І бөлім. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы. Тақырып Ұлы ағылшын буржуазиялық төңкерісі



бет12/15
Дата30.11.2022
өлшемі158,33 Kb.
#53955
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Дәрістің жоспары:

  1. Дағдарыстың жеке елдердегі ерекшеліктері.

  2. Ұлыбри­та­ниядағы лейбористік үкіметтің әлеуметтік-экономикалық саясаты. Ұлыбри­та­ниядағы «ұлттық үкіметтіңң реформалары.

  3. Францияның дағдарыс жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. Франциядағы Халықтық майдан үкіметінің әлеуметтік-экономикалық саясаты.

  4. АҚШ: республикандық үкіметтің дағдарысқа қарсы күресу шаралары. АҚШ: Ф.Д.Рузвельттің «жаңа бағыты».

  5. Германияда нацистердің өкімет басына келуі. Нацистік диктатураның әлеуметтік-экономикалық саясаты.

  6. Италиядағы корпоративтік жүйе.



Ұсынылатын әдебиеттері мен деректері:
1. Бланк А.С. Из истории раннего фашизма в Германии. – М., 1978.
2. Галкин А.А. Германский фашизм. – М., 1989.
3. Гинцберг Л.И. Тень фашистской свастики. Как Гитлер пришел к власти. - М., 1967.
4. История новейшего времени стран Европы и Америки / Под ред. Е.Ф.Язь­кова. 1 ч. - М., 1989.
5. Мальков В.Л. «Новый курс» в США. Социальное движение и социальная политика. М., 1973.
6. Мальков В.Л., Наджафов Д.Г. Америка на перепутье 1929-1933 гг. Очерк социально- политической истории «нового курса» в США. М., 1967.
7. Көкебаева Г.К. Халықаралық қатынастар тарихы: Хрес­то­ма­тия. І-бө­лім. – Алматы, 1997.
8. Көкебаева Г.К. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман та­рихы (1918-1945 жж.). – Алматы, 2003.
9. Мәшімбаев С.М. Еуропа және Америка елдерінің қазіргі за­ман тарихы (1918-1945).. – Алматы, 2003.
10. Новейшая история стран Европы и Америки. ХХ век / Под ред. А.М.Родри­ге­са и М.В.Пономарева. 1 ч. – М., 2001.
11. Смирнов В.П. Новейшая история Франции: 1918-75 гг. М., 1979.
12. Хрестоматия по новейшей истории. 1-том. – М., 1960.
13. Язьков Е.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее вре­­мя: Курс лекций. – М., 2001.
14. Чернега В.Б. Буржуазные партии в политической системе Франции: Третья – Пятая республики. - М., 1987.

1929-1933 жж. экономикалық дағдарыс өзінің тереңдігі, ұзақты­ғы, ауыр­лығы жағынан бұрынғы болған дағдарыстардан асып түсті. Банктер мен кәсіпорындар күйреп жатты, жұмыссыздық өсті, барлық әлеумет­тік топтардың жағдайы нашарлады.


Дағдарыс Германияның экономикасына орасан зор зардабын тигізді. 1932 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 1913 жылғы дәрежемен салыстырғанда 46,7 пайызға қысқарды. Жұмыссыздар саны 9 миллионға жуықтады. Шаруалардың, қолөнершілердің, ұсақ меншік иелерінің жағдайы қатты нашарладыҚоғамда түңілушілік, үмітсіздік сезімі тарады, мыңдаған адам өз еркімен өмірден кетіп жатты. Дағдарыс Германияда басқа елдерге қарағанда ерекше ауыр болуының өзіндік себептері бар.
1929 жылдың қазанындағы акциялар құнының күрт төмендеуі американ экономикасының гүлдену дәуірінің аяқтал­ғанын көрсетті. АҚШ тарихында мұндай биржалық күйреу бұрын-соңды болған емес-ті. Дағдарыс АҚШ экономикасын ерекше қатты күйзелтті. Осы жылдары өнеркәсіп өндірісі 46 пайызға қысқарды, ұлттық табыс 2 есеге кеміді. 1929-1933 жж. дағдарыс кезінде халықтың барлық топтары күйзеліске ұшырады. Қызметкерлер, фермерлер, ұсақ және орташа кәсіпкерлер, зиялылар дағдарыстың ауыр зардабын көрді. 1930 жылы жұмыссыздар Вашингтонға, Нью-Йоркке, т. б. ірі қалаларға жорық жасады. Олар әлеуметік қамсыздандыру жүйесін енгізуді, жұмыс тауып беруді және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеуді талап етті. 1932 жылы соғыс ардагерлерінің жорықтары болды.
Дағдарыстың алғашқы белгілері Англияда 1930 жылдың басында пайда болды. 1932 жылы өнеркәсіп өнімі 1929 жылғы дәреженің 82,5 пайызына тең болды. Соның ішінде металургия, көмір өндіру, кеме жасау салалары, ауыл шаруашылығы және сыртқы сауда ерекше күйзеліске ұшырады. Ауыл шаруашылық өнімдерінің бағасы күрт арзандады. Өндірістің қысқаруы салдарынан жұмыссыздық өсті. Көмір, қара металл өндіру және кеме жасау салалларында жұмыссыздардың саны бұдан да артық болды. Макдональд үкіметінің бірінші кезекте назар аударуға тиісті мәселесі жұмыссыздықпен күресу еді. 1930 жылы ақпанда парламент жұмыссыздарға жәрдемақы беру жүйесі кеңейту турал жаңа заң қабылдады. 1931 жылдың көктемінде елдің қаржы қоры күрт азайды. Фунт-стерлингтің құнсыздануынан қауіптенген салымшылар Англияның банктері­нен қаржысын алып, құнын жоғалтпаған валютаға аударуға жанталасты. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы дағдарыс та тереңдей түсті.
Дағдарыс Францияда басқа елдерге қарағанда кешірек, 1930 жылдың аяғында басталды, бірақ ұзаққа созылды. Машина жасау өндірісі 1929 жылғы дәрежесінің 69,6 пайызына, құрал-жабдықтар өндіру 80 пайызына тең болды. Жұмысшылардың жартысына жуығы жұмыссыз қалды. Ереуілдердің жиі болуынан 1931-1934 жж. аралығында кәсіпорындар 6,8 млн.жұмыс күнін жоғалтты. Дағдарыс ауыл шаруашылығында ерекше ауыр көрінді. Дағдарыстан шығу үшін экономиканың құрылымын өзгерту, экономиканы ұйымдастыру және басқару механизмін жаңалау қажет еді. Алайда Пуанкаре саяси қызметтен кеткен соң үкіметтердің жиі ауысуы байсалды экономикалық саясат бағдарламасын жасауға қолайлы бола қойған жоқ. 1932 жылы болған сайлауда социалистер мен радикал-социалистердің одағы жеңіске жетті.
АҚШ президентіГувер әкімшілігі жұмыссыздар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастырды, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алатын мемлекеттік мекеме құрды. Алайда мұндай жеке шаралар елді дағдарыстан шығара алмайтын еді. Гувер әкімшілігі сыртқы рынокты кеңейту мақсаты­мен Латын Америкасы елдеріне назар аударды. 1932 ж. кезекті президенттік сайлаудың қарсаңында сайлаушылардың көкейінде бір ғана мәселе тұрды, ол – елді дағдарыстан шығару, халықты күйзелістен құтқару еді. Демократиялық партия және оның кандидаты Ф.Рузвельт елді дағдарыстан шығарудың бағдарламасын ұсынып, сайлауда жеңіске жетті.
Дағдарыс жылдарында Германияда НСДАП қатары жылдам өсіп, саяси өмірдегі ықпалы күрт күшейді. Дағдарыс кезінде НСДАП жұмыссыздарға жұмыс тауып беруді және жалқыны көтеруді және еңбек шарттарын жақсартуды, шаруаларға арендалық ақы мен қарыздарын жоюды және шаруашылықтарын қалпына келтіруге қаржы беруді, ұсақ саудагерлер мен қолөнершілерге салықты азайтуды уәде етті. Нацистер сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысын жүргізуде бұрын қолданылмаған әдістерді пайдаланды. Дағдарыс жылдарында дәстүрлі демократиялық партиялардың, соның ішінде үкіметтік коалицияға кірген партиялардың беделі түсіп кетті. Оларды елді дағдарыстан шығара алмады деп кіналады. 1932 жылы қарашада болған жаңа сайлауда НСДАП бірінші орынға шықты. Гитлер енді өзіне рейхсканцлер қызметін беруді талап етті. Ақыры 1933 жылы 30-қаңтарда Гитлер Германияның рейхсканцлері болып тағайындалды. Осылайша Германияда фашистер өкімет басына келді.
Демократтар мен Ф.Рузвельт­тің елді дағдарыстан шығару бағдарламасы “жаңа бағыт” деп аталды. Бұл бағдарламаның өзегі – мемлекеттің финансты, экономиканы, әлеуметтік саланы қамтыған жан-жақты, терең жүйелі реформалар жүргізуі. «Жаңа бағытң ерекше күйзеліске ұшыраған финанс саласын реттеуден басталды. Ұсақ банктер бір-біріне қосылып, ірілендірілді. Банктердің саны азайды. Ал қоры көбейді. Инвестициялық және коммерциялық банктер бөлінді, банк салым дарынсақтандыратын корпорация құрылды, бұл шаралар банкирлердің алыпсатарлықпен айналысып, ақша салушылардың қаржысын құртып жіберу мүмкіндігіне бөгет жасайтын болды.
1933 жылы көктемде жұмыссыз жастарға арналған еңбек лагерьлерін құру басталды, олар қоғамдық жұмыстармен айналысты. Фермерлерге мемлекет қарыз берді, қарыз төлемдеріне бірқатар жеңілдіктер белгіленді. Жұмысшылардың кәсіподақтарға бірігу құқығы заңдандырылды және ұжымдық шарт жасау құқығы бекітілді. Осы шарттар 1935 жылы шілдеде қабылданған Вагнер заңында кеңейтілді. Дағдарыстан шығу 1933 жылы басталып, ақыры бірте-бірте экономикада жандану байқалды.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Францияның қоғамдық-саяси дамуына да ауыр зардабын тигізді. Жұмысшылардың, қызметшілердің, зиялылардың, ұсақ меншік иелерінің жағдайы күрт нашарлады. Елде жұмысшы қозғалысы өрледі. Оңтүстіктегі облыстарда шаруалар толқулары күшейді. Қозғалысқа ұсақ саудагерлер, қолөнершілер, жастар, әйелдер, зиялылар, тағы басқа әлеуметтік топтар қатысты. Реакцияшыл экстремистік ұйымдар елдегі ауыр жағдайды пайдаланып, төңкеріс жасауға әзірлене бастады. Қолайлы сәтті күтіп отырған осы топтарға сылтау табыла кетті. Экстремистер барлық саяси партиялардың басшыларын, үкімет мүшелерін, депутаттарды “мемлекет мүддесін сатты” деп айыптап, парламенттік құрылысты жоюды талап етті. Олар бүлік бастайтын қолайлы сәт туды деп есептеді, өйткені үкімет мүшелерінің жемқорлығын көрген халық өздерінің жағына шығады деп ойлады. 1934 жылы 6-ақпанда қарулы топтар парламент үйіне қарай ағыла бастады. Жол бойы олар дүкендерді талқандап, машиналарды өртеп, бейбастақтық әрекет жасаумен болды. Барлық күшті фашизм мен соғысқа қарсы, демократияны қорғау жолындағы күреске жұмылдыру жөніндегі бірлескен әрекет шаралары белгіленді. Социалистік партия еркіндік пен бейбітшілікжолындағы күресте барлық прогресшіл күштерді халықтық майданға біріктіру туралы ұран көтерді.
1936 жылдың басында Халықтық майданның бағдарламасы жасалды. 1936 жылы сәуірде болған парламенттік сайлауда Халықтық майдан жеңіске жетті. 1936 жылдың жазында Блюм үкіметі Халықтық майданның бағдарламасына сәйкес заңдар қабылдады. Заңдардың елеулі бөлігі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталды. Елдегі фашистік-экстремистік сипаттағы әскери ұйымдар, қарулы топтар таратылды. Саяси тұтқындар мен ереуілшілерге кешірім берілді.
Ұлыбританияда 1931 жылы қазанда парламенттік сайлау өткізілді, нәтижесінде «ұлттық үкіметң құрылды. Жаңа үкімет қызметін дағдарыстың зардаптарын жою шараларынан бастады. 1931 жылы қыркүйекте фунт-стерлингтің алтындық стандарты жойылды. Экономикалық дағдарыстан шығудың маңызды шараларының бірі протекционизм саясатын қолдану болды. 1931-1932 жылдары Англия еркін саудадан бас тартты.
«Ұлттық үкімет» мемлекеттің экономикалық және әлеу­меттік мәселелерге араласуын күшейтті. 1932 жылдың аяғына қарай экономикада жандану байқалды. Бірақ елдің экономикалық жағдайының жақсаруы баяу жүрді. Англияның дүниежүзілік соғыстар арасындағы экономикалық дамуының орташа қарқыны төмен болды, дағдарыстар мен тоқыраулар алмасып отырды.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс Италияда 1930 жылы басталды. Өнеркәсіп өнімі 33 пайызға қысқарды. Елдің қаржылық жүйесінің негізі болып отырған ең ірі 3 банк күйреп қалды, сыртқы сауда көлемі 3 есе кеміді. Жұмыссыздар саны көбейді, жалақы 50-60 пайызға қысқарды. Дағдарыс жылдарында шаруа шаруашылықтары, ұсақ және орта буржуазияның иелігіндегі кәсіпорындар ерекше күйзеліске ұшырады, 55 мың орта және ұсақ фирмалар күйреп қалды. Осының өзі өндірістің шоғырлануын күшейтіп, монополиялардың санын көбейтті. Муссолини үкіметі ірі монополистік бірлестіктердің құрылуына барынша жағдай жасап отырды. 1933 жылы жоғарыда аталған күйреген 3 банктің капиталы біріктіріліп, мемлекеттік финанстық мекеме құрылды. Ауыл шаруашылығында өнімді белгіленген баға бойынша мемлекетке өткізу жүйесі енгізілді. Сөйтіп, дағдарыс жағдайында мемлекеттің экономиканы реттеушілік рөлі күшейді. Фашистердің корпоративтік мемлекет құру идеясы іске асырыла бастады. Корпорациялар мемлекет пен фашистік партияның әлеуметтік мәселеге және экономикаға кеңінен араласуына мүмкіндік берді. Мемлекет бүкіл өндірісті, қаржы мен шикізат жұмсауды, жалақы мен жұмыс күнінің ұзақтығын реттеп, бақылап отырды.
Фашистер Италияның бүкіл ішкі және сыртқы саясатын соғыс мақсаттарына бағыттады. Алайда елдің экономикалық жағынан әлсіз болуы ашық басқыншылық әрекетті бірден бастап кетуге мүмкіндік бермеді. Германияда Гитлердің өкімет басына келуі және Жапонияның Солтүстік-Шығыс Қытайда басқыншы­лық соғыс жүргізуі Муссолинидің әрекетіне дем берді. Фашистік Италия дүние жүзін қайта бөлісуге белсенді түрде қатысу қажет деп шешті. Фашистік Италияның басқыншылық әрекеті 1935 жылы Эфиопияға қарсы соғыстан басталды. Одан кейін Италия Германиямен бірлесе отырып, Испанияға қарулы интервенция жасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет