Химиялық байланыс және зат қҰрылысы тақырыбына әдеби шолу



бет30/31
Дата06.02.2023
өлшемі1,69 Mb.
#65391
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
ҚОРЫТЫНДЫ

Қоғамда өмір сүріп және еңбек ететін заманауи мектеп түлегі бүкіл өмір бойында белгілі бір жеке тұлғалық қасиеттерімен ерекшеленуі және де өмірдегі өз орнын таба білу, өзгеріп отыратын өмір жағдайларына икемді бейімделіп, әр алуан туындайтын мәселелерді шешуге практика жүзінде өз бетінше білім ала білуі, өз бетінше сынай ой толғап, нақты өмір жағдайларында туындайтын мәселелерді көре біліп, және заманауи технологияларды пайдалана отырып, оларды рационалды шешу жолдарын іздей алуы, ақпаратпен сауатты жұмыс істей білу тиіс.


Білім берудің негізгі мақсаты – оның жан-жақты әрі тұтас тұлғаны тәрбиелеудің құралы ретінде оқушылардың шығармашылық пен ойлау қабілетін дамыту, сөйтіп, өмірдің қай саласында болмасын, еркін және дәлме-дәл жауаптылық пен ойлау қабілетін сіңіру, әртүрлі жағдайларда жинақы болуға баулу.
«Бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүр-лерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту көзделеді» деген яғни еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Қазіргі мектеп алдындағы негізгі міндеттің бірі әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында өзі күнделікті өмірден көретін, сезінетін, еститін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады.
Ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын алға апаратын құдыретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын, өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы, оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қорыта келгенде, білім рөлінің өскендігі соншалық, ол қоғамның дамуына әсер ететін басты конструктивті фактор болып отыр. Бұл сөзсіз, оқытудың тиімді технологияларын жасаудың, жетілдірудің мықты стимулы қызметін атқарады.
Диплом жұмысында келесі тақырыптарды оқыту әдістемесі жасалынды:
- «Атом құрылысы. Химиялық байланыс» тақырыбындағы сабақты ойын әдісімен оқыту әдістемесі
-«Химиялық байланыс. Зат құрылысы» тақырыбын қайталау және қорытындылау сабағының әдістемесі
- 11сыныпқа арналған «Химиялық байланыс» тақырыбын сыни тұрғыда ойлау технологиясымен оқыту.
Осы әдістердің ішінде сыни тұрғыда ойлау технологиясы оқушылар ойлаудың жаңа идеялаын ұсыну барысында және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті, мәселелерді шешу кезінде маңызылығы жоғары екендігі анықталды.
Әрбір оқыту тәсілдерінің өзіндік тиімді, ұтымды жақтары бар. Сондықтан химияның сабақтарын оқыту барысында әртүрлі жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақты жүргізу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет