Пайдаланылған әдебиеттер:
1.
А.Қ. Егенисова «Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие
берудің педагогикалық шарттары» Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2000.
2.
Н.Қасымов, Н.Іргебаева, А.Бейсенова, А.Биғалиев, А.Нұғыманов, И. Мұқанова,
Экологиялық білім бағдарламасы. Атамекен-1999, 3-бет.
3.
Г.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатова «Экология оқулығы». Алматы,– 2002.
4.
А.Е. Манкеш, Э.Н. Баталова. «Айналаны қоршаған орта» Экология. Әдістемелік
нұсқау. Алматы кітап, 2002.
БАЛА СӨЙЛЕУІНІҢ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Орынбасарова Ақбаян ІІ курс студенті
Ғылыми жетекші Оспанбаева Айман
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
Аннотация.
В статье представлены различные подходы к подготовке педагогов
общеобразовательных школ к инклюзивному образованию. Раскрывается понятие
«психологическая готовность педагогов к работе в условиях инклюзивного образования» как
целенаправленный, творческий и непрерывный процесс развития профессиональной
компетентности и показаны возможные результаты психологической подготовки
специалистов.
Ключевые слова
: Ключевые слова: инклюзивное образование, психологическая
готовность
педагогов,
профессиональная
компетентность
педагога,
компоненты
психологической готовности педагога.
Abstract.
The article presents various approaches to the preparation of teachers of secondary
schools for inclusive education. The concept of "psychological readiness of teachers to work in
inclusive education" as a purposeful, creative and continuous process of professional competence
development is revealed and possible results of psychological training of specialists are shown.
Keywords
: Keywords: inclusive education, psychological readiness of teachers, professional
532
Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы сөйлеуі жетілмеуінің
күрделі
формаларын
тоқтату
үшін
сөйлеу
дамуының
алғашқы
диагностикасының және медициналық педагогикалық көмегінің ерекше мәні
бар. Қауіп тобына 2 жасқа дейінгі балалар жатады, олар логопедиялық,
медициналық жәрдемді қажет етеді. Ондай балаларды уақытымен айқындап,
қажетті әрекеттің жасалуы баланың ой, сөйлеу қаблетінің дамуын тездетеді
жалпы сөйлеуі жетілмеуінің күрделі формалары орталық жүйке жүйесінің
зақымдалуынан пайда болғаннан кейін тек күрделі формаларды ғана емес
сонымен қатар жай формаларында зерттеу қажет.
Бала сөйлеуінің зерттеуінен айқындалатын баланың ана тілін меңгеру
жолдарын салыстыра келе олардың белгілі бір ұқсастығын байқамау тиісті
емес: бала сөйлеуінің қандайда бір жетілмеуі болса да, бала Н.Н. Гвоздевтің
«Вопросы изучение детской речи» кітабында зерттелген негізгі үш периодтан
асып бара алмайды. Мысалы логопедияда «сөйлеудің жалпы қолданылатын
әсердің жоқтығы» деп сипатталатын сөйлеу дамуының бірінші деңгейі
Гвоздевтің «бір сөздік жаттығу, екі сөз түбірден ұсынлған» деп аталатын
бірінші периодымен салыстыруға болады.
Белгілі бір уақытқа дейін бала сөйлеуі көптеген түсініспеушіліктермен
белгіленіп, морфологиялық элементтерді пайдаланумен сипатталады. Бірте-
бірте араласқан сөз элементтері жақ, шақ, басқада граматикалық
категорияларына бөлініп, сирек кездесетін формалары жиі қолданылады.
Морфологиялық элементтерді қолдану бірте-бірте сиреп сөздердің қолдануы
тұрақты болып, лексиколизация пайда болады.
Мектеп жасына дейінгі баланың тамаша сезімінің дамуын тек қана дыбыс
үндестігін дұрыс айтуды пайдалана білуімен шектестіріп қоймай, ол өзінің
тілін, оның әрі бейнелі түрде мәнерлеп оқуға немесе мәнерлеп сөйлеуге
үйретіп, тырысуында.
Сөйлеу тілі – ауызша тілдің ең қарапайым түрі. Ол жағдайлық,
эмоциялық сипатқа ие әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы
дайындықты қажет етпейді. Байланыстыра сөйлеуге үйрету эстетикалық
тәрбиеге де әсер етеді: әдеби шығармаларды қайта әңгімелеп айту, балалардың
дербес шығармалары тілдің бейнелігі мен мәнерлілігін дамытады, балалардың
көркем-сөйлеу тәжірибесін байытады. Өз тілінің даму барысында балалардың
тілі олардың әрекет және қарым-қатынас сипатымен байланысты. Мектепке
дейінгі жастың соңына қарай тәрбиенің белгілі бір жағдайында бала тілді
пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар оның құрылысын түсіне бастайды,
мұның өзі кейіннен сауат ашуды меңгеруде ерекше маңызға ие.
Соңғы жылдары көптеген мемлекеттерде ерте жастағы балалардың
толыққанды дамуын, жан-жақты жетілуін қамтамасыз ету медицина, білім беру
және әлеуметтік қорғау салаларының басты назардағы мәселесі болып отыр. Себебі
дәл осы ерте жастағы кезеңде баланың физиологиялық, психологиялық тұрғыдан
және тұлға ретінде қалыптасуының алғы шарттары қаланады. Мүмкіндігі шектеулі
балаларға ерте жастағы көмек көрсетудің маңызын келесі факторлармен
түсіндіруге болады: баланың дамуы белсенді динамикалық үдеріс, яғни дамуында
кездесетін ауытқулар мен тежелістер арнайы жағдай жасау арқылы баланың орын
533
толтыру мүмкіндігін жүзеге асырады; баланың орталық жүйке жүйесі өте
бейімделгіш болғандықтан, олар жаңа ақпарат пен дағдыларды бойларына жылдам
сіңіреді; өмірінің алғашқы жылдары бала ағзасының психикалық және моторлық
қызметтері қарқынды дамиды. Осы факторлардың барлығы ерте жастағы кезеңнің
дамыту мен түзетудегі маңызы зор екендігін дәлелдейді.
Арнайы әдебиеттер мәліметтерін қарастырып талдайтын болсақ, cөйлеу
тілінің дамуы тежелген ерте жастағы балалардың саны артып келе жатқандығын
көреміз. Әсіресе тұрақты түрде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін
балдырғандар арасында сөйлеу тілінің дағдылары жеткілікті деңгейде
қалыптаспағандығы анық байқалады. Осы балалардың сөйлеу тілін бағытты
түрде түзету, олардың жалпы дамуының да бірде бір шарты болып табылады
және екіншілік кемістіктердің пайда болуының алдын алады. Сөйлеу тілі
тежелген ерте жастағы балалардың сөйлеу тілін дамытуға едәуір үлес қосатын
бағдарлама дайындау бүгінгі таңда көкейкесті мәселелердің бірі деп санаймыз.
Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек, жылдан жылға
сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін
балалардың пайызы өсуде. Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық
іс-әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді. Бұл
баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді. Оның зияткерлік
дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай
келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды.Екі
категориядағы балалардың сөйлем түрлерін, сөйлемдегі сөз байланысу
әдістерін, сөздің буын құрылысын меңгеру кезегі жалпы заңдылықтармен өтіп,
нормадағы сонымен қатар бұзылу жайында бала сөйлеуінің процесін жүйелік
процесс ретінде қалыптасуын сипаттайды.
Фонетиканы
меңгеру
процесін
екі
категориядағы
балаларда
салыстыратын болса, артикуляциялық аппарат жұмысының күрделі барысында
дыбыстардың меңгерілуі айқын көрсетіледі. Фонетиканы меңгеру ана тілінің
лексикалық-граматикалық құрылысының жалпы қалыптасуымен байланысты.
Сөйлеуі жетілмеген балалардың алғашқы айтылған сөздері нормадан
қатты айрылмайды. Бірақ балалардың жеке сөздерді қолданып сөйлеу кезеңдері
өзекті болып табылады. Баланың 2-3,4-6 жасында да толық сөйлемді жеткізе
алмайтын кезеңдері болады.Бала сөздерді толық айтып немесе сөздердің бір
бөлігі айтылмасада «сөйлей алмайтын» балаларды біреудің айтылған сөзінің
түсіну деңгейімен ажырату қажет. Кейбір балалардың сөйлеген сөзді түсіну
деңгейінің «Яғни импрессивті сөйлеу) сөз қоры өте үлкен және сөздің мәнін
түсіну қаблеті жоғары болып келеді. Мұндай баланың ата-анасы, ол сөйлемді,
бірақ сөзбен жеткізе алмайды дейді.Бірақ логопедиялық зерттеу барысында
импрессивті сөйлеудің кемшіліктері айқындалады. Басқа балалар өздеріне
қатысты материалдармен жұмыс істей алмайды.
Сөйлеу тілі – психиканың қызметіне кіріп, адамзатты жануарлар
қатарынан ажырататын ерекшеліктердің бірі. Сөйлеу тілі баланың барлық
қабілетінің: қарым- қатынасқа түсу, тану, білу, меңгеру, танымдық-зерделеу
және ойын әрекетінің дамуының негізі болып табылады. Бұл байланысты
534
орнатуда баланың сөйлеу тілінің дамуының өзекті мәселесін шешуде мектепке
дейінгі ұйым педагогының әрекеті маңызды.
Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытудың негізгі міндеті –әр
жас кезеңіне сәйкес қалыпты жағдайдағы сөйлеу тілінің дамуы мен ерекшелігін
және коммуникативті қабілетін білу керек. Ерте жас кезеңі – баланың барлық
психикалық процестерінің дамуының маңызды кезеңі болып табылады, әсіресе
сөйлеу қабілеті дамуында. Баланың сөйлеу тілін дамыту ересектермен тығыз
байланыс орнатудың нәтижесінде жүзеге асады. Айта кететін жағдай баланың
сөйлеу тілі туа салысымен орындалатын құбылыс емес. Ол баланың
физикалық-дене және ақыл-ой дамуы процесімен бірге дамиды және жалпы
дамудың көрсеткіші болады.
Баламен үнемі сөйлесу керек. Сөйлесудің, сөйлеу арқылы қатынасқа
түсудің болмауы баланы шаршатып, мазасыз күйге әкеледі. Бала ашуланшақ
болып, өзінің көңіл-күйін айқайлау, жылау арқылы білдіреді.
Дизонтогенездің айқын ерекшелігі сөйлеудің тұрақты және ұзақ жаңадан
сөздерге ұқсастығы болып табылады. Бұл жағдайда бала тек алғашқы
меңгерген сөздерді пайдаланып, өзінің сөз қорындағы жиі кездеспейтін
сөздерді мүлдем пайдаланбайды.Сөйлемейтін балалармен логопедиялық
зерттеу жұмыстарының барысында баланың үлкен кісіге қарап, сөйлеуі жетіліп
оның артынша сөз қайталау қажеттілігінің жауапты кезеңі болып табылғаны
анықталады. Бұл қажеттіліктің пайда болуы баланың «Сөйлемейтін»
категориясынан нашар сөйлейтін категорияға ауыстыруын көрсетеді.
Баланың аномальды сөйлеуінің алғашқы сөздерін төмендегіден жіктеуге
болады: а.дұрыс айтылған сөздер:мама, папа, бер, жоқ, т.б.
б.фрагмент сөздері, яғни белгілі бір бөлігі ғана сақталып айтылытын
сөздер.Мысалы: «мако» (монолог), «дек» (девочка), «яби» (яблоко), «сима»
(машина) және т.б. в.дыбыс елестету сөздері бұл сөздермен бала затты оның іс-
әрекетін білдіріп сөйлемді мысалы: «би-би» (машина), «мяу-мяу» (мысық),
«му» (сиыр), «бух» (құлады) және т.б. г.контурлы сөздер «абристер» бұл
сөздердегі буын элементтері буын саны пайда болады д.ана тіліндегі сөздерге
немесе олардың элементтеріне мүлдем ұқсамайтын сөздер
Сөйлеу жетілмеуінің диагностикалық көрсеткіші болып күрделі сөздердің
буын құрылысы, дыбыс буындарының орнын ауыстырып, алмастыру,сөздегі
дауыссыздардың кездесу кезіндегі қысқарылуы кезінде көптеген қателер
табылады.
Лексикалық қателердің кең таралған түрі сөйлеу контактісінде сөздердің
дұрыс қолданбауы, затың көп бөліктерін атын білмей бала заттың атымен
атап,сонымен қатар сол затқа мазмұны жақын түрі ұқсайтын заттың атауымен
атайды.
Логопедиялық сабақтардың барысында баланың өз бетімен әңгіме құру
үшін жағдай жасау қажет.Сонда баланың қоршауында жақсы эмоционалды
ортаны жасау керек. Басқаша айтқанда баланың сөйлеуі негізінде тікелей
сөйлеу мотиві болу керек.
535
Достарыңызбен бөлісу: |