қасиеті бар екенін білдіретін) өзіне тән грамматикалық қызметі
бар (сөйлемнің баяндауышы) 3-жақ жіктік жалғаудың нольдік
формасы, өйткені бұл - бір тектес грамматикалық (жіктелу я
жіктік) мағынаны білдіретін жүйенің жақтық жағынан бір-
біріне қайшы келетін (мысалы, бірінші мен екінші, бірінші мен
үшінші, екінші мен үшінші жақтары) бір түрі.
Баяндауыш қызметінде түйық етістік қолданылғанда, ол
жіктелу жүйесінен тіпті алшақтап кетеді, өйткені үшінші жақта
тұрған тұйық етістік (мысалы, міндетіміз - жақсы оқу яғни ол -
жақсы оқу сияқты) предикат ретінде белгілі бір шарттылықпен
түсінілсе де, оның (түйық етістік түрінің) предикат қызметінде
бірінші
және
екінші
жақтарда жүмсалуы
мағыналық
(семантикалық), түлғалық (формалық) жағынан да қазақ тілі
нормасына сай емес: мен үйрену-мін, келу-мін, сен үйрену-сің,
келу-сің, т. б. болып айтылмайды. Тұйық етістік сондықтан да
етістік түрлерінің (түлғаларының) ішінде
жіктелмейтін
(бірақ
есімдерше түрленетін, көптелетін, септелетін, тәуелденетін
және мағынасы жағынан қимыл, іс-әрекеттің атын, атауын
білдіретін) ерекше түрі деп аталады. Демек, семантикалық,
грамматикалық сипаты жағынан түйық етістік жіктелмейтін
түлға болса да, баяндауыш қызметінде 3-жақ жіктік жалғаудың
нольдік формасында тұрады. Дәл осындай шарттылық сипат
жатыс септік тұлғасындағы зат есімдер (көмекші есімдер) ба-
яндауыш қызметінде жұмсалғанда да байқалады: жау жоқ
деме, (ол) жар
Достарыңызбен бөлісу: