Тақырыбы: Жҥсіп Баласағұн –ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны.
«Құттыбілік»дидактикалықдастаныныңбастыидеясы.
Қаралатын мәселелер:
Ақынның ӛмiрi
Дастанның қҧрылысы мен сюжетi және зерттелуi
Ел басқарған әкiмдер бейнесi
Ақыл-бiлiм туралы
Әдептiлiк тәлiм-тәрбие туралы
Дастанның кӛркемдiк ерекшелiгi
Жҥсiп Баласағҧнның ӛмiрi туралы мәлiметтер аз сақталған. "Қҧтты бiлiк" дастанының авторы жӛнiнде бiрен-саран деректер осы шығармаға бiрi қара сӛзбен, екiншiсi ӛлеңмен жазылған алғы сӛздерiнде бар. Ж.Баласағҧн ӛз ӛмiрi мен ақындық қызметi жайындағы кейбiр деректердi "Қҧтты бiлiк" дастанының соңғы ҥш тарауында қысқаша тҥрде, ҥстiрт қана әңгiме етедi. Мiне, ақынның осы ӛзi жазған мәлiметтерге қарағанда, Ж.Баласағҧн орта ғасырда Қарахан әулетi билiк жҥргiзген мемлекеттiң бiр кездегi астанасы Баласағҧн шаһарында туылған.
Сол кездегi тҥркi тiлдес тайпалардың мәдени ӛмiрiнде Қашқар қаласы да зор роль атқарғаны мәлiм. Ақынның "Қҧтты бiлiк" дастанын Баласағҧнда бастап, Қашқарда аяқтауы кездейсоқ жәйт емес. Бҧл дастанға қара сӛзбен жазылған кiрiспеде ақын: "Бҧл кiтапты жазған кiсi Баласағҧнда туылған, осы кiтапты
Қашқарда жазып бiтiрiп, шығыстың әмiршiсi Табғаш Қара Бограханға тарту еттiм" дейдi.
Ақын Ж.Баласағҧн "Қҧтты бiлiк" дастанын хижра есебi бойынша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санак есебi бойынша 1070 жылы жазып бiтiрген. Бҧл кӛлемдi дастанды он сегiз айда жазып бiтiргенiн автор шығарманың текстерiнде ӛзi айтады. Жҥсiп Хас Хажиб бҧл еңбегiн жасы егде тартып қалған шағында жазғаны белгiлi.
Осы шығарманы ҧзақ жылдар бойы зерттеген ғалымдардың есебi бойынша, Ж.Баласағҧн ӛз дастанын шамамен 54 жасында жазып бiтiрген. Демек ақын 1015- 1016 жылдары туылған деп шамалайды. Ал, 1070 жылы ол "Қҧтты бiлiктi" жазып болып, сол жылы оны "хандардың ханына" тарту еткенiн жоғарыда айттық. Бҧл тартуға риза болған Бограхан ақынға: ҧлы жас хажиб "бас кеңесшiмiз" немесе "ҧлы уәзiр" деген жоғары атақ бередi.
"Қҧтты бiлiк" дастанының басты идеясы тӛрт принципке негiзделiп жазылған: бiрiншiсi – мемлекеттi дҧрыс басқару ҥшiн қара қылды қақ жаратындай әдiл заңның болуы. Автор әдiлдiктiң бейнесi ретiнде Кҥнтуды патшаны кӛрсетедi.
Екiншiсi – бақ, дәулет, яғни елге қҧт қонсын деген тiлек. Бақ-дәулет мәселесi дастанда патшаның уәзiрi айтолды бейнесi арқылы жырға қосылған.
Ҥшiншiсi – ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық ролi уәзiрдiң баласы Ҧғдҥлмiш бейнесiнде жырланады.
Тӛртiншiсi - қағанат-ынсап мәселесi. Бҧл мәселе дастанда уәзiрдiң туысы, дәурiш Оғдҥрмiш бейнесi арқылы әңгiме болады.
Композициялық қҧрылысы жағынан дастан 6520 бәйiттен тҧрады. Бҧл – 13000 ӛлең жолы деген сӛз.
Соның бәрi 85 тарауға бӛлiп берiлген шығарманың негiзгi бӛлiмдерi екi жолдық менсеви тҥрiнде жазылған.
"Қҧтты бiлiк" дастанының сюжетi де автор алға қойған дидактикалық мiндеттерге, яғни шығарманың әдiлдiктi, бақ-дәулеттi, парасатты, қағанатты бейнелейтiн тӛрт қаһарманның iс-әрекетiне тiкелей байланысты етiп қҧрылған. Дастанның сюжеттiк жемiсi мейлiнше қарапайым болып келедi. Басқаша айтқанда, бҧл дастанда кӛтерiлген басты мәселе шығарма қаһармандарының басынан ӛткiзген оқиғаларында емес, сол қаһармандар арқылы айтылатын автордың ӛсиет-уағыздары мен ғибрат сӛздерiнде, сҧрақ-жауаптарында жатыр.
Сонымен, "Қҧтты бiлiк" дастанының сюжеттiк бӛлiмi негiзiнен шығарманың бас қаһармандарының ӛзара әңгiмесiнен, сҧрақ-жауаптарынан, олардың бiр-бiрiне жазған хаттарынан тҧрады. Айталық, дастанның 14-20 тараулары Кҥнтуды мен Айтолдының ӛзара әңгiмесi болып келедi. Ал, Айтолды мен Оғдҥрмiш сҧхбат шығарманың 21-22 тарауларында баяндалады. Ҧлтуды мен Ҧғдiлмiштiң диалогiне автор дастанның 24-38 және 72 тарауларын арнаған.
Қорыта айтқанда "Қҧтты бiлiк" дастанын композициялық тҧрғысынан қарасақ, шығарманың әрбiр тарауы белгiлi бiр моральдық, этикалық, философиялық т.б. мәселелерге арналған. Соның ӛзiнде автор шығарма желiсiн ҥзiп алмай, дастанның бiр тарауын екiншiсiмен сюжет арқылы шеберлiкпен жалғастырып отырады.
Жҥсiп Хас Хажиб Баласағҧнның "Қҧтты бiлiк" дастанының бҥгiнгi кҥнге дейiн сақталып келген ҥш нҧсқасы бар:
Бiрiншiсi – Вена нҧсқасы, оны Герат нҧсқасы деп те атайды. Бҧл қолжазба қазiр Венаның Корольдiк кiтапханасында сақтаулы тҧр. Сол ҥшiн оны Вена нҧсқасы дейдi. Ал, дәл осы қолжазба 1439 жылы Герат шаһарында кӛшiрiлген екен. Оны ҧйғыр әрпiмен кӛшiрген адамның есiмi – Хасан Қара Сейiл.
Екiншiсi – Каир нҧсқасы. Бҧл қолжазба араб әрпiмен кӛшiрiлген. Оны Каирдағы бiр кiтапхананың сирек кездесетiн қолжазбалар қорынан 1896 жылы немiс ғалымы Б.Мориц тапқан. Белгiлi орыс ғалымы В.В.Фодлов Петербург Ғылым академиясының Азтя музейi ҥшiн Каир нҧсқасының бiр данасын кӛшiртiп алады. қазiр бҧл қолжазба ССРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының Ленинград бӛлiмшесiнде сақтаулы тҧр.
Ҥшiншiсi – Наманған нҧсқасы. Оны 1913 жылы А.З.Валидов Ӛзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан едi. "Қҧтты бiлiк" дастанының араб әрпiмен кӛшiрiлген, ең толық саналатын осы нҧсқасы Ӛзбек ССР Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығысану институтында сақталып келедi.
Ӛзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нҧсқасы бойынша ҧзақ жылдар бойы зерттеу жҧмыстарын жҥргiздi. Сӛйтiп, 1971 жылы дастанды қазiргi ӛзбек әрпi негiзiнде транскрипция жасап, оны ғылым сипаттамасымен бiрге жеке кiтап етiп басып шығарды.
"Қҧтты бiлiк" дастаны жӛнiнде тҧңғыш рет баспасӛз бетiнде хабар берiп, оның нҧсқасының бiр бӛлiгiн 1823 жылы "Азия журналында" бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.
Бҧл iстi кейiнiрек венгер ғалымы Герман Вамбери қолға алды. Ол дастанның бiрнеше тарауын транскрипциялап, немiс тiлiне аударып, оған тҥсiнiк беретiндей сӛздiк жасады. Соның бәрiн қосып, 1870 жылы "Қҧтты бiлiк" жеке кiтап етiп шығарды.
"Қҧтты бiлiктi" кең кӛлемде зерттеу, оны аударма жасау басқа тiлдерге келелi iстер тындырған адам академик В.В.Радлов болды.
В.В.Радлов бҧл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзiрлеу iстерiмен жиырма жыл бойы айналысты. Дастанның бiрнеше тарауын немiс тiлiне аударып, баспасӛзге шетiнен жариялай бастады.
"Қҧтты бiлiк" дастанын әдебиеттану, тiл бiлiмi, тарих ғылымы тҧрғысынан зерттеуге С.Е.Малов, Е.Э.Бертельс, А.Валитова, К.Каримов, С.Муталлибов сияқты совет ғалымдары мол ҥлес қосты.
Қазақтың белгiлi ақыны, әрi әдебиет зерттеушiсi Асқар Егеубаев "Қҧтты бiлiк" дастанының қазақ әдебиетiнiң дамуына идеялық-кӛркемдiк әсерi деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды. Сондай-ақ ол ақын ретiнде "Қҧтты бiлiк" дастанының тҥпнҧсқаға мейлiнше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты.
"Қҧтты бiлiк" дастанында кӛтерген ең басты мәселелердiң бiрi – ел басқару мәселесi. Ақын ел басқарған патшадан бастап, аспазға дейiнгi барлық хан сарайы қызметкерлерiнiң тҥр-сипаты, мiнез-қҧлқы, ақыл-парасаты, мiндеттерi, жауапкершiлiгi қандай болу керектiгiн жеке-жеке баяндап шығады.
Автор "Әкiмдер елге мынадай ҥш талап қоюға қҧқылы деп есептейдi. "Ей елдiң кӛсемi, халықтың ӛзiңе қойған талабын орындағаныңнан кейiн, ӛзiңе де халықтан
тӛмендегiдей ҥш нәрсенi талап етуге қҧқықты боласың: Бiрi – сен қандай жарлық шығарсаң да жҧрттың бәрi оны сӛзсiз орындауы керек. Екiншiсi-мемлекет салықтарын ӛз уақыттарында жомарттықпен мемлекет қазынасына салып тҧрсын. Ҥшiншiсi – Бҥкiл халық досыңа –дос, дҧшпаныңа – дҧшпан болуы керек.
"Қҧтты бiлiк" дастанының авторы кедейлер, аш-жалаңаштар, жетiм-жесiрлер, кемтар жандар туралы айта келiп, ел билеген әкiмдердi шапағатты, мейiрiмдi, жомарт, ынсапты болуға, мал дҥниесiн мҧқтаж жандарға ҥлестiрiп беруге ҥндейдi. Ӛз заманындағы сан алуан ғылым салаларын меңгерген ғҧлама-ақын
Ж.Баласағҧн бҧл ӛмiрдегi барлық нәрседен де ғылымды жоғары қояды. Дастанда оқу-бiлiм, ғылым мәселелерiне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бiрге, ақын мемлекет, қоғамб ел басқарған әкiмдер, мораль, этика т.б. мәселелерге арналған тараулары да бiлiмнiң кҥш-қҧдiретiн ардақтап, ғылымдарды кӛкке кӛтере мадақтайды. Мысалы:
Ақыл шырақ, қара кҥндi ашатын, Бiлiм-жарық, нҧрын саған шашатын. Бiлiм-байлық, азаймас һәм жоғалмас, Еш қарақшы, ҧрыға да тоналмас.
Пайдасы кӛп, аз ақылды аз деме, Қыдыры кӛп, аз бiлiмдi аз деме! Ақыл, бiлiм бейне кiсен кiсiге,
Кiсендi ашып бармас қылмыс iсiне.
Ж.Баласағҧн ӛзiнiң дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, әдептiлiк, тәлiм-тәрбие туралы ӛсиет-ғибрат сӛздер айтады.
Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептiлiк пен дӛрекiлiк, шындық пен ӛтiрiк, аңқаулық пен аярлық т.б. ӛзара қарама қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар пiкiрiн тереңдете тҥседi. Мәселен, ақын: ауырмаса – денсаулықтың қадiрiн бiлмейдi, қайғысыз адам - қуаныш сезiмнiң қҧдiретiн толық сезе алмайды деген секiлдi бiрқатар философиялық пiкiрлер қозғайды.
"Қҧтты бiлiк" дастанында автор ерекше мән берiп зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердiң бiрi адамдардың бiрiн-бiрi қҧрметтеуi, iзет кӛрсетуi, сылауы болыпи табылады. Дастанның жетiншi тарауы тҥгелдей осы мәселеге – тiл әдептiлiгiне, яғни мәнерлi, мәндi, сыпайы сӛйлей бiлу ӛнерiне арналған. Қысқаша әрi мазмҧнды сӛйлей бiлу - әдептiлiктiң басы деген пiкiр айтады.
Ақын кiсiнi адамгершiлiк арнасынан шығарып, жҧртқа әдепсiз, дӛрекi, надан етiп кӛрсететiн кейбiр мiнез-қҧлықтарға кӛркем сӛзбен сипаттама бередi. Әке- шешеден тәрбие кӛрген, әдептi жандар қашанда нәжiсiн тия бiлетiн, жомартб бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетiнiн айтады.
"Қҧтты бiлiк" дастаны тҥркi тiлiндегi жазба әдебиет әлi бай тәжiрибе жинай қоймаған дәуiрде жазылды. Әрине, бҧл кезде Ж.Баласағҧнға ӛз шығармасын араб яки парсы тiлiнде жазу әлдеқайда жеңiл болар едi. Алайда Ж.Баласағҧн араб- парсы поэзиясынан бас тартты. Ол ӛзiнiң ана тiлiнде, яғни тҥркi тiлiнде кҥрделi, кӛркем шығарма жазып, ӛзiнше жаңа соқпақ салып, жаңа дәстҥр тудырды.
"Қҧтты бiлiк" авторы тҥркi тектес халықтардың ауыз әдебиетiнiң кәусар бҧлағынан еркiн сусындайды. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мҥмкiндiктерiн жазба әдебиеттiң тәжiрибесiмен ӛзара ҧштастыра бiлдi.
"Қҧтты бiлiк" дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, мезеп, яки астарлап сӛйлеу сияқты кӛрiктеу қҧралдарын зор шеберлiкпен, бiрлiкпен пайдалана отырады. Сондықтан жырдағы сан қилы адам бейнелерi, табиғат кӛрiнiстерi, қаһармандарының кӛңiл кҥйi мейлiнше әсерлi шыққан.
"Қҧтты бiлiк" дастаны аруздың ықшамдалған мутакариб деп аталатын ӛлшем тҥрiмен жазылған. Е.Э.Бертельстiң айтуына қарағанда, феодализмнiң ендi ғана ӛрiс алып келе жатқан алғашқы кезеңiнде жыр-дастандардың басым кӛпшiлiгi осы ӛлшеммен жазылған.
Осы ғасырдың аса кӛрнектi ақыны, ғажайып сӛз зергерi, энциклопедист- ғалымы, кӛрнектi мемлекет қайраткерi Жҥсiп Хас Хажиб Баласағҧнның "Қҧтты бiлiк" дастанының әдеби, тарихи ғылыми мәнi ерекше зор. Бҧл кӛркем шығарма бертiн келе қазақ халқының этникалық қҧрамына енген ру-тайпалардың ежелгi дәуiрдегi тҧрмыс-тiршiлiгiн, наным-сенiмiн, әдет-ғҧрып, мәдениетiн, әдебиетiн, тiлiн т.б. зерттеп бiлу ҥшiн аса қажеттi, қҧнды мҧра болып табылады.