Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет172/204
Дата24.09.2024
өлшемі9,29 Mb.
#145421
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   204
Байланысты:
qazirgi zamangy bilim juiesi tendensialar innovasialar tehnologialar 2024

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
Жұмабаева Ә.Е., Оспанбекова М.Н. «Қазақ тілі» оқыту әдістемесі, 2-сынып, 1- 
бөлім. - Алматы, «Ата мұра» 2018 ж. 
2.
Жұмабаева Ә.Е., Уәйісова Г.И., Сәдуақас Г.Т. 2-сынып. Қазақ тілі оқулығы 
«Атамұра» 2017 ж. 
3.
Бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған "Қазақ тілі" пәнінен үлгілік 
оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығына 12-қосымша. 
4.
М.Балақаев, М.Серғалиев. Қазақ тілінің мәдениеті. Оқулық- Алматы: «Дәуір- 
Кітап», 2013 ж.-240 бет. 
БАЛАБАҚШАДА СЮЖЕТТІК-РӨЛДІК ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ 
ТИІМДІЛІГІ 
Баубек Ақнұр 
ІІ курс студенті 
Ғылыми жетекші Оспанбаева Айман 
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 
 
Аннотация. 
В статье рассмотрены научно-теоретические основы и научно- 
педагогические основы обеспечения результативности и эффективности использования 
сюжетно-ролевых игр в детском саду. 


540 
Ключевые 
слова: 
Игра, 
сюжетно-ролевая, 
обучающая, 
чувствующая, 
воспринимающая, мыслящая. 
Abstract. 
The article discusses the scientific and theoretical foundations and scientific and 
pedagogical foundations of ensuring the effectiveness and efficiency of the use of story-role-playing 
games in kindergarten. 
Keywords: 
Game, story-role-playing, educational, feeling, perceiving, thinking. 
Ойын – баланың негізгі іс-әрекеті. Баланы ойнауға үйрету арқылы мен 
балалардың ойлау қабілетінің артуына, қимыл әрекетін қалыптастыруға көмектеседі. 
Яғни ойын тарихи құбылыс болып табылады. Ойындар - өзінің ойнау ережесімен, 
мазмұны қарай тарихқа жол көрсететін бірден-бір тура жол. Тарихпен тікелей 
байланысты және ылғида дамып отырады. Яғни, ол адамзаттың барлық айнала 
қоршаған әрекетінің дамуында да ерекше орын алады. 
Ойын адамзаттың еңбек әрекетінен туып, адам ойлауының нәтижесі бола 
тұрып қоғамның өзгеруіне өз әсерін тигізеді. 
Балалардың тәрбиесінде ойынның алатын орны ерекше екенін тұңғыш 
еңбек жазғандардың бірі педагог Н.С.Құлжанова болды. 
Бүгінгі таңда оқыту үрдісінде сюжеттік-ролдік ойындарды және 
ойнаудың түрлерін пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балалардың 
қызығушылығын арттыра отырып тікелей қарым-қатынасқа түсу оның жақсы 
қасиеттерін ашу білімін, біліктілігін қалыптастыруда мәселе туындап отыр. 
Балабақша балаларымен жүргізілетін барлық оқу қызметтерінде 
ойындарды сабақтың ерекшелігіне қарай пайдалану. Әр педагогтың міндеті 
екені белгілі. Арнайы оқытудың ерекшелігіне сай ерекшеленіп жасалған 
ойындар мен ойын ерекшеліктерінің мазмұнына қарай жасалып сол пәнге деген 
қызығушылығын арттырады. 
Сондықтан да, сюжеттік-рольдік ойындар мен ойынның құрылымын 
оқыту үрдісінде мағынасын, ерекшелігін, маңызын аша отырып, баланың ойлау 
қабілетін дамытуға арналған қажеттілігін арнайы қарауды шештік. Осы 
мәселені шешу мақсатында арнайы жасалған ойын үлгілерін пайдалана отырып 
сабақтың балаға деген қызығушылығын арттыруды ұйғардық. 
Ойындар, олардың неше түрлі ежелден этнографтарды, психологтарды, 
археологтарды, педагогтарды және басқа ғалымдарды қызықтырған 
Қоғамның әлеуметтік-обективтік сұранысын орындауда бүгінгі күнде 
балалардың танымдық қызығушылықтарын, адамгершілік және дене 
қасиеттерінің дамуын педагогикалық тұрғыдан қарау мектеп алды кезеңде 
ойынның түрлерін пайдалану өз деңгейінде болмағандығы. 
Я.А.Коменский айтқандай «Ойынды баланың қозғалуына табиғи 
қажеттілік ретінде қарастырды». Ойындар мектеп жасына дейінгі балаларға 
ойнау үшін жолын көрсетіп отыру керектігін, олардың қимыл әрекеттерін 
бақылау керектігін ерекше айтып өтті: «Бала неғұрлым көп әрекет етсе, 
жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы тамақтанады, тез 
өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы жүреді, бірақ ол үшін 
баланы үнемі қорғап отыру қажет» 


541 
Ф.Фребель сюжеттік-рольдік ойындардың негізін салушы болып 
есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, балалардың дағдыларымен 
еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған ойындардың жаттығулардың 
жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель ойындарының ережелері мағынасы баланың 
ой-өрісі мен қиялын дамытуды дұрыс жолға қойды. 
Бүгінгі күнде ойын ауқымды зерттеу жұмыстарында қомақты орын алып, 
баланың қызығушылығы орын алды. Ғалымдар ойын арқылы оқу қызметтерінің 
мақсат міндеттерін тиімді шешуге болатынын көрсетіп берді. 
К.Д.Ушинский айтып өткендей «Оқу қызметі арқылы ойын элементтерін 
сабаққа енгізу оқушылардың білім алу процесін жеңілдететінін» атап көрсеткен 
болатын. 
Ойын екі түрлі кезеңді қамтиды: қазіргі және келешек. Бір жағынан бала 
бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын әрқашан 
болашаққа бағытталған. 
Ойын барысында жеке тұлғаның болашақ өміріне ықпал ететін қасиеттері 
мен іскерлік дағдылары қалыптасады. Балабақшадағы балаларға сюжеттік 
рольдік ойындарды қолданудың педагогикалық психологиялық мәселелері. 
«Сюжеттік-рөлдік ойын» ұғымының мазмұны, оның балалар өміріндегі 
орны. Ойын – мектепке алды кезеңдегі әрекеттің бір түрі. Мектепке дейінгі 
кезеңнің негізгі ойын іс-әрекетінің жетекші түрі болып сюжеттік-рөлдік 
ойындар жатады. 
Сюжеттік-рөлдік қимылды ойындар мектепке дейінгі балаларға тән 
ойындардың негізгі ерекшелігін құрайдыОның құрылымына құрылыс, 
драмаланған ойындардың түрлері кіруі мүмкін. 
Психолог Д.Б. Эльконин сюжеттік-рөлдік ойындарға мынадай анықтама берді: 
«Рөлдік, яғни мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылдық ойыны деп 
аталатын ойын дамыған түрде балалар өздеріне үлкендердің ролін (функциясын) 
алатын және жалпы түрде арнайы жасалған ойын жағдайында үлкендердің әрекетін 
және олардың арасындағы қарым-қатынасты қайталау әрекеті». 
Л.С. Выготский сюжеттік-рөлдік ойындардың негізі жорамал немесе 
ойша елестету жағдаяттары, онда бала өзіне үлкеннің ролін алады да, өзі 
жасаған ойын жағдайында ойын амалдарын орындайды деп көрсетті. 
Сюжеттік-рөлдік ойындардың көзі – балаларды қоршаған әлемдегі заттар, 
адамдар, табиғат, өздері мен үлкендердің өмірі мен әрекеттері. 
К.Д. Ушинский айтқандай «Сюжеттік-рөлдік ойындарда ең бастысы сол, 
бала өзі орындайтын рөлге өз көз қырымен қарап, болып жатқан оқиғаға өзінің 
қатысын көрсетеді» деп атап көрсеткен. 
Қимыл ойындардың творчестволық сипаты сол, онда іске асырылатын 
ойлары бар, оны орындау барысында бұлдіршіннің өзін айнала қоршаған 
әлеммен әсерін көрсете білу қабілетін дамытуына түрткі болған. 
Ойындарға ойын әрекетінің негізгі мынадай белгілері тән түрлері бар: 

эмоционалдық қанықтылық, 

қызығушылық, 
өз 
беттілік, 
белсенділік, 
шығармашылдық, 
жарысушылық, кооперация. 


542 
Сюжеттік-рөлдік ойындар сипатына қарай – бейнелеуші іс-әрекет, бірақ 
алынған білімді, әсерді бала түрлендіріп, тұлғалық сипат беріп және өзінің жеке 
тәжірибесін қосып, өз ой елегінен өткізеді. 
Рольге кіріп ойнайтын ойындар ойын әрекетінің жетекші түрі екендігін айта 
өтіп, оның бөбектерге оқыту мен тәрбиелеудегі ерекшелігін атап өтуі қажет. 
Сюжеттік-рөлдік ойындардың дамытушылық маңызы әр түрлі. 
Ойында бүлдіршін өзін әлемді танып білу арқылы сезімге, ерікке 
жетіледі, құрбыларымен өзара қарым-қатынасы қалыптасады, өзін өзі қадірлеп 
өзіндік санасы орнығады. 
Ойынның педагогикалық маңызы жөнінде Р.И. Жуковская, Н.К. Крупская, 
С.И. Карпова, А.С. Макаренко, А.П. Усова, Д.Б. Эльконин және басқа 
педагогтар мен психологтар жазды. 
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев және Д.Б. Эльконин сюжеттікрөлдік 
ойынның психикалық дамудағы маңызын ашып берді. 
Сюжеттік-рөлдік ойындар бала іс-әрекетінде бірден пайда болмайды. 
Ол дамудың кезеңдерінен өтеді. Ойынды даму кезеңдерінде 
қарастырайық. 
Т.А. Куликова ойын әрекетінің дамуын мынадай түрлерге бөледі, олар, 
сюжеттік-рөлдік ойындардың алғы шарттары болады. 
Бірінші түрі – таныстыру ойыны. Оның мазмұнын заттардың қасиеттері 
мен сапасын тексере отырып, үлкендермен бірге жасаған амалдан құралады. 
Ойын түрінің дамуының екінші түрінде бейнелеу ойындары пайда 
болады, онда баланың қымыл әрекеті заттың ерекше қасиеттерін анықтауға 
және белгілі бір бағытқа бағытталған болуы тиіс. 
Бұл кезеңде баланың назары ойыншықтардың түр түсіне қасиеттеріне 
ауады және оны соларға сәйкес әрекет жасауға үйретеді: шарикті домалату, 
ұсақ ойыншықтарды қорапшаға салу; заттарды пішініне, физикалық 
қасиеттеріне қарай бөлуге үйретеді. 
Сюжеттік-рөлдік ойындарды қалыптастыру үшін баланы амалдарды 
жинақтауға, яғни үйренген амалдарын бір заттан екінші затқа ауыстыруға 
әрекет жасадық. 
Үшінші түрі – сюжеттік бейнелеу ойыны деп тұр. Ойынды ойнатудың бұл 
түрі бірішінің соңына – өмірінің екінші жылдың басына келеді деп айтады. 
Бүлдіршіндер күнделікті өмірінен үйренген әсерін қуанып қайталай 
бастайды (кукланы ұйықтатады, қонжыққа тамақ береді). 
Ортаңғы топтағы бүлдіршіндердің сюжеттік-рөлдік ойындарын терең 
зерттеп ойынды алдыға дамытудың төрт деңгейін бөліп көрсе алды, оларға 
сипаттама беріп өтті, даму сатыларына да жылжыды. 
Бірінші кезең: мазмұны бар өмірден алынған ойындар – бірге ойнаушыға 
қарай бағытталған заттармен әрекеттер жасау. 
Рөлдер бар, бірақ олар мағынасын анықтамайды, амалдардың түрімен 
анықталады. Ережеге сай рөлдер жүргізіледі. 
Рольдер біртекті және бірнеше қайталанатын рольдерден тұрады. 
Екінші түрі. Ойынның мазмұны – заттар арқылы рольдерге кіру, орындау, 
бірақ ойын амалдарының шынайылыққа сәйкес болуы бірінші кезекте тұрады. 


543 
Рөлдерді балалар ойнайды рольдер бөлініп беріледі. Функциялар 
бөлінеді. Рөлдерді орындау онымен байланысты амалдарды орындауға әкеледі. 
Үшінші түрі. Рөлдің негізгі мазмұны-рөлді орындау және одан 
туындайтын әдістер, онда арнайы әдістер ерекшелене бастайды және басқа 
ойыншылармен қарым-қатынас сипатын өзгертеді. 
Рөлдер нақты кезекке қойылып, анықталған. Балалар ойын басталмай 
тұрып өз рөлдерін атайды және әрекеттерін бағыттайды. Техниканың логикасы 
мен табиғаты олардың атқаратын рөліне байланысты анықталады. 
Мұндағы Техника басқаша. Алайда, досыңызға бағытталған рөлдік 
сөйлеу, ойындағы досыңыздың рөлі мен рөліне байланысты, кейде әдеттегі 
ойыннан тыс уақытта үзіледі. 
Төртінші түрі. Ойынның негізгі мазмұны Басқа Балалар рөлде орындайтын 
басқаларға деген көзқарасқа байланысты әдістерді орындау болады. 
Рөлдер нақты белгіленген және айқындалған. Балалардың рөлдік 
функциялары өзара байланысты. Сөйлеушінің сөзі оның өзі мен ойнайтын 
адамның ролімен анықталатын рөлдік сипатта болады. 
Балалар сюжеттік-рөлдік ойынын қалыптастырудың жоғары деңгейіне 
қол жеткізу үшін балалардың ойын білігі мен дағдыларын, білімін және 
үлкендер тарапынан алатын әсерін қол жеткізу қажет. Сюжеттікрөлдік 
ойындарды дамыту екі бағытта жүреді: ойынды бір әрекет ету ретінде 
қалыптастыру; ойынды балаларды тәрбиелеу және балалар коллективін реттеу 
құралы ретінде іске асыру. 
Бірінші бағытты тереңірек қарастырып көрейік. Жаңа дәуір кезеңінде 
«Ойынды басқару» ережесі мектепке дейінгі балалар ойынын «дамыту» 
ұғымымен ауыстырылды. 
Ойын – балалардың творчестволық яғни өзіндік әрекеті екендігін түсіне 
отырып, тәрбиешілер ересектермен бірлесе отырып жүргізу керектігін 
балалардың ойын білігін дамыту қажеттілігін түсіндіріп берді. Осы жағдайда 
ғана балалар ойыны қызықты әрі мағыналы, әр түрлі, ал ойын әрекеті осы жас 
ерекшелігінде балаларды дамытуда жетекші роль атқарады. 
Сонымен бірге ересектер жағымды эмоция туғызатындай болуы тиіс. 
Ойынды дамытудың авторлар ұсынған әдіс-тәсілдерін шартты түрде екі 
топқа бөліп қарастыруға болады: қосарланған әсер тәсілдері және ойын білігі 
мен дағдыларын дамытуғаарналған ойынға тура басшылық етеміз. 
Педагогикалық және психологиялық әдіс-тәсілдер: ойынға рөльдерге 
қатысу, балалар өз еріктерімен қатысады, ойын ережесінің үлгісін көрсету, 
ойынның дайын сюжетін көрсету, дайын тақырыбын көрсету және іске асыру, 
ойын барысында кеңес беру, түсіндіру, алдыда ойналатын ойын мазмұнымен, 
ондағы рөлдерді бөліп ойнату жөнінде схема сызу, көмектесу, ойыншықтар, 
маскалар таңдауға көмектесу, рөльге ойнауға үйрету. 
Басқарудың аталған әдіс-тәсілдері мақсатқа бағытталған түрде ойынның 
түріне мағынасына, балалардың ойындағы қарым-қатынасына, ойыншылардың 
тәртібіне әрекет етуге мүмкіндік береді. Бөбекжай балалары ойын барысында 
өздерін еркін сезінеді. Іздемпаз тапқырлық әрекеттер көрсетеді. Өзін өте еркін 
сезінеді. 


544 
Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау секілді түрлі психикалық түйсік пен 
сезім әлеміне жол тартады. 
Баланың сөйлеу, тілдесу қабілеті арта түседі, сөздік қоры молаяды. 
Өйткені балалық шақтың түйсігі мен ойлауы әсері адамның көңіліне 
өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толытқан бүгінгі қуанышын, 
ренішін, асқақ арманын, мұрат-мүдесін суреттесе, күні ертең сол арман қиялын 
өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
Ойын ойнау арқылы баланың көңілін көтеріп қана қоймай, өмірге деген 
қызығушылықтарын арттырады, құбылыстары жайлы түсінігіне әсер етеді. 
Қорытындылай келе оқу қызметінде сюжеттік ойындарды пайдаланудың 
теориялық негіздерін меңгерту, сюжеттік ойындардың психологиялық- 
педагогикалық мәнін түсіну оларды оқыту құралы немесе әдісі түрінде (оқыту) 
тиімді пайдалануға көмектеседі. 
Әр бір ойынның өзіне тән ерекшелігі бар, 1-жағынан ойында ойындық 
әрекет негізге алынған, оның көмегімен жеке тұлғаның белгілі бір сапалары: 
зейін, байқағыштық, ес, ойлау, ізденімпаздық, белсенділік қалыптасады, 2-ші 
жағынан ойын сабақта белгілі бір сюжеттік міндетті – жаңа материалды оқып- 
үйрену, өткенді қайталау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, білімді іс- 
жүзінде пайдалану міндеттерін шешуді көздейді. 
Сюжеттік рольдік ойындардың жіктемесін жасауда біз оқу материалы 
мазмұнының мүмкіндіктерін, білім көлемі мен сипатын, балалардың жас 
ерекшеліктерін есепке алдық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   204




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет