§11. Түркия
^
Түрік халқыныц үлт-азаттық күресінін басталуы. Түркия
халқының ұлт-азаттық күресінің алғышарттарының пісіп-жетілуі
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындагы шаруашылық күйзелісімен
тығыз байланысты. Түркияның сүлтандык үкіметі өз халкының камын
ойламай, Германия блогын жақтап, эділетсіз согыска килікті. Солдат
киімін киген түрік жүмысшылары мен шаруалары азаттык күрестің
қозгаушы күштеріне айналды. Германия империалистерінің саяси
жэне экономикалық үстемдігін жақтырмаған халык бұқарасы 1916-
1917 жылдарда майдан шебін тастап, елге кашты. Қашқындар кару-
жарағын ала кетті. Германия саясатына карсылық түрік офнцерлерінің
қатарында да байқапды.
Соғыста жеңілген Түркия жеріне Антанта тобының әскері
енгізіліп, маңызды аймақтарды басып алды. Англия, Франция, Италия
жэне Грекия әскерлері басып алған аймактарында жергілікті халыкка
зорлык-зомбылық корсетті. Англия мен Францияның соғыс кемелері
Босфор мен Дарданелл бұгаздарын, Батые Анадолы аймактарын басып
алды.
Согыстьщ сонында Ресей түтқынында болган 80 мыңнан астам
түрік солдаттары еліне кайтарылды. Олар Ресейдегі озгерістерді әңгі-
мелеп, халык бүқарасының наразылыгын оятты. Антанта оккупант-
тарының зорлық-зомбылыгы, коршілес елдегі (Ресейдегі) революция-
лык озгерістер Түркия халкының наразылыгын күшейте түсіп, елдің
тәуелсіздігі үшін күреске жүмылдырды. ¥лт-азаттық күрес түрік
халкы біртүтас топтаскан аймак — Анадолы түбегінде басталды. Бас-
тапкы кезде бүл козгалыс жеке-жеке уэлаеттердің бостандыгын козде-
ген болса, біраздан соң жалпы үлттык сипаты бар козгалыска үласты.
72
«Құкык корғау үйымдарын» қүру 1918-1923 жылдардагы ұлт-
азатгық козғалыстың басшылығында «Құқык қорғау ұйымдары» атгы
буржуазиялык-патриоттык коғамдар болды. Осы аттас ұйымдар Түр-
киянын көптеген аудандарында кұрылды. 1919 жылдың жазында пат-
риотгык ұйымдардың төрт орталығы байкалды. Бытыраикы ұйымдар-
дың басын косып, жалпы ұлттық ұйым кұру жұмысын 1919 жылы
мамырда Анадолыға келген
генерал Мустафа Кемал паша
өз колына
алды.
Мустафа Кемал паша 1881 жылы Салоника каласында Али Риза-
бей деген ұсак қызметші отбасында дүниеге келеді. Жас кезінен бастап
ay капы шаруа туысының камкорлығында болып, эскери кызметке
кұмартып өседі. 1894 жылдан бастап жас Кемал эскери мамандықка
бейімделе бастады. Эскери училище, эскери лицей, эскери академия
баспалдактары - Кемалдын эскери сатымеи көтерілгеи жолы осылай
болды. Эскери лицейді жэне академияны үздік бағамен аяктайды. 24
жасыида «Генералдық штабтың капитаны» деген тенге жетіп, Сирия
гариизонында оған эскери кызмет жүктеледі. 1905 жылы «Жас
түріктер»
ұйымдарымен
жакындасып,
Сирия
тобындағы
жас
офицерлерді біріктіріп, «Ватан» саяси үйірмесін кұрады.
1911-1913 жылдары М. Кемал Африкадагы жэне Балкан түбегін-
дегі согыстарға катысады. 1916 жылы
генерал шені мен паша
деген
лауазым алады. Ол отаршылдарга карсы азаттык күрестің туын
көтерген Шыгыстагы алгашкы саяси кайраткерлердің бірі болды. 1918-
1923 жылдардагы Түркиядағы ұлт-азаттық күрес оный есімімен
Кемалдын, революция
деп аталды. М.Кемалдын тікелей катысуымен
1919 жылы тамызда жэне қыркүйекте «Құкык қоргау ұйымдарының»
жалпытүркиялык конгрестері өткізілді. Сивас каласында өткен
конгресте 13 адамнан кұрылған уәкілетті өкілдік комитет сайланды.
Оның төрағалык қызметі М. Кемалға жүктелді.
Сұлтан укіметі шетел әскерлерінің көмегімен азаттык козгалысын
басуга кіріскенде, М.Кемал бастаган өкілдік комитет жаңа парламент
шакыру кажеттігін жариялап, бұкара халыкты азатгық күреске
жүмылдырды.
1920
жылы
Анкара капасында ¥лы
халық жиылысы
(жаңа
парламент) шакырылып, Түркияныңтэуелсіздігі мен тұтастыгы жария-
ланды. Ұлы жиылыс елдегі жалгыз ғана
заңдық орган
деп жарияланды.
Мустафа Кемал бастаган жаңа үкімет кұрылды.
1911-1922 жылдардагы Ресей-Түркия келісімдері. М. Кемал
үкіметі 1920 жылгы мамырда Мәскеуге өкілдер жіберіп, келіссөзге
кірісті.
1921 жылы 16 наурызда Кеңес-Түркия достық және өзара
көмек жөніндегі келісімге қол қойылды.
Келісім бүрынғы империялар
арасындағы ескі шарттардың күшін жойып, тату көршілік катынастар
орнатты. Келісімге сәйкес, Кеңестік Ресей үкіметі революцияшыл
Анкара тобына тегін 10 млн сомдык алтын, кару-жарак, ок-дәрі
жеткізетін болды.
-
дЩ
С акария ш айқасы. 1921 наурызда Түркия армиясы Иненю атгы
ауылдың маңайында гректің баскыншы армиясын шегіндіріп, бірінші
жеңіске не болды.
ІЦ
Азаттық жолындағы күресті шешуші шайкасы
1921 жылы 23
тамыз - 13 қыркуйек күндері Сакария
өзенінің бойында болды. 21
күнге созылған кескілескен шайқаста М.Кемал бастаған революциялык
армия ірек баскыншыларын талқандап, қарсы шабуылға шыкты. 1922
жылғы сәтті шабуылдың барысында фектерден Анадолы түбегі толык
тазартылды. Италия мен Франция әскерлері де елден шығарылды. 1922
жылы қарашада Түркияның Ұлы халык жиылысы сұлтан билігін жою
туралы заң қабылдады. Империяның ақырғы сүлтаны V Мехмед елден
куылды.
. г1; ,
Революциялық армияның жеңісі барлык калалар мен ауылдарда
зор куанышпен карсы алынды.
Түркия халқының үлы жеңісі халыкаралык конференцияда бекі-
тілді. 1924 жылы 24 шілде күні Лозанна каласында откен халықаралык
конференция Түркия мен 7 шетел мемлекеттерінің (Англия, Франция,
Грекия, Румыния, Югославия, Жапония) арасындағы бітімді бекітті.
Лозанна келісімі Түркияның аумактык бүтіндігі мен мемлекеттік
тәуелсіздігін мойындады. Шетел мемлекеттерінің саяси жэне экономи
калык артықшылығы жойылды.
.
Шк
¥лт-азатгы қ күрестіц маңызы. 1918-1923 жылдардағы үлт-
азаттық козгалыстың арқа сүйетін күші Анадолы шаруалары болды.
Анадолы шаруалары азаттық күрестің каржылык және материалдык
шығындарын да көтерді. Анадолы үлттық буржуазия топтары кемал-
дық революцияны баскарушы саяси күш болды. Буржуазияның ұсак
жэне орта топтары жалпыұлттык антиимпериалистік революцияның
сәтті өтуіне мүдделі еді.
*
г.у1Я
Ұлттык-демократиялык
сипатта
откен
революция
жаңа
мемлекеттің тәуелсіздігін орныктырып, кираған Осман империясының
орнына республикалык билікті орнатты.
1
Кемал үкіметінін реформалары. Азаттык күресте жеңіп шыккан
Түркия буржуазиясы оз билігін тұрактандыруға бет алды.
1923
жылдьщ сәуір айында
Халықтың республикальщ партия
күрылды. Партияның төрағасы М. Кемал паша парламенттік сайлауда
жеңіп шығып, бүл партия үкіметті баскарушы күшке айналды.
I
74
1923 жылы 29 қазанда Түркия Республикасы жарияпанды.
Республиканың бірінші президента
М
Кемал паіиа болды.
Сакария
женісінен кейін М. Кемалга маршал шені мен «Қазы» деген атақ
берілді. 1923 жылы 13 қазанда мемлекеттің астанасы Анкараға
көшірілді. Діншілдер билігін мұқату үшін 1924 жылы 3 наурызда
халифат жойылып, халиф әулеті елден қуылды.
Бұл кезде М. Кемал елді көп аралап, халықпеи кездесіп, митинг,
жиылыстарда сөз сөйлеп, жаңа конституция жариялау эрекеттеріне
кіріскен еді.
1924 жылы 20 сәуірде Түркия мэжілісі жаңа
Конституциясын жариялады. Конституция демократиялық тәртіпті
бекітті. «Азаматтардың жеке басының еркіндігі, жеке меншік
қауіпсіздігі, сөз, ой-пікір, баспасөз, жиналыс жэне ұждан бостандығы
қоргалады» деп жарияланды.
1924 жылғы конституция республика президентіне билік еркінді-
гін берді. 1920-1930 жылдардагы Кемал үкіметінің реформалары елдің
мәдени және тұрмыс жагдайына үлкен өзгерістер енгізді. 1924 жылы
діни мектептер жабылып, азаматтык мектептер ашылды, шаригаттык
сот орнына азаматтык сот органдары енгізілді. 1926 жылы азаматтык
зан жинағы кабылданды. Бұл заң иегізінде көп әйел алуға, бір адамның
(еркектің) тілегіне сәйкес ажырасуга тыйым салынды. Азаматтык
некелесу тәртібі, әйелдердің еркектермен тең құқыгы жарияланды.
1925 жылы еуропалык киім кию, араб әліпбиінен латын эріптеріне
ауысу (1928 ж.) жүргізілді. Түрік әйелдеріне сайлау кұкыгы беріліп,
оларға мәдени, қогамдык, саяси өмірге қатысуға жағдай жасалды.
1934 жылы мәжіліс фамилия енгізу заңын жариялады. Сол жылы 24
карашада Түркияның Ұлы халық жиылысы М. Кемапга
Ататүрік
(түріктердің атасы) деген фамилия берді.
Экономикалык салада Кемал үкіметі этатизм (мемлекет) саясатын
жактады. Экономика дамуы мемлекет камкорлыгына алынып, мемле-
кег каржыларының көмегімен өнеркәсіп орындары, темір және тас
жолдар, порттар салынды. ¥сак жэне орта жеке меншік кәсіпорын-
дардын дамуына да колдау жасалды. Мемлекеттік саясатты қолдау
ниетімен Орталық Банк, Сумер Банк, Этибанк мемлекеттік банктері
ашылды. 1925 жылгы заң негізінде ашар салыгы (өзіндік салык)
жойылып, түрік шаруалары біркелкі акша салыгын төлейтін болды.
Бұл заң ауылдагы ескі феодалдык саркыншактык әдеттердін сакта-
луына тежеу болып, түрік шаруаларының тауар-акша катынастарына
көшуіне жеңілдік тугызды.
1930 жылдардагы Түркия Республикасынын халы каралы к
беделінін түрактануы. 1930 жылдарда Түркия Республикасынын
экономикалық жағдайының тұрактануына байланысты оның халык
аралык жағдайы да жаксара түсті. Түркия мен КСРО арасындағы
экономикалык катынастардың дамуы арқасында, КСРО берген 8 млн
доллар
несиеге
Кайсері
және
Назилли
калаларында
кеңес
мамандарының көмегімен ірі тоқыма кэсіпорындары салынды. 1932 ж.
Түркия Республикасы Ұлттар Лигасына қабылданды. 1936 ж. Түркия
Республикасынын өтініші бойынша Швейцарияның Монтре қаласында
халықаралык конференциясы шақырылды. Конференцияның шешіміне
сәйкес Босфор жэне Дарданелл бүғаздарын бақылайтын халыкаралык
комиссия таратылып, бүғаздар Түркия Республикасынын иелігіне
қайтарылды. Түркия өз калауы бойынша бүғаздар жағалауына әскери
бекіністер салып, қарулануға еркіндік алды. Конференция бұғаздардын
эскери-соғыс кемелері мен азаматтық кемелердің өту тәртібін бекітті.
Бұғаздарды түгелдей оз иелігіне қайтару Түркия мемлекетінің егемен-
дік деңгейін котеріп, халыкаралык беделін өсірді. 1930 жылдардын
соңында Түркия Республикасы Балкан түбегіндегі елдермен, Иран,
Англия, Франция жэне Германиямен саяси-экономикалык катынас-
тарын жақсартып, өзінің халыкаралык беделін күшейтті.
Екінші дүниежүзілік согыс ж ы лдары ндағы Түркия. 1939 ж.
қыркүйек айында Мэскеуге келген Түрік делегациясы екі ел арасында
озара көмек шартына келісуге дайын екенін білдірді. Гитлерлік
Германиямен жақындасқан сталиндік үкімет Түркия үсынысын
кабылдамады.
Бұл жагдайда Германия елшілігі өзіне пайдалы жагын байкап,
Түркиямен жакындасуға асыкты. 1941 ж. 18 маусымда Түркия мен
Германия арасында достык және өзара жауласпау шартына кол
койылды. 1941 ж. 25 маусымда Түркия үкіметі бейтараптык саясатты
жактайтынын жариялады.
Согыс жылдарында Түркия Германиядан кол үзбей, стратегиялық
шикізаттар жеткізіп, хром, мыс рудаларын беріп отырды. 1943 жылғы
Исмет Иненю Каир қаласында Рузвельт және Черчилльмен кездесіп,
Англия - АҚШ одағымен жақындасудың жолын ашты.
1945 жылы 23 ақпанда Түркия Германияга согыс жариялап,
антигитлерлік одак жағына ауысканын білдірді. 1945 жылы 19
наурызда КСРО үкіметі 1925 жылгы кеңес-түрік бейтараптык келісімді
жойғанын хабарлады. Кеңес үкіметінің бүл асығыс эрекеті коп жылдар
бойы калыптаскан кеңес-түрік достык катынастарының шытынауына
себеп болды.
I I В
шяшшшшш
76
§12.Азиядағы араб елдері
Азия елдерінің бір тобы Азия кұрлығында өмір сүруде. Олардың
катарына Араб түбегіндегі Сауд Арабиясы, Йемен, Оман, Біріккен
Араб Әмірліктері (БАӘ), Қатар, Бахрейн, Кувейт, Таяу Шығыс
аймағындағы Ирак* Сирия, Ливан, Иордания, Палестина жатады.
XX гасырдын бас кезінде аталган елдер тәуелді жағдайда
дамыған. XVI ғасырдың басынан бері Осман Түркиясы үстемдік
жүргізген. Араб Шығысына XIX ғасырдан бері карай батыс еуропалык
елдері тиісіп, біртіндеп өз биліктерін орната түскен еді. XX ғасырдың
басында Аден, Парсы шығанағындағы елдер, сондай-ақ Мысыр
Англия бакылауында болған. Қалған жерлер ресми түрде Түркия
империясының кұрамында саналды. Бірақ ол өзі жартылай отарға
айналғандыктан Сұлтан үкімі сарқыла түскен.
Араб елінің жағдайы әр қалай дамыған. Сирия, Ливан жагалау-
ларында, Багдад, Басра қалаларында колөнер дамыган, шағын кәсіп-
орындар шыккан, сауда қызған. Көптеген аумақтарда ежелгі дэстүрлі
егіншілік пен мал шаруашылығы басымды еді. Діни-феодалды к
негізде өмір сүрген араб қогамы дагдарыска тап болып, сансыз
кайшылыктармен тежелтіп келген. Солардың ішінде шет елдер
капиталының канауы қатты сезіле түскен. Сирия мен Ливанда
агылшын мен француз фирмалары, компаниялары темекі, мақга өсіру,
кілем тоқу, жүн-тері өңдеу салаларында нығайып, шикізаттарды өз
елдеріне алып, араб жерлеріне өңделген тауар экеліп, байи түскен.
Әкімшілік жағынын араб жерлері уэлаяттарға (Басра, Багдад,
Мосул, Хапеб, Дамаск, Бейрут) жэне санжактарга (Ливан, Палестина)
бөлінген.
Аденнен тыс Арабия түбегінің жағалауындагы жерлерде түрік эс
кери болімшелері орналасты. Бірак Парсы шығанагындағы Бахрейнді,
Кувейтп билеген жергілікті шейхтер агылшындармен келісімге келіп,
солардың колына оте бастаган. Қазіргі Ирақ, Басра, Багдад, Мосул
уәлаяттарына карасты еді. Сирия, Ливан, Палестина жерлері Халеб,
Дамаск, Бейрут уэлаяттары мен Ливан жэне Иерусалим санжактарына
бөлінді. Оларды Осман империясының султаны тагайындайтын
пашалар (губернаторлар) жэне санжак бейлер баскарды. Қолдарына
саяси, эскери, сот, каржы саласындагы билікті шогырландырган олар
араб халкымен санасуды, оларды ң хал-ахуалын жөндеуді тіпті
ойластырмады десе де болады. Қатаң тәртіп, салыкты асыра жинау,
көнбегендерді жазалау, сүлтан сарайына табыстың бір бөлігін жіберіп
тұру, міне, негізгі жүктелген міндет осымен шектелді. Сонымен бірге
өздері қол астындагы шенеуніктері жемкорлыкка түсіп, баюга эбден
77
кұнықты. Жергілікті көсемдер, бай жер иеленушілер, ислам, христиан
діндарларының жоғары топ феллахтары колөнершілерді, жартылай
көшпенді болмаса көшпенді бэдуиндерді канап-төстеп келді.
Қазіргі Сауд Арабиясы жерінде бірнеше жергілікті аксүйек
шейхтер ұстаган тайпалар кездесетін. Солтүстік-Шығыс аймагында
XVIII ғасырдан бері Ислам өмірін қарапайымдандыруды, пайғамбар
заманындагы ескі тәртіпті кайта жандандыруды уағыздаган уахаб-
шылар ыкпалы арта түскен. Сол ағымды қолдаған Сауд отбасылары
XX ғасырдан бас кезінде үшінші рет бас көтеріп, өз үстемдігін
орнатуға тырысты.
Жоғарыда аталган Сирия, Ливан, Палестина, Ирак, Йемен, т.б.
жерлерде халык ауыл шаруашылығымен шұгылданды. Қалалардағы
ауыл шаруашылығы тоқтап калды. Сирия мен Ливанда француздардың
капиталы мақта, темекі, жүн, сауда, қаржы салаларына еніп, күшейе
берді. Француздардың «Режи» темекі монополиясы темекіні өсіру,
жинау, сату істерін толык бакылауға алды. Осында өндірілген мақта,
темекі ең алдымен Англияга жіберіліп түрды. Ішкі өндіріске мактаның
У
а
-
іи
ғана қалдырды. Ливан өте көп жібек кұрттарын өсіретін, ал жібек
жіптерді Франция мен Италия сатып алатын. Сауда негізінен Еуропа
елдерімен дамып келді. Шетке шикізаттар мен азык-түлік жіберілетін
Түркияның негізгі аймақтарымен сауда байланыстары барған сайын
кыскартыла түскен. Бұл жағдай Еуропа елдерінің экономикалык
үстемдігінің орныға бастағанын анык көрсеткен еді.
Саяси өмірде де түріктердіц мэні төмендеген. Жас түріктер
козғалысына артқан үміттер орындалмай калды. Сол кезде құрылған
мәдени-қоғамдық ұйымдар: Жас Арабия, Әдебиет клубы, т.б.
кызметіне кейін шек койылды. Араб либералдык помещиктері мен
жаңадан шыға бастаган буржуазия арасында батыс елдері іріткі істер
және үгіт жүргізіп, өз ыкпалдарын күшейтуге тырысты. Арабтарды
түрік үстемдігінен күткарамыз, арабтардьщ басын косып біркелкі
орталыктанған мемлекет құрамыз деген үгітіне сенгендер болды.
Англия, Франция, Ресей елдерінің дипломатиясы Түркияны ыдыратып,
ол үстаган араб жерлерін өз қолдарына түсіруді ойластырған еді. Бірак,
олардың зұлымдык жоспарларын араб жұрты кеш ұқты.
Бірінші дүниежүзілік согыс ж ы лдары ндағы араб елдері. 1914
жылы тамызда басталған дүниежүзілік согыска Түрік империясы
катыспайтынын мэлімдеді. Соған карамастан ағылшындар Мысырды
оган қатыстырған. Елдегі Германияның, Австро-Венфияның мүлікте-
рін, кемелерін жау елдердікі деп есептетті. Суэц каналына агылшын
әскерлері енгізілді.
1914 жылы желтоқсанда Мысырға Англия
протектораты жарияланды. Түріктерге бой бүрып жүрген хедив Аббас
78
Хильмиді
тактан тайдырып, оның орнына отаршылдардың ықпалында
болған Хусейн Кемалды отырғызды. Англия оған «сұлтан» деген атақ
такты. Агылшындардың бас
консулы енді жоғары
комиссар
лауазымын алып, елдің өмірін шешетін күқыкқа жетті. Ол бірден
әскери
жағдай енгізіп, баспасөзді бақылауға алды, ереуілдерге,
шерулерге тыйым салдырды.
Бул
эрекеттерді ескере отырып, Түркия сұлтаны
1914
жылы
к?рячія
пя
Антанта елдеріне қарсы «жихад» соғысын жариялады. Суэц
каналын қайтаруга әскер жіберілген еді, бірак ағылшындар оны
талкандап жіберді. Германияның айтқанына көнген Түркия Ресейге де
қарсы шыкты. Теңіздегі жэне Кавказ аймагындағы шайқастарда түрік
армиясы орыстардан жеңіліп,
1914-1915
жылдары шекарадан
250
шакырымға дейін шегінуге барды. Армян жерлерін қолға түсірген
Ресей патшалыгы жергілікті халықгы туріктерге қарсы айдап салды.
Сол арада басталған армян-түрік кыркысы басқа аймакка тарады.
Бұрыннан бері армян саудагерлері, кәсіпшілері, колөнершілері
Стамбұлда, бүкіл империяның басқа қалаларында өмір сүріп келген
еді. Олардың шіркеулері қызмет атқарып отырған, діни бостандығы
сакталды. XIX ғасырдың басынан бері карай Кавказ аймагындағы,
Балкан түбегіндегі христиандарды түріктерге қарсы тұрғызу Еуропа
елдерінің саясатында үлкен орын алған болатын. Енді ол барынша
жянданды. 1915
жылы қыркыста түріктер де, армяндар да қатты
кансырады. Екі жактан миллионная астам адам кырғынга үшырады,
босқыи болып азап шекті. Сол қайғы-касірет армяндар тарихында
өшпестей із қалдырды.
Батыс елдері арабтарды түріктерге карсы бас көтеруге бағыттады.
Түркия сүлтаны бекіткен әр аймақтағы жергілікті араб билеушілерін,
тайпа көсемдеріне уәде етіп, Англия, Франция, Ресей жағына шығуға
үгіттеді. Сол кезде қасиетті калалар Мекке мен Медина орнапаскан
Хиджаз шерифі Хусейнге караган еді. Англия 1915 жылдың соңында
кұлия шарт жасасып, оган келешекте барлык арабтарды біріктірген
мемлекет күрып беруге ант етті. Ол бәдуиндерді, қала тұргындарыиан,
феллахтардаи жасак кұрастырып, ағылшын қаруымен қаруландырып,
туріктерге карсы соғыс бастады. Хусейинін екі үлы Абдолла және
Фейсал баскарған атты және түйелі әскерлер Палестина, Сирия, казіргі
Ирак аймактарында шайкастарга катысты.
Египеттегі агылшын эскери күштері де Палестина мен Сирия
жеріне еиген. Француз әскерлерімен бірігіп олар түріктерді ығыстыра
түсті. Ағылшындар Парсы шыганагындагы түрік бекіністерін киратып,
Басраға карай жылжыды. Иран жагынан да орыс-агылшын армиялары
кысым жасағаи. Сөйтіп, жаулар түріктерге соккы бере отырып, бүкіл
79
Араб түбегіндегі, Ирақтағы, Палестинадагы, Сириядағы, Ливандагы
султан әкімшілігін жойды. 1916-1917 жылдары Басра, Багдад, Дамаск,
Иерусалим, т.б. калалар Антанта елдері мен арабтар колына өтті.
Хусейн жэне баска араб шонжарлары максаттарына жеткендей болды.
Бірақ, Еуропа елдерінің өз максаттары болтан. Согыс кызып
жатқанда ағылшын жэне француз үкіметтері арабтардың тағдырын
карастыруға барды. Керек болса, олар Ресейді катыстырмай, 1916
жылы мамырда Таяу Шығыстағы араб жерлерін бөлісіп алу туралы
Сайкс-Пико келісіміне қол койды. Біраз уакыт өткенде бұл жоспар
Ресей билеушілерінің кұлагына шалынып, орыс дипломатиясы шетте
калганына
карай
наразылык
білдірген.
Германиямен
Еуропа
аймагындагы болып жатқан шайқастардың негізгі ауыртпалыгын
көтеріп отырғанын алға тартқан Ресейдің тілектерін ескермеу мүмкін
емес еді. Бұл жолы орыс патшалары ғасырлар бойы армандаған
ойларын іске асырмак болып, Қара теңіздің оңтүстік жағалауына,
Стамбүлга, Босфор мен Дарданелл бұғаздарына жармасты. Келешекте
бүкіл Қара теңізді, оның Жерорта теңізге шығатын жолдары мен
дарбазасын Ресей өз қолына алатын болды. Франция жэне Англия
ішінен оған көнгісі келмесе де, тағы да бір кұпия шарт жасасуга барды.
Сөйтіп,
үш
отарлы
империялар
Түркия
империясын
толык
бөлшектеуге даярланды. 1918 жылы қазанда түріктер Сирия мен Ливан
жерінен кетуге мэжбүр болды. Олардың орнына араб, агылшын
эскерлері келе бастады. Кейбір жағалаудағы аудандарда Франция
күштері де орналасты.
;;
Щ
1917
жылы
окигаларга
байланысты
Ресей
Таяу
Шыгыс
мэселелеріне араласуга шамасыз болды. Ендігіде Франция мен Англия
үстемдіктерін орнатуга кірісті. Париж—Версаль конференциясына
арабтарды катыстырмай, олардын тагдырын шешу колга алынды.
Палестина, Сирия жерлерін азат етуге катыскан эмір Фейсал
агылшындардың сенімді адамы болгандықтан, Англия дипломатиясы
конференцияга оны шакырган болатын. Бірак, оның пікірімен санасуга
батыс елдері бармады. Араб елдерін бөлісу 1920 жылы 25 сәуірде Сан-
Ремо келісімі бойынша реттеліп, Франция протектораты Сирия мен
Ливанда, ал Англия протектораты Ирак пен Палестинада орнады.
Арабтын Ш ығысындағы ұлт-азатты қ қозғалыстардын өріс
алуы. Арабтардың алданғаны 1917 жылдың соңында—ақ анықталды,
өйткені Ресейдегі большевиктер үкіметі шығыс халыктарын өз жағына
тарту үшін патшалык Ресейдің империалистік елдермен жасасқан
күпия шарттарын жариялай бастады. Біраз уақыт агылшын-француз
жагы арабтардың көсемдерін конференцияга дейін күте түруға
көндірді. Бірак араб халыктары батыс елдерінің эскери билігіне карсы
80
болды. Олар Париж конференциясының атына дүркін-дүркін батыс
елдерінің қьісымын әшкерелеген жеделхаттар жолдап, тілектерін
білдіріп жатты.
Сирия да, Иракта халык наразылыгына сүйеніп, ұлтшыл күштер
ұйымдасуға кірісті. Отаршылдар бірден эскери тәртіп енгізіп, өз
білгендерін істей бастағаи. Франция үкіметі Сирия мен Ливанға
жогаргы комиссар тағайындап, барлык билікті ұстаткан. Әскери
күштері 1919 жылы 7 мың адам болса, 1920 жылы 70 мыңға
көбейтілді. Уакытша Шығыс Сириянын губернаторы болып Әмір
Фейсал есептелді.
Франция 1920 жылы «үлы Ливан» аталған мемлекетті бөлшектеп,
бүл ауданда өмір сүрген христиан-арабтарының (марониттердің) кө-
семдеріне ерекше камкоршылык жасаған еді. Сирия жерінде отаршыл
дар бірнеше кішігірім мемлекеттер қүрастырған (Халеб, Дамаск,
Джебель-Друз, Латакия). 1925 жылы Халеб пен Дамаскіні косып,
Сирия атты мемлекет күрды. Джебель-Друз, Латакия Ливанмен бірік-
тірілді. Феодалдар мен ірі саудагерлер катысқан кеңестер шакырылып,
солармен акылдаскан француз экімшіліктері эр жерде орналасты.
Бұл әрекеттерге 1919-1920 жылдары кұрылған «араб клубтары»
халыкты қарсы тұрғызды. Таулы аудандарда, калаларда ереуілдер мен
кактыгыстар ұлғайып, елді француздардан күтқару күресі өрістей
түсті. 1919 жылы мамьфда басталган Латакия феллахтарының карулы
күресі үш жылға созылды. Шығыс Сирияда (Дамаск аймағы) көптеген
ұйымдар 1919 жылы маусымда Бүкілсириялық конгресс шашрып,
протекторат жоспарына карсылык білдірді. Қарашада ол карсыласу
күресін бастауға үндеу жариялап, халық жасактарын каруландьфуға
кірісті. Ол кезде Шыгыс Сирияны билеп түрған Фейсал тұраксыздык
саясат ұстап,
біресе Франция
премьер-министрі
Клемансомен
келісімге барып, халыкты күресті токтатуға шакьфып, біресе өзін
Сирия мәлігімін деп жариялады. 1920 жылы көктемде Бүкілсириялык
конгресс Сирия, Ливан, Палестина елдерінің тәуелсіздігін жариялады.
1920
жылы шілдеде француздар Шыгыс Сирияны қолга түсіруге
кірісті. Халык оган карсы тұрды. Юсуф Азм бастаган сириялыктар тау
жолындагы шайкаста батылдык көрсетіп, бірнеше жүздеген адам қаза
болган. Ал Фейсал тобы Дамаскіні коргамай жауга тапсырды. Франция
оны елден куған. Кейін Англия Фейсалды Ирақ тагына отыргызды.
Бұдан кейін Франция Сирия үлтшылдарын қатты жазалауга кірісіп,
кьфыкка таман кайраткерлерді ату жазасына кесті.
Сирияда астыртын жағдайда өз жұмысын «Хизб эл-Истиклэл эл-
араби» (араб тэуелсіздігінің партиясы - АТП) жалғастырып келді. 1920
жылдын күзінде елде шаруалар көтерілістері бұрк етіп, келесі жылы
81
бүкіл шығыс аймағын қамтыды. 1922 жылы сәуірде Дамаск пен баска
қалаларда ереуілдер өтті. Ел ішінде Сирия бірлестігі партиясы (СБП)
кұрылып, араб елдерінің тәуелсіздігін қолдауға шақырды. Батыс елдері
және Үлттар Лигасы ол оймен санаспады. Шахбеңдер, Сұлтан әл-
Атраш бастаған көтерілістерді жою үшін Франция 1922 жылы ондаган
шайқастарға қатысып, 5 мың әскерінен айырылған, ал арабтардыц
шығындары есепке алынбады.
Сонымен бірге отаршылдар бай топтармен және кейбір
саясатшылармен келісім жасауға көңіл бөлді. Олар «Хизб әш-Шаабқа»
(халық партиясы) жол ашқан. Сол кезде жұмысшылар арасында
коммунистік топтар да қалыптаса түсті. 1925 жылы жазда отаршылар
қысымына карсы Сұлтан әл-Атраш бастаган жаңа көтеріліс Джебель -
Друзды камтыды. 4 мың әскері бар генерал Мишо шайқаста жеңіліп
қалды. Губернатор Саррайль келіссөз ұсынып, 20 күндей уақыт үтып
алды. Соны пайдаланып Франция Марокко халқының көтерілісін
басқан армияны Сирияға жеткізіп алды. Сол арада «Хизб эл-Шааб»
Дамаскіде көтеріліс үйымдастыруды шешкен еді. Отаршылдар партия
жетекшілерін қамап, үйымды жапты. Кейбір басшылар (Шахбендер)
друздарға косылып, елде үкімет жариялаган. Француздар хайуандык
істерге жол берді. Жазаланған адам денелері Дамаск көшелері мен
алаңдарында көмусіз сақталды.
1925 жылы 18 казанда Дамаск көтерщді. Оны басу үшін Франция
әскерлері зеңбірек пен ұшақтарды іске косып, Дамаскіні қиратш.
онда бүкіл Сирия мен Ливанды ереуілдер және көтерілістер жайлады.
Париж ғана губернаторды жіберіп, мұсылмандар мен христиандар
арасындағьі қайшылықгарды жандандырды. Губернатор да Жуневель
көтерілісшілерімен келіссөздер бастап, кейбір мәселелерді Сирия мен
Ливан мүддесіне қарай реттеуге келісті: екі елде конституция енгізіпу,
үлттық үкімет қүрастыру, көтеріліске катысқандарға кешірім беру, т.б.
Сирия үлтшылдары оларды азсынып, көтерілістерін жалғастыра
түскен еді. Бірақ кейін отаршылдар жагына ауысып, 1927 жылы елде
тыныштық орнады.
Ағылшындарға тиген Ирақ пен Палестина жерлерінде де
ереуілдер мен қарулы көтерілістер тоқтаусыз жүріп жатты. Оган
катыскан қала тұрғындары, феллахтар, бәдуилер тәуелсіздікті калады.
елге еврейлерді қоныстандыруға
қарсылық білдірді. Англия үкіметі Бальфур мәліметіне орай соғыс
кезінде еврей капиталына сүйеніп, Палестинада еврейлердің көшіп
келуіне кең есік ашты. Шындыкка жүгінсек, ол үрдіс XIX гасырдың
аягынан басталган еді. XIX ғасырдың ортасында Палестинада 10 мың
еврейлер өмір сүрді. 1882 жылы олардың саны 24 мыңға, 1900 жылы -
82
50 мынға, 1914 жылы - 85 мыңга жетті. 1918 жылы еврейлер халыктың
8 %-ын кұрады.
Париж-Версаль, Сан-Ремо келісімдері мен Ұлттар Лигасы
бекіткен протекторат туралы шешім Англия га Палестинадагы билікті
жүктеді және Бальфур декларациясы енгізіліп, Палестина жеріне
еврейлерді коныстандыруды барлык күшпен қолдау тапсырылды. 28
баптан түратын кұжатта «еврей ұлттық ошағын» қамтамасыз ететін
шараларды жүргізу міндеттеліп, арабтар туралы бірде-бір сөз
айтылмайды. Бұл еуропалыктар мен американдыктардың Шығыс
халыктарына деген ниетін ашык көрсеткен куәлік болса керек.
Палестинада британдық үстемдік орнатылысымен жаңа тәртіп
қалыптаса түсті. Ел өмірі тікелей Англия бақылауына өтті. Сауда
байланыстары тек агылшындар жагына бұрылды. 1920 жылы казанда
жерді еркін сату туралы заң бекітіліп, сионистік ұйымдар оны қызу
колдады. Араб помещиктері ақшаға кызығып, қымбатгау төлем
ұсынган еврейлерге жер сатуга келісіп отырды. Аиглияның жоғарғы
комиссары Г. Сэмуэл тегі еврей болғандыктан да, Лондонның саяси
багытын іске асыруға неше түрлі айлакерлік әдістерді пайдаланды. Ол
1920-1925 жылы Палестинаға еврейлерді қаптатты. Еврей қауымына
каржы көмегін аянбады. Оларға ауыл шаруашылык техника,
жабдыктар, лайыкты дэнді-дакылдар тұкымдары жеткізіліп, құдықтар
мен каналдар казылып, шағын электр стансалар мен өндіріс орындары
салынып жатты. Соның арқасында еврей кентгері дами түсті. Жерсіз
күндерін көріп жүрді
Барған
берді. Кедейленген, мүсәпірленген түргындар
1929 жылы ірі
көтеріліске шыкты. Оны күшпен басып тастаған ағылшын үкіметі
тексеру жүргізді. Сонда ресми мэліметгерге Караганда, феллахтардын
30%-ы жерсіз, ал көпшілігі 0,75 га жерді иеленген еді. Жұмыссыздык
салдарынан кала тұрғындары каңгырумен айналысты.
Еврейлердін кагына түсуіне агылшындар біраз тоскауыл жасауды
ойластырған, өйткені араб халыктарының иаразылыгы үлғая берген.
Тек сионистер оган бой бермеді. Лейбористік үкімет 1931 жылы 15
акпанда шегініп, еврейлердің қоныстануы одан эрі күшейді. Оны
мынадан көруге болады: 1920-1929 жылдары Палестинаға 100 мындай
адам келді (1925 жылы 34 мың, 1926 жылы 13 мың адам келсе, оның 7
мыңы кетіп қалды, 1927 жылы кетушілер саны келушілерден 2 мын есе
асты, 1928 жылы келушілер мен кетушілер тепе-тең болды).
Палестинага келген еврейлерге 514 мын дунам жер сатып алынды,
онын 90%-ын калада түратын араб помещиктері сатты. 1927 жылы
83
110 еврей кенттеріне 903 дунам жер болган, ал оны игергендер саны
40 мың адам еді (дунам 0,1 га тен).
Сионистер кәсіпорындарға, егіншілікке ең алдымен еврейлерді
кабылдады жэне оларға төлемақы 1,5-2 есе жоғары белгіленген. Іс
жүзінде «жерді иелену, еңбекті иелену, тілді иелену» деген үш саясат
арабтарға қарсы жүргізілді. Осыдан жердің, еңбектің, тілдің мәнін
ұғуға болады. Әр кентте ашылған мектептерге, Иерусалимдегі иврит
университетіне, Хайфадағы политех ни калы қ институтка тек еврейлер
кабылданды. Тель-Авив қаласы тез қарқынмен көтеріліп, онда 1934
жылы 60 мың еврей орын тепкен. Сионистер неше түрлі саяси-коғам
ұйымдарын кұрып, әскери-барлаушы, террористік топтарға жастарды
тартты. Бұл жерде «сион жұмысшылары» (XX ғасырдың басында құ-
рылды), «еңбек бірлігі» (1919 жылы), «жас жұмысшылар» (1920 жы
лы), «жас қорғаушы», т.б. ұйымдар кызмет атқарып келді. 1930 жылы
Палестина жұмысшылар партиясы «ПЖП — Мапай» кұрылды. Дін-
шиідер партиялары мен ұйымдары қызмет атқарды. В. Жаботинский
бастаған сионистер одағы бүкіл Палестинаны (Трансиорданияны да
косып) игеруді, арабтарды күшпен ығьістырып, тез арада еврей мемле-
кетін жариялауды көздеді. Оның «Иргун цван леуми» атты каруланган
жасактары
зорлық-зомбылық эрекеттерімен шұғылданып келді.
Жүмысшылар арасында «Гистадрут» ұйымы сионистік үгіт жүргізді.
Ал «Хагана» («Қорғаныс») ұйымы әскери дайындық жұмыстарын
басқарып, кейін еврейлердің армиясының негізін қалады. Еврей
қауымын басқаратын саяси органдар құрылды: депутаттар жиналысы,
раввиндар кеңесі. Олардың түрақты атқарушы комитеттері болды.
Палестинага еврейлердің шоғырлануы 30-жылдарда қыза түсті:
1930-1932 жылдары 18 мың, 1933 жылы 30 мыңнан астам, 1934 жылы
42 мың, 1935 жылы 62 мыңга жуық, 1936 жылы 41 мың адам келді.
1933-1935 жылдары олар 172 мың дунам жер сатып алды, 1937 жылы
еврейлер 5, 5 мың кәсіпорындарды иеленді.
Арабия түбегіндегі саяси жагдай өте күрделі дамыды. Оның
жагалауындағы әмірліктер Аден, Хадрамауыт, Масқат, Оман, Қатар,
Бахрейн, Кувейт агылшындарга тәуелді еді. Қалган 5 мемлекет: Хижаз,
Неджд, Джебель-Шаммар, Асир, Йемен өзара кырқысумен болды.
Сауд Арабиясының Нежд билеушісі Абдул әл-Азіз ибн Сауд 20-жыл-
дары Хусейнді жеңіп, Хижазды, Мекке мен Мединаны өзіне қаратты.
1927 жылы ол мәлік аталып, үлкен мемлекетті баскарды.
Араб қауымын ол кезде ірі феодал Мүса Қазым әл-Хусейни
бастаған Араб—Палестина Конгресі (АПК) жэне оның атқарушы
комитеті баскарды. Ол батылдык көрсетпей, агылшындардың аузына
карап келген. 1921-1923 жэне 1927-1928 жылдардагы халык көтеріліс-
84
терін пайдалануға тырысты. 1929 жылы Иерусалимде, Хайфада,
Наблуста карулы көтерілістер бастағанда АПК халыкты тыныштыкка
шакырып, таш да Англия үкіметімен келіссөз жүргізуге барды.
1933
жылы жаппай көтеріліске көптеген араб ұйымдары қатысты.
Оның алгашкы кадамы Яффе каласында 27 казанда басталды. Келесі
күндері баска калаларда қарулы қактығыстар орын алды. Бүл жолы
ашаршылык пен отаршылар орнатқан тілектері батылырақ болған,
соган қарамастан АПК осалдык білдіріп, оны жөнді басқара алмады.
Келесі кезенде оның арасында жікшілдік күшейіп, тайпалык болмаса
таптык топтарға беліне түсті (Хусейни, Нашашиби, т.б.), 1935 жылы
карашада Хайфа жанында Изз әд-Дін әл-Қассам баскарган ірі
көтеріліс болды. Сонда гана араб партиялары бірлесіп Англия
үкіметіне үндеу тапсырган. Англия заң шыгарушы кеңес кұруга уәде
берген, арабтар оны күптаганымен, еврейлер көнбей койды.
1936 жылы сәуірде елдегі жағдай қатты шиеленісті. 173 күнге
созылган жаппай ереуілдер көптеген қалаларда өтті. Шаруалар
каруланып, көтеріліске қатысты. Әмин әл-Хусейни Жогаргы араб
комитетін (ЖАК) кұрып, оны басқаруга ұмтылды. Ол қалалардагы
ереуідцерді колдаган, ал шаруалардың қаруланып ағылшындар мен
еврейлер жасақтарына карсы тұруын жөн көрмеді. Англия амалсыздан
Ирақка, Йеменге, Трансиорданияга, Сауд Арабиясына өтініш жасап,
карулы қозгалысты токгатуын сұрады. Ол елдер «біздің досымыз
агылшын үкіметінің ізгі ниетіне берілу» кажет деп, көтерілісшілерді
келіссөз жүргізуге шакырды. Сол жылы карашада Англия арнайы
тергеу комиссиясын кұрып, елдегі жагдайды қарастыруга кірісті. 1937
жылы шілдеде ол комиссия мандат жүйесі сәтсіздікке ұшыраганын
дәлелдеп, елді екі мемлекетке бөлуді, арабтардың ереуілдерін күшпен
басуды, Палестинаның бір бөлегін агылшындардың үстемдігіне
калдыруды ұсынды. Мүндай зүлымдықты арабтар қабылдамады. Оны
еврей үйымдары да қолдамады, өйткені олар Палестинаны тұтасымен
өздеріне каратуды максат еткен.
Елде карулы қақтыгыстар күннен—күнге өрістей түсті. Англияның
әскери күштері арабтарды жаншуға кірісті. ЖАҚ басшыларын
түткындай бастады. Адам шыгыны көбейді. Кейбір жетекшілер
шетелдерге кашып кетті. Сол кезде Англия «Хагана» ұйымына
суйенген еді, сөйтіп, екі жау бірігіп, жергілікті халыкка карсы шыкты.
Р. Нашашиби тобы да агылшындар жагына өткен. 1939 жылдың
басында 80 мыңга жуык агылшын-еврей-араб жазалаушы эскери
бөлшектері араб көтерілісшілерін түншыктыруга шамасы келді.
1939 жылы ақпанда Лондонда «дөңгелек үстел конференциясы»
шакырылып, оган Мысыр, Йемен, Сауд Арабиясы, Ирақ, Трансиор-
85
дания, Палестинадағы араб жэне еврей ұйымдарының жетекшілері
қатысты. Оның жұмысы нәтиже бермеді. Англия болса сол жылы
мамырда жаңа «Ак кітап» даярлап, Палестинада 10 жыл өткен соң
бірлескен араб - еврей мемлекетін қүру жоспарын алға тарпы . Келесі
5 жылда елге 75 мың еврей келуі қарастырылды. Бұл бағдарламаны
арабтар да, еврейлер де мойындамады.
'
И рақтағы жағдай. Бірінші дүниежүзілік соғыс біткенде қазіргі
жерінде 420 мың ағылшын
біз жау емес, керісіи
III
жаулау емес, азат ету \
келудеміз деген үндеулерін
і. Бірақ, ол жалган сөз екені тез арада айкындалган еді.
Англия жоғары комиссары барлык билікті өз қолына каратып,
алым-салықтар көлемін өсіріп, әскери тәртіп орната бастады.
Ағылшын фирмаларына жаңа жеңілдіктер жасалып, оларга жерлер мен
кэсіпорындар таратылды. Жергілікті шейхтер мен феодалдардың,
III
саудагерлер мен кәсіп
қарастырылып, оларды өз ықпалына
[айларын жөндейтін
Агылшындарға қарсы халық наразылығы 1918 жылы ұлгайып
і жылдан бастап жаппай ереуілдерге ұласты. Оның козғау
күші
Евфрат пен Тигр озендерінің орта аудандарындагы шаруалар еді. Сол
тұрғындары, ұлттык
буржуазиясы, зиялы топтары шетел қанауы м<
тұрды. 1918 жылы наурыз-мамыр айларында «Ислам өркендеу
шықты
сұңқары» атты
Оншыл қанаттағы
Нури Саид, эмір Фейсал әл-Хашими
Джафар Әбу
а н гл и я
қамқорлығын қаоылдаган араб мемлекетш қү-
ті. «Тэуелсіздіктің сұнкары» (Хорас әл-Истнкләл) ұйы-
саудагерлері мен кәсіпшілері, зиялылары мен діншілері
Олар толық тәуелсіздікті жактаган. Ұйым басындагы
әт-Тиман, Юсуф эс Сувейді, Мұхаммед әс-Садыр,
Ахмед Даудтердің «Тәуелсіздікті сыйлық ретінде емес, күшпен алады»
деген ұраны көпшілік арасында тез тарады. Елде 1920 жылы мамыр*
маусымда үлкен көтеріліс басталды. Оны алдын-ала шектеу үшін
17 маусымда агылшын азаматтық комиссары Вильсон Англияга
камкоршыл туралы мандат берілгенін мәлімдеп, оның максаты елді
тэуелсіздікке жеткізу, соган карай елде сайлау жүреді, мемлекет
органдары кұрылады деген. Вильсон үндеуін қабылдаган оңшыл топ
котерілістен бас тартып, ал солшылдар халықты қарулы котерілісті
жалгастыруға шакырды. Жазғы көтеріліске 130 мың қарулы адамдар
катысып, елдің тең жартысы азаттык алды.
86
Не істерін білмеген ағылшын басшылары метрополиядан әскер
алдырып, келіссөзге шақырып ақылдасу, ассамблея шакыру туралы
ұсыныс жасады. Оған арабтар көне қоймады. 1920 жылы тамызда ISO
мың армия жинастырып, отаршылдар Бағдадтағы көтеріліс орта-
лығын басып-жаншуға кірісті. Мыңдаған арабтар қамалып, айдалды.
Бір топ жетекшілер атылды. Бағдадтан жазалаушы әскер бөлшектері
касындағы аудандарға аттанды. Қарулары нашар, бір орталыктан
баскаруы жок шаруалар мен қала тұргындарынан жасақталған
көтерілісшілер қатты қарсылык көрсеткенімен, ағылшындар біртіндеп
алға жылжи берді. 1920 жылы казанда Ирақ Күрдістанындағы ұлт-
азаттык козгалысты басып, Англия үкіметі Джеф, Кербела қалаларын
қолга түсірді. Қарсыласу токталмай тұрганда-ак, Багдадка жаңадан
жогарғы комиссар болып Перси Кокс келді. Ол оңшылдармен
келісімге барып, ұлттык үкімет кұруга кірісті. Бірінші уақытша үкімет
басына Абдрахман әл-Ғайлани тағайындалды (1920 жылы 23 қазан).
Содан кейін көтеріліс басшылары туларын жығып, беріле бастады.
Ақырғы ок атысу кимылдары сол жылы карашаның аягында
токтатылды.
20-30 жылдардагы И рак. Келешекте 1920 жылғы көтерілістей
окигаға тап болмау үшін Англия Ирақта тәуелсіздік нышанында
мемлекет кұрып, оның саяси багытын бақылап отыратын жолдарды
іздестірді.
1921
жылы жаңа мемлекет өз әскерін күруга мүмкіншілік алды.
Агылшын-үнді карулы күштері Ирактан келесі жылы шыгарылды, тек
өте маңызды калалар жанында агылшын авиабазалары сакталган. Ирак
армиясында ағылшын офицерлері жогары орындарды үстап отырды.
Арабтарға сенім болмағандыктан, эскери базаларды ассириялыктардан
жасакталган бөлшектер қоргады.
Көтеріліске қатысканы үшін өлім жазасына кесілгендерге кешірім
жариялап, ағылшындар шетке кеткен азаматтарды Иракка кайтуга
рүқсат берді. Елдің мыкгыларын көндіріп, Фейсалды 1921 жылы 23 та
мызда такка отыргызды. Содан кейін тұрақты үкімет құрастырған. Әл-
Ғайлани оны басқарды. Англия үкіметімен одактас шарт жасалды
(1922 жыл, мамыр). Ирактың шетелдермен байланыстарын бақылауға
алды. Қандай да болмасын мәселелерді Ирак агылшындардың жоғарғы
комиссарымен ақылдасып, шешуге көндірді. Елге шеттен қауіп төне
калган жагдайда Ирак тек Англияның көмегіне сүйенді.
Англия саяси әрекеттері елге тыныштык экелмеді. 1922 жылы
сәуірде және одан кейінгі айларда Багдадта саяси үйымдар тәуелсіздік
тілектерін қайта көтере түсті. Солардын кысымымен үкімет құрамына
87
солшылдар өкип Әбу эт-Тимман енгізілді. Шарт мазмұны белгілі
болғанда қалаларда ереуілдермен шерулер ұйымдастырылып, оларды
басу үшін күш жұмсалды. Соған қарамастан халық өкілдері сарайға
барып, Фейсалдан шартты кабылдамауын талап етті. Соның салдары-
нан Әбу әт-Тимман үкіметтен шығып кетті.
1922 жылы бұрынғы партиялар орнына жаңалары өмірге келді.
Солшылдар Ирақ үлттық партиясын (ИҮП) және Ирақ өркендеу
партиясын (ИӨП) күрды. Бүл екеуі де шартқа қарсы түрды. Ал әл-
Ғайланиді
жақтайтындар
ағылшындарды
колдайтыы
Ирақтың
бостандык партиясына (ИБП) кірді. Сарай төңірегіндегілер де
Англиямен ынтымақтасудан бас тартпай жүрді. Сол жылғы жаздағы
толқулар мен шерулер Ғайлани үкіметін қүлатты. Жағдай тағы да
шиеленісе түсті. Англия бүкіп билікті Жогаргы Комиссариата
жүктеп, көптеген саясаткерлерді түтқындады, саяси партияларға
тыйым салды. Үкіметті қайтадан әл-Ғайлани басқарды. Ол 1922 жылы
10 қазанда жоғарыда айтылған шартқа қол койып, бірақ елде жаппай
ереуілдер жайлап, екі аптадан соң әл-Ғайлани саяси алаңнан кетуге
мәжбүр болды.
Шартты бекітуге жөне тэртіпті нығайтуға оңшылдар мен
ағылшындар қүрылтай жиналысын шакырмак болды. Оған көпшілік
жол бермей, тек 1 жарым жыл өткенде ғана жиналыска сайлау
жүргізілді. Оның кұрамындағылар да шартқа қарсылық білдірді.
Бірнеше үкімет құрастырып, халықтық ереуілдерді басып жатты,
Англия 1924 жылы 10 маусымда шартты бекітіп, қыркүйекте оны
¥лттар Лигасы кабылдады. Сол жылы Ирак конституциясы күшіне
енді, оның 3-бабы негізгі заң қүжаты агылшын-ирақ шартына қарсы
келмейтінін атап керсетті.
Келесі күрделі мәселе - Ирақтың Иранмен, Неждбен (Сауд
Арабиясының негізін қалаған князьдік), Түркиямен, Сириямен,
Трансиорданиямен шекарасын реттеу болды. Бұл жерде мүнайга бай
Мосул уәлаятын Түркиядан Ираққа беру қиынга түсті. Ұлттар
Лигасының Кеңесі ол аймакты Ирақтікі болсын деген шешімді
1925 жылы 16 желтоқсанда шыгарды. Сойтіп, әлемдегі ең ірі мүнай
қорының бірі Агылшын мұнай компаниясына өткен еді. Билеуші
топтары Мосулдың Ирақка отуіне риза болып, Англиямен жасаскан
шарттың күшін бүрынгы жобаланган мерзімге ұзартты (1926 жыл
13 каңтар). Соган қарай агылшын билігі 1950 жылдың соңына дейін
сакталды.
"
'■
™
1927-1929 жылдары Ирак мүнайын игеруге француздардың
«Компани Франсэз дю петр» компаниясы мен АҚП компаниялары
88
катысты. Агылшындар өз компаниясының атын «Ирак петролеум
компани» деп өзгертіп (ИПК), ол елге XX ғасырдың 70-жылдарына
дейін кызмет жасады.
1927 жылы Англия жағы Иракка кағаз жүзінде тәуелсіздік беріп,
мандаттык жүйеден бас тартуға даярлык білдірді. Сол жылы
желтоксанда екі ел жана «Достасу мен одактасу туралы шартка» кол
койып, 1926 жылы шартты біраз өзгертті. Бірақ бұл жолы да
агылшындар үстемдігі бұлжытпай сақталды. Бұкара халық оған карсы
болып, елде ереуілдер жайлады. Үкімет пен парламент таратылып,
1928-1929 жылдары саяси дағдарыс өрши берді. Сол кезде корғаныс
министрі болып жүрген Нури Саид окімет баскаруға котерілді. Ол
барып тұрган айлакер еді. Саид жауларына аяусыз карайтын, агыл-
шындарға берілген, 1929-1930 жылдары ереуілдерді басуга катыскан
Н.Саид 1930 жылы 30 маусымда Англиямен жаңа шарт жасаскан. Ол
25 жыл бойы күшін сақтап, Англияга әскери-саяси тізгінді ұстатқызып
койған кұжат еді. Қарсылык жасагандарды қугын-сүргінге үшыратып,
Н.Саид үкіметі шартты бекіткен (1930 жылы 1 қараша). 1932 жылы
3 казанда ел Үлттар Лигасына кабылданды. Сойтіп, мандат жүйесінің
орнына Ирак тэуелсіздік алды, бірак агылшындар үстемдігі елде
сакталган еді. Кейбір саясаткерлер фашистік елдермен жакындасуды
да көздеді.
Палестина жерін 20-жылдардын басында агылшындар Трансиор
дания әмірлігін кұрған болатын. Онын басына Хиджаз шерифі
Хусейннің екінші үлы Абдолланы отыргызды. Бұл өте нашар дамыган
ел еді. Онын сауда мен ауыл шаруашылығы, саяси өмірі, каржысы,
әскері толыгымен агылшындыктар колына карады.
Араб түбегінде 20-30 жылдар аралығында Йемен жөне Сауд
Арабиясы калыптасты. Бұл екі монархиялық мемлекеттер жэне
уахабизм ағымдары да орныгып, діншілдер мен феодалдар үстемдігі
ныгайды. Олар шет елдермен, соның ішінде Кеңес Одағымен қатынас-
тар орнатуға барған алғашкы араб елдері болды. Сауд Арабиясының
астанасы Эр-Риадка бірінші Кеңес елшісі ретінде Нэзір Төреқұлұлы
жіберілді. Ол көп тілдерді игерген, өте шыншыл және әділетті дип
ломат болды. Өкінішке орай 1937 жылы жазыксыз ұсталып, атылды.
Йемен жэне Сауд Арабиясы тұргындарының хал-ахуалы өте
нашар болды. Тек 30-жылдарда Сауд Арабиясында мұнай көздері
ашылып, оларды АКДІ мұнай компаниялары игеруге кірісті. Кейін
олар бірігіп, «Арабиен-Америка ойл компани» («АРАМКО») деп
аталды. Бірінші рет бұл елдің мұнайы 1939 жылы 1 мамырда шетке
экспортталды. Соғыс жылдарында мұнай өндірілмей қалды.
89
Сөйтіп, 30-жылдары Азияда үш-төрт араб мемлекеттері кұрылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс ж ы лдары ндағы араб елдері. Екінші
дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты Араб елдері соғыс
кимылдарына тартылды. Ливия да италяндықтарды жергілікті тұрғын
халықпен эскери қақтығыстары әлі жүріп жаткан. Бұл ел агылшын-
француздардың Таяу Шығыс пен Африкадагы иеліктеріне державалар-
дың эскерлерін жылжыту үшін табантірек болды. Германияның
Югославия мен Грекияны жаулап алуы, Францияның жеңіліске
ұшырауы фашистік мемлекеттердің көп артыкшылыктарын айқын
көрсетті. Кейбір араб елдерінде германдық топтар ерекше жандана
бастады. Мәселен, Иракгың жоғары тобы 1941 жылы сәуірде әл-
Гайлани өкіметіне үлкен сеиім артгы. Бұған жауап ретінде Англия
Ирақты басып алып, оның үкіметін Германияга қарсы согыс
жариялауға мәжбүр етті. Вишистер Сирия мен Ливанда, Германия
жэне Италия әскерлерінің ориаласуына келісім берді. 1941 жылы
маусым айында Англия осы араб елдерінің аумагын басып алды.
Генерал де Голль басқарған «Шайқасушы Франция» эскери бөлімдері
де келген. 1941 жылы қыркүйек-қазан айларында Сирия мен Ливан
тәуелсіз ел болып жарияланды. 1941 жылы наурызда бүл елдерде
конституция калпына келтіріліп, сайлау ©ткізілді. Ұлттық блоктың
жетекшісі Шукри әл-Қуатли Сирия президенті болды. Ливанда оңшыл
христиандық партия - конституцияшыл партиялары ныгайды.
Достарыңызбен бөлісу: |