Hормативтік сілтемелер


Биені нормалап азықтандыру



бет7/14
Дата10.04.2023
өлшемі397,5 Kb.
#80930
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
stud.kz-23583

1.5 Биені нормалап азықтандыру

Тұқымдық айғырды жыл бойында орташа қоңдылықта болатындай деңгейде азықтандырып, үйірге түсерге дайындау мен үйірге түсерден 1,5-2 ай бұрын, қолдан ұрықтандырғанда, ұрық алынатын кезеңде азықтандыру деңгейі мен құнарлылығын күшейтіп, зауыттық қоңдылыққа жеткіземіз. Тұқымдық айғырдың жыл бойы орташа қоңдылығын ұстау үшін отты жайылымда жайып, үйірге түсуге дайындау кезеңінен бастап азықтандыруының энергетикалық, протеиндік, минералдық және витаминдік құнарлылығын, сапалы, ірі, шырынды және құнарлы жемшөппен рацион құрғақ затындағы қоректік заттардың шоғырлану дәрежесін күшейтеді. Үйірге түскен кездегі айғырдың күрт өсетін энергетикалық шығынын толықтырып, жыныстық потенциясы мен ұрық сапасын қамтамасыз ету үшін сұлымен қоса, энергетикалық қуаты мол және протеиндік құндылығы жоғары, минералдық және витаминдік қоректілігі жақсы, сапалы жемшөппен және құнарлы жем қосындысымен азықтандырылады.Құнарлы азықтардан тары, бидай, бидай кебегі, бұршақ ұнтағы ұрық сапасына оң әсер етеді. Айғыр, әсіресе ұнтақталған бұршақ дәнінің сәл ылғалдандырылған бидай кебегімен араластырылған қоспаны сүйсініп жейді. Сұлыны мыжып, тары, жүгері, бұршақты ұнтақтап, арпаны жарып, зығыр дәнін қайнатып, оның суына кебек, күнжара мен шроттарды шылап беруге болады. Қыста сұлының бір бөлігін немесе оның арпамен жартылай араласқан қосындысын өндіріп көктетіп жегізуге болады. Соның арқасында үйірге түсер кезіндегі айғыр азығының 25-30% жоғарылатып, биологиялық құндылығы арттырылады. Үйірден тыс кезеңде мініс және жегіс тұқымдары айғырының 100 кг тірілей салмағына 1кг-да 0,72 а.ө (7,53 МДж АЭ), 66 г қорытылатын протеин, 2,1 г ас тұзы, 4 г кальций, 3 г фосфор, 8 г каротин бар. 2,2 кг азық құрғақ затын жегізсе, үйірге салынарда жегізілетін 2,5 кг рацион құрғақ затының 1кг-да 0,8 а.ө ( 8,37 МДж АЭ), 94 г қорытылатын протеин, 2,4 г ас тұзы, 6 г кальций, 4 г фосфор, 10 г каротин шоғырланады. Яғни, асыл тұқымды айғыр азығының әр 1 а.ө-де қорытылатын протеин деңгейінде 120 граммнан 140 г-ға дейін кальций деңгейі 4 г-нан 6 г-ға, фосфор деңгейі 3 г-нан 5 г-ға, каротин деңгейі 10 мг-нан 15 мг-ға дейін жеткізіледі. Айғыр потенциясына күн көзіндегі серуен мен жеңіл қорытылатын витаминді көк шалғын шөбі оң ықпал ететінін ескеріп жаз айларында шағылысқа түсетін желіс және мініс тұқымды айғыр басына тәулігіне 20-25 кг көк балауса жегізіп, қыста 10-12 кг жақсы сақталған, яғни каротинді жасыл-бұршақ-астық тұқымдастар пішенін, қантты энергия көзі ретінде 5-6 кг қызылша мен сәбіз береміз. Құнарлы жеммен айғыр потенциясына ықпал ететіні – сұлы дәні болып келеді. Бірақ ұрық сапасын сұлыны бидай кебегімен арпа, жүгері жармасы, күнжара мен шроттармен араластырып берген қосынды жақсартады. Жыныстық қабілетін арттыру үшін шағылыстыру кезінде рационына сүт, шикі жұмыртқа қосып беруіміз керек. Тұқымдық айғыр рационындағы азық құрамын әр 3-4 жеті сайын өзгертіп отыру керек.


Азықтандыру деңгейі мен сапасын қамтамасыз ету үшін тұқымдық айғыр басына тәулігіне 15-30 кг көк шөп, 4-6 кг сапалы сүрлем, 3-4 кг картоп, 3-4 кг тамыржемістілер, 6-12 кг шалғын немесе аралас пішен, жартысына жуығы сұлыдан тұратын 4-6 кг жем қоспасын береміз. Айғыр азығының протеиндік құндылығын арттыру үшін рацион жалпы қоректілігінің 5-10% көлемінде тауық жұмыртқасы, сиыр сүті, көк сүт, сүт сары суы, ірімшік, қан ұны, ет-сүйек ұны, балық ұны секілді жануар тектес азықтарды енгізуге болады. Дұрыс, құнарлы азықтандырумен қатар айғырдың жыныстық қабілеті мен қабілеттілігіне бағып-күту тәртібі мен лайықты пайдалану режимі де белгілі дәрежеде ықпал ететінін естен шығармауымыз керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет