Hормативтік сілтемелер


Тұқымдық айғырды нормалап азықтандыру



бет9/14
Дата10.04.2023
өлшемі397,5 Kb.
#80930
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
stud.kz-23583

1.7 Тұқымдық айғырды нормалап азықтандыру
Биені тұқымына, жасына, тірілей салмағына, буаздығы мен сүт түзуі секілді зат алмасуына күшті ықпал ететін физиологиялық жағдайына сәйкес азықтандырады. Бие буаздығының 4-5–ші айлығынан бастап құлындағанша зат алмасуы күшейіп, ұрық дамуына жұмсалатын энергия шығынын қамтамасыз ету үшін организміндегі жылулық өсімі өседі. Бие буаздығының 9-шы айынан бастап күрт өседі, сондықтан ұрықтың қоректік қажеттігін толық қамтамасыз ету үшін буаз биені азықтандыру нормасы буаздығының соңғы үштігінде жоғарылатылады. Буаздығының алғашқы 5 айында буаз бие қысыр биемен бірдей деңгейде азықтандырылады. 5 айлығынан бастап іштегі төлінің қалыпты өсіп-жетілуіне байланысты азықтандыру нормасы әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1 азықтық өлшемде 100-105 г қорытылатын протеині бар 1,6-1,7 азықтық өлшем үстемелеп өсіріледі. Жеңіл жұмысқа пайдаланылған буаз биені азықтандыру нормасы жалпы қоректілігі, яғни азықтық өлшем бойынша қосымша 30-35 %-ке жоғарылатылады. Жаздыкүні бие азықтандыру нормасын шалғынды жайылым отымен қамтамасыз ететін болсақ,жайылым оты тарылған жылдың басқа маусымында олардың рациондарын әртүрлі құнарлы жемшөппен толықтырамыз. Әсіресе, буаз биені азықтандыру деңгейі мен сапасына жақсы көңіл бөліп, табиғи пішенмен қоса, астық және бұршақ тұқымдастар пішенін, қызылша мен сәбіз, сұлы, арпа, жүгері дәні мен араластыра бидай жармасы мен кебегін, күнжара енгізуімізге болады. Әр 100 кг тірілей салмағына берілетін ірі жемшөп мөлшерін буаздығының алғашқы жартысында – 2 кг, ал екінші жартысында 1,5 кг-нан асырмай,оның орнына құнарлы жем қоспасын молайтамыз. Құлындауына 10 күндей қалған биеге тек жеңіл қорытылатын жемшөп береміз. Ірі жемшөп көлемін 4-6 кг-ға дейін азайтып, бұршақ тұқымдастар пішенін мүлдем бермейді. Сапасы нашар, ластанған жемшөп, көгерген не шіріген пішен мен сабан, суық су биенің ас қорытуын бұзумен қатар іш тастатуы мүмкін. Жемді ұнтақтап, быламық түрінде береміз. Құлындауға 2-3 тәулік қалғанда рациондағы азық мөлшерін 1/3 дейін азайтып, құлындауын жеңілдету үшін жылы суға араластырып бидай кебегі мен зығыр күнжарасының ұнтағын ішкізу керек. Мүмкін болған жағдайда 0,2-0,5 кг зығыр дәнінің қайнатпасын ішкізген пайдалы. Физиологиялық жағдайына байланысты биенің 100 кг тірілей салмағына шаққандағы мұқтаждығы қысыр кезінде 1,4-1,5 азық өлшем, буаздығының алғашқы 3-6-шы айында 1,6-1,7 азықтық өлшем, буаздығының соңғы 7-11-ші айында 1,8-1,9 азықтық өлшем, құлын емізетін кезеңінде 2-2,1 азықтық өлшем, ал оған қосымша сауылатын болса, 2,12 - 2,15 азықтық өлшем құрайды. Әр 1 азықтық өлшем мен қорытылатын протеин, 6-8 г Са, 4-5 г Р, 20-30 мг каротин жеткізілуі керек. Оны 100кг тірілей салмағына есептегенде жегізілетін қысыр кезіндегі – 3,4 кг, буаз кезіндегі – 3,6 кг, құлын емізетін кезіндегі - 3,75 кг, рацион құрғақ затымен жеткізіледі. Буаз бие рационына 35-45 кг көк шөп, 4-6 кг сүрлем, 4-5 кг картоп, 5-7 кг тамыржемісті, 10-15 кг пішен, 2-3 кг жем беруіміз керек. Құлындаған биеге алғашқы күндері ас қорытуына себептесетін бидай кебегі, сұлы жармасы, арпа мен жүгері ұнтағын беріп, біртіндеп сүттілігін арттыратын көкшөп, пішендеме және тамыртүйнектер үлесін молайтады. Сөйтіп оны сүтейтіп, құлынын алғашқы кездегі негізгі қорегі ене сүтімен қамтамасыз етеді. Құлындағаннан кейін 2-3 күн биеге суға шыланған кебек пен аздаған майда, жұмсақ пішен беруден бастап, 5-6 күнде толық нормалы азықтандыруға көшіреміз. Құнарлы жемді 3-4 күннен беруге болады. Құлынды биенің әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда рацион азығымен әр 1 азықтық өлшем 100-105 г қорытылатын, протеин болатын 2 азықтық өлшем жеткізілуі керек. Егер құлынды бие жеңіл жұмысқа пайдаланылса, азықтандыру нормасы 30%- ке арттырылады. Құлынды бие отты жайылымда бағылып, оның оты жеткіліксіз жағдайда рационды сапалы пішен, сұлы, кебек және күнжарамен толықтырамыз. Құлындаған бие сауылатын болса, қоректік мұқтаждығының толық та жан-жақты сапалы жемшөппен жеткізілуін жете қадағалап, қажетті азықтық қосындылармен рацион құрылымын арттырамыз.
Тірілей салмағы мен сүттілігіне сәйкес сауын биелерді азықтандыру деңгейі бойынша 3-4 топқа бөлуге болады. Сүттілігі молайып, ал өздері арықтай бастаған биелердің азықтандыру деңгейі жақсы, ал сүттілігі азайып, өздері керісінше семіре бастаған биелерді азықтандыру деңгейі төмен топтарға ауыстырамыз.Жазғы уақытта сауылатын бие азықтандыру нормасын қамтамасыз ету үшін табиғи және мәдени жайылымның 30-50 кг көгін жегізіп, сүттілігіне қарай 2,5-4,5 кг сұлы, 0,5-2,5 кг бидай кебегін береді. Биелер әсіресе сұлы-бұршақ тұқымдастар қосындысының көгіне жақсы жайылып тойынады. Күзге қарай көп жылдық шөптер көгіне осы сұлы-бұршақ тұқымдастар салынған құрама сүрлем мен тамыр жемістілер қосып беріп, сүттілігін молайтады. Сауын биенің 100 кг тірілей салмағына шаққанда 2- 2,5 кг сапалы шалғын және аралас астық - бұршақ тұқымдастар пішенін, 5-10 кг тазартылып туралған тамыр жемістілер, пішендеме жегізіп, сүттілігіне қарай сұлы, кебек, күнжара мен шроттардан тұратын жем қоспасын береміз. Пішенді турап, дәнінің бір бөлігін өндіріп, көктетіп, ал сұлы дәнін мыжып, жаныштап берген жақсы.Жазғы уақытта биенің күнделікті жейтін 30-40 кг табиғи және мәдени жайылым көгін сүттілігіне сәйкес 2,5-4,5 кг сұлы мен жем қоспасы, 0,5-2,5 кг кебекпен толықтырылады. Оларды сұлы-бұршақ тұқымдастар көгіне жайған жөн. Күзге қарай көп жылдық шөптер көгін құрама сүрлем мен тамыр жемістілер қосып береді. Құлын емізетін және сауылатын биеге 45-50 кг көк шөп, 8-10 кг сүрлем, 5-8 кг картоп, 5-10 кг тамыржемісті, 1- 15 кг пішен, 3-5 кг жем қоспасы кіреді. Сауын биені жабық қорада ұстағанда жазда көкшөпті турап, қыста олардың рационына сапалы пішен мен құнарлы жем қоспасына қоса сүтейтетін азықтардан 5-10 кг қызылша мен сәбіз, 5-8 кг картоп, 10-12 кг жақсы сақталған сапалы сүрлем мен пішендеме береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет