И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


кабылан  - дүлей күштің иесі жансың, мен  ары-



Pdf көрінісі
бет78/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

кабылан 
- дүлей күштің иесі жансың, мен 
ары- 
стан 
- одан да асқан күші бар адаммын, т. б.
Ал баяндауыш қызметіндегі сөз 3-жақта жүмсалғанда яғни 
жіктелудің 3-жағында тұрғанда, біріншіден, грамматикалық 
түлға(форма) реті н де арнайы қосымша (жіктік жалғау болмайды, 
бұл - нольдік форма деп аталады, яғни жіктік жалғаудың арнау- 
лы көрсеткіші - тұлғасы болмаса да, 3-жақтық грамматикалық 
мағына бар) болмайды, екіншіден, предикат (баяндауыш)
129


1-2-жақтардағы секілді міндетті түрде адамға байланысты сөз 
болмай, кез келген заттың (адамға байланысты болуы тіпті де 
міндетті емес) ұғымды немесе соның (заттық ұғымның) сандық, 
сан - мөлшерлік, т. б. сипатын білдіретін сөз болып, оның иесі 
субъекті де, яғни ол, 1-2-жақтардағыдай (яғни мен, біз, сен, сіз, 
сендер, сіздер, тек адамға байланысты, өйткені сөйлеу, ой жеткізу, 
пікір айту және соларды тындау, тындату, соған қаратылу тек 
қана адамға қатысты, адамға байланысты сипат) тек адамға 
қатысты ғана емес, кез келген зат атауы, бөгде зат ұғымы болып 
та келеді. Сондықтан да субъектілік — предикаттық қатынаста 
3-жақта жіктелу арқылы қолданылған сөз байланыстарының 
табиғаты ерекше. Өйткені ондай қолданыстағы, яғни баягн- 
дауыш қызметін атқарып, 3-жақ жіктік жалғаудың нольдік 
формасында тұрған сөз әр уақытта 1-2-жақтарда яғни жіктік 
жалғаудың 1-2-жақ грамматикалық көрсеткіштерін жалғап 
жұмсалмайды. Жіктік жалғау белгілі қызметтегі (баяндауыш 
қызметіндегі) сөздердің парадигмалық түрлену жүйесі болса 
да, адамнан басқа заттарға байланысты жоғарыда көрсетілген 
қолданыстардан басқа жағдайларда олардың семантикалық 
(мағыналық) сәйкестігіне қарай 1-2-жақтарда жіктелмейді. 
Бірнеше мысал: Екеуінің де көңіл түбіндегі бір жүбаныш -
Кәлен. Және Қоңырат, Үшсай, Үйреніш - Кәленнің мүнан бұрын 
да талай болған, жалғыз жортқан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет