§30. Африкадағы араб елдері
40-жылдардын ортасындағы Мысырдың әлеуметтік-саяси
жағдайы. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Африкадағы араб
елдерінде айтарлыктай озгерістер орын алды. Ең алдымен олардың
халыктары соғыс салдарын басынан кешіріп, әлемдегі жағдайлармен
таныс болды. Әскер қатарында болғандар өз елдеріне кайтып келіп,
саяси омірге арапасты. Солардың катысуымен соғыс бітісімен іле-шала
Алжирде, Тунисте, Мароккода тәуелсіздікке жету талаптары қайта
жанданды. Мысыр халкы шетел эскерлерін елден шыгаруга тырысты.
Бірак отаршылдар бұрынғы үстемдігін сактап калуга барлық күштерін
жұмсады. 1945 жылы мамыр-маусым айларында Алжирдегі француз
экімшілігі шеруге шыккан арабтарды ок астына апып, 40 мындай
адамды кырып салды. Мысырда 1946 жылы халык тыгыз орналаскан
Дельта ауданында, Суэц каналы бойында толкулар мен карулы козга-
221
лыстар басталып, агылшын эскери бөлімшелері мен мәлік полициясы
оларды басып тастады. Сөйтіп, бұл аймакта араб халыктарының ұлт-
азатгық козғалысының жаңа кезеңі басталды.
Мысыр елін билеп келген феодалдық жэне компрадорлык бур
жуазия топтары ағылшындардың сенімді тірегі болған еді. Олар ха-
лықпен санасуды ойламады. Араб феллахтары мен жұмысшыларының
әлеуметтік жағдайы нашарлай түсті. Шетел капиталы 380 акдионерлік
когамға кожалық жасаса, мысырлык капитал тек 20-сын иеленді.
Мысыр ұлттык буржуазиясы оған карсылык білдірді. Саны 1 мил-
лионга жеткен жұмысшылар 1946 жылы каңтарда тұрмысын жаксар-
туды талап еткен ереуілдерге шыккан-ды, оны үкімет күшпен басқан
болатын. Оған карамастан толқулар тоқтамады. Акпанның ортасында
Нукраши үкіметі қызметтен кетіп, оның орнына қатал саясаткер
И. Сидки үкіметі келді. 21 ақпанда елде жаппай ереуілдер ұйымдасты-
рылды. Ірі калаларда Мысыр полициясы мен әскеріне ағылшындар
көмектесіп, оларды басып тастады. Сидки Англиямен келіссөз
жүргізгенімен халык қолдамады. Үкімет ауысып, Нукраши кайта
билікті қолына алып, Англиямен жаңа келіссөздерге кіріскен еді. Одан
ешқандай нәтиже шыкпаған соң, мәселені Б¥Ү Қауіпсіздік Кеңесіне
тапсырган. Ол да бір шешімге келе алмады.
1947-1948 жылдары Мысырдағы толқулар басылмады. Тек
Израильмен соғыс басталғанда олар бәсеңси түскен. Ол согыс 1948
жылы 15 мамырдан 1949 жылы бас кезіне дейін созылып, араб
армиялары жеңіліс тапты. Мәлік өкіметін әшкерелеуге бүкіл когам
катысып, армия арасында «Ерікті офицерлер» ұйымы астыртын
қызметін ұлгайтты. Дағдарыстан шыгу жолын іздеген үкімет 1950
жылы каңтарда парламент сайлауын өткізді. Жеңіске Уафд партиясы
жетіп, оның жетекшісі Наххас кұрған үкімет жүмысшылар жалакысын
біраз кобейтіп, абактыда отыргандарды босатуға үкім шығарган. Соған
карамастан калаларда, махаллаларда ереуілдер тоқтамады. Олар
экономикалык талаптармен бірге агылшындардың үстемдігін жоюды
мақсат етгі. Парламент халык каһарынан корқып, 1951 жылы 15 ка
занда «Орташығыстык командование» тобына кіруден бас тартты жэне
1936 жылгы агылшын-мысыр шартын денонсациялау (мойындамау)
туралы заң кабылдады. Оған коса 1899 жылғы Судан туралы
келісімнен де бас тартып, Суданды Мысырдың бөлінбес кұрамы деп
жариялады.
Бүл шешімдерді колдаған халыққа карсы агылшындар кару
жүмсап, казан айында 500-ге жуык мысырлыктар оққа үшты жэне
жарақаттанды. 1952 жылы каңтарда Каирдегі шетелдік кеңселер,
фирмалар, сауда орталыктары өртелді. Молік II Фарук үкімет басына
222
Әлн Махирді шакырған. Ол ереуілшілврге қарсы әскерлерді айдап
сапу, жазалау, ату әдістеріне көшті.
М ысырдағы 1952 ж ы лғы революция жэне елдін 50-60-жыл-
дардагы дамуы. Елдегі шиеленіс өршіп тұрғанда «Ерікті офицерлер»
армияга сүйеніп, 1952 жылы 23 шілдеде төңкеріс ұйымдастырды.
Шілде айының ыстығында Мысыр «мыктылары» астананы тастап,
Жерорта теңізі жағалауында аунап-қунап жаткан-ды. Ел тағдыры бір
түн ішінде өзгерді. Батыс елдерін күдіктендірмеу үшін «Ерікті
офицерлер» жетекшілері Г.А.Насыр, З.Мұхид-Дін, А.Х.Әмір, А.Сабри,
А.Садат, т.б. үкімет басына Әли Махирді қойып, АҚШ, Англия елші-
ліктеріне хабар береді. Батыс елдері оған жеткілікті мән бермей, бір-
ден басып тастауга ұмтылмады. Үш күн өткен соң мәлік орнынан бас
тартып, тагын жас ұлына беруге келісіп, шетелге (Италияға) көшіп
кетгі.
Бұл шараларды бұкара халык құптап, қуана қарсы алды.
Шынында Фарук II шарапқа, әйелдерге, карта ойынына (бриджге)
құмар болып, елдің өмірімен жөнді айналыспаған-ды.
Тоңкерістен кейін болған езгерістер оны революция дәрежесіне
жеткізді. Ол антиимпериалистік және антифеодалдық сипатта болды.
Саяси полиция таратылып, өкімет орындарын парақорлардан тазарту
шарасы қолга алынды. Мысыр шаруалары армандаған аграрлык
реформалар басталды (1952 жылы 9 қыркүйек). Бұл бүкіл араб
шығысындагы феодалдық қатынастардың негізін шайқалтатын өзгеріс
еді. Әр шаруашылық пайдаланатын жер көлемі 200 фелданнан
аспауын бекітіп (1 феддан - 0,42 га), жалдамалы жерге төленетін ақы
кемітілді. Феллахтар кооперативтері пайда болды.
1953 жылы қаңтарда ескі саяси партиялар таратылып, олардың
мүліктері тәркіленді. Тек Азат ету ұйымына ғана қызмет жүргізуге
ұлықсат берілді. Ағылшындармен Судан мәселесі қарастырылып, ол
елге өз тағдырын өзі шешетін кұкык беру туралы келісім жасалды.
«Ерікті офицерлер» алғашында көпшілікке жақсы таныс генерал
Щ х
Набибті ел баскаруга шакырған. Ол мәлік саясаты на келіспестік
білдіріп, Палестина соғысынан кейін әскери қызметтен кетіп калган
болатын. Алгашкы қадам дары мен револю циялы к талаптарды шектеуді
ойластырган либерал-буржуазия Нагиб төңірегіне топтасып, билікті өз
колдарына алмак болган. Ол топ «мұсылман-бауырлары» мен Уафд
партиясына сүйенген еді. 1954 жылы каңтарда Каирде оларды
жактаушылар жаңа үкімет багытына і^арсы әрекеттер жасады. Сол
жылы казанда Г.А.Насырга кастандык ұйымдастырып, өлтірмек
болганнан кейін «мүсылман-бауырлары» когамы жабылып, оның
мүшелері жауапка тартылды. Ал Нагиб пен Насыр топтары
223
арасындағы тартыс 1954 жылы 18 қарашада Нагибті биліктен кетіріп,
президент орнына Насырды қоюмен аякталды. Сөйтіп, революциялык
өзгерістер жалғасын тапкан еді. 1956 жылы
Гамал Абд эн-Насыр
Мысыр президенті боп сайланды.
1953
жылы ақпанда Мысыр мен АҚШ «техникалык көмек
корсету» туралы келісім жасасты. Нагиб кезінде-ак ағылшын-мысыр
келісімге жетіп (1954 жылы 19 қазан), елде Ұлыбритания әскерлері
шығарыла бастаған. Акырғы эскери тобы Мысырдан 1956 жылы 13
маусымда кетгі. Ол күн елде мейрамға айналып, салтанатты түрде
аталып өтеді. Бұл үлкен жеңіске жету үшін революциялык үкімет
батыл қимылдар жасаған. Сол жылдары ел басшылары ауыл
шаруашылыгын дамыту жолдарын карастырып, Ніл өзенін бұғаулап,
су коймасын жасау жоспары на тоқталды. Тоспа жасап, су коймага
арық суын жинау арқылы жыл бойы дәнді-дақылдарды, мактаны сумен
қамтамасыз ету мүмкін еді. Оған коса ол кұрылыста өте куатты су
электр станциясын салу да ойластырьшған.
Асуан тоспасы алып құрылыс еді. Оған пайдаланылатын бетон
мен күм-тастар 30 Хеопс пирамидасына жетерліктей болған. Қаржы
шығыны 1,3 млрд долларга тең еді. Ондай күрылысты жүзеге асыруға
Мысырдын шамасы болмагандыктан, шетелдерден көмек сұрады.
Батыс елдері әуелі бұл жоспарды колдап, каржы, техника, инженерлер
беріп, кұрылыс жобасын жасауды өз мойындарына алуға келіскен еді.
Бірак 1955-1956 жылдар арасында одан айнып, комек корсетуден бас
тарткан. Себебі Мысыр жагы армиясын каруландыру мақсатымен
АҚШ-тан, Англиядан, Франциядан кару-жарак сатуды өтінген. Батыс
мемлекетгері оган келіспеді. Мысырға жеткізілген кару Израильге
кауіп төндіруі мүмкін еді жэне сол кезде көтеріліске шыккан Алжир
күрескерлерінің қолына тиюі де ыктимал еді. 1955 жылы сәуірде
Индонезиянын Бандунг каласында Азия жэне Африка тәуелсіз мемле-
кеттерінің жетекшілері жиналып, дүниежүзілік мәселелерін карастыра-
ды. Сол жиында Мысыр мен Қытай басшылары кездесіп, Чжоу Эньлай
Насырға каруды Кеңес Одагы беруге дайын екенін хабарлайды.
Соған орай келіссоздер басталып, 1955 жылы кыркүйекте Мысыр-
Чехословакия, Мысыр-Герман Демократиялык Республикасы арала-
рында келісімдерге кол койылған. Екі социалистік елдер Мысырға
кару сатып, өздері одан макта сатып алуга келіседі.
Бұл сауда келісімдері деп аталганымен, оның саяси мәнін Батыс
елдері бірден түсініп, Мысырды одан бас тарткызу үшін кыспакка ала
бастады. Насыр үкіметі апган беттен кайтпайды. Сонда АҚІІІ, Англия,
халыкаралык каржы ұйымдары мен банктер Асуан тоспасын салуға
комек бермеу туралы шешім шыгарады. Жагдайдың осындай
224
болатынын болжаған Мысыр басшылары алдын ала оньщ да жауабын
дайындап қойған болатын. 19S6 жылы 26 шілдеде Суэц каналыньщ
компаьиясы мемлекет меншігіне айналдырылды.
Суэц каналы 1869 жылы салынган. Оны баскаратын компанияньщ
көпшілік акцияларын Мысыр билеушілері иеленді. Кейін карызға
батып, акциялары шетел капиталистеріне өтіп кеткендіктен, ел негізгі
байлық көзінің бірінен айырылады. 1950 жылы каналдан 60 млн фунт
стерлинг пайда түссе, оның тек 1 млн ф. ст. Мысырға тиіп, калганы
агылшын-француз-бельгиялық акционерлер калтасына кеткен. Міне,
сол каналды Мысыр үкіметі елге кайтарган еді. Батыс елдері аласүрып,
компанияны иелеріне кайтару үшін эрекеттенді, карулы күш-терін
шоғырландырды. Аймақтағы жагдай катты шиеленісті. Неше түрлі
жоспарлар карастырылган халыкаралык конференциялар да шакырыл-
ды. Мысыр қимылы социалистік едцерден және көптеген жас мемле-
кеттерден қолдау тапты.
Отаршылдар Мысырды да, баскаларды да қорқытып қою үшін
эскери шабуылга шықты. 30 казанда Израиль армиясы Синай түбегіне
еніп, канал бойына жетті. Батыс елдерінің кемелеріне кауіп төнді, олар
Мысырдың жэне Израильдін карулы күштері 16 км жерге дейін
шегінсін деген ұсыныс жасады. Оны Мысыр кабылдамады. Енді
Мысырға карсы согысты Англия мен Франция жүргізіп, үштік
агрессия осылай басталды.
Мысыр халкы мен үкіметі батылдық білдіріп, жауга тойтарыс
берді. Әлем жұрты отаршылдарды әшкереледі. Кеңес Одагы тіпті
соғыска қатысуга дейін баратынын мәлімдеді. АҚШ үкіметі де одак-
тастарының эрекетін коштамады. Мае кара болган үш ел 1956 жылы
7 карашада согысты токтатып, Мысыр жерінен эскерлерін алып кетуге
мәжбүр болды.
Шабуыл жэне онын нәтижесі бұрынгы отаршыл елдердің мәнін
эбден төмендетіп жіберді. Енді олардын орнын АҚШ иелене бастады.
Араб шыгысындагы үлт-азаттык козгалыс одан әрі өршіп, Африканың
солтүстігіндегі және тропикалык аймактарындағы халықтардың
бостандыкка жетуіне айтарлықтай көмектесті.
Бүдан кейін Мысыр және Насыр беделі жогарылай түсті. Араб
елдерінін бірлігі жэне олардагы антифеодалдык, антиимпериалистік
өзгерістер жедел каркын алды. 1957-1958 жылдары Таяу Шыгыста
бірнеше окигалар орын алып, олар каншама шиеленістік жағдайга
үласса да, арабтардың пайдасына шешілген еді. («Эйзенхауэр доктри-
насы», Ливан мен Ирактың дамуы алдыңгы бөлімде айтылган). Тек
Сирия мен Мысыр бірлесуі он нэтиже бермеді, соган карамастан ол
225
көпшілікке сабак болды: бірігу мәселесін өте ұқыпты ойластыру
кажеттігін көрсетті.
60-жылдардағы Мысырдағы экономикалык өзгерістер. 50-60-
жылдарда бір топ жас елдерде мемлекеттің коғам өміріндегі мәнін
үлғайту ұтымды көрінген. Ол жолды қабылдауға КСРО мен басқа со
ц и а л и с т елдердің жетістіктері, күнделікті насихаттауы және угіттеуі
итермелегені белгілі. Мысыр 1957 жылдың басында елдегі ағылшын-
француз кәсіпорындарын, банктерін, т.б. иеліктерін мемлекет менші-
гіне апған еді. АҚШ, Жапония, Батыс Германия, Канада капиталы
Мысырға келуін токтатгы. Ел дамуын тездету ойымен Мысыр үкіметі
оз буржуазиясы қолындагы жекеменшілік иеліктерді мемлекет менші-
гіне алуға кірісті. 1960-1964 жылдары ірі жэне орта банктер, онеркәсіп
орындары, көлік жүйесі мемлекет карамағына алынды. Жаңа жер
реформасы эр отбасына 100 феддан жер қалдыруды ұйғарды (1969 жы
лы оның көлемі екі есе кеміп, 50 федданга жеткен). Помещиктерге
алған жерлері үшін акы төленбейтін болды.
Саяси-әлеуметтік бағыттағы реформалар жұмысшылар мен фел-
лахтардың тұрмысын жаксартуға жол ашты. Айталық, елде жүмыс
уақыты аптасына 42 сагатпен шектелді, жұмысшыларга жылдык
төлемді демалыс, зейнетақы беру, пәтер жэне емделу шығындары
томендеді, ақысыз оқу енгізілді. Еңбекшілер өкімет органдарына
тартылды, олар парламент пен жергілікті жиналыстардағы орынның
50% камтуы шешілді. 1962 жылы ¥лттық Хартия бекітіліп, елдегі
өзгерістердің со ц и ал и ст бағытқа бет алғанын дэлелдеді. Сол жылы
Араб с о ц и а л и с т одағы (АСО) кұрылып, ол жалгыз бұкаралык саяси
ұйым ретінде қызмет атқаратын болды. Тез арада оның катарына 6 млн
мүше кабылданды. Газет пен журналдар, радио мен теледидар социа
л и с т идеяларды халыкка түсіндіруге кірісті. Әрине бұл арабтык,
исламдык социализм екенін естен шығармау керек. 1964 жылы саяси
тұткындар абактыдан босатылды. Мысырдың жаңа конституциясы
кабылданды (1964 ж).
’
Бұл шараларды КСРО-да жогары бағалады. Ел жагдайы бірак
жөнделмеді. Экономика саласында тоқырау ныгайды. карапайым
халык тұрмысы жаксармады. Асуан тоспасының 1964 жылы бірінші
кезегі аякталып, оның екінші кезеңі басталды. Оның аркасында жаңа
жерлер игеріліп, ондаган мың феллахтар коныстанды. Соған кара-
мастан миллиондаган шаруалар жерсіз, болмаса жері шағын болып
азап шегуден кұтыла алмады. Торешілдік, паракорлык пен жемкорлық
аскынды. Оның салдары 1967 жылы алты күндік соғыста байкалды.
60-жылдардың ортасында шашырап кеткен Палестина арабтары
есін жинап, кұр айгай-шудан ештеңе шыкпайтынына коздері жетіп.
226
коллары на кару алып Израильге карсы күрес жүргізе бастады.
Олардын базалары Израильге көршіпес араб елдерінде орналасты.
Күрескерлер Сирияга, Ливанга, Иорданияга кайтып орал ганда, еврей
әскерлері олардын ізіне түсіп, шекараларды бұзатын, ұшак, танктері-
мен, ол елдердің кенттерін, калаларын кирататын. Сондай қактығыстар
жиілеп, 1966 жылы аягы - 1967 жылы басында аймактагы дагдарыс
күшейе түсті. Мысыр араб елдерін қорғау үшін өз әскерін КСРО-ның
каруымен қаруландырды.
1967 жылы сәуір мен мамырда Мысыр әскерлері Синай түбегіне
шоғырланды. Тиран бұгазынан Израильге жапты, шекарадан 1956 жы
лы бері орналасқан БҮҮ бакылаушылары шығарылды.
1967 жылы 5 маусымда Израиль ұшақтары Жерорта теңізі жактан
Мысырдың аэродромдарын бомбалап, әуе күштерін істен шыгарды.
Синайдагы жарты миплиондай армия шебін еврей танктері бұзып,
Суэц каналына ұмтылды. Алты күн ішінде Мысыр, одан соң
Иордания, Сирия әскерлері түгел талқандалды. Израиль бүкіл Синай
түбегін, Газа ауданын, Сириянын әл-Күнейтра каласы мен Голан
жоталарын, Иорданиядағы Иордан өзенінің батыс жагалауын басып
алды. Мывдаған араб жауынгерлері қолға түсті. Тамақ, күзетке
шығынданбай-ак оларды карусыз, аяк киімсіз, аздаған нан, су беріп,
елдеріне кайтарады. Маусымның 60° ыстығында азап шегіп, кұм
кешіп, Мысыр жауынгерлерінің аман калганы Суэц каналына жетіп, ал
шыдамагандары жол бойында өлген. Жүздеген Кеңес Одагында
жасалган Мысыр танкілері, зеңбіректері, Израильдің колында калды
Абу Насыр бүкіл кінэні өз мойнына алып, басшылықтан кетуге
дайын екенін жариялады. Бірак бүкіл Мысыр шерулерге шығып, оны
колдай-тынын білдірді. Насыр КСРО-ны арка түтып, жаңа армия
кұруга, жаңа реформалар жүргізуге, өкімет орындарын нығайтуга
кірісті. Кеңес эскери мамандары, барлаушылары Мысырда еркін
жүріп, өздеріне жүктеген қызметгерін аткарды. Кептеген ескі
офицерлер жазаланды. Жас жігіттер офицерлік окуларға тартылды.
КСРО-да окыгандар арасында кейін президенттік орынға жеткен
X.
Мубарак
та болды. Жалпы социалистік багыт, мемлекеттік бақылау
Насыр түсында одан әрі күшейе түсті.
Ол 1970 жылы 28 кыркүйекте кайтыс болды. Жаңа Мысыр
президенті Ануар Садат тұсында біртіндеп социалистік багыттан айну
басталды. Конституция жаңартылды, ел
Мысыр Араб Республикасы
(МАР) деп атын өзгертті. Солай болганымен 1973 жылы аягына дейін
түбегейлі өзгерістерге жол берілмеді. 1972 жылы Ливия мен МАР
екеуі косылу туралы келіседі, ол жоба түрінде калганымен, Ливия
227
Мысырга көмектесіп тұрды. Сол жылы 17 шілдеде Мысыр үкіметі
КСРО эскери мамандары мен кеңесшілерін елден шыгара бастады.
1973 жылы 6 казанда Мысыр әскерлері Суэц каналының шыгыс
жагына беттеді. Оларды колдаган Сирия да Израильге карсы соғыс
ашты. Мысырлыктар бұл жолы ерлік корсете білді. Арабтардың алуы
мүмкін емес деп Израиль генералдары мактанатын «Барлев бекінісін»
Мысыр жауынгерлері бұзып-жарып, 20-30 км ал га жылжыды. 22 ка
занда Б ¥ ¥ ҚК қарар кабылдап, соғысты токтатып, келіссөзге кірісуге
шакырды. Оны соғысқа катыскандар кабылдайды. Эйтсе де, 23 казан
түнінде Израиль танктері Суэц-Каир тас жолын басып алып, Мысыр
астанасына карай жылжиды. Мысырга қауіп төнген кезде АҚШ пен
КСРО араласып, 24 казанда согыс өрті өшірілді.
Бұл согыс араб халықтарының рухын көтеріп, олар сергіп калды.
Мұнайга бай араб елдері Израильді колдаган Батыс елдеріне мұнай
сатпауга үкім шыгарып, оның бағасы күрт жогарылап, 10 есе өсті. Бұл
энергетикалық дағдарысқа байланысты бір топ Еуропа елдері,
Жапония Таяу шыгыс жанжалын бейбіт жолмен реттеу кажет екенін
айта бастады.
1973-1974 жылдары АҚШ катысуымен Мысыр-Израиль екі құ-
жатка кол қойып, согыс кақтығы стары н болдьфмау шараларын
белгіледі. Израиль әскерлерін Суэц каналынан 30 км каіпыктыкка алып
кетгі, ал Мысыр әскерлері батыс жагалаудан 10 км шегінді.
Енді көршілес Израильмен бітім жолын іздестіру саясаттың
түйінді мәселесіне айналды. 1977 жылы қарашада Садат көпшілік
күтпеген кадам жасады. Ол Израильге сапар шегіп, парламентте сөз
сөйлеп, екі елді ынтымақтасуга шақырды. Келесі жылы кыркүйекте
Кэмп-Дэвидте АҚШ президенті Дж. Картердің катысуымен Садат
жэне Израильдің премьер-министрі Бегин алгашкы екі келісім
жасасып, бітімді дайындауга уәделесті. 1979 жылы 26 наурызда
Вашингтон каласында аталган үш елдің басшылары Мысыр мен
Израиль арасындагы бітімге кол койды. Содан кейін Мысырга Синай
түбегі толык қайтарылды.
Ал бұл саяси бағытты Мысырдың өзінде, баска араб елдерінде,
сондай-ак КСРО-да жактамагандар болды. Олар Садатты карал ay га
кірісті. Араб мемлекеттерінің Лигасы (АМЛ) Каирден Туниске кошіп,
Мысыр онын катарынан шыгарылды. 1981 жылы кыркүйекте үкімет
катаң шаралар колданып, коп адамдарды қамады. Мұсылман,
коммунистік үйымдар жабылып, мешіттер бақылауга алынды. Елде
наразылык ұлгайып, терроршылдар Садатпен Израильге баргандарга
кастандық жасау әдісіне көшті. Қазан жеңісіне арналган эскери шеру
кезінде А.Садатты исламшылдар атып олтірді (1981 жылы казан).
228
Қазіргі кездегі Мысыр. Мысыр-Қазақстан қатынастары.
Садат кезінде вице-президент болған Хосни Мүбарак 1981 ж. ел
басына келіп, Мысырды билеп отыр. Ол қалыптасқан бағытты
үстағанымен, садаттың бұкара халыққа жағымсыз істерінен бас
тартуда. «Мысыр барлығымызға» деген үранға орай оппозициямен тіл
табысады. Террорды қолдаушылар қатаң жазаланады. 1999 жылы
шетел туристерін оқ астына алгандар да айыпталды. Сайлаулар
мезгілінде өтіп тұратын болды. Парламентге үлттық-демократиялык
партиясы (¥ДП) жэне Уафд партиясы көп орындарға ие болуда.
1987
ж м пдян
бастап араб елдерімен қатынастары ретгелді. Мысыр
AMJl-ға қайта қабылданып, оның штаб-пэтері Каирге көпгірілді.
КСРО-мен (Ресей) байланыстары ұлғайып, Батыс елдерімен сауда-
экономикалық катынастары орнықты. 1998 жылы ішкі жалпы өнім
(ІЖӨ) 253 млрд мысыр фунтына (70 млрд долл) жетіп, онын 70%-ын
жекеменшіктік сектор құрады. Шет елдермен сауда айналымы 18,5
млрд долл. теңеліп, оның 3 млрд долл. экспорт, ал 15,5 млрд долл.
импорт тауарларына жатты. Мысыр елінің дүниежүзілік саудадағы
жағдайын осыдан көруге болады.
Егемен Қазақстан Араб Шығысындағы елдердің арасынан Мысыр
елімен қарым-қатынас жасасып келеді. Екі ел мәдени, ғылыми, эконо
микалык салаларда ынтымақтасуда. Қазакстанда Мысыр банктерінін
филиалдары кызмет істеуде. Алматыда, Астанада, т.б. қалаларда оқу
орындары, мәдениет орталыктары апшлған. Жастарды алмастырып
оқыту, кино, театр, коркемонер салаларында да ынтымактасу қолға
алынды. Саяси байланыстар да дами түскен. Ел президенттері өзара
кездесіп, озекті мәселелерді қарастырып отырады.
Африкадагы баска араб елдері соғыстан кейін тәуелсіздікке жепп,
басынан неше түрлі кезеңдерді откізді. Францияның отарлары болған
Марокко, Тунис 1956 жылы шетел үстемдігінен қүтылды. Марокко
монархиялык мемлекет, оның басында V Мухаммед (1961 жылы
дейін) II Хасан (1961-1999), VI Мухаммед (казір) сұлтандар отырды.
Елдегі толқулар мен ереуілдер 1945, 1948, 1952, 1953-1955 жылдары
қатты өршіп, француздар V Мухаммед бен Юсуфты такган түсіруге
тырысты. Бірак 1955 жылы 5 қарашада оны кайта орнына отыргызуга
мэжбүр болып, келесі жылы 2 наурызда Париж Марокконың тәуелсіз-
дігін мойындайды. Елдегі АҚШ, Франция жэне Испания әскерлері
1961 жэне 1962 жылдары толык шығарылган. 1962 жылы аяғында ел
конституциялык монархия тэртібіне көшеді (Жалпы II Хасан кезінде
үш конституция кабылданғанын ескеру керек).
Мароккода бесжылдык жоспарлар бойынша ұлттык экономиканы
дамыту козделген. Сонда да ірі кэсіпорындары, тау-кен ондірісі шетел
229
капиталы на бағынышты. Ірі феодалдардың қолында жер, мал
шоғырланған.
Марокко Мағриб елдерімен «Араб магрибінің одагын» (АМО,
1989 ж.) кұруға каты скан. Сонын аркасында Батыс Сахара үшін
тартыста Алжирмен бұзылган катынасын реттеп алды. Ол Палестина
арабтарын, кара нәсілді Африка халыктарын колдап келеді. Марокко
АҚШ-пен, Франция, Испаниямен тыгыз байланыс жасасуда.
Тунис халқы 1946,1951,1955 жылдары дүркін-дүркін ереуілдер
мен шерулерге катысып, отар шы л ды қтан құтылу үшін күресін
токтатпады. Сол кезде-ак беделді болган Жаңа дұстүр партиясы оны
басқарып келді. 1956 жылы 20 наурызда Парижде Тунистің тәуелсіз-
дігін мойындау туралы келісімге кол койылады. Сөйтіп 75 жылға
созылған протекторат жүйесі жойылып, 1956 жылы 25 наурызда
Ұлттық кұрылтай жиналысында сайлау болып, жеңісті Жаңа дұстүр
құрастырған Үлттык майдан жеңіп алды. Үкімет басына келген
Хабиб
Бургиба
1957 жылы жазда ақырғы билеушіні тактан түсіріп, Тунисті
республика деп жариялады. Ел президенті болып X. Бургиба сайланды.
Екі жылдан сон республикалык конституция бекітіліп, билік тізгіні
президент қолына берілді. Шет ел капиталына караган темір жолдар,
электр қуатын ендіретін орындар, тау-кен байлыктары мемлекет мен-
шігіне алынды. Жеке меншік жэне шетел капиталына баска салаларда
кызмет аткаруга жагдай тугызды. Батыс елдерімен байланысты болган
байлардың жерлері тэркіленіп, кооперативтер кұрылды. 1958 жылдан
бастап Еуропа азаматтарыныц колындагы жерлерді мемлекет сатып
ала бастады. Сот ісі шаригат жүйесінен кұтылып, өкімет заңдарына
сүйенетін болды. Сыртқы саясатга Тунис араб әлемімен, Батыс
елдерімен катынастарын ныгайтты.
1962 жылы аягында елде үкіметке карсы құпия ұйым эшкере-
леніп, барлык саяси партияларга тыйым салынды. Одан кейін Жаңа
дұстүр Социалистік дүстүр партиясы (СДП) болып атын өзгертіп,
Бургиба бастаган топ оте катаң партиялық-мемлекеттік билік орнатып
алды. Ол да Шыгыстагы ескі феодалдык заманнан келе жаткан
мэңгілік билік үстау дэстүріне багытталган еді. 60-жылдары мемлекет-
тің катысуымен ірі металлургия және мұнай-химиялык комбинаттар,
токыма фабрикалары, машина жасау жэне химия зауыттары іске
косылды. Шет ел түргындарының колындагы жерлер мемлекет
меншігіне алынып, егін шаруашылыгының көп үлесі кооперативтерге
карайтын болды. Бұның бэрі дұстүрлық, болмаса тунистік социализм
деп түсіндірілді.
Оның нэтижесі колайсыз болгандықтан, 1969 жылы бастап өкімет
кәсіпорындарды жекешелендіруге, кооперативтерді таратуга кірісті.
230
Енді еңбек пен капиталдың одақтасуы, ұлтгық бірлік пен қоғамдық
тыныштык идеялары басты орын алды. Бұл жағдайға қарамастан
кұнсыздану, азык-түліктің қымбаттауы, шаруалардың калага карай
жылжуы токгаусыз жүріп жатты. Қоғамдағы наразылык 1978 жылы 28
қаңтарда үлкен толкулар тугызды. Бургиба көппартиялық жүйе
енгізуге келісіп, парламент сайлауы бір топ партияпардың қатысуымен
өтгі (1981 жылы қараша). Бірақ үкімет оны өз пайдасына шешіп,
үлттық жиналыс СДП үстемдігінде қалды.
1983-1984 жж. аралығында Халыкаралык қаржы корыньщ ұйға-
руымен үкімет нанның бағасын екі еседен артық көтеріп, халык
бұкарасы оған қарсы шыкты. 1975 жылы мэңгілік президент болып
жарияланган Бүргиба осы окиғадан кейін қате жібергенін мойындап,
тамак багасыи орныиа түсірді. 1987 жылы 7 карашадагы түнде премьер-
министр З-А.бін Әли конституцияның 57-бабына сүйеніп, Бургибаның
ел баскаруға жарамайтынын хабарлап, билікті оз колы на алады.
Президент З.А. бін Әли жағдайды жөндеуге батыл қадамдар
жасады. СДП Демократиялык конституциялық бірлестік (ДКБ) болып
атын өзгертті. 1986-1996 жылдары ІЖӨ үш есе өсіп, халық түрмысы
едәуір алға басты. Қазір Тунис орташа дамыған елдер қатарына
жатады. Кдзақстанны ң Мысырдағы елшілігінің кызметі Туниске де
тарайды, ал әзірше ол елдің Қазақстанда елшілігі жоқ.
Англия отары болган Судан 1956 жылы тәуелсіздікке жепп,
республика қүрылысы орныкты. Ел өте нашар дамығандардың ката
ры н да, өйткені ондіріс жоктың қасында, ауыл шаруашылыгы да ескі
дәстүрден шыға алмады, ал саяси өмірі тұраксыз. Оңтүстік аймакта-
рының түрғындары — кара нәсілді африкалыкгар ширек гасырдан
астам автономия, тіпті бөліну мэселесін котеріп, азаматтык соғыс
елдің берекесін алды. Елдегі негізгі саяси партиялар - Ұлпық-одақтык
(¥ОП), әл-¥мма, компартия, халықтык-демократиялық (ХДП), Судан
социалистік одагы (ССО), «мүсылман-бауырлары», т.б. бірңеше
майдандар біресе бірлесіп, біресе ажырасып жүрді. Әскери тоітгар
билікті ұстап келеді. Оңтүстіктегі қара нәсілді христиан дініндегілер
арасында Судан халкын азат ету козғалысы (СХАҚ) кызмет аткарады.
Онын карулы күштері бірнеше провинцияларды басып алып, ортапық-
пен жауласуда болган. 2004-2005 жж. келісімге барып, азамат согысы
токтатылган. Бірак, Дарфур аймағында тайпалык тартыстар жайлаган.
Магриб елдерінің ішінде Алжир халкының ұлт-азаттык күресі
ерекше орын алды. Франция бұл отардан айырылмауды мақсат етіп,
онын саяси күштерін кугындаумен шұгылданды. 1946 жылы астыртын
жагдайда кызмет атқарган
Алжир халқының партиясы
(АХП)
басшылыгымен
Демократиялық
бостандықтар
салтанатының
231
қозгапысы
(ДБСҚ) қүрылып, ол бұкара халык арасында беделге ие
болды. Келесі жылы отаршылдарға қарсы шыққандар құпия арнайы
ұйым құрып, ДБСҚ басындағы Мессали Хадж арнайы ұйым жетекшісі
етіп кіші шендегі офицер Ахмед бін Билланы тағайындады.
1950-1951 жылдары Францияның кұпия полициясы ұйымның ізіне
тусіп, оның жетекшілерін қамауға алды. Бірак олардың бір тобы
(А. бін Билла және басқалары) абактыдан қашып шығып, Мысырда
топтасып, ДБСҚ-мен бакгаластық күреске кірісті.
Алжир ұлт-азатты қ революциясы 1954 ж. 1 қарашада басталып,
сегіз жылға жуык созылды. Ол бірден қарулы күрес түрінде жүрді
және бүкілхалыктык сипат алды. Қала тұрғындары, феллахтар отар-
шылдарға қарсы көтеріліске шыкты.
'Щ
1958
жылы күзінде Алжирді азат ету ұлттық майданы (AAEVM)
Алжир республикасын жариялап, оның уақытша үкіметін тағайындады.
Алжирмен соғысу Франция үшін оңайға түспеді. Саяси дағдарыс
шегіне жеткен кезде Франция парламенті ел басына генерал Шарль де
Голльді шақырды (1958 ж.). Ол республика негізін кал ап, қарсылық-
тарға карамастан ААЕ¥М жетекшілерімен келіссөз бастауға кірісті.
Ақыры 1962 жылы ел тагдырын референдум шешіп, 3 шілдеде Алжир
халқы бір адамдай тәуелсіздік үшін дауыс беріп, бостандыкка жетті.
1962
жылы Құрылтай жиналысы
Алжир Халык, Демократиялык,
Республикасын
(АХДР) жариялады. А. бін Билла үкімет басқарды.
1964
жылы 8 кыркүйекте Алжир конституциясы кабылданды. Ел
президенттік республика жүйесіне отіп, бірінші президент болып
А. бін Билла сайланды. Азат ету үлттық майданы (АЕҮМ) жалгыз гана
ресми түрдегі партия болып есептелді.
Дегенмен ауылды жерлерде, калаларда жагдай жонделмеді.
1965 жылы 1 млн адам жұмыссыз болып, коптеген ондіріс орындары
іске қосылмады. Социалистік кұрылысты мадақтаган А. бін Билланың
беделі темендей берді. Ол Мэскеуге жакканымен, оз елінде автори-
тарлыкқа үрынды, басқалардың пікірін тындагысы келмеді. 1965 жылы
19 маусымда эскери басшылар төцкеріс жасап, ел басына
X. Бумедьен
бастаған революциялык кеңес келді.
Жаңа өкімет бұрынгы қателіктерден қүтылуга тырысты. Ішкі және
шетелдік капиталға біраз жеңілдіктер берілді. Енді Батыс елдерімен
жакындасу қолға алынды. Социалистік елдермен де қатынас сақталды.
Х.Бумедьен жоспары бойынша индустрияландыруға коп көніл бөлінді.
Ауыл шаруашылыгын жаңаша дамыту, жұмыссыздыкты қыскарту
шаралары кабылданды. Сонымен бірге 60-жылдар аягында шетел
капиталын бүтіндей ығыстыру күшейе түсті. 1971 жылы ақпанда
мұнай жэне газ өндіріс саласы мемлекет меншігіне алынды.
232
1971
жылы карашада жаңа аграрлык реформалар кабылданып, ел
феодалдык қатынастардын қалдыктарын жоюга кірісті. Қалада тура-
тын жер иеленушілердің жері мемлекетке өтіп, онда кооператив тер
курылды. Ауылдык жерлерге жастар ды жіберу, а гарту жэне денсаулык
ісін жаксарту, т.б. батыл шаралар жүргізілді. Солардыч аркасында
халык турмысы кэдімгідей жөнделіп, ел ішіндегі саяси өмір түрактана
түсті. 1966-1978 жылдары жумыс орны 600 мыңнан 1900 мыңга өсті,
дэрігерлік көмек акысыз болды, кедейлер салык төлеуден босатылды,
еңбекақы көтерілді, жумысшылар мен шаруаларды камсыздандыру ісі
дамыды. Өр ауылдағы, кенттердегі коммуна қукыгы улгайтылды.
1978 жылы желтоксанда Х.Бумедьен кайтыс болып, президент
орнына эскери полковник
Шадли Бінджедид
тағайындалды.
Елдің дамуындагы келесі кезен 1979-1988 жылдарды камтыды.
1982-1983 жж. үкімет жекеменшік иеліктерге жер, жабдыктар, т.б.
сатып алуда жеңілдіктер берді. Кооперативтер таратыла бастаганда
олардын жерлері ауыл шаруашылыгындағы аукатты топтарга берілді.
1986 жылы каңтарда Үлттык партия біраз өзгеріп, оған ултшылдык
және діни тужырымдар енгізілді. А стык жетіспейтін болып, азық-түлік
кымбаттап кетті. Мемлекет каржыландыруы азайғандыктан, өндіріс
орындары жумысын токтатуға, болмаса кыскартуга мәжбүр болды.
Әлеуметгік кайшылыктар өрши түсіп, 1988 жылы 4 казанда Алжир
каласындағы жастар бейбіт шеруге шығып, өкіметке наразылык біл-
дірді. Оган кала кедейлері, жумыссыз калгандар қосылып, дукендерді
тонау, фирмаларды ортеу, үкімет, сот кеңселерін қирату сиякты дерекі
істерге жол берілді.
1990-1992 жылдары Алжирдің шет елдерден алган карызы 24
млрд доллардан 27 млрд долларга өсіп, оның пайызын төлеуге бір ғана
1993 жылы 12 млрд доллар кажет болды. Ол мунай мен газ эксперты
беретін пайданын 75%-на тең еді. Мемлекет секторындагы өндіріс
орындары жекешелендіруге берілді, динар куны екі есе томендеді,
багалар босатылды, экономика салалары шетелдерге ашык болды.
1990-1991 жж. жергілікті жиналыстар мен парламент сайлаулары
отіп, жеңіске Исламдык сактау майданы (ИСМ) жеткен. Бірак, эскери
басшылык оны мойындамады. Елді азаматтык согыс өрті шарпып,
100 мын адамнын жаны киылды. 1996 ж. референдум исламды
мемлекеттік дін, араб тілін - мемлекеттік ресми тіл деп бекітті. 1999 ж.
президент
орнына
келген
А.А.Бүтіфлика
улттык
бірлікті
калыптастыруга шакырып, жагдай біраз жонделе түсті. Ол журт
арасында колдау тауып осы күнге дейін ел басында отыр.
Л ивия елінде согыс аякталганда шетел әскерлері онда орналасып
калды. Онын Киренаика жэне Триполнтания провинциялары агыл-
233
шындарға, ал Феццан француздарға карады. Халык тілегіне мән
бермеген Еуропа елдері 1947 жылы Киренаикадағы билікті Идрис эс-
Сенусиге тапсырды. Феццанда шейх Ахмед Сейф ан-Насыр автоно-
миялы үкімет басына келді. 1947 жылы бейбіт бітімге сәйкес Италия
бұл елден бас тартты. 1951 жылы 31 желтоксанда Ливия тәуелсіздігі
жарияланып, ол федеративті корольдікке айналды.
50-жылдардың екінші жартысында Ливия да мұнай жэне газ
қорлары ашылып, оларды шетел компаниялары игеруге кірісіп, 1961-
1969 жылдар арасында мұнай өндіру 0,6 млн тоннадан 180 млн тоннаға
жетті. Одан түскен табыс 3 млн доллардан 1175 млн долларға өсті.
Ішкі жаппы өнімде мүнайдың үлесі 62%-ға жакындап, ауыл шаруашы-
лығының үлесі 3% болды. Осыған байланысты елдің әлеуметгік
жагдайы тез өзгеріп, халык калалар мен өндіріс орындарына
шогырлана бастады.
1969
жылы 1 қыркүйекте эскери төңкеріс ел басына революция-
лык командование кеңесін (РКК) койды. Ол 12 кіші офицерлерден
тұратын, жетекшісі 29 жастагы капитан
Муамар Қаддафи
болды.
1970 жылы елден агылшын жэне американ эскерлері шыгарылып,
шетел капиталы шектелді. Араб социалистік одагы (АСО) құрылып,
одан баска саяси ұйымдарга жол берілмеді.
1973 жылы мамырда М.Қаддафи реформалар жүргізуде «үшінші
элем революциясы» идеяларын уагыздап, «Жасыл кітабын» басып
шы гарды.
Каддафи саясатына күшейген буржуазия топтары жэне оларды
жактаган эскерилер қарсылык білдірді. Олар ұйымдастырган тоңкеріс
әрекеттері сэтсіздікке үшырады. 1975-1977 жылдары джамахирия
жүйесіндегі органдар калыптасты. Ел аты Социалистік-Халықтык
Ливия Араб Джамахириясы (СХЛАД) боп өзгерді.
Қазіргі кезде Ливия бай елдердің бірі. Мұнай-газ өндірісінен баска
5,5 млн т болат балкытатын комбинат жүмыс істейді, трактор жэне
машина шыгаратын, электр желілерін жасайтын зауыттар іске
косылган. Ауыл шаруашылығында мал өсіру, дәнді дакылдар, көк-
оніс, цитрус жемістері, макта өндіру дамыган.
Африкада орналаскан Мавритания, Джибути, Эритрея Араб
мемлекеттерінің Лигасына мүше елдер. Олар оте нашар дамыган елдер
катарына жатады. Гасырлар тогысында Эритрея-Эфиопия шекара
жанжалы үлкен согыска апарып, оны басура Б ¥ ¥ катысып. екі елді
бітістірді.
2002 жылы жазда күрлықтагы елдер Африка Одагын кұрастыру
туралы шешімге келді. Оган Африкадагы барлык араб елдері катысуга
келісім берді.
234
§31. Тропикалык жэне Оңтүстік Африка елдері
XX ғасырдын 40-жылдардын ортасы 50-жылдардын аягында-
гы кара нәсілді Африканын дамуы жэне ондағы өзгерістер.
Дүниежүзілік соғыста фашистік мемлекеттерді күйретуге Батыс
елдері Африка халыктарының күші мен материалдык корларын
пайдаланды. Олардың бостандығын нығайтуға барлык мүмкіндігін
жұмсаған кара нәсілді Африка өзі сол бұрынғы отарлы қалпыида
калды. Англия, Франция, Португалия, Бельгия бірде-бір елге бостан-
дык беруді ойластырмады. Саяси жагдайында өзгерістер болмаганы-
меи, Африка елдерінің шаруашылығы мен элеуметтік өмірінде
коптеген жаңалыктар болды. Согыстан кейін жеделдете котерілген
Батыс елдері экономикасына қажетті тауарларды отарларынан тасыды.
Сондыкган Африка елдеріне шетел капиталы кұйыла бастады. Англия
Африкадагы отарларына 1870-1936 жылдары 1 млрд ф. стерлинг
шыгарган болатын, ал тек 1945-1955 жылдары онын, көлемі 650 млн ф.
стерлингке жеткен. Франциянын Африкадагы жекеменшіктік капита
лы 1947 жылга дейін 2000 млрд франкке тен болса, ал он жыл откенде
онын колемі 4000 млрд фр. жеткен. Осыган орай Африкада тау-кен
өндірісі, энергетика, колік жүйесі, ауыл шаруашылыгының макта, жүн-
тері, какао, кофе, каучук, жемістер салалары ал га басты. 1955 жылдары
Африкада әлемнін 98% алмазы, 80% кобальті, 56% алтыны, 38%
хромы, 36% марганеці, 27% мысы өндіріліп, согыска дейінгі корсет-
кіпгген 1,5 есе асып түсті. Баска елдер (метрополиялар) 1938 жылы
Африкадан құны 1 млрд долл. жететіндей дүние алып кетсе, 1955
жылы оларга кеткен тауарлардың күны 5,44 млрд долларга көтерілген.
Эйтсе де 50-жылдары отаршылдар Африка елдерінде үлттык
кәсіпкерлерді, білімі бар кара нәсілді азаматтарды кейбір жабық
салапарга, өкімет кызметіне тартуга мэжбүр болды. Феликс Мумие
(Камерун), Джомо Кениата (Кения), Кваме Нкрума (Ғана), Леопольд
Сенгор (Сенегал), Патрис Лумумба (Конго), Эдуард Мондлане
(Мозамбик), Агостиньо Нето (Ангола), Нельсон Мандела (Оңгүстік Достарыңызбен бөлісу: |