Тақырыбы: Қожа Ахмет Яссауи – сопылық әдебиеттің өкілі. «Диуани Хикмет» кітабы.Ахмет яссауи
СҥлейменБақырғанидің«Бақырғани кітабының»мәні
Қаралатын мәселелер:
Ахмет Яссауидiң ӛмiрi, шығармашылығы Ахмет Яссауи жырларының зерттелуi "Даналық кiтабы" туралы
Ахмет Яссауи дiн насихатшысы
Ғҧламаның ең танымал болған дарынды шәкiрттерiнiң бiрi Сҥлеймен Бақырғани Ақылдының алды,
Ағып жатқан дария Сараң адамның алды,
Қу-тақыр – шӛл жазира.
Ахмет Яссауи – тҥркi тiлдес халықтардың орта ғасырдағы аса кӛрнектi ақыны, есiмi ислам әлемiне мәшһҥр болған ойшыл қайраткерi. Ол мҧсылман қауымының дәстҥрлi қағидаларын жырлаған сопылық әдебиеттiң тҥркi халықтары арасындағы мейлiнше танымал, iрi ӛкiлдерiнiң бiрi болды. А.Яссауи кезiнде "жахрия" "Яссауи" деп аталып кеткен сопылық - мистикалық ағымның негiзiн қалады.
А.Яссауи Испиджаб (Сайрам) қаласында туылған. Ақынның туылған жылы белгiсiз, ал 1166 жылы қайтыс болған. Ер жете Тҥркiстан (ол кезде Яссы деп аталған) қаласына келп тҧрады. Сол кезде атақты Арыстанбаб және Жҥсiп Хамадани деген шайықтардан тәлiм-тәрбие алған. Бҧхарада оқыған. Сосын оқымысты адам, сопы ретiнде Яссы қаласына қайтып келедi.
"Диуани хикмат" (Даналық кiтабы) – тҥркi тiлдi халықтардың ХII ғасырдан сақталған әдеби ескерткiштерiнiң бiрi саналады. Бҧл ӛлеңдер жинағы қазақ әдебиетiнiң де орта ғасырлық нҧсқасы болып табылады. Ӛйткенi Яссауи хикматтарының тiлiн ҧзақ жылдар бойы зерттеген кӛрнектi совет ғалымы А.К.Боровковтың пiкiрi бойынша "Даналық кiтабы" оғыз-қыпшақ тiлiнде ӛмiрге келген әдеби туынды. Кезiнде ол ӛлеңдер ӛте қарапайым, кӛпшiлiкке тҥсiнiктi тiлмен жазылған. Ақын орта Азиядан бастап, Едiл жағалауына дейiнгi ҧлан-ғайыр ӛлкеде кӛшiп-қонып жҥрген тҥркi тайпаларының бәрiне де тҥсiнiктi болатындай ауыз екi сӛйлеу ретiнде жырлағаны дау тудырмайды. Бiрақ бертiн келе жинақты кӛшiрушiлер оған ӛз тарапынан кӛптеген араб-парсы сӛздерiн қосып жiберген сияқты.
Бҧл ӛлеңдер жинағының алғашқы нҧсқасы сақталмаған. Ең ескi нҧсқасы ХҤ ғасырдың орта кезiнде араб емлесiмен кӛшiрiлген. "Даналық кiтабы" Қазан (1887 және 1901), Стамбул (1902 және 1911) баспаларынан бiрнеше рет жеке-жеке кiтап болып басылып шығады.
А.Яссауи ӛлеңдер жинағының толық нҧсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мҧнда 149 хикмет берiлген. Соның 109 хикматы Яссауидiң ӛзiнiкi екенi даусыз. Қалғандары шәкiрттерi тарапынан жазылып, жинаққа енiп кеткен жыр жолдары болса керек.
Тҥркия ғалымы М.Ф.Кепрюлю-заде А.Яссауи хикматтарының жазылу тарихын, поэтикасын, әлеуметтiк бағыт-бағдарын тҧңғыш рет әдебиеттану ғылымы тҧрғысынан жан-жақты зерттеп, ол туралы келелi ғылыми еңбек жазғаны мәлiм. Ғалым 1928 жылы А.Яссауи поэзиясын ғылыми негiзде жҥйелеп, Стамбул баспаларының бiрiнен жеке кiтап етiп шығарды.
Қазiргi зерттеушiлердiң барлығы дерлiк А.Яссауи жырларының осы басылымын негiзге алып жҥр.
Белгiлi орыс ғалымдары Л.Н.Смайлович, Е.Э.Бертельс, А.К.Боровков, Г.Ф.Благова т.б. А.Яссауи жырларын зерттей келiп, кезiнде оны жоғары бағалады, әрi ақынның ӛзiнен кейiнгi сӛз зергерлерiне тигiзген әсерi зор болғанын ерекше атап кӛрсеттi.
Сондай-ақ А.Яссауи поэзиясын зерттеу iсiне Э.Р.Рустамов, Н.М.Маллаев, В.И.Захидов сияқты еңбек ғалымдары да едәуiр ҥлес қосты.
"Даналық кiтабында" негiзiнен тӛрт нәрсе мадақталды. Олар: "шариғат" – ислам заңдары мен әдеп ғҧрпының жинағы, "тариқат" – сопылық идеясы, мҧрат- мақсаты, "мағрифат" - дiн жолын танып, оқып бiлу, "хақиқат" қҧдай және оған жақындау. А.Яссауыдiң ойынша, "шариғатсыз", "тариқат", "тариқатсыз", "мағрифат", "мағрифатсыз", "хақиқат" болуы мҥмкiн емес. Бҧлардың бiрi екiншiсiне ӛту ҥшiн қажеттi басқыш болып табылады.
Тҥркi халқы ислам дiнi мен мәдениетiн қабыл еткен соң бҧрынғы кӛк Тәңiрiсiне табынуға негiзделген мәжусилiк сенiмiнен, әдебиетiнен, ӛнерiнен,
жалпы алғанда, алғашқы рухани мҧрасынан айрыла бастаған едi. Сонымен бiрге, араб парсы тiлдерi мен исламның оқу бiлiмi бҧқара халыққа кӛпке дейiн жат кӛрiнiп, тҥсiнiксiз болып келедi. Мiне, осындай бiр тарихи бетбҧрыс кезеңiнде ӛлең қҧрылысы жағынан кӛне тҥркi поэзиясының табиғатына жақын етiп жазылғаны, әрi оғыз-қыпшақ тiлiнде ӛмiрге келген А.Яссауи жырлары жергiлiктi халықтың рухани ӛмiрiнде зор роль атқарады. Ақынның "Даналық кiтабы" атты жыр жинағы арқылы қарапайым халық ислам әлемiмен, сол дәуiр ҥшiн iлгерiшiл саналған сопылық ағымның философиялық ой-пiкiрлерiмен танысты.
Рас, әдiлдiк жолына тҥсу, ақиқатты iздеп табу, адамның рухани ӛмiрiнiң таза болуы сияқты қҧбылыстарды А.Яссауи ислам дiнiнiң шарттары арқылы тҥсiндiруге әрекет жасады. Соның ӛзiнде, ақын әлеуметтiк қайшылықтар мен теңсiздiктердi сынап, халық мҥддесiн, ескергiсi келмеген тәкаппар жандарды әшкерелеп отырады. Халықты iзгi қасиеттерге, адамгершiлiкке ҥндейдi.
Ғарiп, пақыр жетiмдердi қылған шадман, Қҧлдық қылып ғазиз жанды еткен қҧрбан.
Тағам тапсақ, шын пейiлмен кҥткен мейман, Халықтан естiп бҧл сӛздi айттым, мiне.
Ғарып, пақыр жетiмдердi әркiм сҥйер, Риза болар ол пендеге пәруәдiгер
Ей, бейхабар, болма кҥмән, сенi асырар. Хақ Мҧстафадан естiп, айттым мҧны.
Дҥние ҥшiн хам жеме, хақтан ӛзгенi сӛз деме. Кiсi малын сен жеме, сират кӛпiрiнде тҧтар.
Әйелiң қарындас, ешбiр болмас ол жолдас, Әлек болып ғарiп бас, ӛмiрiң желдей ӛтер. Алла жадын айта алмай, ӛлiп кетсем,
Ессiз ӛмiрiм арманда ӛтер достар. Хақиқат дариясынан iшкен кiсi.
Ӛзi мҧңлық, кӛзi жасты, кӛңiлi сынық.
Хақ қаһарынан қорқып, жасын тӛкпегендер, Тозақта жҥз мың азап татар достар
Әдiлетсiз залым патша болғаны-ай, Ордасына ӛңшең қудың толғаны-ай. Бiрiн-бiрi жиналысып, қолпаштап, Су тӛгiлмес жҥр ғой бәрi жорғадай.
Сонымен бҥкiл әлемдегi тҥркi тiлдес халықтарға ортақ мҧра саналатын А.Яссауидiң ғажайып жырларын оқып-ҥйренуге, зерттеуге, жариялауға бiздiң елiмiзде соңғы кезге дейiн тиым салынып келгенi мәлiм. Тек елiмiзде қызу жҥрiп жатқан қоғамды қайта қҧру, жариялылық процесiнiң арқасында ғана А.Яссауи туралы ашық сӛйлесуге мҥмкiндiк туды. Ақын жырларын зерттеу, тәржiмә жасау iстерi шындап қолға алына бастады.
Бҧған 1990 жылы қазан айының 23-27 жҧлдызында Тҥркiстан қаласында ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша "Яссауи әлемi" деген атпен ӛткiзiлген халықаралық ғылыми конгрестiң материалдары толық дәлел. Яссауи мҧрасын
танып-бiлу, оны қоғам игiлiгiне пайдалану қажеттiгi осы халықаралық маслихатта ерекше атап кӛрсеттi.
Есiмдерi әлемге мәшһҥр Сағди, Хафиз, Ясәми, Низами, Руми сияқты шайырлар кезiнде сопылық ағымның сарындарын пайдалана отырып, гуманистiк идеяға қҧрылған ғажайып жыр-дастандар жазғаны мәлiм. Тҥркi тiлiндегi сопылық-мистикалық әдебиеттiң негiзiн қалаушылардың бiрi А.Яссауи хикметтерiнiң әлеуметтiк астары тереңде жатқанын аңғару қиын емес. Мәселен, ақын жалған ғалымдар мен жағымпаз жандарды ӛлтiре сынайды:
Бiлгiрi заман ақыр залым болды,
Жағымпаз жан алғыштар ғалым болды, Сойқанды елге ашық айта алмаудан Iшiме менiң дертiм залым толды.
А.Яссауи ӛзiнiң ҧзақ жылғы ӛмiр жолын тҥйiндей келiп бҧл ӛмiрде ақиқаттан артық қасиет жоқ деген қорытынды жасайды:
Қожа Ахмет, басыңды елге ие бiл, Ақиқатты ары таза сҥйе бiл.
Дҥниеқорлар кетсiн бықсып ӛзiмен. Халық қала дҥниеге ие бҧл.
Сӛйтiп А.Яссауи тек дiн насихатшысы ғана емес, сонымен бiрге, ол адам бойындағы iзгi қасиеттердi кӛкке кӛтере мақтаушы, ӛз оқырманын әдiл, мейiрiмдi, сабырлы, жомарт, кiшiпейiл болуға шақырған ойшыл ақын.
Белгiлi әдебиет зерттеушiсi Р.Бердiбаев қазақ кӛркем сӛз ӛнерi мен А.Яссауи поэзиясы арасындағы дәстҥр жалғастығы туралы айта келiп, "тҥркi әдебиетiнде жиi ҧшырайтын, "иман нҧры", "заһар кӛзi", "сырдың кӛзi", "табиғаттың ләззаты", "махаббат майданы", "мағрифат бостандығы", "хақиқат дариясы", "ғашықтық дертi", "махаббат бостандығы", "гҥл шарабы", "жан дауасы", "шайтан жолы" тәрiздi бейнелiк қатарлар бҧрыннан келе жатқан тамаша дәстҥр айдынына апарады", -деп жазды. А.Яссауи жырлары тек қазақ елiне ғана емес, бҥкiл тҥркiтiлдес халықарға ортақ мҧра екенi мәлiм арада сан ғасырлар ӛтсе де ӛзiнiң мән-мағынасын кемiтпей, қайта уақыт озған сайын қадiр-қасиетi арта тҥскен бҧл ғажайып хиқмет-жырлар ҧрпақтан-ҧрпаққа жалғасып, рухани мҧра ретiнде ӛмiр сҥре беретiнi даусыз.
А.Яссауидiң сопылық-мистикалық сарындағы ой-пiкiрлерiн оның шәкiрттерi жалғастырып, кезiнде кӛптеген хиқмат-жырлар жазғаны мәлiм. Ғҧлама ақынның ел iшiне ең танымал болған дарынды шәкiрттердiң бiрi Сҥлеймен бақырғани едi. Ақынның туған жылы белгiсiз, 1186 жылы қайтыс болған. Оны жҧрт Хакiм ата деп атаған.