И қазақ тіл білш інің антологиясы с. Исаев Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар Павлодар 2010


астында,  бөрі жоқ деме, (ол) бөрік  астында



Pdf көрінісі
бет81/99
Дата22.11.2022
өлшемі10,59 Mb.
#51665
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   99
Байланысты:
isaev s kazirgi kazak tilindegi negizgi grammatikalyk ugymda

астында, 
бөрі жоқ деме, (ол) бөрік 
астында 
(Мақал); бас жарылса, (ол) бөрік 
ішінде, 
қол 
сынса, 
(ол) жең 
ішінде 
(Мақал); қызым 
үйде, 
қылығы 
түзде 
(Мақал), т. б. Тіпті 
кейде негізгі ережеге қайшы келетін (әдетте, мысалы, одағай 
сөйлем мүшесі болмайды) бірлі-жарым фактілер, мысалы, 
Уһ - одағай дегенде, уһ - бастауыш болып түр, кездесіп оты- 
руы тілдің жүйелік сипатын жоққа шығармайды. Сөйтіп, баян- 
дауыш қызметіндегі сөз әрдайым жіктеліп жұмсалады, 3-жақта 
арнайы жіктік жалғауының болмауы оның нольдік формасы
133


болып табылады. Әдетте көсемше тұлғалары (-а,-е, -й және 
-ып, -іп, -п) мен бұйрық райдың 3-жағында ғана арнайы жіктік 
жалғауы болады. Тек бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы бо- 
лып келгенде ғана, ол баяндауыш кейбір тиянақсыз формада 
тұрғанда (мысалы, -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, -ғалы, -гелі, -қалы, -келі 
көсемше формалары, есімше формаларына шылаулар мен шы- 
лау сөздер тіркескен немесе жатыс, шығыс септік түрлерінде, 
мысалы, -ған кезде, -ған сайын, -ғанда, -ғаннан бері, т. б.) жіктік 
жалғау жоқ, өйткені ол тұлға үш жаққа да оның жақтық мәні 
бастауыштан ғана көрінеді. Мысалы, мен 
келгенде, 
сен жас 
едің; ол 
келгеннен бері, 
күн ашылмай қойды; мен 
келе алмай, 
сен калып койып жүрме, т. б. алғашқы бағыныңқы сөйлем ба-
и
яндауыштарын жіктеп көреиік:
Мен келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
,
Сен келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
Сіз келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
Ол келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
Біз келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
Сендер келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
Сіздер келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
Олар келгенде, келгеннен бері, келе алмай 
Бұның себебі неде? Кейбір етістік тұлғаларының есімше, 
кесемше, тұйық етістік жіктелмей-ақ (бұл жерде нольдік фор- 
ма емес) баяндауыш қызметін атқара беруі жіктік жалғауы 
баяндауыштық форма деген қағидаға нұқсан келтіре алмайды, 
өйткені бұл сияқты етістіктен болған баяндауыштың жіктелмей 
қолданылуы әдеттегі жағдай емес, атап айтқанда, аяқталмай 
тұрған (сабақтас құрмаластың бағыныңқы) сөйлемде ғана 
кездеседі. Демек, бұл ерекшелік ондай тұлғаның тиянақсыздық, 
бітпегендік сипатпен байланысты бағыныңқы сөйлемде 
болатындығы байқалады. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыш- 
тары етістіктің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет