Халықаралық гуманитарлық –техникалық


Тақырыбы: Орта ғасырлық ғұламалардың ой-тҥйіндері. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және шығармашылығы



бет6/21
Дата10.10.2022
өлшемі176,99 Kb.
#42136
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ЕЖелг3 д7 2д лекция

Тақырыбы: Орта ғасырлық ғұламалардың ой-тҥйіндері. Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі және шығармашылығы.


Қаралатын мәселелер:


Әл-Фараби өмiрi

  1. Әл-Фараби зерттеу еңбектерi

  2. Ақындығы

  3. Әдебиет теориясы туралы пiкiрi

  4. Әл-Фараби шығыс халықтарына ортақ тұлға

Қазiр Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен түркi халықтарының тарихында Х-ХII ғасырлар қоғамдық дамудың жаңа басқышында болды. Бұл кезде түркi қауымын айдай әлемге танытқан Әбу-Насыр Әл-Фараби, Әбу-Әли-ибн-Сина, Әбу райхан әл Гируни, Махмут Қашқари, Жүсып хас Хажыб, Ахмет Йугiнеки, Қожа Ахмет Яссауи т.б. тарих сахнасына шықты. Басқаша айтсақ, Х-ХII ғасырлар түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихында қайта өрлеу – ренессанс дәуiрi болды.
Ендi ғылым, мәдениет, әдебиет саласындағы шығармалар бұрынғыдай араб тiлiнде емес, жергiлiктi халықтардың өз тiлiнде яғни түркi тiлiнде жазыла бастады. Араб тiлi мемлекеттiк тiл болудан қалды.
Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950) - Қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, әдебиет пен музыка зерттеушiсi, ақын. Толық аты-жөнi: Әбу Насыр Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл Фараби. Ғалымның туған жерi Отырар қаласы болған (Фараб деп аталған). Осы жерде медреседе, кейiн Шаш, Самарқан, Бұхара (Хиуа), Харран, Мысыр, Халеб, Бағдад қалаларында оқып жан-жақты бiлiм алған. ол дүниежүзiлiк ғылым мен мәдениеттiң екiншi ұстазы (Аристотельден кейiнгi) атанған. Әлемнiң екiншi ұстазы арабша "Муаллим ас соний" Әл-Фараби жетпiске жуық тiл бiлген. Ол философия, жаратылыстану, астрононимия, математика, единица, логика, этика, метафизика, география, әдебиеттану, тiл бiлiмi, музыка сияқты ғылым салаларынан 164 трактат жазғаны мәлiм. Ұлы ғалымның бiзге жеткен еңбектерiнiң саны 40 жуығы ғана, Әл Фарабидi зерттеушiлер, оның әдебиет мәселелерiне қатысты шығармаларынан "Риторика туралы кiтап", "Жазу өнерi туралы кiтап", "Өлең өнерi қағидалары туралы кiтап", "Ұйқас пен ырғақ туралы кiтап" т.б. еңбектерiн атап көрсетедi.
Әл-Фараби "Ғалымдар жүйесi" кiтабында көптеген ғалымдарға жекелеп тоқталып, оның философиялық негiздерiне түсiнiктер берiледi. Аталған еңбектiң ғылымдардың барлық саласы үшiн де ерекше маңызы бар. Соның iшiнде "Тiл туралы ғылым", "Логика" т.б. тараулары бiз үшiн мәнi зор. Онда тiлтану, грамматика мәселелерi, логиканың сан алуан сипаттары таңғажайып талданған. Бұл ғалымдарың маңызы, тараулары толық ескертiледi. Соған қоса, дана философтық поэтика, поэзия туралы ой түйiндерi де ашық танылады. Поэзияның көркем ой желiсi, адам санасының қиялдау мүмкiншiлiгiнiң нәтижесi болатынын көрсетедi. Поэзия көрсетейiн деген нәрсесiн жай қалпынан өзгеше, ерекше көркемдеп, әсiрелеп ұсынады. Поэзия жай сөз тiркесi емес, белгiлi мөлшерге түскен өзiндiк поэтикалық формасы жүйесi бар тiркес дегендi бiлдiредi дейдi.
Әл-Фараби де өз заманында талантты да бiлiмдi ақын болған. Өзi өлеңдер жазып, нағыз поэзияның үлгiсiн көрсетiп отырған. Әл Фарабидiң шығармашылығын жан-жақты тану мәселесi қазiр қызу қолға алынып, ғалым поэзиясының кейбiр үлгiлерi жарық көрдi. Аян Нысаналиннiң аудармасы бойынша 1971 жылы ғұламаның төрт жолдан, оншақты шумақтары жарық көрдi. Бұл өлеңдердi ол 1944 жылы Бейрутта шыққан Аббастың кiтабынан алып аударғанын атап көрсеткен.
Тiрелемiз шешусiз көп түйiнге,
Асылтас тек қалса өңделмей сүйiнбе Айтса да әркiм ойға берiк түйгенiн
Ең басты сыр қалар жұмбақ күйiнде – деп келетiн ақын өлеңдерi оптимизмге де бай. Әл Фараби өлеңдерi – терең ойдың жемiсi. Ақын өлеңдерi парасатты философияға толы. өзiнiң iзденгiштiк, құмарлық сырларын танытады.
Әл Фарабидiң ақындық пен өлең туралы ойлары қызық. Ол ақындықты үш топқа бөледi. Бiрi поэзия теориясына жетiк емес, қара-дүрсiн, бiрақ ақындар талабы барлар, екiншi – оқыған, поэзия өнерiнiң қағидаларына жетiк бiлiмдi ақындар, үшiншiсi – осы екеуiне елiктеушi дүмбiлдеу ақындар. Фарабидiң ойынша, нағыз көркемдiк өнердi, бiлiмдi табиғи талантты зор ақындар туғызады. Оның үстiне "ғажап поэзия" жасау үшiн ақын еркiндiгi болуы керек.
Фараби өзi өмiр сүрiп отырған дәуiрде және көне заманда көптеген халықтардың шайырлары фабула мен өлшем арасына шек қоймағанына оқырман назарын аударады. Поэзиядағы мұндай жағдайдан тек ежелгi гректер ғана тыс тұр деп көрсетедi. Өйткенi гректер әрбiр ақындық тақырыпқа ерекше өлшем қолданған. сөйтiп Әл Фараби грек поэзясын төмендегiдей топтарға бөлiп сипаттайды. Олар: трагедия, дифирамбы, коледия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, амфигенассос (космогония), акустика. Фараби грек поэзиясына тән осы өлең түрлерiнiң әрқайсына өзiнше анықтама бередi. ғалым ежелгi дәуiрдегi араб, парсы және грек поэзиясының тарихи, тақырыбы, композициясын, өлшем шумағы, ырғағы, тармағы, буыны, бунағы, ұйқасы, түр- тұлғасы т.б. мәселелерiн әдебиетшi-ғалым ретiнде жан-жақты зерттеген.
Қазақстан ғалымдары: Ә.Марғұлан, А.Машанов, А.Көбесов, Р.Бердiбаев т.б. ғалымдар Фарабитану саласында зор еңбек сiңiрдi. Данышпан ғалымның еңбегiн бiлiмдi адамдар, оның iшiнде Орта Азия мен Қазақстан ғұламалары да кезiнде Фараби еңбектерiнен зор хабарлары болған. Олар Фарабидi өзiне ұстаз санаған, елiктеп өткен. Әл-Жауһари әдебиетшiлiк жағын қолдаса Ибн-Сина дәрiгерлiк, музыка зерттеушiлiк, ақындық жолын зерттеген. Фараби шығармасының сырларын жан-жақты зерттеудiң қазақ мәдениетi мен ғылымына тиген пайдасы зор болмақ.
Тапсырма:

  1. Әл-Фараби еңбектерi, өлеңдерi, тракттарымен толық оқып танысу.

  2. Пайдаланатын әдебиеттерден тақырыптарды конспектiлеу.

  3. Фараби туралы айтқан шығыс ойшылдар пiкiрiмен толық танысу, ой қорыту.

Пайдаланатын әдебиеттер:

  1. Н.Келiмбетов Ежелгi дәуiр әдебиетi Алматы, Мектеп, 1991

  2. Х.Сҥйiнiшәлиев Қазақ әдебиетiнiң тарихы Алматы, Санат, 1997

  3. А.Маманов Әл-Фараби және Абай – Алматы, қазақстан, 1994 А.Қыраубаева Ежелгi әдебиет Алматы, Әл-Фараби, 1996


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет