Химия және химиялық технология факультеті


Ацетиленді сутек атомының реакциялары



бет22/26
Дата16.11.2022
өлшемі0,5 Mb.
#50552
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
УМКД ТНВ 2013

Ацетиленді сутек атомының реакциялары
1. Ацетиленидтерді алу реакциясы



натрий ацетилениді

2. Альдегидтер мен кетондарға ацетиленді көмірсутектердің қосылуы








Ароматты көмірсутектер (1 сағат)
Ароматты көмірсутектер, изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары. Бензол құрылысының ерекшелігі. Ароматтылық. Хюккель ережесі. Электрофильді орынбасу (галогендеу, нитрлеу, сульфирлеу, Фридель-Крафтс реакциялары). Бензол сақинасында бағытталу ережелері, 1 және П текті бағыттаушылар.
Функционалды органикалық қосылыстар
Спирттер, фенолдар (2 сағат)
Спирттердің классификациясы. Біріншілік, екіншілік, үшіншілік бір атомды спирттер. бір атомды спирттердің изомериясы, номенклатурасы, алу жолдары. Физикалық қасиеттері. Сутектік байланыс, оның физикалық қасиеттерге әсері. Спирттердің химиялық қасиеттері: ОН-байланысы үзіле жүретін реакциялар: алкоголяттар, жай және күрделі эфирлер алу. Гидроксил топты галоген, амин, алкокси топқа алмастыру (нуклеофильді) реакциялары. Спирттердің тотығуы мен дегидратациясы. Маңызды өкілдері, қолданылуы.
Фенол гидроксиліндегі байланыстың полярлануы. Фенол молекуласындағы электрондық эффектілер. Ароматты сақина мен гидроксил топтың өзара әсері.Спирттер мен фенолдардың қышқылдық қасиеттерін салыстыру. Феноляттар, жай және күрделі эфирлер алу. Фенолдарда гидроксил топтың электрофильді орын басу реакциясына әсері. Фенолдарды галогендеу, нитрлеу, алкилдеу және ацилдеу.
Екі және үш атомды фенолдар, олардың химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері, маңызды өкілдері.
Альдегидтер мен кетондар (1 сағат)
Альдегидтер мен кетондардың классификациясы, изомериясы, номенклатурасы. Карбонил тобының құрылысы, полярлануы. Химиялық қасиеттері, нуклеофильді қосып алу реакциялары. Оксоқосылыстардың магнийорганикалық қосылыстармен, бесхлорлы фосформен, гидразинмен, фенилгидразинмен, аммиакпен, гидроксиламинмен әрекеттесуі. Тотығуы және тотықсыздануы. Альдол және кротон конденсациялары.
Глицерин альдегиді, оның стереохимиясы. D- және L-қатардың карбонилді қосылыстары, биологиялық маңызды альдегидтер мен кетондар. Акролеин. Қос байланысқа карбонил тобының әсері. Кротон және даршын альдегиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет