Abstract
The article deals with information and communication technologies, and their formation in students at computer lessons.
Highlights: the elements of ICT competence, the skills of ICT competencies are formed at computer lessons. The author raises
the question of the proper use of equipment, which should draw the attention of the teacher at computer lessons.
ИКТ-компетентность – это способность учащихся использовать информационные и комму-
никационные технологии для доступа к информации, для ее поиска, организации, обработки,
оценки [1,с. 158]. Общепользовательская ИКТ-компетентность – умение решать задачи, возни-
кающие в жизни значительной части населения страны с использованием доступных для этой
части средств ИКТ.
ИКТ-компетентность в данной области деятельности – умение решать задачи, часто возника-
ющие в этой области, с использованием обычно доступных в этой деятельности средств ИКТ [2,
с.276 ]
Современный ученик должен владеть ИКТ-компетентностью, так как практически вся учебная
деятельность современного ученика строится на поиске информации, анализе. Формирование и
развитие ИКТ – компетентности обучающихся включает в себя становление и развитие учебной
и общепользовательской ИКТ-компетентности, в том числе:
–способности к сотрудничеству и коммуникации;
–к самостоятельному приобретению;
–пополнению и интеграции знаний;
–способности к решению личностно и социально значимых проблем и воплощению реше-
ний в практику с применением средств ИКТ.
Рассмотрим, что включает в себя ИКТ-компетентность (элементы) и при каких действиях они
формируются на уроках информатики.
Элементами образовательной ИКТ-компетентности являются:
155
–обращение с устройствами икт, как с электроустройствами, передающими информацию
по проводам (проводящим электромагнитные колебания) и в эфире, и обрабатывающи-
ми информацию, взаимодействующими с человеком;
–понимание основных принципов работы устройств икт;
–подключение устройств икт к электрической сети, использование аккумуляторов;
–включение и выключение устройств икт. вход в операционную систему;
–базовые действия с экранными объектами;
–соединение устройств икт с использованием проводных и беспроводных технологий;
–информационное подключение к локальной сети и глобальной сети интернет;
–вход в информационную среду учреждения, в том числе – через интернет, средства без-
опасности входа. размещение информационного объекта (сообщения) в информацион-
ной среде;
–обеспечение надежного функционирования устройств икт;
–вывод информации на бумагу и в трехмерную материальную среду (печать). обращение с
расходными материалами;
–использование основных законов восприятия, обработки и хранения информации
человеком;
–соблюдение требований техники безопасности, гигиены, эргономики и ресурсосбереже-
ния при работе с устройствами икт, в частности, учитывающие специфику работы со све-
тящимся экраном, в том числе – отражающим, и с несветящимся отражающим экраном.
Фиксация, запись изображений и звуков, их обработка, цифровая фотография, трехмерное
сканирование, цифровая звукозапись, цифровая видеосъемка, создание мультипликации как по-
следовательности фотоизображений, обработка фотографий, видеомонтаж и озвучивание видео
сообщений- данные умения формируются на уроках информатики и используются в дальней-
шем в предметных областях: искусство, русский язык, иностранный язык, физическая культура,
естествознание, внеурочная деятельность.
Работа по созданию письменных текстов, а именно сканирование текста и распознавание
сканированного текста, ввод русского и иноязычного текста слепым десятипальцевым методом,
базовое экранное редактирование текста, структурирование русского и иностранного текста
средствами текстового редактора (номера страниц, колонтитулы, абзацы, ссылки, заголовки,
оглавление, шрифтовые выделения), создание текста на основе расшифровки аудиозаписи, в том
числе нескольких участников обсуждения – транскрибирование (преобразование устной речи
в письменную), письменное резюмирование высказываний в ходе обсуждения, использование
средств орфографического и синтаксического контроля русского текста и текста на иностранном
языке, издательские технологии также формируются на уроках информатики, и вне школьной
деятельности, в дальнейшем используется преимущественно в предметных областях: русский
язык, иностранный язык, литература, история [1, c.163].
Создание графических объектов, создание геометрических объектов, создание диаграмм раз-
личных видов (алгоритмических, концептуальных, классификационных, организационных, род-
ства и др.) в соответствии с задачами, создание специализированных карт и диаграмм: геогра-
фических (ГИС), хронологических, создание графических произведений с проведением рукой
произвольных линий, создание мультипликации в соответствии с задачами, создание виртуаль-
ных моделей трехмерных объектов. Указанные умения формируются преимущественно в пред-
метных областях: технология, обществознание, география, история, математика.
Навыки ИКТ-компетентности, приобретаемые учеником на уроках информатики использу-
ются на других дисциплинах, но, на мой взгляд, учитель информатики должен особо заострять
внимание учащихся на вопросах грамотного использования техники, с точки зрения безопас-
ности. Огромной поток «новейшей техники буквально обрушился на подрастающее поколение:
модные телефоны, смартфоны, планшеты, ноутбуки. Ученики быстро учатся пользоваться новой
техникой, и как следует ожидать, увлекаясь, не контролируют время работы, не заботятся о эр-
гометрических требованиях использования ИКТ. Как учитель информатики, который не первый
год работает в сфере образования, обращаю особенное внимание на физическое и психическое
здоровье своих учеников. Информатизация необходима нашему обществу, это веяние време-
ни, но есть и другая сторона «медали». Время на изучение последствий этой компьютеризации
практически нет. Скорость «появления» новой техники так высока, что никакие исследования
по изучению влияния этой техники на организм человека просто не успевают. Какое поколение
вырастет, которое мир изучает через интернет, заводит дружбу виртуально, и даже заводит се-
мьи через сайт знакомств. Здесь надо отметить, неоднозначную роль выполняют педагоги, так
как основную часть времени ученик находится в стенах школы, и все ключевые знания должен
получать в школе. Именно на уроках информатики необходимо закладывать основы грамотной
156
ИКТ-компетентности: с одной стороны ученик владеет новейшими технологиями, с другой сто-
роны: осознает ее влияние на свой организм и регулирует время работы, соблюдает режим.
Использованная литература
1. Харламов И. Ф. Педагогика. – М.: Гардарики, 1999. – 520 с.
2. Примерная основная образовательная программа основного общего образования, М.: 278 c.
3. Журнал «Информатика в школе». – М.: Изд. «Педагогика», 1989.
4. Журнал «Информатика в школе». – М.: Изд. «Педагогика», 1984.
КІРІКТІРІЛГЕН БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Жалмаханова С. А.
Физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Шымкент қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша физика сабағында оқытудың жаңа тәсілдерінің тиімділігін
арттыру.
Аннотация
В данной статье рассмотрены способы повышения эффективности новых методов обучения на уроках физики
по интегрированной образовательной программе.
Abstract
Improve the effectiveness of new teaching methods in physics lessons on integrated educational program.
«Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. Заманауи
әлемде елдің қуаты ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа
келдік. Сол білімді әжетке жаратып, тұрмыс игілігіне жарата білуімен
бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын да күрделі, орасан қажыр-
қайрат пен ерік-жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл. Терең білім –
тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны».
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
Кіріктірілген білім беру жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай,
өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру болып отыр.
Кіріктірілген бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру мұғалiмдерден өз мінез-
құлықтарын, ұстанымдарын, мүмкіндіктерін түрлендiрудi талап eтедi. Әлеуметтік тұрғыдан алғанда,
балалар өзінің түсінуін жеке зерттеулер мен әлеуметтік өзара іс-әрекеттеріне қарай құратын белсенді
білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» [Mercer,1995; Alexander, 2008]
және метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрету» [Flavell, 1976; Vygotsky, 1978] ретінде бәріне та-
нымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-конструктивтік идеялардың қазіргі заманғы маңызды
түсіндірмелері ретінде қолданылады. Қарастырылып отырған модульдердің негізгі идеялары баланы
сындарлы оқытуға негізделген. Мен осы аталған модульдердің барлығын да оқытудағы жаңа тәсілдер
деп қараймын. Оның ішінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйрету» модуліне
тоқталғым келеді. Диалог негізінде оқу және оқыту оқушылар арасындағы, мұғалім мен оқушы
арасындағы диалог оқушыларға өзіндік ой-пікірді құруға және дамытуға көмектесетін оқыту әдістерін
меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрету» немесе метасана, оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра
алатындай етіп, өз білімі үшін жауапкершілікті түсінуге және оны өз мойнына алуға көмектеседі.
Мен өз сабақтарымда «Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер» модулін таңдадым. Әсіресе сабақтарымда
диалогтық әдісті және Блум таксономиясын пайдаланамын. Сондықтан да мен бұл мақаламда Блум
таксономиясы мен диалогтық оқыту әдісінің тиімділігіне тоқталғым келіп отыр. Бұл диалогтық оқыту
әдістің тиімділігі – баланың ойлау, сөйлеу және жазу қабілетінің қай деңгейде екеніне көз жеткізіп, кез-
дескен кемшіліктерді дер кезінде жөндеуге мүмкіндік болады. Сабақ барысында оқушы мұғаліммен,
157
сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті
мәселені шешу арқылы өмірде кездесетін түрлі проблемаларды жеңуге үйренеді. Ең негізгісі берілген
тапсырманы өздері талқыға салып, өзара пікір алмасып, жадына түйгенін айтуға дағдыланады.
Бала бойына ата-анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, әдептілік, ар-ұят, ұлттық сана-сезімді
сіңіруші адам – мұғалім. Мағжан Жұмабаевтың тәрбие – тал бесіктен деп бастау алуы бекер емес,
ал бала шыр етіп дүниеге келген күннен басталғаннан ана мен бала арасындағы қарым-қатынас си-
паты баланың әрі қарай тұлғалық дамуын анықтайды. Сол сияқты диалогтық оқыту әдісі – оқушы
мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы тиімді байланыс орнатудың жолы. Ғылыми зерттеу
нәтижелері, сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон [2007]
өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім
деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Мерсер [2005] құрдастар тобындағы өзара
қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады десе, А. Сухомлинский, кім өзінің оқытушы екенін
ұмытса, сол жақсы оқытушы деген. Оқытушыға тәлімгерлік үнді тастап, негізгі ынталануын көрсетсе,
өзінің «жоғарыда» тұрғанын ұмытып, «қасында тұрса», оқушылар ретінде үн шығарып, қарым-
қатынас жасаудың шынайы қызығушылығын танытса, сол жақсы ұстаз дегендей оқушылар жұпта
немесе топтарда жұмыстанғанда, өздерін еркін сезініп, мүмкіндіктерге ие болады. Оқушылардың
ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайтудың негізгі құралы, кіріктірілген
білім берудің негізгі мақсаттарының бірі ол – тіл. Тілді дамытқан жағдайда ғана баланың іштегі
ойын сыртқа шығаруға, сөздік қорын арттыруға мүмкіндік болады. Жалпы, білім алу диалог арқылы
беріледі де, оқушылардың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс пен келісушілікті қабылдау
деңгейін білдіретін қызметтің диалогпен қалайша жанасатынына байланысты болады. Мұғаліммен
және басқа оқушылармен әңгімелесу – оқушының қызмет белсенділігін қамтамасыз ететін және
түсінігін дамытатын маңызды құрал [1, 29-б].
Кіріктірілген білім беру бағдарламасына сай өткізіліп жатқан сабақтарымда диалогтік оқыту тәсілін
жиі қолданамын. Себебі, оқушылармен тығыз байланыс орнату арқылы олардың сөздік қорын, өзара
ынтымақтастығын арттыру керек болды. Зерттеуге алған 8-сыныбымда физика пәнінен өтетін сабақ
жоспарларымда сыни ойлауға негізделген оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, диалогтік
оқыту әдісін енгіздім. Осы сабақтардың барысында мен алға қойған мақсаттарыма жету үшін
оқушыларды қалай оқыту керектігін көп ескердім. Алғашқы күндерден бастап-ақ ынтымақтастық ат-
мосферасын қалыптастыруда тренингтер өткіздім. Мысалы, бірінші «Электр заряды. Электр зарядының
сақталу заңы» тақырыбындағы сабағымда «Қол алысу» тренингінде оқушылар екі щеңбер жасап орна-
ласты: ішкі және сыртқы. Ішкі шеңбердегі оқушылар сағат тілімен, ал сыртқы шеңбердегі оқушылар
сағат тіліне қарама-қарсы қос аяқтап секіріп қозғала отырып бір-біріне осы сабақта сәттілік және
белсенділік тілейтіндерін айтты. Әрине тренинг оқушыларға оғаш көрінді, біраз күліп, тілек айтуға
ыңғайсызданып, шулап та жатты. Осыған қарамастан тренинг соңында оқушыларда сабаққа деген
күш-жүгер пайда болғанын байқадым. Содан кейін барып, берілген тапсырмалар оқушылардың
қызығушылығын оятып, олардың өз бетімен жұмыс жасау, талдау, салыстыру сияқты танымдық
қабілеттерін жетілдірсе, диалог, топтық жұмыс, жұптық жұмыстар оқушыларды бірін-бірі тыңдауға,
ойын толық жеткізуге, топта еркін сөйлеуге дағдылана бастады. Сабақтың кіріспе бөлімінде газдардың,
сұйықтардың, қатты денелердің қасиеттері тақырыптарын пайдаланып, постерде «Жеміс ағашын»
безендіріп, оны қорғауды тапсырдым. Осы жағдайда Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі
рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапты. Барнс [1971] сыныпта тіл қаншалықты
қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді
селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және
дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон [2008] зерттеулері
Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі
рөлге назар аударуды мақсат етеді. Осы жұмыста диалогтың маңызы артты. Өйткені оқушыларды
тыңдау арқылы, оның топта негізгі идеяны, түсінгенін бақылап, оқушылардың өткен тақырыпты
қандай деңгейде меңгергенін анықтау оңай болды. Сабақтың негізгі бөлімінде оқушыларға проблемалық
және ситуациялық сұрақ қоюдан бастадым: «Көп жағдайда жанасқан заттардың бір-біріне тартылады.
Осы кезде неліктен киімге шаң-тозаң жабысады?» және «Пластмасса тарақты немесе қаламды киімге
үйкегенде өзіне ұсақ қағаз қиындыларын тарта ма? Неліктен? Олардың арасында өзара әсерлесу
күштері бар ма? Қалай ойлайсыңдар?» – деген сұраққа әр топтан 1-2 оқушы жауап берді. Әрқайсысының
жауабы бір-біріне ұқсамайтын ерекше жауап болып жатты. бойында дарындылық қабілеті байқалған
Тухтарбаева Перизат деген оқушы былай жауап берді: «Денелер бір-біріне жанасқанда үйкеліс күші
пайда болады. Соның нәтижесінде олардың арасында әсерлесу күші пайда болады» – деп нақты жауап
берді. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағытқа бейім Қалдыбек Қаламқас болса: «Денелер бір-біріне
жанасқанда оның тегіне де байланысты, мысалы, шыны таяқша мен жібек мата және шаш пен тарақ
сияқты», – деді. Топқа араласа аламай отырған білімі орта деңгейдегі Тугелбаева Гүлзад: «Олай болса
денелердің арасында әсерлесу күші болғаны ғой» – деп өз ойын білдірді. Ал білім деңгейі төмен оқушы
Уразбаев Айтжан: «Апай, егер денелер жанасса, олар неге қызады?,- деп таңдана сұрақ қойды.
Осылайша оқушылар арасында өзара пікір-талас орнады. Оқушылар өз сұрақтарының жауабын бүкіл
158
сабақ барысында ала алды. Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар топтық жұмыс жүргізе отырып, топ-
та бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы тығыз байланыс орната алды. Айта кететін болсам, топтық жұмыс
кезінде Джиксоу әдісін қолдандым [Талқылау тәсілдерінің жинағы]. «Jicsaw» ағылшын тілінен
аударғанда «бас қатыру» деген мағынаны білдіреді. Джиксоу – топтық оқыту әдісі. Әдістің мақсаты –
жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын топта талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім
ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылды.
Алдымен топ 3 оқушыдан тұратын топтарға бөлінді. Бұл «жанұя» топтар деп аталды. Содан кейін 1, 2,
3-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3 өз алдына «жұмыс» тобын құрады. Оқуға ұсынылатын материалдың
тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертілді. 3 логикалық бөлікке бөлінген
мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылды. Жұмысты
бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін,
өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр
оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет. Келесі кезекте топ мүшелері
бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға сала
отырып өзара диалогқа түсті. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға
үйренді. Олар өздерінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырды, бір-біріне кеңес берді, өз алдына
мақсат қойды, алынған нәтижелерді қадағалады, қателер оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне оты-
рып, тәуекелге барды [Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ өзара білім беру – 90 %].
Джиксоу әдісі берілген материалды толық меңгеруге, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді тәсіл
болғандықтан оқушының оқуға деген қызығушылығы артты, топта жақсы қарым-қатынас қалыптасты,
саналы тәртіп орнады. Бұл кезеңде де мен диалогтық оқытудың тиімді екендігіне көзім жетті. Сабақ
барысында мұғалім мен оқушы арасындағы диалогқа уақыт көп берілгені менің оқушыларды танып-
білуіме көмектесе алды. Оқушылар өз ойларын еркін, ашық жеткізе алды. Оқытудағы жаңа тәсілдерді
және Блум таксономиясын алғаш рет қолданып отырғандықтан қиындықтар да орын алды. Жаңа
тәсілдер сабақта қолдануға тиімді болғанымен кейбір сәтсіз жақтары болып жатты. Оқушылардың бұл
бағытқа әлі төселе қоймағандықтан мағынасыз сөйлеу, тақырыптан ауытқуы, қозғалыс өте көп болды.
Бұл келеңсіздіктер әсіресе оқушыларды топтастыру кезінде орын алды. Сонымен бірге оқушыларға
топта постермен жұмыстану қызықты болды. Бірақ мұнда да уақытты көп жіберіп алдық. Сабаққа
ынтасы жақсы оқушылар белсене араласып, көшбасшылық танытып, топты өзі алып шығып, бірінші
сөйлеп жатты. Мұғалімді тыңдауға ғана үйреніп қалған оқушылар, бір-бірінің пікірін шала тыңдап, өз
жұмысын тез арада бітіруге асықты. Топ ережесін үнемі естеріне салып отыру қажет болды. Сабақта
енжарлық танытқан оқушы да болды. Уақыт жеткізе алмадым. Сондықтан сөйлемей қалған оқушымен
жұмыс жасап үлгермедім. Осы оқушының бойында өзіне деген сенімсіздік болды ма, әйтеуір көңіл
күйі болмай отырғаны байқалды. Келесі сабақтарда аталған кемшіліктерді жою үшін жұмыстандым.
Сабақта барлық оқушыларды қамтуға, әрқайсысына көңіл бөлуге тырыстым. Келесі сабағымның
тақырыбы «Кулон заңы» тақырыбында болатын. Бұл тақырыптағы сабағымның негізгі бөлімінде
«Жұптасып – ойлан – бөліс» деп аталатын Джесси Джентильдің диаграммасы бойынша жұмыстандым.
Алдын ала жаңа тақырып бойынша дайындалған сұрақтарды үлестірдім. Оқушылар әр қайсы ойла-
нып, берілген қосымша материалдардан ізденіп жеке жауап жазды. Негізгі анықтамаларды, өрнектерді
дәптеріне түртіп отырды. Оқушылар жұптарға бөлініп өздерінің ең үздік деген сұрақтарын біріктірді.
Жұптық жұмыс кезінде сабаққа қатыспай қалған оқушы болмады. Жұптық жұмыс кезінде Данияр
деген ұл бала мен Балнұр деген қыз бір жұпқа түсіп қалды. Екеуі бұдан алдыңғы сабақта ренжісіп
қалған екен. Алғашында Балнұр Даниярмен бірге жұмыс істеуден бас тартпақшы болды. Мен оны
байқап қалдым. Дер кезінде барлығына дауыстап: «Оқушылар, топ ережесін сақтаймыз» деп
ескерткенімде, екеуі қайта тақырыппен жұмыстануға кірісіп кетті. Біраз уақыттан соң өзара ренжісіп
жүргенін ұмытып та кеткендей болды. Оқушылар өздерінің жаңа жақсартылған жауаптарымен сы-
ныппен бөлісті. Әр қайсысы өз жұптарымен қызу жұмыс жасай отырып, өзге жұптарға Блумның
төменгі деңгейінен бастап сұрақтар қойып, жауаптарын өзара толықтырды. Оқушылар берілген
уақытты тиімді пайдалануға тырысты. Оқушылар барлық тапсырмаларды жақсы орындап шықты.
Дегенмен де мұғалім оқушыларда Чиксентмихаи [2008] «өзіндік мақсат» деп атайтын және Райан мен
Деки [2009] «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс екен. Басқаша
айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық
пайда болады. Алғашқы сабағыммен салыстырғанда, бұл сабағымда балалар сыни тұрғыдан ойлай
бастаған сияқты. Олар өздерін еркін сезінді. Байқағаным, сабақта қатыспай қалған оқушы болмады.
Алдыңғы сабақтарымда болған сәтсіз сәттер бұл сабақта кездескен жоқ. Мен үшін бұл кішкене болса да
жетістік деп ойлаймын. Мерсер атап айтқандай, егер балаларға бір-бірімен сөйлесуге мүмкіндік
берілсе, олар бір-біріне ойларын айта алады және пікір алмасу барысында өз пікірлерін негіздеуге
мүмкіндік алатынына көзім жетті. Келесі сабағым «Электр өрісі» тақырыбында болды. Сабақтың
кіріспе бөлімінде «Шеңбер» әдісін қолдандым [2, 6-7 б]. Шеңбер – бұл пайдалы әдіс екеніне тағы көзім
жетті. Себебі шеңберде оқушылардың барлығын бақылау оңай болды. Оқушылар бір-біріне жақын
отырғандықтан, бір- біріне қарап тұрғанын кейін өздерін байсалды ұстады, жауапкершілікпен қатыса
бастады. Білім деңгейі орта Гүлзад үнемі адамның бетіне тік қарамайтын, ұяң, сөйлесіп тұрсаң, басқа
159
жаққа қарап тұратын. Шеңберде Гүлзад өз құрдастарының арасында көңілді отырып қана қоймай
маңызды деген мәселерге тоқталып, мысал келтіріп отырды. Шеңберде оқушылар жарыса қол көтеріп,
кейбір жерлерінде өзара пікір таласып,бір-бірінің қателіктерін түзетіп, диалогқа түсіп жатты.
Шеңберде басқа оқушыларда ашық сөйлесіп, тақырып бойынша ойлары білдіріп және идеяларымен
бөлісе алды. Өйткені кез келген уақытта оқушы ойын айтқысы келгенде, шеңбер бұл нағыз еш сынсыз
және өзара еркін сөйлеуге ыңғайлы орта болды. Шеңбер әдісін қолданғанда уақыттан ұтылдым. Әрине
балаларым енді ғана ашылып, ойын айтып жатқанда уақытты шектеп қойғаным дұрыс болмас деп,
олардың жауабын ақырына дейін тыңдауға тырыстым.
Барлық сабақтарда да байқағаным диалогтық әдіс сабаққа енжар, көп сөйлеуге, көрінуге
ұмтылмайтын оқушыларда біраз өзгерістер болды. Әсіресе, кез келген сұраққа «білмеймін» деп жа-
уап беретін Айтжан топтық жұмыстануда өзінің тобын бастап көшбасшылығын көрсете білді. Бұл
өзгерісті сабаққа еніп отырған сол сыныптың кураторы да байқаған. Оған сыныптастары да таңқалды.
Топтық жұмыстардағы оқушылардың бір-біріне деген жанашырлығы, мейірімділігі байқалды. Өз то-
бын алға сүйреуге ұмтылған көшбасшылар да анықталды. Мысалы: Балнұр, Аңсар, Диана сабақтар
барысында берілген тапсырмаға ерекше ықыласпен қарап, тиянақты орындауға тырысты.
Оқушының сапалы білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және
қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға болады. Түрткі болуға арналған сұрақтар
бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты
қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жа-
уап беруге итермелеу (1, 41-б). Әр сабақтың соңындағы оқушылармен кері байланыстың өзі де
диалогқа болып саналады. Өйткені оқушылардан «Не білдім?», «Не білгім келеді?» деген сұрақтарға
жауап алу (кеңес алу) мақсатында оқушылардың сабақ барысында неден қиналғанын анықтадым.
Келесі сабақтарда оқушыларға тиімді болған тәсілдерді қолдануға мүмкіндік алдым. Оқушылардың
сабақ туралы пікірлері осының дәлелі бола алатынына көзім жетті. Алғашқы сабақтарымда
оқушыларымның біршамасы: «Физика сабағы маған ұнады!», «Сабақ жақсы өтті!» – деген сөздермен
шектелген болса, 3-4-ші сабақтарда Перизат пен Сая деген оқушыларым «Сабақты Джиксоу, Шеңбер
әдісі бойынша өтсек бола ма?», «Тағы қандай әдістер бар?» – деп ұсыныс білдірген. Жаңа әдіс-тәсіл
бойынша өтілген сабақтарым оқушыларымның жүрегінде ерекше із, ойында білімге деген жаңаша
көзқарасты қалыптастырады деп сенемін.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдай-
ды. Сондықтан оқушының білім деңгейін дамытуда, әлеуметтік қолдауда мұғалімнің рөлі ерекше.
Оқушылар көбірек білетін басқа біреумен диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оларды оқыту
оңай болады. Басқа біреу оның сыныптастары немесе мұғалімдері болуы мүмкін [1, 39-б]. Мұғалімдер
бастапқыда қоятын сұрақтардың ғана емес, оқушылардың жауаптарымен мұқият танысқаннан
кейін туындайтын сауалдардың да маңызы зор. Диалогтік әңгімеде де мұғалім сұрақтары мен оларға
берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды. Мұғалім оқушылардың
жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық
білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады [1, 42-б].
«Оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бір сарынды емес, керісінше, идеялар
екіжақты бағытта жүре отырып, осының негізінде оқушының білім алуы жүретін өзара байланы-
сты үдеріс», – дейді Александер [1, 40-б). Бұл пікірді мен де құптағым келеді. Өйткені диалогтық
оқыту әдісін тәжірибемде қолдана отырып, алдағы уақытта бұл модульді өз сабақтарымда тиімді
қолдана аламын деп есептеймін. Мектеп тәжірибемде өткен сабағымның барлығында мен осы
диалогтық әдісті тиімді пайдаландым деп есептеймін. Сабақты орташа, төмендеу деңгейде оқитын
оқушыларым белсенділік танытты. Сабақтан тыс уақытта да байланыста болып отырдық. Бұдан мен
олардың сабаққа, пәнге деген ерекше қызығушылықтарын байқадым. Ең басты түйгенім шәкіртіңнің
дүниетанымын арттыруда оның жан дүниесіне үңіле отырып жұмыс жасау керек екен. Шульманның
«мұғалімнің үш көмекшісі» [Shulman, 2007] деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы
болып саналады деген пікірін толықтай құптаймын. Азға-азды қоса берсең аз-аздан, ол аз кейін көп
болады орасан деп грек мақалында айтылғандай алдағы уақытта тәжірибе кезінде жүзеге асырып
үлгермеген көптеген идеяларымды жүзеге асыруды басты міндетім деп есептеймін.
Достарыңызбен бөлісу: |