Hормативтік сілтемелер



бет3/14
Дата10.04.2023
өлшемі397,5 Kb.
#80930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-23583

1.Негізгі бөлім
1.1 Жылқыны азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік

Мал азықтандыруда организм қажеттігінен аз да немесе одан көп те мөлшерде азық жұмсау зиянды болып келеді. Организм қажеттілігінен аз мөлшерде жеткізілген қоректік заттар зат пен энергия алмасуын толық қамтамасыз ете алмай, төл өсімі мен жетілімін тежесе, сақа малдың өнімділігін кемітіп, өзін арықтатады. Қажетті шамадан көп енген қоректік заттар да ас қорыту барысында толық қорытылмайды. Бұл бір жағынан өнімнің өзіндік құнын қымбаттатса, екінші жағынан, зат алмасуын да бұзып, оған кедергі келтіреді. Жылқы – қарапайым қарынды мал. Денесінің ірілігіне қарамай қарнының сыйымдылығы небәрі 14-16 л көлеміндей болады. Жылқы бос уақытының бәрін дерлік азықтануға жұмсайды. Бұл әсіресе қара жұмыс атқаратын жұмыс аттары үшін, өйткені бұлардың күйісті малдікіндей жеген азығын түпкілікті өңдеуден өткізетін месқарыны болмағандықтан, жылқы жем шөпті ауыз қуысында мұқият шайнап, мол сілекеймен ылғалдандырып барып жұтатындықтан, азықтануға ұзағырақ уақыт жұмсайды.


Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқаратын аттардың азықтандыруын атқаратын жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастырамыз. Сауылатын немесе соғымға сойылатын жылқы азықтандырылуы олардың сүттілігін және салмақ қосуын жоғарылатуға бағытталса, көлікке мініліп, жегілетін, түрлі шаруашылық қара жұмысына пайдаланылатын аттарды энергия шығындау көлемі мен мерзіміне тәуелді қоректендіреміз. Көлікке жегілген немесе мінілген аттың энергиясы алдымен өз денесін алып жүруге, содан кейін барып үстіне артылған (мінілген) жүкті тасуға немесе жегілген жүкті тартуға жұмсалады.
Жылқының, әсіресе, қара жұмыс атқарып немесе мініліп жиі терлейтін аттардың суару мен азықтандыру реті мен тәртібін қатаң сақтау қажет. Терлеген атты алдымен терін басып, суытып барып суарады. Уақытты тиімді пайдалану үшін, алдымен ірі жемшөптің бір бөлігін беріп терін бастырғанан кейін суарып, шырынды азықты, артынан жем жегізеді де, қалған уақытта ірі жемшөптің қалған бөлігін салып қоямыз.
Сауылатын бие мен етке сойылатын жылқы азықтандыруын жасы, жынысы, тірілей салмағы мен өнімділігіне (сүттілігі мен салмақ қосуы) сәйкес азықтандырады. Сонымен қатар жылқы тұқымдарының зат алмасу барысы едәуір ерекше болатынын ескеруіміз де керек. Мысалы: жеңіл жүрісті мініс тұқымдарына жататын шабыс аттары мен желіс тұқымдарына жататын жегіс аттарының зат алмасуы жедел жүреді де, аяң жүрісті ауыр салмақты тұқым аттарының зат алмасуы баяу жүріп алғашқылардікімен салыстырғанда 100 кг тірілей салмағына шаққандағы энергетикалық мұқтаждығы 8-10% төмен болады.
Жылқының зат алмасуына атқаратын жұмысы да ықпал етеді. Ауыр қара жұмыстағы жұмыс аттары мен жылдам қимылдайтын мініс және спорт аттары энергетикалық мұқтаждығын алғашқы 3 сағат мерзімінде желінген жемшөптің жеңіл қорытылатын көмірсуларымен қанағаттандыратынын ескеріп, осы мерзімде оларды толықтыруды ойластыру қажет. Ол үшін жылқыға жеңіл қорытылатын энергетикалық қуаттылығы жоғары жемшөп ретінде шырынды қызылша, сәбіз, картоп секілді тамыртүйнек жемістілерді береді. Бірақ бұл азықтар аттың ас қорыту жолындағы ашу үрдісін өрістетіп, атқарылатын жұмысына (жедел қимылына) кедергі келтіретіндіктен, олардың көліктік және мініс аттарына берілетін мөлшерін шектейді.
Азықтындыру нормасының негізінде азықтандыру рационын, яғни қоректілігі норма көрсеткіштерін өтейтін мал басына жегізілетін азықтар мен азықтық қосындыларын құрастырады. Рацион құрылымы мен құрамы мал түлігі мен құс түрінің ас қорыту физиологиясына, өнімдік бағытына байланысты зат алмасу ерекшеліктеріне сәйкестендіріледі.
Азық рационы деп – малға бір күн ішінде беруге ыңғайлап есептеліп алынған азық түрлері мен мөлшерін айтады. Азық рационы – ғылыми негізде үйлестіріліп алынған, жалпы жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал заттары мен каротиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әртүрлі азықтардың қосындысы. Малды азықтандыру процесінде, каротин жеке азықтың желінуіне, малдың денсаулығы мен өнімділігіне қарай тексеріліп,анықталады. Азық рационын 15 күнде 1рет қайтадан жасап отырады. Шырынды (балғын) азықтардан сәбіз, қызылша, тунепс, сапалы сүрлем мен картоп берген пайдалы. Жылқы басына тәулігіне жуып, тазартып қызылшаны 10-12 кг, атқаратын жұмысына қарай сүрлемді 8-12 кг беруге болады. Картопты пісіріп берген дұрыс. Жұмыс аттарына 100 кг тірілей салмағына шаққанда 3-4 кг пішен мен сүрлем, жұмыс ауырлылығына сәйкес 1,5-2 кг құнарлы жем беріледі. Күніне бір басқа 10-12 кг картоп, 8-12 кг сәбіз, 10-15 кг сүрлем беруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет