Химия және химиялық технология факультеті



бет24/26
Дата16.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50552
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
УМКД ТНВ 2013

Көмірсулар (1 сағат)

Көмірсулардың классификациясы. Моно-, ди-, полисахаридтер. Альдозалар менкетозалар. Моносахаридтер. Маңызды пентозалар мен гексозалар. Моносахаридтердің құрылысы, стереоизомериясы, D- және L-қатарлар.


Сақиналы-тізбекті таутомерия. Фишер және хеуорс формулалары. Моносахаридтердің химиялық қасиеттері, туындыларын алу. Гликозидтік гидроксилдің ерекшеліктері. Глюкозаның мутаротациясы. Глюкозидтер, табиғатта таралуы.


Гетероциклды қосылыстар, пурин және пиримидин негіздері, нуклеин қышқылдары туралы түсінік (1 сағат)

Гетероциклдардың классификациясы. Ароматты бес мүшелі гетероциклдар – фуран, тиофен, пиррол. Электрофильді орын басу реакциялары – нитрлеу, сульфирлеу, галогендеу, ацилдеу. Электрофильді орын басу реакцияларының бағытталуы. Ароматты алты мүшелі гетероциклдар – пиридин, пиримидин. Электрофильді орын басу реакциялары және бағытталуы. Гетероциклдар – табиғи қосылыстар элементі – пурин және пиримидин негіздері (аденин, гуанин, тимин, урацил, цитозин). РНҚ және ДНҚ туралы мағлұматтар: құрамы, құрылысы, биологиялық қызметі.




Мәрелік бақылау сұрақтары
1 мәрелік бақылау
1. Органикалық химия – химиялық технолдогияның теориялық негізі. Органикалық қосылыстардың шикізат көздері: мұнай, газ, көмір, т.б.
2. Органикалық қосылыстардың құрылысы, көміртек атомының электрондық құрылысы, электрондық орбитальдердің гибридтелуі.
3. Органикалық қосылыстардағы химиялық байланыс түрлері. Органикалық қосылыстардың классификациясы.
4. Органикалық реакциялардың түрлері: орынбасу, бөліну, қосылу қайта топтасу.
5. Алкандардың гомологтық қатары, номенклатурасы, изомериясы.
6. Алкандарда радикалды орын басу реакциялары: галогендеу, сульфохлорлау, нитрлеу, тотығу. Крекинг.
7. Циклоалкандар, алу жолдары, химиялық қасиеттері.
8. Алкендердің гомологтық қатары, номенклатурасы, изомериясы, алу жолдары.
9. Қос байланыстың табиғаты (σ-, π-байланыстар). Алкендердің цис-, транс-изомериясы.
10. Алкендердің қосып алу реакциялары: суды, галогенді, галогенсутекті қосып алу. Марковников ережесі, Хараш эффектісі. Алкендердің полимерленуі.
11. Алкиндер, изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары. Үш байланыстың табиғаты.
12. Ацетилен көмірсутектерінің химиялық қасиеттері, Кучеров реакциясы.
13. Ароматты көмірсутектер, изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары.
14. Бензол құрылысының ерекшелігі. Ароматтылық, Хюккель ережесі.
15. Бензол қатарында электрофильді орын басу реакциялары (галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, Фридель-Крафтс реакциялары).
16. Бензол сақинасында бағытталу ережесі. Электрондонорлық және электронакцепторлық орынбасарлар (1, п текті бағыттаушылар).
17. Көмірсутектердің галогентуындылары, алу жолдары, химиялық қасиеттері.
18. Спирттердің классификациясы. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік бір атомды спирттер.
19. Бір атомды спирттердің изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары.
20. Спирттердің физикалық қасиеттері. Сутектік байланыс, оның физикалық қасиеттерге әсері.
21. Спирттердің химиялық қасиеттері: О-Н байланысы үзіле жүретін реакциялар – алкоголяттар, жай және күрделі эфирлер алу.
22. Гидроксил топты галоген, амин, алкокси топқа алмастыру (нуклеофильді) реакциялары.
23. Спирттердің тотығуы және дегидратациялануы.
22. Альдегидтер мен кетондардың классификациясы, изомериясы, номенклатурасы.
23. Карбонил топтың құрылысы, полярлануы.
25. Карбонилді қосылыстардың химиялық қасиеттері, нуклеофильді қосып алу реакциялары.
26. Оксоқосылыстардың магнийорганикалық қосылыстармен, ацетиленмен, бес хлорлы фосформен, гидразинмен, фенилгидразинмен, аммиакпен, гидроксиламинмен әрекеттесуі.
27. Оксоқосылыстардың тотығуы және тотықсыздануы.
28. Альдоль және кротон конденсациялары.
29. Глицерин альдегиді және оның стереохимиясы.
30. Қанықпаған альдегидтер мен кетондар. Кротон және даршын альдегиді.
31. Альдегидтер мен кетондардың сапалық реакциялары.
32. Формальдегид, ацетельдегид, ацетон. Алынуы және қолданылуы.
2 мәрелік бақылау
1. Карбон қышқылдарының классификациясы, изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары.
2. Карбоксил топтың және карбосилат-анионның құрылысы.
3. Карбон қышқылдарының функционал туындылары: тұздар, галогенангидридтер, қышқыл ангидридтері, нитрилдер, амидтер.
4. Этерификация реакциясы. Күрделі эфирлер. Майлар және сабындар.
5. Дикарбон қышқылдары.
6. Малон эфирі негізіндегі синтез.
7. Фумар және малеин қышқылдары. Олардың құрылысындағы өзгешеліктері.
8. Екі негізді қанықпаған қышқылдар.
9. Күкіртті органикалық қосылыстар: тиоспирттер, тиокарбон қосылыстары, тиоэфирлер. Олардың қасиеттерін сәйкес оттекті қосылыстармен салыстыру.
10. Сульфондар, сульфоксидтер және сульфидтер.
11. Нитроқосылыстар. Нитротуындылардың туындылары мен изомериясы.
12. Алифатты және ароматты нитроқосылыстарды алудың лабораторялық және өнеркәсіптік өдістері. Алканды, бензолды, толуолды, нитробензолды, нафталинді нитрлеу шарттары. Механизмдері, технологиялық схемасы.
13. Аминдердің түрлері. Номенклатурвсы мен изомериясы. Лабораториялық және өнеркәсіптік алу жолдары.
14. Аминдер мен анилинді алкилдеу мен ацилдеу реакциялары. Төртіншілік аммоний тұздарын алу және ыдырату (Гофман реакциясы). Аминдерді тотықтыру.
14. Диазометан , құрылысы, алу жолдары, химиялық қасиеттері.
15. Азот бөлінбей жүретін және бөліне жүретін реакциялар. Диазо- және азобояулар, азоүйлесу реакциясының жүру шарттары.
16. Оксоқышқылдардың классификациясы және номенклатурасы. Химиялық қасиеттері, маңызы.
17. Оксиқышқылдардың классификациясы және номенклатурасы. Химиялық қасиеттері, маңызы.
18. Оксиқышқылдардың стереохимиясы. Сүт қышқылының оптикалық антиподтары. Фишердің проекциялық формулалары.. Оксиқышқылдардың стереохимиясы. D-, L-қатарлар.
1 9. Амин қышқылдарының классификациясы.
20. Табиғи амин қышқылдары, олардың стереохимиясы.
21. Табиғи амин қышқылдарының негізгі өкілдері.
22. Амин қышқылдарының құрылысы, амфотерлілігі, әр функционалды топ бойынша жүретін реакциялар.
23. α-, β-, γ-амин қышқылдарына температураның әсері. Лактамдар, дикетопиперазиндер.
24. Пептидтік байланыс. Пептидтік синтез.
25. Ақуыздар, олардың біріншілік, екіншілік, үшіншілік және төртіншілік құрылысы.
26. Көмірсулардың классификациясы. Моно-, ди- және полисахаридтер. Альдозалар мен кетозалар.
27. Моносахаридтер. Маңызды пентозалар мен гексозалар.
28. Моносахаридтердің құрылысы, стереоизомериясы. D-, L-қатарлар.
29. Сақиналы-тізбекті таутомерия. Фишер формуласынан Хеуорс формуласына өту.
30. Моносахаридтердің химиялық қасиеттері – тотығу, тотықсыздану, туындыларын алу.
31. Глюкозаның мутаротациясы және эпимеризациясы.
32. Гетероциклдардың классификациясы.
33. Ароматты қатардағы бес мүшелі гетероциклдар – фуран, тиофен, пиррол.
34. Ароматты қатардағы алты мүшелі гетероциклдар – пиридин, пиримидин.
35. Пиримидин негіздері (тимин, урацил, цитозин).
36. Пурин негіздері (аденин, гуанин).
37. РНҚ және ДНҚ туралы мағлұматтар: құрамы, құрылысы, биологиялық ролі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет