Использованная литература
1. Шманько О. А. Активизация познавательной деятельности учащихся на уроках исторического кра-
еведения. http://kk.convdocs.org/docs/index-39210.html(10.09.2013)
2. Телегин М. В. Апологетика традиционного обучения.http://mtelegin.ru/tradition/apologet (05.10.2013)
3. Исатаева Л. Ж. Оценка результатов учебной работы учеников на курсах по выбору по истории
Казахстана //Открытая школа / Отв. ред. Л. А. Попова. А-ты.: 2011 декабрь, С. 42-44
4. Летунов И. Д. С. Лихачев и краеведение. http://www.proza.ru/2012/10/26/2024 (11.10.2013)
ОҚУШЫНЫҢ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ЖАҢА БАҒДАРЛАМАНЫҢ
ТИІМДІЛІГІ МЕН МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ӨЗГЕРІСІ
Ислямова С. А.
Педагогикалық шеберлік орталығы
Өскемен қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада Кембридж оқу бағдарламасы бойынша мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жетілдірудің білім сапа-
сын арттыруға айырықша әсер ететіні жайлы айтылады.
Аннотация
В статье исследуются вопросы повышения профессионального мастерства учителей в рамках программы, раз-
работанной Центром педагогического мастерства с Кембриджским университетом, ее значительное влияение на
повышение качества обучения.
Abstract
In article it is told that increase of professional skill of teachers according to the Cambridge training program considerably
will affect improvement of quality of training.
Қазіргі кезде заман ағысына байланысты біздің Республикамыз дамыған елдермен қатар жан-
жақты қарқынды дамуда. Ол экономика жағынан болсын, медицина жағынан болсын жаңа бағыттағы,
жаңа сападағы даму. Еліміздің жақсы дамуы үшін, әрине, Қазақстанға білімді оқушылар – болашақ
мықты азаматтар қажет, соған байланысты білікті мамандар даярлау керек. Бүгінгі таңдағы білім
беру – өсіп келе жатқан ұрпақтың ақыл-ойы мен дамуының, мәдениетінің деңгейін анықтаушы фак-
тор. Мемлекетіміздің Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтқандай, экономиканың қарқынды дамуы үшін қазіргі
180
нарық қатынасы талаптарына жауап бере алатын, сыни тұрғыдан ойлана алатын, шығармашыл адам-
дар қажет.
Білім берудің негізгі мақсатына қатысты қазіргі қоғамда жаңа ұғым пайда болды. Мұғалім ең
алдымен оқушының бойында өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыруға ат салысуы керек. Өйткені,
бұл – тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке үйлесуге апаратын сара жол. Бүкіл дүние жүзіндегі
болып жатқан осындай құндылықтардың өзгеруі жаңа ғасырға жас ұрпақты дайындау міндетімен
байланысты. Біздің қоғамға жаңа мағлұматтарды қабылдап қана қоймай, оны ойлана отырып, сыни
талқылап, ой елегінен өткізе білетін оқушылар керек. Яғни, оқушылар мағлұматтар мен идеялар-
ды өз беттерімен, тәуелсіз меңгеріп, осы алған ақпараттарын өмірлік қажетіне жарата алатындай
дәрежеде пайымдап, саралай алулары керек. Олар жаңа идеяларды әр түрлі көзқараспен зерттеп,
шынайылығы мен пайдасын талқылап, идеяның жалпы құндылығын анықтай алулары қажет.
Жиырма бірінші ғасырға аяқ басқан жас ұрпақты жарқын болашақта лайықты өмір сүруге
жақсылап дайындау – білім беру саласында қызмет атқарып жүрген кез келген маман үшін кезек
күттірмейтін мәселе. Яғни, гуманизм мен демократия идеялары басты бағыт болып тұрған жаңа
ғасырда білім беру жүйесіне де жаңа тәжірибелер енгізу керек. Сонда ғана болашақта нәтижелі
жұмыс атқарамыз.
Менің білім саласында тың көзқараспен, жаңашыл бағытта жұмыс бастауыма Елбасымыздың 2011
жылғы Қазақстан халқына Жолдауы басты себепкер болды десем, ешқандай да артық айтқандық
болмас еді. Әрине, егемен еліміздің саналы азаматы ретінде ұлттық білім беру жүйесіндегі өзекті
мәселелер мен тың өзгерістер мені үнемі ойландыратын. Елбасы Жолдауында: «Өмір бойы білім
алу – әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс», – деп айтқанындай, біз білім беруді
жаңғыртуды одан әрі жалғастыруға тиіспіз [1].
Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас,
үйретуден балаға», – деп айтқанындай, мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының
данышпаны болу – бір күнде пайда болатын дүние емес. Бұл – әрқашан ізденішулікті, зерттеушілікті
талап ететін мамандық.
Біздің сындарлы бағдарлама мұғалім оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білуі қажет екенін
нақты айқындап отыр. Жақсы оқытудың негізгі элементі – жекелеген оқушылардың пәнді дұрыс
қабылдап, меңгеруі мен бағалай алуы. Осындай тәсіл мұғаліммен қатар оқушының да әрекет етуін
талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы осындай жауаптылықты
көбіне мұғалім сабақ беру барысында жасайтын ортадан қабылдайды. Осылайша пәнді жақсы оқыту
Шульман атап өткен үш ілімнің бар екенін білдіреді.
Қазіргі кезге дейін мұғалімдеріміз оқушылардан белгіленген уақыт бойынша үй жұмысын сұрап,
жаңа тақырыпты меңгертіп, қорытындылау түрінде сабақ жүретін дәстүрлі педагогиканы қолданып
жүргені анық. Ал қазіргі таңда заман ағымына сай, қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін
көтеру жүйесі толығымен қолға алынғаны көрініп тұр. Осы жаңа құрылым бүкіл әлемдегі озық
тәжірибелер негізінде мүлде жаңа бағдарламалар мен әдіс-тәсілдер жасалғаны байқалады. 7 модульді
қолдану арқылы мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруге, бір-бірімен қарым-
қатынас жасауға, ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекеттер қалыптасып жатыр.
Мұғалімдер күн сайын күрделі шешімдер қабылдайды. Бұл шешімдер түрлі білім мен пікірлерге
сүйенеді және әрбір оқушының не үйреніп, келешекте неге қол жеткізуге тиіс екендігіне бағытталған.
Осыған байланысты мұғалімдер оқушыларды олар өмір сүруге тиіс өзгермелі әлемге дайындауда
маңызды рөл атқарады.
Мысалы, бүкіл әлемдегі жас оқушыларға айтарлықтай әсері болатын елеулі факторлардың
бірі – инновациялық технологиялардың кең таралған түрін пайдалануға байланысты білімге оңай
қол жеткізудің артып келе жатқандығы. Білімге қол жеткізудің күн сайын артуының нәтижесінде
мұғалімнің рөлі өзгереді. Алайда, бұл мұғалім рөлінің біркелкілігін білдірмейді, керісінше, мұғалімнің
рөлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай сыни қарайтындығына бағытталатын бола-
ды. Сондықтан өзгермелі өмірде мұғалімдер барлық сатыларда білім беру бағдарламасына енгізілетін
өзгерістермен және пәндік салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс. Оқушыларды
өзгермелі өмірге дайындаудан күтілетін нәтиже үдесінен шығу үшін мұғалімдерге білім беру
бағдарламасы шеңберінде шектеліп қалмауға мүмкіндік беретін жаңа дайындық түрі қажет болады.
Бұл мұғалімдерді өзгермелі өмірге дайындаудағы үш маңызды мәселеге тіреледі. Олар:
–Өз қызметтері аясында, оқу үдерісі мен өз оқушыларын дамыту үдерісінде сарапшы болу үшін
құзыретті мұғалімдерге қандай білім түрлері қажет болады?
–Мұғалімдерге әртүрлі оқушылар үшін тиімді оқу тәжірибесін ұсыну, оқушылардың идеялары
туралы кері байланысты қамтамасыз ету, өзінің мұғалімдік тәжірибесін сыни бағалау және
оны жақсарту үшін қандай дағдылар қажет?
–Әр баланың жеке тұлға есебінде де, кәсіби ұжым мүшесі ретінде де табысқа жетуіне, өз білімі
мен дағдыларын дамытуды жалғастыруына көмектесу үшін мұғалімдерге қандай кәсіби
міндеттер қажет? (Bransford, Darling-Hammond and Le Page, 2005г.)
181
«Құзыретті мұғалімдердің нені білуге және үйренуге тиіс екендігін анықтау қарапайым міндет
болмағандықтан, жоғарыда аталған мәселелер – күрделі дүниелер. Мұғалімнің іс-әрекетіне нақты
бағдар беретін бір ғана әдіс-тәсіл бар деуге болмайды» [2, 13-б.].
Бірінші «бетпе бет» кезеңінің соңғы аптасында мұғалімдеріміз: «Біз осы курсқа алғаш келгенімізде:
«Біз қайда келдік?» – деген көп сұрақтар қойған едік, ал уақыт өте келе адамның көзқарасы өзгереді
екен, бүгінде біз: «Тағы не үйренеміз? Тренер бізге тағы қандай тапсырмалар береді?» – деген сұрақтар
туындай бастады және біз білсем, көрсем, қолдансам екен деп тұратын болдық. Біз осы жаңа оқыту
бағдарламасы бойынша курсқа келгенімізге шексіз қуанамыз», – деп, ойларымен бөлісті.
Үш айлық курста алған білімдері, өз тәжірибесіндегі өзгерістер, бағдарламаның негізін құрайтын жеті
модуль бойынша түсінігі, өздерінің біртіндеп қалай дамығандары туралы мұғалімдердің өздері жазған
рефлективтік есептерінен көруге болады. Мысалы: Садыкова Айнурдың Бағдарлама бойынша оқыту ту-
ралы кеңейтілген рефлективтік есебінде: «Бұл топта ең жасы мен болғандықтан, жан-жақтағы құбылыс
маған өте қызықты болды, жаңа білім алу модульдерін қарастырып, топтың арасында ынтымақтастық
орната отырып, бір-бірімізді жақсы тани бастадық. «Бетпе-бет» кезеңінде мен өзімді бірнеше шеберлік
жақтан дамыта бастадым. Ол сурет салудан, ойды қорта отырып пікірді айтудан, аудиторияны
өзіме қаратуды, топпен жұмыс істей отырып, ойларыңды тыңдап, ортақ шешім қабылдаудың жаңа
жақтарын ашып, дами бастадым. Ал екінші «бетпе-бет» кезеңде басқа әріптестермен өткен практика-
ны талдай отырып, жаңа идеялар мен бағыттар алдық. Онымен қоса сабақтың есептері мен есептерді
толық ашуды, ойды нақты жазуды үйрендік. Сабақты болашақта тек теория жағынан емес, практика
жағынан қолдануға, оны толық талдай алып, тиімді жақтарын дамытуға бағыт жасағаныма, қандай да
қиыншылық болмасын осы бағдарламалық курста алған тәжірибеме қуаныштымын. Кембридж оқу
бағдарламасы бойынша мен өзімнің шеберлігімді жаңғырта отырып, жаңа оқыту әдістерін меңгеріп,
практикамда қолданып, зерттей алдым», – деп атап өтеді.
Ал Мукажанова Камила өз эссесінде: «Математика пәні мұғалімі мамандығын алғаннан кейін, осы
жас ұрпақты білім нәрімен сусындатсам деген ізгі тілекпен мектеп табалдырығын аттадым. Міне оған да
27 жыл болыпты. Жас жеткіншектерге білім берудің жаңа әдісін үйреткен, осы сәуір айында басталған
педагогикалық шеберлік орталығындағы оқу менің әдістемеме үлкен өзгеріс әкелді. Оқушылармен
қауышып, оқытуды жаңа әдіспен бастағанда, олардың бір-біріне деген ықыласын көргенде, ерекше
сезімде болдым. Үндемейтін оқушының сөйлеуі, өте баяу сөйлейтін оқушының мағыналы сұрағы,
оқушыларға да, маған да жаңалық болды. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі екі оқушының бірігіп жұмыс
істеуі, аз ғана уақытта олардың жеткен жетістіктері ерекше әсер етті. Оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығы сабаққа келген сайын өзіме жаңадан бір күш әкелді», – деп жазады.
Осындай рефлективтік есептерінен мұғалімнің іс-тәжірибесіндегі өзгерістерін сөзсіз көруге бола-
ды. Курсты толық оқып, практикаларында қолданып көрген соң білім алу үдерісіне жауапкершіліктері
артты, берілген тапсырмаларды орындауға, шығармашылықпен білуге талпыныстары байқалды
және топ ішіндегі серіктестік қарым-қатынас артты, бір шешімге келе білу, басқаның пікірін сыйлай
білу, өз ойын ашық айта білулеріне жол ашылды.
«Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше
көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз? Себебі – сіз алғашқыда мұғалімдікке
неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгересіз. Сіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс болған
емес – көбіне ол миссия, міндет, сіз сондықтан өзгересіз. Сіз балаларға жаныңыз ашиды, әрі ол білім
мен дағдыларды меңгергенше сіз оларды балаларға бере алмайсыз, сондықтан сіз өзгересіз. Әлем
өзгергендіктен, сіз өзгересіз, және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз,
себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам
өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз
жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет» [3].
Мұғалімнің кәсіби өзгерісі оның ең алдымен өзіне деген, одан кейін сабаққа және оқушыларға де-
ген қарым-қатынасын түбегейлі қайта құруды талап етеді. Ал Кембридж оқу бағдарламасы бойынша
кәсіби шеберлікті жетілдірудің білім сапасын арттыруға ерекше үлесін қосып отырғанын мұғалімнің
кәсіби өзгерісінде болып жатқан нақты нәтижелерден анық көріп отырмыз.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
«Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» // Егемен
Қазақстан, 2011.
2. Тренерге арналған нұсқаулық Үшінші (негізгі) деңгей Үшінші басылым. «Мұғалімдерді өзгермелі
өмірге дайындау».
3. ІІ (орта) деңгей бірінші бетпе-бет кезеңі, бірінші апта, бірінші күн. 8_L2W1D1 Мұғалімдер неліктен
өзгеруі керек.
182
ПАЙЫМДАУ ЭССЕЛЕРІН ЖАЗДЫРУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТАДЫ
Ихсанова А. А.
Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Аңдатпа
Мақалада пайымдау эсселерін жаздыру үшін қолданылатын әдістер туралы жазылған. Оқушылардың
эсселерінен мысалдар келтірілген. Оқушыларды ойлауға шақыратын сұрақтардың, мұғалім жасаған талдаулардың
маңыздылығы туралы атап көрсетілген.
Аннотация
В статье анализируются используемые автором методы написания эссе-рассуждения; приведены примеры
ряда эссе учащихся; даны вопросы, способствующие развитию критического мышления учащихся. Автором обо-
снована значимость анализа работ учащихся.
Abstract
This article describes the methods used in the argumentative essays. Some students’ work is given as an example. The
questions that develop students’ critical thinking are shown in the article. The teacher showed the importance the analyses of
students’ essays.
Пайымдау эсселері дегеніміз – өзге бір автордың пікірімен пікірлес болу немесе қарсы көзқарасын
дәлелдеу. «Пайымдау» деген сөз ойлану, мағынасын түсіну, іштей талқылау, жан-жағынан қарау де-
ген ауқымды ұғым береді. Эссе – жазу жұмысы. Екі түсінікті қосқанда, терең ойланып жазу дегенге
саяды. Пайымдау эсселелерін жазу оқушындан жан-жақтылықты, оқығанын қолдана алуды, ойын
жүйелей алуды, тіл байлығын талап етеді. Оңай тапсырма емес. Оған бірте-бірте үйретуге болады.
Пайымдау эсселерін жаздыру оқушылардың ой және тіл деңгейін анықтаудан басталды. Сабақ
тақырыбына сәйкес «Менің отбасымдағы дәстүрлер» деген тақырыпта өз өмірлеріне қатысты эссе
жазу тапсырылды. Отбасындағы дәстүрлер оқушыны ойландыра ма, оған қосатын өзінің үлесі мен
жалпы көзқарасы қандай, өзі және отбасы мүшелері қатысатын әрекеттерді оқушы пайымдай ала
ма деген сұраулы мақсат көзделді. Жазылған эсселер мазмұны жағынан да, пайымдау жағынан да
жұпынылық танытты:
–Оқушылар өз отбасыларындағы ерекше дәстүрлерді анықтай алмаған;
–Үйде болатын жағдайларды ғана баяндаған;
–Ата-әжелерінің, әке-шешелерінің, аға-жеңгелерінің, бауырларының жақсы айтылған сөздері,
әрекеттері мүлде көрсетілмеген (мысал келтірілмеген);
–Жазған ойларына қатысты өз көзқарасы жазылмаған;
–Сөздік қор аз, бір сөз бірнеше рет қайталанған.
Осы жұмыстан-ақ оқушыларға қандай көмек керектігі түсінікті болды. Ең алдымен, сөздік қорды
кеңітетін әдістер қолданып, ойлау кеңістігін реттейтін мүмкіндіктер жасауым керек екенін түсіндім.
Тапсырмалар дайындау барысында оқушылардың:
–Жас ерекшелігін;
–Уақытын үнемдеуін;
–Қызығушылықтарын;
–Жеке мүмкіндіктерін ескердім. Оңайдан күрделіге өту шартын да белгіледім.
«Салауатты өмір салтын құрайық» деген тақырыпқа қатысты төмендегі тапсырмаларды
орындаттым:
Өзіңнің күн тәртібіңді жаз. Күн тәртібің өзіңе
ұнай ма?
Тамақ пен тамақтануға қатысты
15 әдеби сөз жаз
Күн тәртібін мектептің күн тәртібіне сәйкес жазған. Әдеби сөздердің орнына мақал мен
мәтелдерді жазыпты. Тапсырма тағы да жұпыны орындалғандықтан, оқушыларға арнайы қосымша
сабақ ұйымдастырып, мұғалімнің күткен нәтижесі қандай еді немесе басқаша қалай жазуға болар
183
еді деген сауалдар төңірегінде рефлексия жасалды. Әр оқушының жұмысын жеке-жеке талдадым.
Оларға төмендегі ойларым мен ұсыныста-рымды айттым:
–Күн тәртібін тізіп жазғанмен, ұнау мен ұнамауға қатысты ойларың жазылмаған, бұған қарап,
өздері туралы ойланбайды, өз пікірлерін ұсынбайды деп есептеуге болады;
–15 әдеби сөз жазу ұсынылғанымен, мақал-мәтел жазғансыңдар. Еңбектерің бағалауға татиды.
Сабақ үстінде интернеттен іздегендеріңізді байқадым, дей тұрғанмен, сол күйінде көшіруге
болмайтын еді. Өзгертіп, синонимдерін естеріңе түсіріп қолдануға болар еді ғой. Мысалы,
«өзі тойса да, көзі тоймайды» [1] деген мақалдан «тойынбау», «тойымсыздық», «қомағайлық»
сияқты сөздер шығаруға болар еді.
–Мақалдардың ішінен төмендегі мақалдарды жазыпсыңдар, олар мүлде басқа мағына беретін
мақалдар:
а/ Есебін тапқан екі асар (пайдакүнемдік мағынасында);
ә/ Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің [1] (қызықтың көкесін көресің деген сөз);
б/ Ас ішсең атауыңдай іш. Атау деген қандай мағына береді? Атау кере- бұл дүниедегі соңғы дәм
деген түсініктер берілді.
Сабақтың рефлексиясын жасау – пайымдық эсселерді дұрыс жазуға бағыттайтын әдістердің бірі.
Енді бірде көркем шығармадан екі абзацтан тұратын үзінді ұсынып, өз пайымдарын жазуды
тапсырдым:
...Есіркеген кіндігінен жалғыз өзі болғанымен, үш-төрт ата аралаған ағайыны бар-ды. Жиырма беске
толғанда Есіркеген қайтыс болды да, жамағайындары: Шалабай мен Далабай «Есіркеген саған әке болса, бізге
аға» деп, еншіні қылдай бөлісіп алған да сырғақсып кеткен еді. Қожа жалғыз шешесімен жұрағаттан айры-
лып жұтағандай боп ескі жұртында отырып қалған-ды.
Ол әкесіне тартып пысық, біртоға боп өсті де, әкеден қалған шағын шаруаны дөңгелек айналдырып,
шалқытып әкеткен. Кешегі мұрнының қаспағын жия алмай жүрген жаман Қожаның іштеніп, төрт
құбыласын сай етіп алғаны жамағайындарының көңіліне қызғаныш құртын түсіріп, көре алмас күңкіл-
күңкіл сөз тудырды. Інісі арғы ауылдың бүлдіршіндей жас қызын алып, ұлы жіңгір той жасап жатқанда «өзі
болған қыз төркінін төркінін танымас де, бізбен ақылдаспай қатын алып отыр ғой. Бармаймыз» деп, үш
рет ат сабылтып кісі жібергенде аяқтарының басын құйқайтып жатып алған...
(Оралхан Бөкейдің «Ардақ» әңгімесінен үзінді)
Тапсырма: Үзіндіні оқып, оқырман ретіндегі өзіңнің пікіріңді жаз. [2, 19-б]
Мұндай тапсырма берудегі мақсатым:
–Оқушылардың кімді даттап, кімді жақтайтынын бақылау;
–Үзіндісі алынған көркем шығарманы оқуға қызықтыру;
–Жазушының тіліндегі сөз көркемдігін оқушылар жадында қалдыру;
–Адамдардың мінезін саралауды үйрету болатын.
Оқушылар пайымдаушылық көзқарастарын білдіре алған.
Ташмухамбетова Асаль есімді оқушы: «...Менің пайымдауымша, Қожа – пысық, ақкөңіл, кек
ұстамайтын, кешірімді адам. Қожа әкесінің көзі тірісінде жалғыз болғандығын түсініп, оның
қазасынан кейін, ағаларымен жақсы қарым-қатынас орнатқысы келеді...» [4] – деп тың ой жазыпты.
Мұхтарова Раушан: «...Бұл – өмір. Дүниеде кехздейсоқ немесе аяқ астынан ештеңе болмайды. Өмір
бойы сен тек жақсы адамдарды ғана емес, іші тар адамдарды да кездестіресің. Олар сенің туыстарың
болуы да мүмкін...» [4] – деп түйін жасапты. Қанатқалиев Райымбектің пайымы да назар аударуға
тұрарлық: «...Адам жалғыз болғансайын өмірден түңіледі, өзін керексізбін деп сезінеді. Жалғыздық
дегенге тойтарыс беретін қайрат, жігер, мақсат, сенім, мойымаушылық секілді сезімдер де болады.
Дәл солар сені жалғыздық дертінен емдейді. Сол емді пайдаланғанның біреуі – Қожа...» – дейді.
Оқушылардың жазба жұмыстарында ілгерілеушілік байқалады. Пайымдауға арналған тапсырма-
ларды түрлендіріп отырудың да өзіндік пайдасы бар, бірсарындылықтан сақтайды. Оқушылар тосын
тапсырмалар күтуге үйренеді.
«Оғызқаған» тақырыбы бойынша тапсырма төмендегідей болды:
Күндерде бір күні Айқағанның көзі жарыды, босанды. Еркек бала туды. Осы баланың өңі, шырайы көк
еді, аузы оттай қызыл еді, көздері қаракер, шаштары, қастары қара еді. Жақсы тектілерден де көріктірек
еді.
Осы ұл анасының омырауынан бір-ақ рет сүт еміп, бұдан артық ембеді. Шикі ет, тамақ тіледі. Тілі
шыға бастады. Қырық күннен соң үлкен болды, жүрді, ойнады. Осы ұлдың аяғы өгіз аяғындай, белі бөрі
беліндей, жауырыныбұлғын жауырынындай, кеудесі аю кеудесіндей еді. Денесінің бәрін түгел түк басқан еді.
Малдарды күтіп жүретін болды.
Аттарға мініп жүретін болды.
Аң-құс аулап жүретін болды.
Оғыз қаған күндерден соң, түндерден соң жігіт болды.
184
Бұл заманда бұл жерде бір үлкен орман бар еді, көп теңіздер, көп өзендер бар еді. Мұнда жүгірген аң
көп-көп еді, мұнда ұшқан құс көп-көп еді. Осы орман ішінде үлкен бір Қат бар еді, өзі үрейлі бір аң еді. Зор
айбатпен ел-жұрттың жүрегін шайлықтырып еді. Оғыз қаған бір ержүрек кісі еді. Ол бұл Қатты аулауға
ой қылды. [3, 37-б]
Тапсырма:
Өзің бұдан да гөрі қызықтырақ етіп қалай жазған болар едің?
Үзіндіде үш немесе төрт сөзден тұратын сөйлемдер жиі кездеседі. Қарапайым сөздермен
берілген. Оқушылар қаншалықты көркемдей алады, қандай сөздерді ауыстырады, жай сөйлемдер
орнына құрмалас сөйлемдер жаза ала ма? Назар аударайық. «Бір күндері айдай сұлу Айқаған отба-
сына торсықтай ұл сыйлады. Сәбидің түр-келбеті көк, шашы мен қастары қара, көздері шалқасынан
жатқан Ай секілді доға, еріндері қан түстес. Анасының құшағында бір-ақ рет болып, одан кейін
жақындамады. Тәбеті ерек, тілегені – шикі ет пен сусыны көже. Қырық күннен кейін тілі шығып
сөйлеп, бойы өсіп ержетеді. Денесі нағыз батырдың денесіндей. Кеудесі жардан да үлкен, аяғында
тұяқтар бар, алақанына бір ауыл түгел сыйғандай, қолдарымен аспанды тірейді. Малдарды күту,
атқа отыру, аң-құс аулау – оның сүйікті кәсіптері. Бұл өсіп жатқан Оғызқаған еді. Елдің зәресін алған
жыртқышты ұстап, елдің тыныштығын қалпына келтіргісі келді...» [4] – деп Сепетова Сара есімді
оқушы көп-көркем жаңа үлгісін ұсыныпты.
Пайымдау эсселерін жаздыру оқушылардың ойлау қабілетін дамытады. Дұрыс ойлауға
жетелейтін – нақты тапсырмалар, бағыттау сұрақтарын да алдын ала ұсынып, ойлау деңгейін
кеңейтуге болады. Мысалы жоғарыдағы тапсырмаға сай мынадай сұрақтар ұсынуға болады:
1. Оқыған үзіндінің мазмұны түсінікті ме?
2. Мазмұнын байыту үшін сен қандай сөздерді басқа сөздермен ауыстырар едің?
3. Жай сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге ауыстыра аласың ба?
Қандай сұрақ болмасын, адам баласын ойлануға мәжбүр етеді.
Біздің мектепте он 9 сыныптар саны – он. Екі жүзге тарта оқушы қамтылған. Барлығының ой-
өрісін, сөйлеуін бірыңғай дамыту мақсатында сол сыныптарға сабақ беретін пән мұғалімдері сабақ
жоспарларын бірге дайындап, өзара ақылдасуға ерекше мән береміз. Сондай ақылдасулардың
бірінде төмендегі тапсырманы орындатуды жоспарладық:
Достарыңызбен бөлісу: |