формасына 
өзгертеді. Дәл осы екі формадан жуан дауыстылардың жіңішкеруі, қатаң дауыссыздардың ұяңдануы және үнемдеу 
заңы негізінде барлық барыс  септігі жалғаулары қалыптасқан. 
Түйін сөздер: барыс септігі, арун, этимология, ғылыми жаңалық, түркі тілдері.
Summary.  Forms of endings of dative case in the Turkic languages are more numerous than other grammatical cases. In 
this regard, there are also a wide variety of opinions of scientists who make a research on the Turkic languages. There are even 
viewpoint that are quite opposite. All opinions on endings of dative case are classified and analyzed as well. Scientific novelty 
and some issues that are not close to reality are determined. The author offers etymology of endings of dative case in the Turkic 
languages. He defines a single word “arun” which stands for “bagyt” (direction) and “bagdar” (way) as an archaic type of 
endings of dative case. The consonants қ, к, ғ, г (q, k, g, g) that are merged from the previous roots changed the word "arun" 
into the form "qarun". All endings of dative case are formed as a result of the process of changing the open vowels into the close 
and the voiceless consonants into the voiced, as well as linguistic economizing. 
Keywords: dative case, arun, etymology, scientific novelty, the Turkic languages.
Резюме. В тюркских языках окончаний дательного падежа  больше чем в других падежах. И по этому поводу 
мнения исследователей тюркских языков расходятся. В статье приводятся и сопоставляются все мнения касательно 
этого падежа. Раскрыты научные факты, не подлежащие деиствительности. В своем исследовании автор приво-
дит этимологию окончаний данного падежа. Он выяснил, что слово «барыс» является аруном по содержанию слов 
«бағыт», «бағдар». Форма «арун» была изменена как «қарун» в последствии внедрения таких букв, как қ, к, ғ, г, ко-
торые были перед корнем слова. И именно из этих двух форм были образованы все окончания дательного  падежа  на 
основе закона экономии, были смягчены твердые гласные и озвончены глухие согласные.
Ключевые слова: дательный падеж, арун, этимология, научный факт, тюркские языки.
«Барыс  септігінің  зат  есімге  жалғанатын 
жалғаулары –   -ға/-ге, -қа/-ке, -а/-е, -на/-не. Мұның 
кейінгі  -а/-е, -на/-не түрі тәуелдеулі зат есімдерге, 
-ға/-ге, -қа/-ке өзге зат есімдерге жалғанады. Барыс 
септіктегі  сөз,  негізінде,  істің,  қимылдың  кімге, 
неменеге,  қай  жерге  бағытталғандығын  білдіреді. 
Бағыт, бағдарды білдіру – оның ең негізгі мағына-
сы. Ал қалған мағыналары оның негізгі мағынасы-
ның әр түрлі көрінісі есепті. Әлбетте, септік жалға-
улы  сөздің  белгілі  бір  грамматикалық  мағынаны 
аңғартуы  –  оны  өзіне  тәуелді  етіп,  бағындырып 
тұратын сөздің лексика-грамматикалық мәніне де 
белгілі  бір  дәрежеде  қатысты  болады.  Сол  үшін 
де  сөйлемде  белгілі  бір  сөзбен  бағыныңқылық 
қатыста  айтылуына  байланыста  барыс  септіктегі 
сөздің  грамматикалық  өңінің  құбылып  отыруы  - 
әбден заңды жағдай. Сонымен бірге септік жалға-
уы  жалғанып  отырған  сөздің  өз  мағынасының  да 
септік жалғауының мағыналық реңін түрлендіруге 
едәуір  әсері  болады»  [1,58-59.].  Септік  жалғаулы 
сөздің мағыналық белгісінің түрліше болуы осын-
дай жағдайларға байланысты.
   «Китаб  ат-тухфа  аз-закийа  фи-л  луға 
ат-туркийа»  (қысқаша  «Ат-тухфа  аз-закийа») 
ескерткіші тілінде барыс септіктің жалғаулары -а/-
ә, -йә, -ға(-н+ға)/-гә, -қа/-кә, -на/-нә                [1, 37].  
 
Орхон-енисей жазбаларында барыс септік 
жалғауының  бірнеше  түрі  бар:  -ғару/-герү,  -қа-
ру/-керү,  -ру/-рү,  -қа/-ке,  -ға/-ге,  -йа/-йе,  -а/-е  [1, 
156]. 
 
Барлық  түркі  тілдеріндегі  барыс  септі-
гінің көне және жаңа формаларының жиынтығын 
былайша  топтастыруға  болады:  -қарун/-керүн, 
-ғарун/-герүн,  -қару/-керү,  -ғару/-герү,  -қар/-кер, 
-ғар/-гер,  -қа/-ке,  -ға/-ге,  -йа/-йе,  -һа/-һе,  -арун/-
ерүн, -ару/-ерү>-ар/-ер, -а/-е, -ару/-ерү>-ру/-рү.
 
Барыс  септігі  жалғауларының  жоғарыда 
санамаланған формалары туралы түркологтар сан 
алуан пікір білдірген. Солардың басты-бастылары-
на тоқталалық.

197
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
Қыпшақ  және  қарлұқ-ұйғыр  тобындағы  тіл-
дерде,  сондай-ақ  Сібір,  Алтай  тілдерінде  барыс 
септік  тұлғасы  -қа/-ке,  -ға/-ге  (немесе  оның  ва-
рианттары),  оғыз  тобындағы  тілдерде  және  чу-
ваш тілінде -а/-йа. Қазақ тілінде егер сөз тәуелдік 
жалғаулы болса, қ, к, ғ, г дыбыстары түсіп қалады 
да -а/-е түрінде жалғанады.
Осы  екі  түрлі  форманың  қайсысы  ескі  деген 
сұраққа аса көрнекті түрколог Г.Рамстедт бүкіл ал-
тай тілдерін өзара салыстыра келе -а/-йа деп жауап 
қайтарады [2, 39].     Б.А. Серебренников пен К.Г. 
Менгес те барыс септіктің -а көрсеткішін ең ескі 
деп есептейді. Олардың ойынша, екінші бір барыс 
септігінің  мағынасын  беретін  қ  элементі  ежелгі 
дәуірде-ақ -а формасымен бірігіп күрделенген.
Бұған  керісінше,  О.Бетлингк  пен  А.М.  Щер-
бак  -қа/-ке,  -ға/-ге  формасын  ежелгі  деп  таниды. 
Оғыз  тілдеріндегі  -а/-е  көрсеткіші  тарихи  даму 
барысында бірте-бірте қалыптасқан деген болжам 
жасайды.  Қазіргі  түркі  тілдерінде  аса  жиі  қолда-
нылатын барыс септігінің бұл формалары, сөйтіп, 
этимологиялық жағынан әлге дейін дұрыс шешімін 
таба алған жоқ. 
Бұдан кейін түркологтар барыс септігінің -қа-
ру/-керү, -ғару/-герү, -ару/-ерү формаларына ерек-
ше  назар  аударды.  Бұл  жалғаулар  орхон-енисей 
жазбаларында  жиі  кездескенімен,  кейінгі  дәуір-
лерде,  тіпті  орта  ғасырларда-ақ,  жойылып  кетті. 
Ілгері, жоғары, шеткері, сыртқары, ішкері сияқты 
үстеулердің құрамында ғана сақталып қалды. Да-
уыссызға  біткен  түбірлерге  -ару/-ерү  түрінде,  да-
уыстыға біткен түбірлерге -қару/-керү, -ғару/-герү 
түрінде жалғанады.
В.В.Радлов бұл форманы алғашқысы -қа – ба-
рыс септігінің элементі болса, соңғысы -ру үстеу 
жасайтын  құранды  аффикс  деп  есептеді.  Кейін 
ол үстеу құрамынан бөлініп шығып, барыс септік 
жалғауы  қызметін  атқаратын  болған.  С.Е.Малов 
та  осы  пікірге  қосылады.  Ол  -ру  формасын  өте 
ескі дәуірдің қалдығы деп түсінеді. Э.В.Севортян 
екеуін  де  -қа-ны  да,  -ру-ды  да  барыс  септігінің 
жалғауы деп түсінеді. К.Каримов барыс септігінің 
жалғауы қара – (көр) көсемшесінен шығуы мүмкін 
десе, Н.П.Дыренкова мен А.З.Абдуллаев қар (қол) 
сөзінен  пайда  болған  деп  жорамалдайды.  А.М.
Щербак -қару/-ғару формативін екіге бөліп-жарып 
қарамайды, біртұтас бірлік деп түсінеді. Ол барыс 
септігінің формасы -қа/-ға-ны үнемдеу құбылысы-
ның заңдылықтарынан кейінірек пайда болған эле-
мент деп таниды. Мынадай кесте ұсынылды: -ға-
ру>-ғар>-ға>-а (9. 48-49-б.). Шындығында,     -ға 
жалғауынан  -а  жалғауы  пайда  болмайды.  Соңғы 
форма – көненің қалдығы. 
М.Томанов былай деп жазады: «Кейінгі дәуір 
мұраларында  осы  аффикстің  -ғар  тұлғасы  бар. 
Бірақ  мұның  өзі  де  сөз  құрамында  көбіне  -ңар 
түрінде  ғана  кездеседі.  Бұл  жерде  мына  өзгеріс 
байқалады:  -ғар  аффиксі  көбінесе  есімдіктерге, 
әсіресе, жіктеу есімдіктеріне (мен, сен, ол) жалға-
нып қолданылғанда түбірдің соңғы -н дыбысы мен 
аффикстің басқы -ғ дыбысының тоғысуынан барып 
-ңар  тұлғасы  пайда  болса  керек.  Нақ  осы  тұлға-
сында барыс септік тіпті сол рун жазбаларында да 
қолданылған: Аңар адынчығ барқ йаратуртым (ҚТ) 
(Оған  айрықша  жай  тұрғыздырттым)  (12.  156). 
Алайда бұл тұлға қазіргі хақас тілінде  есімге де 
жалғана  береді:  часхар  (көктемге),  күскәр  (күзге) 
т.б.  Якут  тілінде  тәуелді  септеудің  парадигмасы-
на енеді: ағабытығар (біздің әкемізге), ағағытығар 
(сіздің  әкеңізге),  ағаларығар  (олардың  әкелеріне) 
т.б. [2, 48].   
Түркологияда  жемісті  еңбек  еткен  үлкен  ға-
лымдардың  бірі  А.М.Щербак  былай  деп  жазады: 
«Көрнекті ғалымдардың бірі М.Левицкий көне түр-
кі тілінде бір ғана түпкітектен тараған барыс септі-
гі қызметін атқаратын -ра/-рә, -ру/-рү, -ры/-ри фор-
маларының өмір сүргендігін түркологияда тұңғыш 
рет мәлімдеді. Моңғол тілдерімен салыстыра келіп, 
мұндай  септік  формалары  бар  екендігін  ірі  ға-
лымдар  В.Котвич,  К.Брокельман  және  Г.Рамстедт 
мойындады. Осыдан кейін арнайы тарихи-грамма-
тикалық зерттеулер жүргізіле бастады. Алайда асра 
(астына  қарай),  ичра  (ішіне  қарай),  өңрә  (анда), 
соңра (соңына қарай), үзра (үстіне қарай) сияқты 
үстеулердің, йүрәкра (жүрекке), башра (басқа, ба-
сына), көзрә (көзге, көзіне), түбрә (түпке, түбіне) 
сияқты есімдердің құрамына жіті назар аударған-
да,  олардың  бірқатарының  көсемшенің  түбірге 
тұтасуы негізінде, бірқатары ара сөзінің кірігуі не-
гізінде қалыптасқандығы анықталды. Оның үстіне 
-ры көрсеткіші орхон-енисей жазбаларында, көне 
ұйғыр  текстерінде  ұшырамайды.  Иран  тілдерін-
де -ры өзге мағыналарымен қатар бағыт, беталыс 
мағынасын да береді. Махмуд Қашғари сөздігі мен 
көне түрік текстерінде ұшырайтын -ра, сірә, пар-
сы тілінен ауысқан элемент болуы да мүмкін» [2, 
42-43]. Сондай-ақ -ру/-рү, -ры/-ри формаларының 
барыс септігі жалғауы болу ықтималдығы күмән-
ді.  Біріншіден,  -ғару  формасының  -ға  және  -ру 
бөлшектеріне бөлінетінін айғақтайтындай тура не-
месе жанама бірде-бір факт жоқ. Екіншіден, кеңрү 
(кең), бекрү (берік), йандру (қайтадан), өрү (жоға-
ры), утру (қарама-қарсы) сияқты үстеулер мен шы-
лаулардың  құрамындағы  -ру  көсемшенің  түбірге 
сіңісуі нәтижесінде пайда болғандығы дәлелдеуді 
қажет етпейді. Ата тілде барыс септігінің  -ра/-рә, 
-ру/-рү,  -ры/-ри  формалары  болғандығына  жет-
кілікті дәрежеде тілдік фактілер жоқ [2, 44].    Түр-
кологиядаға  барыс  септігінің  формалары  жайын-
дағы  бүкіл  зерттеулерді  шоли  қарағанда  мынаны 
анық  аңғарамыз:  барыс  септігінің  этимологиясы 
ашылмаған. Біз өз тарапымыздан жаңаша этимоло-
гиялық болжам (гипотеза) ұсынамыз. Бұған тарихи 
жазбаларда сақталып қалған бір ғана сөз көмекке 
келіп отыр. Ол – ташқарун. Оған «Көне түркі сөзді-
гінде» мынадай анықтама берілген: снаружи, вне, 

198
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
в  стороне:  Кенә  ташқарун  қалмасун  биллүг  бол-
сун Ким күнтүнки булуңда  Барақа дегән бир йер 
бар  турур  (ДТС,  540)  (Және  тысқары  қалмасын, 
жұртқа  белгілі  болсын,  оңтүстік  аймақта  Барақа 
деген бір жер бар).
Көне  түркі  тіліндегі  ташқарун  сөзінің  қазақ 
тіліндегі  баламасы  –  тысқары.  Үстеуге  айналған 
бұл сөзге «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» мы-
надай анықтама берілген: 1. Сырт жерде, далада. 2. 
Алыста, қашық жерде, аулақта. 3. Шет, бөлек, сырт, 
тыс.  «Көне  түркі  сөздігінде»  (Древнетюркский 
словарь) осы үстеуге қатысы бар мынадай сөзфор-
малар кездеседі:
таш    1. внешний вид, облик; наружная, внеш-
няя сторона.
 2. наружный внешний; верхний (об одежде).
 3.  в служ. знач.  Послелог   а) кроме,   вне;   
б) около.
ташық  -  выходить,  выступать,  отправляться 
в поход. Ер евдин ташықты (ДТС, 540) (Ер үйден 
сыртқа шықты)
ташқару   наружу.
Теріп  алынған  сөздерді  өзара  салыстырсақ 
ең алдымен мынаны байқаймыз: түпкітек *ташқа-
рун сөз формасынан соңғы н дауыссызы түсіріліп 
айтылып  (элизияға  ұшырап),  бірте-бірте  ташқа-
ру үстеуі қалыптасқан. Ташық және ташқару сөз-
формаларын  өзара  салыстырғанда  негіздегі  қ  да-
уыссызының  қосымшаға  ауысқаны  аңғарылады: 
ташық+ару>таш+қару.  Сондай-ақ  осы  үстеудің 
толық  формасы  ташық+арун>таш+қарун  түрінде 
түбір мен қосымшаға бөлінеді.
Сонда  бұл  қосымшалардың  алғашқы  форма-
сы *арун және *ару екендігі нақты факті арқылы 
анықталып отыр. Ал қарун мен қару – екінші дәре-
желі туынды форма, тілдік өмірге қ қатаң дауыс-
сызының жылысуы нәтижесінде кейін келген: қ+а-
рун, қ+ару. 
Көне түркі тілі материалдарынан тағы бір мы-
сал келтірелік.
илик:     ең илик прежде всего, самый первый 
раз.
илк      прежде, вначале; илк сен барғыл внача-
ле ты иди[3].   (ДТС, 
    208).
илгәрү вперед (~на восток), илгәри кетти  он 
ушел вперед (~на восток) (ДТС, 208).
Қазақ  тілінде  ілгері  алға,  алдыңғы  жаққа  [4, 
430].  (ҚТТС, 10-том, 430-б.) деген мағына береді. 
Яғни ХІ ғасырдағы лексикалық мағынасынан анау 
айтқандай  алшақтай  қоймаған.  Алға  сөзформа-
сының  түбірі  ал,  ескі  илк  сөзформасының  түбірі 
ил – сингармониялық варианттар. Сөз басындағы 
а~и  сәйкестігі  –  ішкі  флекция  қалдығы  болуы  да 
мүмкін. Ішкі флекция ілгері дәуірлерде сөздердің 
лексикалық, лексика-грамматикалық және грамма-
тикалық  мағыналарын  құбылтып,  сөзжасам  про-
цесіне қатысып отырған. Осы себепті ал мен ил-дің 
арасында азын-аулақ айырмашылық болуы заңды.
Көне  түркілік  ил+ик  пен  ил+к  түбір  мен  қо-
сымшаға бөлінеді, бірақ жұрнақ түбірге сол кездің 
өзінде-ақ әбден сіңісіп кеткен. Илк туынды түбірі-
не (негізге) -әрү жалғауы жалғанғанда негіздегі к 
ұяңданып, қосымшаға ауысқан. Осыдан келіп ил+-
гәрү кейінгі дәуірлерде басқаша жіктелетін болған. 
Анығырақ  айтқанда,  -гәрү  жұрнағы  тілдік  өмірге 
келіп, тұрақтанған. Орхон-енисей ескерткіштерін-
де көп ұшырайтын -қару мен -гәрү осындай, жоға-
рыда баяндалғандай, жолдармен пайда болған.
Бұл жалғаудың – барыс жалғауының одан әрі 
дамуына,  өзгеріп,  құбылуына  үнемдеу  заңының 
ықпалы өте күшті болған. -қару/-ғару, -кәрү/-гәрү 
формаларының  құрамындағы  у  мен  ү  элизияға 
ұшырап,  жойылып  кетеді  де,  жалғау  тұлғалары 
одан  әрі  ықшамдалады:  (-қару/-ғару>)-қар/-ғар 
мен – (-кәрү/-гәрү>)-кәр/-гәр көрсеткіштері барыс 
септігінің функциялық қызметін атқара бастайды. 
Бұл  жайында  А.М.Щербактың  пікірі  мына 
төмендегідей: «В отличие от аффикса -ғару~-қару 
аффикс -ғар~-қар, присоединяемый обычно к ме-
стоимениям, часто встречается не только в наречи-
ях, но и в падежной парадигме, ср. др.-тюрк. Аңар 
көрү билиң  «взирайте на нее» (КТ ІІ), муңар тегир 
улуғлуқ «этого [человек] коснется величие» (МК І 
352); кум.буғар «этому», шуғар «тому», оғар тому; 
ног.  (қараноч)  мағар  «мне»,  сағар  «тебе»,  буғар 
«этому»,  оғар  «тому»,  хак.  (качинск)  чоғар  «на-
верх», «вверх», часхар «к весне», күскәр «к осени» 
и.  т.  п.  Аффикс  -ғар~-қар  –  дальнейшее  развитие 
аффикса -ғару~-қару» [2, 47-49].
Біздің  заманымызда  қ,  ғ,  к,  г  дыбыстарынан 
басталатын  кез  келген  жұрнақ  пен  жалғау  көне 
замандарда  дәл  осы  дыбыстардан  басталмаған. 
Басқаша  айтқанда,  тарихи  даму  барысында  қ,  ғ, 
к, г дауыссыздары түбірлер мен негіздерден жұр-
нақтар  мен  жалғауларға  жылысып  отырған.  Осы 
себепті  –ғар  мен  -қар-ды  ғ,  қ  мен  ар-дың  қосын-
дысы  деп  қараймыз:  -ғ+ар  және  -қ+ар.  Сонда  –
ар  жалғауының  тіл  тарихында  өмір  сүргендегі 
анықталады.  Мұның  қалдықтары  қазіргі  тілдерде 
сақталып қалған. Мысалы қарайым тілінде үшінші 
жақтағы жіктеу есімдігіне -ар формасында жалға-
нады:  ан+ар.  Мұндағы  ан  –  үшінші  жақ  жіктеу 
есімдігінің  көне  формасы.  Татар  диалектілерінде 
-  улым+ар+ға  (менің  ұлыма),  үзім+әр+ге  (менің 
өзіме).  Бұл  ретте  барыс  септігінің  көне  формасы 
-әр/-ар мен жаңа формасы -ға/-ге бір-біріне сіңісіп 
кірігіп кеткен [5, 25].
Енді жоғарыда баяндалған пікірлерді қорытып 
көрелік. Бұл үшін ең алғаш әңгімеленген ташқарун 
сөзформасына қайтадан тоқталуға тура келеді. Бұл 
үстеу өз заманында толық мағыналы ташық және 
арун  сөздерінің  бірігіп  сіңісуінен  пайда  болған: 
ташық+арун>ташқарун.  Мұндағы  таш  –  түбір; 
-ық  –  сөз  жасайтын  жұрнақ;  -ар  –  ежелгі  дәуір-
лерде бағыт, беталысты білдіретін жалғау, тарихқа 

199
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
белгісіз  кезеңде  бұрынғы  лексикалық  мағынасы 
күңгірттеніп,  дерексізденіп,  бірте-бірте  қосым-
шаға айналып кеткен сөзформа; -ун – есім жасай-
тын жұрнақ. Олай болса, ар бір замандарда толық 
мағыналы есім болған екен. Оның бағыт, беталы-
сты білдіретін жалғауға айналуы – кейінгі заман-
дардың ықпалы. -ар–дың одан әрі дамып, негізінде 
оғыз  тілдерінде,  сондай-ақ  алтай,  хақас,  шор  т.б. 
тілдерде  ықшамдалып  а-ға  айналуы  –  эволюция 
жемісі.  Үнемдеу  заңының  әсерінен  ықшамдалған 
барыс септігінің -а жалғауы дауыссыздардан кей-
ін осы күйінде (адам+а) дауыстылардан кейін -йа 
күйінде  (маса+йа  «столға»)  жалғанады.  Мұндағы 
й – эпентеза: маса+й+а. 
Сонымен барыс септігінің аса ежелгі заманғы 
-арун формасын алғашқы деп танысақ, -қарун фор-
масын екінші – одан кейінгі тұлға деп пайымдай-
мыз. Даму кестесі мынадай:
1. арун>ару>ар>а; ерүн>ерү>ер>е.
2. қарун>қару>қар>қа; керүн>керү>кер>ке.
Барыс септігінің көне және осы заманғы фор-
малары  қаншалықты  көп  болғанымен,  түпкітегі 
бір-ақ тұлғаға барып тіреледі. Ол –  *-ар. Қазіргі 
қолданыстағы -қа, -ке, -ға, -ге екі бөлшектен тұра-
ды: -қ+а, -к+е, -ғ+а, -г+е. Мына лексикалық бірлік-
терге назар аударалық:
ас         –  биіктеу, ұзару, жоғары көтерілу
ас+ық          бір  заттың  белгілі  бір  нысанадан, 
биіктіктен жоғары өтіп кетуі
ас+қ+ақ   биік, заңғар, зәулім
ас+қ+ан   аса, тым, ерекше
ас+қ+ар   заңғар, зәулім, биік
Көрініп  тұрғанындай,  ең  алдымен  етістіктің 
бір  буынды  түбірі  ас  сөзформасынан  –ық  жұр-
нағы арқылы асық туынды түбірі – негіз жасалған. 
Оған  көне  -ақ,  -ан,  -ар  жұрнақтары  жалғанып, 
күрделенген.  Бұл  жұрнақтар  бірте-бірте  негізбен 
кіріккен.  Соның  нәтижесінде  туынды  түбірдегі 
қ  қатаң  дауыссызы  дауыстыдан  басталатын  көне 
жұрнақтарға жылысқан. Бұл жерде буынның қай-
та түзілу заңдылығы әсер еткендігі анық байқала-
ды. Біздің дәуірімізде -қақ, -қар сын есімнің, -қан 
есімшенің жұрнақтары болып есептеледі. қ, к, ғ, г 
дыбыстарынан басталатын жұрнақтар мен жалға-
улардың  барлығы  дерлік  жылысу  құбылысының 
есебінен  пайда  болған.  Демек  барыс  септігінің 
жалғауының  қосынды  екі  элементтен  тұруына 
(-қ+а, -к+е, -ғ+а, -г+е), айналып келгенде, бір ғана 
заңдылық – жылысу құбылысы – әсер еткен. 
А.М.Щербак: «Б.А.Серебренников и К.Г.Мен-
гес рассматривают -а как древнейший показатель 
дательного  (дательно-направительного)  падежа, 
который  в  сочетании  с  -к,  также  являвшимся,  по 
них мнению, аффиксом дательного падежа, обра-
зовал аффикс -ка», - дей келеді де, оған қарсы мы-
надай пікір айтады: «Очевидно, аффикс а огузских 
языках восходит к -ға, о чем писал еще О.Бетлингк. 
Как  можно  предположить,  преобразование  -ға  в 
-а проиходило вначале только в пределах личных 
местоимений, ср.гаг. бана «мне», сана «тебе», она 
«ему»; кирг. Маға, саға, аға, позднее распростра-
нилось  на  существительные  с  конечным  звонким 
согласным, а затем, по аналогии, в ряде тюркских 
языков стало всеобщим»  [2, 37]. 
Б.А.Серебренников  бұл  тұжырымды  қабыл-
дамайды:  «Такое  суждение  в  известной  степени 
противоречиво. Аффикс -а мог бы заменить древ-
ний аффикс -қа, если бы он был с лингвотехниче-
ской  точки  зрения  более  удобным.  Однако  более 
весомым в данном случае является аффикс -қа, а 
не -а. Кроме того, нельзя абстрагироваться от того 
бесспорного факта, что даже в тех тюркских язы-
ках, где сохранился, по мнению Щербака, аффикс 
древнего направительного падежа -қа, тем не ме-
нее существует наряду с ним и вариант -а, ср.тат. 
қызым+а  «моей  дочери»,  қызын+а  «его  дочери», 
но  урман+ға  «в  лес»,  иптәшкә  «товарищу»  и  т.д. 
Почему  же  -қа  упростился  только  в  склонении  с 
притяжательными аффиксами  [2, 78].   
Тілдік  фактілер  Б.А.Серебренников  и 
К.Г.Менгестің  тұжырымдарының  дұрыс  екендігін 
растайды.
Барлық  түркі  тілдеріндегі  барыс  септігінің 
көне және жаңа формаларының жиынтығына тағы 
бір назар аударалық.
1.  *-арун/-ерүн>-ару/-ерү;  -ару/-ерү>-ар/-ер; 
-ару/-ерү>-ру/-рү.
-ар/-ер>-а/-е;  -а/-е>-йа/-йе;  -а/-е>-һа/-һе;  -а/-
е>-на/-не.
2.  *-қарун/-керүн>-ғарун/-герүн;  -қарун/-
керүн>-қару/-керү;  -ғарун/-герүн>-ғару/-герү;  -қа-
ру/-керү>-қар/-кер;  -ғару/-герү>-ғар/-гер;→-қар/-
кер>-қа/-ке; -ғар/-гер>-ға/-ге.
Барыс септігі жалғауының даму эволюциясы 
бізге мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік бе-
реді. 
1)  Барыс  септігі  жалғауының  түпкі  тегі  – 
*-арун тұлғасы – тілдік фактілер негізінде бұрынғы 
қалпына  келеді  (реконструкцияланады).  Мұның 
құрамындағы  ар  бөлшегі  тарихқа  белгісіз  ежелгі 
дәуірлерде толық мағыналы лексема болған. Кейін 
тарихи даму барысында «бағыт, беталыс» мағына-
ларын  беретін  грамматикалық  тұлғаға  айналған. 
Ал –ун бөлшегі (морфемасы) – есім көрсеткіші. Де-
мек, *-арун – алғашқыда есім сөз. Бұдан   *-арун>-
ару>-ар>-а  тұлғалары  үнемдеу  заңының  ықпа-
лымен бірте-бірте қалыптасқаны байқалады. Осы 
себепті біздің заманымызда оғыз тілдері тобында, 
сондай-ақ алтай, хақас, шор т.б. тілдерде ұшырай-
тын барыс септігінің -а формасын бір замандарда 
өмір сүрген аса ежелгі тұлғаның қалдығы, сарқын-
шағы деп танимыз.
2)  қ  дауыссызының  дауыстыдан  басталатын 
барыс  септік  мағынасын  беретін  *-арун  тұлғасы-
на  жылысуы  -қарун  формасын  өмірге  келтірген. 
Бұл тілдік бірлік те *-арун сияқты үнемдеу заңы-

200
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016
на бағынып, соңғы дыбыстарын бір-бірлеп жоғал-
тқан:  -қарун>-қару>-қар>-қа.  Демек,  оғыз,  алтай, 
хақас, шор т.б. тілдердің барыс жалғауының түп-
кі  негізінде  *-арун  формасы  тұрса,  қыпшақ,  қар-
лұқ-ұйғыр т.б. тілдердің барыс жалғауының түпкі 
негізінде -қарун формасы тұр.
3)  Түркі  тілдері  дамуының  диахрония  дәуір-
лерінде  ұяң  дауыссыздар  мен  жіңішке  дауысты-
лардың  мүлде  болмағандығы  сингармониялық 
варианттар  арқылы  дәлелденіледі.  Қазір  жіңішке 
айтылатын  сөздердің  барлығы  тұтастай  ежелгі, 
аса  ежелгі  уақыттарда  жуан  айтылатын  болған. 
Мысалы, қары>кәрі, доңғалақ>дөңгелек, қол>көл, 
бары>бәрі,  татлы>  тәтті  т.б.  Жіңішке  айтылатын 
барлық сөздердің жуан варианттарының табылуы 
– жоғарыда айтылған тұжырымның дұрыс екенді-
гін  айғақтайды.  Сондықтан,  жуан  варианттардан 
пайда болғандықтан, жалғаулардың жіңішке вари-
анттарына көңіл бөлмесе де болады. 
4)  Барыс  жалғауының  көрсеткіші  дауыссы-
здарға  -а  формасында,  дауыстыларға  -йа  немесе 
-һа формасында жалғанады. -а тұлғасының алды-
на  қосылған  й  мен  һ  –  протезалық  дыбыс.  Олар 
ешқашан мағына жасауға қатыспайды. Кейбір тіл-
дердің тілдік базасы й-ді қаласа, кейбір тілдердің 
тілдік  базасы  һ-ні  қалайды.  Протезалардың  бірде 
олай,  бірде  бұлай  құбылуы  осы  себептен.  Ал  ба-
рыс  септігі  -а  формасының  алдынан  н  дыбысы-
ның  жамалуы  –  жылысу  құбылысының  нәтиже-
сі.  н  –  біртұтас  тәуелдік  жалғауы  -ын-ның  екіге 
жарылуынан  пайда  болған  өлі  форма.  Ол  тарихи 
даму  барысында  туынды  түбірден  (негізден)  қо-
сымшаға  жылысып,  тұрақтанған  элемент.  Мыса-
лы,  түркі  тілдерінің  көне  жүйесі  бойынша  қаған 
сөзіне алдымен тәуелдік жалғауының толық фор-
масы -ын жалғанған: қаған+ын. Оған барыс септі-
гінің формасы -а қосылғанда қаған+ын+а. Қыпшақ 
тілдерінде  –  қаған+ын+қа.  Түркі  тілдерінің  жаңа 
жүйесі қалыптасқанда тәуелдік жалғауының соңғы 
н дыбысы дауыстыдан басталатын жұрнақтар мен 
жалғауларға  жылысып,  оның  құрамынан  берік 
орын алады, алғашқы дыбысы ретінде тұрақтана-
ды:  сонда  қаған+ын+а  емес,  қаған+ы+на  болып 
шығады.  Осы  себепті  біздің  заманымыздың  тіл-
шілері  тәуелдеулі  септіктің  барыс  формасы  деп 
а-ның орнына -на-ны таниды. н қыпшақ тілдерінде 
қ/ғ дауыссызын ығыстырып барып, жылысады.
«Кодекс куманикус» ескерткіші тілінің қазір-
гі  қазақ  тілімен  салыстырғанда  басты  ерекшелігі 
– барыс септігі -а/-е формасының тәуелдік жалға-
уынсыз-ақ  түбір  сөзге  тікелей  жалғана  беретінді-
гі. Осы себепті қыпшақтық вариант -қа/-ке, -ға/-ге 
мен  оғыздық  вариант  -а/-е  жарыса  қолданылады: 
бармақ+қа/бармағ+а,  ат+а  (жылқыға)/ат+қа  т.б. 
Кей    реттерде  тәуелдік  жалғауының  ыдырамай 
тұрғандағы  толық  формасы  сақталғандығы  бай-
қалады. Осы себепті тәуелдік жалғауының үстіне 
жалпытүркілік -а емес, қыпшақтық -ға/-ге форма-
лары қосылады: алн+ын+ға (алдына).
«Ат тухфа аз-закийа...» ескерткіші тілінде ба-
рыс  септігіне  орай  мына  ерекшелік  ерекше  көзге 
түседі: ол - -а/-е формасының алдынан й протеза-
сының қосылатындығы: тәңри+й+а. Тәңри сөзінің 
соңғы  дыбысы  дауысты  болғандықтан  й  соноры 
эпентеза ретінде қызмет етіп тұр. Жалғауды бөлек 
алып қарастырғанда, ол – протеза. «Кодекс кума-
никус» ескерткіші тіліндегідей -а/-е формасы тәу-
елдеулі  сөздерге  ғана  емес  зат  есім  түбірлеріне 
тікелей  жалғана  береді:  ағыз+а  ийлитди  (аузына 
апарды). Екі ескерткіште де барыс септігінің өзге 
формалары  қазіргі  қазақ  тіліндегідей.  Осы  се-
бепті  қыпшақтарды  таза  қыпшақтар,  оғызданған 
қыпшақтар деп екіге бөліп қараймыз.
Әдебиеттер 
1 Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы: Мектеп, 1988. – 145 б.
2 Щербак А.М. Oчерки по стравнительной морфологии тюркских языков (имя). – Ленинград:  Наука, 1977. – 201с.
3  Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, 1969. – 676 с.
4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1-10 том. – Алматы: Ғылым, 1974, 1986. 
5. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 
2005. – 258 б.
 Referenсes
1  Tomanov M. Kazak tilinin tarihi grammatikasy. -Almaty: Mektep, 1988. – 145 b.
2 Cerbak A.M. Ocerki po sravnitelnoi morfologii tiurkskih iazykov (imia).- Leningrad: Nauka, 1977. – 201s.
3Drevnetiurkskii slovar. – Leningrad: Nauka,  1969. – 676 s.
4 kazak tilinin tusindirme sozdigi 1-10 tom. - Almaty: Gylym, 1974, 1986. 
5 Dsagyndykuly B. Kazak tili leksikasy damuynyn etimologialyk negizderi. - Алматы: Kazak universiteti, 2005. – 258 b.

201
_______________________________________________________________________
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №2/2 (37). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет