Hормативтік сілтемелер



бет2/14
Дата10.04.2023
өлшемі397,5 Kb.
#80930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
stud.kz-23583

Қысқартылған сөздер
ҚЗ- құрғақ зат
ШП- шикі протеин
ШМ- шикі май
АЭЗ- азотсыз экстративті заттар
ҚП- қорытылған протеин
АЭ-алмасу энергиясы
г – грам
мг – миллиграм
л – литр
а.ө. – азықтық өлшем
кДж – килоджоуль
МДж – мегаджоуль
% - пайыз

Мазмұны

Аннотация


Нормативтік сілтемелер
Анықтамалар
Қысқартылған сөздер
Кіріспе..............................................................................,,.................................6
1.Негізгі бөлім....................................................................................................7
1.1 Жылқыны азықтандыру нормасы мен рацион туралы түсінік...............7
1.2 Малды нормалап азықтандыру жүйесінің принциптері мен элементтері .............................................................................................................................8
1.3 Жылқы рационындағы азық мөлшеріне әсер ететін факторлар............10
1.4 Жылқы малының ас қорыту ерекшеліктері.............................................12
1.5 Биені нормалап азықтандыру....................................................................13
1.6 Құлын-тайды нормалап азықтандыру......................................................15
1.7 Тұқымдық айғырды нормалап азықтандыру...................................................17
1.8 Жылқыны бордақылап азықтандыру және рацион құру........................19
1.9 Жылқы малынының бір жылға қажет азық қоры (бір басқа)................20
2.Өзіндік зерттеу...............................................................................................22
3.Техникалық қауіпсіздік ................................................................................30
Қорытынды........................................................................................................31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ...................................................................32


Кіріспе

Айғырды азықтандыру кезінде азықтарды көп немесе аз мөлшерде беру зиянды болып келеді. Айғыр азықтандырған кезде белгілі азық мөлшерін есептеп, қажетті азық рационын құру маңызды болып табылады. Рацион құрылымы және құрамы малдың және оның түлігінің ас қорытуына, өнімдік бағытына байланысты, сонымен бірге зат алмасу ерекшеліктеріне байланысты құрылады.


Азық рационы – жалпы жұғымдылығы, қорытылатын протеині, минерал заттары мен каротиннің мөлшері жағынан азық нормасына сәйкес келетін әртүрлі азықтардың қосындысы болып табылады. Азықтандыру нормасының көрсеткіштері малдың түріне, тұқымына, өнімдік бағытына, жасына, жынысына, тірілей салмағына және өнімділігіне байланысты болады, және организмнің азыққа энергиялық, протеиндік, минералдық және витаминдік мұқтаждығы бойынша анықталады. Азықтандыру нормасының дұрыс қамтамасыз етілуі аз азық жұмсау арқылы, мол өнім алумен анықталады.
Желінген азық қоректік заттары малдың дене температурасын сақтауға, ас қорытуы, ішкі ағзалары мен мүшелерінің қызметін қамтамасыз етуге, бір жағынан, энергиялық заттар жеткізсе, екінші жағынан, зат алмасу барысында өсіп–өнуге,өнім өндіруге қажетті құрылымдық қосындылар жеткізеді. Жылқы малының ас қорытуы ерекше болып келеді. Сондықтан оларға бұрыннан жеп үйренген жем - шөпке қосымша басқа азықтарды беріп үйретеді.Тұқымдық айғырларды, құлын–тайларды, биелерді азықтандыру ерекшеліктерін ескере отырып, оларға берілетін азық нормасын, азық рационын құрастырады. Жылқыны бордақылау кезінде берілетін азықтары, оларға рацион құру да өзгеше болады. Жайылымда бағу әдістері, жайылым түрлері де түрліше болып келеді. Жайылымда баққан кезде қысқы, жазғы жайылымдардың талаптарға сай келуін ескеруіміз керек.
Жылқының желінген азық энергиясын өз тіршілігінің дене жылыту, қимылдау, жұмыс атқару, өнім өндіру секілді пайдалы энергиясына айналдыру деңгейі онша жоғары емес,өнім өндіруге азықпен енген энергияның не бары 20-30% пайдаланады. Азықтың жалпы энергиясының 30-35%, қорытылмаған тезек қалдықтарымен шығарылса, 35-50 % пайдасыз болып қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет