Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет171/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Л.П. Федеренко, Г.А.Фомичева, В.К. Лотарев, Мектеп жасына дейінгі балалардың 
тілін дамыту методикасы. А., «Мектеп», 1981, 244 
2.
Мұқанов М. Ақыл -ой өрісі. Алматы, «Қазақстан» баспасы. 1980 жыл 
3.
Баймұратова Б «Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету» Алматы, 
«Мектеп» 1981 ж 
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
Орынхан Жасмин Абсейтханқызы 
6В01301 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру 
бағдарламасы студенті, 
Ғылыми жетекшісі: Абдрасилова Гулсим Лесбековна 
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
Аннотация
. В статье излагается важность формирования культуры речи в начальной 
школе. Акцент делается на том, что основой формирования культуры речи является 
обогащение словарного запаса. В процессе выполнения творческих заданий указываются 
пути формирования культуры речи. 
Ключевые слова: 
начальный класс, культура речи, методы, словарный запас, 
творческие задания. 
Abstract. 
The article outlines the importance of the formation of speech culture in primary 
school. The emphasis is on the fact that the basis for the formation of a culture of speech is the 
enrichment of vocabulary. In the process of performing creative tasks, the ways of forming a culture 
of speech are indicated. 
Keywords: 
elementary grade, speech culture, methods, vocabulary, creative tasks. 
Бастауыш сыныптарда тіл дамыту жұмыстарының жүйесінің бірі ретінде 
"Сөйлеу мәдениеті" тақырыбын да қарастырамыз. 
"Сөйлеу мәдениеті" тақырыбына ұсынылған материалдар арасында 
оқушылардың сөйлеу деңгейін анықтайтын тапсырмалар бар. Диаграммамен 
жұмыс кезінде 25 оқушының сөйлеу көрсеткіштерін талдау және 24-жаттығуда 
сауалнамаға жазбаша жауап беру арқылы оқушылар көпшілік алдында дұрыс 
сөйлеуді жүзеге асырады. Бұл үшін оқулықтағы форзацта "Көпшілік алдында 
сөйлеуге үйрету қадамдарын" басшылыққа алады: 
1.
Белгілі бір тақырыпта сөйлеу үшін жоспар құр. 
2.
Не сөйлейтініңді жоспарға сәйкес ретте. 
3.
Сөйлейтін сөзіңді түсінікті, мәнерлі жеткізуге тырыс. 
4.
Сөйлеуіңде ойыңды нақтылай түсетін қыстырма сөздер мен мақал- 
мәтелдерді қолдануды ұмытпа. 
Мысалы, "Мен эколог бола аламын ба?" сауалнаманың сұрақтарына жауап 
бере отырып, оқушылар жазбаша қарым-қатынас дағдыларын игеретіні сөзсіз. 


536 
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның 
қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар болады. 
Сондықтан "Қазақ тілі" оқулығында "Біздің жоба", "Шығармашылық үзіліс" 
айдарымен зерттеу жұмысына бейімдеуге арналған тапсырмалар, өмірлік 
тәжірибені оқытуға арналған жағдаяттық тапсырмалар және т.б. берілген. 
Мысалы, "Шығармашылық үзіліс "айдарында оқушыларға "Сөз және оның 
мағынасы "тақырыбы бойынша алған тілдік білімдерін пайдалану дағдыларын 
үйрету мақсатында өмірлік жағдайда рефлексивті жаттығудың мазмұны 
баяндалған. Сынып оқушыларымен "Ойлан, тап"ойыны ойнатылады. 
Мұғалімнің өзі омоним сөзінің бірінші мағынасына жұмбақ жасырады, 
оқушылар кезекпен келесі мағынаны ұйқаспен жалғастырды. Егер мұғалім 
"Мен бөрене тілер әйдікпін»" деп жасырады да, оқушыдан "ара" сөзінің келесі 
мағынасына жұмбақ жасыруды сұрайды. Оқушы "Мен гүл нәрін сорар 
жәндікпін" деген жұмбақты жалғастырады. 
Сөйлеу мәдениетіне байланысты материалдарды жалғастырсақ, зейінді 
тұрақтандыру, оқиғалар мен құбылыстардан өзіндік қорытынды жасауға 
ұмтылу сияқты қасиеттерді дамыту үшін қажетті материалдар, бір жағынан, 
баланың оқуға деген қызығушылығын арттырады, екінші жағынан, саналы 
мінез-құлық дағдыларын дамытады. Сондықтан ол кейіпкерлердің әрекеттерін 
қайталауға ғана емес, өзгертілген немесе жаңа жағдаяттарда қажетті шешімдер 
қабылдауға үйренеді. Бұл бағытта балаларды күнделікті әлеуметтік-тұрмыстық 
қарым-қатынаста сөйлеу мәдениетінің нормаларын, этикеттік орамдарды 
қолдануға үйрету қажет. "Сөйлеу мәдениеті" тақырыбындағы материалды 
зерделеу кезінде жоғарыда айтылғандарды басшылыққа алған жөн. Сөйлеудің 
мақсаты мен ортасына сәйкес белгілі бір тақырып аясында диалог құру 
тәжірибесінің оқушы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда рөлі ерекше. Осы 
мақсатта оқулықтың 11-бетінде 15-жаттығу берілген [1]. 
"Сөйлеу мәдениеті" тақырыбындағы сабақтар барысында алдыңғы 
сыныптарда ұсынылған ұғымдар кеңейе түседі. Алғашқы сабақта әр түрлі 
жағдайларда сыпайы сөздерді қолдану дағдыларын үйрету материалдарын 
оқыту қарастырылған. Оқушыларға жағдаяттық тапсырмалар арқылы өз 
ойларын білдіруге мүмкіндік беретін "Балалардың іс-әрекеттері дұрыс па? Сен 
олардың орнында не істер едің?" сұрақтары беріледі. Екінші сабақтың 
материалдары "Ана тілі деген не екенін қалай түсінесің?" тақырып аясында 
тілдік нормаларды сақтай отырып әңгімелесуге арналады. 23-24 жаттығуларын 
орындау арқылы студенттер сөйлеу көрсеткіштерін талдайды және сауалнамаға 
жауап беру арқылы өздерінің сөйлеу деңгейлерін анықтай алады [2]. 
Баланы тәрбиелей отырып халық педагогикасына назар аудару - қазіргі 
өмірдің талабы. Халқымыз әрқашан адамгершілікке, бауырластыққа және 
сезімталдыққа 
мойынсынған. 
Отбасындағы 
жақындарына 
қамқорлық, 
мейірімділік - біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. 
Бұл әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер баланың ана тілін меңгеруінде, оқу іс- 
әрекетінде ерекше орын алады. 


537 
Мектеп жасындағы балаларды ана тіліне оқытудағы негізгі мәселелер- 
сөздік қорын арттыру, сөйлеуді дамыту екендігін айттық. Сондықтан да 
бастауыш сыныптағы оқу пәндерінің негізгі мақсаты - сөйлеуді дамыту және 
оқушылардың сөздің мағынасын дұрыс түсінуін, шапшаң оқуды жақсарту. 
Оқушылардың тәрбиелей отырып өте таза, көркем сөйлеуге бағыттау, автордың 
көзқарасын түсінуге баулу. 
Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытуға бағытталған көптеген 
жұмыс түрлері бар. Оқушыларға эссе жазғызу, өлең шығарту, белгілі бір 
тақырып бойынша шығарма жазғызу. Оқушылар үшін ертегілер және әңгімелер 
құрастыру да өте маңызды. 
Заманауи талаптарға сәйкес сабақтар: саяхат сабақтар, аукцион сабақтар, 
панорамалық сабақтар сияқты түрлерге бөлініп өтілуде. Бұл сабақтар бала тілін 
дамытуда, сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда өте маңызды. 
Тіл дамытудың ой дамытумен етене тығыз байланысты болатыны белгілі. 
Олай болса, оқушылардың ауызекі тілін дамыту үшін, біріншіден, балалардың 
сөздік қорын байыту қажет, екіншіден, дұрыс әдеби сөйлеу нормасын үйрету 
керек, ол үшін сөйлемдерді дұрыс құрауға төселдіру жұмыстары жүргізілуі 
тиіс, үшіншіден, ойлары мен байланыстырып сөйлеу дағдылары мен 
шеберліктерін қалыптастыруға баса назар аудару қажет. 
Қоғамның: оқушылардың, ата-аналар мен мұғалімдердің жаңартылған 
білім беру мазмұнына байланысты бағдарламаны жақсы қабылдағаны 
бәріміздің есімізде. 
Сондықтан да жаңартылған білім мазмұнын еліміздің барлық 
мектептеріне ендіру 2016 жылдың 1 қыркүйегінен басталған болатын. 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 
мамырдағы № 199 бұйрығымен «Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4- 
сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту 
қазақ тілінде)» бекітілген болатын [3]. 
"Қазақ тілі" оқу пәнінің 2-4 сыныптарға арналған базалық мазмұнын 
біріктіре отырып қарасақ, тіл және сөйлеу және сөйлеу мәдениеті туралы білім 
мазмұны қарапайымнан күрделіге, тар ұғымдардан кең ұғымдарға, бірте-бірте 
сатылай көтерілгенін байқаймыз: 
2-
сыныпта тіл және сөйлеуден: адам өміріндегі сөйлеудің мәні мен 
қажеттілігі; ауызша және жазбаша сөйлеу туралы түсінік; дауыс күші, ауызша 
сөйлеудің экспрессивті құралдары; ауызша сөйлеудегі қимылдар мен ым- 
ишарат; диалог; монолог туралы айтылады. Сөйлеу мәдениеті бойынша: 
әңгімелесушіні әртүрлі жағдайлар бойынша тыңдау, сөйлеу мәдениетін сақтау; 
сәлемдесу жағдаятында қолданылатын сөздер; сәлемдесу, сұрау, ризашылық 
білдіру сияқты білім мазмұнын құрайды. 
3-
сыныпта тіл және сөйлеуде: ауызша және жазбаша сөйлеудің 
ерекшеліктеріне тоқталады. Сөйлеу мәдениеті: әр түрлі жағдаяттарда өз сөзін 
жүйелі түрде жоспарлау, тілдік нормаларды сақтау; интонацияны, вербалды 
емес тілдік құралдарды (ым-ишаралар) қаратпа сөздерді пайдалана отырып, 
тыңдаушылардың назарын өзіне аудару; өзгенің пікіріне өзіндік көзқарасын 
білдіргенде тілдік және де этикалық нормаларды сақтап сөйлеуден тұрады. 


538 
4-
сынып: ауызша және жазбаша сөйлеу туралы түсініктерді кеңейтуге 
және де тірек сөздерді, жоспарды қолдана отырып монолог құруға негізделген. 
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстары жалғасын табады: сөйлеудің 
мақсаты мен қолданатын ортасына сай белгілі бір тақырыпта диалог құру; 
сұхбаттасатын тұлғаның жасын, жағдайын ескере отырып, сұхбаттасушының 
сезімдері мен көңіл-күйіне әсерін ескеру; интонация мен вербалды емес тілдік 
құралдарды (іс-әрекет пен ым-ишаралар), қыстырма және одағай сөздерді 
пайдалана отырып, тыңдаушыны тақырыпқа тарту. 
Әрбір адамның шығармашылық даму кезеңі оның жаңалық ашуға 
ұмтылысымен қабаттас жүретінін естен шығармаған абзал. Атап айтқанда, 
баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған егіз жүретін білім 
мен тәрбие, мұғалім мен ата-ананың егіз міндеті болып табылады. 
И. Левитовтың ойынша, оқушылардың шығармашылық қабілеттері 
ретінде олардың іс-әрекеттің нәтижесінде жаңа нәрсені үйренуі және олардың 
жеке бейімділігі мен қабілеттерінің көрініс табуы деп түсінеміз. Бастауыш 
мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне орай белгілі бір іс- 
әрекетпен айналысуға бейімділігі, оған деген қызығушылығының артуы, яғни 
қабілеттерінің оянуының алғашқы белгілері. 
Сондықтан мұғалім әрбір баланың ерекше көзге түсетін бейімділіктерін 
дер кезінде байқап, соған сәйкес қабілеттіліктерін дамытуы тиіс. 
Бала – адамзаттың болашағы. Сол себепті болашақ ұрпағымызға заман 
талаптарына сай білім беру талабы қойылады. Мұндай мақсаттар орындалу 
үшін мектеп бағдарламасынан тыс қосымша тапсырмалар берілуі тиіс. Бала 
алғашқы мектепке келген күннен бастап тілдерін дамыту үшін өлең, жұмбақ, 
жаңылтпаштар т.б. тапсырмаларды ата – анасының көмегімен жаттауды қолға 
алғаны абзал. Атап айтсақ: 
1.
Сюжетті суреттер негізінде сұрақтар қою, оған жауап алу арқылы әңгімелеу. 
2.
Өз отбасы жайлы әңгіме құрастыру. 
3.
Ұсынылған тақырыпта дайын мәтіндерді оқу, сәйкес суреттерін көрсету. 
4.
Өз ойын ашық, анық айту, дұрыс сөйлеу. 
Тереңдетіп оқыту барысында сөздік қорын арттыру үшін, әрбір 
оқушының сөйлеу деңгейі, ойлау қабілеті, шығармашылығы туралы зерттеу 
жүргізу керек. Осы тұста оқушылардың жазу сауаттылығын да есепке алу 
қажет. Оқушылардың өз ойларын еркін жазуға үйрететін әдістерге – «Ұйқасын 
тап», «Әңгімені жалғастыр» деген тапсырмалардың әсері мол болады. 
Мұндай 
тапсырмалар 
баланың 
ойлануына, 
ойлауына, 
ойлау 
қабілеттерінің артуына, сөздік қорын байытуға, сөйлеу мәдениетін 
қалыптастыруға, шығармашылыққа апарары сөзсіз. 
Сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың негізі сөздік қорды байыту 
екендігін айтқан болатынбыз. Баланың сөздік қорының анағұрлым көп болуы, 
және де оны дұрыс қолдана білуі жүйелі түрде еңбек етуді қажет етеді. 
Сондықтан да сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстары барысында 
басшылыққа алатын негізгі мәселелердің бірі - балалардың сөздік қорды, 
сонымен қатар ауызекі сөйлеу тілін ең тиімді деген ережелерге сәйкес құра 


539 
білуіне байланысты. Сөйлеу мәдениетінің шыңы, ол тіл арқылы ойын дәл, 
дұрыс және мәнерлі етіп жеткізуінде [4]. 
Сөйлеу мәдениетін дамытудағы тағы бір тиімді тәсілдерінің бірі – 
шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылық тапсырмалар алуан түрлі 
болғанымен, мәні біреу-ақ – жаңа мазмұн жасау болып табылады. 
Шығармашылық жұмыстарды орындау барысында кез-келген бала өзінің неге 
бейімді, неге қабілетті екендігін, талантын, көрсете алады. 
Сондықтан да зерттеу нәтижелері бойынша мынадай шешімге келдік: 
1.
Қазақ тілі сабақтарында «Тіл және сөйлеу» және «Жазбаша және 
ауызша тіл» тақырыптары бойынша сұрақ-жауап, жағдаятқа байланысты 
сөйлеу, өз ойын айту, әңгімелесу, ойын әдістерін пайдаланған тиімді. 
2.
Оқушылардың сөздік қорын арттыруда, өткен жаңа материалдарды 
қайталап бекітуде, жаңа сөздер тудыру жұмыстарын жүргізген абзал. 
3.
Тірек сөздер сөздерді пайдалана отырып жаңа мәтіндер құратқан жөн. 
4.
Суреттерге, заттарға қарап сөйлемдер, соңынан мәтіндер құрастырғаны дұрыс. 
5.
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде ойын 
элементтерін, ойын түрлерін ұтымды пайдалануға болатынына көз жеткіздік. 
Қорытындылай келе халық ауыз әдебиетінің озық үлгілері: мақал- 
мәтелдердің, жұмбақтар мен жаңылтпаштардың бала тілін дамытудағы және 
сөйлеу мәдениетін қалыптастырудағы ерекше рөлін ұмытпауымыз керек. 
Мақал –мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен қатар анаграммалар, өтірік 
өлеңдер, сөзжұмбақтар сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жұмыстарында 
көбірек қолданыста болса оң нәтижелерге жетеріміз сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет