Хронология, аныктама, карталар



жүктеу 2.58 Mb.

бет10/17
Дата15.03.2017
өлшемі2.58 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
§18. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі элем
Алты  жылға  созылған  Екінші  дүниежүзілік  соғыс  миллиондаган 
адамдардың өмірін киып, халыкка асқан қайғы-қасірет әкелді.
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  жылдарында  Еуропа  елдеріндегі  апям 
шыгыны  50 млн. адамды қүрады.
Азия мен Африканың халқы  бір-бірімен  согысып  жатқан  эр түрлі
армияның  катарында  ұрыса  отырып,  ауыр  шығынга  ұшырады.
Жапониямен  8  жыл  соғыс  кезінде  Қытайдыц  шығыны  -   өлгені  бар,
жараланғаны  бар  18  млн.  адамды  кұрады.  Жапон  басқыншылыгы
жылдары  ауыр  еңбекпен,  титықтап-зорығудан  4  млн  индонезиялык 
қайтыс болды. 
—'Ж  " 
::ГУШ
Еуропадағы  соғыстан  кейінгі  шекарапар  аныктапды.  Германиядан
Ш ыш с  Пруссия  бөлініп  шықты.  Польшамен  шекара  Одер-Нейс 
желілері бойынша өтті.
Бастапкы  кезде  Германиядағы  жогаргы билікті өздері  басып алган 
аймактарда  КСРО,  АҚШ,  Англия  жэне  Франция  Қарулы  күштерінің 
бас  қолбасшылары  жүргізуі  тиіс  болды.  Бүкіл  Германия  үшін  ортақ 
мәселелер  бойынша  олар  Бақылау  кеңесінің  мүшелері  ретінде  эрекет 
етуі  тиіс  еді.  I ермания  төрт  аймакка  жіктелді.  Кеңестік  аймакта 
орналасқан  Берлин  Бақылау  Кеңесінің  резиденциясы  болды,  ал  оның 
батыс бөлігіне АҚШ, Англия жэне Франция әскерлері жіберілді.
Париж  бітім  конференциясы  (1946  ж.)  мемлекет  және  үкімет 
басшыларының  катысуынсыз  өтті.  Соғыстағы  Германияның  бұрынгы
132

одактасгары  Болгариямен,  Венгриямен,  Италиямен,  Румыниямен жэне 
финляндиямен 
бітімшартының  жобалары  эзірленді.  Болгария  мен 
Венгрия  1919  жылғы  шекараларында  калды.  Румыния  ұстаған 
Бессарабия  КСРО-ға  кайтарылды.  Италия  бүкіл  отары нан  айырылып, 
оның аумагының бір  бөлігі  Г рекия  мен  Югославия га  өтті.  Финляндия 
КСРО-ra Печенга облысын берді.
ГДР  мен  ГФР-дін  құрылуы.  Кеңес  үкіметі  Ялта,  Потсдам
конференциясының  шешімдерінен  шыга  отырып,  Герман  мәселесін 
талкылау  кезінде  бейбіт,  демократиялык  негізде  Германия  бірлігін 
калпына  келтірудің  өзгеріссіз  бағытын  ұстанды.  Соған  қарамастан 
Екінші  дуниежүзілік  соғыстағы  КСРО-ның  бұрынғы  одактастары 
АҚШ,  Англия,  Франция  Германияның  жіктеліп,  оның  батысында  ми­
литарист! к  жікшілдік  мемлекетін  күруға  ұмтылды.  1945-1948  жылдар 
бойында  үш  Батыс  мемлекет  пен  КСРО  өкілдерінің  кездесулері  оң 
нәтижесін  бермеді.  1949  жылы  Германияның  батыс  аймактары 
біріктірілді.  Межеленудің аймақаралык желілері  мемлекеттік шекараға 
айналуына  алып  келді.  1949  жылы  14  тамызда  батыс  аймактарда 
парламент  сайлауы  етіп,  7 
қыркүйекте
  жаңа  мемлекет 
Германия 
Федеративтік Республикасы  құрылды.
  Бұган жауап ретінде  7 
қазанда 
баска мемлекет -  
Германия Демократиялык; Республикасы құрылды.
Экономикалык  тұрактылық.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан 
кейін  АҚШ  өзінің  қуатын  арттырып,  согыс  жабдыктары  есебінен
байыды.  Экономика  саласында  АҚШ  үстемдігі  әлі  біршама  берік 
болды.  Соғыстың  соңына  карай  АҚЦІ-тың  алтын  қоры  22,5  млрд. 
долларга  жетіп,  бүкіл  к ап и тал и ст  әлемнің  алтын  қорын  екі  есеге 
артгырды.  Б ¥ ¥   аркылы  американ  билеуші  топтары  согыстан  кейінгі 
алемде  экономикалык  жэне  саяси  экспансия  үшін  механизм  күруды 
жөн көрді. Эсер етудін мұндай механизм!  1944 жылы шілдеде Бреттон- 
Вудстағы  халыкаралық  конференция да  рэсімделді.  Конференция 
Халыкаралык  валюта  корын  (ХВҚ)  жэне  Қайта  кұру  мен  дамудың 
халыкаралык банкін (ҚКДХБ) кұру туралы шешім қабылдады. 
Бреттон-Вудс жүйесі мына шараларды енгізді:
-  елдердің арасындагы  түпкілікті  есептесудің  функциясы  ретінде
алтын сакталды;
-   американ  доллары  -   әр  түрлі  елдердін  валюта  кұндылығы 
өлшемдерінін  сапасы,  сондай-ак  төлеудің  халыкаралык  несие  құралы
ретінде мойындалды;
-   доллар  баска  елдердің  орталык  банктері  жэне  мемлекеттік
мекемелері  мен  АҚШ  каржы  мекемесінде  алтынга  айырбасталды. 
Бреттон-Вудс 
жүйесі 
АҚШ-тын  экономикалык  ыкпалын  күрт 
күшейтіп,  оның  гүлденуі  мен  баюына  қолайлы  мүмкіндіктер  ашып
берді.
133

Ұжымдык  қауіпсіздік  идеясы. 
Согыстан  кейінгі  кезендегі 
жаңа 
жағдайлардағы  ұжымдык  кауіпсіздік  идеясы  1945  жылы  құрылған 
Б ¥¥-да  жүзеге  асырылуға  тиіс  болды.  Б ¥¥-н ы ң   Жарғысы 
кауіпсіз- 
діктің  жаңа  халықаралық  ұйымын  кұрды.  Бұл  Жарғының  негізгі 
кағидасы  -   шыдамдылық  көрсетіп,  мейірімді  көршіпер  сияқты  бір- 
бірімен  тату-тәтті  бейбіт  қатар  өмір  сүру  болып  табылады.  Жаргы 
Б¥¥-ны ң  мүшелерін  теңдік,  егемендік,  халыктардың  өзін-өзі  билеуі, 
бөтен  аумаққа  тиіспеуге  және  бөтен  істерге  арапаспау  кағидаларын 
кұрметгеуге 
негізделген  достык 
қары м - қаты настарды  дамытуга
міндеттейді. 
■']
Бас  Ассамблея  (БА)  -   Б ¥¥-н ы ң   барлык  мүшелерін  біріктіруші 
басты  орган.  Қауіпсіздік  Кеңесі  -   Б ¥¥-н ы ң   маңызды  әрі  тұракты 
эрекет  етуші  саяси  басшы  органы.  Ол  халықаралық  бейбітшілік  пен 
қауіпсіздікті  қолдау  үшін  басты  жауапкершілік  алады.  Кеңес  15 
мүшеден тұрады, оның бесеуі  «Вето»  кұқыгына ие тұрақты  мүше (ұлы
державалар  КСРО  (Ресей),  АҚШ,  Франция,  Үлыбритания,  Қытай) 
және аймактық квоталарга сәйкес әрбір екі жыл сайын  қайта сайланып 
отыратын  10 тұракты емес мүшелер.
Б ¥¥-ны ң  Жарғысы  -   Б ¥¥-н ы ң   негізін  салушы  ұлы  державалар- 
дың  маңызды  рөлін  ерекше  есепке  алады.  Бұл  мемлекеттер  дүние 
жүзіндегі  ұжымдық  қауіпсіздік  пен  тыныштыкты  сактауда  маңызды 
рөл  аткаруға  тиіс.  Осыны  ескере  отырып,  Б ¥¥-ны ң  Жарғысы  бейбіт- 
шілікті  қамтамасыз  етудегі  маңызды  мәселелерді  шешу  жағдайында 
ұлы  державалардың  бірауыздылық  қағидасын  колдануды  қарасты- 
рады.  ¥лы   державалардың  бірауыздылык  ережесі  БҮҰ-ның  негізі 
болып табылады.
Ірку 
саясаты. 
Аталмыш  идеяны  1946  жылы  Мәскеудегі 
АҚТІІ 
елшілігінде  бірнеше  жылдар  бойы  жұмыс  істеген,  Ресей  бойынша 
маман  Дж.Кеннан  баяндады.  «Коммунизмді  ірку»  доктринасы  үш 
өзара байланысты жасырын мақсатты көздеді.
Біріншіден,
  аталмыш  доктрина  эр  түрлі  қогамдык  құрылыстагы 
мемлекеттердің  ұзақ  мерзімді  бейбіт  қатар  өмір  сүру  мүмкіндігін 
теріске  шығаруды  көздеді. 
Екініиіден,
  американ  капитализм інің 
социалистік  мемлекетгердің,  бэрінен  бұрын  КСРО-да  капитализмді 
қалпына  келтіруге  бағыттау  үшін  ішкі  істеріне  белсенді  түрде  арала- 
суды  қарастырды. 
Үіиіншіден,
  социалистік  ынтымактастык  елдеріне 
қарсы  бірқатар  табысты  «шеңберден  аспайтын»  соғыс  өртін  тұтанды- 
ру.  «Ірку»  саясаты  АҚШ-тың  соғыстан  кейін  КСРО-ға  карсы  кен 
көлемде  насихат  науқанын  бастауынан  көрініс  тапты.  Сонымен  бірге 
экономикалык  кысым  жэне  КСРО  мен  с о ц и а л и с т   ынтымактастык 
елдерінің  шекараларына  жакын  жерде  әскери-саяси  блоктар  мен 
эскери базалардың тармақталған торабын үйымдастырды.
134

Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейінгі  Ш ығыс  елдері.  Соғыс 
жылдарындагы  Азия жэне Африканың барлық елдеріндегі улт-азаттык 
козғалыстар — халыктардың антифашистік  күресімен бірлесе отырып, 
империалистік  елдердің  отарлық  езгісіне  карсы  объективті  түрде 
бағытталды.  Социализмнің  бір  елдің  шеңберінен  пп>ігып,  оның 
дүниежүзілік  жүйеге  айналуы  Шығыс  халыктарынын  ұлт-азаттық 
күресіне  орасан  зор  ықпал  етті.  Империалистермен  ұзакка  созылган 
табан  тірескен  күрестен  кейін  Үндістан,  Индонезия,  Цейлон,  Бирма, 
Қытай,  Египет,  Сирия,  Ливан  жэне  Пәкістан  халықтары  өз  тәуелсіз- 
дігіие  қол  жеткізді.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  кейін  бүкілхалық- 
тық күрес нәтижесінде 25  жыл  ішінде  Азия жэне Африка қүрлығының 
60  мемлекеті  өз  бостандығын  алды.  Дегенмен  бүл  елдердің  алдында 
элі  де  болса  толық  әлеуметтік-экономикалык  даму  үшін  ұзақ  жолғы
гүрес түрды.
КСРО  мен  ҚХР-дыц  қары м -қаты насы .  Кеңес  үкіметі  ҚХР 
кұрылган  алгашкы  күннен  бастап-ақ  барлык  күш-жігерлерімен  кеңес- 
кытай  достығын  нығайтуға  жэне  ынтымақтастықты  өрістетуге
үмтылды.
КСРО  Қытайды  мойындау  және  онымен  дипломатиялық  карым- 
катынас  орнату  туралы  мәлімдеме  жасаған  алгашкы  мемлекет  болды.
1950  жылы  екі  ел  арасында  достык;  одақ және  өзара  көмек  туралы 
шартқа қол
 койылды.  Қытай КСРО-дан техника мен жабдыктар сатып 
алуга  жеқілдік  несие  алды.  Қытайға  мындаган  Кеңес  мамандары 
барды,  Қытай-Шығыс  темір  жолы  жэне  Порт-Артур  әскери  базасы 
Қытайға берілді.  КСРО  ҚХР-дың зауыттарына арнап жабдыктар,  ауыл 
шаруашылығы  машиналарын,  автомобильдер,  темір  жол  материал -
дарын жіберді.  1953  жылы  ҚХР бірінші  бес  жылдык жоспарды жүзеге 
асыруга кірісті.
Осы  жылдары  кеңестік  көмек  бұрынғыдан  да  үлкен  колемге  ие 
болды.  КСРО  ҚХР-ға  169  кәсіпорын  кұрылысын  салуға  комектесті. 
Осылайша  ҚХР-дың  бастапқы  кұрылу  кезеңінде  қытай-кеңес  қарым- 
катынасы  түрактылығымен,  өзара  сенім  көрсетуімен,  достык  қарым-
катынастарымен ерекшеленді.
Жапония  мен  Қытайдағы  жагдай.  Екінші  дүниежүзілік  согыс-
тан  кейін  Жапония  мен  Қытайдағы  жағдай  бір  мэндес  болған  жок.
Жапонияның  жағдайы  АҚШ-тың  жаулап  алу  режімімен  сипатталды.
Согыстан  кейін ел  экономикасы  әбден  әлсіреді.  1946  жылы басқыншы
өкіметтердің  бакылауымен  парламент  сайлауы  өткізілді.  1947  жылы
парламент американ кұкыктанушыларынын белсенді  кеңесі  жағдайын-
да кұрастырылған жаңа Конституцияны  кабылдады.
1949 
жылгы  Қытай  революциясының жеңісіне  байланысты  АҚШ- 
тың  Жапониядагы  саясатынын  максаттары  өзгерді.  Жапония  аймакта 
АҚШ-тың  мүдделерін  корғаган  Американың  одактасына  айналды.  Ол
135

1951  жылы  қол  қойылған  Сан-Франциско  бітім-шартымен  жэне 
Қауіпсіздік пактімен бекітіледі. 
Щ Я
Ал  Қытайда  Коммунистік  партиясы  мен  Гоминьдан  коммунистік 
партиясының  арасында  ұзаққа  созылған  азамат  соғысы  болды.  Бұл 
соғыста  коммунистер  жеңіп  шықты.  КСРО-ның  колдауына  сүйене 
отырып,  коммунистік  күштер  1949  жылы  1  казанда  Қытай  Халық 
Республикасын  жариялады.  Оның  ішкі  жэне  сыртқы  саясаты  КСРО- 
ның  ықпалымен  анықталып,  социалистік  құрылыстың  кеңестік  үлгісі 
қалыптасты.
Ж апонияныц  эконом икалы к  даму  жолдары.  Жапония  АҚІН 
көмегінің  әсерінен  тез  калпына  келтірілді.  50-жылдардың  ортасынан 
жапон  экономикасының  қаркынды  өсу  кезеңі  басталды.  Ертеден 
калыптаскан  өнеркәсіп  салалары,  білікті  жұмысшылар  мен  инженер 
кадрлардың  болуы,  жапондықтардың  еңбек  сүйгіштігі  мен  қатаң 
тэртібі елдің дамуының қайнар көзіне айналды.
Корей (1950-1953 жж.) жэне Въетнамдагы согыстар (1946-1973 жж) 
кезінде
  жапондық  өнеркэсіп  компаниялары  Пентагонның  эскери 
тапсырыстарын  шұғыл  орындауы,  жапон  экономикасыньщ  қаркынды 
орлеуіне  мүмкіндік туғызды.  Мицуи,  Хитачи,  Мицубиси,  Сони,  Ясуда 
компаниялары  жэне  ондаған  баска  өнеркэсіп  жэне  каржы  монополия- 
лары дүниежүзілік стандарттық жаңа тауарларын шығара бастады.
XX  гасырдың  50-70-жылдары  жапондык  компаниялар  гылыми- 
техникалық  дамудың  жетістіктерін  кеңінен  пайдаланып,  баска 
елдердің  жаңалықтарын  өздеріне  тарта  білді.  Өнімнің  сапасына, 
шикізатты,  электр  қуатын,  жүмыс  уакытын  үнемдеуге,  жабдыктарды 
тиімді  пайдаланып,  жаңартуға  басшылар  мен  бағыныштылардың 
арасында  сенімді  қарым-қатынастар  орнатуға  ерекше  мэн  берілді. 
Өндірістің  автоматтандырылған  салаларын  салу  басымдылыкка  ие 
болып,  қаржының көптеп келуіне ерекше мэн берілді.  Үкімет жеңілдік 
несиелер  үсына  алды,  жапон  тауарларының  шетел  нарығына  өтуіне 
көмектесті,  жұмыс  берушілермен  жүмысшьшардың  арасындағы 
арнайы  карама-кайшылыктарды  шешуге  тырысты.  Тарихта  бүл 
«Жапон ғажайыбы» деген атпен калды.

Ш Т А Р А У
ЕКІНШІДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫСТАН КЕШНГІ 
АЗИЯ ЖЭНЕ АФРИКА ЕЛДЕРІ
§  19. Кеңес Одағының дамуы және ыдырауы
Соғыстан 
кейінгі  КСРО-нын  коғамдык-саяси  жагдайы. 
Соғыстан  кейінгі  кезеңнін  басты  міндеті  -   қираған  экономиканы 
калпына келтіру болды.  1946 жылы наурыз айында болып өткен КСРО 
Жоғарғы  кеңесінің  сессиясы  халық  шаруашылығы  дамуының  1946- 
19S0  жылдарға  арналған  төртінші  бесжылдық жоспарының негіздерін 
бекітгі.
Экономиканы  калпына  келтіру  жолдарын  таңдауда,  басшылар 
ауырөнеркәсіптің  бірнеше  базалық  салаларының  басымдылыкпен  да- 
муына сүйенген  индустрияландырудың сталиндік жобасын апды.  8  са- 
гаттык жұмыс  күні,  еңбекшілердің жыл  сайынғы  демалыстары  калпы­
на келтіріліп, міндетті жоспардан тыс жұмыс күні жойылды. Ал  1947 жы­
лы  азык-түлік  пен  өнеркәсіп  тауарларына  енгізілген  карточка  жүйесі 
жойылып,  акша  реформасы  жүргізілді,  тауарлардың  бөлшектеп  сату 
бағасы  төрт  мәрте  төмендетілді.  Соғыста  қаза тапкан  жауынгерлердің 
отбасыларына,  соғыс  мүгедектеріне  Кеңес  үкіметі  әлеуметтік  колдау 
көрсетті.  Қарт  адамдар,  асыраушысынан  айырылғандар  мен  жалғыз 
басты  аналар,  сондай-ак,  уакытша  еңбекке  жарамсыз  адамдар  мемле- 
кетгік жэрдемакы алды.
1948  жылға  карай  өнеркәсіп  өндірісінің  даму  каркыны  согыска 
дейінгі деңгейіне жетті.  1949 жылы Каспий теңізінде тұңғыш рет ашык 
теңізіндегі  мұнай  ұңгымасы  жұмыс  істей  бастады.  Нак  осы  жылы 
КСРО-да  атом  бомбасы  жасалды.  Жалпы  алганда  осы  кезен  ішінде 
ғылыми-техникалык жетістіктерді өндіріскв енгізу -  зымыран-ядролық 
салаларында  зор  табыска  жеткен  қорғаныс  өнеркәсібіне  шоғырланған 
еді.  Согыстан  кейінгі  бесжылдыктардың  небэрі  бір  жылында  6200  ірі 
өнеркәсіп  кзсіпорындары  жэне  көптеген  шаруашылык  мәндегі  баска 
нысандар  калпына  келтіріліп, жаңадан сапынды.  Сонымен катар, елдін 
когамдык-саяси  өмірінде  де  біршама  жагымды,  демократиялық  өзге- 
рістер болды.  Мысалы, төтенше жағдайды  жою,  мемлекеттік  қорғаныс 
комитетін  кыскарту,  барлык  деңгейдегі  кеңестерге  сайлаулар  өткізу. 
Бүкіподактык  Коммунистік  партияны  (большевиктер)  Кеңес  Одагы- 
ның  Коммунистік  партиясы  деп  атын  өзгерткен  партиянын  XIX  съезі.
137

Бұл  И.В.  Сталин қатыскан  партияньщ соңғы  съезі  болды.  1953  жылы 
5  наурызда И.В. Сталин қайтыс болды.
СОКП  ОК-ның  Бірінші  хатшылығына  сайланған  Н.С.  Хрущев 
(1894-1971  жж.)  экономиканың  әлеуметтік  бағытталуымен,  ауыл  ша- 
руашылыгына  жэне  «Б»  тобының  салаларына  капиталдың ұлғаюымен 
байланысты  күрес  жүргізе  бастады.  Елдің  ауыл  шаруашылыгының 
дамуына  ерекше  көңіл  бөлінді.  Сондықтан,  Батыс  Сібір  мен 
Қазақстанда  тың  жэне  тыңайған  жерлерді  игеру  колға  алына  бастады. 
Шығыста  ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  жаңа  аудандары  кұрылды. 
Сондай-ақ,  «Зейнетақы  туралы»  заң,  салықтарды  азайту,  орта  мектеп 
пен  жоғары  оқу  орындарында  оқу  акысын  жою,  ауыл  шаруашылы- 
ғында ең төменгі кепілдендірілген еңбек акыны енгізу, жұмыс аптасын 
қысқарту,  тұрғын  халықтың  тыныс-тіршілігі  деңгейін  артгыруда 
маңызды  қадам  жасалды.  Мектептердің,  техникумдардың,  жоғары  оқу 
орындарының қүрылған желісі ғылым мен  мәдениеттің дамуына,  жаңа 
техникалық  революцияны  жүзеге  асыруға  жағымды  ықпал  етіп, 
ғарышты  игеруді  камтамасыз  етгі.  Нақ  осы  жылдарда  ядролық  және 
зымырандық  әлеует  жасалып,  дүние  жүзінде  алғаш  рет  жасанды  Жер
серіл  қүрастырылды.  Ал одан кейін ғарыш кемесі ұшырылып, таңгыш 
рет ғарышқа адам сапар шекті.
60-жылда рдагы  КСРО.  1964  жылы  Н.С.  Хрущевтің  қызметінен 
оосатылуына байланысты өкімет басына Л.И. Брежнев (1906-1982 жж.) 
баскарған партиялық элитаның консервативтік қанаты кеяді.
Л.И.  Брежнев  (1906-1982  жж.)  Коммунистік  партия  мен  Кеңес 
мемлекепнің,  халықаралық  коммунистік  және  жұмысшы  қозғалы- 
сының  қайраткері.  Ол  Днепродзержинск  қаласындағы  жұмысшы 
металлургтщ отбасында дүниеге келді. Өзінің еңбек жолын  1921  жылы 
оастады. 
1931 
жылдан  бері  СОКП  мүшесі  Курск  егіншілік- 
мелиоративтік  техникумы  (1927  ж.)  мен  Днепродзержинскідегі 
металлургиялык  институтын  (1935  ж.)  бітірді.  1937  жылдан  бастап 
партиялык  жүмыста  істеді.  Соғыс  жылдарында  Қызыл  Армияда  саяси 
жүмыс  аткарды  (Армияның  саяси  бөлімінің  бастығы,  майдан  саяси 
басқармасы  бастыгының  орынбасары).  Соғыстан  кейінгі  кезеқде 
Запорожьенің, 
Молдавияның,  Қазакстанның  партия  ұйымдарын 
баскарды.  Партияның  XIX  съезінде  Орталык  партия  комитетінің 
кұрамына кірді.  Ал  1964 жылдың қазан айынан  1965 сәуір айына дейін
Қазақстан Компартиясы ОК-нің бірінші хатшысы болды
1966  жылдан  бастап  СОКП  ОК-нің  Бас  хатшысы’ кызметіне  та- 
ғаиындалады.  1977 жылдан бастап КСРО жоғарғы  кеңесі Президиумы- 
нын  төрагасы.  1966  жьиіғы  сәуір  айынан  бастап  СОКП  ОК-нің  Саяси 
бюросының  мүшесі,  Кеңес  одағының  маршалы  (1976  ж.),  торт  мэрте

Кенестер  Одағының  батыры,  Социапистік  еңбек  ері,  «Халықтар 
арасында  бейбітшілікті  нығайтқаны  үшін»  халықарапық  Лениндік 
сыйлыктын  лауреаты.  Л.И.  Брежнев  Мәскеудегі  Қызыл  алаңға
жерленген.
Өзінің  кызметінің  бастапқы  кезеңінде  Л.И.  Брежневтің  тобы, 
нарыктық  механизмдерге  сүйенген  радикалды  әрекеттерге  ниет 
білдірді.  Ұжымшылар  мен  кеңшарлардың  карыздарын  жойды,  сатып 
алу багасы жоғарылатылды, мемлекетке өнімдерді жоспардан тыс сату 
үшін  үстеме  баға  белгіленді,  жеке  косалкы  шаруашылыктардың  шек- 
теулерін  алып  тастады,  ұжымшарда  еңбек  етушілер  ай  сайын  жалақы 
ала  бастады.  Өнеркәсіп  саласында  жалпы  өнімдердің  жоспарлы  көр- 
сеткіштері  сатылған  өнімдердің  көлемімен  алмастырылып,  жоспарлы 
көрсеткіштердің  жалпы  саны  кысқарды,  түскен  кірістің  үлкен  үлесін 
бөлу  есебінен  кәсіпорындардың  шаруашылық  есебі  нығайтылды. 
Алайда  аталмыш  үрдістер  60-жылдардың  бірінші  жартысына  карай 
бәсеңдей бастады.
Экономикалык  токырау.  Кецестік  жүйенің  баяу  эволюциясы, 
мемлекеттік  социализмнің  консерваторлығы,  коғам  өмірінен  радикал­
ды  өзгерістерді  шығарып тастау  «токырау»  мәнін  құрады.  70-жылдар- 
дың басына карай консервативтік ағымдар түбегейлі женді.
Әскери-өнеркәсіптік  кешенінің  шамадан  тыс  дамуы  -   х.алык 
шаруашылығының  азаматтык  салаларынъщ  артта  қалуына,  олардын 
техникалык  дамымауына,  дүниежүзілік  нарықта  бэсекеге  кабілетсіз- 
дігіне әкеліп сокты.
Еркін  саудада  күнделікті  тұтыну  бұйымдарының  болмауы  айна- 
лымдагы  сыбайлас  жемкорлыкка,  бағаның  өсуіне  әкеліп  тіреді.  Әрбір 
бесжылдыкта  негізгі  экономикалык  көрсеткіштер  кұлдырап  отырды. 
Тауарлардын  сапасы  томендеп,  іс  жүзінде  тұрғын  үй  жағдайы 
жаксартылмады,  халыкты  азык-түлікпен  қамтамасыз  ету  жылдан- 
жылға  нашарлады.  70-жылдардың  ортасында  дейін  тіршілік  деңгейі 
баяу түрде жоғарылап,  содан кейін жеткілікті  жоғары деңгейде болды. 
Бұл  жагдай  шикізатты  сыртка  шығарумен  жэне  дүниежүзілік  нарыкта 
мұнай мен газға бағаның өсуімен түсіндірілді.
1977 
жылы  жана  Конституция  кабылданып,  одан  1980  жылга 
карай  коммунистік  коғам  кұрудың  утопиялык  идеясы  алынып 
тасталды.  Ресми  идиологияда  «дамыған  социализм»  идеясы  айтылып, 
ол  жаңа  Конституцияға  бекітілді.  Аталмыш  Конституция  СОКП-ның 
басшылык рөлін  зандастырып  берді.  Осы  жылдары  партократия билігі 
күшейтіліп,  мемлекеттік  және  партиялык  аппараттын  түтасу  үдерісі 
же дел түрде жүрді.
139

Кенес  қоғамындағы  тоталитарлы к  жүйе.  «Тоталитаризм»
ұғымы латыннын толык, бүтін деген сөзінен шыкқан, ол саяси сөздікте
тек  XX  гасырдың  ортасында  пайда  болған.  Аталмыш  ұгым  саяси 
жүйені сипаттайды, онда:
-  билік ең жоғарғы шекте орталықтандырылған;
-  бір ғана ресми идеология үстемдік еткен;
-  мемлекет  қоғам  өміріиің  барлық  саласында  толык  бакылауды 
жүзеге асыратын саяси жүйені сипаттайды.
Тоталитарлык  жүйені,  ең  алдымен,  Л.И.  Брежневтің  айналасын-
дағы  адамдар  қалыптастырды.  Олардың  көпшілігі  Л.И.  Брежнев
Украина,  Молдавияның  партия  ұйымдарын  баскарган  кезде  бірге
қызмет істегендер -  И.  Тихонов,  Н.  Щелоков,  К.  Черненко,  М.  Суслов,
С.  Трапезников жэне т.б.  Олар Л.И.  Брежневтің сіңірген еңбегін асыра
мактаумен  болды.  70-жылдары  Л.И.  Брежневті  ұлықтау  науканы 
күшейе түсті.
1965-1972  жылдары  елде  бұл  режіммен  келіспейтін  бейресми 
коғам дық-дисс иденттік 
козғалыс 
рәсімделді. 
Оның  бастауында
А.  Гинзбург,  А.  Сахаров,  В.  Буковский, Л.  Богораз, т.б.  түрды.  Өкімет 
олардың  кызметін  тоқтату  үшін  батыл  шаралар  қабылдады.  70-жыл- 
дары  биліктің  накты  механизмі  партия  —  мемлекеттік  аппараттың 
колына  бұрынгыдан  да  көп  шоғырланды.  Кеңестер  екінші  орынга 
ысырылды.  Кеңестер  мәртебесінің  құлауы  көптеген  косалкы  заң
актілермен ауыстырылып отырған занның беделінің төмендеуіне алып 
келді.
Кецес  әскерлерініц  Ауганстанға  енуі.  Ауган  согысы.  70-жыл- 
дардың  басы на  карай  КСРО  мен  АҚШ  арасында  эскери-стратегиялык 
тепе-теңдік  орнады.  Осы  кезеңде  КСРО-ның  Батыс  Еуропа  елдерімен 
жэне АҚШ-пен өзара жақындасулары болды.
Ауганстанга  кеңес  әскерлерін  енгізу  туралы  Кеңес  Одагының 
шешімі  баска  елдердің  оған  деген  сенімін  жоғалтты.  Бүл  агат  шешім 
халықтан 
күпия, 
Л.И. 
Брежнев 
басқарган 
КСРО-ның 
саяси 
басшылыгының ат төбеліндей адамдармен гана кабылданды.
1978 
жылы  27  сәуірде  Ауганстандагы  көтеріліс  барысында  билік 
басы на  КСРО-ның  қолдауына  сүйенген  үкімет  келіп,  Ауганстан
^  
жарияланды.  Социализмнің 
ешқандай  алгышарты  жасалмаған  елде  «социалистік  кайта  құрулар»
жасау  әрекеті  жаңа  режимге  жаппай  карсыласуды  туғызды.  АДР
басшылыгы  республикага  әскери  көмек  көрсету  жөнінде  КСРО-га
өтініш жасады.  Сонымен  1979 жылы желтоксанда Ауганстан аумағына 
кеңес әскерлері енгізілді.
140

Бастапкыда  Кеңес  эскерлері  Ауғанстан  өкіметі  әскерлеріне  тек 
колдау  көрсетеді,  көрші  елдердің  ішкі  істеріне  араласпайды  деп 
ұйғарылган.  Бірак  үкімет  әскерлері  біртіндеп  өздерінің  ұрыс 
кабілеттіліктерін  жоғалтып,  байыпты  әскери  күш  ретінде  өмір  сүруін 
токгатты.  Соғысты  жүргізудің  негізгі  ауыртпалығы  кеңес  әскерінің 
иығына түсті. Ауған  окиғасы  КСРО-ны  қымбат тұратын қару-жаракты 
жаппай шығаруға экелді.
Ауғанстанға  әскер  енгізу  туралы  КСРО  саяси  басшылығының 
шешімі  дүние жүзінде басқыншылық саясат ретінде  қабылданды.  Б ¥ ¥  
Бас  Ассамблеясының  төтенше  сессиясы  толық  кұрамда  КСРО-ның 
әрекетін  айыптады.  Батыс елдері  Ауган жеріне  әскерлердің енгізілуіяе 
кең  көлемді  экономикалык  жэне  саяси  ықпал  ету  шаралары  бойынша 
(санкциялармен) жауап  берді.  Ислам  әлемінде  Ауған оқиғалары  ислам 
діні ықпалының өсуіне эсер етгі.
1988  жылы  14  сәуірде  ауған  мәселесін  ретгеу  жөніндегі  Женева 
келісіміне  кол  койылды.  1989  жылдың  15  ақпанына  қарай  КСРО-ның 
бүкіл эскери бөлімшелері Ауганстаннан толығымен шыгарылды.
80-жылдары  кеңестік  қоғамда  болған өзгерістер. Л.И.  Брежнев 
қайтыс  болғанымен,  тоқырау  мен  құлдырау  тоқтай  койған  жоқ. 
Жалпыүлттык  дағдарыс  күннен  күнге  пісіп-жетіліп  келе  жатты. 
Л.И.  Брежневтен  кейін  өкімет  басына  келген  Ю.В.  Андроповтың 
(1982-1984  жж.)  оны  тежеу  эрекеттері  әсерлі  бола  қоймады,  ал 
К.У. Черненко кезінде (1984-1985  жж.) бүл үрдістер тіпті жеделдетілді.
80-жылдардың  ортасына  карай  кеңестік  қоғамның  аукымды 
экономикалык, әлеуметтік, саяси дағдарысы пісіп жетілді. Ең алдымен, 
ол  баскарушы  партияның  билік  монополиясын  жогалтуымен  көрініс 
тапты.  Іле-шала  оның  идеологиясы  жалғыз,  дара  әрі  үстемдік
идеология болудан калды.
Қоғамды  анагұрлым  терең  реформалаудың  басталуы  1985  жылы 
наурызда  коммунистік  партияның  жаңа  басшысы  болган  М.С.  Горба­
чевой  есімімен  байланысты.  Бастапкыда  әлеуметтік-экономикалық 
дамуды  жеделдетуге  багыт  алынып,  1987  жылдан  бастап  кайта  кұру 
концепииясы  ұсынылды.  Халык  шаруашылығын  басқару  күрылымын 
өзгерту,  кыска  мерзім  ішінде  экономиканы  көтеруге  кол  жеткізу, 
токырау  күбылыстарын  жеңу,  кеңес  адамдарының  материалдык 
жагдайын 
елеулі 
түрде 
жаксарту 
козделді. 
Біртіндеп 
шағын 
кәсіпорындар, 
акционерлік 
қогамдар, 
бірлескен 
кәсіпорындар, 
коммерциялык  банктер  туралы  заңдар  қабылданып,  коммерциялык
кұрылымдарды дамыту үшін негіз қаланды.
Бір  депутаттык  орынга  бір  ғана  кандидатпен  «коммунистер  мен 
партияда  жоктар»  сайлау  блогы  жойылды.  Сайлау  баламалы  және

бәсекелі 
өтетін 
болды. 
КСРО 
Конституциясынан 
СОКП-ның 
жетекшілік  рөлі  туралы  6-бап  алынып  тасталды,  бірыңгай  СОКП 
жекелеген  функцияларға  бөлініп,  СОКП  жекелеген  фракцияларга 
бөлініп, СОКП қатарынан жаппай шыгу басталды.
80-жылдардың  соңына  қарай  елде  жаңа  элеуметтік  құрылым
қалыптасты.  Экономика  саласында  жеке  меншіктің  жеке  және  аралас 
*
түрлері  пайда  болып,  туып  келе  жаткан  нарыктык  механизмдер 
і
аркылы  мемлекеттік  және  кооперативтік-ұжымшарлык  жеке  меншікті 
қайта болу басталды. 

  чг-■
- < * ' * ' ■ : ]
КСРО  мен  АҚШ-тын  жакындасуы.  80-90  жылдардың  аралы-
гында  КСРО-ның  сырткы  саяси  багытының  өзгеруі  жянягпя  саяси 
ойлаумен  байланысты  болды.  СОКП-ның  XXVII  съезінің  адамзаттың 
омір  сүруі  үшін  ядролық  кару  мен  жаппай  қаруланудың  өлім  кауіп- 
катері,  казіргі  әлемнің  түтастығы  мен  дара  байланыстылыгы, 
әлеуметтік-саяси  сайлау  бостандыгы  туралы  жасаған  қорытындысы, 
оның  калыптасуының  бастапқы  пункті  болып  табылады.  Бұл 
қорытынды  басқа  мемлекеттердің  ісіне  араластырмауды,  қарудың 
кушімен  халыкаралык  мәселелерді  шешуден  бас  тартуды  білдірді. 
Қайта күру мен жаңаша саяси ойлаудың нэтижесінде КСРО мен АҚШ- 
тың арасында карама-карсылықтан  өзара түсіністікке бетбұрыс болды. 
«Қырғи  кабақ  соғыска»  нүкте  койылды.  Б р   озгерістер  басшылардың 
кенес-американ кездесулерін ұйымдастыруда көрініс тапты.
1989-1991  жылдары шығыс еуропалы к елдердің іппсі саяси өмірін-
де күрт өзгерістер болды.  Онда өкімет басына әр түрлі  саяси  көзкарас-
тардың  оппозициялык  күпггері  келді.  Бұл  үрдістер социалистік лагерь 
бірлігінің кұлауы үшін негіз дайындап берді.
М.С.  Горбачевтін  кеңес  қоғамын  қайта  құру  туралы  идея- 
лары ны ң  күйреуі.  М.С.  Горбачев  тобының «жеделдету»  жэне  «кайта 
кұруға»  алған  бағыты,  алдымен,  экономика  саласына,  содан  кейін 
КСРО-ның  саяси  кайта  кұрылымдагы  өзгерістерге  катысты  болды. 
Биліктің ескі  топтық-әкімшілік  жүйесінің сакталуы  кезінде  реформага 
Горбачевтік  әрекет  жасау  сэтсіздікке  ұшырады.  Реформалар  мұқият 
ұйымдастыру  даярлығынсыз  асығыс  турде  өткізілді.  Мысалы,  XIX 
Бүкілодактық  партия  конференциясының  (1988  ж.)  шешімдеріне  сәй- 
кес  билікті  СОКП-дан  Кеңестерге беру  үрдісі  басталды.  Алайда  Кеңес 
қоғамындагы  партияның  ерекше  ролі  ескерілмеді.  СОКП  көптеген 
онжылдыктар  ағымында,  айналасыида  когамдык-саяси  жэне  экономи­
калык өмір  жетілдірілді.  Сондықтан,  СОКП-ның  басшылыктан  шетте- 
тілуі  елде  баскарудан  айырылуға,  коп  партиялык  жүйенің  қалып- 
тасуына,  үлттық  қозғалыстардың  дамуына  әкеліп  соқты.  1990  жылы 
маусымда РКФСР-дің мемлекеттік егемендігі жарияланды. РКФСР-дің
142

тәуелсіздігінің  жариялануы  КСРО-ны  одан  әрі  әлсіретті.  РКФСР-дің 
үлгісін  ала,  Орталықтың  нұсқауынан  кұтылуга  ұмтыла  отырып,  баска 
одактас республикалар өз тәуелсіздігін жариялады.
1991 
жыл  КСРО тарихындағы  бетбұрыс  жылы  болды.  Наразылық 
білдірген  адамдардың  калың  бұқарасы  көшеге  шыкты.  Сансыз 
шерулер өткізген адамдар қайта құру барысына ашык наразылықгарын 
білдіріп, үкіметті және қайта күру көсемі М.С. Горбачевті сынға алды.
СОКП-ның  құлауы  КСРО-ның  ыдырауына  негіз  даярлап  берді. 
КСРО күлап, XX ғ. ең ірі империяның орнына жаңа мемлекеттер пайда 
болды.  Бүл  окиғакы  кейбіреулер  «касірет»  деп  есептеуде,  бірақ  ол
империалистік  менмендік  саясатты  армандағандардың  пиғылын
аныктайды.  Кеңес  Одағындағы  үлттар,  соның  ішінде  үлы  орыс  халқы 
да  бостандық,  еркіндік  өмірде  өмір  сүруді  аңсады.  Сондықтан, 
халыктардың  қолдауы  мен  сенімінен  жүрдай  жағдайға  тап  болған 
КСРО-ның  жойылуын  адамзаттық  прогресс  жолындағы  ірі  жетістігі 
деп сипатгаған акиқат.


1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал