Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу



бет25/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
диплом Лаззат

Ескерту. Мұндағы жақшада және келесі кестелердегі жақша ішіне дұрыс жауаптар келтірілген.
2 тапсырма.
Қай сөйлемде элемент(Э), ал қайсысында зат(З) туралы айтылғанын анықтаңдар

Сөйлем

Жауап

1.Мыс мыс купоросының құрамына кіреді.

( Э )

2. Балық суда еріген оттекпен тыныс алады.

( З )

3.Темір тат құрамына кіреді.



( Э )

4.Күкірт сумен араласпайды



( З )

5.Мыс (II) окиді мыс және оттегіден тұрады

( Э )

6.Темір ылғалды ауада таттанады.

( З )



3тапсырма.
Кестені толтырыңыз.


35 CI

37 CI

40K

39K

16O

P+






n0






e-





V. “Химиялық ребустар” сайысы


Тор ұяшықтарда химиялық символдар берілген, ал символдардың астында сандар орналасқан. Құпия сөзді шешу үшін сол элемент атауына сәйкес келетін сандардағы әріптерді алыңдар.


1 тапсырма.




Ar

Kr

As







1

5,6

1




 Er

Li

Be

O

N

Eu

Ne

Li

Ti

Rn

C




1

1

2

1

4

3,4

1,2

5

1`

1,2

3








































 S

I

S

Tc

Mg







1

1

1

1,2

1,2






Жауабы: Атом – электронейтрал система.


2 тапсырма

Po

Eu

Be

B

Cu

I

т

As

Sn

1

1

3,4

2

1

1

2

1


Dy

Ar

Ne

Nd

As

7

1

1

4

2


Md

Be

Bi

1,2,3,4,5,6,7

2

1

Ar

Es

Tc

As




1

4

1

2




Жауабы: Периодтық заңды Менделеев ашты.


3 тапсырма

I

Na

Rn

As

қ

1,2

1

3

2


 Ba

AL

As

Sr

1,2

8,2,1,6

2

1




I

Na

Rn

As

Ar

1,2

1

3

2

3


Ar

Na

Xe

As

Ne

Pd

1,2

2

2

2

1

6,2



Жауабы: Иондық байланыс иондар арасында түзіледі.
Мұғалім: Балалар, біздің сабағымыз соңына жетті. Сабақ барысында өздеріңді қалай сезіңдіндер? Сабақтың қай сатысы сендерге қиын болды? Қай жұмыстың түрі сендерді қызықтырды?
2.2 «Химиялық байланыс. Зат құрылысы» тақырыбын қайталау және қорытындылау сабағының әдістемесі


Мақсаты:
Білімділік: химиялық байланыстардың түрлері, атом құрылысы тұрғы-сынан кристалл торларының түрлері, тотығу дәрежесі, электрондық баланс әдісімен тотығу-тотықсыздану реакцияларын құру туралы оқушылардың білімін жүйелеу және қайталау.
Дамытушылық: оқушыларда шығармашылық қабілеттің қалыптасуын туғызу, қойылған мақсат бойынша ұжымда және бірмезгілде өзбетінше жұмыс жасауға үйрету, зерттелетін заттың құрылысы, қасиеттері және құрамы арасындағы өзара байланысты құра білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: ұжымда жұмыс істеу іскерлігін дамыту, оқушыларда өз-өзін бақылау және бағалау қабілетін қалыптастыру.
Әдіс: сабақта өзбетінше және ұжымда жұмыс істеу.
Көрнекіліктер: компьютер, проектор, презентация «Химиялық байланыс. Зат құрылысы», кристалл торларының модельі, Периодтық жүйе.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі


Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

II. Мотивациялық кезең немесе білімді белсенді түрде бекітуге дайындық кезеңі.

Слайд 1. Мотивациялық слайд. Оқушыларға сабақтың мақсаты көрсетіледі:


Химиялық байланыстың түрлерін, кристалл торларының типтерін, тотығу дәрежесі, тотығу-тотықсыздану реакциялары, электронды баланс әдісімен теңестіруді қайталау (1-7 қосымшаларда 14 слайд келтірілген).
Слайд 2. Химиялық байланыстың түрлері. Слайд бос күйінде. Оқушы мәтінінен соң, химиялық байланыс түрлерінің анимациясы шығады.
Слайд 3. Слайдта сұрақтар көрсетіледі де, оған оқушылар ауызша жауап беруі тиіс.
Химиялық байланыс түрлеріне сипаттама беріңіз:
К.Псіз.Б – бұл ...
К.Пті Б – бұл ...
И.Б. – бұл ...
Слайд 4. І. Келесі заттардың формулаларын жазыңдар:
1. К.П-сіз.Б. 2. К.П-ті.Б. 3. ИБ
H2O, Br2, CO2, H2S, NaF, H2, Cu, CS2, MgO, C, KCl

Оқушылар өзбетінше дәптерлеріне жазады. Олардың әрбір жауаптарынан соң, слайдта дұрыс жауап көрсетіледі.


II. Келесі қосылыстардағы химиялық байланыстың түзілу механизімін сызыңыз:


1. Cl2 2.NH3 3.NaF
Тақтаға үш оқушы шығарылады, ал қалған оқушылар дәптерлерінде орындайды. Оқушылардың жауаптарынан соң слайдта дұрыс жауап келтіріледі.
Слайд 5. Химиялық байланыстың түрін анықтаңыз: NH3, P2O5, MgS, F2, NaCl, Al2O3.
Оқушылар өзбетінше дәптерлеріне орындауға кіріседі. Оқушылардың жауабынан соң, слайдта дұрыс жауап көрсетіледі.
Слайд 6. Қайсы молекуланың құрылысы келесі схемаға сәйкес келеді: ?
F2, O2, H2, N2
Бір дұрыс жауабы бар тесттік тапсырма. Әрбір оқушы тапсырманы дәптерлеріне орындауға кіріседі. Олардың жауаптарынан соң, слайдта барлық электрондық формулалар көрсетіледі. Оқушылар слайдтағы дұрыс жауаптарымен салыстыра отырып, қатемен жұмыс жасайды.
Слайд 7. Кристалл торларының типтері. Бос слайд. Оқушы мәтінінен соң кристалл торлар типтерінің анимациясы көрсетіледі.
Слайд 8. Химиялық байланыс түрі, кристаллдық тор типі мен физикалық қасиеттері арасында қандай өзара байланыс бар. Байланыс түрлері мен тор типтері. Бос слайд. Оқушының мәтінен соң анимация шығады.
Слайд 9. Кристалл торларының типін анықтаңыз:NH3, P2O5, MgS, F2,
NaCl, Al2O3.
Алдымен оқушылар тапсырманы өзбетінше орындайды да, олардың жауаптарынан соң, слайдта дұрыс жауап шығарылады.
Слайд 10. Оқушыларға тотығу-тотықсыздану реакциясына байланысты негізгі ұғымдарды еске түсіру ұсынылады:

  • Тотығу дәрежесіне анықтама беріңіз

  • Тотығу-тотықсыздану реакциясы

  • Тотығу

  • Тотықсыздану

  • Тотықтырғыш

  • Тотықсыздандырғыш

Слайд 11. Қай реакция тотығу тотықсыздану реакциясына жатады?

H2SO4 +Na2O —> Na2SO4 + H2O


SO3 + H2O —> H2SO4


2SO2 + O2 —> 2SO3


Н2S + O2 —> H2O + S


Бірнеше дұрыс жауабы бар тесттік тапсырма. Оқушылар өздігінен тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Бірмезгілде оқушылардың жауабымен, слайдта әрбір реакциядағы заттардың тотығу дәрежелері көрсетіледі де, оқушылар қай реакция ТТР жататынын, ал қайсылары жатпайтынын тексереді.


Слайд 12. Қай қосылыста күкірттің тотығу дәрежесі +4 тең екендігін анықтаңыз:
H2SO4 SO3 SO2 H2SO3
Бірнеше дұрыс жауабы бар тесттік тапсырма. Оқушылар дәптерлеріне тапсырманы орындайды. Оқушының жауабымен бірге слайдта әрбір формуладағы элементтердің тотығу дәрежелері көрсетіледі де, мұндай қосылыстың екеу екендігі анықталады.
Слайд 13. Тотықтырғыштың алдында қандай коэффициент тұр.

Al + O2 —> Al2O3


Бір дұрыс жауабы бар тесттік тапсырма. Оқушылар өзбетінше дәптерге орындайды. Одан соң, оқушының жауабынан кейін дұрыс жауап сараптала отырып қойылады. Қорытынды – төрт жауаптың біреуі.
Слайд 14. Тотықсыздандырғыштың алдында қандай коэффициент тұр?

P + Cl2 —> PCl3


Бір дұрыс жауабы бар тесттік тапсырма. Оқушылар өзбетінше дәптерге орындайды. Одан соң, оқушының жауабынан кейін дұрыс жауап сараптала отырып қойылады. Қорытынды – төрт жауаптың біреуі.


Cлайд 15. Электрондық баланс әдісімен коэффициенттерді қойыңыз.

Fe2O3 + NH3 —> Fe + N2 + H2O


Тақтаға шығарылған оқушы ауызша айтады да, оның жауабынан соң, слайд көрсетіледі.


IV. Қорытындылау. Рефлексия.


Слайд 16. Біз, сіздермен тиімді жұмыс жасадық. Ал, енді қорытынды жасайық. Сабақ басталар алдында қойылған мақсатқа көңіл аударыңыз(1 слайд көрсетіледі). Алдымызға қойылған мақсатқа біз, жеттік па? Қандай қиындықтарға тап болдық? Сендерге қайсысы күрделі болды? Қайсысы жеңіл болды?

V. Үй тапсырмасы.

Әрбір оқушы жеке қағазда тапсырма алады. Берілген тапсырмамен жұмыс жасаңдар, анықтамаларды қайталаңдар. Келесі сабақта «Химиялық байланыс. Зат құрылысы» тақырыбына бақылау жұмысын жазасыңдар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет