Әдебиеттер:
1.
Сыздықова Р. ХVIII-ХІХ ғ.ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы. – Алматы «Мектеп»
баспасы, 1984. – 247 бет.
2.
Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі.- Алматы «Арыс» баспасы,
2004.- 613 бет.
3.
Бизақов Сейдін. Варианттылық және әдеби норма. Филология ғылымдарының
докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты, Алматы
2001 ж, - 51 б.
АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ ИДЕЯЛАРЫНЫҢ КОНТЕКСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІЛІК
ПАРАДИГМАЛАРЫ
Иманғалиев А.Т., III курс студенті, Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қ.
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Қаленова Т.С.
Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарабаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде Алаш
қозғалысына, оның мақсатына терең баға беріп, ерекше ілтипат білдіргенін ғылыми қауым
жақсы біледі. Мемлекет басшысы былай деп жазады: XX ғасырдың басында ұлттық
бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық
идеясын жасау міндетін өз мойнына алды… Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ
халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге оның тарихи өткелін қалыпына
келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған».
Сондай-ақ Елбасымыз осы еңбегінде «Алаш қозғалысы» туралы былай деп
мәдімдейді: «Алаш жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз
маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патриоттық ұйым, алдына қойған мақсаты қазақ
қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді. Қоғамның даму
дәрежесін, дәстүрлер мен тұрмыс- салтын ескерудің қажеттігі жаңғыртуды мұрат тұтқан
либералдық қағидалармен астасып отырды» [1, 172].
Бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің басты мақсаттары мен мұраттары да осы аталған
құндылықтар болуы тиіс. Ұлттық төлтумалық пен ұлттық сана, соның негізі ана тілінің
мемлекеттік мәртебесін көтеру күн тәртібінен түспеуі қажет. Барлық салада мемлекетшіл
құндылықтар өз орнын алуы қажет. Осы мұраттарды Алаш алыптары армандады, ал ол
тәуелсіз Қазақстан жағдайында іске аса бастады [2, 4].
Тарих сахнасына Алашорда – Халық Кеңесі үкіметін алып келген жалпы ұлттық
күрестің басында ұлттық интеллигенция тұрды. Олардың ортақ түсінігі бойынша отарлық
езгі мен феодалдық мешеулік жағдайында аяқ асты болған ұлттық мүддені қорғап, қазақ
елін басқа өркениетті елдер қатарына алып шыға алатын жалқы жол – ұлттық мемлекет
құрылымының болуы еді.
Ұлттық мемлекет құру Ә. Бөкейханов және басқа буржуазиялық – демократиялық
бағыттағы интеллигенция өкілдерінің түпкі мақсаты болды. Олар 1905-1907 жылдарғы
орыс революциясынан кейінгі кезеңде алғашында радикалдық бағытта көрінген
66
буржуазиялық конституциялық – демократиялық парияның құрамына еніп, бұл басқару
шеңберінде қазақ ұлтына автономия алудан үміттенді де [3, 26].
Ә. Бөкейханов бастаған бір топ қайраткерлер Алаш автономиясын құруын заңды
жолмен, әрі нақты іс-шаралар жүргізді. Бұл 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде
жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында ашық көрініс тапты. Атап
айтқанда, бағдарлама жобасы Алаш автономиясының мемлекеттілік негіздерін
айқындайтын келесідей 10 бөлімнен тұрды: Мемлекет қалпы, Жергілікті бостандық,
Негізгі құқық, Дін ісі, Билік һәм сот, Ел қорғау, Салық, Жұмысшылар, Ғылым-білім
үйрету, Жер мәселесі [4, 201].
Алаш зиялылары Ресейдің құрамына енетін Қазақ автономиясын құру мәселесін
1917 жылы 5- 10 желтоқсанда Орынборда өткізілген ІІ жалпықазақ съезінде қарстырып,
онда Алашорда атты Уақытша Ұлттық Кеңес құру туралы қаулы қабылдағандары мәлім.
Алашорда үкіметінің құрамына барлығы 25 адам сайланып, оның 10 орны қазақ
емес басқа ұлт өкілдеріне қалдырылады. Алашорда Төрағалығына үш адам ұсынылды.
Олар: Әлихан Бөкейханов, Бақыткерей Құлманұлы, Айдархан Тұрлыбайұлы. Жабық
дауыс беру нәтижесі бойынша Ә. Бөкейханов Алашорда Кеңесінің Төрағасы болып
сайланған [4, 202].
Негізінен Қазақ елінің өзін-өзі басқаратын мемлекеттік жүйесін құру, ішкң
Ресейден қоныс аударушыларды тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып, жаңа
өмір сұранысына жауап беретіндей қазақ қоғамын демократиялық мұраттар бағытында
өзгерту, білім және ұлттық мәдениеттің дамуына кең жол ашу Алаш қозғалысының басты
мақсаты болса, «Алаш» партиясы бағдарламасының мазмұны да осыған саясатын еді.
Алаш партиясының бағдарламасы сол кездегі қазақ қоғамындағы әлеуметтік-саяси
ойдың деңгейін танытатын бірден бір аса маңызды құжат болды. Оның авторлары дүние
жүзінің алдыңғы қатарлы елдерінің тәжірибелерін пайдалана отырып, қазақ халқын
дербес даму мен прогресс жолына бастайтын мемлекеттік құқықтық идеяларды ұсына
білді. Кейінгі тарих бағдарлама қазақ халқы үшін большевиктер ұсынған жобадан
анағұрлым артық екенін дәлелдеді. Кеңес заманы сан ғасырдан келе жатқан қазақ
тұрмысын күштеп өзгертудің зардабын айқын көрсетті. Ал әлеуметтік қатынастар
саласында бұл жоба қазақ қоғамының таптық тұрғыдан жіктелуден гөрі, жалпыұлттық
тұтастықта болуын, қазақ елінің сан ғасырлық өркендеу тәжірибесін, салт-дәстүрін қоғам
дамуының сұранысына бейімдеуді жақтады. Cонымен қатар Алаш басшылары партия
бағдарламасын дайындауда ерекше назар аудартатын мемлекеттілік парадигмалары.
«Мемлекет қалпы» деген партия бағдарламасы жобасының 1 бөлімінде мемлекет
басқару құрылымы мен сипатына арналады. Негізгі мәселе – қоғамдық әлеуметтік
институт – мемлекеттік билік туралы еді. Біріншіден, Ресей халық билейтін
демократиялық, федеративтік республика болуы керек. Ол тең, тәуелсіз, ынтымағы бір
мемлекеттің бірлесуі Екіншіден, үкіметтің жоғары өкілді органдары Құрылтай жиналысы
мен Мемлекеттік Думаның болуы. Тек мемлекеттік Дума заң шығарушылық және
үкіметтің қызметін бақылау құқығына ие. Үшіншіден, екі палатадан тұратын жоғары
өкілді орган президентті сайлады. Президен халықты министрлер арқылы басқарады, ал
министрлер өкілді органдар алдында жауапты.
Ал 1917 жылы 24 маусымдағы Қазақ газетінде автономиялық негізі туралы әр түрлі
пікір ұсыныстар айтылған. Қазақ мемлекетінің әлде Федеративтік Ресейдің бір
автономиялық бөлігі болғаны жөн бе? Қазақтар өз бетімен тәуелсіз ел бола ала ма, әлде
тәуелсіздікке басқа халықтармен одақтасқан жағдайда жете ме деген сұрақтар талқыланды
[5].
Талас тудырған ішкі саяси жағдайлар болатын. Олар, біріншіден, Қазақ
автономиясына байланысты жергілікті орыстардың жайын білу, екіншіден, 1917 жылдың
қараша айында жарияланған Түркістан автономиясы территориясының Алашорда
үкіметімен тұтасуы еді. Бірақ қазақ халқы қамын ойлаған зиялылар қауымы съезд соңында
өзара ымыралы келісімге келіп, ортақ шешім қабылдайды. Өйткені, олар халықты, әсіресе,
тұрғылықты басқа ұлт өкілдерін ресми жарияланбаған жаңа үкіметке бағындыру мүмкін
еместігін жақсы білді. Сонымен, ІІ жалпықазақ съезінің қаулысы бойынша аталған
67
жылдың 11-24 маусымында Алашорда Алаш қаласында (қазіргі Семей қаласының сол
жағалауында орналасқан Жаңа Семейде) іске кіріседі.
«Алаш» партиясының бағдарлама жобасының Ү бөлімінде бөлімінде билік пен сот
мәселелері болып табылады. «Билік hәм сот» тарауындағы идеялары өзінің сонылығымен
құнды. Олар билер институтының терең халықтық тамырларын танып, оның қазақ
қоғамындағы зор ықпалы мен маңызын жаңа жаңдайда пайдаланғылары келген. Сондай-
ақ билер мен соттардың іс жүргізу тілі жөніндегі ойлардың демократиялық сипаты.
Бағдарлама авторлары, мемлекеттіліктің аса маңызды құрылым ретінде, өкіметтің тікелей
өкілдеріне – билер мен соттарға жергілікті халықтың тілін білуі қажеттілік деп есептеген.
Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болуы, сонымен қатар аралас жерде соттық тергеу-
тексеру hәм үкімі жергілікті халықтың қай көбінің тілінде болуы атап көрсетіледі.
Алаш көсемдері қазақ даласындағы аса күрделі жер мәселесіне айрықша көңіл
бөлген. Патша өкіметі өзінің отарлау саясатына орай қазақты шұрайлы жерлерінен
айырған болатын. Сондықтан бағдарламада Ресейдің заң шығарушы органы негізгі заңды
қабылдағанда ең бірінші мәселе етіп жердің алдымен жергілікті жұртқа берілуі
ұсынылады. Артық жердің сатылмай, земствоға алынуы, жердің кенінің астығының,
байлығының билігі земствоның қолында болуының қажеттігі туралы айтылған [6,16-19].
Сондықтан ІІ жалпықазақ съезінің шығарған қарары бойынша 1918 жылы 24 маусымда
Алашорда үкіметі жанынан үш адамнан тұратын әскери кеңес құрылып, 25 маусымда
Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейханов қол қоюымен халықтық милиция құру туралы
қаулысы қабылданды. Съезд шешімі бойынша 20 000 адамнан тұратын атты әскер құру
туралы және барлық тұрғындарға әр отбасынан 100 сом көлемінде арнайы әскери салық
алуды тағайындайды.
Халықтық милиция қатарына әскери қызмет атқаруға жарамды 30 бен 35 жас
арасындағы ер азаматтар еріктілік негізінде алынатын болды және әр ауылдық қоғамдар
алғашқы кезде өз милицияларын атпен, ер-тұрманмен, киіммен қамтамасыз етуге
міндеттелді. Ал милицияға қажетті қару-жарақ пен оқ-дәрі Алашорданың ұлттық қоры
қаржысынан алынды. Алаш халықтық милициясын жасақтау іс-шаралары Семейден басқа
Орал, Торғай, Жетісу облыстарында да жүргізілген. [4, 204].
Съезде Алашорда үкіметі бір айдың ішінде осыдан аз ғана бұрын Түркістан
автономиясына қосылған қазақтармен сөйлесіп, бірігу мәселесін шешпек болды. Алайда
азамат соғысы басталып кетті де, Алаш қозғалысының түпкі мақсаты толық шегіне
жетпеді, сан ғасыр арман-мұрат болып келген ұлттық мемлекет мәселесі шешілмей қалды.
Кеңестік тоталитарлық жүйе Алаш қайраткерлерінің азаттықты аңсаған идеяларына жан-
жақты қысым жасап, олардың өздерін әртүрлі қуғын-сүргінге ұшыратты, ақыры 1918
жылы Түркістан үкіметін қанға бояп, 1920 жылы Алашорда мекемелерін күшпен таратып
тынды [5, 21].
Қорыта айтқанда, Алаш автономиясы өзінің қысқа ғұмырына қарамастан, ХХ ғасыр
басында ұлттық мүддеге негізделіп құрылған және демократиялық бағыттағы алғашқы
автономия болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев:
«Алаштың» басты мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, заманға бейімдеу еді. Бұл
біздің қазіргі жедел жаңғыру, яғни модернизация бағытымызға да сай келеді... Алаш
арыстары бізге мемлекеттілік идеясын ту етіп көтеруді табыстап кетті...Алаштың асыл
аманаты бізге тарихи-мәдени бірегейлігімізді, қарапайым тілмен айтсақ, қазақы
қалпымызды қасиеттеп сақтауға міндеттейді [7], - деп Алаш қозғалысының басты
қағидаттары қазіргі тәуелсіз Қазақстан даму бағыттарымен еш шүбәсіз, дәлме-дәл
келетінін нақ атап көрсеткен-тін.
Әдебиеттер:
1.Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. - 172 б.
2.Сыдықов Е.Б. Алаш және Қазіргі заман // Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне
20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына арналған «Алаш мұраты және
68
Тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық ғылыми практикалық конференциясының
матералдарының жинағы Астана ТОО «Беркут Принт», 2011. – 3 б.
3.Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 26 б.
4.Қаленова Т.С. Алаш автономиясының мемлекеттік негіздері. // Қазақстан
Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жылдығы мен Әлихан Бөкейханның 145 жылдығына
арналған «Алаш мұраты және Тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық ғылыми
практикалық конференциясының матералдарының жинағы Астана ТОО «Беркут Принт»,
2011. – 201-202 б.
5.Мартыненко Н. Алашорда сборник документов. Алматы, 1992.
6.Бәкір Ә.Қ . Алаш қозғалысы саяси топ басшыларының әлеуметтік көзқарастары.
Астана: «Сарыарқа» БҮ, 2008. – 16-19, 21 бб.
7.Әлем қазақтарының рухани сұхбаты: тіл, мәдениет және Алаш мұраты
//Халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары.-Алматы, 2008, - Б. 10.
ЛЕВ ГУМИЛЕВ ҚАЗАҚ ЭТНОСЫ ХАҚЫНДА
Медеубекова А., Л. Н. Гумилев атындағы
Еуразия Ұлттық Университеті
3 курс студенті, Астана қаласы
Ғылыми жетекші- т.ғ.к., доцент Қаленова Т. С.
«Тарих дейтін: бұрынғы өткен заманның жайынан сөйлеп тұратұғын, бұрынғы
өткен кісілердің ісінен хабар беретұғын бір ілім. Қазақтың көбі оны «шежіре» деп айтады.
Бұ заманның ғалымдары тарихты ең оңды мұғалім деп түсінеді. Тарих – түзу жөнді
үйретуші деп айтады. Тарих халықты түзу жөнге сілтеуші болса, оған дүние де
түзушіліктің кітабы. Тіршіліктің жолбасшысы деуге де болады. Келешек күннің қандай
болашағын білуге тарих анық құрал болады»,- деп қазақтың нар тұлғасы Әлихан
Бөкейханов айтқандай, біз қазақтың өткен тарихын зерттеп-зерделеу арқылы ғана ел
болашағын айқындай аламыз. Бұл арада сөз қазақ этносының тарихын зерттеуге зор үлес
қосқан белгілі тарихшы-ғалым Лев Гумилев турасында болмақ.
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының: «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселерімен озбақ»,- деп айтқаны бар. Ал, Лев Николаевич
Гумилев болса, Ұлы Дала тарихы туралы іргелі зерттеулер жүргізіп, ой тереңдігімен, соны
пайым-тұжырымдарымен,
ерекше
дарындылығымен,
ғылымға
деген
шынайы
адалдығымен оза білген дара тұлға, ғалым.
Лев Гумилев көшпенділердің әлем тарихына қосқан үлесін бұрмалап көрсетуге
тырысқан еуроцентристік біржақты пікірді қолдамады. Ол көшпенділер тарихынсыз әлем
тарихын тұтастай қарастыру мүмкін еместігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Оның
ғылыми мұрасын Еуразия халқы тарихы турасындағы зерттеулер құрайды. Сондай-ақ,
Лев Гумилевтің қазақ этносының қалыптасуына қатысты жазған ғылыми зерттеулері де
бар. Осы орайда оның «Қазақ этносының шығу тарихы» деп аталынатын дәрісін атауға
болады. Бұл дәрісті 1985 жылы наурыз айында Э.Е. Дильмухамедова жазып алған. Дәріс
2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен
өткен «Еуразияшылдық және Қазақстан» атты Еуразиялық ғылыми форумының еңбектер
жинағында алғаш рет жарияланған болатын.
Аталған дәрісте Лев Гумилев қазақ этносының шығу тарихы тікелей алдыңғы
көшпелі халықтардың этникалық тарихымен байланысты деп жазады. Ғалым қазақ
тарихын көне көшпенділер тарихымен байланыстыра зерттейді. Мұнда қыпшақ, қаңлы,
арғындар мен қимақ, қарлұқ тайпаларының қазақ этногенезіндегі орны туралы да
айтылады. Әрине, Лев Гумилев қазақ этносының қалыптасу тарихын сол кездегі Еуразия
Даласындағы тарихи оқиғалармен байланыстыра отырып қарастырады. Мәселен, ХІІІ
ғасырдағы Шыңғысхан шапқыншылығы тұсындағы Қазақстан тарихы егжей-тегжейлі
берілген. Ғалым моңғолдардың жаулап алу соғысы кезінде Қазақстан территориясына
69
келген тайпалар туралы мағлұмат береді. «Шыңғысханмен Шығыс Сібірден келген
қоңыраттар арғын, найман және шығыс қыпшақтармен бірге төрттік одақ - Орта жүзді
құрды» [1, 11-18], -деп жазады. Қазақтың шығу тегі, тарихы, шежіресі жайлы зерттеу
жүргізген ХХ ғасыр басындағы қазақтың біртуар ойшылы, ақын, жазушы, тарихшы
Шәкәрім Құдайбердіұлы да өзінің белгілі қазақ шежіресі туралы еңбегінде Орта жүзге
қатысты осындай мәлімет береді. Онда: «1220 жыл шамасында бұрынғы қырғыз (қазақ-
авт.) жерінің, яғни Сарыарқаның күншығысыменен оң тұс арасында арғын, найман, керей
деген елдер араласып, көшіп жүрді» деп келтірілген [2].
Л. Гумилев қазақ жүздері тайпалық одақтар ретінде алғашқы жүз - Ұлы жүз
Жоңғарияда, одан Шығыс Қазақстанда Орта жүз, ал Қазақстанның батысында Кіші жүз
құрылғандығын жаза келе, соңғы жүз құрамында ең көп рулар болғандығын айтады.
Ғалым мұның себебін былайша түсіндіреді: «түрікмендер қазақтар үміттенген жерлерді
басып алған, сондықтан қазақтардың ең жаугер бөлігі түрікмендерді Арал теңізінен
оңтүстікке қарай ығыстырған. Осылайша қазақтар өздерін Үстірт, Ембі, Жайық бойында
қоныстармен қамтамасыз етті» [1, 16].
Лев Гумилев жаңа этнос ландшафтар түйісінде туындайды деп тұжырымдады.
Қазақ этносы далалы, жазықты және таулы ландшафттар түйісінде пайда болды деп
көрсетті. «Алтай, Тарбағатай, Тянь-Шань іргелес жазықтармен үйлесуі - бұл, түрлі
ландшафт қазақ этносы туындаған орын болды және осы жерден Еуразияның ұлан-ғайыр
даласына, Жайыққа дейін кеңейтілді. Қазақтар этнос ретінде өте әдемі, табиғи-бай және
жайлы елден шыққан» [1, 16, 17], - деп жазады Л. Гумилев қазақтардың шығу тарихы
турасында.
Ғалым осы зерттеуінде монотонды ландшафт әдетте қалыпты болады және оның
мекендеушілерін ширықтыру да қиынға соғады. Ондағы әлсіз ықпал сөнеді. Ал қашан
ландшафт әртүрлі болса, онда этностар оңай қайта құрылады және жаңа этнос құрылады
деген пайымдау жасайды [1, 17].
«Қазақ» этнониміне қатысты Л. Гумилев «қазақ» (казах) сөзі бастапқыда әртүрлі
халықтармен пайдаланылып келді дейді. Ол Дон, Кубань және Теректің хазар-
славяндармен аралас шыққан және православие дінін ұстанушы тұрғындары өздерін
«казактармыз» деп атағанын, католиктік Польшадан Запорожьеге қашқан орыстар да
«казактар», «козактар» деп аталғандығын келтіреді. Л. Гумилев: «Татарлардан өзгеше
далалы түркі тайпалары өздерін «қазақ» деп атады. Өйткені, татарлар деп Алтын Орда
ханына шын бағынғандар, ал қазақтар деп - олардан тәуелсіз көшпелі, ерікті көшпенділер
аталды. Алтын Орда құлауымен «қазақ» этнонимі туындады деп айтуға болады. Бірақ,
қазақтар, халық ретінде, әрине, бұдан бұрын да өмір сүрген», - деп дәйектейді. Жалпы
алғанда, бүгінгі күні «қазақ» терминіне байланысты әртүрлі дерек көздері кездеседі.
Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлюктік Египет мемлекетінің
қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде
бірнеше рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән
беріледі [3].
Кез келген этноәлеуметтік организмнің өз аумағы шегінде экономикалық
байланыстардың белгілі бір қауымдастығы болады. Қазақ халқы мен оның этникалық
аумағының құрылу, қалыптасу дәуіріндегі белгілі бір шаруашылық-мәдени үлгі, этносаяси
үрдістер негізінде қалыптасқан ірі аумақтық тайпалар бірлестіктері (немесе одақтары) –
жүздер этноәлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі болды. Қазақтар
тарихындағы мұндай бірлестіктер - Ұлы жүз, Орта жүз және Кіші жүз [4].
Лев Гумилев қазақтың үш жүзі «өзара саяси және мәдени байланыстармен бірікті,
бұл Далада көшпенділердің бейбіт өмір сүруі үшін барынша қолайлы түрі болды» деп
атап көрсетті.
Л. Гумилев ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. қалмақтар қазақтарға қарсы соғысқандығын, сол бір
қиын жағдайда қазақтар өз еріктерімен қытайлық емес, ресейлік патшаларға бағынды деп
жазады. Сонымен, Лев Гумилев аталған дәрісті қазақтар ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Ресей
бодандығында болғандығымен, ал ХХ ғ. жағдай өзгергендігімен аяқтайды. Әрі бұл
жағдайдың «қалай өзгергендігін барлығы менсіз де біледі», - деп ой түйіндейді.
70
Қорыта айтқанда, Л. Гумилев зерттеулерінде әртүрлі этникалық жүйелердің қатар
өмір сүре алу мәселесінің мәні ашылып көрсетілді. Оның тұжырымдамалары мен ой-
пайымдаулары әртүрлі халықтар арасында ынтымақтастық, ымырашылдық мәдениетін
қалыптастырып, дамытуға мүмкіндік береді. «Тікелей менің өзіме қазақтармен,
татарлармен, өзбектермен тығыз байланыс жасау, бұл халықтармен достасу қиын емес,
тек қана ағыңнан жарылған ақ көңіл, адал әрі ізгі ниетті болсаң, сосын олардың өзіндік
болмыс-бітімін сыйласаң жеткілікті. Өз әдет-ғұрыптарын және қалыптасқан үрдістерін
олар ешкімге зорлықпен таңбайды» [5] деген-тін Лев Гумилев.
Әдебиеттер:
1.
Гумилев Л.Н. қазақ этносының шығу тарихы. // Еуразияшылдық және Қазақстан.
«Гумилев оқулры» еуразиялық ғылыми форум еңбектері. -1 том.- Астана, 2003. - 266 б.
2.
Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі.- Алматы:
«Қазақстан» және «Сана», 1991.-80 б.-Б.34.
3.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 2 том.- Алматы: «Атамұра»,
1998.- 640 б.- Б.308.
4.
Гумилев Л.Н. Мен шығыс шапағына табынамын, ал батыстық туралы тек
күйзелемін. // Известия, 2001, 28 қыркүйек.
5.
Известия, 1988, 13 сәуір.
ЕЛДІКТІҢ БАСТАУЫ-ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫ
Сағидолла С., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық
Университетінің 1 курс студенті, Астана қаласы
Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Сайлаубаева Н.Е
Қазақ хандығы -
Қазақстан
аумағында бұрын болған мемлекеттік құрылымдардың
заңды жалғасы, этникалық процестермен байланысты әлеуметтік қатынастардың
өзгерістер мен
экономикалық
даму нәтижесі болып табылады. 1457 жылыКерей мен
Жәнібек сұлтандар қол астындағы ру-тайпалармен Шу өңіріне келіп қоныстанып, Қазақ
хандығының
негізін
қалады.
Бұны
Мұхаммед
Хайдар
Дулатидің
«Тарихи
Рашиди»
кітабында қазақ хандығының құрылған жері-
Шу
бойы мен
Қозыбасы
деп
айтылуын айғақтайды. 1458 жылдың көктемінде
Керейді
ақ киізге көтеріп хан сайлайды.
Бұдан кейін Әбілқайыр ханға наразы сұлтандар, әмірлер, ру-тайпа басылары Керей
мен
Жәнібекке
келіп қосылады. Аз уақыттың ішінде халықтың саны 200 мыңнан асып
түседі. Қазақ хандығының құрылуы осыған дейін бүкіл Қазақстан аумағында болған
әлеуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің заңды нәтижесі дейміз.
ХҮ ғасырдың 60-жылдарының орта шенінде Жетісу жерінде пайда болған Қазақ
хандығы бұдан кейінгі уақытта экономикалық жағынан нығайып, жерін кеңейтіп,
қазақтың өзіне тиесілі этникалық территориясының басым бөлігін өзіне қаратты.
Шекаралас аймақтар үшін табандасқан күрес үстінде Қазақ мемлекетінің территориясы
қалыптасты. Қазақ хандығы алғашқы кезде Жетісудың батыс тарабын (Шу мен Талас
алқаптары) алып жатты. Ол Орталық және Оңтүстік Қазақстанан қоныс аударып келген
қазақ ру-тайпаларын ғана емес, сондай-ақ Жетісу алқаптарын, тау сілемдерін ежелден
мекендеп басқа да тайпаларды біріктірді[1, 58].
Қазақ хандығыныңқұрылуы осы ұлан-байтақ өңірді қоныстанған қазақ
тайпаларының және қазақтың этникалық территориясын біріктірді. Қазақтың өз алдына
халық болып қалыптасу барысын біржолата аяқталды.Алғашында қазақ
хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені меен Талас өзенінің алабы еді.
Міне, нақ осы территорияға деректемелерде тұңғыш рет«Қазақстан» деген атау
қолданылды [2, 233]. XV ғасырдың алпысыншы жылдары қазақ хандары өзінің
71
қарсыластарын тойтара отырып, Батыс Жетісуды қазақ хандығының құрамына қосады.
ОсылайшаXVI-XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, этникалық аумағының
территориясы кеңейе түсті. Қазақ хандығы
Орта Азия
,
Астрахан
,
Қазан
,
Сібір,Ресеймен
тығыз
байланыс
орнатты.
Бұл
ретте
Қасым
хан
,
Хақназар
хан
,
Тәуекел
,
Тәуке хандардың
есімдері қазақ тарихындақазақ мемлекеттілігі атауымен
бірге аталады. Өйткені,
Қасым хан
,
Хақназар хан
,
Тәуекел
,
Тәуке хандардың
қазақ жерін
нығайтудағы алатын орны орасан зор. XV-XVII ғасырлардағы қазақ хандығы дәуірінде
қазақ этносының материалдық және рухани мәдениетінің негізгі сипаттары
қалыптасты.Қазақ хандығынын пайда болуы Жетісудың батыс бөлігінде болды. Керей
мен Жәнібек хандардың қарамағындағы Жетісу жеріне Орталық және Оңтүстік Қазақстан
аумағында тұратын орта жүздің қазақтары қоныс аударды.Қазақ хандығының нығайып,
жер аумағының ауқымы кеңейді. Қазақ хандары мен қазақ хандығы үшін Сыр
бойындағы мәдени дамудың ощақтары болған қалалы өңірлерді өзінің
экономикалықжәне әскери базасы деп танылды. Оңтүстік Қазақстан көшпелі мал
шаруашылығы мен отырықшы-егіншілікке қолайлы жер екені белгілі. Өйткені, бұл өлке
екі негізгі мәдени типтің бір-бірімен үйлескен, тоғысқан арнасы болып табылады.
Осындай тамырлас тарихи-географиялық жағдай аталған өңірдің мәдени-шаруашылық
ерекшелігін айқындай отырып, ежелгі және ортағасырлардағы мемлекеттік
құрылымдардың қарым-қатынасының тарихында да ерекше орын алады. Қазақ
тарихындағы түрлі тарихи кезеңдерде Оңтүстік Қазақстан әртүрлі мемлекеттердің
қалыптасуындағы тарихи маңызы баржер болды.
Оңтүстік Қазақстан ортағасырлық
Қазақстан территориясындағы мемлекеттік құрылымдарға да негіз болған дәстүрлі
экономикалық және саяси орталық болып саналды. Сондықтан, қазақ хандығы үшін де
бұл өңір экономикалық мәдени және саяси орталық болуы заңды құбылыс еді. Бұл
аймақта шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік кешенді өркендеп, осы өңірдің
біршама қалаларын да қолөнер, сауда жете дамыды. Сонымен қатар Оңтүстік
Қазақстанның қоғамдық-саясиорталық ретіндегі ролі де жоғары болды. Қазақ
хандарының Сыр бойына иелік етуі ұзақ та табанды күреспен келді. Сырдарияның
ортаңғы және төменгі ағысы бойындағы аймақтар Орта және Кіші жүз қазақтарының
қыстайтын мекендері болатын. Ол кезде Сарыарқа Орта Сырдариямен өте жақын тығыз
байланыста болды. Осы өлкені Орта жүз қазақтары мал шаруашылығына қолайлы
қыстық жайылым ретінде жоғары бағалайтын.
Қазақ даласыныңжағрафиялық ерекшеліктеріне орай, Шығыс Дәшті-Қыпшақ
территориясында ерте ортағасырлар кезеңнен-ақ бақташы қауымдар қыс уақытында
оңтүстікке – Сырдария өңіріне, оның сағасына, Қаратау қойнауына келіп қыстайтын
болған. Сондықтан осы өңірде мал шаруашылығы қалыптасқан болатын.
Шаруашылықтың осы түрі қазақ хандығы кезінде де пайдаланылды.
Орталық
Қазақстан мен ОртаСырдария Орта жүз қазақтары үшін ортақ территория болып
табылады. Ал төменгі Сырдария жерлері мен Арал өңірі де Кіші жүз қазақтары үшін де
маңызы бар. Астанасы Түркістан қаласы болған қазақ хандығы тұсында Орталық
Қазақстан мемлекеттің стратегиялық тұрғыдан мәні бар өлкелерінің бірі болды. Себебі,
осы өңірлер көне дәуірлерден керуен жолдары келе жеткен ерекше орында тұрды.
Сонымен XVI ғасырда Орталық Қазақстан экономикалық жағынан біртұтас, этникалық
құрамы бірыңғайқазақ хандығының құрамына енді. Қазақ хандығы -шаруашылықтың
дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте
заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың
бірыңғай этникалық топ-қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта
шенінде құрылды[3, 232]. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен
Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын
бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс
аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—
1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану
үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати
«Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр
72
хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде
Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы
алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып
орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды.
Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті.
Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер -
«қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...».
ХҮІ ғасырда Жәнібектің баласы Қасым қазақ хандығының аумағын кеңейтіп
хандықты қуатты мемлекетке айналдырды. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»
атты тұңғыш заңдар жинағын шығарды. Қазақ Ордасын ұзақ жыл басқарған Хақназар
хан. Қазақ хандығын билеген Хақназар, Тәуекел, Есім хандар тұсында қазақ хандығының
күш қуаты бұрынғыдан да арта түсті. Салқам Жәңгір, Әз Тәуке хандардың билік құрған
кезеңі Жоңғар шапқыншылығымен сәйкес келеді. Әз Тәукенің жанындағы билер кеңесі
жасаған «Жеті жарғы» заңдар жинағы қазақтың ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы әдет-ғұрып
ережелерінің жиынтығы ретінде белгілі. ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Шыңғыс ханның заңдар
жинағы мен ережелер жиынтығы өз маңызын жоғалтпады. Абылай хан ХҮІІІ ғасырда
қазақ хандығының шекарасын қалпына келтіріп, үш жүздің басын біріктірді. Абылай хан
қазақ хандығының қуатын арттырып, іргелі мемлекетке айналдырды. ХХ ғасырда қазақ
жерін Ресей империясының отарлау саясаты күшейген тұста қазақ хандығын қалпына
келтіріп, 1841 жылы хандық билікті қолға алған Абылай ханның немересі Кеңесары
болды. Алайда хандықтың ғұмыры қысқа болды. ХІХ ғасырда Ресейдің Қазақстанды
отарлау саясаты хандық билікті жойды. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы
осындай көптеген тарихи кезеңдерді өткізді.
Қазақ
хандығының
құрылуы
туралыбірден-бір дерек көзі тарихшы
Мұхаммед Хайдар Дулатидің
«Тарихи Рашиди»
атты шығармасы болып табылады.
Мұхаммед Хайдар Дулатидің
«Тарихи Рашиди» атты
шығармасында қазақ хандығының құрылу уақыты 1465-1466 жылдар деп келтірілген. Бұл
жөнінде «Қазақ хандығы тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы» атты еңбекте «Қазақ
хандығының жариялану жылын ортағасырлық тарихшы
Мұхаммед Хайдар Дулат 1465 ж.
деп көрсеткен (һижраның 870 жылы)
» деп келтірілген [4,101]. Осы дерекке сүйене
отырып
2015 жылы
Қазақ хандығының 550 жылдығы деп атап өту ұйғарылды.
Қорыта айтқанда, «Қазақ хандығының құрылуы-қазақ халқының тарихындағы аса
маңызды белестің бірі. Небәрі 10 жыл көлемінде (1459-1470 жж.) қазақтар Орталық
Азияда елді біріктіре алған қуатты ұлттық мемлекет құрды»[5,101].«Қазақтың бүкіл
тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ елі бірігу, бірлесу жолында келе жатқан
халық» -деп Елбасы-Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда бір мүдде, бір мақсат
жолында өмір сүріп отырған Тәуелсіз қазақ елінің барша ұрпақтары болашаққа нық
сеніммен қадам жасауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |